Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер

1424 Call орталығы

Біз дайынбыз Ал сіздер ше!

Жемқорлық жайлы хабарлап, сыйақы ал!

Мемлекеттік қызметтің сапасына әрқашан назар аудару қажет

Мемлекеттік қызметшілерге сыйлық алуға тыйым салынған


Қызылорда облысы әкімдігінің

2018 жылғы «17» шілдедегі №1171 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

стратегиясын іске асыру бойынша 2018 - 2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының іс-шаралар жоспары

р/с№

Іс-шараның атауы

Аяқтау

нысаны

Орындауға

жауаптылар

Орындау

мерзімдері

  1.  

Заңнамалық актілерді:

1) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектіліктің бірыңғай тізілімін  енгізу;

2) жер участкелерінің нысаналы мақсаттарын өзгерту рәсімдерін  оңтайландыру бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

ұсыныстар енгізу

«ҚО ӘА» ММ (жинақтау),

«ҚО ЖҚБ» ММ,

«ҚО ЖПҚББ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

 

2019 жылғы

2-тоқсан

  1.  

Әкімшілік кедергілерді, оның ішінде:

1) жеке және заңды тұлғаларға орынсыз сұратылатын құжаттарды, ақпаратты және басқа деректерді ұсыну міндеттемесін жүктеуді;

2) мемлекеттік қызметтерді тез арада ұсыну мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну мерзімдерінің ұзақтығын;

3) жеке және заңды тұлғаларға заңмен негізделмеген қосымша міндеттерді жүктеуді;

4) азаматтар мен ұйымдарға анықталмаған, қиын орындалатын талаптарды белгілеуді алып тастауға бағытталған қоғамдық тыңдаулар өткізу

қоғамдық тыңдаулар

 

 

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша, жинақтау), «Нұр Отан» партиясы

(келісім бойынша),

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2019 жылғы

4-тоқсан

  1.  

Мыналарды:

1) лауазымды тұлғаға қандай да бір шешімді қабылдау шарттарын нақты анықтамастан шешімдердің екі немесе бірнеше нұсқасының (оң немесе теріс) арасынан таңдау құқығының берілуін;

2) лауазымды тұлғаға нормативтік құқықтық актінің орындалу тәсілін өз қалауы бойынша айқындау, сондай-ақ заңды деректі бағалау, ықпал ету шарасын таңдау және актілерді шығару мүмкіндігінің берілуін көздейтін дискрециялық өкілеттіктерге талдау жүргізу және оларды болдырмау бойынша ұсыныстар әзірлеу

ұсыныстар енгізу

 

 

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,



20 желтоқсаннан кешіктірмей

  1.  

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу және кейіннен мүдделер қақтығысы мен этикалық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және реттеу бойынша практикалық оқу құралдарын әзірлеу

практикалық оқу құралдары

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

20 желтоқсаннан кешіктірмей

  1.  

Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі  консультативтiк-кеңесшi органдарының отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалардың (құқықтық статистика деректері және әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын тыңдау

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар отырыстарының хаттамалары

«ҚО ӘА» ММ (жинақтау),

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

жарты жылда



1 рет

  1.  

Әдістемелік ұсынымдарды әзірлей отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу

әдістемелік ұсынымдар

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау),

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

 

2019 – 2020 жылдардағы

1-тоқсан

  1.  

Орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу

есеп беру кездесулері

«ҚО ББ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

15 мамырдан кешіктірмей

  1.  

ҮЕҰ арасында қоғамдық бақылауды күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), «ҚО ІСБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

15 мамырдан кешіктірмей

  1.  

Жастар ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің оқу-тәрбие процесіне тарта және қоса отырып, жастар арасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту

жұмыс жоспары

«ҚО ЖСМБ» ММ (жинақтау),

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2018 жылғы

3-тоқсан

  1.  

Көрнекті ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдастықтың басшылары мен өкілдерінің сөз сөйлеулерін көздей отырып, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелері бойынша брифингтерге, интернет-конференцияларға, телевизиялық бағдарламаларға және «тікелей желілерге» қатысуын қамтамасыз ете отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-та кең ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру

ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру жөніндегі жоспар,

БАҚ-та мақалалар, сұхбаттар жариялау, теле-, радиосюжеттерді эфирге шығару

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау),

 аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша),

«Нұр Отан» партиясы

(келісім бойынша)

 

2018 – 2020 жылдардағы

2-тоқсан

  1.  

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының өңірлік слеттерін өткізу

өңірлік слеттер

«ҚО ББ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

2018 – 2020 жылдардағы

3-тоқсан

  1.  

БАҚ өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта үздік журналистік жарияланымдарға конкурс өткізу

конкурс

«ҚО ІСБ» ММ, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

жыл сайын,



20 шілдеден кешіктірмей

  1.  

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әлеуметтік аудио-бейнероликтерді әзірлеуді көздеу және оны трансляциялауды қамтамасыз ету 

аудиоджинглдерді және

бейнероликтерді әзірлеу және трансляциялау

 

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

жыл сайын

  1.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін айқындау бойынша әлеуметтанушылық зерттеулерді жүргізу

әлеуметтанушылық зерттеулер

 

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

 

жыл сайын

  1.  

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018 - 2020 жылдарға арналған жоспарларын әзірлеу және бекіту

өңірлік жоспарлар

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2018 жылдың

15 тамызынан кешіктірмей

  1.  

Арнайы мониторингтік тобының Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жүргізуін қамтамасыз ету

сыртқы талдау жүргізу

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын,



15 ақпаннан кешіктірмей

  1.  

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізу және қорытындысын ұсыну

ішкі талдау жүргізу

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жарты жылда

бір рет,

есепті мерзімнен кейінгі айдың 10-на дейін ұсыну 

  1.  

«Адал жол-честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын өткізу

марафон

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау)

жыл сайын

наурыз-сәуір айлары 

  1.  

Облыстағы мемлекеттік арнаулы орта оқу орындарында цифрлық жүйесі негізінде оқу процесінің



сынақ-емтихан тапсыруды автоматтандыру

автоматтандыру бойынша цифрлық жүйе енгізу

«ҚО ББ» ММ,

«ҚО ЭБЖБМ» ММ

2018-2020 жылдар

  1.  

Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал бол» акцияларын өткізу

акция өткізу

«ҚО ББ» ММ,

«ҚО ЖСМБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері,

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау)

жыл сайын

1 тоқсан

  1.  

Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне (9 желтоқсан) орай форум өткізу 

форум өткізу

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау),

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

жыл сайын

қараша айы

  1.  

«Protecting business and investments» сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы аясында шетелдік және отандық инвесторлардың жобаларына қолдау шараларын жүргізу

қолдау шараларын жүргізу

«ҚО КТБ» ММ (жинақтау),

«ҚО ИИДБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

тұрақты түрде

  1.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда оқу орындарында, кітапханаларда, мұражайларда кітаптар мен суреттер көрмелерін, балалардың театрландырылған қойылымдарын өткізу және бұрыштамалар орналастыру

көрмелер мен бұрыштамалар ұйымдастыру

«ҚО МАҚБ» ММ (жинақтау), «ҚО ББ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша)

тұрақты түрде тоқсан сайын

 

  1.  

Азаматтық бастамалардың облыстық Конгрессін өткізу

конгресс өткізу

«ҚО ІСБ» ММ, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша)

 жылына

 бір рет

  1.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша облыстық кәсіпкерлер форумын өткізу 

форум өткізу

«ҚО КТБ» ММ, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша), «ҚО КП» (келісім бойынша)

жылына

 бір рет

  1.  

Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды БАҚ беттерінде жариялап отыру  

жарияланымдар

«ҚО ІСБ» ММ, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «ҚО ӘА» ММ (жинақтау),

тұрақты түрде

  1.  

Халық тарапынан сыртқы бағалауды алу және қоғам пікірін есепке алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылу барысы туралы есептерді БАҚ-та, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сайтында жариялау

жарияланымдар

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша, жинақтау), «ҚО ІСБ» ММ, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын,

15 сәуірден кешіктірмей

  1.  

Еңбек шарттарын жасаспай қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілерге шаралар қабылдаумен мониторинг жүргізу

отырыс

хаттамасы

«ҚО ЕСББ» ММ (жинақтау), «Нұр Отан» партиясы

(келісім бойынша),

«ҚО КТБ» ММ,

«ҚО ИИДБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «ҚО КП» (келісім бойынша)

жартыжылдық қорытындысы бойынша



20 қаңтар мен



20 шілдеден кешіктірмей

  1.  

Іс-шараларды жоспарлау мен іске асырудың барлық кезеңдерінде бюджетті қалыптастыруға қатысушыларды жауапкершілікке тарту мен жауапкершіліктің аражігін ажыратудың тиімді тетігін құру мәселесін пысықтау

ҚР ҰЭМ ақпарат

«ҚО ЭБЖБМ» ММ (жинақтау),

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2018 жылғы



4-тоқсан

  1.  

Ірі сауда объектілерінің (дүкендердің, сауда үйлерінің) құрылысын инвестициялық артықшылықтар берілетін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қосу мәселесін пысықтау

ҚР ҰЭМ ақпарат

«ҚО КТБ» ММ (жинақтау), «ҚО ҚСҚҚБ» ММ, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «ҚО КП»

(келісім бойынша)

2018 жылғы

4-тоқсан

  1.  

Квазимемлекеттік сектордың ашықтығын арттыру мақсатында, оның ішінде тауарды немесе көрсетілетін қызметті егжей-тегжейлі сипаттай отырып, тендерді ұтып алған тұлға, баға туралы толық ақпаратты, сондай-ақ өндіруші туралы ақпаратты жариялау жолымен оның сатып алу тетігін жетілдіру

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-на ұсыныстар енгізу

«ҚО МСАБ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «Байқоңыр» ӘКК ҰҚ» АҚ, «ҚО КП» (келісім бойынша)

2018 жылғы



4-тоқсан

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҚР ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;

«Самұрық-Қазына»ҰАҚ» АҚ

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы;

«Нұр Отан» партиясы

«Нұр Отан» Партиясы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалы;

«ҚО КП»

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы;

«Байқоңыр» ӘКК ҰҚ» АҚ

«Байқоңыр»  Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» ақционерлік қоғамы;

«ҚО ӘА» ММ

«Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ІСБ» ММ

«Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ББ» ММ

«Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО КТБ» ММ

«Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЭБЖБ» ММ

«Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО МСАБ» ММ

«Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ИИДБ» ММ

«Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ҚСҚҚБ» ММ

«Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЖҚБ» ММ

«Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЖПҚББ» ММ

«Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЕСББ» ММ

«Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО МАҚБ» ММ

«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЖСМБ» ММ

«Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

ҮЕҰ

үкіметтік емес ұйымдар;

БАҚ

бұқаралық ақпарат құралдары.

 

 


 

Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының "Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ішкі талдауды жүргізу туралы" 2018 жылғы 28 желтоқсандағы №01-14-57 бұйрығы

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

5.01.2019 ж


Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

1.11.2018 ж


Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен 2018 жылдың 3-тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар туралы есебі

Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының 2018 жылғы 3 қаңтардағы №01-14-2 бұйрығымен Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың 2018 жылғы арналған іс-шаралар Жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілді.

Жоспарды орындау шегінде 2018 жылдың 7 қыркүйек күні Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мемлекеттік-құқықтық және ақпараттық жұмыстар бөлімінің басшысы Ж. Абсат  "Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу және оған жол бермеу" бойынша құқықтық оқыту өткізді. Құқықтық оқыту барысында, Басқарма қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы дайындалған видео ролик көрсетілді және сонымен қатар, ағымдағы жылдың 19 қазан күні 9 ай қортындысы бойынша өңірдегі сыбайлас жемқорлық ахуалы және 10 айдың ішінде республика бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар бойынша баяндама жасады.

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру мақсатында арнайы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әзірленген хабарландырулар Басқарманың интернет-ресурсы https://econom.e-kyzylorda.gov.kz парақшасына 2017 жылдың 8 маусым күнімен жарияланып және түрлі - түсті А4 форматымен шығарып, Басқарманың барлық бөлімдеріне және басқарма басшысының қабылдау бөлмесіне ілінген.

Жоспарға сәйкес Басқарманың барлық қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен әдептілік стандарттарын сақтау бойынша брошюралар таратылды.

Сонымен қатар, Басқарма қызметкерлері "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы" және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау жөніндегі 2018 жылдың қортындысымен жазбаша ескертумен таныстырылды (ескертілді).

Айта кету керек, осыған дейін іс-шаралар Жоспары шегінде басқармада «Сенім телефоны» 60-53-75 қызмет жасайды, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштеріне арналған арнайы пошта жәшігі Қызылорда облысы әкімдігі ғимаратында орналастырылған болатын.

5.01.2019 ж


Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен 2018 жылдың 3-тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар туралы есебі

Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының 2018 жылғы 3 қаңтардағы №01-14-2 бұйрығымен Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың 2018 жылғы арналған іс-шаралар Жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілді.

Жоспарды орындау шегінде 2018 жылдың 7 қыркүйек күні Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мемлекеттік-құқықтық және ақпараттық жұмыстар бөлімінің басшысы Ж. Абсат  "Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу және оған жол бермеу" бойынша құқықтық оқыту өткізді. Құқықтық оқыту барысында, Басқарма қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы дайындалған видео ролик көрсетілді.

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру мақсатында арнайы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әзірленген хабарландырулар Басқарманың интернет-ресурсы https://econom.e-kyzylorda.gov.kz парақшасына 2017 жылдың 8 маусым күнімен жарияланып және түрлі - түсті А4 форматымен шығарып, Басқарманың барлық бөлімдеріне және басқарма басшысының қабылдау бөлмесіне ілінген.

Жоспарға сәйкес Басқарманың барлық қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен әдептілік стандарттарын сақтау бойынша брошюралар таратылды.

Сонымен қатар, Басқарма қызметкерлері "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы" және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау жөніндегі 2018 жылдың 3 - тоқсандарында жазбаша ескертумен таныстырылды (ескертілді).

Айта кету керек, осыған дейін іс-шаралар Жоспары шегінде басқармада «Сенім телефоны» 60-53-75 қызмет жасайды, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштеріне арналған арнайы пошта жәшігі Қызылорда облысы әкімдігі ғимаратында орналастырылған болатын.

8.10.2018 ж


 

Құқықтық оқыту тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу және оған жол бермеу»

 

Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшысымен бекітілген құқықтық оқыту жоспары бойынша

2018 жылдың 7 қыркүйекте ұжымға «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу және оған жол бермеу» тақырыбындағы кезекті құқықтық оқыту өткізілді.

Баяндағандар: Басқарманың мемлекеттік - құқықтық және ақпараттық жұмыстар бөлімінің басшысы Ж. Абсат және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкері

М. Искаков төрағалық етті.

Құқықтық оқыту барысында, Басқарма қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы дайындалған видео ролик көрсетілді.

 

7.09.2018 ж.


Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен 2018 жылдың 2-тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар туралы есебі

 

Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының 2018 жылғы 3 қаңтардағы №01-14-2 бұйрығымен Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың 2018 жылғы арналған іс-шаралар Жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілді.

Жоспарды орындау шегінде 2018 жылдың 23 ақпан күні Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мемлекеттік-құқықтық және ақпараттық жұмыстар бөлімінің басшысы Б. Жанадилов "Сыбайлас жемқорлықпен күрес және басқарма қызметкерлерінің қызметтік әдеп қағидаларын сақтау" бойынша құқықтық оқыту өткізді. Өткізу барысында Қызылорда облысы әкімі аппаратымен арнайы дайындалған сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу бойынша бейне ролик және YouTube каналындағы мемлекеттік қызметшілердің теріс ұстанымдары көрсетілді.

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру мақсатында арнайы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әзірленген хабарландырулар Басқарманың интернет-ресурсы https://econom.e-kyzylorda.gov.kz парақшасына 2017 жылдың 8 маусым күнімен жарияланып және түрлі - түсті А4 форматымен шығарып, Басқарманың барлық бөлімдеріне және басқарма басшысының қабылдау бөлмесіне ілінген.

Жоспарға сәйкес Басқарманың барлық қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен әдептілік стандарттарын сақтау бойынша брошюралар таратылды.

Сонымен қатар, Басқарма қызметкерлері "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы" және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау жөніндегі 2018 жылдың 1, 2 - тоқсандарында жазбаша ескертумен таныстырылды (ескертілді).

Айта кету керек, осыған дейін іс-шаралар Жоспары шегінде басқармада «Сенім телефоны» 60-53-75 қызмет жасайды, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштеріне арналған арнайы пошта жәшігі Қызылорда облысы әкімдігі ғимаратында орналастырылған болатын.

Мұнымен қоса,  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және "Нұр Отан" партиясымен бірігіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Жоспарға сәйкес, Басқарманың «Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ішкі талдауды жүргізу туралы» 2018 жылғы 22 маусымдағы №01-14-24 бұйрығына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптары, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидалары», «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» мұқият зерделеніп, сапалы ішкі талдау жүргізіліп, іс-шаралар іске асырылды.

05.07.2018 ж


Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының "Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ішкі талдауды жүргізу туралы" 2018 жылғы 22 маусымдағы №01-14-24 бұйрығы

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

 


"Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшы құрамы мен бөлім басшыларының 2018 жылға мемлекеттік кіріс органына тапсырған табыстары мен мүлкі туралы декларация мәліметтеріжүктеу... 10.7 кб

 


Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен 2018 жылдың 1-тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар туралы есебі

 

 

Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының 2018 жылғы 3 қаңтардағы №01-14-2 бұйрығымен Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың 2018 жылғы арналған іс-шаралар Жоспары бекітілді.

Жоспарды орындау шегінде 2018 жылдың 23 ақпан күні Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мемлекеттік-құқықтық және ақпараттық жұмыстар бөлімінің басшысы Б. Жанадилов "Сыбайлас жемқорлықпен күрес және басқарма қызметкерлерінің қызметтік әдеп қағидаларын сақтау" бойынша құқықтық оқыту өткізді. Өткізу барысында Қызылорда облысы әкімі аппаратымен арнайы дайындалған сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу бойынша бейне ролик және YouTube каналындағы мемлекеттік қызметшілердің теріс ұстанымдары көрсетілді.

Сонымен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет денгейін арттыру мақсатында арнайы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әзірленген хабарландырулар Басқарманың интернет-ресурсы https://econom.e-kyzylorda.gov.kz парақшасына 2017 жылдың 8 маусым күнімен жарияланып және түрлі - түсті А4 форматымен шығарып, Басқарманың барлық бөлімдеріне және басқарма басшысының қабылдау бөлмесіне ілінген.

Жоспарға сәйкес Басқарманың барлық қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен әдептілік стандарттарын сақтау бойынша брошюралар таратылды.

Сонымен қатар, Басқарма қызметкерлері "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы" және "Қазақстан республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау жөніндегі 2018 жылдың 1 тоқсанына жазбаша ескертумен таныстырылды (ескертілді).

Айта кету керек, осыған дейін іс-шаралар Жоспары шегінде басқармада «Сенім телефоны» 60-53-75 қызмет жасайды, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштеріне арналған арнайы пошта жәшігі Қызылорда облысы әкімдігі ғимараттында орналастырылған болатын.

Мұнымен қоса,  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және "Нұр Отан" партиясымен бірігіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда.

 

3.04.2018 ж


Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен 2017 жылдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар туралы есебі

 

Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының 2017 жылғы 22 ақпандағы №01-14-10 бұйрығымен Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың 2017 жылғы арналған іс-шаралар Жоспары екі рет бекітілді: атап айтсақ (21.06.2017 жыл. №01-14-32, және 13.12.2017 жыл. №01-14-62).

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бір бағыты мемлекеттік сатып алу бойынша ағымдағы жылдың 20 ақпаны күні ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті, ҚР Қаржы министрлігінің Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті, тексеру комиссиясының және барлық жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Сонымен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет денгейін арттыру мақсатында арнайы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әзірленген хабарландырулар Басқарманың интернет-ресурсы https://econom.e-kyzylorda.gov.kz парақшасына ағымдағы жылдың 8 маусым күнімен жарияланып және түрлі - түсті А4 форматымен шығарып, Басқарманың барлық бөлімдеріне және басқарма басшысының қабылдау бөлмесіне ілінген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша Басқарма басшысының тарапынан ағымдағы жылдың 1 шілдеде «Жемқорлықты жоюдың тиімді тетіктері» атты мақаласы «Сыр бойы» газетінде жарияланған болатын. Осыған сәйкес «Сыр бойы» газетінің электронды нұсқасы басқарманың интернет-ресурсы https://econom.e-kyzylorda.gov.kz парақшасында жарияланды. (Жүктеу 6,21 МБ)

Сонымен қатар 2017 жылдың 13 маусымындағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мәжілісінің хаттамасының 3-тармағының орындау аясында, Басқармамен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, сыбайлас жемқорлықты құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылданды.

Жоспарға сәйкес Басқарманың барлық қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен әдептілік стандарттарын сақтау бойынша брошюралар таратылды.

Сонымен қатар, Басқарма қызметкерлері "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы" және "Қазақстан республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау жөніндегі 2017 жылға жазбаша ескертумен таныстырылды (ескертілді).

Айта кету керек, осыған дейін іс-шаралар Жоспары шегінде басқармада «Сенім телефоны» 60-53-75 қызмет жасайды, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштеріне арналған арнайы пошта жәшігі Қызылорда облысы әкімдігі ғимараттында орналастырылған болатын.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылданған (қабылданып жатқан) шаралар туралы ақпарат (2017 жылдың қортындысы бойынша)

       

Осыған дейін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес 2017 жылдың 22-26 маусым аралығында Басқарманың Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілген болатын.

Нәтижесімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша келесідей шараларды қабылдау ұсынылған.

Бюджеттік өтінімдерді «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына қатаң сәйкестікке қарауды одан әрі жалғастыру:

Басқарманың бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен жұмыс жасайтын бөлімдері бюджеттік өтінімдерді қарау барысында «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына қатаң сәйкестікке қарап, жұмыстар жасалуда.

         Сонымен қатар, «Парус-Каз» (Бюджеттік жоспарлау, Бюджеттік өтінім) бағдарламалық өнімі пайдаланылуда.

         Бұл өз кезегінде бюджет процесстерін жеделдетуге, жетілдіруге, есептердің анықтылығын қамтамасыз етуге, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен Басқарманың бөлімдерінің арасындағы тікелей байланысты автоматтандыруға бағытталған.

         Мемлекеттік сатып алуларды «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асыруды, қажет болған жағдайда Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен талқылау:

         Басқарманың бекітілген жылдық мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына сәйкес барлық сатып алулар «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылған. Сатып алуды ұйымдастыру барысында Мемлекеттік сатып алу басқармасымен әзірленген әдістемелік құрал, «Заң бұзушылықтар тізілімі» АЖ, «Мемлекеттік сатып алу мониторингі» АЖ пайдаланылуда.

         Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша Мемлекеттік сатып алу басқармасы қызметкерлерімен байланыс орнатылған.

         Басқарманың мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бос орындарына өткізілетін конкурстарда байқаушыларды тұрақты түрде қатыстыруды, қажет болған жағдайда уәкілетті органдардың қызметкерлерін қатыстырылуын қамтамасыз ету:

         мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бос орындарына өткізілетін конкурстарда байқаушылар тұрақты түрде қатыстырылып келеді.

         Атап айтсақ, жыл басынын бері өткізілген жалпы конкурс бойынша 2 бас маман лауазымдарында да, ішкі конкурс бойынша өткізілген 1 бөлім басшысы лауазымдарына да байқаушылар қатыстырылған.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелері бойынша ҚР қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауаптар берілуін, өтініштердің уақытылы есепке алынуын қадағалауды жалғастыру:

         Жыл басынан бері Басқармада 17 өтініш тіркелген, есепке алынған. Оларға жауаптар «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес берілген. Мерзімдердің бұзылып тіркелу және жауаптар берілмеу фактілері болмаған.

         Тұрақты түрде құқықтық оқытулар ұйымдастыру:

         Құқықтық оқыту тақырыптары басқарма басшысымен нақтыланып бекітіледі. Осы ретте жыл басынан бері: «Мақсаттар мен бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау туралы», «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасының Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы жолдауы туралы», «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңы», «Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасына енгізілген өзгерістер бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №511 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 3 шілдедегі №86-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Руеспубликасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 11 шілдедегі №91-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы, «Жергілікті атқарушы органдардың оңтайлы штат санын анықтау бойынша және мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру туралы», «Ауыл шаруашылығын және ауылдық аумақтарды дамыту», «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» тақырыптарында құқықтық оқытулар өткізілген.

5.01.2018 ж


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылданған (қабылданып жатқан) шаралар туралы ақпарат

(2017 жылдың қортындысы бойынша)

 Жүктеу...35,5 КБ


Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен 2017 жылдың 3-тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар туралы есебі

 

Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының 2017 жылғы 22 ақпандағы №01-14-10 бұйрығымен Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың 2017 жылғы арналған іс-шаралар Жоспары бекітілді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бір бағыты мемлекеттік сатып алу бойынша ағымдағы жылдың 20 ақпаны күні ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті, ҚР Қаржы министрлігінің Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті, тексеру комиссиясының және барлық жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Сонымен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет денгейін арттыру мақсатында арнайы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әзірленген хабарландырулар Басқарманың интернет-ресурсы https://econom.e-kyzylorda.gov.kz парақшасына ағымдағы жылдың 8 маусым күнімен жарияланып және түрлі - түсті А4 форматымен шығарып, Басқарманың барлық бөлімдеріне және басқарма басшысының қабылдау бөлмесіне ілінген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша Басқарма басшысының тарапынан ағымдағы жылдың 1 шілдеде «Жемқорлықты жоюдың тиімді тетіктері» атты мақаласы «Сыр бойы» газетінде жарияланған болатын. Осыған сәйкес «Сыр бойы» газетінің электронды нұсқасы басқарманың интернет-ресурсы https://econom.e-kyzylorda.gov.kz парақшасында жарияланды. (Жүктеу 6,21 МБ)

Сонымен қатар 2017 жылдың 13 маусымындағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мәжілісінің хаттамасының 3-тармағының орындау аясында, Басқармамен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, сыбайлас жемқорлықты құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылданды.

Жоспарға сәйкес Басқарманың барлық қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен әдептілік стандарттарын сақтау бойынша брошюралар таратылды.

Сонымен қатар, Басқарма қызметкерлері "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы" және "Қазақстан республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау жөніндегі 2017 жылдың 3 тоқсанына жазбаша ескертумен таныстырылды (ескертілді).

Айта кету керек, осыған дейін іс-шаралар Жоспары шегінде басқармада «Сенім телефоны» 60-53-75 қызмет жасайды, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштеріне арналған арнайы пошта жәшігі Қызылорда облысы әкімдігі ғимараттында орналастырылған болатын.

26.09.2017 ж


Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен 2017 жылдың 2-тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар туралы есебі

 

Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының 2017 жылғы 22 ақпандағы №01-14-10 бұйрығымен Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың 2017 жылғы арналған іс-шаралар Жоспары бекітілді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бір бағыты мемлекеттік сатып алу бойынша ағымдағы жылдың 20 ақпаны күні ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті, ҚР Қаржы министрлігінің Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті, тексеру комиссиясының және барлық жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Сонымен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет денгейін арттыру мақсатында арнайы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әзірленген хабарландырулар Басқарманың интернет-ресурсы https://econom.e-kyzylorda.gov.kz парақшасына ағымдағы жылдың 8 маусым күнімен жарияланып және түрлі - түсті А4 форматымен шығарып, Басқарманың барлық бөлімдеріне және басқарма басшысының қабылдау бөлмесіне ілінген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша Басқарма басшысының тарапынан ағымдағы жылдың 1 шілдеде «Жемқорлықты жоюдың тиімді тетіктері» атты мақаласы «Сыр бойы» газетінде жарияланған болатын. Осыған сәйкес «Сыр бойы» газетінің электронды нұсқасы басқарманың интернет-ресурсы https://econom.e-kyzylorda.gov.kz парақшасында жарияланды. (Жүктеу 6,21 МБ)

Сонымен қатар 2017 жылдың 13 маусымындағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мәжілісінің хаттамасының 3-тармағының орындау аясында, Басқармамен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, сыбайлас жемқорлықты құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылданды.

Жоспарға сәйкес Басқарманың барлық қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен әдептілік стандарттарын сақтау бойынша брошюралар таратылды.

Айта кету керек, осыған дейін іс-шаралар Жоспары шегінде басқармада «Сенім телефоны» 60-53-75 қызмет жасайды, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштеріне арналған арнайы пошта жәшігі Қызылорда облысы әкімдігі ғимараттында орналастырылған болатын.

04.07.2017 ж


Cыбайлас жемқорлықты жоюдың тиімді тетіктері

(Жүктеу 1,41 МБ)


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылданған (қабылданып жатқан) шаралар туралы ақпарат

(2017 жылғы 1-жартыжылдық бойынша)

 Жүктеу...18 КБ

08.06.2017 ж


«ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ “МҮЛДЕМ” ТӨЗБЕУШІЛІКТІ

БІЗБЕН БІРГЕ ҚАЛЫПТАСТЫР!»

 

Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызмет көрсету заңнама талаптарының бұзылу фактілері бойынша:

  • Сенім телефоны: 8 (7242) 70-25-20

 

  • Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактілері бойынша
  • Сенім телефоны: 1424

                                                                                                            ХАБАРЛАСЫҢЫЗ

 

Facebook.com әлеуметтік желісіндегі «Мемлекеттік қызмет істері Қызылорда»

ресми парақшасы

 

                                                               kyzmet.gov.kz

  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

 іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті

 

Мекен-жай: Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс №1

19.04.2017

 


Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мемлекеттік мекемесінің басшы құрамы мен бөлім басшыларының 2016 жылға салық органына  тапсырган табыстары мен мүлкі туралы декларация мәліметтері

жүктеу...15,4 КБ

18.04.2017


18.04.2017


Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен 2017 жылдың 1-тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар туралы есебі

 

Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының 2017 жылғы 22 ақпандағы №01-14-10 бұйрығымен Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың 2017 жылғы арналған іс-шаралар Жоспары бекітілді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бір бағыты мемлекеттік сатып алу бойынша ағымдағы жылдың 20 ақпаны күні ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті, ҚР Қаржы министрлігінің Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті, тексеру комиссиясының және барлық жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Жоспарға сәйкес Басқарманың барлық қызметкерлеріне сыйбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен әдептілік стандарттарын сақтау бойынша брошюралар таратылды.

Айта кету керек, осыған дейін іс-шаралар Жоспары шегінде басқармада «Сенім телефоны» 60-53-75 қызмет жасайды, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштеріне арналған арнайы пошта жәшігі Қызылорда облысы әкімдігі ғимараттында орналастырылған болатын.

Мұнымен қоса, азаматтық қоғам институттарымен бірігіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда.

07.04.2017 ж.


ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті, Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті, тексеру комиссиясының және барлық органдар өкілдерінің қатысуымен өткен Семинар-кеңес туралы

 

     Әркімге белгілі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар танылады.

     Осы ретте, ағымдағы жылдың 20 ақпаны күні ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті, Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті, тексеру комиссиясының және барлық жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

     Қазіргі күні, мемлекеттік сатып алу саласы сыбайлас жемқорлық жиі жасалатын сала екендігін және алдын алу үшін заңнаманы жетілдіру қажет ететіндігін - ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директоры С. Ахметов атап өтті.

     Семинар-кеңес барысында мемлекеттік сатып алу заңдылықтарын жетілдіру бойынша, мемлекеттік сатып алу саласындағы қиындықтар және т.б. тақырыптар талқыланды.

21.02.2017 ж.


Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен 2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар туралы есебі

 

     Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2016 жылғы 5 қаңтардағы бұйрығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

     Осы іс-шаралар шегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін басқармада «Сенім телефоны» 60-53-75 қызмет жасайды, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштеріне арналған арнайы пошта жәшігі Қызылорда облысы әкімдігі ғимараттында орналастырылған.

     Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында Басқарманың басшылығымен аудандарға шығып жеке қабылдау өткізу кестесі бекітілді.

     Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және болдырмау бағытында басқарма қызметкерлеріне құқықтық оқытулар өткізіліп келеді.

     Осы ретте, ағымдағы жылдың 25 мамырында Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдерімен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заңнамаларының кейбір мәселелеріне қатысты семинар өткізілді. Семинар нәтижесінде тематикалық слайд пен бейнероликтер көрсетілді.

    Сонымен қатар,  Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен 2016 жылдың 29 қарашадағы №22(137) Ұстаз мәртебесі газетінде "Жемқорлықты жоюдың тиімді тетіктері қандай?" тақырыбында мақала жарияланды.

      Жылдықтық қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Нәтижесі econom.e-kyzylord.gov.kz орналастырылған.

05.01.2017 ж.


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері (2-жартыжылдық)

 

(жүктеу zip файл 6,80 мб.)


 

"Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшы құрамы мен бөлім басшыларының 2015 жылға мемлекеттік кіріс органына тапсырған табыстары мен мүлкі туралы декларация мәліметтеріжүктеу... 14 кб

12.07.2016 ж.


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері (1-жартыжылдық)

(жүктеу zip файл 4,2 мб.)


Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен 2015 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында 

атқарылған жұмыстар туралы есебі

 

     Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2015 жылғы 15 қаңтардағы бұйрығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

     Осы іс-шаралар шегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін басқармада «Сенім телефоны» 60-57-35 қызмет жасайды, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштеріне арналған арнайы пошта жәшігі Қызылорда облысы әкімдігі ғимараттында орналастырылған.

     Сонымен қатар, 27.02.2015 жылы Басқарма қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық қарсы іс қимыл тақырыбында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті өкілімен семинар өткізілді.

     Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында Басқарманың басшылығымен аудандарға шығып жеке қабылдау өткізу кестесі бекітілді.

     Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және болдырмау бағытында басқарма қызметкерлеріне құқықтық оқытулар өткізіліп келеді.

05.01.2016 ж.


     Ағымдағы жылдың 12, 13 қарашасы күні Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Кулумбетова Сауле Ибрагимовнамен Қармақшы және Жалағаш аудандарында азаматтарды жеке қабылдау өткізу жоспарланғандығын хабарлаймыз.

09.11.2015 ж.


Жеке қабылдау туралы

     Осыған дейін, Басқарма басшысының 2015 жылғы 5 қаңтардағы №3-н/қ бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, алдын алу мақсатында аудандарға шығу арқылы жеке қабылдаулар ұйымдастырудың 2015 жылғы кестесі бекітілген болатын.

     Осы кестеге сәйкес басқарма басшысының орынбасары Р.Искакова ағымдағы жылдың 3 қазаны күні Шиелі кентінде «Нұр отан» ХДП ғимаратында жеке қабылдау өткізді.

     Нәтижесінде, жеке қабылдаудағы азаматтардың өтініштеріне қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жауаптар берілді.

     Бұл Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2015 жылғы 15 қаңтардағы бұйрығымен бектіліген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында Басқарманың 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ұйымдастырылғандығын атап өтеміз.

19.10.2015 ж.


"Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшы құрамы мен бөлім басшыларының 2014 жылға мемлекеттік кіріс органына тапсырған табыстары мен мүлкі туралы декларация мәліметтері жүктеу... 57,5 кб

Құрылған күні: 30-03-2015 18:43
Жаңартылған күні: 12-03-2019 14:42

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика