Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

«Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесіне сәйкес көрсетілітін функциялары.

    «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қызылорда облысындағы стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асыруға Қызылорда облысының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

     Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тәртіпте басқарма Ережесіне сәйкес төмендегі функцияларды атқарады:

     Функциялары:

1) жыл сайын бес жылға арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлейді және оны облыс әкімдігінің қарауына енгізеді;

2) облысты дамыту бағдарламасын Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттары негізінде бесжылдық кезеңге, сондай-ақ, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді;

3) ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын келіседі;

4) облысты дамыту бағдарламасының іске асырылу мониторингін жүргізеді;

5) облыстық бюджеттік комиссиясының жұмыс органы функциясын жүзеге асырады;

6) облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінің арасында жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы облыстық мәслихат шешімі жобасын әзірлейді;

7) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, облыстық бюджетті жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді және облыстық бюджет жобасын облыстық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді;

8) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, облыстық бюджетке түсетін түсімдерді болжауды жүзеге асырады;

9) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді жоспарлы кезеңге облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының, облыстық бюджеттің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, облыстық бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындайды;

10) есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдаудың және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:

бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына, бюджеттік бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды;

бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттарымен, нысаналы индикаторларымен өзара байланыстылығы, нәтижелер көрсеткіштеріне қолжетімділік дәрежесі, сондай-ақ, олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды;

11) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды облыстық бюджеттік комиссияның қарауына жібереді;

12) облыстық бюджеттік комиссиясының облыс бюджетiнiң жобасы бойынша ұсыныстары негiзiнде облыс бюджетi туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын әзірлейді және оны облыс әкімдігінің қарауына ұсынады;

13) заңнамамен белгіленген тәртіппен кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

14) облыстық бюджет туралы облыстық мәслихат шешімін іске асыру туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

15) инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды дайындайды;

16) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың  қаржылық-экономикалық негіздемесін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды және олар бойынша экономикалық қорытынды дайындайды;

17) заңнамамен белгіленген тәртіппен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеуді жүзеге асырады және қорытындыны облыстық бюджеттік комиссияның қарауына жібереді;

18) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша, егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгіні құраған жағдайда:

концессиялық ұсыныстар бойынша;

конкурстық құжаттама бойынша, оның iшiнде оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде;

концессионердi таңдау жөнiндегi конкурсты өткiзу кезiнде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтiнiмдер бойынша;

концессия шарттары жобалары бойынша, оның iшiнде концессия шарттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде қорытындылар дайындайды;

19) конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ, қажетті сараптамалар жүргізу Басқарманың тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, облыстық бюджеттік комиссия мақұлдаған, концессиялық ұсыныстарда қамтылған концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастырады;

20) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы             7 шілдедегі Заңының 13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайда, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылатын концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын Қызылорда облысының әкімдігі айқындайтын заңды тұлғаға сараптамаға жiбередi;

21) Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес тиісті сараптамалар мен келісулер негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасы бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды облыстық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді;

22) концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөнінде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны облыстық бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді;

23) Басқарманың тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, облыстық бюджеттік комиссия мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық қолдау жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемдері бойынша концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің тізбесін қалыптастырады;

24) егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгіні құраған жағдайда, коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша конкурстық құжаттаманы және концессия шарттарын, оның iшiнде оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде келiседi;

25) концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларына сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде және Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, облыстық бюджеттiң инвестициялық мүмкiндiктерiне сәйкес жылжымалы негiзде жыл сайын үш жыл мерзiмге коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша тiзбенi қалыптастырады;

26) инвестициялық ұсыныстарды қарау қорытындылары бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ, қажетті сараптамалар жүргізуге берілген оң экономикалық қорытындының, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жөніндегі хаттың, техникалық тапсырманың негізінде қорытындылар қалыптастырады және оларды облыстық бюджеттік комиссиясының қарауына жібереді;

27) техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ, оларға қажетті сараптамалар жүргізу Басқарманың тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын, облыстық бюджеттік комиссия мақұлдаған, экономикалық қорытындысы бар инвестициялық ұсыныстарда қамтылған инвестициялық жобалар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастырады;

28) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес әзірленген техникалық-экономикалық негіздеме негізінде бюджеттік инвестициялық жобаларды қарайды;

29) Қызылорда облысының әкімдігі айқындайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ, нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен қаржыландыруға жоспарланатын жобалардың экономикалық қорытындысын дайындайды;

30) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарайды және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне олар бойынша экономикалық қорытынды жібереді;

31) бюджеттік инвестициялық жобаны облыстық бюджет жобасына енгізу үшін іріктеуді жүзеге асырады;

32) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың іске асырылуы мониторингін және бағалауды жүзеге асырады;

33) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға ұсынатын бюджеттік бағдарламаларды олардың бюджеттік кредиттеу критерийлеріне сәйкес келуі тұрғысынан қарайды;

34) төмен тұрған бюджеттердiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бағытталатын бюджеттік кредиттерді қоспағанда, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындайды;

35) байланысты гранттарды тартуға орталық мемлекеттік органға өтінім ұсынады;

36) мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті органға алдағы қаржы жылында байланысты емес гранттарды тарту мақсатында басым жобалардың тiзбесiн қалыптастыру үшiн өтінімдер бередi;

37) аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстың шекараларындағы қазiргi және жаңадан құрылатын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер мен жекелеген елдi мекендердi есепке алады және тiркейдi, сондай-ақ, оларды есептi деректерден шығарады;

38) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына экономикалық қорытынды дайындайды;

39) Қызылорда облысының әкімдігі айқындайтын заңды тұлға тартылған жағдайда, оның сараптамасы негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына қорытынды дайындайды;

40) облыстық бюджеттік комиссия мақұлдаған, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тұжырымдамаларында қамтылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша конкурстық құжаттамаларын әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ, оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу Басқарманың тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тiзбесiн қалыптастырады;

41) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын Қызылорда облысының әкімдігі айқындайтын заңды тұлға тартылған жағдайда, оған сараптамаға жiбередi;

42) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес тиiстi сараптамалар мен келiсулер негiзiнде конкурстық құжаттама бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды облыстық бюджеттік комиссиясының қарауына енгiзедi;

43) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөнiнде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны облыстық бюджеттік комиссиясының қарауына енгiзедi;

44) Басқарманың тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, облыстық бюджеттік комиссия мақұлдаған әрбiр мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердi қаржыландыру көлемдерi бойынша консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiн қалыптастырады;

45) өз құзыреті шегінде құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар қолданады, азаматтардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы шараларды іске асырады;

46) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 07-04-2017 09:05

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика