Официальный портал Акимата Кызылординской области newsletter categories.

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ
23 маусым – Қазақстан полициясы күні мерекесі қарсаңында бүгін Қызылорда облысы Полиция департаменті басшылығы мен Ардагерлер кеңесі «Сәбилер үйінің» тәрбиеленушілеріне қайырымдылық көмек көрсетті. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚЫЗЫЛОРДА ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢА ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚҚА ИЕ БОЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢА ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚҚА ИЕ БОЛАДЫ
Қызылорда қаласындағы облыстық перинаталдық орталық Burabike Fest VII қайырымдылық спорттық-музыкалық фестивалінің бенефициарлар тізіміне енгізілді. Фестиваль ұйымдастырушылары орталыққа гипотермияны емдеуге арналған аппарат сатып алуды жоспарлап отыр.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ БОЙЫНША ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ БОЙЫНША ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ
"Nur Otan" партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қызылорда облысының әкімі, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының төрағасы Қ.Көшербаев халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде көп балалы отбасыларды қолдауды партиялық бақылауға алуды тапсырды. 

БАСШЫЛАР ӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІ ҮШІН ТІКЕЛЕЙ ЖАУАП БЕРЕДІ

БАСШЫЛАР ӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІ ҮШІН ТІКЕЛЕЙ ЖАУАП БЕРЕДІ
Қызылорда облысының әкімі, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының төрағасы Қ.Көшербаев партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында басшы қарамағындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық әрекеттері үшін тікелей жауап беретіні туралы еске салды.

ОБЛЫС ӘКІМІ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫНА ЫСТЫҚ ТАМАҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ТЕГІН ЖҮРУІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫНА ЫСТЫҚ ТАМАҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ТЕГІН ЖҮРУІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
"Nur Otan" партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қызылорда облысының әкімі, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының төрағасы Қ.Көшербаев аз қамтылған отбасылардың балаларына ыстық тамақ пен қоғамдық көліктерде тегін жол жүрулерін ұйымдастыруды тапсырды.

Қ. КӨШЕРБАЕВ: «ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЛАР АРҚЫЛЫ КЕЛІП ТҮСКЕН АРЫЗ-ШАҒЫМДАР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛСЫН»

Қ. КӨШЕРБАЕВ: «ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЛАР АРҚЫЛЫ КЕЛІП ТҮСКЕН АРЫЗ-ШАҒЫМДАР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛСЫН»
"Nur Otan"  партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қызылорда облысының әкімі, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының төрағасы Қ.Көшербаев тұрғындардан келіп түскен сұрақтардың мұқият қаралуын және орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» БОЙЫНША 8 ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» БОЙЫНША 8 ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ
Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 8 жоба мақұлданды. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
Палата басшысының айтуынша, қазіргі таңда Қызылорда облысы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Орталық жобалық кеңсе әзірлеген есепке сай  ІІ орында.

Хабарландыру

Ағымдағы жылдың 20 маусымында Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаевтың өңірлерде видеоконференция байланысын қамтамасыз ету арқылы халық алдында есептік кездесуін өткізетіндігін хабарлаймыз. Кездесу барысында Энергетика министрі Министрліктің қызметі, мұнай-газ, мұнай-газ-химия, уран, электр энергетикасы және қоршаған ортаны қорғау салаларының даму жоспарлары туралы баяндайды және сұрақтарға жауап береді. 

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ҮЗДІК ДӘРІГЕРЛЕР БАСПАНА СЕРТИФИКАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ҮЗДІК ДӘРІГЕРЛЕР БАСПАНА СЕРТИФИКАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
Облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында өңірдің үздік 5 дәрігеріне тұрғын үй алуға сертификат табыстады. Тұрғын үйдің бастапқы жарнасы  1 млн. және 500 мың теңге сомасындағы сертификаттар берілді.

Беттер

Subscribe to RSS - Официальный портал Акимата Кызылординской области newsletter

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика