МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай облыс орталығында салтанатты шара ұйымдастырылды. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов мәдениет майталмандарын мерекемен құттықтап, облыс әкімі Қ.Көшербаевтың Алғыс хатын табыс етті.
Сонымен қатар, кәсіби мереке қарсаңында Сыр өңірінің мәдени-рухани дамуына үлес қосып келе жатқан сала қызметкерлері марапатталды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі
Нұржақыпова Жанар Сейтжанқызы - Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы;
Жүсіпова Қарлығаш Мәлікқызы - Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы;
Жанмұратова Күләш Дүйсенқызы - Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының артисі;
Бекенова Алтын Иманбайқызы - Қызылорда облыстық халық шығармышылығын дамыту және мәдени-продюсерлік ортылығының маманы;
Толыбеков Мырзағали Сансызбайұлы - Қызылорда облыстық филармониясының әртісі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы
Мырзахметова Бақытнұр Тәңірбергенқызы - Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы басшысының орынбасары;
Есмурзаева Бағдагүл Саинқызы - Қызылорда облыстық халық шығармышылығын дамыту және мәдени-продюсерлік ортылығының бөлім меңгерушісі.
Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының «Еңбек даңқы» төсбелгісі
Мырзамұратова Нұржамал Ахметқалиқызы - Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы;
Бекмамбет Бақыткүл Тоқтамұратқызы – Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы;
Мақашов Талғат Бақытбекұлы – Қызылорда облыстық филармониясының басшысы;
Есмурзаева Бағдагүл Саинқызы - Қызылорда облыстық халық шығармышылығын дамыту және мәдени-продюсерлік ортылығының бөлім меңгерушісі.
 

 

Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика