ХҚКО: АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінде алқа отырысы өтті.
Шара барысында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өткен жылда атқарылған жұмыстар сараланып, саланың бірқатар өзекті мәселелері қаралды. Департамент басшысы Айнұр Тобаева қызметкерлерді алдағы атқарылатын ауқымды жоспармен таныстырып, жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар берді.
Жиын соңында бірқатар қызметкерлер облыс әкімінің алғыс хатымен, департамент басшысының грамоталарымен марапатталды.
Одан әрі ұжымда «Командадағы тиімді жұмыс» тақырыбында корпоративтік тренинг өтті.
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика