Құрметті кәсіпкерлер!

Қызылорда облысының кәсіпкерлер Палатасы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай Бағдарламасы аясында халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату арқылы өндірісті модернизациялауға қолдау көрсетуге бағытталған «ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТАР» құралына  қатысуға шақырады
Жоба екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде еліміздің аумағында оқыту жүргізіледі. Қатысушылар шетелдік және отандық бизнес-тренерлердің жетекшілігімен өз кәсіпорындарының дамуының бизнес-жоспарын жасау үшін қажетті дағдылар мен білім алатын бизнес-тренингтер өтеді.
Екінші кезең қатысушылар үшін шетелде ақысыз тақырыптық бизнес-тәжірибе жинақтаушылықтан өтуді көздейді, бұл сонымен қатар шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату мақсатында да жүзеге асырылады.
«Іскерлік байланыстар» жобасына қатысу үшін қойылатын талаптар:
Қатысушы лауазымы басшының орынбасарынан (кәсіпорынның жоғарғы және орта буыны басшылары) төмен болмауы тиіс.
Қатысуға асығыңыздар!
Анықтама телефондары: 8/7242/ 400202, 8/7242/ 400874.
Қатысуға өтінімдер мен басқа да құжаттар Кызылорда қаласы Әйтеке би көшесі, 28-де орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету бөлімінде қабылданады (Кулмахан Салауат, Наурызбаев Талғат).
 

 

Категория: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика