Управление экономики и бюджетного планирования
Published on Управление экономики и бюджетного планирования (https://econom.e-kyzylorda.gov.kz)

Басты бет > Printer-friendly > СЫРБОЙЫЛЫҚ "НҰРОТАНДЫҚТАР" ЕЛБАСЫНА АЛҒЫСТАРЫН БІЛДІРДІ

СЫРБОЙЫЛЫҚ "НҰРОТАНДЫҚТАР" ЕЛБАСЫНА АЛҒЫСТАРЫН БІЛДІРДІ

Жазған 17 Маусым, 2019 - 18:23
На страницу всех новостей [1]
СЫРБОЙЫЛЫҚ "НҰРОТАНДЫҚТАР" ЕЛБАСЫНА АЛҒЫСТАРЫН БІЛДІРДІ [2]
Бүгін Қызылордада "Nur Otan" партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
"Қашанда Сыр еліне көңілі ерекше Елбасы бұл жолы да халықтың талап-тілегіне, біздің ұсынысымызға өз қолдауын білдірді. Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Тұңғыш Президентімізге аймаққа жасаған айрықша қамқорлығы үшін облыс жұртшылығы атынан шынайы алғысымызды білдіреміз және нәтижелі еңбекпен лайықты жауап береміз", - деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, облыс әкімі Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы зор міндеттер мен ауқымды жұмыстарды атқаруды жүктейтінін мәлімдеп, бұл міндеттерді жүзеге асыруға әлеуетеміз бен мүмкіндіктердің жететінін және оған қажетті алғышарттардың да бар екендігін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында Елбасының қатысуымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралған еді.
"Кеңес отырысының нәтижесімен Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспары әзірленіп, Үкімет бұл қаулыны бекітіп, аймақтың дамуына келесі 3 жылға қосымша 219 млрд. теңге қаржы бөлінді", - деді облыс әкімі, "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының төрағасы Қ.Көшербаев.
Официальный портал Акимата Кызылординской области newsletter [3]
Категория: 
Аумақтың жаңалықтары [4]
Категория: 
Аумақтың жаңалықтары [4]

Source URL: https://econom.e-kyzylorda.gov.kz/?q=kk/news/syrboyylyk-nurotandyktar-elbasyna-algystaryn-bildirdi

Links:
[1] https://econom.e-kyzylorda.gov.kz/?q=kk/news
[2] https://econom.e-kyzylorda.gov.kz/sites/default/files/IMG/news/2019/index.png
[3] https://econom.e-kyzylorda.gov.kz/?q=kk/newsletter/oficialnyy-portal-akimata-kyzylordinskoy-oblasti-newsletter
[4] https://econom.e-kyzylorda.gov.kz/?q=kk/taxonomy/term/707