Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).


Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша 2018 жылдың 1 тоқсанына атқарылған жұмыс туралы мәліметі.

 

      Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында ағымдағы жылы барлығы 149817,0 мың теңге қаржы қаралған, оның ішінде

       001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастру мен дамыту және облысты басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 43011,0 мың теңге қаржы қаралған, оның ішінде 42732,4 мың теңгесі  игерілген. 100%-ға игерілді.

       Барлығы 42732,4 мың теңге қаржы игерілді. 100% игерілді

 

Бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің атқарылған жұмыстары туралы есебі

 

2018 жылға облыстық бюджет 190,8 млрд теңге сомасында бекітілді. Бүгінгі күнге 2 нақтылау және 3 түзету енгізу есебімен нақтыланған бюджет 205,7 млрд теңгені құрады, оның ішінде өз кірістері 18,5 млрд теңге, субвенция және республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 166,3 млрд теңге.

Облыстық бюджеттік комиссияның отырысы 5 рет өткізіліп, материалдар әзірленді.

2018 жылға республикалық бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінуіне байланысты ҚР Үкіметі резервінен 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы әкімдіктің іске асыру қаулысына өзгерістер енгізілді (1 түзету).

        2018 жылдың қаңтар айында бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бірлесіп 2017 жылдың қорытындысы бойынша қаражаттардың бос қалдықтарына талдау жүргізілді.

Аудандар мен Қызылорда қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бекітілген бюджетіне талдау жұмыстары жүргізіліп, веб-порталға енгізілді.

        2018 жылға Депутаттық корпус тарапынан барлығы 133 сұрақ түскен, облыстық бюджетті нақтылау және түзету негізінен республикалық және облыстық бюджеттен 236,6 млн. теңге бөлінді, 11 мәселе шешілді.

        Бюджеттің ашықтығы және айқындылығы шеңберінде әкімдіктің веб-порталына  орналастырылады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жергілікті даму және ағымдағы бюджеттік бағдарламалар туралы, жергілікті бюджеттің нақтылануы жөнінде ақпараттар жіберілді.

       Тұрақты түрде облыс әкімдігіне облыс әкімінің аппараттық жиналыстарда, салалық жиналыстарда, көшпелі жиындарды және т.б. хаттамалық тапсырмаларының орындалуы бойынша ақпарат ұсынылды.

        Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрлігіне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша ұсыныстар жіберілді.

        Бұдан басқа, Ұлттық экономика министрлігіне барлық ауылдық округтер бойынша жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының бекітілген саны туралы және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауылдық округтердің 2018 жылы бекітілген бюджеттер бойынша ақпарат жіберілді.

 

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг және экономикалық жоспарлау бөлімінің 2018 жылдың 1 тоқсанында  атқарған жұмыстары туралы есебі

 

Есепті кезеңде әлеуметтік-экономикалық мониторинг және экономикалық жоспарлау бөлімі келесідей жұмыстар атқарды:

2018 жылдың қаңтар айында «2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары» туралы облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісіне қажетті ақпараттар (облыс әкімінің сөлейтін сөзінің тезисі, анықтамалар, слайдтар) әзірленіп, облыс әкімдігі аппаратына ұсынылды;

Қызылорда облысының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы аналитикалық ақпарат әзірленіп, Сыр бойы жергілікті баспасына жариялау үшін облыстық ішкі саясат басқармасына ұсынылды;

2018 жылдың ақпан айында өткізілетін облыс әкімінің халықпен есепті кездесуіне облыстық басқармалардан ақпараттар жинақталып, талдалып, облыс әкімдігіне ұсынылды;

  1. жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына, 2020 жылға дейінгі Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму Стратегиясына сәйкес «2018 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспары» және оны жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспары әзірленіп, Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 ақпанында №1036 қаулысымен бекітілді;

Ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне ақпарат ұсыну үшін және облыс әкімдігінің Гео-Веб Порталдарына орналастыру үшін Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәліметтер дайындалып, жіберіліп отырды;

Ай сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіндегі және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіндегі мемлекеттік инспекторлардың форматтары бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат дайындалып, ұсынылып отырды;

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауынан туындайтын міндеттерінің жүзеге асырылуы туралы басқарма басшысының өңірлік коммуникациялар орталығанда брифинг өткізілуіне қажетті ақпараттар әзірленді;

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында облыс әкімінің Дағдарысқа қарсы штабтың 2 отырысы өткізілді, оған бөліммен тиісті барлық қажетті құжаттар пакеті (күн тәртібі, жүргізілу тәртібі, қатысушылар тізімі, анықтамалар) әзірленді. Оған қоса, бұл отырыстардың қорытындысымен хаттамалық тапсырмалар қалыптастырылып, олардың орындалуы жөніндегі ақпараттар дайындалып облыс әкімдігі аппаратына ұсынылды;

Қазақстан Республикасы Үкіметі делегациясының Қызылорда облысына келуіне байланысты облыстың әлеуметтік экономикалық дамуы туралы қажетті  талдамалық ақпараттар әзірленуіне үлес қостық.

Облыс әкімдігінің аппарат жиналыстарына сондай-ақ, ҚР Үкіметінің селекторлық режимінде өткізілетін жиналыстарға өңірдегі экономикалық өсімнің жоспарланған параметрлерін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ақпараттар дайындалып, ұсынылып отырды;

«Нұр Отан» партиясы платформасы индикаторларының орындалуы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы көрсеткіштердің орындалуы туралы ақпараттар әзірленіп ұсынылды.

 

Ауылшаруашылығын және ауыл аумақтарын дамыту бөлімінің 2018 жылы 1 тоқсанда  атқарған жұмыстары

Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы ай сайын ақпарат дайындалды.

         2017 жылдың қорытындысымен облыс бойынша 260 елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізіліп, ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жолданды.

Ұсынылған бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігі бойынша  талдау жасалып, оларға қорытынды әзірленді.  

         «Байқоңыр» әлеуметтік - кәсіпкерлік Корпорациясы АҚ - ң 2018 жылға жарғылық капиталын ұлғайту жөніндегі қаржы-экономикалық негіздемесіне мал шаруашылығы, балық, ет және күріш кластерлерін дамыту және өнімдерін өндіру бойынша 4 жобаға экономикалық қорытынды әзірленді.

2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау кезінде облыстық ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, ветеринария және жер қатынастары басқармалары бойынша ұсынылған бюджеттік өтінімдері қаралып, қорытындылар әзірленіп, облыстық бюджеттік комиссия отырысына ұсынылды.

Подготовлены материалы по развитию социально-экономического развития Казалинского района.

 

Мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары бөлімінің 2018 жылдың I-тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ЕСЕБІ

 

Көрсетілген мерзімде бөлімге жүктелген функциялар мен мақсаттарды орындау үшін келесі жұмыстар атқарылды.         

«Желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан  Республикасы Қаржы министрінің 2015жылғы 20 ақпандағы № 108 бұйрығына сәйкес облыс бойынша желi, штаттар, контингенттер туралы мәлiметтер, нысаны бюджеттiк бағдарламаның функционалдық тобын, әкiмшiсiн көрсете отырып, әрбiр бюджеттiк бағдарлама, кiшi бағдарлама бойынша жасалып, алдын ала тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдармен келісе отырып уәкілетті органға ұсынылды.

 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне қолданыстағы және қосалқы құрамның негізгі құрамға, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер құрамы санының нормативтеріне оңтайлы арақатынасын айқындау мақсатында жергілікті атқарушы органдардын штат саны туралы ақпараттар жолданды.

Қазақстан Республикасы қаржы министрлігіне «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкімет қаулы жобасына ұсыныстар жолданды.

«Бюджеттік бағдарламаларды» (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмүнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығына сәйкес 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалардың  жобалары  келісілді.

 Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің 2018 жылғы 8 ақпандағы №141 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында «805 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік сатып алу бөлімі» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылып, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органдарға тиісті жұмыстар жасалуына  тапсырма берілді.  

ҚР Ішкі істер министрлігі әзірлеген «Қазақстан Республикасы Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы», терроризмге және экстремизмге қарсы іс-шаралар бойынша ұсыныстар жолданды.

 

Инвестициялық саясат және нақты секторды дамыту бөлімінің 2018 жылдың 1 тоқсанның  қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар бойынша есебі

Бөлімде 2018 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Бөлімнің жетекшілік ететін салалары бойынша облыстың әлеуметтік- экономикалық даму жөнінде әлеуметтік экономикалық талдау және жоспарлау бөліміне әр айдың 5-10 жұлдызында ақпараттар берілді.

Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы, сыртқы сауда-экономикалық қарым-қатынастар жөнінде ақпараттар берілді.

Бөлімнің жетекшілік ететін салалары бойынша 2017 жылдың қорытындысымен облыс әкімінің есебіне ақпараттар әзірленді.

Бөлімнің жетекшілік ететін салалары бойынша 2018 жылға арналған облыс әкімінің бірінші кезектегі іс-қимыл жоспарына ақпараттар әзірленді.

Республикалық бюджеттің 2018 жылдың нақтылауына қаржыландыруды қажет ететін облыстың инвестициялық жобалардың қолдау табуы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен тиісті жұмыстар атқарылды

Республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылған бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша (білім беру, тұрғын үй құрылысы және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, көлік саласын дамыту, ауыз сумен қамту, жылумен қамту, электроэнергиямен қамту, газбен қамту жобалары) экономикалық қорытынды әзірленді.

Облыстық мәслихаттың ақпан, наурыз  айындағы отырысына 2018 жылдың бюджеттің нақтылауна бөлімнің жетекшілік ететін салалары бойынша тиісті материалдар дайындауға қатысты.

Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар тізіміне облыстық инвестициялық жобаларды енгізу мақсатында тиісті салалық министрліктермен атқарылған жұмыстар барысы жайлы ақпараттар дайындалды.

2018 жылы облыс әкімінің тұрғындармен есепті кездесуі барысында  көтерілген және орталық және жергілікті атқарушы органдармен шешуді қажет ететін өзекті мәселелер бойынша  ақпарат дайындалды.

2017 жылдың қорытындысымен 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасының іске асырылуы бойынша есебі әзірленді.

Қазақстан Республикасы Президентінің  2015 жылғы 6 сәуірдегі  №1030 жарлығымен бекітілген «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысымен бекітілген «Өңірлерді дамытудың 2020» дейінгі бағдарламасының іске асырылу барысы жайлы ай сайын ақпарат әзірленді.

Мемлекет басшысының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін іске асыру жөніндегі жол картасының орындалуы бойынша ақпарат әзірленді.

Тұрақты түрде бөлімге жеке азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдар талданып, тиісті  жауаптар әзірленді.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының веб порталына  бөлімнің жетекшілік ететін саласы бойынша ақпараттар енгізілді.

Бөлімге орталық атқарушы органдардан және бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан келіп түскен хаттарға жауаптар жолданды, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының ағымдағы тапсырмалары орындалды.

 

Білімді, спортты дамыту және еңбек ақы қорын талдау, мониторингілеу бөлімінің 2018 жылдың 1 тоқсанына атқарған жұмыстар жөнінде есебі

 

Бөлім қызметкерлерімен жұмыс жоспарында бекітілген лауазымдық міндеттерге сәйкес қажетті жұмыстар жүргізілді.

2018 жылдың ақпан және наурыз айларындағы облыстық бюджетің нақтылау барысында облыстық бюджеттен қаржыландырылатын білім және спорт салалары мекемелері мен кәсіпорындарының қосымша қажеттіліктері облыстық бюджеттік комиссия қарауына ұсынылып, қолдау тапқан мәселелер мәслихат шешімімен бекітілді.

Сонымен қатар, тиісті салалар бойынша қосымша қаржы бөлуге бюджеттік комиссия мүшелерінен түскен ұсыныстарға және депуттатық сауалдарына өз дәрежесінде уақытылы жауаптар берілді.

2018 жылдың 1 ақпан айы жағдайымен облыс бойынша мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің штат саны мен еңбекақы қорына нақты талдау жұмыстары жүргізіліп, сонымен қатар қажетті есептер тиісті министрлікке жолданды.

2017 жылдың есебіне орай облыстық білім және спорт басқармаларымен ұсынылған желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерге, облыстық білім және спорт басқармаларына бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың ағымдағы шығындарына, теңгеріміндегі бар ғимараттары мен автокөліктеріне, жүргізілген күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына талдау жасалынды.

Сонымен қатар, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ағымдағы жылдың облыстық бюджетті нақтылау және 2018-2020 жылдарға арналған бекітілген бюджетті бойынша ақпаратын «Парус-Каз бюджеттік жоспарлау» лицензияланған бағдарламасының базасына уақытылы және дұрыс енгізу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде аталмыш бағдарламасы бойынша қалыптасқан кемшіліктерді жоюға ұсыныстар берілді.

2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру мақсатында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 тоқсан жағдайымен бастауыш, орта, қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын жаңа технологиялармен жаңарту және ғылыми иновациялармен модельдеу бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді.

Облыс аумағындағы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ведомстволық бағынышты ұйымдарына талдау жұмыстары жүргізуіне байланысты, тиісті ақпарат салалық министрліктеріне жолданды.

Білім және спорт салаларына қарасты интернет порталына тиісті ақпараттар енгізіліп, қажеттілігіне қарай жаңартып отырылды. Мекемелерден, аудандардан және азаматтардан түскен хаттарға уақытылы жауаптар берілді, сонымен қатар жоғарғы органдардан бөлімге түскен тапсырмалар уақытылы орындалды.

Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөнінде 1 тоқсанға (қаңтар, ақпан, наурыз айлары) ақпарат дайындалды.

 

03.04.2018 ж.


Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыс туралы мәліметі.

 

        Басқарманың  құрылымы Қызылорда облысы әкімінің  27 сәуір 2017 жылғы №768 қаулысымен 35 бірлік болып бекітілген.

      2017 жыл бойынша 1 барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс, 4 жалпы конкурс және 2 мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізілді. Барлық конкурстардың қорытындысы бойынша 2 үміткер конкурс комиссиясының оң қорытындысын алып жұмысқа қабылданды.

       Басқарма қызметкерлерінің  біліктілігін көтеруге баса назар аударылуда. 12 ай қорытындысы бойынша барлығы 11 қызметкер біліктілігін арттыру курсында, 3 қызметкер қайта даярлау курстарында оқытылды.

      2017 жылғы 1 наурыздағы № 726 қаулысымен бекітілген «Қызылорда облысы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» және Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бекітілген кестесіне сәйкес 2017 жылдың 4 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерге бағалау жүргізілді. 34 мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер бағаланды, оның ішінде 9 мемлекеттік қызметкер– «өте жақсы», ал 25 қызметкерлер- «тиімді»  бағалау көрсеткішін көрсетті.

      Қазақстан Республикасы Президентінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 404 Жарлығына сәйкес 30 мемлекеттік әкімшілік қызметкер кешенді аттестациядан өтті, оның ішінде 29 мемлекеттік қызметшілер (атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді) және 1 қызметкер (атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді және мемлекеттік лауазымын жоғарлатуға ұсынылады) аттестаттау комиссиясының оң шешімін алды.

       Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларына» сәйкес 12 айдың қорытындысымен 4 мемлекеттік қызметкер тағылымдамадан өтті, оның ішінде 2 қызметкер «Қызылорда облысы әкімінің аппаратында»,1 қызметкер «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде және 1 қызметкер  «Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде тағылымдамадан өтті.

Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша 2017 жылға  бюджет қаражатының игерілуі туралы ақпараты

Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында ағымдағы жылы барлығы 198401,7 мың теңге қаржы қаралған, оның ішінде

        001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастру мен дамыту және облысты басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 149756,7 мың теңге қаржы қаралған, оның ішінде 149743,1 мың теңгесі  игерілген. 100%-ға игерілді.

     061 «Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия мәселелері жөніндегі құжаттаманы сараптау және бағалау» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылға 48645,0 мың теңге қаржы қаралған, қаржы 100%-ға игерілді.

       Барлығы 198388,1 мың теңге қаржы игерілді. 100% игерілді

 

Мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары бөлімінің 2017 жылдың атқарылған жұмыстар туралыесебі

Көрсетілген мерзімде бөлімге жүктелген функциялар мен мақсаттарды орындау үшін келесі жұмыстар атқарылды.

         Әкімшілік реформа шеңберінде жаңадан құрылған, таратылған және атауы өзгерген мемлекеттік органдардың штаттық санының қайта бекіту бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілді. «Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы »облыс әкімдігінің 10 қарашадағы 2016 жылғы № 634 қаулысына сәйкес «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінен жастар саясаты саласындағы функцияларды бере отырып, «Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылды.

Дербес 4-ші деңгейлі бюджетті енгізу бойынша, орталық уәкілетті органдардың талаптарына сәйкес, Интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті халық саны 2000-нан асатын ауылдық елді мекендер әкімдері аппараттарын заманауи компьютер жабдықтарымен жарақтандыру бойынша қала және аудан округ әкімдіктеріне тапсырма берілді.

 «Желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан  Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 108 бұйрығына сәйкес облыс бойынша желi, штаттар, контингенттер туралы мәлiметтер, нысаны бюджеттiк бағдарламаның функционалдық тобын, әкiмшiсiн көрсете отырып, әрбiр бюджеттiк бағдарлама, кiшi бағдарлама бойынша жасалып уәкілетті органға ұсынылды.

ҚР Ішкі істер министрлігі әзірлеген «Қазақстан Республикасы Құқық бұзушылық профилактикасының 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспарына» және «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге  қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асыруға және есептің жобасын пысықтау үшін ұсыныстар тиісті уәкілетті органға жолданды.

Ұлт жоспарының 5, 6 және 7-қадамдарын іске асыру бойынша жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне барлық жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің  еңбекақы қоры бойынша шығыстар мен штат саны туралы ақпаратар ұсынылды.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Б.Ә Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді одан әрі қайта бөлу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы заң актілері деңгейінде белгіленген функцияларды түгендеу бойынша мемлекеттік функциялар тізімі жолданды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жергілікті атқарушы органдардың оңтайлы штат санына қатысты сұратқан, мемлекеттік органдардың барлық құрылымдық бөлімшелерінің бекітілген штат кестесі мен штат санының, ережелерін, мемлекеттік қызметшілердін лаузымдық нұсқаулықтарын, аудандық бөлімшелерің және ауылдық аймақтар бойынша ақпараттар жолданды.

         Ағымдағы жылдың 18 мамырында Ұлттық экономика министрлігімен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-мен бірігіп жергілікті атқарушы органдардың экономика басқармалары үшін видеоконференцбайланыс арқылы жіберілген формаларды толтыру бойынша тиісті түсіндірулер беріліп, жиналыс өткізіліп, жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің еңбектің жұмсалуы бойынша ақпараттар жолданды.

Байланыс барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының орынбасары А.Жақыпбаева жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимиттерінің мәселелері бойынша, облыс атынан өз ұсыныстарын енгізді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді одан әрі қайта бөлу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде басқарма ұжымында «Жергілікті атқарушы органдардың оңтайлы штат санын анықтау және мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселесі бойынша» құқықтық оқыту тақырыбы өткізілді.

Жоғарыдағы айтылған тақырып  бойынша жиынтық ақпарат беріліп, облыстың штаттық санын анықтауға қандай факторлар әсер ететіндігі жайлы, сонымен қатар, мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселесі және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын түгендеу қорытындылары туралы мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары  бөлімінің басшысы Ғ.Байсынова баяндады.

2017 жылғы 6 маусымдағы Ұлттық комиссияның жаңғырту жөніндегі Хаттамасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жергілікті атқарушы органдардың штат санын өзгерісіне талдау жүргізіліп және мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қызметшілер, бюджетік сала қызметшілерінің саны туралы ақпараттар жолданды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылға арналған бюджеттік сыныптамасын әзірлеуге байланысты аудандар мен Қызылорда қаласы бөлінісінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікті басқарудың бекітілген схемасына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша ақппарат жолданды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрілігіне «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 5 және 6-қадамдарын іске асыру үшін «Мемлекеттік қызметшілерге бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ «Б»корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына бонус мәселесі бойынша тиісті ұсыныстар жолданды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрілігіне қалалық, аудандық мәслихат хатшыларының еңбекақыларына қатысты «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына ұсыныстар мен ескертулер жолданды. Мемлекет басшысының 2017 жылғы 6 қазандағы №17-3795 қаулысына сәйкес аудандық, қалалық маслихат хатшыларының лауазымдық айлықақыларын жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 30% -ға арттыру жөніндегі ұсыныстар мақұлданды.

Облыстық бағдарлама әкімшіліктерінің және құқық қорғау органдарының  2018-2020 жылдарға арналған бюджет жобасы бекітіліп, облыстық мәслихаттың хаттамасына сәйкес жұмыстар жасалынды.

Басқа да ағымдағы хаттарға тиісті жауаптар беріліп, жұмыстар жүргізілді.

 

Жобалық басқару бөлімінің 2017 жылы  атқарылған жұмыстары туралы есебі

Бөлімнің бекітілген ережесіне сәйкес, Жобалық басқару бөлімімен 2017 жылы төмендегідей жұмыстар атқарылған.

Ағымдағы жылдың сәуір айында облыс әкімінің өкімімен «Облыстық жобалық кеңсе» құрылды. Жұмыс органы болып облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы табылады.

Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында штаттық саны 3 бірлікті құрайтын «Жобалық басқару» бөлімі құрылды. Жаңа бөлім жұмысының қосылуына байланысты басқарманың ережесіне өзгерістер енгізіліп, «Жобалық басқару» бөлімінің ережесі және әрбір қызметкердің лауазымдық міндеттемесі бекітілді.

Жобалық басқаруды ұйымдастырудың мәселелері, регламенттері, әдістемелік нұсқаулықтары, жобалық басқару аясында ұсынылған бастамалар мен оқытуды ұйымдастыру бойынша мәселелер қарастырылған «Облыстық жобалық кеңсенің» 6 отырысын өткізу ұйымдастырылды.

Облыс әкімінің жанындағы басым жобалар бойынша Эксперттік Кеңесі отырысының ағымдағы жылдың 7 қарашасындағы №1 хаттамасымен регламенттеуші құжаттар:  Облыс әкімі жанындағы басым жобалар бойынша Эксперттік Кеңес жөніндегі Ереже және Қызылорда облысында жобалық қызметті ұйымдастыру жөніндегі  Ереже, Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарында жобаларды басқару бойынша  сызбасы бекітілді.

Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарында жобалық құжаттар нысандарын рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар мен нысандар, сонымен қатар жобаларды басқарудың регламенті әзірленіп, бекітілді.

Жергілікті деңгейде жобалық басқару аясында пилоттық режимде облыс әкімдігінің Ситуациялық орталығының «Жобалық кеңсе» ақпараттық сервері арқылы жобалық басқару аясында бес жобаның бақылауы жүргізілуде: «Қызылорда облысының жергілікті атқару органдарында жобалық басқаруды ендіру» (жобалық қызметті басқару жүйесінің моделіне сәйкес Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарында жобалық басқару мәдениетін қалыптастыру), «Бейресми жұмыспен қамтуды заңдастыру» (заңсыз еңбек қызметімен айналысатын, сондай-ақ салық органдарына тіркелмей жұмыс истейтін азаматтарды анықтауға бағытталған), «Жанды Арбат» (облыстың орталық көшелерінің бірінде шығармашылық пен өнерді тарату, тұрғындарды рухани және мәдени тәрбиелеуде бәріне қол жетімді әлеуметтік-мәдени орынды қалыптастыру),  «Идеядан прототипке дейін 48 сағатта (HackDay)» (аймақ  жастарының шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған),  «Агробиржа» агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің электронды саудасының құрылуы» (өндірістік тауарлар саудасын жүйелеу, ауылшаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру, АШК экспорттық әлеуетін өсіруге бағытталған).

Бүгінгі күнге «Идеядан прототипке дейін 48 сағатта (HackDay)» жобасы сәтті жүзеге асырылып, нәтижесінде ІТ форматындағы жаңа жобалардың жүзеге асырылуы күтілуде.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Б.Ә. Сағынтаевтың 2017 жылдың 31 қазанындағы №43 хаттамалық тапсырмасын орындау барысында өңірлерде жобалық басқарудың жүйесін қалыптастыру мәселелеріне қатысты, орталық мемлекеттік органдардың штабтарымен жобалар портфелін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Бүгінгі күнге аймақ бойынша өңірдің ерекшелігі мен басымдықтарын ескере отырып, орталық мемлекеттік органдардың салалық және тікелей қатысты бағыттарына 10 жоба бойынша қатысу анықталған.

Өңірдің кадрлық және қаржылық мүмкіндігін ескере отырып, Қызылорда облысында жобалық басқаруды ендіру бойынша Өңірлік штабы құрылды.

Аймақтың жергілікті атқарушы органдарының барлығы 282 мемлекеттік қызметшілеріне Белгород облысының әріптестерінің қолдауымен жобалық басқарудың негіздері бойынша оқыту ұйымдастырылды.

 

Cтратегиялық жоспарлау және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау бөлімінің атқарылған жұмыстарының есебі

2017 жылдың 13 қаңтарындағы Қызылорда облысы әкімдігінің №685 қаулысымен «2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы №294 қаулысына өзгерістер енгізілді.

2017 жылға арналған 11 түйінді нысаналы индикаторлардан тұратын облыс әкімдігінің меморандум жобасы әзірленіп, мүдделі орталық мемлекеттік органдармен келісілді және Қазақстан Республикасы Үкіметіне бекітуге жолданды. Екі рет, 2017 жылдың маусым және желтоқсан айларында мүдделі орталық мемлекеттік органдар келісімімен 2017 жылға арналған облыс әкімдігінің меморандумына өзгерістер енгізіліп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітілуге жолданды. 2017 жылдың қараша айында мүдделі орталық мемлекеттік органдар келісімімен 2018 жылға арналған облыс әкімдігінің меморандумының жобасы әзірленіп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітілуге жолданды.

Ай сайын облыс әкімдігінің меморандумындағы индикаторларға қол жеткізілуіне (орындалуына) мониторинг жүргізілді.

Байқоңыр қаласын дамытуды қазақстан тарапынан қаржыландыру механизмін әзірлеудегі жұмыс тобы құрамында, оның ішінде ҚР Қаржы министрлігінің отырыстарына қатысты.

Арал және Қазалы шағын қалаларын дамытудың кешенді жоспарларының жүзеге асырылуы, Арал және Жалағаш аудандарының экономика салаларын дамытудың Жол картасының орындалуы туралы тұрақты түрде мониторинг жүргізілді.

2017 жылдың қараша-желтоқсан айларында облыстық басқармалармен бірлесіп 2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасын түзету бойынша жұмыстар жүргізілді.

 

Білімді, спортты дамыту және еңбек ақы қорын талдау, мониторингілеу бөлімінің 2017 жылға атқарған жұмыстар жөнінде есебі.

Бөлім қызметкерлерімен жұмыс жоспарында бекітілген лауазымдық міндеттерге сәйкес қажетті жұмыстар жүргізілді.

2017 жылдың облыстық бюджетің нақтылау барысында облыстық бюджеттен қаржыландырылатын білім және спорт салалары мекемелері мен кәсіпорындарының қосымша қажеттілігін облыстық бюджеттік комиссия қарауына ұсынылып, кейінгі қолдау тапқан мәселелер мәслихат шешімімен бекітілді.

Сонымен қатар, тиісті салалар бойынша қосымша қаржы бөлуге бюджеттік комиссия мүшелерінен түскен ұсыныстарға және депуттатық сауалдарына өз дәрежесінде уақытылы жауаптар берілді.

Білім беру және спорт саласының әр мекемесі бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарына жинақталған дебиторлық және кредиторлық қарыздарына талдау жасалынды.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау мақсатында, білім және спорт салалары мекемелері мен кәсіпорындарының бюджеттеріне талдау жасалынды, 2018-2020 жылдарға арналған лимиттер көлемі анықталды.

Сонымен қатар, қосымша қажеттілігін ескеріле отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жеткізілген лимиттер көлемі облыстық бюджеттік комиссия қарауына ұсынылды.

Нәтижесінде, тиісті жеткізілген лимиттеріне сәйкес облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері мен бюджеттік бағдарлама жобалары қарауға қабылданды. Қарау барысында оның толықтығы мен дұрыстығы бойынша бюджет заңдылықтарына сәйкес білім және спорт саласындағы облыстық басқармаларға бюджеттік өтінімдерді қайта өңдеуге тиісті ескертулер дайындалып жолданды.

2017 жылға облыс бойынша мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің штат саны мен еңбекақы қорына орай талдау жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар қажетті есептер тиісті министрлікке жолданды.

Жобалық офис бөлімімен бірлесе отырып, білім және спорт салалары бойынша актуалды тақырыптарына орай жаңа жобалармен жұмыс жасалынып тиісті комиссия қарауына ұсынылды.

Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ағымдағы жылы облыстық бюджетті нақтылау бойынша ақпаратты мен 2018-2020 жылдарға арналған бекітілген бюджеттің «Парус-Каз бюджеттік жоспарлау» лицензияланған бағдарламасының базасына уақытылы және дұрыс енгізуді қадағалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде аталмыш бағдарламасы бойынша қалыптасқан кемшіліктерді жоюға ұсыныстар берілді.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауымен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданып, 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жаңа жобасы жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Бірінші кезеңде - негізгі орта білім базасында колледждерде техникалық және кәсіптік білім беру бойынша жұмысшы мамандығын тегін алуына мүмкіндік береді.

Екінші кезеңде - соңғы үш жылда жалпы білім беретін орта мектепті бітіріп, орта білімнен кейінгі және жоғарғы оқу орындарында білім алумен қамтылмаған жастарға, колледждер мен жоғарғы оқу орындарынан шығып қалған, жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған  жастарға  алғашқы жұмысшы мамандығын тегін алуына мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда, аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін кәсіптік білім беруге 1515 орын мен қысқа курстар бойынша 1335 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. 

Сонымен қатар, бағдарламаны жүзеге асыру үшін Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері жанынан комиссия құрылып, барлық ауылдық округтерде мобильдік топтар жұмыс жасауда.

Нәтижесінде, жыл сайын жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға барлығы 3 088 орынға мемлекеттік білім беру тапсырыс орналастырылды.

2018 жылдан бастап білім саласында мектепке дейінгі білім беруді және 2020 жылдан орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыруға көшіру жобасы жоспарлануда. 

Аталмыш жобаның мақсатты білім беру мекемелерінің шығындарын қаржыландырудан оқушылар санына байланысты оларды оқытуға шығындарды қаржыландыру.

Білім беру саласы бойынша республикалық бюджет есебінен 2018-2020 жылдарға арналған ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу жөнінде жұмыстар атқарылды.

Білім және спорт салаларына қарасты интернет порталына тиісті ақпараттар уақытылы енгізілді, қажеттілігіне қарай жаңартып отырылады.

Мекемелерден, аудандардан және азаматтардан түскен хаттарға уақытылы жауаптар берілді, сонымен қатар жоғарғы органдардан бөлімге түскен тапсырмалар уақытылы орындалды.

Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша негізгі көрсеткіштеріне орай жылдық (2017 жылдың қаңтар мен желтоқсан аралығында) ақпарат дайындалды.

 

Бюджеттік жоспарлау

  • Облыстың салық салу аймағын қеңейту мақсатында  Қызылорда қаласы мен аудандардың кіріс көздеріне талдау жүргізілді;
  • Облыстық бюджетті тоқсан сайын нақтылануына орай салық салу аймағын қеңейту жөнінде облыстық бюджеттік комиссияға ұсыныс дайындалды.Нәтижесі бойынша облыстық бюджеттің бекітілген жылдық болжамы 9,4 млрд.тенгеден 13,4 млрд.теңгеге жеткізілді;
  • Ағымдағы жылы облыстық бюджет комиссиясының 18 отырысына, 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет 6 рет нақтылау бойынша, облыстық бюджетті 5 рет түзету бойынша материалдар әзірленді. Нәтижесінде 2017 жылға облыстық бюджет көлемі 177,8 млрд. теңгеден 192,8 млрд. теңгеге ұлғайды.
  • 2016 жылдың қаңтар айында бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бірлесіп 2015 жылдың қорытындысы бойынша қаражаттардың бос қалдықтарына талдау жүргізілді;
  • Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне 2018-2020 жылдарға арналған шығындар лимитінің сомасы жеткізілді.
  • 2016 жылдың қорытындысымен бюджет бағдарлама әкімшілерінің дебиторлық және кредиторлық берешектеріне талдау жұмыстары жүргізілді.
  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы аясында жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу жөніндегі бекітілген Іс-шаралар жоспарын бекіту бойынша жұмыстар атқарылды.
  • Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу бойынша мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында ауылдық округ әкімдері мен қызметкерлерді, сонымен қатар бухгалтерлер мен заңгерлер оқыту жұмыстары ұйымдастырылды.
  • Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлттық Экономика министрлігімен жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу бойынша ұйымдастырылған форумға аймақтың 80 өкілдерін шақыру және қатыстыру  жұмыстары ұйымдастырылды.
  • Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу бойынша тиісті аудандар және Қызылорда қаласында семинар өткізіліп, әдістемелік құралдар әзірленді және жұмысшы тобы құрылды.
  • Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу мәселелерін талқылау бойынша аудандар және Қызылорда қаласында көшпелі семинар ұйымдастырылды.
  • 2018 жылдан бастап халық саны 2000-нан астам 65 елді мекенде өз бюджеттері бекітіледі.
  • Бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бірлесіп әзірленген 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасы Бюджет заңнамаларына сәйкес бекітуге облыстық мәслихаттың қарауына ұсынылды;
  • Тұрақты түрде облыс әкімдігіне облыс әкімінің аппараттық жиналыстарда, салалық жиналыстарда, көшпелі жиындарды және т.б. хаттамалық тапсырмаларының орындалуы бойынша ақпарат ұсынылады.
  • Тоқсан сайын ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жалпы сипаттағы трансферттерді пайдалану, облыстық бюджетке енгізілген өзгерістер мен түзетулер саны туралы және даму бюджеті бойынша ақпарат ұсынылып отырады.
  • 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын талқылау бойынша облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия отырыстарына қатысу қамтамасыз етілді;
  • Депутаттық корпус тарапынан түскен сомасы 41,0 млрд. теңгені құрайтын, барлық сұрақтарға (237 сұрақ) түбегейлі талдау жүргізілді;
  • Бюджеттің ашықтығы және айқындылығы шеңберінде әкімдіктің веб-порталына  орналастырылады.

 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту

 

Қызылорда облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі-МЖӘ) аясында 53 жоба іске асырылуда. Бүгінгі күнге 9 жобаның МЖӘ шартына қол қойылды, (Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасында жылына 5 жобадан кем емес) оның ішінде:

  • «Қызылорда қаласында "Тарлан" дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сервистік қызмет көрсету»;
  • «Исатай Тайманов көшесіндегі ауысымына 400 қабылдауға арналған емханананың құрылысы»;
  • "Мерей" мөлтек ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу»;
  • «Арал ауданы Бекбауыл ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы»;
  • «Қазалы ауданы Өркендеу ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы»;
  • «Сырдария ауданы Ақжарма ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы»;
  • «Жалағаш ауданы Таң ауылдық округінде 90 орындық балабақшаның құрылысы»;
  • «Шиелі ауданы Ақмая ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу»;
  • «Шиелі ауданы Алғабас ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу».

Қызылорда облыстық басқармалары мен аудандық әкімдіктерден барлығы 25 қызметкерді «Қазақсатандық мемлекеттік жеке меншік әріптестік орталығы» ЖШС-да мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында біліктілігін арттыру жұмыстары ұйымдастырылды.

 

Халықаралық қаржы ұйымдармен жұмыс

 

Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкісімен жұмыс барысында облыс отралығының инфраструктурасын дамытуда 4 жоба бар, оның ішінде:

  • Қызылорда қаласының жылу жүйесін қайта жаңғырту;
  • Қызылорда қаласының су жүйесін қайта жаңғырту;
  • Қызылорда қаласын электрмен жабдықтау жобасы;
  • Қызылорда қаласында автобустық паркті құру;

 

Бүгінгі күні БҰҰ Даму Бағдарламасымен 2018-2020 жылдарға арналған «Қызылорда облысының Арал ауданын жаңғырту – адам дамуының тұрақты жолы» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Жоба мыналарды қарастырады:

  • Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау,

әсіресе мүмкіндігі шектеулі адамдарға;

  • Ылғалдылықты сақтау бойынша заманауй техналогияларды

қоса отырып тиімді органикалық егіншілікті ендіру;

  • Органикалық егіншілікті дамытуды, су ресурстарын тиімді

басқаруды, ауыспалы егіс өндірісін арттыруды қоса отырып «жасыл» техналогияларды ендіру.

 

Фискалдық саясат бөлімінің 2017 жылы атқарылған жұмыстар жайлы мәліметі.

 

2017 жылдың 12 айлық қорытындысы бойынша облыс бюджетіне оның ішінде, Қызылорда қаласы мен барлық аудандардың, облыстық бюджеттің барлық салықтық, салықтық емес және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдеріне  талдау жұмыстары жүргізіліп 12 ай ішіндегі өткізілген шараларға тиісті мәліметтер ұсынылды.

Облыс бойынша бюджет кірісінің түсімдеріне күнделікті, жедел мәлімет дайындалды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен «Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайданушылардың аударымдары» бойынша жер қойнауын пайданушылардың жоспарлаған қаржы көлемін  келісімшарт негізінде анықтау мақсатында хат алмасып, есептемелер жүргізіліп, талдау жасалды.

Статистика, Қазынашылық, мемлекеттік кіріс департаменттерінің мәліметтеріне сүйене отырып, еңбекақы қоры есептеліп салықтық түсімдердегі жеке табыс пен әлеуметтік салықтарға есептемелер жасалды. Шағын кәсіпорындардың өндірістік-қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштеріне талдау жасалды.

 Облыс әкімі қолдауымен «Жобалық кеңсе» бағдарламасы құрылып, облыс бойынша шешімін таппай жүрген ауқымды мәселелерге жобалар тізімі анықталуда. Осы жоба аясында жыл көлемінде атқарылуға жататын заңды және жеке тұлғалардың мүлік салығына жоба жасалып,  әзірленді.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының веб-сайтына бөлімдегі жасалып жатқан жұмыстардың барысы жөнінде  мәліметтер ұсынылды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде дербес бюджет енгізу және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі бойынша Іс-шара жоспары әзірленді. Осы орайда, Қызылорда облысының барлық аудандарында өткізілген семинарға қатысты.

Аталған семинар ауылдық округ әкімдеріне көмек көрмету, кеңес беру, бюджетті қалыптастыру барысымен танысып, қателіктердің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. 

 Жергілікті өзін-өзі басқару қолма-қол  бақылау есеп шотына түскен және жұмсалған қаражаттардың мәліметтерін қала және аудандар бойынша жинақтап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігіне ұсынылды.

Ай сайын Жаңақорған ауданының әлеуметтік –экономикалық дамуының көрсеткіштері бойынша талдау жасалып, ұсыныстар берілді. 

Бөлімге түскен хаттар мен тапсырмаларға уақытылы жауап берілді.

 

Инвестициялық саясат және нақты секторды дамыту бөлімі бойынша 2017 жылдың төртінші тоқсан қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар бойынша есебі

Бөлімде 2017 жылдың төртінші тоқсан қорытындысы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Бөлімнің жетекшілік ететін салалары бойынша облыстың әлеуметтік- экономикалық даму жөнінде әлеуметтік экономикалық талдау және жоспарлау бөліміне әр айдың 5-10 жұлдызында ақпараттар берілді.

Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы, сыртқы сауда-экономикалық қарым-қатынастар жөнінде ақпараттар берілді.

       Қызылорда облысы бойынша жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жұмыстар тұрақты жүргізіліп отырды.

Республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылған бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша (білім беру, тұрғын үй құрылысы және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, көлік саласын дамыту, ауыз сумен қамту, жылумен қамту, электроэнергиямен қамту, газбен қамту жобалары) экономикалық қорытынды әзірленді.

       Облыстық мәслихаттың ақпан, сәуір, мамыр, шілде, тамыз, қазан, қараша, желтоқсан  айындағы отырысына 2017 жылдың даму бюджетін нақтылау бойынша бөлімнің жетекшілік ететін салалары бойынша тиісті материалдар дайындауға қатысты.

Облыс әкімінің тұрғындармен есепті кездесуі барысында  көтерілген және орталық және жергілікті атқарушы органдармен шешуді қажет ететін өзекті мәселелер бойынша  ақпарат дайындалды.

Республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жүргізу мақсатында 2014-2016 жылдары аралығында республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың орындалуы бойынша ақпарат дайындалды.

Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар тізіміне облыстық инвестициялық жобаларды енгізу мақсатында тиісті салалық министрліктермен атқарылған жұмыстар барысы жайлы ақпараттар дайындалды.

«Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №129 бұйрығына сәйкес  2015 жылдың қорытындысына мониторингі және бағалау есебі жүргізіліп, ақпарат дайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің  2015 жылғы 6 сәуірдегі  №1030 жарлығымен бекітілген «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысымен бекітілген «Өңірлерді дамытудың 2020» дейінгі бағдарламасының іске асырылу барысы жайлы ақпарат әзірленді.

Тұрақты түрде бөлімге жеке азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдар талданып, тиісті  жауаптар әзірленді.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының веб порталына  бөлімнің жетекшілік ететін саласы бойынша ақпараттар енгізілді.

Бөлімге орталық атқарушы органдардан және бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан келіп түскен хаттарға жауаптар жолданды, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының ағымдағы тапсырмалары орындалды.

 

Ауылшаруашылығын және ауыл аумақтарын дамыту бөлімінің 2017 жылы атқарған жұмыстары

2017 жылдың 12 айында облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына агроөнеркәсіп кешені көрсеткіштеріне оның ішінде мал және егін шаруашылығы, ветеринария саласында атқарылып жатқан шараларға, экологиялық ахуалға ауылдық елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету бойынша ақпарат дайындалды.

Облыс әкімінің 2016 жылға арналған іс-қимыл жоспарының бөлімге қатысты тармақтарының оның ішінде негізгі әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу, ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту көлемін 2015 жылдан төмен болмауын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу көлемін ұлғайту бойынша жобаларды жүзеге асыру, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу. Майда тауарлы шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіру тармақтарының орындалуы бойынша ақпарат дайындалды.

Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы ай сайын ақпарат дайындалды.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысымен бекітілген «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына», Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы №53 бұйрығымен бекітілген Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесіне сәйкес облыстың 16 тірек ауылдық елді мекендері қайта бекітілді.

         2016 жылдың қорытындысымен облыс бойынша 260 елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізіліп, ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жолданды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2016 жылғы 2 ақпандағы «Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған өлшем шарттарды бекіту туралы» № 54 бұйрығына сәйкес 2016 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары, орташа және төмен ауылдық елді мекендердің тізбесі анықталып, тиісті ақпарат Ұлттық экономика министірлігіне жолданды (2016 жылы облыс бойынша даму әлеуеті жоғары 72, орта -150, төмен -32, 6 елді мекенде халқы жоқ).

Ұсынылған бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігі бойынша  талдау жасалып, оларға қорытынды әзірленді.  

         Қызылорда облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы (15.03.2017ж №105 шешім) кезекті сессиясында қаралған "Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жолдары және оны жақсарту шаралары туралы" мәселесі бойынша құрылған уақытша комиссиясымен бірлесіп аудандарға шығып саладағы қордаланған мәселелерді саралап оның шешу жолдарын аудандық, облыстық және республикалық деңгейде шешу ұсынылды. 

"Мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын тиімді пайдалану" жөнінде облыстық "Сыр бойы" газетіне мақала жарияланды.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік Корпорациясы АҚ-ң 2017 жылға жарғылық капиталын ұлғайту жөніндегі қаржы-экономикалық негіздемесіне мал шаруашылығын дамыту және өнімдерін өндіру бойынша 6 жобаға экономикалық қорытынды әзірленді.

2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау кезінде облыстық ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, ветеринария және жер қатынастары басқармалары бойынша ұсынылған бюджеттік өтінімдері қаралып, қорытындылар әзірленіп, облыстық бюджеттік комиссия отырысына ұсынылды.

Сонымен қатар, бюджетті нақтылау кезеңінде бағдарлама әкімшілерінің ұсынысына сәйкес бюджеттік бағдарламалардан игерілмей қалатын қаржыларды өзге бағдарламаға ауыстыру жөнінде қорытындылар әзірленді.

Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы  желтоқсан айындағы  кезекті сессиясына 2018-2020 жылдарға арналған облыстық  бюджетті бекіту бойынша бюджеттік комиссия отырысына облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, ветеринария және ауыл шаруашылығы басқармалары бойынша қорытындылар әзірленді.

 

5.01.2018 ж


Фискалдық саясат бөлімі

Фискалдық саясат бөлімінің 10 айдағы атқарған жұмыс жайлы мәлімет.

 

2017 жылдың 1 қарашасына облыс бюджетіне оның ішінде, Қызылорда қаласы мен барлық аудандардың, облыстық бюджеттің барлық салықтық, салықтық емес және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдеріне  талдау жұмыстары жүргізіліп 10 ай ішіндегі өткізілген шараларға тиісті мәліметтер ұсынылды.

Облыс бойынша бюджет кірісінің түсімдеріне күнделікті, жедел мәлімет дайындалды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен «Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайданушылардың аударымдары» бойынша жер қойнауын пайданушылардың жоспарлаған қаржы көлемін  келісімшарт негізінде анықтау мақсатында хат алмасып, есептемелер жүргізіліп, талдау жасалды.

Статистика, Қазынашылық, мемлекеттік кіріс департаменттерінің мәліметтеріне сүйене отырып, еңбекақы қоры есептеліп салықтық түсімдердегі жеке табыс пен әлеуметтік салықтарға есептемелер жасалды. Шағын кәсіпорындардың өндірістік-қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштеріне талдау жасалды.

 Облыс әкімі қолдауымен «Жобалық кеңсе» бағдарламасы құрылып, облыс бойынша шешімін таппай жүрген ауқымды мәселелерге жобалар тізімі анықталуда. Осы жоба аясында жыл көлемінде атқарылуға жататын заңды және жеке тұлғалардың мүлік салығына жоба жасалып,  әзірленді.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының веб-сайтына бөлімдегі жасалып жатқан жұмыстардың барысы жөнінде  мәліметтер ұсынылды.

Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлттық экономика Министрлігі қолдауымен өткізілген «жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін және коммуналдық меншіктерін енгізу» жөнінде ауқымды семинар өткізіліп, бөлім басшысы қатысып қайтты.

 Жергілікті өзін-өзі басқару қолма-қол  бақылау есеп шотына түскен және жұмсалған қаражаттардың мәліметтерін қала және аудандар бойынша жинақтап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігіне ұсынылды.

Ай сайын Жаңақорған ауданының әлеуметтік –экономикалық дамуының көрсеткіштері бойынша талдау жасалып, ұсыныстар берілді. 

Бөлімге түскен хаттар мен тапсырмаларға уақытылы жауап берілді.

13.11.2017 ж


Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша 2017 жылдың 3 тоқсанына атқарылған жұмыс туралы мәліметі.

        Басқарманың  құрылымы Қызылорда облысы әкімінің  19 қыркүйектегі 2016 жылғы №584 қаулысымен 35 бірлік болып бекітілген.

      Ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысы бойынша 1 барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс, 4 жалпы конкурс және 2 мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізілді. Барлық конкурстардың қорытындысы бойынша 2 үміткер конкурс комиссиясының оң қорытындысын алып жұмысқа қабылданды.

       Басқарма қызметкерлерінің  біліктілігін көтеруге баса назар аударылуда. 9 ай қорытындысы бойынша барлығы 7 қызметкер біліктілігін арттыру курсында, 3 қызметкер қайта даярлау курстарында оқытылды.

      2017 жылғы 1 наурыздағы № 726 қаулысымен бекітілген «Қызылорда облысы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» және Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бекітілген кестесіне сәйкес 2017 жылдың 3 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерге бағалау жүргізілді. 34 мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер бағаланды, оның ішінде 9 мемлекеттік қызметкер– «өте жақсы», ал 25 қызметкерлер- «тиімді»  бағалау көрсеткішін көрсетті.

      Қазақстан Республикасы Президентінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 404 Жарлығына сәйкес 29 мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер кешенді аттестациядан өтті және барлығы аттестаттау комиссиясының оң шешімін алды.

       Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларына» сәйкес 9 айдың қорытындысымен 3 мемлекеттік қызметкер тағылымдамадан өтті, оның ішінде 2 қызметкер «Қызылорда облысы әкімінің аппаратында» және 1 қызметкер «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде тағылымдамадан өтті.

Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша 2017 жылдың 9 айына бюджет қаражатының игерілуі туралы ақпараты

Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында 2017 жылдың 9 айына барлығы 134629,0 мың теңге қаржы қаралған, оның ішінде

        001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастру мен дамыту және облысты басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылдың 9 айына 114029,0 мың теңге қаржы қаралған, оның ішінде 113845,4 мың теңгесі  игерілген. 99,8%-ға игерілді.

     061 «Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия мәселелері жөніндегі құжаттаманы сараптау және бағалау» бағдарламасы бойынша 2017 жылдың 9 айына 4650,0 мың теңге қаржы қаралған, қаржы 100%-ға игерілді.

       108 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бағдарламасы бойынша 2017 жылдың 9 айына 15950 мың теңге қаржы қаралған,  қаржы 100%-ға игерілді.

       Барлығы 134445,4 мың теңге қаржы игерілді. 99,9% игерілді

Бюджеттік жоспарлау 3  тоқсанға бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің атқарылған жұмыстары туралы есебі.

      2017 жылға облыстық бюджет 177,8 млрд теңге сомасында бекітілді. Бүгінгі күнге 3 нақтылау және 6 түзету енгізу есебімен нақтыланған бюджет 188,1 млрд теңгені құрады, оның ішінде өз кірістері 11,4 млрд теңге, субвенция 130,4 млрд теңге және республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 32,3 млрд теңге.

       Сонымен бірге, бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімімен келесідей жұмыстар атқарылды, оның ішінде:

      Облыстық бюджеттік комиссияның 10 отырысы өткізілді, оның ішінде 3 комиссия отырысы облыстық бюджетті нақтылауға байланысты, 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы  шешім жобасы, сәйкесінше 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы шешімнің іске асыру туралы әкімдіктің қаулысы әзірленді;

       2017 жылға республикалық бюджеттен 5,6 млрд теңге бөлінуіне байланысты  2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы әкімдіктің іске асыру қаулысына өзгерістер енгізілді (1 түзету);

       2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы облыс әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізілді (6 түзету);

       Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жергілікті бюджеттің нақтылану саны жөнінде ақпарат жіберілді (3 рет);

       Қазақстан Республикасының  Ұлттық экономика министрлігіне даму бюджеттік бағдарламалар туралы  ақпарат жіберілді (3 рет);

     Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне «2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» министрліктің жіберген нысанына сәйкес ақпарат жіберілді (3 рет);

       Аудандар мен Қызылорда қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бекітілген және нақтыланған бюджетіне талдау жұмыстары жүргізіліп, веб-порталға енгізілді;

     «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына  ұсыныстар енгізілді;

       2018 жылға арналған шығындар көлемін анықтап, жеткізілді және облыстық бюджеттік комиссия отырысына шығарылды;

       2016-2017 жылдарға депутаттық сауалдарға талдау жасалынып, берілген сауалдар бойынша облыстық мәслихат депутаттарына ресми түрде хаттар жолданды.

      Өңірлік оқу орталығында 2000 астам елді мекендерінде 4-деңгейдегі бюджет  енгізілуіне байланысты ауылдық округ әкімдері мен аппарат қызметкерлерін «Бюджеттік процесстер» мәселесі бойынша оқыту семинарлары өткізілді;

       Жобалық кеңсе аясында 2000 астам елді мекендерінде 4-деңгейдегі бюджет  енгізілуіне байланысты пилоттық жоба әзірленді;

       Сонымен бірге ҰЭМ және ҚМ-не жергілікті өзін-өзі басқару мәселері және бюджетаралық қатынастар бойынша бірнеше рет хаттар жолданды;

      «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен жұмыстар атқарылды, талдау жасалынды;

       Облыс әкімінің және орынбасарларының хаттамалық тапсырмаларына талдау жүргізілді.

Стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау бөлімі.

       Жұмыс жоспарында бекітілген лауазымдық міндеттерге сәйкес қажетті жұмыстар жүргізілді.

       Байқоңыр қаласының дамуы бойынша Қазақстан  Республикасы тарапынан қаржыландыру мәселесі бойынша ақпараттар дайындалды.

       2017 жылға арналған облыс әкімдігінің меморандумындағы индикаторларға қол жеткізуге (орындалуына) мониторинг жүргізілуде.

       2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Аумақтарды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларының қол жеткізуі жөнінде талдамалық ақпарат әзірленді.

       Арал және Қазалы шағын қалаларын дамыту бойынша  іс-шаралардың орындалуы туралы ақпараттар дайындалды.

     Жалағаш ауданының экономика салаларын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған Жол картасының және Арал ауданының экономика салаларын дамытудың  2017-2019 жылдарға арналған Жол карталарының орындалуы туралы мониторинг жүргізілді.

       Орталық атқарушы органдар мен облыстың жергілікті атқарушы органдарының сұраныстарына уақытылы ақпараттар мен мәліметтер ұсынылып, жолданып отырды.

Әлеуметтік-экономикалық талдау және экономикалық жоспарлау бөлімінің 3 тоқсанда атқарылған жұмысы туралы есебі.

Бөлім қызметкерлерімен жұмыс жоспарында бекітілген лауазымдық міндеттерге сәйкес қажетті жұмыстар жүргізілді.

       Ай сайын облыс әкімдігіне:

      Қызылорда облысының тиісті кезеңге әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы талдамалық мәліметтер әрі қарай Президент Әкімшілігіне және ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсыну үшін;

      Мемлекет Басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының Қызылорда облысында орындалуы туралы аралық ақпарат;

       2017 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің Іс қимыл жоспарына енгізілген іс-шаралардың орындалуы туралы аралық ақпараттар (2017 жылғы 14 ақпандағы №714 қаулысы) ұсынылып отырды.

Ағымдағы жылдың 3 тоқсанында облыс әкімінің Дағдарысқа қарсы штабтың 2 отырысы өткізілді, оған бөліммен тиісті барлық қажетті құжаттар пакеті (күн тәртібі, жүргізілу тәртібі, қатысушылар тізімі, анықтамалар) әзірленді. Оған қоса, бұл отырыстардың қорытындысымен хаттамалық тапсырмалар қалыптастырылып, олардың орындалуы жөніндегі ақпараттар дайындалып облыс әкімдігі аппаратына ұсынылды.

«2017 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің Іс қимыл жоспары туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 ақпандағы №714 қаулысына өзгерістер енгізіліп 2017 жылдың 19 қыркүйегінде Қызылорда облысы әкімдігінің №877 қаулысымен мақұлданды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырыстарына, облыс әкімдігінің аппарат мәжілістеріне әлеуметтік-экономикалық даму, экономикалық өсімді қамтамасыз ету және т.б.  мәселелері бойынша барлық қажетті мәліметтер дайындалды.

«Нұр Отан» партиясы платформасы индикаторларының орындалуы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы көрсеткіштердің орындалуы туралы ақпараттар әзірленіп ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметі делегациясының Қызылорда облысына келуіне байланысты облыстың әлеуметтік экономикалық дамуына қатысты талдамалық ақпараттар әзірленіп облыс әкімдігі аппаратына ұсынылды.

Облыстық мекемелер және аудандармен бірлесіп 2018-2022 жылдарға арналған Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (2-кезеңі) көрсеткіштерін нақтылау бойынша жұмыстар әзірленіп құжат облыс әкімдігіне мақұлдауға ұсынылды.

«Кызылординские вести» жергілікті баспасына ақпарат дайындалып 2017 жылдың 1 қыркүйегіндегі №131-132 санында «Актуальные вопросы под контролем» тақырыбында мақала жарияланды.

«Жобалық басқару» бөлімінің 2017 жылдың 3 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есебі.

        Бөлімнің бекітілген ережесіне сәйкес, Жобалық басқару бөлімімен ағымдағы жылдың ІІI тоқсанында төмендегідей жұмыстар атқарылған.

        Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен барлығы 70 жобалар келіп түсті. Барлық бастамашылық тапсырыстар зерделеніп, ағымдағы қызметтерге жататын, яғни жобалық қызметке сәйкес еместері ұсынушыларға қайтарылды.

       Кезеңді түрде жұмыс тобының отырыстарына бастамашылық жобалар бойынша ақпараттар әзірлнеді. «Жобалық кеңсе» жұмыс тобының  3 отырыстарының өткізілуі ұйымдастырылды.

      «Жобалық кеңсе» жұмыс тобының отырыстарында талқылау үшін  жобалық кеңсенің жұмыс органына облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен ұсынылған пилоттық жобалар портфелі әзірленді және ұсынылды. Бастапқы кезеңде таныстырылуға және жете талқылауға 13 жоба іріктеліп алынды.  Жұмыс тобымен мақұлданған жобалар тізбесі танысу мен олар бойынша тәуелсіз бағалау алу үшін  мен Белгород облысындағы әріптестерге жолданды.  Белгород облысының қорытындысы алынғаннан кейін жобаларды әзірлеушілерге бөліммен кеңестік-әдістемелік көмектер көрсетілді.

        «Жобалық кеңсе» жұмыс тобының отырысында  жұмыс тобымен және Белгородтық әріптестермен алдын ала келісілген бес жобалар таныстыру үшін ұсынылды.

       Ағымдағы жылдың 22 тамызында бөліммен Ресей Федерациясы Белгород облысының өкілдерімен Қызылорда облысының жобалық басқаруы аясында жобаларды әзірлеу бойынша стратегиялық сессияның өткізілуі бойынша ұйымдастыру жұмыстары атқарылды.

       Стратегиялық сессияда әзірленген 9 жобалардың ішінен ең жақсы болып 3 жобалар анықталды. Аталған жобалар бойынша бөліммен бастамашылықпен ұсынылған жобаларды детальді түрде пысықтау мен оларды құрылымдау бойынша жұмыстары жүргізілді және 2017 жылдың 20 қыркүйегінде олар облыс әкімінің төрағалығымен өткізілген мәжілісте таныстырылып оң бағаланды. Барлық ұсынылған жобалар бекітуден сәтті өтіп, «Жобалық кеңсе» ақпараттық жүйесіне жүктеуге жолданды.

        Бөлім «Жобалық кеңсе» жұмыс тобының құрамында облыс әкімі аппараты мен Белгород облысының «Аймақтық кадрлық асясат институты» облыстық дербес мекемесінің арасында жасалған келісім-шартқа сәйкес басым жобалар бойынша облыс әкімінің жанынан Эксперттік Кеңес туралы Ережесі мен  Қызылорда облысында жобалық қызметті ұйымдастыру туралы Ереже жобаларын әзірлеу бойынша жұмыстар атқарылуда.  Осыған байланысты бөліммен бірнеше рет, жоғарыда аталған Ережелер жобаларын талқылау үшін Белгород облысының әріптестерімен Skype байланысы арқылы отырыстар жүргізілді.

        Ай сайын бөліммен облыс әкіміне Қызылорда облысында жобалық басқаруды ендіру бойынша ақпарат дайындалады.

        Бөліммен тұрақты түрде бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне жобаларды әзірлеу, рәсімдеу және тәртібі бойынша кеңес беру жұмыстары жүргізіліп отырады.

Білімді, спортты дамыту және еңбек ақы қорын талдау, мониторингілеу бөлімінің 2017 жылдың 3 тоқсанына атқарған жұмыстар жөнінде есебі.

        Бөлім қызметкерлерімен жұмыс жоспарында бекітілген лауазымдық міндеттерге сәйкес қажетті жұмыстар жүргізілді.

     2017 жылдың шілде айында облыстық бюджетің нақтылау барысында облыстық бюджеттен қаржыландырылатын білім және спорт салалары мекемелері мен кәсіпорындарының қосымша қажеттілігін облыстық бюджеттік комиссия қарауына ұсынылып, кейінгі қолдау тапқан мәселелер мәслихат шешімімен бекітілді.

       Жергілікті бюджеттің функционалдық топтары мен кіші топтары бойынша мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің 2017 жылдың 1 шілде айы жағдайымен штат саны мен еңбекақы қоры бойынша нақты талдау жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар қажетті есептер тиісті министрлікке жолданды.

        Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауымен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданып, 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жаңа жобасы жүзеге асыру жоспарланып отыр.

       Бірінші кезеңде - негізгі орта білім базасында колледждерде техникалық және кәсіптік білім беру бойынша жұмысшы мамандығын тегін алуына мүмкіндік береді.

      Екінші кезеңде - соңғы үш жылда жалпы білім беретін орта мектепті бітіріп, орта білімнен кейінгі және жоғарғы оқу орындарында білім алумен қамтылмаған жастарға, колледждер мен жоғарғы оқу орындарынан шығып қалған, жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған  жастарға  алғашқы жұмысшы мамандығын тегін алуына мүмкіндік береді.

     Қазіргі таңда, аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін кәсіптік білім беруге 1515 орын мен қысқа курстар бойынша 1335 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. 

      Бүгінгі күні, бағдарламаны жүзеге асыру үшін Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері жанынан комиссия құрылып, барлық ауылдық округтерде мобильдік топтар жұмыс жасауда.

      Сонымен қатар, жыл сайын жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға барлығы 3 088 орынға мемлекеттік білім беру тапсырыс орналастырылды.

      2018 жылдан бастап білім саласында орта білім беруді және 2019 жылдан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыруға көшіру жобасы жоспарлануда. 

        Аталмыш жобаның мақсатты білім беру мекемелерінің шығындарын қаржыландырудан оқушылар санына байланысты оларды оқытуға шығындарды қаржыландыру.

        Білім және спорт салаларына қарасты интернет порталына тиісті ақпараттар уақытылы енгізілді, қажеттілігіне қарай жаңартып отырылады.

       Мекемелерден, аудандардан және азаматтардан түскен хаттарға уақытылы жауаптар берілді, сонымен қатар жоғарғы органдардан бөлімге түскен тапсырмалар уақытылы орындалды.

     Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша негізгі көрсеткіштеріне орай 3-ші тоқсанына ай сайын (шілде, тамыз, қыркүйек айлары) ақпарат дайындалды.

Мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары бөлімі

        Ағымдағы жылдың 3 тоқсанында жүктелген функциялар мен мақсаттарды орындау үшін келесі жұмыстар атқарылды.

        Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді одан әрі қайта бөлу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде басқарма ұжымында құқықтық оқыту тақырыбы «Жергілікті атқарушы органдардың оңтайлы штат санын анықтау және мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселесі бойынша өткізілді. Жоғарыдағы айтылған тақырып  бойынша жиынтық ақпарат беріліп, облыстың штаттық санын анықтауға қандай факторлар әсер ететіндігі жайлы, сонымен қатар мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселесі және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын түгендеу қорытындылары туралы мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары  бөлімінің басшысы Ғ.Байсынова. баяндады.

      2017 жылғы 6 маусымдағы Ұлттық комиссияның жаңғырту жөніндегі Хаттамасының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік аппарат штат санын өзгертуіне талдау жүргізіліп және мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қызметшілер, бюджетік сала қызметшілерінің саны туралы ақпараттар жолданды.

       Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылға арналған бюджеттік сыныптамасын әзірлеуге байланысты аудандар мен Қызылорда қаласы бөлінісінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікті басқарудың бекітілген схемасына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша ақппарат жолданды.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрілігіне «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 5 және 6-қадамдарын іске асыру үшін «Мемлекеттік қызметшілерге бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ «Б»корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына тиісті ұсыныстар жолдап, бонус мәселесі қолдау тауып еңгізілген жағдайда, мемлекеттік қызметшілерді мотивациялаудың тиімді жүйесінің негізгі факторлары, жұмыста жоғары көрсеткіш жасайтын тікелей ынталандыру бірі болады.

      Облыстық әкімшілік бюджеттік бағдарлама әкімшіліктерінің және құқық қорғау органдарының  2018-2020 жылдарға арналған бюджет жобасын дайындау бойынша жұмыстар жасалып жатыр.

      Қызылорда облысында 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының жүзеге асырылуы туралы ақпарат.

      Облыс әкімінің өкімімен бекітілген Қызылорда облысының 2016-2018 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жол картасы (қазіргі таңда соңғы өзгерістерді Жол картасына енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр).

        Қызылорда облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі-МЖӘ) аясында құны 22 млрд.теңгені құрайтын 29 жоба іске асырылуда. Олардың ішінде: денсаулық сақтау саласында 9 жоба, дене шынықтыру және спорт саласында 7 жоба, білім мен  ТҮКШ салаларында 4 жобадан және мәдениет, жолаушылар көлігі, әлеуметтік қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіп, байланыс жүйесін дамыту салаларында 1 жобадан.

       Бүгінгі күнге 3 жобаның МЖӘ шартына қол қойылды:

      Бірінші жоба – «Қызылорда қаласында "Тарлан" дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сервистік қызмет көрсету». МЖӘ жобасы жеке әріптестің бастамасымен іске асырылды және 307 балаға бокс, таэквандо, ауыр атлетика, дзюдо, күрестен жаттығу жасауға мүмкіндік берді.

       Екінші жоба – «Исатай Тайманов көшесіндегі ауысымына 400 қабылдауға арналған емханананың құрылысы» жеке әріптестің бастамасымен іске асырылды, инвестор ғимаратты ұсынып, денсаулық сақтау ұйымын сенімгерлік басқаруға алуды жоспарлап отыр. Бұл жоба сапалы әрі уақтылы медициналық көмекті заманауи медициналық жабдықтармен, диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерімен, сондай-ақ медициналық қызметтің сапасын жақсартуға және Қызылорда қаласының шет аумақтарына медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

       Үшінші жоба – «Қызылорда қаласы "Мерей" мөлтек ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу». Бұл жоба жеке әріптетің бастамасымен жүзеге асты. Дайын, түгелдей заманауи құрал- жабдықтармен қамтамасыз етілген ғимаратты мемлекетке мүліктік жалға берді. Аталған МЖӘ жобасын іске асыру және дене шынықтыру және спортпен жаппай шұғылдануға жағдай жасауға және дене шынықтыру мен спортпен шұғылданатын адамдардың санын арттыруға мүмкіндік береді.

        Сонымен қатар, 7 жоба бойынша конкурстар жарияланды, оның ішінде:

        - Қызылорда қаласындағы "Қорқыт Ата" әуежайының жаңа жолаушылар терминалын салу;

        - Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінде 250 қабылдауға арналған емхананың құрылысы;

        - Арал ауданы Бекбауыл, Қазалы ауданы Өркендеу, Сырдария ауданы Ақжарма ауылдарында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы;

        - Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті және  Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы;

19 жоба жүзеге асырылу сатысында:

        - Қызылорда қаласы «СПМК-70» ауданындағы 200 орындық жатаханасы бар 600 орынға арналған кәсіптік-техникалық лицей құрылысы;

        - Шиелі ауданы Жөлек ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы;

        - Қызылорда қаласы көшелерін жарықтандыру;

        - Жаңақорған ауданы Өзгент ауылдық округінде 150 орындық ауылдық клубтың құрылысы;

        - Қызылорда қаласында Ақсай полиция бөлімі ғимаратының құрылысы;

        - Қызылорда қаласының сол жағалауында 320 орынға және «Арай» мөлтек ауданында 280 орынға арналған балабақшалардың құрылысы және пайдалануға беру;

        - Шиелі ауданы Ақмая және Алғабас ауылдық округтерінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін жалға алу;

        - Қызылорда облысының мемлекеттік органдарына талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту;

        - Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын сенімгерлік басқаруға беру;

        - Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 қалалық емхананы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын сенімгерлік басқаруға беру;

        - Жалағаш ауданы Таң ауылдық округінде 90 орындық балабақшаның құрылысы;

        - Жалағаш ауданы Таң ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы;

        - Қызылорда облысының Шиелі ауданында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету шағын үйлерін ашу;

       - Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық медицина орталығы» және «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қазалы аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар базасында терілік коронарлық қатысуы арқылы орталық құру;

        - «Әли Мүслімов атындағы №101 мектеп-лицейі ММ» және «Күнікей» балабақшасының бу қазандықтарын қайта жаңғырту және сервистік қызмет көрсету.

        Ағымдағы жылдың соңына дейін 3 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы, 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешеніндерінің құрылысы, Қызылорда қаласы мемлекеттік органдарына талшықты-оптиклық байланыс желісін тарту және Жалағаш ауданы Таң ауылдық округінде балабақшаның құрылысы жобаларына МЖӘ келісім шартына қол қою жоспарлануда.

Фискалдық саясат бөлімінің 9 айдағы атқарған жұмыс жайлы мәлімет.

      2017 жылдың 1 қазанына облыс бюджеті оның ішінде, Қызылорда қаласы мен барлық аудандардың, облыстық бюджеттің барлық салықтық, салықтық емес және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдеріне  талдау жұмыстары жүргізіліп 9 ай ішіндегі өткізілген шараларға тиісті мәліметтер ұсынылды.

       Облыс бойынша бюджет кірісінің түсімдеріне күнделікті, жедел мәлімет дайындалды.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен «Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайданушылардың аударымдары» бойынша жер қойнауын пайданушылардың жоспарлаған қаржы көлемін  келісімшарт негізінде анықтау мақсатында хат алмасып, есептемелер жүргізіліп, талдау жасалды.

      Статистика, Қазынашылық департаменттерінің мәліметтеріне сүйене отырып, еңбекақы қоры есептеліп салықтық түсімдердегі жеке табыс пен әлеуметтік салықтарға есептемелер жасалды. Шағын кәсіпорындардың өндірістік-қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштеріне талдау жасалды.

       Облыс әкімі қолдауымен «Жобалық кеңсе» бағдарламасы құрылып, облыс бойынша шешімін таппай жүрген ауқымды мәселелерге жобалар тізімі анықталуда. Осы жоба аясында жыл көлемінде атқарылуға жататын заңды және жеке тұлғалардың мүлік салығына жоба жасалып,  әзірленді.

       Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының веб-сайтына бөлімдегі жасалып жатқан жұмыстардың барысы жөнінде  мәліметтер ұсынылды.

      Жергілікті өзін-өзі басқару қолма-қол  бақылау есеп шотына түскен және жұмсалған қаражаттардың мәліметтерін қала және аудандар бойынша жинақтап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне ұсынылды.

       Ай сайын Жаңақорған ауданының әлеуметтік –экономикалық дамуының көрсеткіштері бойынша талдау жасалып, ұсыныстар берілді. 

Бөлімге түскен хаттар мен тапсырмаларға уақытылы жауап берілді.

 

11.10.2017 ж


Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша 2017 жылдың 2 тоқсанына атқарылған жұмыс туралы мәліметі.

Басқарманың  құрылымы Қызылорда облысы әкімінің  19 қыркүйектегі 2016 жылғы №584 қаулысымен 35 бірлік болып бекітілген, оның ішінде 34 мемлекеттік қызметкер жұмыс жасайды,1 бірлік бос орынды құрап отыр.

2017 жылдың 2 тоқсаны бойынша 1 жалпы конкурс және 1 басқарманың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізілді. Екі конкурс қорытындысы бойынша 2 үміткер конкурс комиссиясының оң қорытындысын алып жұмысқа қабылданды.

Басқарма қызметкерлерінің  біліктілігін көтеруге баса назар аударылуда. Есепті кезеңде барлығы 3 қызметкер біліктілігін арттыру курсында, 2 қызметкер қайта даярлау курстарында оқытылды.

2017 жылғы 1 наурыздағы № 726 қаулысымен бекітілген «Қызылорда облысы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» және Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бекітілген кестесіне сәйкес 2017 жылдың 2 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерге бағалау жүргізілді. 32 мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер бағаланды, оның ішінде 8 мемлекеттік қызметкер– «өте жақсы», ал 24 қызметкерлер- «тиімді»  бағалау көрсеткішін көрсетті.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 404 Жарлығына сәйкес 29 мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер кешенді аттестаттауға жатады, оның ішінде 1 тоқсанда 27 және 2 тоқсанда 2 мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер аттестаттау комиссиясының оң шешімін алды.

Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2 тоқсан бойынша кіріс құжаттарының жалпы саны: 3379 хат

                 Шығыс құжаттарының жалпы саны: 777 хат

                 Ішкі шығыс құжаттарының жалпы саны: 16 хат

       Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында 2017 жылдың 2 тоқсанына барлығы 90603,0 мың теңге қаржы қаралған, оның ішінде

        001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастру мен дамыту және облысты басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылдың 2 тоқсаныа 78908,0 мың теңге қаржы қаралған, оның ішінде 77628,0 мың теңгесі  игерілген. 98,6%-ға игерілді.

     061 «Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия мәселелері жөніндегі құжаттаманы сараптау және бағалау» бағдарламасы бойынша 2017 жылдың 2 тоқсанына 3720,0 мың теңге қаржы қаралған, қаржы 100%-ға игерілді.

       108 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бағдарламасы бойынша 2017 жылдың 6 айына 7975 мың теңге қаржы қаралған,  қаржы 100%-ға игерілді.

 

Бюджеттік жоспарлау

2017 жылға облыстық бюджет 177,8 млрд теңге сомасында бекітілді. Бүгінгі күнге 2 нақтылау және 5 түзету енгізу есебімен нақтыланған бюджет 186,9 млрд теңгені құрады, оның ішінде өз кірістері 11,4 млрд теңге, субвенция 130,4 млрд теңге және республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 32,2 млрд теңге.

Сонымен бірге, бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімімен келесідей жұмыстар атқарылды, оның ішінде:

Облыстық бюджеттік комиссияның 8 отырысы өткізілді, оның ішінде 2 комиссия отырысы облыстық бюджетті нақтылауға байланысты, 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы  шешім жобасы, сәйкесінше 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы шешімнің іске асыру туралы әкімдіктің қаулысы әзірленді;

2017 жылға республикалық бюджеттен 5,6 млрд теңге бөлінуіне байланысты  2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы әкімдіктің іске асыру қаулысына өзгерістер енгізілді (1 түзету);

2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы облыс әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізілді (5 түзету);

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жергілікті бюджеттің нақтылану саны жөнінде ақпарат жіберілді (2 рет);

Қазақстан Республикасының  Ұлттық экономика министрлігіне даму бюджеттік бағдарламалар туралы  ақпарат жіберілді (2 рет);

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне «2017-2019  жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» министрліктің жіберген нысанына сәйкес ақпарат жіберілді (2 рет);

Аудандар мен Қызылорда қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бекітілген және нақтыланған бюджетіне талдау жұмыстары жүргізіліп, веб-порталға енгізілді;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына  ұсыныстар енгізілді;

2018 жылға арналған шығындар көлемін анықтап, жеткізілді және облыстық бюджеттік комиссия отырысына шығарылды;

2016-2017 жылдарға депутаттық сауалдарға талдау жасалынып, берілген сауалдар бойынша облыстық мәслихат депутаттарына ресми түрде хаттар жолданды.

Өңірлік оқу орталығында 2000 астам елді мекендерінде 4-деңгейдегі бюджет  енгізілуіне байланысты ауылдық округ әкімдері мен аппарат қызметкерлерін «Бюджеттік процесстер» мәселесі бойынша оқыту семинарлары өткізілді;

Жобалық кеңсе аясында 2000 астам елді мекендерінде 4-деңгейдегі бюджет  енгізілуіне байланысты пилоттық жоба әзірленді;

Сонымен бірге ҰЭМ және ҚМ-не жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері және бюджетаралық қатынастар бойынша бірнеше рет хаттар жолданды;

Облыс әкімінің және орынбасарларының хаттамалық тапсырмаларына талдау жүргізілді.

 

Ауыл шаруашылығын және ауыл аумақтарды дамыту

      2017 жылдың 6 айына арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына агроөнеркәсіп кешені көрсеткіштеріне оның ішінде мал шаруашылығы және егін шаруашылығы, ветеринария саласындағы атқарылып жатқан шараларға, экологиялық ахуалға ауылдық елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз етуге талдау жасалып ақпарат дайындалды.  

       Облыс әкімінің 2017 жылға арналған іс-қимыл жоспарының бөлімге қатысты тармақтарының оның ішінде, негізгі әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу, ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту көлемін 2016 жылдан төмен болмауын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу көлемін ұлғайту бойынша жобаларды жүзеге асыру, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу.

         Майда тауарлы шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіру тармақтарының орындалуы бойынша ақпарат дайындалды.

        Қызылорда облыстық мәслихаттың 2017 жылғы  кезекті сессиясында қаралған "Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жолдары және оны жақсарту шаралары туралы" мәселесі бойынша құрылған уақытша комиссиясымен бірлесіп аудандарға шығып саладағы қордаланған мәселелерді саралап оның шешу жолдарын аудандық, облыстық және республикалық деңгейде шешу ұсынылды. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2016 жылғы 2 ақпандағы «Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған өлшем шарттарды бекіту туралы» № 54 бұйрығына сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары, орташа және төмен ауылдық елді мекендердің тізбесі анықталды. Атқарылған жұмыстардың қорытындысында даму әлеуеті жоғары 72 ауылдық елді мекен, даму әлеуеті орташа 150 елді мекен, даму әлеуеті төмен 32 елді мекен болып анықталды, және 6 елді мекенде тұрғындары жоқ.

2017 жылдың 30 маусымында Арал ауданында Қамбаш көлінің жағасында дәстүрлі Арал өңірі балықшыларының үшінші слеті өткізілді. Балықшылар слеті халықаралық деңгейде өтті.

Слетке, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы атқарушы дирекциясының өкілдері, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы, Ресей Федерациясының кәсіпкерлері, Дания мемлекеті мен республиканың басқа облыстарынан (Ақтөбе, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан) делегациялар, сонымен бірге балық шаруашылығы саласының озаттары мен ардагерлері қатысты.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған бюджеттік инвестициялық жобаларының экономикалық тиімділігі жөнінде талдау жасау бойынша «Байконыр» (Байконур) ӘКК» ҰҚ» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға әзірленген қаржылық-экономикалық негіздемесі бойынша 3 жоба, олар:

1) «Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында асылдандыру репродукторын және мал сою пунктін құру»

2) «Қызылорда облысы Жалағаш ауданында асылдандыру репродукторын және ет комбинатын құру»

3) «Қызылорда облысы Сырдария ауданында бордақылау алаңы, мал сою пункті және ет комбинатын құру» жобаларына талдау жасалып толықтырулар бойынша ескертпелер берілді.

     Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы  мамыр айындағы  кезектен тыс сессиясына 2017-2019 жылдарға арналған облыстық  бюджетті нақтылау  бойынша бюджеттік комиссия отырысына облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, ветеринария және ауыл шаруашылығы басқармасы бойынша қаржы бөлуге ұсынымдар әзірленді.

 

«Жобалық басқару» бөлімінің  атқарған жұмыстары туралы есебі

Бөлімнің бекітілген ережесіне сәйкес, Жобалық басқару бөлімімен төмендегідей жұмыстар атқарылған.

Облыс әкімінің 2017 жылдың 4 сәуірдегі  №525-ө өкімімен «Жобалық кеңсе» жұмыс тобы бекітілді.  2017 жылдың 30 мамырдағы № 565-ө өкімімен «Жобалық кеңсе» жұмыс тобының құрамына өзгерістер енгізілді.

Ағымдағы жылдың 13 маусымында бөлімнің қызметкерлерімен Ресей Федерациясының Белгород облысының өкілдерінің қатысуымен «Белгород облысының (РФ) жобалық басқару тәжірибесі» тақырыбында мастер-классты  өткізуді ұйымдастыру жұмыстары атқарылды.

Ағымдағы жылдың мамыр айында бөлім тарапынан болашақтағы жобалардың форматын айқындайтын құжаттардың алғашқы топтамасы әзірленді - бастамашылдық өтінім, жобаның құжаты, жобаның жүзеге асырылу кестесі.

Жұмыс тәртібінде құжаттар топтамасы барлық облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, орталық атқарушы мемлекеттік органдардың облыстық бөлімшелері, қала және аудандар әкімдіктеріне және басқа да мүдделі органдарға жолданды.

Аталған құжаттар топтамасы негізінде облыс әкімінің аппараттық отырысына ұсыну үшін «Қызылорда облысының мемлекеттік органдарында жобалық басқаруды ендіру» жобасы бойынша пилоттық презентация әзірленді.

Облыс әкімінің ағымдағы жылдың 15 мамырында берілген тапсырмаларын орындау барысында, облыстық басқармалар тарапынан ұсынылған 42 пилоттық жобалардан құралған жобалар портфелін зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың маусым айында аталған жобалар портфелін  қарау мен зерделеу нәтижесінде 24 жобалардан құралған пилоттық жобалар портфелі әзірленіп, толық материалдар жинағы «Жобалық кеңсе» жұмыс тобының қарауына ұсынылды.

Қызылорда облысының мемлекеттік басқару органдарында жобалық басқару моделін енгізу бойынша Ресей Федерациясының Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет және Ресей халық шаруашылығы академиясында  «Еуроменеджмент – Мемлекеттік ұйымдарды тиімді басқару» бағдарламасы бойынша бөлім басшысы Ю.А. Тремасова оқыту курсынан өтті.

 

Мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары бөлімінің атқарылған жұмыстар туралы есебі

     Көрсетілген мерзімде бөлімге жүктелген функциялар мен мақсаттарды орындау үшін келесі жұмыстар атқарылды.

     Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Б.Ә Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді одан әрі қайта бөлу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы заң актілері деңгейінде белгіленген функцияларды түгендеу бойынша мемлекеттік функциялар тізімі жолданды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жергілікті атқарушы органдардың оңтайлы штат санына қатысты сұратқан, мемлекеттік органдардың барлық құрылымдық бөлімшелерінің бекітілген штат кестесі мен штат санының, ережелерін, мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарын, аудандық бөлімшелерін және ауылдық аймақтар бойынша ақпараттар жолданды.

 Байланыс барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының орынбасары А.Жақыпбаева жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимиттерінің мәселелері бойынша, облыс атынан өз ұсыныстарын енгізді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Ұлт жоспарының 5,6 және 7-қадамдарын іске асыру бойынша жасалып жатқан жұмыстар шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың еңбекақы төлеу қоры мен алынған сыйлықақы жөніндегі ақпараттар жолданды.

Басқа да ағымдағы жұмыстар жүргізілуде.

 

Стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау бөлімінің атқарылған жұмыстарының есебі

Жұмыс жоспарында бекітілген лауазымдық міндеттерге сәйкес қажетті жұмыстар жүргізілді.

2016 жылдың қорытындысымен жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау нәтижесіне  тиісті қарсылықтар жолданды.

Байқоңыр қаласының дамуын Қазақстан  Республикасы тарапынан қаржыландыру мәселесі бойынша ақпараттар дайындалды.

Байқоңыр қаласының дамуын Қазақстан  Республикасы тарапынан қаржыландыру тәртібі мен шарттарының жобасын әзірлеуде жұмыс тобы құрамында болып, «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысына қатысты.

2017 жылға арналған облыс әкімдігінің меморандумына өзгерістер енгізілді.

2017 жылға арналған облыс әкімдігінің меморандумындағы индикаторларға қол жеткізуге (орындалуына) мониторинг жүргізілуде.

Облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебіне 2016 жылдың қорытындысы бойынша Аумақтарды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларының қол жеткізуі жөнінде талдамалық ақпарат әзірленді.

Арал және Қазалы шағын қалаларын дамыту бойынша  іс-шаралардың орындалуы туралы ақпараттар дайындалды.

Жалағаш ауданының экономика салаларын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған Жол картасының және Арал ауданының экономика салаларын дамытудың 2017-2019 жылдарға арналған Жол карталарының орындалуы туралы мониторинг жүргізілді.

 Орталық атқарушы органдар мен облыстың жергілікті атқарушы органдарының сұраныстарына уақытылы ақпараттар мен мәліметтер ұсынылып, жолданып отырды.

 

Білімді, спортты дамыту және еңбек ақы қорын талдау, мониторингілеу бөлімінің атқарған жұмыстар жөнінде есебі

Бөлім қызметкерлерімен жұмыс жоспарында бекітілген лауазымдық міндеттерге сәйкес қажетті жұмыстар жүргізілді.

2017 жылдың мамыр-айында облыстық бюджетің нақтылау барысында облыстық бюджеттен қаржыландырылатын білім және спорт салалары мекемелері мен кәсіпорындарының қосымша қажеттілігін облыстық бюджеттік комиссия қарауына ұсынылып, кейінгі қолдау тапқан мәселелер мәслихат шешімімен бекітілді.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау мақсатында, білім және спорт салалары мекемелері мен кәсіпорындарының бюджеттеріне талдау жасалынды, 2017 жылға арналған лимиттер көлемі анықталды.

Сонымен қатар, қосымша қажеттілігін ескеріле отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жеткізілген лимиттер көлемі облыстық бюджеттік комиссия қарауына ұсынылды.

Нәтижесінде, тиісті жеткізілген лимиттеріне сәйкес облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері мен бюджеттік бағдарлама жобалары қарауға қабылданды. Қарау барысында оның толықтығы мен дұрыстығы бойынша бюджет заңдылықтарына сәйкес білім және спорт саласындағы облыстық басқармаларға бюджеттік өтінімдерді қайта өңдеуге тиісті ескертулер дайындалып жолданды.

Жергілікті бюджеттің функционалдық топтары мен кіші топтары бойынша мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің 2017 жылдың 1 сәуір айы жағдайымен штат саны мен еңбекақы қоры бойынша нақты талдау жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар қажетті есептер тиісті министрлікке жолданды.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауымен 2016 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданып, 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жаңа жобасы жүзеге асыру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда, облыс бойынша мектеп оқушылардың оқу жылы аяқталды.

Жоғары көрсетілген жоба бірінші кезекте өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері қатарындағы 9-11 сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ өзге де санаттары азаматтарға жұмысшы мамандығын тегін алуына мүмкіндік береді.

Айта келе, бастап баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру аясында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасың іске асыру мақсатында тиісті министрлікпен бірлесе жұмыстары жүргізіліп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 1515 жұмысшы мамандарды дайындау және өңірге қажетті 1335 жұмысшы мамандықтарды қайта даярлау үшін алдағы үш жылдық кезеңге қарасты тиісті есептемелер жолданды.

Сонымен қатар, жыл сайын жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға барлығы 3 088 орынға мемлекеттік білім беру тапсырыс орналастырылды.

Жобалық офис бөлімімен бірлесе отырып, білім және спорт салалары бойынша актуалды тақырыптарына орай жаңа жобалармен жұмыс жасалынып тиісті комиссия қарауына ұсынылды.

Білім және спорт салаларына қарасты интернет порталына тиісті ақпараттар уақытылы енгізіліп, қажеттілігіне қарай жаңартып отырылды.

Мекемелерден, аудандардан және азаматтардан түскен хаттарға уақытылы жауаптар берілді, сонымен қатар жоғарғы органдардан бөлімге түскен тапсырмалар уақытылы орындалды.

Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша негізгі көрсеткіштеріне орай 2-ші тоқсанына ай сайын (сәуір, мамыр, маусым айлары) ақпарат дайындалды.

 

Фискалдық саясат бөлімінің I - жарты жылдық қорытындысы бойынша атқарған жұмыстары жайлы.

2017 жылдың I - жарты жылдығы бойынша облыс бюджеті оның ішінде, Қызылорда қаласы мен барлық аудандардың, облыстық бюджеттің барлық салықтық, салықтық емес және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдеріне  талдау жұмыстары жүргізіліп екінші тоқсан ішінде өткізілген шараларға тиісті мәліметтер ұсынылды.

Облыс бойынша бюджет кірісінің түсімдеріне күнделікті, жедел мәлімет дайындалды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне «Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары» бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың жоспарлаған қаржы көлемін  келісімшарт негізінде анықтау мақсатында іс-сапарға шығып жұмыстар жасалды.

Статистика, Қазынашылық департаменттерінің мәліметтеріне сүйене отырып, еңбекақы қоры нақтыланып салықтық түсімдердегі жеке табыс пен әлеуметтік салықтарға есептемелер жасалды. Шағын кәсіпорындардың өндірістік-қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштеріне талдау жасалды.

 Облыс әкімі қолдауымен «Жобалық кеңсе» бағдарламасы құрылып, облыс бойынша шешімін таппай жүрген ауқымды мәселелерге жобалар тізімі анықталуда. Осы жоба аясында жыл көлемінде атқарылуға жататын заңды және жеке тұлғалардың мүлік салығына жоба жасалып,  әзірленуде.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының веб-сайтына бөлімдегі жасалып жатқан жұмыстардың барысы жөнінде  мәліметтер ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жергілікті өзін-өзі басқару қолма-қол  бақылау есеп шотына түскен және жұмсалған қаражаттардың мәліметтерін жинақтап ай сайын дейін жіберілді.

Ай сайын Жаңақорған ауданының әлеуметтік –экономикалық дамуының көрсеткіштері бойынша талдау жасалып, ұсыныстар берілді. 

Бөлімге түскен хаттар мен тапсырмаларға уақытылы жауап берілді

 

Әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту бөлімінің атқарған жұмыстары туралы есебі

2017 жылдың 1 тоқсаны қорытындысы бойынша келесі салалар  әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, мәдениет, ішкі және жастар саясаты аясында облыстың әлеуметтік экономикалық дамуы туралы анықтамалық ақпарат әзірленді .

Облыстың бюджетін нақтылау барысында ағымдағы жылдың мамыр айында облыстық бюджетік комиссияға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, ішкі саясат және жастар саясаты мәселелері басқармалары ұсынған қосымша қажеттіліктер ұсынылды, тиісті қорытындылар дайындалды.

          Бес бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша (ББӘ) 2018-2020 жылдарға арналған лимит анықталып, облыстық бюджеттік комиссия  мақұлданғаннан кейін облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізілді.

ББӘ 2018-2020  жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бюджет заңдылықтары талаптарына сәйкес келмейтін бюджеттік өтінімдерді ББӘ ескертулермен қайта қарауға қайтарылды.

Облыстық мәслихат депутаттарының  сұраныстарының орындалуына талдау жасалынып және жауап әзірленді.

2017 жылдың 1 сәуірі жағдайы бойынша жетекшілік ететін салалар бойынша облыстық мекемелері мен кәсіпорындарына еңбек ақы және штат бірліктеріне талдау жүргізілді.

«Жобалық кеңсе» жұмыс тобының қарауына «облыс әкімі гранты» бойынша  2017 жылы аймақта қажетті мамандықтар бойынша бітірушілерді жұмысқа орналастыру» жобасы бойынша материалдар әзірленді.

«Туған жер» Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Іс шаралар жоспарын іске асыру үшін облыстық бюджет есебінен шығындар қаралған.

Қармақшы ауданын әлеуметтік экономикалық дамытудың негізгі көрсеткіштері бойынша 2017 жылдың 2 тоқсанына ай сайынғы ақпарат дайындалды.

Түскен хаттарға уақытылы жауап дайындалып, жолданды, сонымен қатар, жоғары тұрған органдардың тапсырмалары орындалды.

 

Әлеуметтік-экономикалық талдау және экономикалық жоспарлау бөлімінің атқарған жұмысы туралы есебі

Бөлім қызметкерлерімен жұмыс жоспарында бекітілген лауазымдық міндеттерге сәйкес қажетті жұмыстар жүргізілді.

Ай сайын облыс әкімдігіне:

Қызылорда облысының тиісті кезеңге әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы талдамалық мәліметтер әрі қарай Президент Әкімшілігіне және ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсыну үшін;

Мемлекет Басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарының Қызылорда облысында орындалуы туралы аралық ақпарат;

2017 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің Іс қимыл жоспарына енгізілген іс-шаралардың орындалуы туралы аралық ақпараттар (2017 жылғы 14 ақпандағы №714 қаулысы) ұсынылып отырды.

Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында облыс әкімінің Дағдарысқа қарсы штабының 2 отырысы өткізіліп, оған бөліммен тиісті барлық қажетті құжаттар пакеті (күн тәртібі, жүргізілу тәртібі, қатысушылар тізімі, анықтамалар) әзірленді. Оған қоса, бұл отырыстардың қорытындысымен хаттамалық тапсырмалар қалыптастырылып, олардың орындалуы жөніндегі ақпараттар дайындалды.

Қызылорда облысының 2017 жылдың 1 тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2017 жыл соңына дейінгі міндеттерін талқылау бойынша 2017 жылдың 3 мамырында өткізілген облыс әкімдігі отырысының барлық қажетті материалдары дайындалды. Отырыс қорытындысымен облыс әкімдігінің тиісті қаулысы  (2017 жылғы 24 қаңтардағы №773) қабылданды. 

2017 жылдың 28 маусымында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә. Сағынтаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында облыс активімен өткен «Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауынан туындайтын міндеттердің іске асырылу барысы» талқыланған мәжіліске барлық қажетті ақпараттар әзірленді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырыстарына, облыс әкімдігінің аппарат мәжілістеріне әлеуметтік-экономикалық даму, экономикалық өсімді қамтамасыз ету және т.б.  мәселелері бойынша барлық қажетті мәліметтер дайындалды.

Облыстық мекемелер, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерімен бірлесіп 2018-2022 жылдарға арналған Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының 1 этапы әзірленіп 2017 жылдың 20 сәуірінде облыстық бюджеттік комиссияның №6 шешімімен қолдау тапты.

5.07.2017 ж


Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша 2017 жылдың 1 тоқсанына атқарылған жұмыс туралы мәліметі.

       Басқарманың  құрылымы Қызылорда облысы әкімінің  25 тамыздағы 2015 жылғы №134 қаулысымен 34 бірлік болып бекітілген, оның ішінде 33 мемлекеттік қызметкер жұмыс жасайды,1 бірлік бос орынды құрап отыр.

     2017 жылдың 1 тоқсаны бойынша 2 жалпы конкурс, 1 барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс және 1 басқарманың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізілді. Жалпы конкурс қорытындысы бойынша 1 үміткер конкурс комиссиясының оң қорытындысын алып жұмысқа қабылданды.

      Басқарма қызметкерлерінің  біліктілігін көтеруге баса назар аударылуда. Есепті кезеңде барлығы 4 қызметкер біліктілігін арттыру курсында, 1 қызметкер қайта даярлау курстарында оқытылды.

      2017 жылғы 1 наурыздағы № 726 қаулысымен бекітілген «Қызылорда облысы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» және Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бекітілген кестесіне сәйкес 2017 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерге бағалау жүргізілді. 30 мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер бағаланды, оның ішінде 8 мемлекеттік қызметкер– «өте жақсы», ал 22 қызметкерлер «тиімді»  бағалау көрсеткішін көрсетті.

     Қазақстан Республикасы Президентінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 404 Жарлығына сәйкес 29 мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер кешенді аттестаттауға жатады, оның ішінде 27 мемлекеттік әкімшілік қызметкер аттестаттау комиссиясының оң шешімін алды, 2 мемлекеттік қызметкер ағымдағы жылдың сәуір айында  аттестаттаудан өтеді.

       Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының I тоқсан бойынша кіріс құжаттарының жалпы саны: 3027 хат

                 Шығыс құжаттарының жалпы саны:737 хат

                 Ішкі шығыс құжаттарының жалпы саны: 8хат

       Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында 2017 жылдың 1 тоқсанына барлығы 43929,0 мың теңге қаржы қаралған, оның ішінде

      001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастру мен дамыту және облысты басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылдың 1 тоқсаныа 38614,0 мың теңге қаржы қаралған, оның ішінде 38509,3 мың теңгесі  игерілген. 99,7%-ға игерілді.

      061 «Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия мәселелері жөніндегі құжаттаманы сараптау және бағалау» бағдарламасы бойынша 2017 жылдың 1 тоқсанына 3720,0 мың теңге қаржы қаралған, қаржы 100%-ға игерілді.

    108 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бағдарламасы бойынша 2017 жылдың 3 айына 1595,0 мың теңге қаржы қаралған,  қаржы 100%-ға игерілді.

       Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар

       Басқарманың Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің ағымдағы жылда бекітілген жылдық жұмыс жоспарына сәйкес бір қатар жұмыстар атқарылды.

       Атап айтқанда:

       2017 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік сатып алулар бойынша қорытынды – 27, оның ішінде:

мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір кезден алу тәсілімен – 19 және баға ұсыныстарын сұрату тәсіліне – 8 мемлекеттік сатып алу өткізілді.

2017 жылдың 1 тоқсанында  Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 2 өтініш келіп түсті. Атап айтсақ, жеке тұлғалардан 2 өтініш, заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ Оның ішінде: қаралғаны – 2, басқа органдарға долданбаған . Есепті кезеңде 1 азамат жеке қабылдауда болған. Өтініштерде көтерілген басты мәселелер – қаржыландыру мәселелері. Барлық өтініштерге ҚР заңнамасына сәйкес және мерзімде жауаптар берілген.

       Интернет порталы https://econom.e-kyzylorda.gov.kz бойынша басқарма тарапынан уақытылы әрі сапалы мәліметтер салынып отыр.

       Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына 2017 жылдың 1 тоқсанында Басқарма тарапынан кемінде 5 нормативтік құқықтық актілер орналастырылды. Қорытындысы бойынша ескертулер мен ұсыныстардың жоқтығы туралы есеп қалыптастырылды.

       Мемлекеттік органдардың интернет порталы арқылы Басқармаға 2017 жылдың I - тоқсанында 5 НҚА жобасы келіп түсті. Барлық НҚА жобалары қаралып уақытылы әрі сапалы жауаптар берілді.

       Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы тоқсанда Басқарма қызметкерлеріне 3 құқықтық оқыту семинары өткізілді.

       Мәдениетті қолдау – мемлекеттің маңызды басымдылығы

       Қазақстандық қоғамның әл-ауқаты мәдени құндылықтар, адамгершілік принциптер және салт – дәстүрге негізделген. Осыған байланысты мемлекет мәдениет саласын дамыту үшін бар күш-жігерін салуда.

       Қызылорда облысында 2017 жылы мәдени-демалыс жұмыстарын қолдауға 1,8 млрд. теңге, оның ішінде күрделі шығындарға 554,9 млн. теңге. Келесі маңызды іс-шаралар:

       «Қорқыт және Ұлы дала» халықаралық фольклорлық фестивалді өткізу;

облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығына дыбыстық, жарық құралдарын, ЛЭД экран, жылжымалы сахна сатып алу;

       «Қорқыт Ата мемориалдық музейі» МКҚК материалдық-техникалық базасымен нығайту;

       «ЭКСПО -2017» халықаралық көрмесі аясында Астана қаласында Қызылорданың мәдени күндерін өткізу.

      Экономикалық дағдарысқа қарамастан, мәдениет саласында ынтымақтастықты нығайту және дамыту бойынша алыс және жақын шетел мемлекеттермен жұмыстар жүргізілуде. Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрын және облыстық филармонияның шығармашылық ұжымның Әзірбайжан Республикасының Баку және Шеки қаласына гастрольдік іс сапарына қаражат қаралған.

       Археологиялық зерттеулер мәдени мұраның рухани және материалдық құндылықтарын зерттеу, қалпына келтіру және сақтаудың маңызды бөлігі болып табылады. Осыған байланысты, 2017 жылы облыстық бюджеттен Шірік Рабат, Сығанақ, Жанкент, Сортөбе, Жент және Арал теңізінің кепкен табанынан табылған  Кердері кесенесіне археологиялық зерттеулер жүргізуге 37,2 млн. теңге, «Ұлы Жібек жолы» Сырдария дәлізі сериялық трансшекаралық номинациясы бойынша ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу үшін тарихи-мәдени мұра объектілерінің ғылыми құжаттамаларын дайындауға – 12,5 млн. теңге бөлінді.

      Электронды  технологияларды  пайдалана  отырып, мәліметтер  базасының  сақталымын  қамтамасыз  ету, кітапханалық  процестерді  автоматтандыру, электронды  ақпараттық  ресурстарды  кеңейту  арқылы  кітапханалық-ақпараттық  қызмет  көрсетуді   модернизациялау  үшін  2017 жылы Ә.Тәжібаев  атындағы  облыстық  әмбебап  ғылыми  кітапханасына 13,1 млн. теңгеге операциялық  жүйесі  бар  жаңа  сервер  және  соңғы  модельді  60  компьютер  алу  қарастырылып  отыр.

      Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сапасын арттыру, оларды  қоғамдық белсенділікке және әлеуметтік өмірге тарту, кітапханаға баруға қолайлы жағдайлар жасау үшін Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының пандусына ағымдағы жөндеу жүргізуге  - 5,1 млн. теңге қаржы, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы облыстық кітапханасына дыбыс жазу студиясын ашуға – 5,9 млн. теңге, көтергіш құралын алуға және құруға - 1,5 млн. теңге қаржы қаралған.

       2017 жылдың басымдықтарының бірі ірі мәдени нысандар ғимараттарының құрылысы және жөндеу жұмыстарын жүргізу болып табылады, оның ішінде:

       - облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының кинобейне көрсету және фильмпрокат бөлімінің ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу – 39,3 млн. теңге;

       - Н. Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры ғимаратының өрт сөндіру, су, кәріз жүйесіне күрделі жұмыстарын жүргізу – 202,5 млн. теңге;

       - Жалағаш ауданы Мәдениет ауылындағы және Шиелі ауданы Еңбекші ауылындағы 150 орынға арналған 2 ауылдық клуб құрылысының бастамасы - 100,0 млн. теңге;

       - Қазалы ауданы Жалаңтөс батыр ауылындағы 150 орынға арналған ауылдық клубтың құрылысын аяқтау - 203,4 млн. теңге.

        Біздің еліміздің мәдени саясаты өткеніміз, бүгініміз және болашақ бірлігімізді органикалық үйлесіммен біріктіреді және осылайша қазақстандықтардың мәдени дамуының тұтас жүйесі құрылады. Бұл, әрине, Қазақстанның жаңа ғасырдағы табысты өркендеуіне ықпал етеді.

       Бюджеттік саясат және жоспарлау бойынша жұмыстары

      2017 жылға облыстық бюджет 177,8 млрд теңге сомасында бекітілді. Бүгінгі күнге 1 нақтылау және 3 түзету енгізу есебімен нақтыланған бюджет 184,5 млрд теңгені құрады, оның ішінде өз кірістері 9,4 млрд теңге, субвенция және республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 162,7 млрд теңге.

       Сонымен бірге, бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімімен келесідей жұмыстар атқарылды, оның ішінде:

      Облыстық бюджеттік комиссияның 4 отырысы өткізілді, оның ішінде 1 комиссия отырысы облыстық бюджетті нақтылауға байланысты, 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы  шешім жобасы, сәйкесінше 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы шешімнің іске асыру туралы әкімдіктің қаулысы әзірленді;

       2017 жылға республикалық бюджеттен 5,6 млрд теңге бөлінуіне байланысты  2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы әкімдіктің іске асыру қаулысына өзгерістер енгізілді (1 түзету);

       2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы облыс әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізілді (2 түзету);

       Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жергілікті бюджеттің нақтылану саны жөнінде ақпарат жіберілді;

       Қазақстан Республикасының  Ұлттық экономика министрлігіне даму бюджеттік бағдарламалар туралы  ақпарат жіберілді;

       Аудандар мен Қызылорда қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бекітілген бюджетіне талдау жұмыстары жүргізіліп, веб-порталға енгізілді;

       Аудандар және қала бойынша жергілікті өзін-өзі басқаруға сәйкес 6 салықтың түрлері бойынша атқарылатын жұмыстарға талдау жұмыстарын жасау;

       2016-2018  жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы Ұлттық экономика министрлігіне ақпарат дайындап, жіберілді (жылдық);

       «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына  ұсыныстар енгізілді;

       Облыс әкімінің және орынбасарларының хаттамалық тапсырмаларына талдау жүргізілді.

       Инвестициялық саясат және нақты секторды дамыту

       Бөлімде 2017 жылдың бірінші тоқсан қорытындысы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

       Бөлімнің жетекшілік ететін салалары бойынша облыстың әлеуметтік- экономикалық даму жөнінде әлеуметтік экономикалық талдау және жоспарлау бөліміне әр айдың 5-10 жұлдызында ақпараттар берілді.

       Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы, сыртқы сауда-экономикалық қарым-қатынастар жөнінде ақпараттар берілді.

       Қызылорда облысы бойынша жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жұмыстар тұрақты жүргізіліп отырды.

    Республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылған бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша (білім беру, тұрғын үй құрылысы және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, көлік саласын дамыту, ауыз сумен қамту, жылумен қамту, электроэнергиямен қамту, газбен қамту жобалары) экономикалық қорытынды әзірленді.

       Облыстық мәслихаттың ақпан айындағы отырысына 2017 жылдың даму бюджетін нақтылау бойынша бөлімнің жетекшілік ететін салалары бойынша тиісті материалдар дайындауға қатысты.

       Облыс әкімінің тұрғындармен есепті кездесуі барысында  көтерілген және орталық және жергілікті атқарушы органдармен шешуді қажет ететін өзекті мәселелер бойынша  ақпарат дайындалды.

Республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жүргізу мақсатында 2014-2016 жылдары аралығында республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың орындалуы бойынша ақпарат дайындалды.

      Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар тізіміне облыстық инвестициялық жобаларды енгізу мақсатында тиісті салалық министрліктермен атқарылған жұмыстар барысы жайлы ақпараттар дайындалды.

       «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №129 бұйрығына сәйкес  2015 жылдың қорытындысына мониторингі және бағалау есебі жүргізіліп, ақпарат дайындалды.

       Қазақстан Республикасы Президентінің  2015 жылғы 6 сәуірдегі  №1030 жарлығымен бекітілген «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысымен бекітілген «Өңірлерді дамытудың 2020» дейінгі бағдарламасының іске асырылу барысы жайлы ақпарат әзірленді.

       Тұрақты түрде бөлімге жеке азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдар талданып, тиісті  жауаптар әзірленді.

       Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының веб порталына  бөлімнің жетекшілік ететін саласы бойынша ақпараттар енгізілді.

     Бөлімге орталық атқарушы органдардан және бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан келіп түскен хаттарға жауаптар жолданды, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының, экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма бастығының ағымдағы тапсырмалары орындалды.

       Білімді, спортты дамыту және еңбек ақы қорын талдау, мониторингілеу

       Бөлім қызметкерлерімен жұмыс жоспарында бекітілген лауазымдық міндеттерге сәйкес қажетті жұмыстар жүргізілді.

     2017 жылдың ақпан айында облыстық бюджетің нақтылау барысында облыстық бюджеттен қаржыландырылатын білім және спорт салалары мекемелері мен кәсіпорындарының қосымша қажеттіліктері облыстық бюджеттік комиссия қарауына ұсынылып, қолдау тапқан мәселелер мәслихат шешімімен бекітілді.

       Сонымен қатар, тиісті салалар бойынша қосымша қаржы бөлуге бюджеттік комиссия мүшелерінен түскен ұсыныстарға және депутаттық сауалдарына өз дәрежесінде уақытылы жауаптар берілді.

       Білім беру және спорт саласының әр мекемесі бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарына жинақталған дебиторлық және кредиторлық қарыздарына талдау жасалынды.

    Жергілікті бюджеттің функционалдық топтары мен кіші топтары бойынша мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің 2017 жылдың 1 сәуір айы жағдайымен штат саны мен еңбекақы қоры бойынша нақты талдау жұмыстары жүргізіліп, сонымен қатар қажетті есептер тиісті министрлікке жолданды.

      Облыстық білім және спорт басқармаларына бағынысты мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың ғимараттары, жүргізілген күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары, ағымдағы шығындар мен теңгерімдегі бар автокөліктері бойынша талдау жасалынды.

      Білім және спорт саласына қарасты барлық мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың ғимараттары, жүргізілген күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары, ағымдағы шығындар мен теңгерімдегі бар автокөліктері бойынша ақпаратына талдау жасалынды.

       2017 жылдың 1 тоқсан аралығында білім және спорт салаларына қарасты интернет порталына тиісті ақпараттар уақытылы енгізіліп, қажеттілігіне қарай жаңартып отырылды.

       Мекемелерден, аудандардан және азаматтардан түскен хаттарға уақытылы жауаптар берілді, сонымен қатар жоғарғы органдардан бөлімге түскен тапсырмалар уақытылы орындалды.

       Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөнінде ай сайын (қаңтар, ақпан, наурыз айлары) ақпарат дайындалды.

       Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту және халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмысты үйлестіру бойынша жұмыстары

      Қызылорда облысының 2016-2018 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі жол картасы аясында денсаулық сақтау, спорт, білім, мәдениет, энергетика, жолаушылар көлігі және қоғамдық тәртіп саласындағы жобалар бойынша жұмыстар жүргізілді.

       Қызылорда облысында 2017 жылы 22,3 млрд.тенгеге 15 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы жүзеге асырылу сатысында.

       Екі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының оң экономикалық сараптамасы негізінде, тиісті саланың жергілікті уәкілетті органдарына экономикалық қорытынды дайындалып жіберілді.

     Ағымдағы жылдың бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 2 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы жүзеге асырылды, оның ішінде «Қызылорда қаласында «Тарлан» дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сервистік қызмет көрсету» және «Қызылорда қаласы Исатай Тайманов көшесінде ауысымына 400 қабылдауға арналған емхананы ашу» жобалары.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының қадамдық іс-шараларын егжей-тегжейлі нақтылау мақсатында, дәлірек айтқанда денсаулық сақтау саласында «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлігі, «Алматы» ӘКК» ҰҚ»  АҚ қызметкерлерімен Астана және Алматы қалаларында кездесулер ұйымдастырылды.

      Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлері «Қазақсатндық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ-ы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған МЖӘ механизіміне жаңа енгізілімді түсіндіру семинарына қатысты.

      Облыстық бюджетке ауыртпашылықты азайту мақсатында Еуропалық Қайта жаңғырту және Даму банкімен инвестициялық жобаларды негіздемелік келісімдер аясында жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

    Еуропалық Қайта құру және Даму Банкімен көліктік-коммуналдық қызмет саласында 5 жоба жүзеге асырылуда. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы ай сайын жобалардың ағымдағы жағдайы бойынша мәліметтерді жинақтап, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жіберіп отырады.

       БҰҰ-ң Даму Бағдарламасымен бірлесіп «Қызылорда облысы Арал ауданын жаңғырту – адамның дамуының орнықты жолы» жобасы бойынша Ұлттық экономика министрлігіне 2018-2020 жылдарға бюджеттік өтінім жіберілді.

       Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 2017 жылға жоспарланған индикаторлардың, салалар бөлінісінде тікелей көрсеткіштердің орындалуына мониторинг жүргізілді.

       Облыстың 2017 жылдың бірінші тоқсанына әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды

       Жалпы алғанда әлеуметтік-экономикалық дамудың бірқатар көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталуда.

     Өнеркәсіптің мұнай өңдеу саласында теріс тенденция қалыптасқанына қарамастан соңғы жылдарда өңдеу өнеркәсібінде өсім қамтамасыз етілуде. Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында өңірде жобалар іске асырылуда. Ағымдағы жылы жалпы құны 37,6 млрд. теңгені құрайтын 2 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

       Металлургиялық өндірістерді дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда.

       137,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 37,1 пайыз).

       Ағымдағы жылдың басынан бастап өңірдің ауыл шаруашылығы саласында өсімнің оң тенденциясы байқалуда.

       2017 жылдың 3 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6,9 млрд. теңгені құрады (өсім 2,4 пайыз). Өсім мал басы және мал өнімдерінің артуы есебінен қамтамасыз етілді. 

       Баға мәселесі ерекше назарда. 2017 жылдың наурыз айында (2016 жылдың желтоқсанына) тауарлар мен қызметтерге тұтыну бағаларының индексі республикалық көрсеткішке қарағанда біршама төмен болып қалыптасты (облыс – 101,7 пайыз, республика – 102,3 пайыз). Сонымен қоса, Өңірлік тұрақтандыру қорының тиімді жұмысының нәтижесінде азық-түлік тауарларына тұтыну бағаларының индексі 102,7 пайызды құрап, орташа республикалық көрсеткіштен төмен болып қалыптасты (республика – 103,2 пайыз).

       2016 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады.

       Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 9 165 адам хабарласты, соның ішінде 4 281 адам (46,7 пайыз) жұмысқа орналасты.

       2017 жылдың наурыз айында 2 526 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 2 445 тұрақты.

       2016 жылдың қаңтар-желтоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 117 901 теңгені құрады, яғни 2015 жылға 11,3 пайызға өскен.

       Фискалдық саясат бойынша атқарылған жұмыстары

      2016 жылдың қорытындысы бойынша облыс бюджеті оның ішінде, Қызылорда қаласы мен барлық аудандардың, облыстық бюджеттің барлық салықтық, салықтық емес және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдеріне  талдау жұмыстары жүргізіліп бірінші тоқсан ішінде өткізілген шараларға тиісті мәліметтер ұсынылды.

       Облыс бойынша бюджет кірісінің түсімдеріне күнделікті, жедел мәлімет дайындалды.

       Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігі тарапынан өткізілген мемлекеттік басқару туралы  «Гендерлік саясаттың шолу», «Ашық үкімет», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың реформасы» атты Астана қаласында семинар-презентацияға бөлім басшысы қатысты.

     Салықтық түсімдердің негізін құрайтын жеке табыс және әлеуметтік салықтарға Статистика, Қазынашылық, Мемлекеттік кірістер департаменттерімен еңбекақы қоры нақтыланып есептемелер жасалды. Шағын кәсіпорындардың өндірістік-қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштеріне талдау жасалды.

       Салық базасын ұлғайту мақсатында, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушы ірі мұнай компанияларының әлеуметтік аударымдары негізінде жұмыстар жүргізілуде. Қорытындысы бойынша 2 –ші тоқсанда өтетін облыстық бюджеттік комиссия қарауына мәлімет ұсынылады.

       Қызылорда қаласы мен Сырдария және Қазалы аудандары бойынша бюджет кірісінің орындалмайтын тұстарына талдау жасалып, ұсыныстар берілді.

       Бөлімге түскен хаттар мен тапсырмаларға уақытылы жауап берілді.

       Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының веб-сайтына бөлімдегі жасалып жатқан жұмыстардың барысы жөнінде  мәліметтер ұсынылды.

       Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жергілікті өзін-өзі басқару жөнінде мониторинг жүргізіліп ай сайын әр айдың 10-на дейін жіберілді.

       Ай сайын Жаңақорған ауданының әлеуметтік –экономикалық дамуының көрсеткіштері бойынша талдау жасалып, ұсыныстар берілді. 

       Стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жұмыстары

       Бөлім қызметкерлерімен жұмыс жоспарында бекітілген лауазымдық міндеттерге сәйкес қажетті жұмыстар жүргізілді.

       Ағымдағы жылдың қаңтар айында 2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының Даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына Қызылорда облысы әкімдігінің (2017 жыл 13 қаңтар №685) қаулысымен өзгерістер енгізілді.

      Ағымдағы жылдың 14 қаңтарында Қазақстан Республикасының бюджеті есебінен Байқоңыр қаласын қаржыландыру тәртібі мен шарттарының жобасын әзірлеуде жұмыс тобы құрамында Байқоңыр қаласына барып, Байқоңыр қаласын қаржыландыру мәселелерін пысықтау бойынша отырысына қатысты.

    Ағымдағы жылдың ақпан айында 2017 жылға арналған облыс әкімдігінің меморандумында көзделген түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізуге (орындауға) облыстың тиісті мемлекеттік органдарының басшылары мен оларға жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарларына жауапкершілікті бекіту әзірленіп, облыс әкімімен бекітілді.

       Ағымдағы жылдың ақпан айында облыс әкімдігі меморандумының 2016 жылға орындалуының аналитикалық жазбасымен бірге қорытынды есебі қалыптастырылып, Қазақстан Республикасы Премьер Министрі Кеңсесіне жолданды.

       Ағымдағы жылдың ақпан айында бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың ақпараттары негізінде Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған Даму бағдарламасы бойынша 2016 жылдың қорытындысына мониторинг жүргізіліп, бағдарламаның іске асырылуы бойынша есебі дайындалып, бекітілген мерзімде облыс әкімдігінің веб-порталында жарияланды.

      Ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 129 бабына сәйкес облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебіне 2016 жылдың қорытындысы бойынша Аумақтарды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларының қол жеткізуі жөнінде ақпарат әзірленді.

       «Байқоңыр» кешені жөнінде Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысына дайындалу барысында мен сондай-ақ 2016 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында бекітілген «Байқоңыр» кешеніндегі келешектегі ынтымақтастық Тұжырымдамасы бойынша Қазақстан Республикасы бюджеті есебінен  Байқоңыр қаласын қаржыландыру мәселесі бойынша ақпараттар дайындалып, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасына жолданды.

       Ай сайын статистикалық мәліметтер мен облыстық мүдделі мемлекеттік органдардың ведомстволық есептіліктері негізінде 2017 жылға арналған облыс әкімдігінің меморандумындағы индикаторларға қол жеткізуге (орындалуына) мониторинг жүргізіліп, облыс әкімдігіне ақпараттар ұсынылды.

       Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарының шеңберінде  шағын қалаларды дамыту Арал және Қазалы қалаларын 2016-2020 жылдарға дамытудың кешенді жоспарларының орындалуы туралы Ұлттық экономика министрлігіне жолдауға ақпараттар дайындалды.

       Жалағаш ауданының экономика салаларын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған Жол картасының және Арал ауданының экономика салаларын дамытудың 2017-2019 жылдарға арналған Жол картасының орындалуы туралы мониторинг әзірленіп, ақпараттар облыс әкімдігіне жолданып отырды.

       Орталық атқарушы органдар мен облыстың жергілікті атқарушы органдарының сұраныстарына уақытылы ақпараттар мен мәліметтер ұсынылып, жолданып отырды.

       Ауыл шаруашылығын және ауыл аумақтарды дамыту

      2016 жылға арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына агроөнеркәсіп кешені көрсеткіштеріне оның ішінде мал шаруашылығы және егін шаруашылығы, ветеринария саласындағы атқарылып жатқан шараларға, экологиялық ахуалға ауылдық елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз етуге талдау жасалып ақпарат дайындалды.  

       Облыс әкімінің 2016 жылға арналған іс-қимыл жоспарының бөлімге қатысты тармақтарының оның ішінде Негізгі әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу, ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту көлемін 2015 жылдан төмен болмауын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу көлемін ұлғайту бойынша жобаларды жүзеге асыру, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу. Майда тауарлы шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіру тармақтарының орындалуы бойынша ақпарат дайындалды.

        2016 жылдың қорытындысымен облыс бойынша 260 елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізіліп, ҚР Ұлттық экономика министрлігіне (10.02.2017 ж №02/1-2/963 хатпен) жолданды.

      Қызылорда облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы (15.03.2017ж №105 шешім) кезекті сессиясында қаралған "Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жолдары және оны жақсарту шаралары туралы" мәселесі бойынша құрылған уақытша комиссиясымен бірлесіп аудандарға шығып саладағы қордаланған мәселелерді саралап оның шешу жолдарын аудандық, облыстық және республикалық деңгейде шешу ұсынылды. 

Аудандық деңгейде:

1) Жеке жұртшылық шаруашылықтарды өндірістік кооперативке біріктіру арқылы көкөніс және бақша дақылдарының өнімін  өндірістік негізде өндіруді дамыту;

2) Өңірдегі асыл тұқымды малдардың үлесін арттыру мақсатында Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері асыл тұқымды мал өсіріп отырған шаруашылықтардың меншігіндегі асыл тұқымды малдарды республикалық палаталарға енгізуге ықпал ету;

3) Ет, сүт, т.б. ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге қызығушылық танытқан кәсіпкерлерге қолдау көрсету;

4) Жұмыстарын тоқтатқан және түрлі себептерден тоқтатылуы қауіпі бар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші кәсіпорындарын сауықтыруға ықпал жасау.

Облыстық деңгейде:

1) 2017 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға облыстық бюджеттен қосымша 1500,0 млн. теңге қаржы бөлу;

2) "Ы. Жақаев атындағы қазақ күріш ғылыми зерттеу институтына» арпа, бидай, сұлы, мақсары дақылдарының бірегей, элита тұқымын өндіру мәртебесін беру.

3) Ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерін арпа, бидай, сұлы дақылдарының  І-ІІІ репродукциялы тұқымдарымен қамтамасыз ететін кемінде 2-3 тұқым шаруашылығын ашу.

4) Көкөніс-бақша, картоп дақылдарының жоғары репродукциялы тұқымдарымен қамтамасыз етіп отыратын арнайы мекеме ашу.

Республикалық деңгейде:  

1) ҚР АШМ-нің 2014 жылғы 23 мамырдағы №1-1/277 «Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандырудың ұсынылатын схемасын бекіту туралы» бұйрығына Қызылорда облысын енгізу

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған бюджеттік инвестициялық жобаларының экономикалық тиімділігі жөнінде талдау жасау бойынша «Байконыр» (Байконур) ӘКК» ҰҚ» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға әзірленген қаржылық-экономикалық негіздемесінің 2 жобасына экономикалық қорытынды берілді. Олар:

1) «Қызылорда қаласында бордақылау алаңы және ет сою пунктын құру» жобасы;

2) «Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында асыл тұқымды репродукторды құру» жобасы.

         Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 15 ақпандағы  кезектен тыс 

11 сессиясына 2017-2019 жылдарға арналған облыстық  бюджетті нақтылау  бойынша бюджеттік комиссия отырысына облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бойынша қаржы бөлуге ұсынымдар әзірленді.

           20.04.2017 ж


Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша 2016 жылдың 4 тоқсанына атқарылған жұмыс туралы мәліметі.

жүктеу...22,2 КБ

03.02.2017


Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша 2016 жылдың 3 тоқсанына атқарылған жұмыс туралы мәліметі.

       2016 жылдың 1 қазаны бойынша басқармада 001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту және облысты басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 2016 жылдың 9 айына 85308,0 мың теңге қаржы қаралған, оның ішінде 85220,3 мың теңгесі игерілген. 011 «Республикалық бюджет есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 2016 жылдың 9 айына 17542,0 мың теңге қаржы қаралған, оның ішінде 17510,1 мың теңгесі  игерілген.

        061 «Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия мәселелері жөніндегі құжаттаманы сараптау және бағалау, бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды жүргізу» бағдарламасы бойынша 2016 жылдың 9 айына 938,0 мың теңге қаржы қаралған, оның ішінде 937,6 мың теңгесі игерілді.

        108 «Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету және оған сараптама жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бағдарламасы бойынша 2016 жылдың 9 айына 4473,0 мың теңге қаржы қаралған, , қаржы 100%-ға игерілді.

        Барлығы игерілгені  99,9%  пайызды құрап отыр.

       «Жұмыспен қамту 2020 жол картасының» бірінші бағытын жүзеге асыру Бюджет заңдылықтары аясында алты жыл бойы республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен жыл сайын «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бірінші бағыты шегінде әлеуметтік инфрақұрылымдарды күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінеді.

       2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бірінші бағыты шегінде республикалық бюджеттен және Ұлттық қор есебінен 27 жобаны іске асыруға 1 208 451 мың теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда 26 жоба жүзеге асырылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шегінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бірінші бағыты бойынша Үкімет резерві есебінен инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, әрбір ауылдық округты абаттандыру және инфрақұрылымына қосымша 1 299 818 мың теңге қаржы бөлінген болатын. Бөлінген қаржы аясында 165 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бүгінгі күні, мемлекеттік сатып алу үрдістері жүргізілуде, 26 жоба бойынша конкурстық рәсімдер аяқталды.

      Бұдан басқа, Ұлттық қор есебінен облыстық орталықтың 51 көшелердің орташа жол жөндеу жұмыстарына және 10 ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың құрылысына қосымша 1 800 000 мың теңге қаржы бөлінді. Аталған жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу үрдістері басталды.

05.10.2016 ж


Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша 2016 жылдың 2 тоқсанына атқарылған жұмыс туралы мәліметі.

        2016 жылдың I жартыжылдығында басқармада 001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту және облысты басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 2016 жылдың І жартыжылдығына 54125,0 мың теңге қаржы қаралған, оның ішінде 54104,8 мың теңгесі игерілген.

          011 «Республикалық бюджет есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 2016 жылдың І жартыжылдығына 12181,0 мың теңге қаржы қаралған, оның ішінде 12175,5 мың теңгесі  игерілген.

       108 «Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету және оған сараптама жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бағдарламасы бойынша 2016 жылдың І жартыжылдығына 2982,0 мың теңге қаржы қаралған, оның ішінде 2982,0 мың теңгесі  игерілген.

.         Барлығы игерілгені  100%  пайызды құрап отыр.

         Стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау бөлімінің 2016 жылдың 1 жартыжылдығында атқарған жұмыстары жөнінде есебі

Бөлім қызметкерлерімен жұмыс жоспарында бекітілген лауазымдық міндеттерге сәйкес қажетті жұмыстар жүргізілді.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында 2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының Даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, Қызылорда облысы әкімдігінің (2016 жыл 8 қаңтар №294) қаулысымен бекітілді.

Ағымдағы жылдың ақпан айында бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың ақпараттары негізінде Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасы бойынша 2015 жылдың қорытындысына мониторинг жүргізіліп, бағдарламаның іске асырылуы бойынша есебі дайындалып, бекітілген мерзімде облыс әкімдігінің веб-порталында жарияланды.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 62-бабына сәйкес 2016 жылғы арналған 11 түйінді нысаналы индикаторлардан тұратын облыс әкімдігінің меморандум жобасы әзірленіп, мүдделі орталық мемлекеттік органдармен келісілді. Қол қойылған меморандум жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметіне бекітуге жолданды.

Ағымдағы жылдың наурыз айында 2016 жылға арналған облыс әкімдігінің меморандумында көзделген түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізуге (орындауға) облыстың тиісті мемлекеттік органдарының басшылары мен оларға жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарларына жауапкершілікті бекіту әзірленіп, облыс әкімімен бекітілді.

Облыстың жергілікті атқарушы органдарының ақпараты негізінде   Байқоңыр қаласын, Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Төретам кентін және Ақай ауылдық округін әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған Кешенді жоспарының 2015 жылға іске асырылуы туралы ақпарат әзірленіп, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне және Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасына жолданды.

Ағымдағы жылдың сәуір айында жергілікті атқарушы органдардың ұсынысы негізінде Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасында айқындалған аймақтағы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру бойынша тиімділігін бағалаудың 2015 жылғы нәтижесіне қарсылық шаралары әзірленіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жолданды.

Ағымдағы жылдың 5-6 мамырында Астана қаласына іс-сапар барысында облыс әкімдігінің наразылығын қарастыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бағалау нәтижесі бойынша Арнайы комиссия отырысына қатысып, отырыстың қорытындысы бойынша бағалау нәтижелерінің наразылық кестесіне қол қойылды.

«Байқоңыр» кешені жөнінде Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысына дайындалу барысында Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласын қаржыландыру мәселесі мен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әрі қарайғы «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану Концепция жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ақпараттар дайындалды.

Байқоңыр» кешені жөнінде Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысына дайындалу барысында ағымдағы жылдың сәуір айының 5-8 аралығында және маусым айының 8-9 аралығында Астана қаласы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне іс-сапарға барылып, қазақстандық комиссия жағынан мәжіліс жұмыстарына қатыстырылды.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік бағдарламалар министрлігінің нысаналы индикаторының жоспарлы мәні келісімі бойынша қайта қаралып, 2016 жылға арналған облыс әкімдігінің нақтылаған меморандумы Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітілуге жолданды.

Ай сайынғы статистикалық мәліметтер мен облыстың мүдделі мемлекеттік органдарының ведомстволық есептілігінің негізінде меморандумдағы нысаналы индикаторлардың орындалуына (қол жеткізуіне) мониторинг жүргізіліп, облыс әкімдігіне ақпараттар ұсынылды.

Ағымдағы жылдың маусым айында Жалағаш ауданының экономика салаларын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған Жол картасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қаралып, бекітілді.

Орталық атқарушы органдар мен облыстың жергілікті атқарушы органдарының сұраныстарына уақытылы ақпараттар мен мәліметтер ұсынылып, жолданып отырды.

     Білімді, спортты дамыту бөлімінің 2016 жылдың 1-ші тоқсанына атқарылған жұмыстары туралы есебі.

2016 жылдың облыстық бюджетің нақтылау барысында облыстық бюджеттен қаржыландырылатын білім және спорт салалары мекемелері мен кәсіпорындарының қосымша қажеттіліктері облыстық бюджеттік комиссия қарауына ұсынылып, қолдау тапқан мәселелер мәслихат шешімімен бекітілді.

Білім беру және спорт саласының әр мекемесі бойынша   2016 жылдың 1 қаңтарына жинақталған дебиторлық және кредиторлық қарыздарына талдау жасалынды.

2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді анықтау кезінде 2017 жылдан бастап жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына енгізу үшін ұсынылатын республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша алдын-ала ұсыныстар жолданып, тиісті министрлікпен жұмыстар атқарылды.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық қызметкерлердің жаңа еңбекақы төлеу моделіне көшуіне байланысты, барлық аудан және қала, облыстық бюджет мекемелері және кәсіпорындары бойынша нақты талдау-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті есептер тиісті министрлікке жолданды.

Жалағаш ауданының және басқа аудандардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөнінде ай сайын (қаңтар, ақпан, наурыз айлары) ақпарат дайындалды.

2016-2018 жылдарға республикалық бюджет есебінен мемлекеттік білім беру тапсырыс шеңберінде мектепке дейінгі білім беруге бөлінген ағымдағы нысаналы трансферт сомасы тиісті министрлігімен пысықталды.

     Әлеуметтік-экономикалық мониторинг және экономикалық жоспарлау бөлімінің 2016 жылдың 1 тоқсанында  атқарған жұмыстары туралы есебі

Есепті кезеңде әлеуметтік-экономикалық мониторинг және экономикалық жоспарлау бөлімі келесідей жұмыстар атқарды:

  •    «2015 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2016 жылдың 1 тоқсанына міндеттер туралы» облыс әкімдігінің мәжілісіне ақпараттар әзірлеп, облыс әкімдігіне ұсынылды;
  •    Облыс әкімінің халықпен есепті кездесуіне облыстық басқармалардан ақпараттар жинақталып, талданып, облыс әкімдігіне ұсынылды;
  •   «2016 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің дағдарысқа қарсы Іс-қимыл жоспары туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы №254 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді;
  •   Ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне ақпарат ұсыну үшін және облыс әкімдігінің Гео-Веб Порталдарына орналастыру үшін Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәліметтер дайындалып, жіберіліп отырды;
  • Ай сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіндегі және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіндегі бас инспекторлардың форматтары бойынша ақпарат дайындалып, ұсынылып отырды;
  • 3 рет – облыс әкімінің дағдарысқа қарсы штаб отырысы өткізілді;
  • Қызылорда облысының 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық даму болжамы әзірленді;
  • ҚР Мемлекет Басшысының, ҚР Премьер-Министрінің және орталық атқарушы органдардың басшыларының төрағалығымен өткізілетін жиналыстарға өңірдегі экономикалық өсімнің жоспарланған параметрлерін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ақпараттар дайындалып, ұсынылып отырды;
  • Облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты өткізген кеңестеріне тиісті материалдар дайындалып, ұсынылып  отырды

Ауылшаруашылығын және ауыл аумақтарын дамыту бөлімінің

       2016 жылғы 1-ші жарты жылдықта атқарған жұмыстары

    Бөлім, жұмыс жоспарына және белгіленген мерзімдерге сәйкес жұмыстарды атқарды.

    Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша қатысты салалардың дамуына  талдау жасалынып, ақпарат әзірленді.

    Облыс әкімінің Қызылорда қаласы мен аудандарда облыс әкімдігі коллегиясының көшпелі отырыстарының (мәжілістерін) бөлімге қатысты салалар бойынша хаттамалық тапсырмалары бойынша материалдар дайындалды.

  «Өңірлерді дамыту 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы шеңберінде өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында ауылдық (селолық) округтарды жайластыру мәселелерін шешу үшін аудандық бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша талдау жасалды.

     Ай сайын Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы ақпарат дайындалды.

     Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Тіректі ауылдық елді мекендерді анықтау әдістемесін бекіту туралы» № 234/НҚ бұйрықтарын басшылыққа алып, аудандар мен Қызылорда қаласы және басқармалардың мәліметтерін қорытындылап, Ұлттық экономика министрлігіне ақпарат жолданды.

     Қызылорда облысының әкімдігі «Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік –экономикалық дамуының мониторингі мен талдауын жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі №239/НҚ бұйрығына сәйкес ауылдық елді мекендерінің әлеуметтік – экономикалық дамуының мониторингі туралы ақпаратты 2015 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық экономика министрлігіне жолданды.

     Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2016 жылғы 2 ақпандағы №54 «Әлеуметтік-экономикалық даму әлуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған өлшем шарттарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ауылдық елді мекендердің әлеуеті анықталды. 

     Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған бюджеттік инвестициялық жобаларының экономикалық тиімділігі жөнінде талдау жасалып, оларға қорытынды әзірленді.  

     Ауылдық аумақтар, агроөнеркәсіп кешені және экологиялық ахуал жөнінде мәлімет дайындалды.

     «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік Корпорациясы АҚ-ң 2016 жылға жарғылық капиталын ұлғайту жөніндегі қаржы-экономикалық негіздемесіне қорытынды әзірленді.

     2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау кезінде облыстық ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, ветеринария және жер қатынастары  басқармалары бойынша ұсынылған бюджеттік өтінімдері қаралып, қорытындылар әзірленіп облыстық бюджеттік комиссия отырысына ұсынылды.

     Сонымен қатар, бюджетті нақтылау кезеңінде бағдарлама әкімшілерінің ұсынысына сәйкес бюджеттік бағдарламалардан игерілмей қалатын қаржыларды өзге бағдарламаға ауыстыру жөнінде қорытындылар әзірленіп, ұсынылды.

     Бөлім қызметкерлері көктем айларында тазалық айлығына байланысты белгіленген учаскені көгалдандыру, көркейту жұмыстарына қатысты..

     Бөлімге 2016 жылдың басынан бері 219 қатынас хат түсіп, бөлім тарапынан дәйекті, негіздемелі жауаптар  мен ұсыныстар берілді.

     Сонымен қатар, көптеген ағымдағы мәселелер, бөлім тарапынан жоғарғы органдардан түскен құжаттар мен тапсырмалар уақытылы орындалды.

     Инвестициялық саясат бөлімінің  2016 жылдың 1 жарты жылдығына атқарылған жұмысы туралы есебі

     Бөлімде 2016 жылдың 1 жартыжылдығында бірқатар жұмыстар атқарылды.

     Бөлімнің жетекшілік ететін салалары бойынша әлеуметтік- экономикалық даму жөнінде әлеуметтік-экономикалық талдау және экономикалық жоспарлау бөліміне әр айдың 5-10 жұлдызында ақпараттар берілді.

     Кедендік одақ елдермен, шетелдермен сыртқы сауда-экономикалық қарым-қатынастар жөніндегі және облыстың экспорттық мүмкіндіктері бойынша  тиісті сұраныстарға сәйкес ақпарат әзірледі.

     Үстіміздегі жылдың 14 қаңтарында ҚР «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы»Заңының ережелерін, МЖӘ жобалары бойынша құжаттамаларын әзірлеу тәртібімен конкурс өткізу бойынша түсіндіру» бойынша семинар-кеңес өткізуді ұйымдастырды. Бұл семинар-кеңесті өткізу үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі Құсайынов Марат Әпсеметұлы, «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі орталығы» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Мамраев Галымбек Бейбітұлы, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС-нің басқарма төрағасының міндетін атқарушы Болатов Аслан Болатұлы және Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының өкілдері қатысты.

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 51 хаттамасымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарының 54-тармағын орындау мақсатында Қызылорда облысының 2016-2018 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі жол картасы (бұдан әрі-Жол карта) Қызылорда облысы әкімінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 255-ө өкімімен бекіту бойынша жұмыстарды атқарды.

     Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту бойынша жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмыстарды атқарды.

     Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту бойынша облыс бойынша атқарылып жатқан ҚР Ұлттық министрлігіне,«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі орталығы» АҚ-на тиісті ақпараттар жолданды.

     Бөлімнің жетекшілік ететін салалары бойынша Қызылорда облысы әкімінің дағдарысқа қарсы Іс-қимыл жоспарын бекіту бойынша және оған  тиісті  өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстарды атқарды.

     Облыстық мәслихаттың ақпан, сәуір, маусым айларындағы отырысына 2016 жылдың даму бюджетін нақтылау бойынша бөлімнің жетекшілік ететін салалары бойынша тиісті материалдарды әзірледі.

     «Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға ай сайын мониторинг әзірленіп отырды.

     2017-2019 жылдарға республикалық бюджеттен қаржыландыруды қажет ететін инвестициялық жобалар бойынша экономикалық қорытынды әзірленді (білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй құрылысы, инженерлік-инфрақұрылымды дамыту және т.б.).

     2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру үшін бөлімнің жетекшілік ететін салалары бойынша даму бюджеті бойынша лимиттерді әзірлеп, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен тиісті бюджеттік өтінімдерді қабылдауды қамтамасыз етті.

     Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар тізіміне облыстың инвестициялық жобаларын енгізу бойынша тиісті салалық министрліктермен атқарылған жұмыстары туралы облыс әкімдігіне тиісті ақпарат дайындалды.

     «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №129 бұйрығына сәйкес  2015 жылдың қорытындысына мониторингі және бағалау есебі жүргізіліп, ақпарат дайындалды.

     Облыс бойынша мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық-сметалық құжаттары дайын инвестициялық жобалар бойынша облыс әкімдігіне тиісті ақпарат әзірленді.

     «Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыру» бойынша ұсыныстар әзірледі.

     Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы  аясында 6 макро өңірлердің инвестициялық даму бағдарламасына ұсыныстар әзірледі.

     Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының  тиісті тармақтары бойынша орындалуына ақпарат әзірлеп тиісті министрлікке жолдады.

     Ай сайын Қызылорда қаласы дамуының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізілді, бөлімге жеке  азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдар талданып, тиісті  жауаптар  әзірленді.

     Бөлімге келіп түскен хаттарға жауаптар жолданды, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының, экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма бастығының  ағымдағы тапсырмалары орындалды.

     Әлеуметтік қорғау, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту бөлімінің  2016 жылдың 1 жарты жылдықта атқарған жұмыстары туралы есебі

     Бөлім жұмыс жоспарында белгіленген және көрсетілген барлық міндеттер атқарылды.   

     Облыс әкімдігіне «Облыстың 2016 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» әлеуметтік қорғау, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласы бойынша тоқсан сайын атқарылған жұмыстар жайлы облыс әкімдігіне анықтама әзірленді.

     Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған аймақтық даму бағдарламасының 2015 жылдың есебін жүзеге асыру жайлы бөлімнің жетекшілік ететін салалары бойынша ақпарат әзірленді.

     Әлеуметтік қорғау, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласының 2016-2020 жылдарға арналған болжамды көрсеткіштері анықталды.

     Облыстық бюджетті нақтылау барысында жетекшілік ететін бағдарлама әкімшісінің қосымша қаржы бөлу жөніндегі (қысқарту, қайта бөлу) ұсыныстарын қарап, есептерін тексеріп, тиісті заңдылықтарға сәйкес мәлімет дайындалды.

     2016-2018 жылдардың бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қорытындылар дайындалып, бюджеттік комиссия отырыстарына қорытындылар жазылып, облыстық мәслихат қарауына ұсынылды.   

     Облыстық маслихат сессиясының материалдарын, сонымен қатар қаулылар мен облыстық маслихатының іске асыру шешімін жетекшілік ететін сала бойынша облыстық бюджетті нақтылау кезінде тексерілді.

     Әр облыстық бюджетті нақтылаудан кейін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, облыстық мәдениет, архив және құжаттама басқармасының, облыстық ішкі саясат басқармасының бюджеттік бағдарламаларының қорытындылары тексеріліп және әзірленді.

     «Мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2016-2017 жылдарға арналған Жол картасы» іс-шарасын бекіту бойынша материалдар дайындалды.

     Әлеуметтік қорғау және мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарына 2016 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан дебиторлық және кредиторлық қарыздардың бюджет заңнамаларына сәйкес негізділігіне талдау жасалынды. 

     Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жеткізілген лимиттер көлемі облыстық бюджеттік комиссия қарауына ұсынылды.

    2017-2019 үшжылдық кезеңге арналған жеткізілген лимит бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері қабылданып, оның толықтығы бойынша талдау жасалынып және бюджет заңдылықтарына сәйкес ескертулер беріліп, қайта өңдеуге кері қайтарылды, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қайтару бойынша жолдама хат әзірленді.

     Аудандар және қала бойынша әлеуметтік-экономикалық жағдайлары туралы тиісті сала бойынша мәліметтер әзірленді. Сонымен қатар, Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөнінде ай сайын ақпараттар дайындалды;

     Аудан және қала әкімдіктері мен бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен күнделікті ақпарат жиналып, өңделіп және талдау жасалды.

     Үкіметтің қатысуымен өтетін селекторлық отырысқа қатысатын облыс әкімінің есебін дайындау үшін облыс әкімінің аппаратына ақпараттар дайындалды.

     2016 жылға мемлекеттік мекемелерінің және қазынашылық кәсіпорнының қызметшілердің тиісті салалар бойынша жалақы қоры, штаттық бірліктері туралы мәліметтер тоқсан сайын дайындалды.

     Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 1 бағыты аясында Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің өзгеруіне сәйкес 2016 жылға арналған облыстық бюджетке облыс әкімдігінің қаулысымен 1 түзету енгізіліп, құжаттар дайындалды.

     Жұмыспен қамту 2020 жол картасының 1 бағыты аясында 2016 жылға қаралған инфрақұрылымдық жобалар бойынша апталық мониторинг жүргізілді.

     Жұмыспен қамту 2020 жол картасы «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету» бірінші бағыты аясында 2016 және 2017 жылдарға жобалары бойынша тиісті министрліктермен тұрақты түрде жұмыстар  жүргізіледі.

     Қызылорда облысы бойынша жеткізілген шығындар көлеміне сәйкес Жұмыспен қамту 2020 жол картасы «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету» бірінші бағыты аясында 3 рет Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне және Ұлттық экономика министрлігіне 3 рет іс-сапармен уақытылы жұмыстар жүргізілді, 2016 жылға 184 инфрақұрылымдық жобаларды және  2017 жылға 20 инфрақұрылымдық жобаларды қорғау жұмыстары жүргізілді.

     Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік сақтау министрлігі тарапынан өткізілген 15 бейне селекторлық жиналысқа қатысу үшін ақпарат дайындау үшін жұмыстар жүргізілді.

«Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарының зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңының қолданыстағы және күші жойылған баптарына талдау жасалды.

     Жоғарғы органдардан бөлімге түскен құжаттардың, тапсырмалардың уақытылы орындалуы қамтамасыз етілді және бақыланды.

     Мекемелерден, азаматтардан және облыстық мәслихат депутаттарынан түскен хаттар мен сауалдарды қарап, заңдылықтарға сәйкес жауаптар берілді.

     Азаматтық қызметкерлердің жаңа еңбекақы төлеу моделіне көшуіне байланысты, жетекшілік ететін салалар бойынша облыстық мекемелері мен кәсіпорындарына (аудандар мен Қызылорда қаласы) нақты талдау жұмыстары жүргізілді.

     Облыс әкімінің орынбасары Қ. Ысқақовтың тапсырмасын орындау мақсатында 2015 жылдың нақты орындалуы бойынша мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындарының қызметіне талдау, қаржыландыру жұмыстары және 2016 жылға арналған Даму жоспарында жоспарланған көрсеткіштері бойынша талдау жүргізілді.

     2016 жылдың 1 жарты жылдығына бөлімнің атқарылған жұмыстары туралы есебі дайындалды.

     Басқа да ағымдағы жұмыстар атқарылды.

     Бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің атқарылған жұмыстары туралы есебі

     2016 жылға облыстық бюджет 151,6 млрд теңге сомасында бекітілді. Бүгінгі күнге 4 нақтылау және 3 түзету енгізу есебімен нақтыланған бюджет 176,3 млрд теңгені құрады, оның ішінде өз кірістері 5,9 млрд теңге, субвенция және республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 154 млрд теңге.

     Сонымен бірге, бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімімен келесідей жұмыстар атқарылды, оның ішінде:

     Облыстық бюджеттік комиссияның 5 отырысы өткізілді, оның ішінде 3 комиссия отырысы облыстық бюджетті нақтылауға байланысты, 2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы 3 шешім жобасы, сәйкесінше 2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы шешімнің іске асыру туралы әкімдіктің қаулысы әзірленді;

     2016 жылы республикалық бюджеттен 82 млрд теңге бөлінуіне байланысты  2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы әкімдіктің іске асыру қаулысына өзгерістер енгізілді (1 түзету);

     2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы облыс әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізілді (4 түзету);

     Облыс бойынша АҚ, ЖШС, Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға талдау жұмыстары жүргізілді;

     Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобаларға әкімдіктің 3 қаулысы әзірленді;

     Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жергілікті бюджеттің нақтылануы жөнінде ақпарат жіберілді;

     Қазақстан Республикасының  Ұлттық экономика министрлігіне даму бюджеттік бағдарламалар туралы 2 ақпарат жіберілді;

     Аудандар мен Қызылорда қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджет шешімдерін, қаулыларын ай сайын жинақтап, талдау жұмыстары жүргізілді;

    Аудандар және қала бойынша жергілікті өзін-өзі басқаруға сәйкес 4 салықтың түрлері бойынша атқарылатын жұмыстарға талдау жұмыстарын жасау;

     2014-2016  жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы Ұлттық экономика министрлігіне ақпарат дайындап, жіберілді;

     ҚР Біріңғай бюджеттік сыныптамасына өзгерістер  енгізуге байланысты ұсыныс енгізілді;

     2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің қалыптасуы бойынша ұсыныстар енгізілді;

     Ай сайын облыс әкімінің және орынбасарларының хаттамалық тапсырмаларына талдау жүргізілді.

     Денсаулық сақтауды дамыту бөлімінің  2016 жылдың 1 -ші тоқсанына атқарылған жұмыстары туралы есебі.

               2015 жылдың  қорытындысы  бойынша   облыстық  әлеуметтік-экономикалық  дамуы  туралы  денсаулық  саласындағы      атқарылған  жұмыстар жайлы ақпараттар ұсынылды.

               2016 жылдың облыстық бюджетін нақтылау барысында бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласы бойынша қосымша бюджеттік өтінімдері  бюджеттік комиссияның  қарауына ұсынылып, қорытындылар жазып, қолдау тапқан мәселелер мәслихаттың шешімімен бекітілді.

               Ұлттық экономика министрлігінің тапсырмасына, жаңа еңбекақы төлеу моделіне көшуіне  сәйкес, 2016 жылға арналған денсаулық сақтау саласы бойынша жалақы қоры, штаттық бірліктері туралы мәліметтер  ұсынылды.

               Денсаулық сақтау ұйымдарының 2016 жылдың 1 қаңтарына және жыл ішінде қалыптасқан кредиторлық қарыздардың бюджет заңнамаларына сәйкес негізділігіне талдау жасалды.

               Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөнінде ай сайын (қаңтар, ақпан, наурыз) айларында  ақпарат дайындалды.

               Бюджеттік комиссия қарауына 2017-2019 жылдарға арналған бюджет жобасын енгізу үшін ағымдағы бюджеттік бағдарламалары бойынша тиісті есептері әзірленді.

               2017-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласы бойынша республикалық бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферттердің есептерімен келісілді.

    Мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары бөлімінің 2016 жылғы 1 тоқсанына атқарылған жұмыстар туралы есебі

     Көрсетілген мерзімде бөлімге жүктелген функциялар мен мақсаттарды орындау үшін келесі жұмыстар атқарылды.

     Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкіметінің қаулылары мен өкімдерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін және басқа нормативтік – құқықтық актілерді, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басшысының тапсырмалары уақытында орындалды.

     ҚР Ішкі істер министрлігі әзірлеген «Қазақстан Республикасы Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы», терроризмге және экстремизмге қарсы іс-шаралар бойынша ұсыныстар жолданды.

     Жыл басынан облыстық бюджеттік комиссияның ұсыныстарын ескере отырып, 2016 жылдың бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша материалдар дайындалып, бюджеттік комиссия отырыстарына қорытындылар жазылып, облыстық мәслихат қарауына ұсынылды.

     Облыстық бюджетті нақтылау барысында бағдарлама әкімшісінің қосымша қаржы бөлу жөніндегі ұсыныстарын қарап, тиісті заңдылықтарға сәйкес қорытындылар дайындалды және қолдау тапқан мәселелер бойынша облыстық мәслихат шешімінің жобасына материалдар әзірленді.

     2016 жылға республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттердің басқармалар мен аудандарға бөлінген қаржыларға талдау жасалып тиісті жұмыстар жасалынды.

     ҚР Ұлттық экономика министрлігі сұратқан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық басқармалар мен аудандар бойынша мемлекеттік қызметкерлердің санын, олардың санаты, еңбек ақы деңгейі және мемлекеттік қызмет өтілі бойынша ақпарат тоқсан сайын әзірленіп, ұсынылады.

     Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің 2016 жылдың 1 қаңтарына және жыл ішінде қалыптасқан дебиторлық және кредиторлық қарыздардың бюджет заңнамаларына сәйкес негізділігіне талдау жасалынды.

     Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін айқындау мақсатында, барлық облыстық басқармаларының бюджеттеріне талдау жасалып, 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттік лимит көлемі анықталды.

     Облыс бойынша барлық мемлекеттік органдармен оларға қарасты мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуына (компьютерлік техника, қызметтік автокөлік, әкімшілік ғимарат, бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша)  талдау жасалынды. Одан басқа, ішкі істер органдарының 2014 және 2015, 2016 жылдарға арналған шығындарына талдау жасалынды.

     Қызылорда облысы әкімдігінің web порталына енгізетін материалдарды дайындау және web порталына енгізу бойынша жұмыс жасалынды.

     Облыс бойынша мемлекеттік органдардағы 1995 мемлекеттік қызметкер және штаттан тыс қызметкердің еңбек ақысына, функционалдық міндеттемелеріне  талдау жасалынып, сәйкессіздіктер бойынша нұсқаулық ретінде ұсыныстар жолданды, қазіргі таңда аталған мәселе бойынша жұмыстар жасалуда.

     Жүргізіліп жатқан әкімшілік реформа нәтижесінде мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және деңгейлер арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды.

     Жоғарғы органдардан бөлімге түскен құжаттардың, тапсырмалардың уақытылы орындалуы қамтамасыз етілді және бақыланды.

     Мекемелерден, азаматтардан және облыстық мәслихат депутаттарынан түскен хаттар мен сауалдарды қарап, заңдылықтарға сәйкес жауаптар берілді.

     Басқа да ағымдағы жұмыстар жүргізілді.

16.07.2016 ж


       Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында 2016 жылдың 1 тоқсанына атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

        Облыстың басқарма қызметі облыс әкімдігінің 2015 жылғы 25 мамырдағы №21 қаулысымен бекітілген «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне, Басқарманың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес атқарылуда. Басқарма облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жүзеге асыра отырып, облыстық бюджетті және облыстың басқа да даму бағдарламаларының басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастырып отыр. Жалпы есепті кезеңде осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылды.

       2016 жылдың I тоқсанында басқармада 001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту және облысты басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 2016 жылдың І тоқсанына 31377,0 мың теңге қаржы қаралған, оның ішінде 30971,2 мың теңгесі игерілген.

           011 «Республикалық бюджет есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 2016 жылдың І тоқсанына 7098,0 мың теңге қаржы қаралған, оның ішінде 7067,4 мың теңгесі  игерілген.

       108 «Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету және оған сараптама жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бағдарламасы бойынша 2016 жылға  17892,0 мың теңге қаржы қаралған.

      Барлығы игерілгені  98,9  пайызды құрап отыр.

 

             Инфрақұрылымдық жобалар аясында жұмыспен қамту2016 жылы Жұмыспен қамту 2020 жол картасының Бірінші бағыты аясында білім және мәдениет нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы 470 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Барлығы 13 мектеп, 7 бала бақша, 4 клуб, 2 мәдениет үйі мен 1 кітапхана күрделі жөндеуден өтетін болады. Осы мақсаттарға Республикалық және жергілікті бюджеттерден 1,3 млрд. теңгеден аса қаржы бөлінді.

Сондай-ақ, бүгінгі күнге жалпы сомасы 2,3 млрд.теңгені құрайтын 2017 жылға арналған бюджеттік өтінім жасалып Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне ұсынылды, осы жұмыстардың аясында 766 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр.

 

           2016 жылдың бірінші тоқсанына  денсаулық  сақтау саласының дамуы Қазақстан Республикасының денсаулық саласын дамытудың   2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында  2016 жылға денсаулық сақтау саласына  республикалық және облыстық бюджеттен 38,2 млрд.теңге қаржы бөлінген.

Медициналық көмек көрсетудің қол жетімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында 2016 жылы құрылыстары аяқталатын бірқатар нысандар бар:

            - Қызылорда қаласындағы 200 келушіге арналған көпбейінді балалар ауруханасы;

            - Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі 250 келушіге арналған аудандық емханасы;

            - Жаңақорған ауданы Түгіскен елді мекенінде дәрігерлік амбулатория құрылысы.

        Сонымен қатар материалдық жағдайын жақсартуға үшін:

            -  Сырдария аудандық орталық ауруханасына қарасты Амангелді ауылындағы ауылдық ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға 12,5 млн. теңге;

            -Облыстық және аудандық медициналық ұйымдарға медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға 567,2 млн. теңге;

            -Облыстық медициналық орталығына арнайы 2 бірлік жедел-жәрдем автокөлігі (реанимобиль) сатып алуға 29,4 млн.теңге;

            -Облыстық перинаталдық орталығынан туылғаннан кейінгі 30 төсектік сауықтыру бөлімін ашуға 34,6 млн.теңге;

         Облыстық онкология орталығынан 15 төсектік орны бар хоспис бөлімі ашылып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға қаржылар бөлінді. Сонымен қатар, қалалық №6 емхананың ауласына ангар және вакцина сақтау үшін 2 дана мұздатқыш сатып алуға қаржы бөлінді. 

05.04.2016ж


2015 жылға атқарылған жұмыстары туралы мәлімет.

 

     Облыстың басқарма қызметі облыс әкімдігінің 2015 жылғы 25 мамырдағы №21 қаулысымен бекітілген «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне, Басқарманың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес атқарылуда. Басқарма облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жүзеге асыра отырып, облыстық бюджетті және облыстың басқа да даму бағдарламаларының басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастырып отыр. Жалпы есепті кезеңде осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылды.

      2015 жылы басқармада 001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту және облысты басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 2015 жылға 107992,0 мың теңге қаржы қаралған, оның ішінде 107878,2 мың теңгесі игерілген.

  011 «Республикалық бюджет есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 2015 жылға  1139,0 мың теңге қаржы қаралған, оның ішінде 1024,8 мың теңгесі  игерілген.

  -005 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2015 жылға  83,0 мың теңге қаржы қаралған, оның ішінде 82,3 мың теңгесі  игерілген.

  -061 «Бюджеттік инвестициялар мәселелері бойынша құжаттаманы сараптау және бағалау, бюджеттік инвестициялардың  іске асырылуына бағалау жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2015 жылға  3752,0 мың теңге қаржы қаралған, оның ішінде 3750,4 мың теңгесі  игерілген.

  -108 «Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету және оған сараптама жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» кіші бағдарламасы бойынша 2015 жылға  938,0 мың теңге қаржы қаралған, оның ішінде 937,6 мың теңгесі  игерілген.

Барлығы игерілгені  99,8  пайызды құрап отыр.

 

      Инфрақұрылымдық жобалар аясында жұмыспен қамту. Жұмыспен қамту 2020 жол картасының Бірінші бағыты аясында 2015 жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысында 208 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 123 жұмыс орны. Барлығы 7 клуб, 5 балабақша, 2 мәдениет үйі, 1 мектеп пен 1 кітапханаға жөндеу жүргізілді.

            2016 жылы 5 білім нысаны мен 3 мәдениет нысанына күрделі жөндеу жүргізу бойынша 8 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Барлығы 90 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Аталған жобаларды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады.

            Сонымен бірге, 2015 жылдың 30 қарашасында Президенттің Қазақстан халқына Жолауын орындау үшін, оның ішінде жергілікті инфрақұрылымды дамыту және елді мекендерді абаттандыру бойынша жобаларды іске асыру арқылы еңбек нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Жұмыспен қамту 2020 жол картасының Бірінші бағытын қосымша қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне 6,3 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды.

 

            2015 жылғы денсаулық  саласының дамуы. Облыста қазіргі таңда 311 медициналық ұйым жұмыс жасайды, оның ішінде: 47 ауруханалық, 124 амбулаториялық мекеме және140 басқада медициналық ұйымдар.

      2015 жылға денсаулық сақтау саласына  облыстық бюджеттен 30,2 млрд.теңге қаржы қарастырылған болатын. Медициналық көмек көрсетудің қол жетімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында:

      Арал ауданы Сексеуіл кентінде 100 келушіге арналған ауылдық емхана құрылысы аяқталды;

     Облыстық наркология диспансері  ғимаратының А блогы жаңғыртылды;

     Жалағаш ауданы Жалағаш  кентінде 250 келушіге арналған  емхана құрылысы аяқталды.

     Сонымен қатар, 2016 жылы құрылыстары аяқталатын бірқатар нысандар:

     Қызылорда қаласындағы 200 келушіге арналған көп бейінді балалар ауруханасы;

      Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі 250 келушіге арналған аудандық емхана;

      Жаңақорған ауданы Түгіскен елді мекенінде дәрігерлік амбулатория құрылысы.

     2015 жылы бірқатар нысандардың ауласын қоршауға және күрделі жөндеу жұмыстарына барлығы 370,9 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:

     Сырдария ауданындағы туберкулезге қарсы күрес диспансері;

     Қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансері;

     Қызылорда қалалық перинаталдық орталығы;

     Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы.

     Сонымен бірге, аудандық және ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарына жылу маусымына дайындық жасау мақсатында жаңадан бу қазандықтар сатып алынды.

     Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласын дамытудың  «Жол картасы» бағдарламасы аясында Қазалы ауданында Бекарыстан би ауылдық ауруханасы ағымдағы жылы мамыр айында қайта ашылып жұмыстарын атқаруда.

    «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексі және денсаулық сақтауды дамыту 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Облыстық медицина орталығы ғимараты базасында                   «Call орталығы» ашылды. Бұл орталықтың мақсаты халыққа ақпараттық қамсыздандыруды сапалы әрі тиімді ұйымдастыру болып табылады.

     Денсаулық сақтау саласындағы дәрігерлік біліктілікті және орта буын қызметкерлерінің біліктіліктерін жетілдіру мақсатында облыстық медицина орталығы базасында «С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университет» филиалы ашылды.

12.01.2016ж


2015 жылдың 3 тоқсанына атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

  

     Облыстың басқарма қызметі облыс әкімдігінің 2015 жылғы 25 мамырдағы №21 қаулысымен бекітілген «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне, Басқарманың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес атқарылуда. Басқарма облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жүзеге асыра отырып, облыстық бюджетті және облыстың басқа да даму бағдарламаларының басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастырып отыр. Жалпы есепті кезеңде осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылды.

      2015 жылы басқармада 001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастру мен дамыту және облысты басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 2015 жылға 105645,0 мың теңге қаржы қаралған, үшінші жартыжылдыққа 81004,5 мың теңгесі игерілген.

011 «Республикалық бюджет есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 2015 жылға  1139,0 мың теңге қаржы қаралған. Үшінші жартыжылдығына 732,4 мың теңгесі  игерілген.

     Барлығы игерілгені 99,8 пайызды құрап отыр.

     Жұмыспен қамтамасыз ету: 2015 жылы Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші бағыты аясында әлеуметтік нысандарғы күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 16 инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру арқылы 199 уақытша жұмыс орнын құру жоспарланған.  

    Қазіргі таңда 13 әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып, 3 нысан бойынша жұмыстары жүргізілуде. 208 уақытша жұмыс орындары ашылды немесе жоспарланғаннан 104,5 % құрайды.

    Білім және мәдениет нысандарының жағдайын жақсарту мақсатында елді мекендер мен Қызылорда қаласындағы мектептердің, балабақшалардың және клубтардың күрделі жөндеу жұмыстарына басымдық берілді. Барлығы 7 клуб, 2 мәдениет үйі, 1 кітапхана, 5 балабақша мен 1

    2015 жылдың денсаулық сақтау саласының дамуы: Облыста қазіргі таңда 264 медициналық ұйым жұмыс жасайды, оның ішінде: 47 ауруханалық және 124 амбулаториялық мекеме.

2015 жылға  денсаулық сақтау медициналық ұйымдарына барлығы 29 997 151 мың теңге қарастырылған. Оның ішінде: 2015 жылы 10 шілдедегі Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті 38-сессиясының №279 шешімімен денсаулық сақтау саласына 157964 мың теңге бөлінді.

     Оның ішінде бірқатар нысандарды күрделі жөндеуден өткізу үшін және ғимараттардың ауласын қоршауға - 28022 мың теңге, оның ішінде мыналарға:

-    Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансеріне;

-    Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына;

-    Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансеріне.

    Сонымен қатар қысқы маусымға дайындық ретінде бірқатар денсаулық сақтау ұйымдарына қаржылар бөлінді. мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілуде.    

           6.10.2015ж


2015 жылдың 2 тоқсанына атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

 

       Басқарма қызметі облыс әкімдігінің 2015 жылғы 25 мамырдағы №21 қаулысымен бекітілген «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне, Басқарманың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес атқарылуда. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жүзеге асыра отырып, облыстық бюджетті және облыстың басқа да даму бағдарламаларының басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастырып отыр. Жалпы Басқарма бойынша есепті кезеңде осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылды.

    2015 жылы басқармада 001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту және облысты басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 2015 жылға 105329,0 мың теңге қаржы қаралған, оның ішіде бірінші жартыжылдыққа 51028,0 мың теңге  қаржы бөлінген. 2015 жылдың бірінші жартыжылдыққа 50576,8 мың теңгесі, яғни 99,1 пайызы игерілген.

011 «Республикалық бюджет есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 2015 жылға  1139,0 мың теңге қаржы қаралған. оның ішіде бірінші жартыжылдыққа 553,0 мың теңге  қаржы бөлінген. 2015 жылдың бірінші жартыжылдығына 476,3 мың теңгесі, яғни 86,1 пайызы игерілген.

    Барлығы игерілгені 99,0 пайызды құрап отыр.



    Жұмыспен қамтамасыз ету: 2015 жылы Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші бағыты аясында әлеуметтік нысандарғы күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 16 инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру арқылы 199 уақытша жұмыс орнын құру жоспарланған.  

    Бүгінгі күнге құрылыс-монтаж жұмыстары барлық әлеуметтік нысандар жүргізілуде. 166 уақытша жұмыс орындары ашылды.

    Білім және мәдениет нысандарының жағдайын жақсарту мақсатында елді мекендер мен Қызылорда қаласындағы мектептердің, балабақшалардың және клубтардың күрделі жөндеу жұмыстарына басымдық берілді. Барлығы 7 клуб, 2 мәдениет үйі, 1 кітапхана, 5 балабақша мен 1 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.    

    2015 жылдың денсаулық сақтау саласының дамуы: Облыста қазіргі таңда 264 медициналық ұйым жұмыс жасайды, оның ішінде: 47 ауруханалық және 124 амбулаториялық мекеме.

2015 жылға  денсаулық сақтау медициналық ұйымдарына барлығы 29 997 151 мың теңге қарастырылған. Оның ішінде: 2015 жылы 10 шілдедегі Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті 38-сессиясының №279 шешімімен денсаулық сақтау саласына 157964 мың теңге бөлінді.

     Оның ішінде бірқатар нысандарды күрделі жөндеуден өткізу үшін және ғимараттардың ауласын қоршауға - 28022 мың теңге, оның ішінде мыналарға:

-    Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансеріне;

-    Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына;

-    Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансеріне.

    Сонымен қатар қысқы маусымға дайындық ретінде бірқатар денсаулық сақтау ұйымдарына қаржылар бөлінді.



    Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласын дамытудың  Жол картасы аясында Қазалы ауданында Бекарыстан би ауылдық ауруханасын ұстау шығындарына -8 353 мың теңге.    



    Отандық  медицинаның дамуына байланысты бүйрек, бауыр  ағзаларын ауыстыру операциялары кеңінен жасалуда. Ота жасалғаннан кейінгі дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін қосымша - 12186 мың теңге қаражат бөлінді.

     Облыстағы тұрғындарға амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмектермен қамтамассыз ету мақсатында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шегінде үстіміздегі жылға өте қажетті препараттармен қамтамасыз ету үшін қосымша-86436 мың теңге бөлінді.

 14.07.2015ж


Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында 2015 жылдың 1 тоқсанына атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

 

         Басқарма қызметі облыс әкімдігінің 2012 жылдың 7 желтоқсаныңдағы № 671 қаулысымен бекітілген «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесіне, Басқарманың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес атқарылуда. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жүзеге асыра отырып, облыстық бюджетті және облыстың басқа да даму бағдарламаларының басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастырып отыр. Жалпы Басқарма бойынша есепті кезеңде осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылды.

        Басқармаға бөлінген қаржылардың игерілуі туралы: 2015 жылы басқармада 001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту және облысты басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 2015 жылға 112750,0 мың теңге қаржы қаралған, оның ішіде бірінші тоқсанға 31602,0 мың теңге  қаржы бөлінген. 2015 жылдың бірінші тоқсанына 29622,1 мың теңгесі, яғни 93,7 пайызы игерілген.

011 «Республикалық бюджет есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 2015 жылға  1063,0 мың теңге қаржы қаралған. оның ішіде бірінші тоқсанға 264,0 мың теңге  қаржы бөлінген. 2015 жылдың бірінші тоқсанына 219,5 мың теңгесі, яғни 83,1 пайызы игерілген.

Барлығы игерілгені 93,6 пайызды құрап отыр.

003 «Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету және оған сараптама жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2015 жылға 53187,0 мың теңге, 008-Жаңа бастамаларға арналған шығыстар бюджеттік бағдарламасы бойынша2015 жылға 8099300,0 мың теңге қаржы қаралған.

           Жұмыспен қамтамасыз ету: 2012 жылдан бастап Жұмыспен қамту 2020 жол картасының Бірінші бағыты аясында әлеуметтік нысандар мен инженерлік-көліктік инфрақұрылымды дамыту, елді мекендерді абаттандыру, дәрігерлік амбулаторияларды салу бойынша инфрақұрылымдық жобалар іске асырылады.

Қызылорда облысы бойынша 181 жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 7 млрд. теңгеден артық қаржы қаралды. Бұл тек жалпы білім беретін мектептердің, бала бақшалардың, ауылдық клубтардың, автомобиль жолдарының жағдайын жақсартуға мүмкіндік бере қоймай, сонымен қатар, Бағдарламаның негізгі міндеті болып табылатын жұмыссыз адамдарды уақытша жұмысқа орналасуға жағдай жасады.

Аталған жұмыстар осы жылы да жүргізілетін болады. 1 орта мектеп,     5 бала бақша, 7 ауылдық клуб ғимараттарына, 2 мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу және 1 кітапханаға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Барлығы 199 жаңа жұмыс орын

                                                                                               06.04.2015ж

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 10-04-2018 09:05

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика