Официальный портал Акимата Кызылординской области newsletter categories.

ҚЫЗЫЛОРДАДА ХИМИЯ-БИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА  ХИМИЯ-БИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Бүгін облыс әкімі Қ. Ысқақовтың қатысуымен Толыбек Қуанышбаев атындағы ғылыми-білім беру жеке қорының қаржылық қолдауымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру» орталығы ашылды.

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ЖЫЛҚЫ ӨСІРУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ЖЫЛҚЫ ӨСІРУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Кәсіпкерлер палатасы мен «Біліктілік орталығының» қызылордалық ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері үшін ұйымдастырылған қорытынды семинары жылқы шаруашылығына арналды.
Өңірдегі жылқы шаруашылығымен айналысатын шаруалар қатысқан шарада ет және сүт өнімі бағытындағы жылқылардың жергілікті тұқымдарының асыл тұқымдылық, өнімділік сапасы, сондай-ақ оларды жетілдіру жолдары түсіндірілді.

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ҚАЗАН АЙЫНДА ДЕНСАУЛЫҚТАРЫН САҚТАНДЫРУҒА 282,6 МЛН ТЕҢГЕ АУДАРҒАН

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ҚАЗАН АЙЫНДА ДЕНСАУЛЫҚТАРЫН САҚТАНДЫРУҒА 282,6 МЛН ТЕҢГЕ АУДАРҒАН
Қызылорда облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» 2019 жылдың 1-31 қазан аралығында 282,6 млн. теңге түсті,  деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыс бойынша филиа¬лының директоры Руслан Бектібаев.

STARTUP SAPARY ҚЫЗЫЛОРДАДА

STARTUP SAPARY ҚЫЗЫЛОРДАДА
Бүгін Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің командасы Road Show аймақтардағы стартаптарды дамытудың «Startup Sapary» бағдарламасымен өңірімізге келді.
Шараға 250-ден астам облыс және қала жастары қатысты. Шарада басқарма басшысы Н. Даужанов сөз алды.

ҚЫЗЫЛОРДАДА "ҚАЗАҚЫ ДҮНИЕТАНЫМ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫР" ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА "ҚАЗАҚЫ ДҮНИЕТАНЫМ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫР" ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастырумен «Қазақы дүниетаным және ХХІ ғасыр» ғылыми-танымдық конференциясы болып өтті.
Оған облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, зиялы қауым өкілдері, ЖОО-ның және ОАОО-ның оқытушы профессорлары, басқарма басшылары, облыстық ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Хабарландыру

Конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама
Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімідігі 10 жыл мерзімге мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

Қ. ЫСҚАҚОВ: "КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛУІ ҚАЖЕТ

Қ. ЫСҚАҚОВ: "КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛУІ ҚАЖЕТ
Бүгін «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қ.Д. Ысқақовтың төрағалығымен Саяси кеңес Бюросының кеңейтілген отырысы өтті. Онда  кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар және оның алдын алу бойынша атқарылған  жұмыстар мен жастар арасындағы жұмыссыздық, орта арнаулы оқу орындарында білім алу мәселелері туралыда да айтылды. 

ҚУАНЫШБЕК ЫСҚАҚОВ: "NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ БАҚЫЛАУҒА АЛУ ҚАЖЕТ"

ҚЫЗЫЛОРДАДА «МЫҢ БАЛА» ӨҢІРЛІК БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «МЫҢ БАЛА» ӨҢІРЛІК БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Қызылордада облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының өңірлік байқауының қорытындысы өтті.

ҚОС БАСЫЛЫМНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДОЙБЫДАН ЖАРЫСТА ЖҰМАТӘЛІ ӘБДІРАМАН ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

ҚОС БАСЫЛЫМНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДОЙБЫДАН ЖАРЫСТА ЖҰМАТӘЛІ ӘБДІРАМАН ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Қасиетті Сыр елінің басты ақпарат көздеріне айналған облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» басылымдарының 90 жылдық мерейтойларына орай ардагерлер арасындағы дойбыдан өткен жарыстың жеңімпаздары анықталды.

Беттер

Subscribe to RSS - Официальный портал Акимата Кызылординской области newsletter

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика