Новость:: 

Облыстық бюджеттік комиссия отырысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау мәселесі қаралды

     Ағымдағы жылдың 2 қазан күні Қызылорда облысы әкімдігінде облыстық бюджеттік комиссия отырысы болып өтті. Облыстық бюджеттік комиссия отырысын мүшелерінің қатысуымен комиссия төрағасы - облыс әкімі Қ. Ысқақов жүргізді. Отырысты экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Н. Қордабай 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджетке енгізілген өзгерістер мен толықтыру енгізу мәселесі бойынша баяндама жасады. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау негізінде облыстық бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталып, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет салалары ең басым бағыттар болып қала берді.

     Басты мәселелердің бірі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі А. Маминның тапсырмасына сәйкес табысы аз азаматтарға атаулы көмек шығындарын 15 пайызға жеткізуге қаржы бөлу болып табылады.

    Сонымен қатар, табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыруға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әрі қарай дамытуға, облыс аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қаржы бөлу жоспарлануда.

04.10.2019ж.

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 04-10-2019 18:49
Жаңартылған күні: 04-10-2019 18:29

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
1 + 9 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика