ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢА БАС ИМАМЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Болатбек Әбуов ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі және «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.
Б.Абуов 1982 жылы дүниеге келген. «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетін,  Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы» бойынша бітірген. Республикалық имамдар білімін жетілдіру институтында білім алып, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің докторантурасын тәмамдаған.
Қызмет жолын 1999 жылы Байқоңыр қаласындағы «Жәрімбет ишан» мешітінде бастаған. Әр жылдары «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің Студенттер кеңесінің мүшесі, референт-аудармашысы, төрағасы орынбасары, оқытушысы,   университет  ректорының әкімшілік және халықаралық істері жөніндегі көмекшісі болып жұмыс істеген. 2014 жылдан осы кезге дейін «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аппарат жетекшісі, бас хатшы қызметтерін атқарған.
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика