ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Қызылорда қаласында қазақ күресінен ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты басталды.
Ұлттық күрестің бас додасын ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі, ҚР қазақ күресі федерациясының президенті Дәурен Абаев құттықтау сөзімен ашты.
Чемпионат Республикада қазақ күресін бұқаралық негізде дамыту және оны халықаралық жарыстың деңгейіне дейін жеткізу, қазақ күресі арқылы салауатты өмірді насихаттау және адамдардың денсаулығын нығайту, қазақ күресі негізінде басқа спорт түрлеріне лайықты ізбасарлар дайындау мақсатында өтіп жатыр.
Аталған шараны ҚР мәдениет және спорт министрілігінің Спорт және дене шынықтыру комитеті, ҚР қазақ күресі федерациясы, Қызылорда облыстық Спорт және дене шынықтыру басқармасы ұйымдастырып жатыр.
Чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен келген 500-ге жуық балуан жекелей және командалық негізде күш сынасады.
Бүгін 90, 100, +100 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар өзара күш сынасады. Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов, Мақсат Исағабылов, Асыл Барменовтар өнер көрсетеді.
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика