Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Мемлекеттік қызметтің имиджі

         Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін құру және нақтылау мақсатында үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Ар-намыс кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын сақтау бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қызылорда облысы департамент қызметкерлерінің қатысуымен құқықтық оқытулар өткізіледі.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін насихаттау мақсатында Басқармада көпшілікке көрінетін жерде стенд ілінген және әрбір қызметтік бөлмелерде мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі ілінген.

2017 жылы  басқарма қызметкерлеріне қатысты Ар-намыс Кодексі талаптарының сақталмауы бойынша өтініштер түскен жоқ.

5.01.2018 ж

Қазақстан Республикасы Президентінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 404 Жарлығына сәйкес  «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы » ММ бойынша кешенді аттестаттау қорытындысы

        Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас мамандары кешенді тестілеу бойынша облыс әкімі аппаратының аттестаттау комиссиясының оң шешімін  атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді қорытындысын алды.

Аты-жөні

Лауазымы

Аттестаттау комиссиясының қорытынды шешімі

1

Нұрмаханова Назерке Дүйсенбекқызы

Бас маман

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

2

Сеилханов Еркін Асылханұлы

Бас маман

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

3

Тажикенова Жанар Ондасынқызы

Бас маман

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

4

Тұрсынбаев Мұрат Айетбекұлы

Бас маман

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

5

Бахытбекқызы Айдана

Бас маман

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

6

Қожабекұлы Бақытжан

Бас маман

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

7

Чингисова Алия Ануарқызы

Бас маман

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

8

Курпебаев Еркін Бостандыкұлы

Бас маман

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

9

Аманжолова  Ғалия Сандыбекқызы

Бас маман

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

10

Демесинова Раушан Ерболқызы

Бас маман

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

11

Менеев Берік Қалдыбекұлы

Бас маман

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

12

Ахмет Бекзат Бөрібекұлы

Бас маман

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

13

Жүнісова Бақыт Талгатқызы

Бас маман

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

14

Сұлтанбеков Нұрсұлтан Убайдуллаұлы

Бас маман

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

15

Абиева Шынар Арапбековна

Бас маман

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

18.03.2017 ж

Қазақстан Республикасы Президентінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 404 Жарлығына сәйкес  «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы » ММ бойынша кешенді аттестаттау қорытындысы

         Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Кулумбетова Сауле Ибрагимқызы кешенді тестілеу бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясының оң шешімін  атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді қорытындысын алды.

Аты-жөні

Лауазымы

Аттестаттау комиссиясының қорытынды шешімі

1

Жақыпбаева Алия Надірәліқызы

Басшы орынбасары

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді және мемлекеттік лауазымын жоғарлатуға ұсынылады

2

Тұрманов Мәлік Жұмағалиұлы

Басшы орынбасары

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

3

Қордабай Нұрғали Рахымшаұлы

Басшы орынбасары

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

4

Сыздықова Айнұр Серікқызы

Бөлім басшысы

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

5

Аббасова Фарида Аубакірқызы

Бөлім басшысы

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

6

Хожбанова Ардак Садыбалдықызы

Бөлім басшысы

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

7

Бекжанова Жанар Ансатқызы

Бөлім басшысы

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

8

Омарова  Женискүл Аманкелдіқызы

Бөлім басшысы

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

9

Нұрбаева Алма Дүйсенбекқызы

Бөлім басшысы

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

10

Қасымбекұлы Бақытбек

Бөлім басшысы

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

11

Нұрасылова  Алмагүл Рахманбердіқызы

Бөлім басшысы

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

12

Смайлов Қайрат Қыстаубайұлы

Бөлім басшысы

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

13

Тремасова Юлия Александровна

Бөлім басшысы

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

14

Жанадилов Бауржан Құрманғалиұлы

Бөлім басшысы

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді

18.03.2017 ж

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарының

ЖАДНАМАСЫ

Астана – 2016

Құрметті әріптестер!

     Әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс, ал қоғам мемлекеттік қызметшіні өз күш-жігерін, білімін  және атқарып отырған кәсіби қызметіндегі тәжірибесін сала отырып, құмарлықпен және адал өз Отанына – Қазақстан Республикасына қызмет ететіндігіне сенуі қажет.

     Мемлекеттік қызметшілер қызметтік әдеп жөнінде нені білу керек?

     Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары:

  • заңдылық;
  • Қазақстандық патриотизм;
  • азаматтың құқықтары, бостандығы мен заңды мүддесінің мемлекет алдындағы басымдығы;
  • лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы;
  • мемлекеттік қызметшілердің кәсіпқойлығы;
  • әдептілік;
  • құқық бұзушылықтарға төзбеушілік.

      Мемлекеттік қызметшілердің орындауы тиіс негізгі әдептілік талаптары:

  • жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына негізделген мемлекеттік қызметтің әдеп нормалаларының негізі мен қағидаларын  сақтауға;
  • мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық қаупін тудыруға қарсы іс-қимыл жасауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеуге;
  •  егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға;
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен көзделген міндеттерді атқаруға, тыйым салған және шектерді сақтауға;
  • мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарды жасамауға;
  • мүдделер қақтығысын болғызбауға және реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға;
  • егер мүдделер қақтығысы болған жағдайда лауазымдық міндеттерін орындамауға;
  • қызметтік функцияны атқаруға қатысты тиімді, нәтижелі, ашықтық тәсілдерді іздеуге және пайдалануға;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;
  • өзіне бағынысты мемлекеттік қызметшілерден лауазымдық өкілеттіктері шеңберінен шығатын тапсырмаларды орындауды талап етпеуге;
  • қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып өзіне және отбасы мүшелеріне игіліктер және артықшылықтар алмауға;
  • лауазымдық міндеттерін пайдакүнемдік және өзге де жеке мүдделері үшін пайдаланбауға;
  • пара немесе параға жақын құқық бұзушылыққа жататын құқық бұзушылықтарды жасамауға;
  • қызметте жалпы қамқорлық немесе қызмет бабында кетушілікке жол бермеуге;
  • мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар бермеуге;
  • шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетпеуге;
  • қызметтік тәртіпті сақтауға, басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін уақытылы орындауға;
  • қызметтік ақпаратты жарияламауға, оның ішінде әдеуметтік желілер арқылы;
  • Қазақстанда тұратын барлық ұлттың салт-дәстүрлерін, ғұрыптарын және тілдерін құрметтеуге;
  • өз өкілеттігін атқара отырып жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін жеке мүддесі үшін пайдаланбауға;
  • әріптестерімен және азаматтармен іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға;
  • қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарын сақтауға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге;
  • әріптестеріне өз діни көзқарасын ашық көрсетпеуге, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге;
  • сырт келбеті іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленуге;
  • сыбайлас жемқорлық көріністерін жасады деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға;
  • көпшілік алдында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттарын сақтауға;
  • мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікір-сайысты сыпайы нысанда жүргізуі тиіс.

     Қызметтік әдеп нормаларын қолдануда талас туындаған жағдайда Сіз мемлекеттік органның әдеп жөніндегі уәкіліне (ол жөнінде ақпарат мемлекеттік органның интернет-ресурсында және мемлекеттік органның ғимаратында баршаға көрінетіндей жерде орналастырылған)  және Агенттікке 8 (717) 275-34-12 телефоны арқылы немесе оның аумақтық құрылымдарына шағымдана аласыз.

     Құрметті әріптестер!

Қызметтік әдеп нормаларын сақтамау сыбайлас жемқорлыққа, әр түрлі құқық бұзушылықтар мен теріс пайдаланушылыққа жағдай туғызады, сондай-ақ тәртіптік шара қолдануға алып келеді. 

     Мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын мінсіз сақтау қызметтегі бағалауда және ілгерілеуде оң әсерін тигізеді.

17.01.2017 ж

Марапатталды.

      Жақыпбаева Әлия Надірәліқызы, Қордабай Нұрғали Рахымшаұлы, Нұрасылова  Алмагүл Рахманбердіқызы, Бекжанова Жанар Ансатқызы, Нұрбаева Алма Дүйсенбекқызы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ҚР Президентінің жарлығымен қаржы саласын дамытуға ерекше  үлесі қосқаны үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік меделімен наградталды.

       Ұжым жеткен жетістіктерімен барлығын шын жүректен құттықтайды.

22.12.2016 ж

ҚР Қаржы министрлігінің Марапаты

     Калмакова Гаухар Амангельдиевна Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қаржы саласын дамытуға ерекше  үлесі қосқаны үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің  «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен наградталды.

     Ұжым Гаухар Амангельдиевна жеткен жетістіктерімен шың жүректен құттықтайды.

14.11.2016 ж

Құттықтау

           Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мемлекеттік мекемесінің  ауылшаруашылығын және ауылдық аумақтарды дамыту бөлімінің бас маманы  Көрпебаев  Еркін  Бостандықұлы Қазақстан  Республикасының Конституция  күніне  облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз!

05.10.2016 ж

Құттықтау.

     Мемлекеттік қызметші күніне орай мемлекеттік қызметті нығайтуға ерекше үлес қосқаны үшін Чингисова Алия Ануарқызы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігінің қызылорда облысы бойынша департаментінің алғыс хатымен марапатталды.

     Ұжым қызметерімізді жеткен жетістіктерімен шын жүректен құттықтайды.

16.07.2016 ж

Әріптестердің құттықтауы!

     Ағымдағы жылдың 20 наурызында Қазақстан Республикасы мәслихаттары  депутаттарының кезекті сайлауында Ысқақова Райхан Құсайынқызы «Нұр Отан» партиясынан № 26 «Бекежанов» сайлау округі бойынша Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттығына сайланды.

Райхан Құсайынқызы Қызылорда облысы әкім аппаратының 2016 жылғы 28 наурыздағы № 11-4/2а-19 «Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын директорының міндетін атқарушысы қызметіне тағайындалды.

     Райхан Құсайынқызы 30 жылдан аса уақыт қаржы органдарында жұмыс атқарып, 2005 жылдан қазіргі уақытқа дейін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген. Облыс бюджетінің жоспарлануына, игерілуіне және мақсатты пайдаланылуына, сонымен бірге республикалық бюджеттен бөлінетін қаржылардың мақсатты жұмсалуына тікелей қатысып, белсенді жұмыс атқарды.  

     Айта кету керек, қарамағындағы қызметкерлерінің аса ұқыптылықпен өз істерін белгіленген жоспарларға сәйкес жүргізулеріне үлгі болды. Осыған орай, атқарған жемісті еңбегі ескерусіз қалмай бірнеше медальдармен, мақтау қағаздармен марапатталды.         

     2008 жылы Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін «10 жыл Астана» медалімен, 2011 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» медалімен, 2015 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші»  медалімен, 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.

     Киелі Сыр елінің гүлденуіне, халқының өсіп-өркендеуіне, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына орасан зор үлес қосып келеді.

4.04.2016ж

Мемлекеттік қызметтің имиджі

         Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін құру және нақтылау мақсатында үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Ар-намыс кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын сақтау бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қызылорда облысы департамент қызметкерлерінің қатысуымен құқықтық оқытулар өткізіледі.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін насихаттау мақсатында Басқармада көпшілікке көрінетін жерде стенд ілінген және әрбір қызметтік бөлмелерде мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі ілінген.

2015 жылы  басқарма қызметкерлеріне қатысты Ар-намыс Кодексі талаптарының сақталмауы бойынша өтініштер түскен жоқ.

12.01.2016ж

Мектепке жол

     Өткен жыдағылар секілді, ағымдағы жылдың қыркүйегінде Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясына қатысты.

Біздің жетістіктеріміз

     Қызылорда қаласында 2015 жылдың 22 маусымымен - 7 шілде аралығында облыс әкімінің жүлдесіне арналған ХХ – дәстүрлі мемлекеттік және ведомство қызметкерлері арасындағы спартакиада өтті.

     Спартакидаға қатысқан мемлекеттік мекемелер спорттың 10 түрі бойынша сайысқа түсіп өзара мықтыны анықтады. Өткізілген спартакиада облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының да қызметкерлері белсене қатысып өз мықтылықтарын дәлелдеп, үздіктер қатарынан көрінді. Нәтижесінде өткізілген спорттың жекелеген түрлері бойынша басқарма қызметкерлері:

     - пневматикалық винтовкадан атудан жүлделі - ІІ орын;

     - эстафета жарысынан жүлделі – ІІ орын;

     - волейбол жарысынан жүлделі – І орын;

     - тоғызқұмалақ ойынынан жүлделі – І орын;

     - жүзу жарысынан жүлделі – І орын иеленді.

     Спартакиаданың қорытындысы бойынша жалпы командалық есеп бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жүлделі – ІІІ орынды алып үздік үштіктер қатарынан көрінді.

     Сондай-ақ, облыс әкімі мемлекеттік қызметшілер мерекесі қарсаңында қызмет бабында іскерлігімен ерекше көзге түскен мемлекеттік қызметшілерге «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісін табыстады. Сол марапаттаудың ішінде 35 жылдан аса мемлекеттік қызметті абыроймен атқарған біздің мақтанышымыз басшы орынбасары Р.Х. Искаковада бар.

     Одан кейін, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық мерей тойына байланысты 26 тамызда облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыстық басқармалар қызметкерлері салтанатты түрде марапатталды. Оның ішінде, облысы әкімінің орынбасары Наталья Годунова облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшылары Қалмақова Гаухар, Аббасова Фарида және бас маман Смайлов Қайрат медальдармен марапатталды. 

26.08.2015 ж.

Мемлекеттік қызметтің имиджі

         Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін құру және нақтылау мақсатында үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Ар-намыс кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын сақтау бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қызылорда облысы департамент қызметкерлерінің қатысуымен құқықтық оқытулар өткізіледі.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін насихаттау мақсатында Басқармада көпшілікке көрінетін жерде стенд ілінген және әрбір қызметтік бөлмелерде мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі ілінген.

2015 жылы 2 тоқсанына басқарма қызметкерлеріне қатысты Ар-намыс Кодексі талаптарының сақталмауы бойынша өтініштер түскен жоқ.

08.07.2015ж.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 09-01-2018 09:56

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика