Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

«Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығының 133-тармағының негізінде «Жалағаш ауданы Таң ауылдық округіндегі спорт кешенін жалға алу» жобасын іске асыру мақсатында жеке серіктесті айқындауда конкурс өткізілетінін хабарлайды.
1. Жобаның мақсаты: тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамыту, тұрғындарды спортпен қамту үшін жағдай жасау, оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін мүмкіндік орнату, спорт түрлері бойынша (бокс және дзюдо) дамуына жәрдемдесу, тұрғындарға спорттық қызмет көрсету мақсатында спорт кешенін жалға алу. Бұқаралық дене шынықтыру және сауықтыру барысын дамытуда тиісті жағдайлар жасау. Қызылорда облысында дене шынықтыру және спорттың материалдық – техникалық базасын нығайту.
2. Жобаның техника-экономикалық талаптары:
1) жер учаскесінің алаңы - 0,0306 га;
2) жалпы алаңы - 271,5 м2;
3. Басты көрсеткіштері: спорт кешенінің ғимараты бір қабатты, жалпы көлемі 24,9м*11,5м. Салмақ түсірілетін конструкция биіктігі 2,80м кем емес. ғимараттарда бокс және дюздо залдары, жаттықтырушылар бөлмесі, медпункт, киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер, әжетхана, сондай-ақ кіре-беріс алаңы болуы қажет. 
4. Ұйымдастырушының байланысу деректері: «Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі, тел.:8/7242/23-06-40, электронды пошта: ufs@korda.gov.kz, жауапты орындаушының А.Т.Ә: басқарманың қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы Жұматов Серік Айдарбекұлы.
5. Жоба ұсынысын берудің түпкілікті мерзімі: бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткiзу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 30 (отыз) күн.
 
Категория: 

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика