Официальный портал Акимата Кызылординской области newsletter categories.

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында Құтқарушылар күніне орай мерекелік шара өтті.
Құтқарушылар "Отқа оранған өрендер" атты өрт сөндіруші-батырларға арналған ескерткіштің алдында сап түзеді.

ƏСЕЛ СЕРІКБАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФИДЕ ШЕБЕРІ АТАҒЫН АЛДЫ

Сыр перзенті Əсел Серікбай шахматтан халықаралық ФИДЕ шебері атағын алды.
Қызылордалық шахматшы - облыста осы атаққа ие болған тұңғыш қыз.
Ол - 3 дүркін Əлем чемпионы, 7 дүркін Азия чемпионы жəне 14 дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 85 ЖЫЛ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 85 ЖЫЛ
Бүгін орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі және облыстық орман шаруашылығы саласының құрылғанына 85 жыл толып отыр. Облыс әкімі Қ.Ысқақовтың қатысуымен А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде мерекелік шара өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫНА ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

«КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫНА ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА
«Атамекен» ҰКП мен Білім және ғылым министрлігі осы жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында 50 мыңға жуық студентті кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды жоспарлап отыр.Ол үшін Кәсіпкерлер палатасы тамыз айында арнайы мамандар үшін оқыту курстарын өткізіп, біліктілігін жетілдірді. Бүгінде аймақтың колледждерінде өтіп жатқан «Кәсіпкерлік негіздері» курсында жергілікті табысты кәсіпкерлер белсенді қатысып, тәжірибелерімен бөлісіп жатыр.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЕАЭО ЕЛДЕРІМЕН ӨЗАРА ТАУАРЛАР САУДАСЫНЫҢ КӨЛЕМІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЕАЭО ЕЛДЕРІМЕН ӨЗАРА ТАУАРЛАР САУДАСЫНЫҢ КӨЛЕМІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
2019 жылдың қаңтар-тамызында Қызылорда облысының Еуразиялық арнайы экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудасы 69411,5 мың АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш  2018 жылдың  қаңтар-тамызымен салыстырғанда  1,3%-ға көп, деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.
Оның ішінде экспорт 36256,7 мың АҚШ долларын (1,9 есе көп), импорт – 33154,8 мың АҚШ долларын (33%-ға кем) құрады.

БИЫЛ ЕКІ МЫҢҒА ЖУЫҚ СЫРБОЙЫЛЫҚ ЖАС ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕЙДІ

БИЫЛ ЕКІ МЫҢҒА ЖУЫҚ СЫРБОЙЫЛЫҚ ЖАС ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕЙДІ
Қызылорда облысының әкімі Қ.Ысқақов ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне мерзімді әскери қызметке шақыртылған азаматтарды салтанатты шығарып салу рәсіміне қатысты.

ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІ ФОРУМЫ ӨТТІ

ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІ ФОРУМЫ ӨТТІ
Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақов «Ғасыр ана» номинация иегері 104 жастағы ауыл тұрғыны Маханбетова Балшай батыр ананы марапаттап, одан кейін облыстық ауыл әйелдері форумына қатысты. Форум Сырдария ауданының Н.Ілиясов атындағы ауылда өтуде.

В КЫЗЫЛОРДЕ ПРОХОДИТ МУШАЙРА МОЛОДЫХ АКЫНОВ

В КЫЗЫЛОРДЕ ПРОХОДИТ МУШАЙРА МОЛОДЫХ АКЫНОВ
С участием заместителя акима области Наурызбая Байкадамова в Центре обслуживания молодежи открылась областная мушайра молодых акынов «Ақынның қаламы – адалдық алаңы».

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ БАСТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ БАСТАЛДЫ
Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының ғимаратында жастар жылына орай «Ақынның қаламы – адалдық алаңы» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасының ашылу салтанаты өтті.
Мүшәйраны ұйымдастыруға ұйытқы болған Қызылорда облысы әкімдігі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ  БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ
Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақовтың қатысуымен облыстық мәслихаттың 37 сессиясы өтті. Күн тәртібінде он жеті мәселе қаралды. Облыстағы жергілікті автомобиль жолдарының жайы және оны жақсарту шаралары,  мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау шаралары мен 2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасын бекіту туралы баяндамалар тыңдалды.

Беттер

Subscribe to RSS - Официальный портал Акимата Кызылординской области newsletter

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика