Қызылорда облысының мемлекеттік архиві қорынан
«Өнегелі ғұмыр»
Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, Қазақстан Республикасына айрықша еңбек сіңірген зейнеткер, кәсіптік-техникалық білім беру саласының дамып нығаюына зор үлес қосқан Смағұл Ысқақовтың туылғанына 100 толуына орай Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің жеке тектік қор құжаттарынан «Өнегелі ғұмыр» тақырыбында көрме дайындалды.
Көрменің мақсаты С.Ысқақовтың өмірі мен еңбек жолын көпшілікке таныстыру, жас ұрпаққа үлгі ету.
Смағұл Ысқақов 1919 жылы Қармақшы ауданының Абыла ауылында дүниеге келген. Ол ауыл мектебін  бітірісімен еңбекке араласып,  Қызылордадағы Совет саудасы техникумына оқуға түсті. 
1939 жылы әскер қатарына шақырылып майдан даласында қатардағы жауынгерден дивизия саяси бөлімі бастығының комсомол жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.  Майдан даласында ауыр жарақат алды.
Бейбіт еңбекке оралған жауынгер Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінде жауапты қызмет атқарды. Алматы жоғары партия мектебін бітіріп, 1952 жылдан бастап Сыр бойында еңбек етті. Он жылдан астам уақыт облыстық партия комитетінің жоспарлау-қаржы және сауда, партия органдары бөлімдерін басқарды.
1963 жылдың ақпанынан 1983 жылдың қазан айына дейін  20 жыл ішінде өзінің бойындағы барлық қабілетін, күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін жұмсап,  облыста кәсіптік-техникалық білім жүйесінің қалыптасып, дамуына сүбелі үлес қосты.
Көрме 3 бөлімнен тұрады.
1.«Өмірі мен қызметі» бөлімінде С.Ысқақовтың өмірбаяны, жеке іс парағы, Ұлы Отан соғысында жарақат алғандығы жөнінде куәлігі, кәсіподақ билеті, С.Ысқақовты Халық депутаттары Қызылорда облыстық Кеңесі атқару комитетінің архив бөлімінің меңгерушісі етіп тағайындау туралы шешім, қызмет бабында және отбасымен бірге түскен суреттер қойылды.
2.«Еңбек жолындағы жетістіктері» бөлімінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің Құрмет грамоталары, В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай «Еңбектегі ерлігі үшін» мерейтойлық медалімен марапаттау туралы қаулы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Құрмет белгісі» орденімен марапаттау туралы жарлық және т.б. құжаттар мен суреттер іріктеліп қойылды. 
3.«С.Ысқақовтың еңбектері» бөлімінде С.Ысқақовтың баяндамасы, мақалалары қамтылды.
Көрмеге 1942-1989 жылдар аралығындағы барлығы  32 құжат (23 құжат, 9 сурет) қойылды. 
 
Соғыс және еңбек ардагері С.Ысқақов
 
С.Ысқақовтың өмірбаяны
 

 

 

С. Ысқақовтың жеке іс парағы.
 
Ұлы Отан соғысында жарақат алғандығы жөнінде куәлік, 09.08.1942 ж.
 

 

С.Ысқақовтың кәсіподақ билеті

 

 

C.Ысқақов кәсіптік-техникалық білім беру қызметкерлерінің Республикалық активіне қатысушылармен бірге, мамыр 1969 ж.
 
С.Ысқақов ауылдық кәсіптік-техникалық училище директорларының Республикалық жиналысына қатысушылармен бірге, 04.03.1971 ж. 
 
 
С.Ысқақов Жаңақорған ауданындағы № 187 кәсіптік-техникалық училище қызметкерлері және оқушылармен бірге, 
19.03.1977 ж.
 
«Азаматтық қорғаныс үздігі» төс белгісінің куәлігі, 06.05.1980 ж.
 
 
С.Ысқақовты Халық депутаттары Қызылорда облыстық Кеңесі атқару комитетінің архив меңгерушісі етіп тағайындау туралы шешім, 14.10.1983 ж.
 
С.Ысқақов Кеңес Одағының батырлары Ж.Қизатов, Ж.Нұрсейітовпен кездесуде.
 
С.Ысқақов Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтауда.
 
С.Ысқақов Қармақшы ауданы «Қармақшы» совхозының 30 жылдығына арналған іс-шараға қатысушылармен бірге.
 
С.Ысқақов Қармақшы ауданы «Қармақшы» совхозының егіс алқабында.
 
С.Ысқақов жұбайымен бірге.
 
КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасы, 30.06.1946 ж.
 
Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің құрмет грамотасы, 08.12.1948 ж.
 
 
 
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының және Қазақстан Коммунисттік партиясының 40 жылдығына орай Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасы,
 21.06.1961 ж.
 
С.Ысқақовтың туғанына 50 жыл толуына орай және кәсіптік- техникалық білім беру жүйесінде ұзақ жылдар бойы жемісті қызмет атқарғаны үшін КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталуы, 21.08.1969. 
 

В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай «Еңбектегі ерлігі үшін» мерейтойлық медалімен марапаттау туралы қаулы, 31.03.1970 ж.

 

КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Құрмет белгісі» орденімен  
 
 
Еңбекшілер депутаттары облыстық Кеңесі атқару комитеті жанындағы дене шынықтыру және спорт комитетінің Құрмет грамотасы, 13.08.1977 ж.
 
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 40 жылдығына байланысты «Еңбек резервтері» Бүкілодақтық ерікті спорт қоғамының Қазақ Республикалық 
Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасы, 1985 ж.
 
 
Социалистік архив ісінің 70 жылдығына орай КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы 
Бас архив басқармасы және мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподғының Құрмет грамотасы, 25.04.1988 ж.
 
 

 

С.Ысқақовтың туғанына 70 жыл толуына орай Қызылорда облысының архивистерінің құттықтауы, 1989 ж.
 

 

С.Ысқақовтың кәсіптік-техникалық білім беру қызметкерлерінің жиналысында «Жастарды еңбекке баулу» тақырыбындағы баяндамасы, 1982 ж.
 
Тың игерудің 30 жылдығына орай жазған «Молшылық бастауы» атты мақаласы, 21.02.1984 ж.
 
 
«Архивы служат народу» атты мақаласы, 29.11.1985 ж.
 
«Архив документтеріне сақ болайық» атты мақаласы, 27.09.1986 ж.
 
«Наша история» атты мақаласы, 18.09.1986 ж.
 
 
Ұлы Октябрьдың 70 жылдығына орай жазған «Арайлап таң атқан кез» атты мақаласы, 15.09.1987 ж.
 
 

 

Құрылған күні: 22-06-2019 12:01
Жаңартылған күні: 24-06-2019 16:53

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика