Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Қызылорда облысы әкімдігі атынан «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығы негізінде (бұдан әрі – МЖӘ) «Арал қаласындағы №62,№220 орта мектептерінің бу қазандықтарын жаңғырту және сервистік қызмет көрсету» туралы жобасын іске асыру мақсатында мемлекеттік-жекеше әріптесті айқындауда конкурс өткізілетінін  хабарлайды. 
МЖӘ түрі: МЖӘ келісім шарты.
Арал қаласындағы №62,№220 орта мектептерінің бу қазандықтарын газ отыны қазандықтарына қайта жабдықтау арқылы жаңғырту және сервистік қызмет көрсету
Жобаның мерзімі: 2018-2021 жылдар.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қызметі: МЖӘ келісімшартына сәйкес нысандарды газдандыру және сервистік қызмет көрсету жұмыстарын орындау.
Шығындардың күтілетін көздері және табыстарды қалыптастыру: инвестициялық шығындарды өтеу және қолжетімділік үшін ақы.
Байқауға «МЖӘ туралы» Заңның 32-бабында және конкурстық құжаттамаларда көрсетілген талаптарға сай келетін барлық әлеуетті қатысушылар қатыса алады.
Конкурстық құжаттамалардың көшірмесін мынадай мекен-жайдан алуға болады: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі №1, № 426 кабинет. Конкурстық құжаттамалар тегін беріледі.
Байқауға қатысуға өтініштер 2018 жылдың 08 қазан сағат 15-00 ге дейін қабылданады.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу 2018 жылғы 09-шы қазанда сағат 15-00-де аталған мекенжай бойынша жүзеге асырылатын болады.
Қосымша мәліметтер және анықтамаларды 8 (7242) 605397 телефоны арқылы Алпысбаев Еркинбек Тюрехановичтен алуға болады
 
Категория: 

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика