Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын

Қызылорда облысында ілгерілету және ұйымдастыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

 

 

                                Іс-шара атауы

 

Мерзімі

 

Орындалуына

жауапты

 

1.    

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын түсіндіру және ілгерілету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу

2017 жылғы

20 сәуір

Облыстық ішкі саясат басқармасы

2.    

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын іс-шаралардың жүзеге асырылуын ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа-жоспар әзірлеу

2017 жылғы

20 сәуір

Облыстық ішкі саясат басқармасы

3.    

Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарының жүргізілуіне орай мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында арнайы әлеуметтік маңызды жоба әзірлеп, облыстық бюджеттік комиссия қарауына ұсыну

2017 жылғы

26 сәуірге дейін

Облыстық ішкі саясат, білім басқармалары, қала, аудан әкімдері

4.    

«Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» бағдарламаларын тиімді жүзеге асыру мақсатында Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын басшылыққа ала отырып, облыс әкімі аппаратына  ұсыныс енгізу

2017 жылғы

1 мамырға дейін

Облыс әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімі, облыстық білім, ішкі саясат, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, қала, аудан әкімдері

5.    

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдарымен және қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасына ұсыныс енгізу жұмыстарын жүргізу

2017 жылғы

1 мамырға дейін

Облыстық білім басқармасы

6.    

Облысымыздағы мәдени жетістіктерімізді әлемге таныту мақсатында «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасына ұсыныс енгізу

2017 жылғы

1 маусымға дейін

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

7.    

Мәдени өнімдерді тек кітап түрінде емес, әртүрлі мультимедиалық тәсілдермен шығару бағытында ұсыныс енгізу

2017 жылғы

1 маусымға дейін

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

8.    

Аймақтық және жаһандық нарықта бәсекелік қабілетті арттыру мақсатында сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім, сапалы еңбек ресурстарын құру жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу

2017 жылғы

12 мамырға дейін

Облыстық индустриялдық-инновациялық даму, кәсіпкерлік және туризм, білім басқармалары мен қала, аудан әкімдері

9.    

Ұлттық салт-дәстүрлерімізді, тіліміз бен музыкамызды, әдебиетіміз бен жоралғыларымызды, яғни ұлттық рухымызды жаңғырту мақсатында кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлеу

2017 жылғы

12 мамырға дейін

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

10.       

Отбасы және неке институтын нығайту, отбасы – мемлекеттің тірегі екендігін насихаттау мақсатында жергілікті жерлерде «Мерейлі отбасы» байқауларын ұйымдастыру

2017 жылғы

мамыр айы

Қала, аудан әкімдері,

облыстық ішкі саясат басқармасы

11.       

Облысымыздың қасиетті рухани құндылықтары мен тарихи киелі жерлерін кеңінен насихаттау мақсатында кешенді іс-шаралар (саяхат, экспедиция және т.б.) қабылдау және оларды БАҚ арқылы ақпараттандыру

2017 жылғы

маусым

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

 

12.       

«Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына ұсыныстар енгізу

2017 жылғы

маусым

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

13.       

Экологиялық үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, әлеуметтік маңызды жобалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету

2017 жылғы

І жартыжылдықта

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы,

қала, аудан әкімдері

14.       

2025 жылға қарай іс қағаздарының, мерзімді баспасөздің, оқулықтардың латын әліп­биіне көше бастайтындығын ескеріп, тұрғындар арасында латын әліпбиін үйрету мақсатында оқулар, арнайы сабақтар ұйымдастыру

2018 жылдан

 бастап

Облыстық ішкі саясат, білім басқармалары, қала, аудан әкімдері

15.       

Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын қызылордалық азаматтарды зерттеп, оларды БАҚ арқылы насихаттау  және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын әзірлеу

2017 жылғы

ІІ жартыжылдық

Облыстық ішкі саясат басқармасы, қала, аудан әкімдері

 

16.       

Бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет ресурстарда және әлеуметтік желілерде ысырапшылдыққа жол бермей, нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалануға, ұлттық кодты, ұлттық мәдениетті сақтауға шақыратын материалдарды ұйымдастыру, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу

Жыл көлемінде

Облыстық ішкі саясат басқармасы,

қала, аудан әкімдері

 

17.       

Жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарында келесі жаңа оқу жылынан бастап студенттердің гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы оқулықтармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау

Жыл көлемінде

Облыстық білім басқармасы

18.       

Азаматтардың туған жерін, ауылын, білім алған оқу орнын түлетуге, абаттандыруға, көркейтіп-көгалдандыруға, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруге шақыру мақсатында "Туған жерге тағзым" акцияларын ұйымдастыру

Жыл көлемінде

Қала, аудан әкімдері, облыстық ішкі саясат басқармасы

19.       

Білім беру саласында оқушылар мен студенттер арасында ауқымды өлкетану, туған жердің тарихын оқыту жұмыстарын жүргізу

Жыл көлемінде

Қала, аудан әкімдері, облыстық білім басқармасы

20.       

Қалаларды, елді мекендерді көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жоғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге және тағы да басқа шараларды ұйымдастыруға кәсіпкерлерді, зиялы қауым өкілдерін, жастарды, қайырымды азаматтарды жұмылдыру

Жыл көлемінде

Қала, аудан әкімдері

21.       

«Мәдени-географиялық белдеудің» рөлі мен оған енетін орындар туралы әрбір азаматтың білуі үшін оқу-ағарту жұмыстарын жүргізу

Жыл көлемінде

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама, тибиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, кәсіпкерлік және туризм басқармалары, қала, аудан әкімдері

22.       

Білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде, соның ішінде арнаулы орта білім беру ұйымдарында ұлттық құндылықтар тұрғысынан жас жеткіншектердің ұлттық сана-сезім түсініктерін кеңейту мақсатында мұражайлар мен тарихи орындарға экскурсиялар ұйымдастыру

Жыл көлемінде

Қала, аудан әкімдері, облыстық білім басқармасы

 

23.       

Қазақстандық отбасылардың орнықты дамуын әрі қарай жетілдіру, бала тәрбиелеудегі ата-ананың жауапкершілігі туралы қоғамдық ойды қалыптастыру мақсатында жас отбасылармен кездесулер өткізу

Жыл көлемінде

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы

24.       

Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтын қайта жаңғырту бағытында жастармен түрлі деңгейдегі шаралар ұйымдастыру

Жыл көлемінде

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы

25.       

Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу – тәрбие үрдісінде адамның рухани мәдениетін қалыптастыру

Жыл көлемінде

Облыстық білім басқармасы, қала, аудан әкімдері

26.       

Рухани келісім күні аясында зиялы қауым өкілдерін тарта отырып, жастармен кездесулер, дөңгелек үстелдер, рухани музыка және поэзия кештерін өткізу

Жыл көлемінде

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама, жастар саясаты мәселелері, білім басқармалары,

қала, аудан әкімдері

27.       

«Үш тілде білім беру» қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің аймақтық кестесінің жобасын әзірлеп, ұсыну

Жыл көлемінде

Облыстық білім, ішкі саясат басқармалары

 

Құрылған күні: 08-06-2017 17:14
Жаңартылған күні: 13-06-2017 15:06

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика