Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облысында 2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобаларының жүзеге асырылуы туралы АҚПАРАТ

Қызылорда облысында мемлекеттік - жекешелік әріптестік (бұдан әрі -МЖӘ) аясында құны 25 млрд.теңгені құрайтын 60 жоба іске асырылуда. Олардың ішінде: денсаулық сақтау саласында 31 жоба, дене шынықтыру және спорт саласында 7 жоба, ТҮКШ саласында 5 жоба, білім саласында 6 жоба,  қоғамдық тәртіп 3 жоба, жолаушылар көлігі саласында 5 жоба және мәдениет, әлеуметтік қамтамасыз ету, байланыс жүйесін дамыту салаларында 1 жобадан.

Бүгінгі күнге 10 жобаның МЖӘ шартына қол қойылды, оның ішінде:

  • «Қызылорда қаласында "Тарлан" дене шынықтыру - сауықтыру кешеніне сервистік қызмет көрсету»;
  • «Исатай Тайманов көшесіндегі ауысымына 400 қабылдауға арналған емхананың құрылысы»;
  • "Мерей" мөлтек ауданында дене шынықтыру - сауықтыру кешенін жалға алу»;
  •  «Арал ауданы Бекбауыл ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы»;
  •  «Қазалы ауданы Өркендеу ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы»;
  • «Сырдария ауданы Ақжарма ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы»;
  •  «Жалағаш ауданы Таң ауылдық округінде 90 орындық балабақшаның құрылысы»;
  •  «Шиелі ауданы Ақмая ауылдық округінде дене шынықтыру - сауықтыру кешенін жалға алу»;
  • «Шиелі ауданы Алғабас ауылдық округінде дене шынықтыру - сауықтыру кешенін жалға алу».
  • «Қызылорда облысының Шиелі ауданында Шиелі ауылында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету шағын үйлерін ашу»

Сонымен қатар, 4 жоба бойынша конкурстар жарияланды және 40 жоба жүзеге асырылу сатысында.

31.01.2018 ж

Қызылорда облысында 2017 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобаларының жүзеге асырылуы туралы АҚПАРАТ

Қызылорда облысында мемлекеттік - жекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) аясында құны 25 млрд.теңгені құрайтын 53 жоба іске асырылуда. Олардың ішінде: денсаулық сақтау саласында 31 жоба, дене шынықтыру және спорт саласында 7 жоба, білім мен ТҮКШ салаларында 4 жобадан, қоғамдық тәртіп 3 жоба және мәдениет, жолаушылар көлігі, әлеуметтік қамтамасыз ету, байланыс жүйесін дамыту салаларында 1 жобадан.

Бүгінгі күнге 9 жобаның МЖӘ шартына қол қойылды, оның ішінде:

  • «Қызылорда қаласында "Тарлан" дене шынықтыру - сауықтыру кешеніне сервистік қызмет көрсету»;
  • «Исатай Тайманов көшесіндегі ауысымына 400 қабылдауға арналған емхананың құрылысы»;
  • "Мерей" мөлтек ауданында дене шынықтыру - сауықтыру кешенін жалға алу»;
  •  «Арал ауданы Бекбауыл ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы»;
  •  «Қазалы ауданы Өркендеу ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы»;
  • «Сырдария ауданы Ақжарма ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы»;
  •  «Жалағаш ауданы Таң ауылдық округінде 90 орындық балабақшаның құрылысы»;
  •  «Шиелі ауданы Ақмая ауылдық округінде дене шынықтыру - сауықтыру кешенін жалға алу»;
  • «Шиелі ауданы Алғабас ауылдық округінде дене шынықтыру - сауықтыру кешенін жалға алу».

Сонымен қатар, 4 жоба бойынша конкурстар жарияланды және 40 жоба жүзеге асырылу сатысында.

5.01.2018 ж

Қызылорда облысында мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобаларына жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізу туралы

Ағымдағы жылдың 29-30 тамызында денсаулық сақтау мен дене - шынықтыру және спорт басқармалары тарапынан Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік - жекешелік әріптестік аясында жүзеге асырылып жатқан 6 жобаға конкурс жарияланды. Оның ішінде дене шынықтыру және спорт саласында 2 жоба:

- «Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі дене шынықтыру - сауықтыру кешенінің құрылысы»;

- «Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округіндегі дене шынықтыру - сауықтыру кешенінің құрылысы».

Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласында 4 жоба:

- «Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінде 250 қабылдауға арналған емхананың құрылысы»;

- «Арал ауданы Бекбауыл ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы»;

- «Қазалы ауданы Өркендеу ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы»;

- «Сырдария ауданы Ақжарма ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы».

8.09.2017 жыл

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша келісім-шартқа қол қою туралы

2017 жылдың 11 шілдесінде «Қызылорда қаласы «Мерей» мөлтек ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу» жобасы бойынша Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Инабат» ЖК-нің арасында мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісім-шартына қол қойылды.

Жоба аясында Қызылорда қаласының «Мерей» мөлтек ауданында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істейтін болады, аталған кешенде спорттың 20 түрі – дзюдо, таэквандо, қол күрес, каратэ-до, гректік-римдік күрес, әйелдер арасындағы күрес, самбо, джиу-джитсу, көркем гимнастика, спорттық би, бокс, кикбоксинг, шашки, шахмат, тоғызқұмалақ және т.б. спорт түрлері бойынша жеке жаттықтырулар және оқыту-жаттығу жиындарын өткізу мүмкіндігі қарастырылған.

Аталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру:

- спорттың материалдық - техникалық базасы мен инфрақұрылымын дамытуға;

- дене шынықтыру және спортпен жаппай шұғылдануға жағдай жасауға;

-  дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын адамдардың санын көбейтуге;

- спорттық резерв пен жоғары сананттағы спортшыларды сапалы дайындауға;

- спорт қызметтерімен халықтың сұранысын тиімді және сапалы қанағаттандыруға;

- спорт саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға оң әсерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

11.07.2017 ж.

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуы

Облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру бойынша 2016-2018 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді.

Бүгінгі күнге өңірде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 15 жоба жүзеге асырылу сатысында. Оның ішінде:

  1. «Қызылорда қаласының СПМК-70 ауданындағы 200 орындық жатақханасы бар 600 орынға арналған кәсіптік-техникалық лицей құрылысы»

Жобаның құны: 3,0 млрд.теңге.

МЖӘ жобасының түрі: концессия, екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс.

Жобаның мақсаты: Қызылорда қаласында құрылыс бағытындағы алдыңғы қатардағы мамандандырылған колледж құру, сапалы білім беру қызметімен қамтамасыз ету.

  1. «Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа  жолаушылар терминалының құрылысы»

Жобаның құны: 8,9 млрд.теңге.

МЖӘ жобасының түрі: МЖӘ, екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс.

Жобаның мақсаты: Халықаралық стандарттарға және Азаматтық авиация халықаралық ұйымының ұсыныстарына сәйкес «Қорқыт Ата» халықаралық әуежайының жаңа  жолаушылар терминалының құрылысы.

Конкурстың бірінші кезеңі облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ресми сайтында жарияланған.

  1.  «Қызылорда қаласында «Тарлан» дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сервистік қызмет көрсету»

Жобаның құны: 96 млн.теңге.

МЖӘ жобасының түрі: МЖӘ жобасының сервистік келісімшарты, жеке қаржылық бастама.

Жобаның мақсаты: Қызылорда облысында спорттың дамуы, салауатты өмір салтын өткізу, жастарды спорта үйрету.

Аталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы спорттың 5 түрі – бокс, күрес, дзюдо, таэквандо, ауыр атлетика бойынша жеке жаттықтырулар және оқыту-жаттығу жиындарын өткізу мүмкіндігін қарастырады. Оқыту-жаттығу жиындары кезінде кәсіби спортшылардың тұруы үшін 24 орынға арналған жатақхана қарастырылған. «Тарлан Батырлары» ЖШС және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы арасында МЖӘ келісім шартына қол қойылды.

  1.  «Қызылорда қаласы Исатай Тайманов көшесінде ауысымына 400 қабылдауға арналған емхананы ашу»

МЖӘ жобасының түрі: өмірлік цикл келісімшарты, жеке қаржылық бастама.

Жобаның құны: 826,9 млн.теңге.

Жобаның мақсаты: Қызылорда қаласының тұрғындарын заманауи жоғарытехнологиялық медициналық көмек жүйесімен қамтамасыз ету.  

«SANA-MED» ЖШС Истатай Тайманов көшесінде 400 қабылдауға арналған емхананы ашуды ұсынды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жобаны іске асыру бойынша жеке бастамамен шығуға дайын екендігін хабарлады. «SANA-MED» ЖШС  және облыстық денсаулық сақтау басқармасы арасында МЖӘ келісім шартына қол қойылды.

  1. «Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінде 250 қабылдауға арналған емхананың құрылысы»

Жобаның құны: 2,3 млрд.теңге.

МЖӘ жобасының түрі: МЖӘ, оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс өткізу.

Жобаның мақсаты: Халыққа жоғары сапалы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету үшін қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету.

  1.  «Арал ауданы Бекбауыл ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы»

Жобаның құны: 117,9 млн.теңге.

МЖӘ жобасының түрі: МЖӘ, оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс өткізу.

Жобаның мақсаты: Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қол жетімдігін, тиімділігін, сапасын жоғарылату және дамыту.

7. «Сырдария ауданы Ақжарма ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы»

Жобаның құны: 104,7 млн.теңге.

МЖӘ жобасының түрі: МЖӘ, оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс өткізу.

Жобаның мақсаты: Ақжарма ауылдық округінің халқын қол жетімді заманауи жоғары технологиялық медициналық көмек жүйесімен қамтамасыз ету, сондай-ақ, профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру мен халықты диспансерлеу. 

8. «Қазалы ауданы Өркендеу ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы»

Жобаның құны: 104,8 млн.теңге.

МЖӘ жобасының түрі: МЖӘ, оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс өткізу.

Жобаның мақсаты: Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қол жетімдігін, тиімділігін, сапасын жоғарылату және дамыту.

9. «Шиелі ауданы Жөлек ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы»

Жобаның құны: 99 млн.теңге.

МЖӘ жобасының түрі: МЖӘ, оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс өткізу.

Жобаның мақсаты: Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қол жетімдігін, тиімділігін, сапасын жоғарылату және дамыту.

10. «Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы»

Жобаның құны: 339,4 млн.тенге.

МЖӘ жобасының түрі: МЖӘ, оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс өткізу.

Жобаның мақсаты: Спорттық қызметтерді көрсету арқылы жаппай спортты дамыту үшін Тасбөгет кентінің халқын қолайлы жағдайлармен қамтамасы ету.

11. «Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы»

Жобаның құны: 368,2 млн.теңге.

МЖӘ жобасының түрі: МЖӘ, оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс өткізу.

Жобаның мақсаты: Спорттық қызметтерді көрсету арқылы жаппай спортты дамыту үшін ауылдық округтің халқын қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету.

12. «Қызылорда қаласы  «Мерей» мөлтек ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға беру»

Жобаның құны: 309 млн.теңге.

МЖӘ жобасының түрі: жалға беру, жеке қаржылық бастама.

Жобаның мақсаты: Спорттық қызметтерді көрсету арқылы жаппай спортты дамыту үшін Қызылорда қаласының  халқын қолайлы жағдайлармен қамтамасы ету.

13. «Жаңақорған ауданы Өзгент ауылдық округінде 150 орындық ауылдық клубтың құрылысы»

Жобаның құны: 239 млн.теңге.

МЖӘ жобасының түрі: концессия, екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс.

Жобаның мақсаты: Жаңақорған ауданы Өзгент ауылдық округінде халыққа мәдени демалысты қамтамасыз ету және оның дамуына қолайлы жағдайдар жасау.

14. «Қызылорда қаласы ІІБ-ның Ақсай полиция бөлімі ғимаратының құрылысы»

Жобаның құны: 675 млн.теңге.

МЖӘ жобасының түрі: концессия, екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс.

Жобаның мақсаты: Қызылорда қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

15. «Қызылорда қаласы көшелерін жарықтандыру»

Жобаның құны: 2,9 млдр.теңге.

МЖӘ жобасының түрі: МЖӘ, оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс өткізу.

Жобаның мақсаты: Қызылорда қаласының көшелерін жарықтандыру және электр жүйелерін қайта жаңғырту.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қосымша ақпаратты 8 (72-42) 60-53-77 байланыс телефоны арқылы сұрауға болады, Демесінова Раушан Ерболқызы, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту және халықаралық қаржылық ұйымдармен жұмысты үйлестіру бөлімінің басшысы.

1.06.2017 ж

«Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті  анықтау үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру

         «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы» мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті анықтау үшін конкурс өткізетіндігін хабарлайды.

Жоба бойынша мәлімет

         Жобаның атауы: Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы.

         Жобаны іске асыру саласы: Жоба әуе көлігімен жолаушылар және жүк тасымалдары саласында өткізіледі.

         Мақсаты және міндеті: Халықаралық стандарттар мен ИКАО ұсынымдарына (Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы) және Қазақстан Республикасының аумағындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы. Жобаның мақсаты аймақтағы авиацияны дамыту және жолаушыларды тасымалдау қызметінің сапасын арттыру болып табылады. Жаңа әуе терминалының  құрылысы әуе кемелеріне көрсетілетін әуе қызметтерінің сапасын көтеруге, халықаралық стандарттардың талаптарына сай қауіпсіз ұшуларды қамтамасыз  етеді, Қызылорда қаласы әуежайынан (әуежайына), оның ішінде халықаралық  жолаушылар айналымын көбейтуге, сонымен қатар жүк айналымы көлемін өңдеуді көбейтуге мүмкіндік береді.

         «Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы» МЖӘ жобасының жобалық қуаттылығы:

         Тиімді өткізу қабілеттілігі – сағатына 250 жолаушы;

         Терминал – 2 қабатты;

         Телескоптық траптардың төменгі саны – 2 дана;

         Жер учаскесінің жалпы көлемі – 3,7973 га.

         Жобаны іске асыру орны: Қызылорда қаласындағы қолданыстағы халықаралық әуежайдың аумағында.

         МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі: 20 жыл, оның ішінде:

         Құрылыс кезеңі: 1,5 – 2 жыл;

         Пайдалану кезеңі: 18 жыл.

         Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне (2014 жылғы 14 сәуірдегі №01-0208/14 «Мемсараптама» РМК-ның қорытындысы) сәйкес, құрылыс мерзімдері шамамен  және болжамды болып табылады.

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жекеше әріптес 2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ техникалық тапсырмасына сәйкес әзірленген техникалық ұсынысты ұсыну керек, сонымен қатар біліктілік талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттарын көрсетуі керек, осының негізінде біліктілігі бойынша іріктеу жүргізілетін болады.

         Конкурсты ұйымдастырушының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс 1, Әкімдік ғимараты, 4 қабат, №429 кабинеті.

         Ұйымдастырушы мемлекеттік органның атауы: «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

         Байланыс үшін: Е.М. Жаңабаев, Б. Жұпарбеков

 8 (7242) 60-54-75; 8 (7242) 60-54-77

Г.У. Жаманбаев 8 (7242) 26-23-65 («Қорқыт Ата әуежайы» АҚ)

Құжаттардың көшірме пакетін сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін және 14.00- ден 18.30-ға дейін Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, 120000, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс 1 мекен-жайындағы Әкімдік ғимараты 4 қабат, 429 кабинетінен алуға болады.

Көшірме пакеттері сұраныс бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін ұсынылады.

24.05.2017 ж

«Қызылорда облысының

2016-2018 жылдарға арналған 

мемлекеттік-жекешелік әріптестік

жобаларын іске асыру жөніндегі

жол картасын бекіту туралы»

Қызылорда облысы әкімінің

2016 жылғы 1 сәуірдегі №255-ө

өкіміне өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 51 хаттамасымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарының 54-тармағын орындау мақсатында:

1. «Қызылорда облысының 2016-2018 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі жол картасын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі №255-ө өкіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

аталған өкіммен бекітілген Қызылорда облысының 2016-2018 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі жол картасы осы өкімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Е.Г. Кимге жүктелсін.

3. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

   Қызылорда облысы                                                      

әкімінің міндетін атқарушы                                       Қ. Ысқақов

Қызылорда облысының 2016-2018 жылдарға арналған

мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі жол картасы

жүктеу...51 КБ

Құрылған күні: 29-05-2017 17:29
Жаңартылған күні: 31-01-2018 18:01

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика