Ағымдағы жылдың 14 – 16 наурызында, «КазСтИн» РМК Қызылорда филиалы «2018 жылға арналған техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы мамандарды дайындау және біліктілігін арттыру» тақырыбына оқыту семинарын өткізеді.
2015 – 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды – инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы және 2020 жылға дейінгі техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру Кешенді жоспары шеңберіне сәйкес іс-шара - мемлекеттік бағдарлама аясында өткізіледі.
Бағдарлама 2018 жылға арналған өнеркәсіптің 14 басым секторларында 1300 қызметкерлерді келесі бағыттар: техникалық реттеу ерекшеліктері мен негіздері, стандарттау, сәйкестікті бағалау (растау), аккредиттеу, метрология және халықаралық стандарттар шарттарына сәйкес менеджмент жүйелері бойынша дайындауды қамтамасыз етеді.
Бағдарламаның мақсаты – әр түрлі деңгейдегі қызметкерлердің (қатардағы мамандардан бастап инженерлер мен менеджерлерге дейінгі) кәсіби құзыреттілік деңгейін жетілдіру және арттыру болып табылады. Бұл, әрі қарай іс жүзінде барлық құралдарды дұрыс және тиімді пайдалана білу арқылы, өнімдерді өндіру және қызмет көрсету саласында жоғарғы нәтижелерге жетуіне әкеледі. Қызылорда облысы бойынша тоқсан үш маманды келесі салаларда: электр жабдықтары, құрылыс материалдарын өндіру бағытында оқыту жоспарланып отыр.
Лекторлар ретінде эксперт – аудиторлар, мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің жетекші мамандары, негізгі нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарды әзірлеушілердің қатысуы жоспарланып отыр.
Өткізілетін орны: Қызылорда қ-сы, Журба к-сі, 12 "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының ғимараты, мәжіліс-залы)
Байланыс мәліметтері: Шарапат Г.Ж. – «ҚазСтИн» РМК Қызылорда филиалының директоры, т. 8 (7242) 40-03-11. 
 
Категория: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика