Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).


Қызылорда  облысының  2017 жылдың қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

 

Өнеркәсіп. 2017 жылдың қаңтар-қарашасында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 695,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде де өсу байқалуда. Жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі және мұнай өңдеу өнімдерін өндірудің артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 5,4 пайызға қамтамасыз етілді (98,3 млрд. теңгенің  өнімі  өндірілді).

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2017 жылы жалпы құны 37,6 млрд.теңгені құрайтын, 284 жұмыс орындары құрылатын 2 жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Олар:

1) «Табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы («Orda Glas ltd» ЖШС)

Жоба құны – 36,7 млрд. теңге;

Қуаттылығы – жылына 197,1 мың тонна;

Жүзеге асу орны – Қызылорда қаласы;

Жұмыс орны – 226 адам.

Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Қызылорда қаласы индустриялық аймақтан 50 га жер телімі және инвестициялық преференция ретінде заттай грант, салықтық жеңілдіктер, кедендік баждан босату мен шетелдік жұмыс күшін тарту үшін квоталар берілді (жобаның қаржылық жағдайына байланысты іске қосылу уақыты 2017 жылдан 2018 жылға ауыстырылды).

2) «Екіокись молибден ұнтағын үшокись молибденге техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру» жобасы («ТРИМО» ЖШС)

Жоба құны – 871,5 млн. теңге;

Қуаттылығы – жылына 500 тонна үшокись молибден өндіру;

Жүзеге асу орны – Қызылорда қаласы;

Жұмыс орны 58 адам.

Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Қызылорда қаласы индустриялық аймақтан 4 га жер телімі берілген (құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізу мерзімінің ұзартылуына байланысты жобаны іске қосылу уақыты 2017 жылдан         2018 жылға  ауыстырылды).

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 189,9 млрд. теңгені құрады немесе 2016 жылдың осы кезеңіне 101,6 пайыз.

Құрылыс жұмыстардың көлемі 62,9 млрд. теңгені құрады немесе                     2016 жылдың осы кезеңіне 108,3 пайыз.

555,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне 120,3 пайыз.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 82,8 млрд.теңгені құрады немесе 2016 жылдың сәйкес мерзіміне 104,1 пайыз.

Есепті кезеңде 31,0 мың тонна тірілей салмақтағы мал және құс еті (102,6%), 76,5 мың тонна сиыр сүті (101,3%), 6,1 млн. дана жұмыртқа (117,7%) өндірілді.

Көлік. Автокөлік кәсіпорындарымен 332,9 млн.жолаушы тасымалданды немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне 109,3 пайыз. Жолаушылар айналымы осы кезеңде 9,3 пайызға өсіп 5 916 млн. жолаушы шақырымға жетті.

Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады (2017 жылдың 3-ші тоқсанына).

21 635 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыспен 12 539 адам, жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыстарға 6 249 адам, жастар тәжірбиесімен 1 726 адам, әлеуметтік жұмыстарға 1 121 адам жіберілді.

2017 жылдың қаңтар-қарашасында 12 496 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 10 985 тұрақты.

2017 жылдың қаңтар-қыркүйегінде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 121 111 теңгені құрады, яғни 2016 жылдың тиісті кезеңіне 4,4 пайызға өскен.

Тұтыну бағаларының индексі 2017 жылдың қараша айында 2016 жылдың желтоқсанына қарағанда 105,6 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 105,2 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 107,6 пайыз, ақылы қызметке – 104,0 пайыз.

Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 94 076 млн. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсімі түсті немесе  болжамға 101,0 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке  54 831 млн. теңге түсті (болжамға 99,7 пайыз), жергілікті бюджетке 39 244,2 млн. теңге (болжамға 102,7 пайыз). 

5.01.2017 ж


Мақсаттар мен бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша Қызылорда облысы әкімдігі қызметінің тиімділігін бағалаудың 2016 жылға қорытындысы туралы

 

«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес мемлекеттік органдардың қадағаланатын саланы/аяны/өңірді дамытуды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдалану бойынша қабылдайтын шараларының тиімділігін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының ұлттық экономика, қаржы министрліктермен «Мақсаттар мен бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу» блогы бойынша 2016 жылдың қорытындысымен Қызылорда облысы әкімдігі қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілді.

         Аталған бағалау 2016 жылдың қорытындысымен 2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасын іске асыру  жөніндегі  есебі, Қызылорда облысының даму бюджеті, статистикалық, ведомстволық және басқа да мәліметтер негізінде жүзеге асырылды.

         Бұл блок бойынша 2016 жылға  бағалау  қорытындысы 72 баллды құрады және өңірлер бөлінісінде облыс 3 орынды иеленді.

        08.08. 2017 жыл


Қызылорда  облысының  2017 жылдың қаңтар-мамырындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

2017 жылдың қаңтар-мамырында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 297,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 97,1 пайызды құрады.

Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде де өсу байқалуда. Тамақ өнімдері және басқалай металл емес минералды өнімдерінің артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 9,4 пайызға қамтамасыз етілді (41,5 млрд. теңгенің  өнімі  өндірілді).

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2017 жылы жалпы құны 37,6 млрд.теңгені құрайтын, 284 жұмыс орындары құрылатын 2 жобаны іске қосу жоспарлануда. Олар:

  1. «Табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы Orda Glass ltd» ЖШС). Құны – 36,7 млрд.теңге. Қуаттылығы жылына – 197,1 мың тонна. Жұмыс орны – 226 адам. Пайдалануға беру мерзімі - 2017 жылдың 4 тоқсаны.
  2. «Екіокись молибден ұнтағын үшокись молибденге техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру» жобасы («ТРИМО» ЖШС). Құны – 871,5 млн.теңге. Қуаттылығы жылына – 500 тонна үшокись молибден өндіру. Жұмыс орны – 58 адам. Пайдалануға беру мерзімі - 2017 жылдың 2-ші жарты жылдық.

Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Қызылорда қаласы индустриялық аймақтан 4 га жер телімі берілген.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 53,8 млрд. теңгені құрады немесе 2016 жылдың осы кезеңіне 121,0 пайыз.

Құрылыс жұмыстардың көлемі  15,2 млрд. теңгені құрады немесе 2016 жылдың осы кезеңіне 110,4 пайыз.

267,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне 163,9 пайыз.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 12,0 млрд.теңгені құрады немесе 2016 жылдың сәйкес мерзіміне 102,2 пайыз.

Есепті кезеңде 12,5 мың тонна тірілей салмақтағы мал және құс еті (102,7%), 29,9 мың тонна сиыр сүті (101,9%), 1,6 млн. дана жұмыртқа (101,8%)   өндірілді.

2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемі 5,5 пайызға төмендеп, 33,2 млн. тонна жүкті құрады. Жүк айналым көлемі өткен  жылдың тиісті кезеңі деңгейінде сақталып, 4 851,1 млн. тонна шақырымды құрады.

Автокөлік кәсіпорындарымен 133,5 млн.жолаушы тасымалданды немесе  2016 жылдың тиісті кезеңіне 108,6  пайыз. Жолаушылар айналымы осы кезеңде 8,3 пайызға өсіп, 2 482,4 млн. жолаушы шақырымға жетті.

Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады (2017 жылдың 1-ші тоқсанына).

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 13 896 адам хабарласты, соның ішінде 6 205 адам (44,6 пайыз) жұмысқа орналасты.

2017 жылдың қаңтар-мамырында 5 129 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 4 819 тұрақты.

2017 жылдың бірінші тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 115 970 теңгені құрады, яғни 2016 жылдың тиісті тоқсанына 6,3 пайызға өскен.

Тұтыну бағаларының индексі 2017 жылдың мамыр айында 2016 жылдың желтоқсанына қарағанда 102,5 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 103,9 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 102,8 пайыз, ақылы қызметке – 100,5 пайыз.

Мемлекеттік бюджетке 42 256,4 млн. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсімі түсті немесе  болжамға 111,2 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке  25 174 млн. теңге түсті (болжамға 110,6 пайыз), жергілікті бюджетке 17 082,4 млн. теңге (болжамға 112,1 пайыз). 

 

 

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ  ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

 Жүктеу...323 КБ

 

 

 

01.07.2017 жыл


Балық шаруашылығын дамыту

     Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ағымдағы жылы "Балық өсіру және балық шаруашылығы өнімін және өнімділігін арттыруды субсидиялау" Қағидасының жобасын әзірлеп, облыстарға балық өсірумен айналысатын субъектілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуге жолдаған.

     Осыған байланысты, облыста жұмысшы топ құрылып, іс-шара жоспары бекітіліп аудандарға шығып, тиісті жұмыстар жүргізілді.

     Субсидия балық шаруашылығы субъектілеріне 30 пайызға дейін шығындарын балық өсіруде қолданатын жем алуға, өніділген өнімнің өзіндік құнын төмендетуге бағытталған мемлекеттік көмек болып табылады. 

           

     Тауарлы балықтың 1 кг-на өсіруге жұмсалатын жемнің нормативі

 

р/с

Тауарлы балықтың түрлері

Тауарлы балықты өсіруге жұмсалатын жемнің көлемі (нормасы), кг

1

Архан және оның тұқымдастары

1,2

2

Бекіре және оның тұқымдастары

1,5

3

Тұқы және оның тұқымдастары

4,0

 

 

Қолданатын жемнің 30 пайызға дейін шығындарына

төленетін субсидия нормативі

 

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

Бір бірлікке субсидия нормативі,

 теңге

 

Жемге жұмсалған шығынның 30 пайызын өтеу, келесі балық түрлері бойынша:

 

 

1

Архан және оның тұқымдастары

кг

360

2

Бекіре және тұқымдастары

кг

300

3

Тұқы және оның тұқымдастары

кг

30

 

        Балық шаруашылығы субъектілеріне субсидия төлеудің тәртібі, ұсынылатын құжаттар, олардың мерзімі тағы басқа мағлұматтар беріліп, олардан ұсыныс, пікірлер алынды.

        Аталған қағида 2017 жылдың шілде айында бекітіледі деп межеленуде, бекітілгеннен кейін балық шаруашылығы субъектілері мемлекеттік қолдауға ие болады.  

24.04.2017 ж


  Ағымдағы жылдың наурыз айында қалыптасқан бағалар.

Ағымдағы жылдың наурыз айында инфляция деңгейі республика бойынша орташа көрсеткіштен біршама төмен (облыс - 101,7%, ҚР – 102,3%) қалыптасты.

Бұл азық-түлік тауарларына (облыс – 102,7%, ҚР – 103,2%) және коммуналдық қызметтер (облыс – 100,2%, ҚР – 101,7%) тарифтерінің төмендеуімен байланысты.

Азық-түлік емес тауарларға  (облыс – 102,0%, ҚР – 101,7%) бағалардың өсімі бензинге – (1,2%), газеттер, кітаптар және кеңсе тауарларына, жуғыш және тазалағыш құралдарға – (0,4%), киім және аяқ киімге, фармацевтикалық өнімдерге – (0,1%) байланысты.

05.04.2017


Қызылорда  облысының  2017 жылдың қаңтар

айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

     2017 жылдың қаңтарында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 57,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 94,3 пайызды құрады.

     Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде де өсу байқалуда. Тамақ өнімдері және басқалай металл емес минералды өнімдерінің артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 5,5 пайызға қамтамасыз етілді (6,9 млрд. теңгенің  өнімі  өндірілді).

     Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2017 жылы жалпы құны   37,6 млрд.теңгені құрайтын, 368 жұмыс орындары құрылатын 2 жобаны іске қосу жоспарлануда. Олар:

     1) «Табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы («Orda Glas» ЖШС)

     Жоба құны – 36,7 млрд. теңге;

     Қуаттылығы – жылына 197,1 мың тонна;

     Жүзеге асу орны – Қызылорда қаласы;

     Жұмыс орны – 310 адам;

     Жобаның іске қосылу уақыты - 2017 жыл ІV тоқсан.

     Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Қызылорда қаласы индустриялық аймақтан 50 га жер телімі және инвестициялық преференция ретінде заттай грант, салықтық жеңілдіктер, кедендік баждан босату мен шетелдік жұмыс күшін тарту үшін квоталар берілді.

    2) «Қуаттылығы жылына 500  тонна екіокись молибден ұнтағын үшокись молибденге техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру» жобасы («ТРИМО» ЖШС)

    Жоба құны – 871,5 млн. теңге;

    Қуаттылығы – жылына 500 тонна;

    Жүзеге асу орны – Қызылорда қаласы;

    Жұмыс орны 58 адам;

    Жобаның іске қосылу уақыты - 2017 жыл ІІ тоқсан.

    Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Қызылорда қаласы индустриялық аймақтан 4 га жер телімі берілген.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5,8 млрд. теңгені құрады немесе 2016 жылдың осы кезеңіне 156,4 пайыз.

    Құрылыс жұмыстардың көлемі  0,8 млрд. теңгені құрады немесе 2016 жылдың осы кезеңіне 48,0 пайыз.

    34,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне 144,3 пайыз.

    Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2,3 млрд.теңгені құрады немесе 2016 жылдың сәйкес мерзіміне 102,6 пайыз.

    Есепті кезеңде 2,8 мың тонна тірілей салмақтағы мал және құс еті (102,6%), 5,3 мың тонна сиыр сүті (102,3%), 0,2 млн. дана жұмыртқа (102,3%)   өндірілді.

    2017 жылдың  қаңтарында 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемі 4,3 пайызға төмендеп, 6,5 млн. тонна жүкті құрады. Жүк айналымы 1,9 пайызға төмендеп, 1070,8 млн. тонна шақырымды құрады.

    Автокөлік кәсіпорындарымен 25,4 млн.жолаушы тасымалданды немесе  2016 жылдың тиісті кезеңіне 107,6  пайыз. Жолаушылар айналымы осы кезеңде 7,6 пайызға өсіп, 477,4 млн. жолаушы шақырымға жетті.

    Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады (2016 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша).

    Жұмыспен қамту қызметіне хабарласқан 4510 азаматтардың 1939-ы жұмысқа орналасты, оның ішінде тұрақты жұмыспен 1 320 адам,  жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыстарға 606 адам және жастар тәжірибесіне 13 адам жіберілді.

    2017 жылдың қаңтар айында 759 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 717 тұрақты.

    2016 жылдың 4 тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 123 362 теңгені құрады, яғни 2015 жылдың сәйкес кезеңінен 15,4 пайызға өскен.

    Тұтыну бағаларының индексі 2017 жылдың қаңтар айында 2016 жылдың желтоқсанына қарағанда 100,5 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 100,7 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 100,8 пайыз, ақылы қызметке – 99,8 пайыз.

    Мемлекеттік бюджетке 5 131,6 млн. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсімі түсті немесе  болжамға 117,8 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке  3 049 млн. теңге түсті (болжамға 108,9 пайыз), жергілікті бюджетке 2 082,6 млн. теңге (болжамға 133,8 пайыз). 

 

11.03.2017 ж


Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында облыстың 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, 2017 жылдың міндеттері айқындалды

     Әлемдік нарықтағы тұрақсыз жағдайға қарамастан, 2016 жылдың қорытындысымен өңірдің бірқатар әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң тенденциялар байқалуда.

     Атап айтқанда, 2016 жыл бойы өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар бойынша республиканың өзге өңірлері арасында ең жоғарғы даму қарқыны қамтамасыз етілді. Сөйтіп  шикізаттық емес секторда 2016 жылы өсім 15 пайызды құрады, орташа республикалық көрсеткіш 0,7 пайыз.

     Экономиканы әртараптандыру бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, соңғы 4 жылда жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі өңдеу секторының  үлесі 3,1 есеге артып, 2016 жылдың қорытындысы бойынша 18,1 пайызды құрады, 2012 жылы 5,8 пайыз болған.

     Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенінде де тұрақты даму тенденциясы бар. Мал басы мен мал өнімдерінің өсу тенденциясы байқалуда. 2016 жылы күріштен тағы да рекордтық өнім жиналды. Ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі 2,3 есеге өсті.

     Жыл ішінде экономика салаларында 11 206 жұмыс орны құрылды, оның 9 873-і тұрақты. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейін 4,8 пайызға, оның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздықты – 4,1 пайызға төмендетуге мүмкіндік болды.

     Облыстың 3 аудан орталығы газдандырылды, сонымен қатар Байқоңыр қаласына газ тартылды.

     Облыс орталығын жер асты су көздерімен қамтамасыз ету бойынша жобаны жүзеге асыру аяқталды.

     Көлік саласындағы барлық көрсеткіштер бойынша оң өсу тенденциясы сақталуда.

     Жыл бойы тұтыну бағаларының индексі республика бойынша орташа көрсеткіштен төмен болып қалыптасты. 2016 жылдың қорытындысы бойынша ол 108,4 пайыз деңгейінде құралды, ҚР бойынша – 108,5 пайыз.

     Жыл қорытындысымен құрылыста 543,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп,  2015 жылға қарағанда 16,8 пайызға артты. Оның ішінде пайдалануға берілген мемлекеттік тұрғын үй көлемі 123,5 мың шаршы метрді құрады немесе 1864 пәтер.

    43 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілді (білім саласында – 22, денсаулық сақтауда – 14, әлеуметтік салада – 1, мәдениетте – 3, спортта – 1, мемлекеттік органдарды дамытуда – 2), оның 23-і іске қосылды (білім саласында – 6, денсаулық сақтауда – 13, әлеуметтік салада – 1, мәдениетте – 2, мемлекеттік органдарды дамытуда – 1.

     2016 жылы облыс бюджеті 238,1 млрд.теңгеге жеткізіліп, 2016 жылға қарағанда 55,2 млрд. теңгеге артты.

     Мәжіліс қорытындысымен, облыс әкімі тиісті басқармалар мен департаменттерге (келісім бойынша) тапсырма берді:

     Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы мен 2017 жылға арналған Меморандумда жоспарланған барлық параметрлерге қол жеткізуді қамтамасыз ету;

     Жергілікті инвестициялық жобалардың қаржыландырылуын қамтамасыз ету (2017 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде);

     Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлардың бағасын тұрақтандырға бағытталған жұмыстарды жалғастыру бойынша және басқа да тапсырмалар.

23.01.2017 ж


Қызылорда  облысының  2016 жылдың қаңтар-желтоқсан

айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

     Өнеркәсіп. 2016 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 645,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

     Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде де өсу байқалуда. Тамақ өнімдері, химия және металлургия өнеркәсібінде, резеңке және пластмасса бұйымдарын шығарудың артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 15,0 пайызға қамтамасыз етілді (117,0 млрд. теңгенің  өнімі  өндірілді).

     Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2016 жылы жалпы құны 1815,4 млн.теңгені құрайтын, 283 жұмыс орын құрылатын 5 жобаның іске қосылды. Олар:

  1. «Ас тұзы өндірісі» жобасы («Аралтұз» АҚ)

      Жоба құны – 1340,0 млн.теңге;

      Жоба қуаттылығы – жылына 108 мың тонна;

      Жүзеге асу орны – Арал ауданы;

      Жұмыс орындары – 200 адам;

      2016 жылғы 21 желтоқсанда іске қосылды.

      Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарының аясында жеңілдетілген несие берілді.

      2) «Газ құрылғыларын алу және автокөлікті газбен жабдықтайтын стансасының құрылысы» жобасы  («Газ трейд» ЖШС)

      Жоба құны – 380 млн.теңге;

      Жоба қуаттылығы – жылына 3,4 млн. текше метр газ;

      Жүзеге асу орны – Қызылорда қаласы;

      Жұмыс орындары – 27 адам.

      Жоба 2016 жылғы 16 наурызда (қабылдау актісі) іске қосылды.

      Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде ауданы 20 сотық жер телімі берілді.

      3) «Нан және нан өнімдері мен кондитерлік өнімдер шығару жобасы («Retail A-A» ЖШС)

       Жоба құны – 45 млн. тенге;

      Жоба қуаттылығы –  жылына 564 тонна нан өнімдері;

      Жүзеге асу орны – Қызылорда қаласы;

      Жұмыс орны  – 30 адам.

     2016 жылғы 11 маусымда іске қосылды.

      Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие ресурстарын алды.

      4) «Ет және ет өнімдерін өндіру, тұшпара цехын ұйымдастыру» жобасы («Берекет» ШҚ)

      Жоба құны – 38,3 млн. теңге;

      Жоба қуаттылығы – жылына 500  тонна ет өндіру, 96 мың кг тұшпара;

      Жүзеге асу орны – Арал ауданы;

      Жұмыс орындары – 9 адам.

      Жобаның 2016 жылдың 23 маусымында іске қосылды.

      Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Арал ауданының индустриялық аймағынан ауданы 1 га жер телімі берілген.

       5) «Кірпіш зауытын кеңейту» жобасы (ЖК «Дәулет»)

      Жоба құны – 12,1 млн.теңге;

      Жоба қуаттылығы – жылына 5,2 млн.дана кірпіш;

      Жүзеге асу орны – Сырдария ауданы;

      Жұмыс орындары – 17 адам;

      Жобаның іске қосылуы 2016 жылғы тамызда іске қсоылды.

      Мемлекеттік көмек ретінде жер қойнауын тікелей келіссөздер арқылы алуға рұқсат берілді.

      543,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне 116,8 пайыз.

      Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 79,0 млрд.теңгені құрады немесе 2015 жылдың сәйкес мерзіміне 107,3 пайыз.

      Есепті кезеңде 34,2 мың тонна тірілей салмақтағы мал және құс еті (103,6%), 83,7 мың тонна сиыр сүті (101,1%),  5,7 млн. дана жұмыртқа (100,9%)   өндірілді.

      Көлік. Автокөлік кәсіпорындарымен 335,5 млн.жолаушы тасымалданды немесе  2015 жылдың тиісті кезеңіне 112,5  пайыз. Жолаушылар айналымы осы кезеңде 7,4 пайызға өсіп, 5 991,7 млн. жолаушы шақырымға жетті.

      Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады (2016 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша).

      23 805 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыспен 16518 қамтылды,  жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыстарға 7052 адам, әлеуметтік жұмыстарға 102 адам және жастар тәжірибесіне 133 адам жіберілді.

      2016 жылы 11206 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 9873 тұрақты.

      2016 жылдың 3 тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 117 584 теңгені құрады, яғни 2015 жылдың сәйкес кезеңінен 12,0 пайызға өскен.

      Тұтыну бағаларының индексі 2016 жылдың желтоқсан айында 2015 жылдың желтоқсанына қарағанда 108,4 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 110,1 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 108,4 пайыз, ақылы қызметке – 106,5 пайыз.

      Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 89 616,1 млн. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсімі түсті немесе  болжамға 107,0 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке  47 451 млн. теңге түсті (болжамға 110,4 пайыз), жергілікті бюджетке 42 165,1 млн. теңге (болжамға 103,4 пайыз). 

20.01.2017 ж


Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі даму Стратегиясын жүзеге асыру туралы

 

     2016 жылдың 4 қарашасында Қызылорда қаласында облыс әкімі Қ.Көшербаев Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі даму Стратегиясының жүзеге асырылу барысы талқыланған кеңес өткізді. Онда Ресей халық шаруашылығы академиясының ғалым-экономистері және осы құжатты әзірлеуде еңбек еткен академик Абель Аганбегян бастаған Ресей Федерациясының Президенті жанындағы мемлекеттік қызметтің мүшелері қатысты.

     Стратегияны әзірлеу барысында, өңір 2015 жылы қол жеткізуі тиіс мақсаттар мен индикаторлар белгіленген.

     Бірақ, соңғы жылдары мұнай бағасының түсіп кетуі және оның көлемінің азаюы салдарынан күрделі жағдай қалыптасты. Стратегия қабылданғаннан бері, негізінен бүкіләлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты бірқатар өзгерістер мен түзетулер жасалды.

     Бүкіләлемдік дағдарыс жағдайына қарамастан, жоспардағы өңірдің дамуындағы негізгі бағыттар өзінің дұрыстығын көрсетті. Қазірдің өзінде –ақ бірқатар қол жеткізілген табыстар бар. Мысалы:  

     Қызылорда облысы  өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны бойынша бірнеше жыл қатарынан үздік орында келе жатыр.

    Әрине, экономиканың құрылымын өзгерту – бір жылдың жұмысы емес және көптеген факторларға байланысты. Осыны ескере отырып, қазіргі кезде көмірсутекті шикізаттың жаңа кен орындарын қарқынды игеру мәселесі шешілуде.

    Облыста шикізаттық секторға тәуелділікті азайтуға ықпал ететін бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Бұл - шыны зауытының, ферроқорытпа зауытының құрылыстары, Баласауысқандық, Құрымсақ ванадий кен орындарын игеру, «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнын қалпына келтіру, тау-кен байыту комбинатын және газтурбиналық электрстансасын салу. Онан бөлек, Жаңақорған және Шиелі аудандарында құрылыс және тампонажды цемент шығаратын зауыттардың құрылыстары басталды.

    Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы да қарқынды дамуда. Бүгінде өңір ауыл шаруашылығына инвестиция тарту бойынша республикада бірінші орында тұр. Нәтижесінде күріш саласының даму деңгейі жақсарды, күріштің өнімділігі артты, мал басы мен мал шаруашылығы өнімдері өсті.

    Құрылыс индустриясының дамуына ықпал етіп қана қоймай, әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесетін тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері де жақсы.

    Жалпы алғанда, бүгінде өңірдің стратегиясы өзінің жемісін беруде және облыстың индустриялық-инновациялық даму нүктесіне айналды.

    Кеңес қонақтары облыстың даму динамикасына көңілдері толып, бірқатар ұсыныстар айтты. Мысалы, қазіргі жағдайда өңірге бірінші кезекте қажет:

инновациялық технологиялар мен әдістер қолдану арқылы мұнай мен газдан «түсу»;

    туризмді дамытуға ставка жасау;

    машинажасауды дамыту және ауыл шаруашылығы техникаларын шығаруға, ақпараттық технологиялар саласына мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлу.

    Кеңестің қорытындысы бойынша тиісті лауазымды тұлғаларға тапсырмалар берілді.

11.11.2016 ж.


  Облыстың 2016 жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды

 

  Жалпы алғанда әлеуметтік-экономикалық дамудың бірқатар көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталуда.

  Өнеркәсіптің мұнай өңдеу саласында теріс тенденция қалыптасқанына қарамастан соңғы жылдарда өңдеу өнеркәсібінде өсім қамтамасыз етілуде.

  Ағымдағы жылдың 8 айында тамақ өнімдері, химия және металлургия өнеркәсібінде, резеңке және пластмасса бұйымдарын шығарудың артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 15,7 пайызға қамтамасыз етілді (78,0 млрд. теңгенің  өнімі  өндірілді).

  Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында өңірде жобалар іске асырылуда. Ағымдағы жылы жалпы құны 2013,8 млн. теңге құрайтын 8 жобаны пайдалануға беру жоспарланса, қазіргі таңда оның 3-еуі пайдалануға берілді (Газ құрылғыларын алу және автокөлікті газбен жабдықтайтын стансасы құрылысының жобасы, нан және нан өнімдері мен кондитерлік өнімдер шығару жобасы, ет және ет өнімдерін өндіру, тұшпара цехын ұйымдастыру жобасы).

   298,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 19,0 пайыз).

   Ағымдағы жылдың басынан бастап өңірдің ауыл шаруашылығы саласында өсімнің оң тенденциясы байқалуда. Ағымдағы жылдың 8 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 24,5 млрд. теңгені құрады (өсім 5,4 пайыз). Өсім мал басы және мал өнімдерінің артуы есебінен қамтамасыз етілді.  

  Баға мәселесі ерекше назарда. Тұтыну бағаларының индексі 2016 жылдың тамыз айында 2015 жылдың желтоқсанына қарағанда 104,6 пайызды құрады. Сонымен қоса, Өңірлік тұрақтандыру қорының тиімді жұмысының нәтижесінде азық-түлік тауарларына тұтыну бағаларының индексі 104,6 пайызды құрап, орташа республикалық көрсеткіштен төмен болып қалыптасты (республика – 105,2 пайыз).

  Әлеуметтік маңызы бар 33 азық-түлік тауарларына күнделікті мониторинг жүргізілуде, тауарларға бағаның негізсіз өсу фактілері анықталған жағдайда тиісті мемлекеттік органдармен бағаның өсу себептерін анықтау және негізсіз өсу фактілерін жою бойынша шаралар қабылдануда.

   Әлеуметтік маңызды тауарларға бағаларды тұрақтандыру мақсатында ағымдағы жылы ірі сауда субъектілерімен жасалған 59 Меморандумдар жаңартылды.

   Жыл басынан бері 21 жәрмеңке өткізіліп, 127,5 млн. теңгенің 1507,8 тонна өнімдері нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағамен сатылды.

   2016 жылдың 2 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрады. Ағымдағы жылдың 8 айында 14627 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыспен 8783 қамтылды,  жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыстарға 5660 адам, әлеуметтік жұмыстарға 83 адам және жастар тәжірибесіне 101 адам жіберілді. 8138 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 7063 тұрақты.

                                                                                                                                                                                                                                                      19.09.2016ж.


Облыстың 2016 жылдың 7 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды

      Жалпы алғанда әлеуметтік-экономикалық дамудың бірқатар көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталуда.

    Өнеркәсіптің мұнай өңдеу саласында теріс тенденция қалыптасқанына қарамастан соңғы жылдарда өңдеу өнеркәсібінде өсім қамтамасыз етілуде. Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында өңірде жобалар іске асырылуда. Ағымдағы жылы жалпы құны 2013,8 млн. теңге құрайтын 8 жобаны пайдалануға беру жоспарланса, қазіргі таңда оның 3-еуі пайдалануға берілді (Газ құрылғыларын алу және автокөлікті газбен жабдықтайтын стансасы құрылысының жобасы, нан және нан өнімдері мен кондитерлік өнімдер шығару жобасы, ет және ет өнімдерін өндіру, тұшпара цехын ұйымдастыру жобасы).

     Металлургиялық өндірістерді дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда.

     252,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 10,5 пайыз).

     Ағымдағы жылдың басынан бастап өңірдің ауыл шаруашылығы саласында өсімнің оң тенденциясы байқалуда.

     Ағымдағы жылдың 7 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 18,6 млрд. теңгені құрады (өсім 4,4 пайыз). Өсім мал басы және мал өнімдерінің артуы есебінен қамтамасыз етілді.  

     Баға мәселесі ерекше назарда. Ағымдағы жылдың шілде айында (2015 жылдың желтоқсанына) тауарлар мен қызметтерге тұтыну бағаларының индексі республикалық көрсеткішке қарағанда біршама төмен болып қалыптасты (облыс – 104,5 пайыз, республика – 105,2 пайыз). Сонымен қоса, Өңірлік тұрақтандыру қорының тиімді жұмысының нәтижесінде азық-түлік тауарларына тұтыну бағаларының индексі 104,7 пайызды құрап, орташа республикалық көрсеткіштен төмен болып қалыптасты (республика – 105,6 пайыз).

     2016 жылдың 2 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрады. Ағымдағы жылдың 7 айында 12195 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыспен 7395 қамтылды, жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыстарға 4626 адам және әлеуметтік жұмыстарға 81 адам, жастар тәжірибесіне 93 адам жіберілді.

     2016 жылдың 1 тамызына 6593 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 5719 тұрақты.

     2016 жылдың 2 тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 124804 теңгені құрады, яғни 2015 жылдың сәйкес кезеңінен 16,7 пайызға өскен.

17.08.2016 ж


Қызылорда облысының соңғы 3 жылдағы әлеуметтік - экономикалық дамуы

 

     Өнеркәсіп саласында соңғы 3 жылда 2,8 трлн. теңге шамасында  өнеркәсіп өнімдері өндірілді.

     Жалпы сомасы 82,0 млрд. теңге болатын 17 жоба іске қосылған Индустрияландыру бағдарламасының 1 кезеңі тиімді жүзеге асырылды. Мыңнан астам жұмыс орындары құрылды.

     2015 жылдың желтоқсанындағы өзектендіруді есепке алғанда Индустрияландыру бағдарламасының екінші кезеңіңде облыста сомасы 150,0 млрд. теңге болатын 38 жоба жүзеге асырылып, 3982 жұмыс орнын құру көзделуде.

     Жалпы Индустрияландыру бағдарламасының I және II кезеңінде 23 жоба пайдалануға берілді.

     Индустрияландыру бағдарламасының жүзеге асырылуы нәтижесінде соңғы 3 жылда жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 4,5 пайыздан 14 пайызға дейін өсті (3 есеге), шикізаттық емес сектор көлемінің экспорты 25 пайызға, еңбек өнімділігі 4 есег артты.

     Сонымен бірге, өңір экономикасын әртараптандыру мақсатында металлургиялық өндірістерді дамыту жұмыстары жалғастырылуда.

     Ірі қорғасын-мырыш кен орны болып табылатын «Шалқия» кен орнын қалпына келтіру бойынша жұмыстар басталып, қуаттылығы 90 мВт газтурбиналық электр стансасымен тау-кен байыту фабрикасының құрылысын салу жоспарлануда.

     Келешегі мол «Бала-Сауысқандық» ванадий кен орны игерілуде.

     Қызылорда қаласында ферроқорытпа зауытының құрылысын салу жобасы жүзеге асырылуда.

     Биылғы жылы Жаңақорған ауданында құрылыс цементін, Шиелі ауданында тампонаж цементін өндіретін зауыттардың құрылыстары басталатын болады.

     Сонымен қатар, шыны зауытының құрылысы жүргізілуде.

     Ауыл шаруашылығында соңғы жылдары күріштен рекордтық өнім алынуда, сондай-ақ, мал басы мен оның өнімдері өсуде.

     Балық шаруашылығы дамуда. Тек, соңғы 2 жылдың өзінде балық өнімдерінің экспорты 45 пйызға, оның ішінде Евросоюз елдеріне - 2 есеге өсті.

     Тұрғын үй құрылысында мемлекет қаражаты есебінен соңғы 3 жылда облыс бойынша 2764 пәтері бар 227 көп қабатты үй (215 мың шаршы метр) пайдалануға берілді.

     Үш жылда облыс экономикасына 900 млрд. теңгенің инвестициясы тартылды.

     3 жыл ішінде 6 инвестициялық форум өткізіліп, онда 77 келісім-шарт пен меморандумға қол қойылды және облыс экономикасына 100 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды.

     Халықаралық қаржы институтарымен жұмыстар белсенді жүргізілуде, жекеменшік-әріптестік дамуда. Жалпы құны 300 млрд.теңге болатын барлығы 28 жобамен жұмыс жасалуда.

     Облыс орталығын жер асты су көздеріне көшіріп, сумен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталды.  Жалпы, сапалы ауыз сумен облыс халқының 95 пайызы тұратын, облыстың елді мекендерінің 74 пайызы  қамтамасыз етілді.

     «ҚазТрансГазаймақ» қаржысы есебінен 4 аудан орталығының 4-уі газбен қамтамасыз етілді. Байқоңыр қаласына газ тарту жұмыстары аяқталуда. Биылғы жылы қалған аудан орталықтарын газдандыру жоспарлануда.

     Жұмыспен қамту саласында жұмыссыздық деңгейін 5,0 пайыз шамасында ұстап тұруға қол жеткізілді.

     Бюджет сферасында  үш жылда шоғырландырылған бюджетке (РБ+ЖБ+ҰҚ) облыстан 1,2 трлн.теңге түсім түсіру қамтамасыз етілді.

     Соңғы жылдары өңір жан басына шаққандағы әлеуметтік сала шығындары бойынша үнемі алдыңғы орындарда тұр.

     Өңірдің бюджет саясатын қалыптастырудың негізгі принциптері өзгермей қалуда, яғни - бәрінен бұрын азаматтардың алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді сөзсіз орындау.

30.05.2016ж


2016 жылдың 4 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды

       2016 жылдың қаңтар-сәуірінде облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 185,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Тамақ өнімдері, химия және металлургия өнеркәсібінде, резеңке және пластмасса бұйымдарын шығарудың артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 15,7 пайызға қамтамасыз етілді (38,6 млрд. теңгенің  өнімі  өндірілді).

      Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2016 жылы жалпы құны  580,4 млн.теңгені құрайтын, 116 жұмыс орын құрылатын 4 жобаның іске қосылуы күтілуде. Оның ішінде 1 жоба жүзеге асырылды («Газ құрылғыларын алу және автокөлікті газбен жабдықтайтын стансасының құрылысы» жобасы  «Газ трейд» ЖШС).

       132,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне 114,8 пайыз.

       Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 9,1 млрд.теңгені құрады немесе 2015 жылдың сәйкес мерзіміне 103,2 пайыз. Өсім мал басының артуы және  мал шаруашылығы өнімдерінің артуы есебінен қамтамасыз етілді.

       Жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрады (2016 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша).

       7501 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыспен 4552 қамтылды,  жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыстарға 2914 адам, әлеуметтік жұмыстарға 35 адам жіберілді.

       2016 жылдың 1 сәуіріне 3676 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 3327 тұрақты.

       2016 жылдың 1 тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 109 081 теңгені құрады, яғни 2015 жылдың сәйкес кезеңінен 6,8 пайызға өскен.

       Тұтыну бағаларының индексі 2016 жылдың сәуір айында 2015 жылдың желтоқсанына қарағанда 102,2 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 103,5 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 102,1 пайыз, ақылы қызметке – 100,8 пайыз.

       Мемлекеттік бюджетке 27 080,6 млн. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсімі түсті немесе  болжамға 121,7 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 15 715 млн. теңге түсті (болжамға 120,1 пайыз), жергілікті бюджетке 11 366,6 млн. теңге (болжамға 123,9 пайыз). 

20.05.2016ж


Аймақтық экономиканың дамуындағы Дағдарысқа қарсы штаб ролінің артуы

     2016 жылдың 17 наурызында  Қызылорда облысының дағдарысқа қарсы штабының кезекті отырыс өткізілді, онда  мұнай өндіруші және мұнай сервистік компанияларда еңбек қатынастарын реттеу бойынша атқарылып жатқан шаралар, құзырлы органдардың шетелдік жұмыс күшінің қатысуы бар компанияларды тексеру барысы және көктемгі су тасқының алдын алу шаралар барысы талқыланды.

     Аталған мәселелер шеңберінде облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы М.Имандосовтың, облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Н.Жолдасбаевтың, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқарма басшысының м.а. С.Сермағамбетовтың баяндамалары тыңдалды.

      Отырыс қорытындысымен облыстық мекемелерге, аудан және Қызылорда қаласы әкімдеріне тиісті тапсырмалар берілді.

19.03.2016ж


Қызылорда  облысының  2016 жылдың қаңтар-ақпан

айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

     Өнеркәсіп. 2016 жылдың қаңтар-ақпанында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 88,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде де өсу байқалуда. Тамақ өнімдері, химия және металлургия өнеркәсібінде, резеңке және пластмасса бұйымдарын шығарудың артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 12,3 пайызға қамтамасыз етілді (18,1 млрд. теңгенің  өнімі  өндірілді).

     Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2016 жылы жалпы құны  580,4 млн.теңгені құрайтын, 116 жұмыс орын құрылатын 4 жобаның іске қосылуы күтілуде. Олар:

    1) «Газ құрылғыларын алу және автокөлікті газбен жабдықтайтын стансасының құрылысы» жобасы  («Газ трейд» ЖШС)

Жоба құны – 380 млн.теңге;

Жоба қуаттылығы – жылына 3,4 млн. текше метр газ;

Жүзеге асу орны – Қызылорда қаласы;

Жұмыс орны – 27 адам.

Жобаның іске қосылуы 2016 жылдың І тоқсанына жоспарланған. Қазіргі таңда нысанның құрылысы толығымен аяқталған. Кәсіпорын қабылдау комиссиясының актісін алу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде ауданы 20 сотық жер телімі берілді.

     2) «Кірпіш зауытын кеңейту» жобасы (ЖК «Дәулет»)

Жоба құны – 12,1 млн.теңге;

Жоба қуаттылығы – жылына 5,2 млн.дана кірпіш;

Жүзеге асу орны – Сырдария ауданы;

Жұмыс орыны – 17 адам.

Жобаның іске қосылуы 2016 жылдың ІI тоқсанына жоспарланған.

Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде сазды барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер қойнауын пайдалануға тікелей келіссөздер арқылы келісім-шарт жасау құқығы берілген.

     3) «Ет және ет өнімдерін өндіру, тұшпара цехын ұйымдастыру» жобасы («Берекет» ШҚ)

Жоба құны – 38,3 млн. теңге;

Жоба қуаттылығы – жылына 5,1 мың бас малды сою, күніне 96 кг тұшпара;

Жүзеге асу орны – Арал ауданы;

Жұмыс орны – 27 адам.

Жобаның іске қосылуы 2016 жылдың ІI тоқсанына жоспарланған. Қазіргі таңда нысанның құрылысы толығымен аяқталған.

Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Арал ауданының индустриялық аймағынан ауданы 1 га жер телімі берілген. Арал ауданының әкімдігі тарапынан индустриялық аймаққа жеткізілген сыртқы инженерлік инфрақұрылымның құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

     4) «Құрылыс бұйымдарын шығару зауытының құрылысы» («KazChinNur» ЖШС)

Жоба құны – 150  млн.теңге;

Жоба қуаттылығы –  жылына 150 мың тонна;

Жүзеге асу орны – Шиелі ауданы;

Жұмыс орны – 45 адам.

Жобаның іске қосылуы 2016 жылдың ІIІ тоқсанына жоспарланған.

Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде әктас барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер қойнауын пайдалануға тікелей келіссөздер арқылы келісім-шарт жасау құқығы берілген.

     Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 14,4 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдың осы кезеңіне 103,6 пайыз.

     Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6,9 млрд.теңгені құрады немесе 2015 жылдың сәйкес мерзіміне 102,9 пайыз.

Есепті кезеңде 5,1 мың тонна тірілей салмақтағы мал және құс еті (105,2%), 10,2 мың тонна сиыр сүті (101,3%),  0,4 млн. дана жұмыртқа (100,4%)   өндірілді.

     Көлік. 2016 жылдың  қаңтар-ақпанында 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жүк айналымы 0,3 пайызға өсіп, 2 117,7 млн. тонна шақырымды құрады.

Автокөлік кәсіпорындарымен 46,8 млн.жолаушы тасымалданды немесе  2015 жылдың тиісті кезеңіне 106,5 пайыз. Жолаушылар айналымы осы кезеңде 8,5 пайызға өсіп, 874,5 млн. жолаушы шақырымға жетті.

     Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрады (2015 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша).

3725 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыспен 2288 қамтылды,  жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыстарға 1417 адам, әлеуметтік жұмыстарға 20 адам жіберілді.

2016 жылдың 1 наурызына 933 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 827 тұрақты.

      2015 жылдың 4 тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 106 817 теңгені құрады, яғни 2015 жылдың сәйкес кезеңінен 0,1 пайызға өскен.

      Тұтыну бағаларының индексі 2016 жылдың ақпан айында 2015 жылдың желтоқсанына қарағанда 101,1 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 101,9 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 100,8 пайыз, ақылы қызметке – 100,3 пайыз.

       Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 14 869,8 млн. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсімі түсті немесе  болжамға 119,3 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 7 875 млн. теңге түсті, жергілікті бюджетке 6 994,8 млн. теңге.

16.03.2016ж


2015 жылдың нәтижесі қысқаша қорытындыланды.

 

      Жалпы 2015 жылдың қорытындысымен өңірде экономикалық дамудың оң тенденциясы сақталды.

      Индустрияландыру картасы аясында 253 жұмыс орнын құру көзделген жалпы құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асырылды. Олар:

     - Құрама жем өндіру зауытының құрылысы;

     - Керамикалық кірпіш шығару зауытының құрылысы;

     -Жалағаш ауданында LED жарықтандыру құралдарын шығаратын ұйым ашу;

     - Күйдірілген кірпіш шығару;

     - Үй құрылысы комбинатының құрылысы.

       Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2015 жылы (алдын-ала мәлімет бойынша) 62,8 млрд.теңгені құрады немесе 2014 жылға қарағанда 104,2 пайыз.

       2015 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға бюджеттен  8,2 млрд. теңге бөлінді, өткен жылға қарағанда 2,2 пайызға артық.

      Ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер күріштен жақсы өнім алды. Негізгі дақыл - күріштің орташа өнімділігі әрбір гектардан – 50,5 центнерді құрады. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық көрсеткіш.

      Сонымен қатар, мал басының  және өнім өндірісінің өсу үрдісі байқалады.

     Жыл ішінде экономика салаларында 12 мыңнан аса жұмыс орындары ашылды. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ға дейін төмендеді,  бұл республикалық орташа көрсеткіш деңгейінен аспайды.

     Тұтыну бағаларының индексі 2015 жылдың желтоқсан айында 2014 жылдың желтоқсанына қарағанда 114,7 пайызды құрады (ҚР-113,6 пайыз), оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 109,9 пайыз (ҚР-110,9 пайыз).

      Осыған қарамастан, негізгі азық-түлік тауарларының бағасы республикалық орташа көрсеткіштен төмен болып отыр (2015 жылғы 21 желтоқсанындағы жағдай бойынша).

      Мысалы:

     Күріш -193 теңге, республика бойынша- 273,86 теңге;

     Жоғары сұрыпты ұн -120 теңге, республика бойынша-132,65 теңге;

     Нан жоғары сортты бидай ұнынан пісірілген-122 теңге, республика бойынша-192,24 теңге;

     Рожки-199 теңге, республика бойынша-212,66 теңге;

     Вермишель-199 тенге, республика бойынша -213,81 тенге;

     Кеспе-262 тенге, республика бойынша -244,61 тенге;

     Айран -230 теңге, республика бойынша-244,61 теңге;

     Сары май -1356 теңге, республика бойынша-1438,33 теңге;

     Қой еті -1 118 теңге, республика бойынша-1156,72 теңге;

     Жылқы еті -1250 теңге, республика бойынша-1390,23 теңге.

13.01.2016ж


2015 жылдың 11 желтоқсанында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы С.Құлымбетова «Әлеуметтік-экономикалық дамудың 2015 жылғы алдын-ала қорытындысы туралы» брифинг өткізді 

 

     Әлемдік экономикада орын алып жатқан келеңсіз жағдайларға қарамастан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы сақталып, қоғамдық ахуал тұрақты.

     Бюджеттен қаралған әлеуметтік төлемдер бойынша барлық міндеттемелер уақытылы орындалуда.

     Жұмыс орындарын құру және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау міндеті орындалуда.

     Қазіргі кезде экономика салаларында 10727 жұмыс орны құрылды, оның 8 547-сі тұрақты жұмыс орны.

     Ағымдағы жылдың 3 тоқсанында жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап, республикалық орташа деңгеймен бірдей қалыптасты.

     Жалақыға қарыздар көлемі ағымдағы жылдың қаңтар айындағы (17.01.2015г.) 172 млн. теңгеден бүгінгі күні 4,8 млн. теңгеге дейін азайтылды.

     Экономиканың нақты секторына келетін болсақ, өнеркәсіптің өңдеу секторы қарқынды даму динамикасын көрсетуде.

     Негізгі дақыл – күріш биылғы жылы рекордты 423,5 мың тонна өнім жиналды.

     Бағаны қадағалау мәселесі ерекше бақылауға алынған.

     Қазігі уақытта біздегі бағалардың өсуі республика бойынша орта көрсеткіштен сәл жоғары (14%, ҚР бойынша – 12,3%) болды. Бұл, негізінен азық-түлік емес тауарлар бағасы (25,4%) мен коммуналдық қызмет тарифтерінің (8,4%) өсуімен байланысты.

     Электр энергиясын есепке алмағанда, біздегі тарифтер өзге өңірлермен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Қазіргі уақытта желілерді жаңарту және кеңейту жұмысы басталды. Бұған «Еуропалық қайта құру және даму банкінің» несиесі тартылды.

     Облыстағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының басым бөлігінің бағасы республикадағы орташа бағадан арзан (азық-түлік тауарлары: облыста – 109,4%, ҚР – 109,6%). Бұған негізінен тұрақтандыру қоры жұмысының (товарная интервенция) нәтижесінде қол жеткізілді.

     Жалпы алғанда брифинг барысында  Мемлекет және Үкімет Басшыларының,  орталық мемлекеттік органдардың тапсырмалары уақытылы жүзеге асырылып, оған қоса мемлекеттік және салалық бағдарлармаларға белсенді қатысудың нәтижесінде өңірдің бірқатар макроэкономикалық көрсеткіштерінде өсу тенденциясы бар екені айтылды.

11.12.2015 ж.


Әлемдік алаңда Қазақстанның маңыздылығының артуы туралы

 

     2015 жылдың 27 қыркүйегінде Нью-Йоркте  Біріккен Ұлттар Ұйымының  бітімгершілік бойынша Саммиті өткізілді. Саммиттің басты тақырыбы ретінде 2015 жылға дейін негізгі мақсаттар мен міндеттер құрылымдалған Жүзжылдық Декларацияның орындалуы бойынша қорытындылар талқыланды. Үш күн бойы мемлекет басшылары әлеуметтік теңсіздік, кедейшілікті жеңу және климаттық өзгеріс мәселелерін талқылады.

      Саммитке 150-ден аса әлемдік көшбасшылар қатысты, олардың мақсаты ресми түрде жаңа күн тәртібін қабылдау болды. Бұл халықаралық қауымдастық үшін алдағы 15 жыл бойы жалпы өркендеу және амандығы мәселесінде бастапқы нүктесі болмақ.

     Саммит барысында Мемлекет Басшысы күн тәртібіндегі мейлінше өзекті халықаралық мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын және оларды шешу жолдарын баяндады.

      Елбасы ХXI ғасырда адамзаттың ең басты міндеті әлемді соғыс қатерінен мүлде арылтатын және оның себептерін жоятын стратегияны жүзеге асыру болуға тиіс екеніне назар аударды. Сол үшін Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымының жүз жылдығына Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045 жоспарын әзірлеуді ұсынды.

     Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық құқық қағидаттарын жаһандық саясаттың барлық қатысушылары сақтауы маңызды екенін атап көрсетті және 2016 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық құқықтың арқаулық қағидаттарын бекітуге арналған жоғары деңгейдегі халықаралық конференциясын шақыру идеясын жариялады.

     Соңында Қазақстан Президенті терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жасау, жасыл технологияларды дамыту, сондай-ақ БҰҰ штаб-пәтерін Азияға көшіру мәселелеріне тоқталды.

5.10.2015ж


Дағдарыс құбылысын болдырмау бойынша қабылданған

шаралар туралы

     Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Қызылорда облысының дағдарысқа қарсы штабының кезекті отырысы өткізілді.

     Күн тәртібіне келесідей мәселелер шығарылды:

  • облыстық штабтың хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы;
  • Қызылорда қаласының дағдарысқа қарсы штабының атқарған жұмыстары;
  • «Дәмді» әлеуметтік дүкендері желісінің жұмыстары.

     Аталған мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы С. Кұлымбетова, Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев, «Байқоңыр» ӘКК» ҰК төрайымының орынбасары Н. Ахатов баяндады.

     Қатысушыларға аудандық және қалалық дағдарысқа қарсы штабтардың атқарған жұмыстары жайлы толыққанды ақпарат берілді. Сонымен қатар, барлық аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері қаралды.

     Қалалық дағдарысқа қарсы штаб жұмысына қатысты, атап айтқанда онда қаралған мәселелер мен нәтижелері жөнінде Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев баяндады.

     Облыс әкімі Қ.Көшербаев қалалық дағдарысқа қарсы штаб жұмысына оң баға берді және осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беруді, бағаның белгіленуі, тарифтер, жалақыға қарыздар бойынша мәселелерге баса назар аударып отыруды тапсырды.

     Және соңғысы. «Дәмді» әлеуметтік дүкендерін азық-түлік тауарларымен толтыру жөнінде  «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» төрайымының орынбасары Н. Ахатовты тыңдап, облыс әкімімен қол қойылған меморандум шеңберінде азы-түлік тауарларын уақтылы және толық жеткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

     Қаралған мәселелер шеңберінде облыстық мекемелерге және ұйымдарға тиісті тапсырмалар берілді.

28.09.2015ж


Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік – экономикалық даму Стратегиясы туралы

 

     Қазіргі таңда, ел экономикасында ғаламдық қайта жаңғырту жағдайы жүруде. Бұл ең алдымен, мұнайға және металдарға бағаның төмендеуімен байланысты, сонымен қатар, Ресей және Қытай сияқты басты әріптестердің тарапынан сұраныстың азаюынан Қазақстандық тауарлардың тұтыным нарығының төмендеуі.

     Осы қалыптасқан экономикалық жағдайға байланысты, «Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік – экономикалық даму Стратегиясында»  белгіленген басымды міндеттердің жүзеге асырылу мерзімін қайта қарау қажеттігі туындап отыр.

     Қазіргі таңда, аталған Стратегияға түзетулер енгізу жұмыстары жүргізілуде.

01.08.2015 ж.


Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүшелікке қабылдануы экономиканы нығайтады.

 

     Қазақстанның ДСҰ-на мүше болуы – біз үшін тарихи күн. Бұл біздің еліміздің соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктері мен жұмсаған күш жігерінің, жүргізілген реформалардың нәтижесі.

     ДСҰ-на кіру жөніндегі келіссөздер өткен кезеңдерде еліміздің экономикасы мейлінше ашық, әрі қуатты бола түсті. Қазақстанның, оның ішінде біздің өңірдің де инвестициялық әлеуеті айтарлықтай ұлғайды. Қазір біз инвестициялық ахауалды жақсарта отырып, экономиканы әртараптандыруға басымдық беріп отырмыз. Инвестицияның мұнай-газ және тау-кен саласына ғана емес, экономиканың өңдеуші салаларына да бағыттауы үшін барлық жағдай жасалуда.

     Әрине, Қазақстанның ДСҮ-на кіруі біздің тауар өндірушілер үшін жаңа сын болып, елміздің тауарайналымына ықпал ететін болады.

     Дегенмен, кәсіпкерлік бәсекелестік болмаса жетілмейді. Бұл Ұйымға кіру арқылы шағын және орта бизнес күшті бәсекелестікке төтеп беріп, нәтижесінде сапалы өнімге қол жеткізетін боламыз. Сонымен қатар, кез келген саладағы тұтыну заттарының бағасы шарықтамай бір ізділікке түседі.

     ДСҰ-на мүшелік біздің кәсіпорындардың шетелдік нарыққа еркін шығуын қамтамасыз етеді. Ал, мемлекет отандық кәсіпорындарға қолдау көрсетуден бас тартпайды.

     Еліміздің экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты қолға алынды.

     Сондай-ақ, Президенттің бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – «100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» стратегиясы жасалды.

     Ендігі біздің ортақ міндетіміз – елімізде жүзеге асырылып жатырған өзгерістердің бастамасында жүріп, нәтижелі жұмыс істеуіміз керек.

04.08.2015 ж


2015 жылдың 3 тамызында облыс әкімдігінің мәжілісі өтті

 

         2015 жылдың 3 тамызында облыс әкімі Қ. Көшербаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінің мәжілісі болып өтті. Онда 2015 жылдың бірінші жартыжылдығы қорытындыланды және жыл аяғына дейінгі міндеттер белгіленді.

      Әкімдіктің мәжілісінде 2015 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы облыс әкімінің орынбасары Годунова Н.Н. баяндады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнесті дамыту, салық салу базасы, денсаулық сақтау салаларының, сондай-ақ, Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.

      Облыс әкімдігі мәжілісінің қорытындысымен барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне, аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдеріне 2015 жылдың соңына дейін экономика салаларында жоспарланған параметрлердің өсімін қамтамасыз ету тапсырылды.

04.08.2015 ж

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 08-01-2018 18:50

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика