«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің қоғамдық-саяси тарихы бойынша филиалы
«Шежіреші ғалымның ғибратты ғұмыры»
«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші, Сыр өңірінің тарихы мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің шежіресін, оның ғылыми жұмыстары мен табысын сараласақ, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, КСРО халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Мәди Құрманұлы Киреевтің есімімен байланыстыруға болады.
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің қоғамдық-саяси тарихы бойынша филиалының қорындағы «Сыр елінің ғалымдары» жеке тектік қор коллекциясындағы архив құжаттарынанҰстаз–ғалым, тарихшы, қоғам қайраткері, профессорМ.Қ.Киреевтің туылғанына 90 жыл толуына орай «Шежіреші ғалымның ғибратты ғұмыры» атты көрме дайындалды.
Көрменің мақсаты: Шежіреші атанған ғалым-ұстаздың өмірлік ғибратын кейінгі ұрпаққа дәріптей отырып, жас буынды ғылымға, өз туған жерінің тарихын білуге, Сыр тарихын ұлықтауға бағытталады.
М.Қ.Киреев 1929 жылы Орал облысы, Тайпақ ауданында дүниеге келген. 1931 жылы жанұясы Алматыға көшіп келіп, 1935-1944 жылдары Алматыдағы №18 Жамбыл Жабаев атындағы мектепте, 1944-1948 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық мұғалімдік институтының тарих факультетінде оқыған. Ағарту министрлігі жолдамасымен Қызылорда пединститутында еңбек жолын бастаған. М.Қ.Киреев мұнан кейінгі барлық ағартушылық, ұстаздық және ғылыми жұмысын Сыр Өңіріне, оның тарихы мен мәдениетіне, халық мұрасына, оларды жинақтауға, насихаттауға арнаған. 
1959-1964 жылдарда Қазақстан Компартиясы Қызылорда Облыстық комитетінде лекторлар тобының жетекшісі, мектеп және жоғарғы оқу орындары бөлімінің меңгерушісі, өлке құрылуына байланысты облыстық ауылшаруашылық өндірістік басқармасы партия комитетінің хатшысы қызметтерінде болды. 
1954-1994 жылдары марксизм–ленинизм университетінде кафедра меңгерушісі болып, қалалық, облыстық мекемелердің басшылары, өндірістік жетекшілердің саяси білімін жетілдірумен бірге 1960-1980 жылдарда өзі де Алматы, Киев, Москва, Ленинград университеттері жанындағы білім жетілдіру курстарында оқып, үнемі тәжірибесі мен білімін шыңдады. 
1970 жылы «Қазақстан коммунистік партиясының республикадағы суармашылық егіншілікті дамытудағы ролі» деген кандидаттық диссертациясын қорғады. 
М.Қ.Киреевтің жарияланған ғылыми еңбектерінің саны 100-ден асады, 7 оқу-әдістемелік құралдары бар. Өлке тарихына байланысты жазылған еңбектері де жетерлік. Арнаулы курстың авторы, қорқыттанушылар мектебінің негізін қалаушылардың бірі.
1999 жылы Қызылорда қалалық мәслихатының XXV сессиясының шешімімен Киреев Мәди Құрманұлына «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Ғылыми және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі үшін «КСРО халық ағарту ісінің үздігі», «ҚР білім беру ісінің үздігі» белгілерімен, «Құрмет белгісі» орденімен және мерекелік бірқатар медальдарымен, соның ішінде «Астана медалімен», Құрмет Грамоталармен, Алғыс хаттармен марапатталды. 
Көрмеге жеке тектік қор иесінің жеке басын куәландыратын құжаттардың,кадрлар есебінің жеке іс парағы, партиялық, комсомолдық, әскери билеттерінің көшірмелері, конференция делегатының мандаттары, Грамоталары, қызметтік және мадақтау куәліктері, кітаптары, мақалалары және әр түрлі кезеңдегі суреттері қойылды. 

 

Мәди Құрманұлы Киреевтың жеке суреті
 
Тарихшы Мәди Құрманұлы Киреевтың өмірбаяны
 

 

Тарихшы Мәди Құрманұлы Киреевтың жеке іс-парағы
 

 

Әскери билеті, 1968 ж

 

Партиялық билеті, 1973 ж
 
Кәсіподақ билеті, 1949 ж
 
Абай атындағы Алматы  мемлекеттік педагогика институтын бітіргені туралы дипломы, 1944-1948 жж
 
Қоркыт Ата ҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры және ардагері куәлігі, 2006 ж
 
 
Қызылорда облыстық коммунистік партия комитетінің Қазақстан Компартиясы Қызылорда облыстық ауылшаруашылық ұйымдарының парткомының секретары куәлігі,1963 ж
 
Қорқыт Ата ҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры куәлігі
 
Қызылорда қалалық ХШ комсомол конференциясының делегатмандаты
 
Облыстық партия конференциясының делегат мандаты
 
Қорқыт Ата ҚМУ КПСС тарихы кафедрасының доценттік аттестаты, 1972 ж
 
«Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағының куәлігі
 
Қазақ КСР Педагогикалық қоғамы Республикалық Кеңесінің Президиумының Құрмет грамотасы
 
Қызылорда облысы әкімі С.Нұрғисаевтың Алғыс хаты, 2001 ж
 
Қызылорда облыстық партия комитетінің Құрмет грамотасы, 1979 ж
 
Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Құрмет Грамотасы, 1968 ж
 
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Құрмет грамотасы, 1968 ж
 
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың бастамашыл тобының мүшесі болып тіркелген куәлігі, 1998 ж
 
Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай «Ерлік еңбегі үшін»мерекелік медалінің куәлігі, 1970ж
 
Ағасы Қанапия және оның отбасы
 
Мәди Киреев қызы Әлиямен бірге
 
 
М.Киреев отбасымен бірге
 
М.Киреев профессор М.Матаевпен және кафедра оқытушыларымен бірге
 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті студенттерімен бірге
 
 
 
Құрылған күні: 30-09-2019 16:42
Жаңартылған күні: 01-10-2019 09:16

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика