Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласы
2019 жылдың қаңтар-маусым айларында статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу саласында барлығы 12,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ды құрады.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласы
2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу саласында барлығы 9,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19,5%-ды құрады.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу 

2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу саласында барлығы 40,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 104,0%-ды құрады.
Есепті кезеңде 162 697 тонна күріш жармасы өңделіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,9 %-ға артқан. 
Сондай-ақ, жас немесе тоңазытылған ет 18,3%-ға, шұжық 2,3%-ға, балық 1,4%-ға, сары май 2,8 есеге, ірімшік және сүзбе 95,8%-ға, көкөніс консервілері және жеміс пен көкөніс шырындары 5,0 есеге артқан.
Өңделген сұйық сүт және кілегей тонна 16,8%-ға, өзге де сүт өнімдері 19,6%-ға кеміген.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу 
2018 жылдың қаңтар-маусым айларында статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу саласында барлығы 19,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 105%-ды құрады.
Облыстағы тамақ өнімдерін өндіру саласындағы негізгі өнім күріш болып табылады. 2018 жылдың қаңтар-маусым айларын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда күрішті өңдеу артып отыр. 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 90 564 тонна күріш жармасы өңделіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 109,1%-ға артқан. 
 

Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу 
2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу саласында барлығы 9,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 119,2%-ды құрады.
Облыстағы тамақ өнімдерін өндіру саласындағы негізгі өнім күріш болып табылады. 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда күрішті өңдеу артып отыр. 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында 49 797 тонна күріш жармасы өңделіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 121,4%-ға артқан.

Өңдеу саласы

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу саласында барлығы   31,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 99,9%-ды құрады.

Облыстағы тамақ өнімдерін өндіру саласындағы негізгі өнім күріш болып табылады. 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, күрішті өңдеу артып отыр. 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан  айларында 174 882 тонна күріш жармасы өңделіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,3 %-ға артқан.


Инвестиция және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласы
2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының статистикалық қорытынды мәліметтеріне сәйкес облыстың тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 23 млрд. теңгені, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 98,2 % құрады.
Облыстағы тамақ өнімдерін өндіру саласындағы негізгі өнім күріш болып табылады. 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, күрішті өңдеу артып отыр. 2017 жылдың қаңтар-науыз айында  123396  тонна күріш жармасы өңделіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,2 %- ға артқан.

Инвестиция және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласы
2017 жылдың қаңтар-маусым айларындағы статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу саласында барлығы  14,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 104,7%-ға артып отыр.
Облыстағы тамақ өнімдерін өндіру саласындағы негізгі өнім күріш болып табылады. 2017 жылдың мамыр айын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, күрішті өңдеу артып отыр. 2017 жылдың маусым айында   85 157 тонна күріш жармасы өңделіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 117,3%-ға артқан. 
Дегенмен, 2017 жылдың маусым айында  жас немесе тоңазытылған ет 8,9%-ға, шұжық 10,3%-ға, балық 18,2%-ға, ірімшік және сүзбе 22,2%-ға, өңделген сұйық сүт 26,6%-ға,  өзге де сүт өнімдері 28,4%-ға, көкөністен жасалған консервілер, жеміс және көкөніс шырындары 33,4%-ға кеміген.

Инвестиция және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласы
 
2017 жылдың қаңтар-наурыз айларының статистикалық қорытынды мәліметтеріне сәйкес облыстың тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 6,8 млрд. теңгені, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 109,6% құрады.
Облыстағы тамақ өнімдерін өндіру саласындағы негізгі өнім күріш болып табылады. 2017 жылдың қаңтар-науыз айын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, күрішті өңдеу артып отыр. 2017 жылдың қаңтар-науыз айында 43 414 тонна күріш жармасы өңделіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 121,3%-ға артқан. 
Сонымен қатар, 2017 жылдың қаңтар-науыз айында күріш 21,3%, балық 19,5%-ға артқан.
Ауыл шаруашылығы кооперативін құру
2017 жылы облыс бойынша 178 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып (мал шаруашылығы саласында – 54, егіс саласында – 39, көпсалалы – 85. Құрылған кооперативтерге барлығы 1214 мүшелер біріккен.
Ауылшаруашылық кооперативтерін құру жұмыстары жалғасуда.

Өңдеу саласы
2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айы аралығындағы статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу саласында барлығы 33,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,3%- ға артып отыр.
Облыстағы тамақ өнімдерін өндіру саласындағы негізгі өнім күріш болып табылады. 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, күрішті өңдеу артып отыр. 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айында 169 564 тонна күріш жармасы өңделіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 110,3%-ға артқан. 
Сонымен қатар, 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айында жас немесе тоңазытылған ет 65,5%-ға, шұжық 5,2%-ға, балық 19,5%-ға, өңделген сұйық сүт 65%-ға, шұбат 3,4 есеге және күріш 10,3%-ға артқан.
Кооперация 
2016 жылы облыс бойынша 133 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып (мал шаруашылығы саласында – 34, егіс саласында – 34, көпсалалы – 65. Құрылған кооперативтерге барлығы 746 фермерлік шаруашылықтар біріккен.
Ауылшаруашылық кооперативтерін құру жұмыстары жалғасуда.

Өңдеу саласы 
 
2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының статистикалық қорытынды мәліметтеріне сәйкес облыстың тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 25,0 млрд. теңгені, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 11,8% құрады.
Облыстағы тамақ өнімдерін өндіру саласындағы негізгі өнім күріш болып табылады. 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, күрішті өңдеу артып отыр. 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айында 119971 тонна күріш жармасы өңделіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 113,2%- ға артқан. 
Сонымен қатар, 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айында сары май 1,5%-ға, өңделген сұйық сүт  94,2%-ға, жас немесе тоңазытылған ет 99.4%, балық 65,0%-ға,  шұжық 10,8%-ға артқан.
Ауыл шаруашылығы кооперативін құру
Облыс бойынша 92 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып (мал шаруашылығы саласында – 17, егіс саласында – 21, көпсалалы – 46, су шаруашылығы – 1, сүт өнімдерін өндіру - 1), оның ішінде 85 кооператив әділет департаментінде тіркелсе, 7 кооперативтің құжаттары әділет департаментіне тіркеу үшін тапсырылған. Құрылған кооперативтерге барлығы  495 шаруашылықтар біріккен. Ауылшаруашылық кооперативтерін құру жұмыстары жалғасуда. 
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласы бойынша алдағы 2016-2017 жылдары АӨК саласында жоба құны 29,2 млрд. теңгенің 17 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Жаңа 1174 жұмыс орнын ашу көзделуде. 

2016 жылдың қаңтар-маусым айы аралығындағы статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу саласында барлығы 15,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 109,8%-ға артып отыр.
Облыстағы тамақ өнімдерін өндіру саласындағы негізгі өнім күріш болып табылады. 2016 жылдың қаңтар-маусым айында 82 111 тонна күріш жармасы өңделіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 118,4%- ға артқан. 
Сонымен қатар, 2016 жылдың қаңтар-мамыр айында сары май 100%-ға, өңделген сұйық сүт 195,6%-ға, жас немесе тоңазытылған ет 2,1 есеге, балық 175,3%-ға, шұжық 110,7%-ға артқан.
Кооперация
Облыс бойынша ағымдағы жылдың 1 шілдесіне барлығы 63 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып, оған барлығы 264 шаруашылықтар біріккен (оның ішінде 18-мал шаруашылығы саласы, 13-егіншілік саласы, 32-көпсалалы кооператевтер).
Инвестициялық жобалар
Алдағы 2016-2017 жылдары АӨК саласында жоба құны 21,7 млрд. теңгенің 8 жобасын іске қосу жоспарлануда (жаңа 958 жұмыс орны ашу көзделуде).
Атап айтқанда:
- 4000 га жерге қызанақ дақылын егу және томат пастасын өндіру. Биылғы жылы эксперименттен өткізу үшін қызанақтың 
11 сорты 2 га жерге тамшылатып суару әдісімен өсірілуде. «Евразия АгроХолдинг» ЖШС, Жаңақорған ауданы;
- көлемі 1,6 га кешенді жылыжай құрылысын салу, «КазАгроМир» ЖШС, Қызылорда қаласы; 
- көлемі 3,2 га өндірістік жылыжай құрылысын салу, «Высшая Аграрная Лига» ЖШС-і, Қызылорда қаласы;
- жылдық қуаттылығы 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын салу, «Ақтөбе» ЖШС, Қармақшы ауданы;
- қуаттылығы тәулігіне 3 тонна жартылай дайын және шұжық өнімдерін өндіру өндірісін салу, «Бест Сервис» ЖШС, Қызылорда қаласы;
- қуаттылығы жылына 5 мың тонна мал сою және жас етті өндіру өндірісін салу, «Бест Сервис» ЖШС, Қызылорда қаласы;
- тәуліктік қуаттылығы 50 тонна шұбат өңдеу зауытын салу, 
«Ji WinWay investment corp компаниясы, Арал, Қазалы ауданы;
- жылдық қуаттылығы 120 тонна қаз етін өндіру өндірісі, «Жан-Арай» ЖШС, Сырдария ауданы және Қызылорда қаласы.

 


Өңдеу саласы
(01.04.2016 ж)
Қазақстан Республикасының «Ауыл шаруашылығы кооперативі туралы» Заңын түсіндіру және жылжыту мақсатында облыс әкімінің 2015 жылдың 6 қарашасында №133-Ө өкімімен жұмыс тобы құрылды. Үстіміздегі жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында жұмыс тобы Қызылорда қаласы мен аудандардағы шаруашылықтармен кездесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі күні облыс бойынша 143 шаруашылық 21 кооперативке бірігіп, әділет органдарынан тіркеуден өтті. Одан бөлек 6 кооператив әділет органдарында тіркелу  жөнінде тиісті құжаттарды әзірлеуде.
Облыс бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 7,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 22,3% артты.
Ағымдағы жылдың наурыз айында Шиелі ауданында жоба құны 45,0 млн теңгені құрайтын, «Аруана-Шұбат» шағын шұбат өңдейтін цехы іске қосылып, 5 адам жұмыспен қамтылды. 

Өңдеу саласы
Облыс бойынша 2015 жылы статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыстың тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 27,9 млрд. теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 108,6 % артты. 
Қызылорда қаласында ағымдағы жылы ЖК «Қалымбетова» тәулігіне 0,5 тонна шұжық өңдейтін кәсіпорнын іске қосып, 20 жаңа жұмыс орны ашылды. 
Жалағаш ауданында «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС тәулігіне 150 тн күріш ақтайтын зауытты іске қосты. Жоба бойынша 38 жаңа жұмыс орны ашылды. 
Қызылорда қаласында «Жан-Арай» ЖШС-і мен «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіру зауытын және тәулігіне 150 тонна күріш ақтау зауытын іске қосты. 
Жобаларды іске қосу арқылы құрама жем зауытында 50 және күріш ақтау зауытында 40 жаңа жұмыс орны ашылды. 
Шиелі ауданында қуаттылығы 1 тонна/тәулігіне сүт өңдеу цехы желтоқсан айының басында іске қосылды. («Ақмая» ШҚ).Жобаның құны 8 млн.тенге, жоба бойынша 4 жаңа жұмыс орны ашылды. 
21.01.2016

 

Құрылған күні: 08-09-2012 12:39
Жаңартылған күні: 25-07-2019 19:18

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика