Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының  іске асырылуы туралы ақпарат

 

2017 жылы инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР Ұлттық қор есебінен 40 жобаны іске асыруға 7900,6 млн.теңге бөлінді.

  1. (Анықтама: 1568,2 млн. теңге - 3 білім беру нысандарының құрылысы,

5787,0 млн. теңге - 36 сумен қамту жобаларын реконструкциялау, 545,4 млн.теңге - 1 әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесе жүзеге асырылатын Қызылорда қаласында сумен жабдықтау және су бұру жүйесін салу және реконструкциялау).

2018 жылдың 1 қаңтарына жоспарланған 7900,6 млн.теңге толығымен игерілді немесе 100 пайыз.

Оның ішінде:

  1. Ағымдағы жылы 3 білім беру нысандарының құрылысына

1568,2 млн.теңге қаралды.

         2018 жылдың 1 қаңтарына жоспарланған 1568,2 млн.теңге толығымен игерілді немесе 100 пайыз.

         Қазіргі таңда 2 білім беру нысандарының құрылысы аяқталып пайдалануға берілді (Жаңақорған ауданы М. Нәлібаев,  Төменарық елд3 мекендерде 300 орындық мектеп құрылысы).

Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 300 орындық мектептің құрылысы 2018 жылға өтпелі болып табылады.

 

  1. Ағымдағы жылы 36 сумен қамту және су бұру жүйелерін

реконструкциялауға 5787,0 млн. теңге бөлінді.  

2018 жылдың 1 қаңтарына қаралған 5787,0 млн. теңге толығымен игерілді.  

(Анықтама: Қызылорда қаласында 27 жоба, Арал ауданында 6 жоба, Қармақшы ауданында 2 жоба, Жаңақорған ауданында 1 жоба).

         Қазіргі таңда 32 жоба аяқталып пайдалануға берілді. Қалған 3 жобаны 2018 жылдың қаңтар айында пайдалануға беру жоспарлануда, 1 жоба 2018 жылға өтпелі болып табылады.

 

  1. Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде

халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыру мақсатында 1 жобаны (Қызылорда қаласында сумен жабдықтау және су бұру жүйесін салу және реконструкциялау) іске асыруға 545,4 млн.теңге қаржы бөлінді.

 

2016 жылы басталып, 2017 жылға өтпелі болып табылатын жобаларға қатысты.

Сумен қамту және су бұру жүйелерін реконструкциялау бойынша  

5  жобаға 5723,8 млн. теңге қаралды. 2018 жылдың 1 қаңтарына 4872,2  млн. теңге толығымен игерілді немесе 97 пайыз. 

 

 (Анықтама: Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі ішкі су құбыры желілерін қайта жаңғырту, Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы және су құбыры желілерін қайта жаңғырту, Қармақшы ауданы Жосалы кентінде су құбыры желілерін және насос станциясын қайта жаңғырту, Қармақшы ауданы Жосалы кентінде су құбыры желілерінің құрылысы (4-қатар), Тасбөгет кентінің ВОС 2-ші көтергіш НС бастап «Южный» КП дейінгі су құбырын реконструкциялау).

Бүгінгі күнге 3 жоба аяқталып, пайдалануға берілді.

(«Тасбөгет кентінің ВОС 2-ші көтергіш НС бастап «Южный» КП дейінгі су құбырын реконструкциялау», «Жосалы кентінде су құбыры желілерін және насос станциясын қайта жаңғырту», Қармақшы ауданы Жосалы кентінде су құбыры желілерінің құрылысы (4-қатар)

Нәтижесінде Тасбөгет кентінде 15,4 шақырым су жүйелері жаңғыртылды, Жосалы кентінде тәулігіне 5,0 мың текше метрлік таза су резервуары салынды, Жосалы кентінде 74,3 шақырым су жүйелері жаңғыртылды.

Қалған 2 жоба 2018 жылдың қаңтар айында пайдалануға беру жоспарлануда.  

 

  1. Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде

халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыру мақсатында 3 жобаны жүзеге асыруға ҚР Ұлттық қоры есебінен 2015-2016 жылдары 3850,0 млн.теңге қаралды (Қызылорда қаласында сумен жабдықтау және су бұру жүйесін салу және реконструкциялау, Қызылорда қаласында жылумен жабдықтау жүйесін салу және реконструкциялау, Қызылорда таратушы электр желілері жүйесін жаңғырту). Оның ішінде:

  • «Қызылорда қаласында жылумен жабдықтау жүйесін салу

және реконструкциялау» жобасын іске асыруға 1545,4 млн. теңге;

          «Қызылорда қаласында сумен жабдықтау және су бұру

жүйесін салу және реконструкциялау» жобасын іске асыруға 1704,6 млн. теңге;

          «Қызылорда таратушы электр желілері жүйесін жаңғырту»

жобасын іске асыруға 600 млн. теңге қаралды.

09.01.2017 ж.


«Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылуы туралы МӘЛІМЕТ

 

 «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2017 жылы облыс бойынша 47 көпқабатты тұрғын үйлердің (1983 пәтер – 160,9 мың ш.м.) құрылысы жүргізілді.

2017 жыл қорытындысымен 42 көпқабатты тұрғын үй (1859 пәтер – 156,2 мың ш.м.) пайдалануға берілді, оның ішінде:

«Бәйтерек Девелопмент» АҚ желісі арқылы:

-«СПМК-70» мөлтек ауданында 5 тұрғын үй (300 пәтер-23,9 мың ш.м.).

Несиелік тұрғын үй (облигация шығару арқылы):

-Жаппасбай батыра көшесі бойынан және Титов ауданында 14 тұрғын үй (680 пәтер – 59,8 мың ш.м).

АО «Самұрық Қазына» желісі арқылы - 5 тұрғын үй (400 пәтер -  32,8 мың ш.м.). Олар:

-Жаппасбай батыр көшесі бойынан (170 пәтер) тұрғын үй;

-Демесінов көшесі бойынан – 4 тұрғын үй (230 пәтер).

Жалдамалы тұрғын үй бойынша – 12 тұрғын үй (220 пәтер –  18,6 мың ш.м.). Олар:

-Жаппасбай батыр көшесі бойынан (160 пәтер);

-Жаппасбай батыр көшесі бойынан (50 пәтер);

-Сырдария ауданында – 10 тұрғын үй (10 пәтер).  

Жеке құрылыс арқылы – 6 тұрғын үй (259 пәтер – 21,0 мың ш.м.). Олар:

-Арай-3 мөлтек ауданында – 4 тұрғын үй (200 пәтер);

-Арай-3 мөлтек ауданында – 1 тұрғын үй (27 пәтер);

-Желтоқсан көшесі, №5 бойынан – 1 тұрғын үй (32 пәтер).

Жеке құрылысы бойынша 5 тұрғын үй құрылысы (124 пәтер 4,7 мың ш.м.) 2018 жылға өтпелі, олар:

-Арай-3 мөлтек ауданында – 2 тұрғын үй (20 пәтер);

-Желтоқсан көшесі, №3 бойынан – 1 тұрғын үй (34 пәтер);

-А.Құнанбаев көшесі, н/з бойынан (Сәулет мөлтек ауданы) – 1 тұрғын үй  (52 пәтер);

-Жаңақорған ауданында – 1 тұрғын үй (18 пәтер).

 

2017 жылы тұрғын үй құрылысына ҚР Ұлттық қоры және облыстық бюджеттен барлығы 2 639,1 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде:

ҚР Ұлттық қорынан 1 838,7 млн.теңге  жоғарыда көрсетілген 2 жалдамалы тұрғын үйдің құрылысына бөлінді:

- Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесіндегі №2 кварталындағы 160 пәтерлі №8 тұрғын үйге - 1 399,6 млн.теңге;

- Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесіндегі №2 кварталындағы 50 пәтерлі №16 тұрғын үйге - 439,2 млн.теңге.

Аталған тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

 

Облыстық бюджеттен 800,3 млн.теңге:

Құнды қағаздар шығару арқылы салынып жатқан Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесі және Титов ауданындағы 14 тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға бөлінді (680 пәтер 59,7 мың.ш.м) - 264,1 млн.теңге, тұрғын үйлер пайдалануға берілген.

Сондай-ақ, аталған 2 тұрғын үйлердің (қоса қаржыландыруға 160 және 50 пәтерлік), 21 тұрғын үйдің (Сырдария және Қазалы аудандары, Байқоңыр қаласы) құрылысына және жоба-сметалық құжаттар әзірлеп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуға (Байқоңыр қаласы және Қызылорда қаласы сол жағалау) 536,2 млн.теңге қаржы бөлінді.

01.01.2018 жыл жағдайы бойынша Ұлттық қор және облыстық бюджет есебінен  қаралған 2 639,1 млн.теңгенің 2 636,5 млн.теңгесі игерілді  немесе жоспарға 100 % (2,6 млн.теңге үнемделген).

01.01.2018 жылға 612,3 мың ш.м. (өткен жылғы тиісті кезеңге 112,6 %-бен) пайдалануға берілген, оның ішінде 156,2 мың ш.м. 42 көпқабатты тұрғын үй (1859 пәтер) және 456,1 мың ш.м. жеке тұрғын үй.

 

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілері құрылысына және жылу-энергетикалық жүйесін дамытуға барлығы 4 015,6 млн.теңге қаржы бөлінді (ҰҚ – 3 383,3 млн.теңге, ОБ – 632,3,0 млн.теңге), оның ішінде:

ҚР Ұлттық қорынан 15 жобаның құрылысына 3 383,3 млн.теңге қаржы бөлінді  (Қызылорда қаласында – 3 жоба, Арал ауданында – 1 жоба, Қазалы ауданында– 4 жоба, Қармақшы ауданында – 1 жоба, Сырдария ауданында – 2 жоба, Шиелі ауданында  – 2 жоба, Жаңақорған ауданында – 2 жоба), 15 жобаның 2 жобасы 2016 жылдан өтпелі, 13 жобасы жаңа құрылыс.

Облыстық бюджеттен 632,3 млн.теңге қаржы инженерлік инфрақұрылым желілерін қоса қаржыландыруға, 7 жаңа жобаларға және жоба-сметалық құжаттар әзірлеп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуға бөлінді. 

01.01.2018 жыл жағдайы бойынша Ұлттық қор және облыстық бюджет есебінен жоспарланған 4 015,6  млн.теңгенің 3 987,5 млн.теңгесі игерілді немесе жоспарға 99%.

01.01.2018 жылға 8 ИКИ жобаларының құрылысы бойынша барлығы 164 шқ инженерлік желілер пайдалануға берілді.

10.01.2018ж.


О ходе реализации государственной программы инфраструктурного развития «Нурлы жол» в 2017 году

 

За счет средств Национального фонда РК в рамках программы «Нурлы жол» бюджету Кызылординской области в 2017 году на реализацию 40 инфраструктурных проектов предусмотрено 7900,6 млн.тенге.

(Справочно: строительство 3 объектов образования1568,2 млн.тенге, 36 проектов по реконструкции и расширению системы водоснабжения – 5787,0 млн.тенге, 1 проект по реконструкции и строительству системы водоснабжения и водоотведения осуществляемых совместно с международными финансовыми организациями- 545,4 млн.тенге)

По состоянию на 1 января 2018 года  из предусмотренных по плану 7900,6 млн.тенге,  средства полностью  освоены или 100  % .

В том числе:

  1. На  строительство  3  объектов образования  в текущем году

предусмотрено 1568,2  млн.тенге.

По состоянию на 1 января 2018 года из предусмотренных  по плану средств в сумме 1568,2 млн.тенге полностью освоены или 100 %.

На сегодняшний день строительство 2-х объектов образования (школы на 300 мест в населенных пунктах Налибаева, Томенарык Жанакорганского района) завершены и введены в эксплуатацию.

Строительство школы на 300 мест в поселке Жосалы Кармакшинского района является переходящим на  2018 год.

 

  1. На реализацию 36 проектов по реконструкции и расширению

системы водоснабжения и водоотведения в текущем году предусмотрено 5787,0 млн.тенге.

По состоянию на 1 января 2018 года  из предусмотренных 5787,0 млн.тенге средства полностью освоены.

(Справочно: 27 проектов в г. Кызылорда, 6 проектов в Аральском районе, 2 проекта в Кармакшинском районе, 1- в Жанакорганском районе).

На сегодняшний день  завершены и введены в эксплуатацию 32 проектов, оставшиеся 3 проекта планируется завершить в январе 2018 года, 1 проект является  переходящим на 2018 год.

  1. В рамках реализации проектов по содействию устойчивому

развитию и росту Республики Казахстан, осуществляемых совместно с международными финансовыми организациями в рамках рамочных соглашений о партнерстве на реализацию 1-го проекта (Реконструкция и строительство системы водоснабжения и водоотведения в городе Кызылорда) выделено 545,4 млн.тенге.

По состоянию на 1 января 2018 года  из предусмотренных 545,4 млн.тенге средства полностью освоены.

 

Относительно начатых проектов 2016 года, переходящих на 2017 год.

 

1. На реализацию 5 проектов по реконструкции и расширению

системы водоснабжения и водоотведения в 2016 году было предусмотрено 5723,8 млн.тенге. На 1 января 2018 года освоение составило 4872,2 млн.тенге или 97 %.

(Справочно: Реконструкция и расширение внутренних водопроводных сетей поселка Саксаульск Аральского района, Строительство и расширение систем водоснабжения в кенте Айтеке би Казалинского района, Реконструкция водопроводной сети и насосной станции 2-подъема в поселке Жосалы Кармакшинского района, Строительство линии подводки водопроводных сетей в поселке Жосалы Кармакшинского района (4-очередь), Реконструкция водовода от НС 2-го подъема ВОС пос. Тасбогет до КП «Южный»).

На сегодняшний день 3 проекта  завершены и введены в эксплуатацию.

(Реконструкция водовода от НС 2-го подъема ВОС пос. Тасбогет до КП «Южный, Реконструкция водопроводной сети и насосной станции 2-подъема в поселке Жосалы Кармакшинского района, Строительство линии подводки водопроводных сетей в поселке Жосалы Кармакшинского района (4-очередь)

 В результате обновлены 15,4 км водопроводных сетей в поселке Тасбугет, построены 2 резервуара емкостью 5,0 м3/в сутки в поселке Жосалы,обновлены 74,3 км водопровода в поселке Жосалы.  

Оставшиеся 2 проекта будут введены в эксплуатацию в январе 2018 года .

  1. В рамках реализации проектов по содействию устойчивому

развитию и росту Республики Казахстан, осуществляемых совместно с международными финансовыми организациями в рамках рамочных соглашений о партнерстве на реализацию 3-х проектов (строительство и реконструкция системы водоснабжения и водоотведения в городе Кызылорде, строительство и реконструкция системы теплоснабжения города Кызылорды,  модернизация Кызылординской распределительной электросетевой системы) за период 2015-2016 годы предусмотрено из Национального фонда РК 3850,0 млн.тенге. В том числе:

 - На реализацию проекта «Строительство и реконструкция системы теплоснабжения города Кызылорды»  предусмотрено 1545,4 млн.тенге.

- На реализацию проекта «Строительство и реконструкция системы водоснабжения и водоотведения в городе Кызылорде» - предусмотрено 1704,6 млн.тенге.

- На реализацию проекта «Модернизация Кызылординской распределительной электросетевой системы»  предусмотрено 600,0 млн.тенге.

 

09.01.2017 г.


"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы

     "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы ҚР Үкіметнің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы №922 қаулысымен бекітілді. Бағдарламаны іске асыру  мерзімі 2017-2021 жылдар.

      Бағдарламаның басты мақсаты  - халық үшін тұрғын үйдің қолжетiмдiлiгiн арттыру.

      Бағдарламаның негізгі міндеттері:

     -ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру;

     -жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру;

     -тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы өткізілетін кредиттік тұрғын үй салу;

     -халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын құру;

     -жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;

     -үлестік тұрғын үй құрылысын қолдау.

    2017 жылы  бағдарлама аясында ҚР Ұлттық қоры есебінен екі  көпқабатты  тұрғын үй құрылысына (Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесі №2 тұрғын кварталындағы көп қабатты 160 пәтерлік № 8 тұрғын үй құрылысы (сыртқы инженерлік желілерсіз),  «Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесі №2 тұрғын кварталындағы 50 пәтерлік № 16 тұрғын үй құрылысы» жұмыс жобасын)  - 1,5 млрд. теңге  бөлінді.

12.04.2017 ж


Жұмыспен қамту саласындағы саясаттың жаңа форматы

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсанында № 919 қаулысымен жаңа «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бекітілді. Осы қаулымен 2011 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» күшін жойды.

     Жаңа Бағдарлама еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті және дағдыларды меңгерудің тиімді жүйесін, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағытталған.

     Бағдарламаның мақсаты мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін жұмыс мынадай үш бағыт бойынша жүргізілетін болады:

     1) Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;

     2) жаппай кәсіпкерлікті дамыту;

     3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

     Бағдарламаның бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету»  азаматтарға өзі дербес жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту немесе жеке ісін ашу үшін сұранысқа ие кәсіптер бойынша жаппай оқытуды ұйымдастыруға бағытталған.

     Оқытуды ұйымдастыру аясында азаматтарға бірінші және екінші кәсібін тегін алуға мүмкіндік беріледі. Бірінші кәсіп –колледж деңгейінде барлығына тегін кәсіби техникалық білім беру. Бірінші кезекте, өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері қатарындағы 9-11-сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ азаматтардың өзге санаттары болып табылады.

     Азаматтар екінші кәсіпті қысқа мерзімді дуальды оқыту курстары  аясында алады және де тегін. Аталған оқытумен еңбек нарығында сұранысқа ие алу және қайта даярлауды қажет ететіндер үшін жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды  қамтамасыз ету жоспарлануда.

     Бағдарламаның екінші бағыты: «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» келесі міндеттерді іске асыруды көздейді:

     1) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

     2) кәсіпкерлік бастамаларды қолдау;

     3) қалалар мен ауылдарда микрокредиттерге кепілдік беру.

    Оқыту Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арқылы өткізіледі. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту барысында қатысушыларға кәсіпкерлік қызметі негіздері бойынша құрылымдық білім және кәсіпкерлікті енгізу, қаржылық қолдау шараларының қолжетімділігі бойынша ой-пікірлер ұсынылады.

     Аталған шара табысы төмен ауыл тұрғындарының едәуір бөлігі үшін кәсіпкерлік салысында алғашқы қадамдарын жасауға және өзінің бизнес бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

     Жалпы алғанда түрлі бағдарламаларда қолданатын микрокредиттеудің барлық түрлері мен құралдарын біріктіру арқылы ауыл және қала деңгейінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту жағдайларын жасау және ынталандыру қарастырылады.

   Оған қоса, ауылда негізгі міндеті - жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін микрокредиттеудің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады, бұл жеке ісін ашуға немесе кеңейтуге мүмкіндік береді, кооперативтерді құру, кәсіпкерлік үшін қажетті инфрақұрылымды жақсарту болып табылады.

     Қалада микрокредиттеу жаңа кәсіпорындарды ашу және қолданыстағы бизнесті ұлғайтуға арналған.

    «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» Бағдарламаның үшінші бағыты жеке санаттағы азаматтарды жұмыспен қамтуда атаулы көмекті күшейту,  еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру және еңбек нарығының инфрақұрылымын дамытуды көздейді.

     Бағдарламаға қатысушыларға жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу бойынша мынадай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі:

     1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар;

     2) лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

     3) әлеуметтік жұмыс орындарын құру;

     4) жастар практикасын ұйымдастыру;

     5) қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру.

     Жеке санаттағы жұмыспен қамтуда атаулы көмек Жұмыспен қамту - 2020 жол картасындағы қолданған құралдарды қолданумен жүзеге асырылады. Бұл жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындары, жастар, әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында сұранысқа ие қоғамдық жұмыстар.

     Жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге жәрдемдесу үшін еңбек нарығының Бірыңғай ақпараттық базасын немесе Еңбек биржасын құру жоспарлануда. Аталған жұмыс тікелей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің enbek.kz платформасы қолданыстағы базасында жүзеге асырылады.

     Еңбек биржасы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің дерекқорын, интернет порталын қамтиды. Жұмысқа   орналастыру бойынша қызмет көрсету кеңейту мүмкіндіктерін беретін аймақтағы барлық халықты жұмыспен қамту орталықтары кіреді.

      Жүгінген азаматтар үшін лайықты бос жұмыс орындарын іздеуді және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді халықты жұмыспен қамту орталықтары жүзеге асырады.

    Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға дерекқорда бар бос жұмыс орындарына, жұмыс берушілер өз бетінше мәлімдеген жұмыс орындарына, іске асырылатын мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы жұмыс орындарына, жалақысы ішінара субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар практикасын өтуге арналған жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді.

     Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысқа талдау, болжам жүргізеді, халықты жұмыспен қамту орталықтарының Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша жұмысын ұйымдастырады, Бағдарламаға қатысушылардың жұмысқа орналасуына мониторинг жүргізеді.

9.02.2017 ж


«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы бойынша

     «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасының жергілікті мемлекеттік басқару бағыты бойынша елді мекендердің әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында 2016 жылы 87 елді мекенде жалпы құны 406,4 млн. теңгеге 80 жоба жүзеге асырылды.

     Атап айтқанда; көше жарықтандыру – 22 жоба, жол жөндеу – 24 жоба, көгалдандыру және абаттандыру – 34 жоба. 192 уақытша жұмыс орны ашылды.

     Аталған іс-шаралар алдағы уақытта да бағдарлама аясында жалғасын табатын болады.

17.01.2017 ж


Инфрақұрылымдық жобалар аясында жұмыспен қамту

 

      Жұмыспен қамту 2020 жол картасының Бірінші бағыты аясында 2015 жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысында 208 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 123 жұмыс орны. Барлығы 7 клуб, 5 балабақша, 2 мәдениет үйі, 1 мектеп пен 1 кітапханаға жөндеу жүргізілді.

       2016 жылы 5 білім нысаны мен 3 мәдениет нысанына күрделі жөндеу жүргізу бойынша 8 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Барлығы 90 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Аталған жобаларды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады.

        Сонымен бірге, 2015 жылдың 30 қарашасында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін, оның ішінде жергілікті инфрақұрылымды дамыту және елді мекендерді абаттандыру бойынша жобаларды іске асыру арқылы еңбек нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Жұмыспен қамту 2020 жол картасының Бірінші бағытын қосымша қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне 6,3 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды.

12.01.2016ж.


Жұмыспен қамту 2020 жол картасының

жүзеге асырылу барысы туралы

 

     Бағдарламаға қатысушы ретінде жыл басынан 1453 адам хабарласып, соның ішінен 1435 адам бағдарламаға қатысушылар қатарына енгізілді оның: өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 26,2 % (376 адам), жұмыссыздар -73,8 % (1059 адам). Оның ішінен 811-і  жастар. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 3071 адам қамтылды, соның ішінде жұмысқа орналасқандары – 2970 адам, соның ішінде тұрақты - 2057.      

     «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына 2015 жылға Қызылорда облысына 2015 жылға 1877,9  млн теңге қаралған, соның ішінде тек  2015 жылы бағдарламаның бағыттарына  - 1099,4 млн.теңге.

     Бірінші бағыт - инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге 17 жобаға  – 575, 1  млн.теңге.

     инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту – 16 жоба, 533,6 млн.теңге - 199 орын, игерілгені 463,7 млн.теңге, 208 жұмыс орны құрылды;

     Жаңақорған ауданы Түгіскен елді мекенінде дәрігерлік амбулатория құрылысы – 41,5 млн.теңге 30 орын, жұмыстар басталып 6 жұмыс орыны құрылды.

     Қазіргі кезеңде 16 жобада жұмыстар басталып, 202 жұмыс орыны құрылды, соның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы - 117 адам жұмыспен қамтылды. (1 жоба бойынша Жалағаш ауданында конкурстық жұмыстар жүргізілуде).

     Екінші бағыт - Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту– 140 адамға  421,3 млн.теңге бөлінді.

     Барлығы 289 адам несиелендіріліп, соның ішінде:

     биылғы жылғы республикалық бюджеттің қаржысы есебінен 195 Бағдарлама қатысушысы 401,5 млн.теңгеге несиелендірілді, соның ішінде 112 адам өз кәсібін ашты;

     қайтарылған қаржының есебінен 94 адам 205,0 млн.теңгеге несиелендірілді, соның ішінде 50 адам өз кәсібін ашты.

     Үшінші бағыт - жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге – 718,3 млн.теңге.

     Әлеуметтік жұмыс орындарына 151 мекеме, кәсіпорындарға 344 адам жолданып (34,9 млн.теңге қаржы төленді), 230–і тұрақты жұмыспен қамтылды.

     2014 жылдан бері жұмысын жалғастырған 87 адам ішінен 39-і жұмыс мерзімін аяқтап , 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

     Жастар тәжірибесіне 336 мекеме, кәсіпорындарға  547 жас мамандар жолданып (42,1 млн.теңге қаржы төленді), 497–сі  тұрақты жұмыспен қамтылған.

     Үстіміздегі жылдың маусым айында 2011 жылдан бері  бағдарлама аясында оқып жүрген азаматтардың 2147 адамның ішінен 2105-сі  оқуды аяқтап 435-сі жұмыспен қамтылған, соның ішінде тұрақтысы - 387, жастар тәжірибесіне - 48 адам жолданды.

     Алдыңғы жылдардан бері оқуын аяқтап жұмыспен қамтылмаған 1184 адамның  565–і жұмысқа орналастырылды, соның ішінде: 480-і түрақты жұмыспен, 75-і жастар тәжірибесіне, 10-і  әлеуметтік жұмыс орындарына  жолданды. 

11.09.2015ж.


Тұрғын үй құрылысы жөнінде

 АҚПАРАТ

     Қызылорда облысының қала және аудан әкімдіктерінде кезекте тұрғандардың тұрғын үйге сұранысын тездетіп шешу үшін «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы аясында тек коммуналдық тұрғын үйлер емес, сонымен қатар «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстандық Ипотекалық Компания» Ипотекалық Ұйымы» АҚ  және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ желісі арқылыда тұрғын үйлер салынып пайдалануға берілді.

     2012 жылы бағдарлама аясында 267,0 мың.ш.м құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға беру жоспарланып, жыл қорытындысымен 293,0 мың.ш.м құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 109,9 пайызға жоғары.

     Қолжетімді тұрғын үй -2020 бағдарламасының төрт бағыты арқылы республикалық бюджеттен 3 385,042 млн.теңге және облыстық бюджеттен 853,2 млн.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде:

  1. Кезекте тұрған азаматтарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бойынша
  • Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінде салынатын бір 36 пәтерлі, үш 18 пәтерлі, үш 24 пәтерлі тұрғын үйлердің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
  • Алты 24 пәтерлі, бір 36 пәтерлі және бес 18 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп, 2012 жылдың қорытындысымен 5,42 м.ш.м құрайтын үш 24 пәтерлі және бір 18 пәтерлі тұрғын үйлер пайдалануға берілді.
  1. Жас отбасыларға арналған тұрғын үйлер бойынша
  • Қызылорда қаласы Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойында салынатын төрт 50 пәтерлі, бір 40 пәтерлі және бір 30 пәтерлі тұрғын үйлердің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
  • Төрт 50 пәтерлі, бір 40 пәтерлі және 30 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы басталды.
  1. Несиелік тұрғын үйлер құрылысы
  • 2012 жылы 200 пәтерді құрайтын төрт тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, оның 6,9 мың.ш.м құрайтын 100 пәтері пайдалануға беру жоспарланған. Алайда, ауа райының қолайсыздығынан және құрылысшылардың кестеге сәйкес жұмыс істемеуі салдарынан жылдық жоспар орындалмады.
  • Қызылорда қаласы Ипподром ауданында салынатын 50 пәтерлі төрт тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
  1. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілері құрылысы бойынша

     Қызылорда қаласында 61,4 шақырым инженерлік желілер құрылысы жүргізілді, оның ішінде: 16,43 шақырымы электр желілері, 3,4 шақырымы жылу жүйесі, 13,2 шақырымы ауыз су желісі, 0,7 шақырымы кәріз су желісі, 0,8 шақырымы телефон желісі, 25,7 шақырымы жол құрылысы.

     Облыс тұрғындары есебінен 243,2 мың.ш.м құрайтын 1915 тұрғын үй салынды. 9,1 мың адам немесе 2296 отбасы баспаналы болды.

 

     2013 жылы облыс бойынша 270,3 мың.ш.м  тұрғын үй пайдалануға берілді (өткен жылмен салыстырғанда 92,1 пайызға төмен), оның  36,6 мың.ш.м тұрғын үйі мемлекет қаражаты есебінен пайдалануға берілді, оның ішінде:

  1. Кезекте тұрған азаматтарға арналған 10,0 мың.ш.м құрайтын 161 пәтері бар 24 тұрғын үй, нақты:
  • Қызылорда қаласында – 8,8 мың.ш.м құрайтын 7 тұрғын үй;
  • Арал ауданында – 0,470 мың.ш.м құрайтын 7 тұрғын үй:
  • Қазалы ауданында – 0,155 мың.ш.м құрайтын 2 тұрғын үй;
  • Қармақшы ауданында – 0,138 мың.ш.м құрайтын 2 тұрғын үй;
  • Жалағаш ауданында – 0,140 мың.ш.м құрайтын 2 тұрғын үй;
  • Шиелі ауданында – 0,137 мың.ш.м құрайтын 2 тұрғын үй ;
  • Жаңақорған ауданында -  0,146 мың.ш.м құрайтын 2 тұрғын үй.
  1. Жас отбасыларға  Қызылорда қаласынан 3,1 мың.ш.м құрайтын 1 тұрғын үй пайдалануға берілді;
  2. Несиелік тұрғын үй бойынша Қызылорда қаласынан 13,7 мың.ш.м құрайтын 4тұрғын үй пайдалануға берілді;
  3. Облыстық бюджет қаражаты есебінен Қызылорда қаласында 1,5 мың.ш.м құрайтын 1 тұрғын үй және Арал ауданында 0,5 мың.ш.м құрайтын 8 тұрғын үй пайдалануға берілді.

     Сонымен қатар, мемлекет  қаражаты есебінен 129,2 шақырым инженерлік желілер пайдалануға берілді.

Жоғарыда аталған жұмыстарға республикалық бюджеттен 4 632,0 млн.теңге, облыстық бюджеттен 955,9 млн.теңге қаржы бөлінді.

     2013 жылы облыс бойынша жеке тұрғындар есебінен 233,7 мың.ш.м құрайтын 1778 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 9,3 мың адам немесе 2334 отбасы баспаналы болды.

     2014 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 293,7 мың.ш.м тұрғын үй пайдалануға берілді (өткен жылмен салыстырғанда 108,7 пайызға жоғары), оның ішінде мемлекет қаражаты есебінен  39,3 мың.ш.м құрайтын 466 пәтері бар 91 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде:

  1. Кезекте тұрған азаматтарға арналған 7,6 мың.ш.м құрайтын 108 пәтері бар 67 тұрғын үй, нақты:
  • Қызылорда қаласында – 2,57 мың.ш.м құрайтын 1 тұрғын үй;
  • Арал ауданында – 0,813 мың.ш.м құрайтын 12тұрғын үй:
  • Қазалы ауданында – 0,967 мың.ш.м құрайтын 12 тұрғын үй;
  • Қармақшы ауданында – 0,828 мың.ш.м құрайтын 12 тұрғын үй;
  • Жалағаш ауданында – 0,770 мың.ш.м құрайтын 6 тұрғын үй;
  • Шиелі ауданында – 0,827 мың.ш.м құрайтын 12 тұрғын үй ;
  • Жаңақорған ауданында -  0,879 мың.ш.м құрайтын 12 тұрғын үй.
  1. Жас отбасыларға  Қызылорда қаласынан 19,6 мың.ш.м құрайтын 220 пәтері бар 5 тұрғын үй пайдалануға берілді;
  2. Апаттық жағдайдағы тұрғын үйлердің тұрғындарына арналған Қазалы ауданынан 1,8 мың.ш.м құрайтын 18 пәтерлі 1 тұрғын үй пайдалануға берілді.
  3. 1,91 мың.ш.м құрайтын 32 пәтері бар 3 коммуналдық тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде:
  • Сырдария ауданында – 1,72 мың.ш.м құрайтын 2 тұрғын үй;
  • Арал ауданында – 0,19 мың.ш.м құрайтын 1 тұрғын үй.

    Сонымен қатар, мемлекет қаражаты есебінен 133,9 шақырым инженерлік желілер пайдалануға берілді.

    Жоғарыда аталған жұмыстарға республикалық бюджеттен – 4 284,7 млн.теңге, облыстық бюджеттен – 4 129,5 млн.теңге қаржы бөлінді.

    2014 жылы облыс бойынша жеке тұрғындар есебінен 254,4 мың.ш.м құрайтын 1957 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 9,7 мың адам немесе 2423 отбасы баспаналы болды.

 

       2015 жылы Республикалық бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерін дамытуға  1146,1 млн.теңге  9 жобаның құрылысын аяқтауға бөлінді, оның ішінде: Қазалы, Жалағаш, Жаңақорған аудандарында 1 жобадан Қызылорда қаласында 6 жоба.

II.    Ұлттық қор есебінен 2086,6 млн.теңге,оның ішінде:

       Несиелік 11 тұрғын үй (540 пәтер, 36 378 ш.м.)  құрылысын аяқтауға – 1069,0 млн.теңге,

Несиелік үйлер мен «ҚИК» ИҰ» АҚ желісі бойынша салынатын тұрғын үйлердің инженерлік желілерінің құрылысына – 1017,6 млн.теңге (5 жобаға);

      1 шілдеге  «Ипподром» м/а 28,2 м.ш.м құрайтын 300 пәтері бар  6 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін «Арай» м/а 240 пәтері бар 5 тұрғын үй пайдалануға берілетін болады.

 

     Сонымен қатар «Қазақстандық Ипотекалық Компания» Ипотекалық Ұйымы» АҚ желісі арқылы салынатын тұрғын үйлерге Қызылорда қаласынан 3 жер телімі бөлінген.            2015 жылы осы жер телімдерінде  73,9 мың.ш.м. құрайтын 1150 пәтері бар 21 тұрғын үйдің құрылысын салып, пайдалануға беру жоспарлануда, оның ішінде:

  • Арай-2 мөлтек ауданында 17,2 мың.ш.м құрайтын 280 пәтері бар 5 тұрғын үй.
  • З. Шүкіров көшесінің бойында 13,4 мың.ш.м құрайтын 230 пәтері бар 4 тұрғын үй.
  • СПМК-70 ауданында 43,3 мың.ш.м құрайтын 640 пәтері бар 12 тұрғын үй.  

     «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры АҚ желісі арқылы салынатын тұрғын үйлерге Қызылорда қаласынан 2 жер телімі бөлінген. Бөлінген жер телімдерінде 36,5 мың.ш.м. құрайтын 560 пәтері бар 13 тұрғын үйдің құрылысын салу жоспарлануда, оның ішінде:

  • З. Шүкіров көшесінің бойында 14,8 мың.ш.м құрайтын  210 пәтері бар 6 тұрғын үйлер 2015 жылы пайдалануға беріледі.
  • Сәулет мөлтек ауданында 21,7 мың.ш.м құрайтын 350 пәтері бар 7 тұрғын үй.

 

     2015 жылдың қорытындысымен көрсетілген  қаржыландыру көздерінен 137,0 мың ш.м. құрайтын  2090 пәтері бар 41 тұрғынүй және 158,4 шақырым инженерлік –коммуникациялық инфрақұрылым желілері пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Аталған жобаларға тартылатын инвестициялар көлемі 13,0 млрд.теңге.

2015 жылы облыс бойынша жеке тұрғындар есебінен 2000 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 16,3 мың адам немесе 4080 отбасы баспаналы болды.

 

     Үстіміздегі жылдың 1 шілдеге барлық қаржыландыру көздерінен 197,87 м.ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді (жеке тұрғындар есебінен 169,67 м.ш.м. және мемлекет қаражаты есебінен 28,2 м.ш.м.).

 

Жұмыспен қамту 2020

            2012 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 23,7 мың.ш.м құрайтын 120 пәтері бар 11 тұрғын үй пайдалануға берілді.

            2013 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 7,8 мың.ш.м құрайтын 113 пәтері бар 55 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде:

  • Қызылорда қаласында – 4,1 мың.ш.м құрайтын 2 тұрғын үй;
  • Қазалы ауданында – 3,3 мың.ш.м құрайтын 43 тұрғын үй;
  • Жалағаш ауданында – 0,4 мың.ш.м құрайтын 10 тұрғын үй.

2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 8,25 мың.ш.м құрайтын 88 пәтері бар 55 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде:

  • Қызылорда қаласында – 7,19 мың.ш.м құрайтын 8 тұрғын үй;
  • Қармақшы ауданында – 1,06 мың.ш.м құрайтын  тұрғын үй.

     10.08.2015ж


«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі

бағдарламасы» аясында көпқабатты тұрғын үйлерді

жөндеу жұмыстары бойынша

АҚПАРАТ

     Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында 2011-2014 жылдары республикалық бюджеттен бөлінген 3021,7 млн. теңгеге облыс бойынша 113 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектiлерінiң үлесi 2010 жылғы 73 %-дан 2015 жылға қарай 62,7 %-ға төмендедi.

      2015 жылы облыс бойынша 35 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен  353,6 млн. теңге бөлінді.

     Атап айтқанда:                                  

     - Қызылорда қаласы бойынша 15 үйге 257,1 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, жоспарланған үйлердің 12-нің жұмыстары 30-35 пайызға орындалды, 3 үйдің  жұмыстары - 5-10%.

     - Арал ауданы бойынша 8 үйге 37,4 млн. теңге бөлінген, оның 1 үйдің жұмыстары толығымен аяқталды, қалған 7 үйдің жұмыстары 70-75 пайызға орындалды.

     - Қазалы ауданы  бойынша 2 үйге 5,2 млн. теңге бөлінді, оның 1 үйдің жұмыстары 60 пайызға, 2-ші үйдің жұмыстары   30 пайызға орындалды.

    - Қармақшы ауданы - 6 үйге 28,7 млн. теңге бөлінген, оның  1 үйдің жұмыстары 85 пайызға орындалды, 4 үйдің жұмыстары - 30-35 пайызға орындалды, 1 үйдің жұмыстары басталмаған (тұрғындар қарсы болғандықтан)

    - Сырдария ауданы бойынша 4 үйге 25,2 млн. теңге бөлінген, оның 1 үйдің жұмыстары толық аяқталды, 2 үйлердің жұмыстары- 70-75 пайыз, 1 үйдің жұмыстары басталмаған (4 үйге бір мердігер болғандықтан).

     2015 жылдың 1 тамызына 2011-2014 жылдары тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалған қаржының қайтарымы  43,8 пайызды құрап отыр (жоспар бойынша 224,4 млн. теңге, нақтысы  98,2 млн. теңге).

     Оның ішінде:

     - Қызылорда қаласы бойынша 45,7 % (2011 жылы жөндеуден өткен үйлер бойынша қайтарымы -37 %, 2012 ж. -57,5 %, 2014 ж. -66,6 %)

     - Арал ауданы 11,2 %

     - Қазалы ауданы 6 % (2012 жылы жөндеуден өткен үйлер бойынша қайтарымы -1,1 %, 2014 ж. -60,9 %)

     - Қармақшы ауданы -53,8 % (2012 жылы жөндеуден өткен үйлер бойынша қайтарымы -73,1 %, 2014 ж. -0)

     - Жалағаш ауданы -0%

     - Шиелі ауданы  -0%

     Қызылорда қаласында қайтарымды қаражат есебінен 3 тұрғын үйге жөндеу жұмыстары басталуда.

    2016 жылға облыс бойынша 77 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жалпы құны 1357,7 млн. теңгеге Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінім тапсырылды.

      Атап айтқанда:

    - Қызылорда қаласы бойынша 33 үйге 1095,0 млн. теңге,

    - Арал ауданы 2 үйге 11,2 млн. теңге;

    - Қазалы ауданы 12 үйге 69,4 млн. теңге;

    - Қармақшы ауданы 7 үйге 27,2 млн. теңге;

    - Жалағаш ауданы 5 үйге 37,9 млн. теңге;

    - Шиелі ауданы 10 үйге 69,8 млн. тенге;

    - Жаңақорған ауданы 8 үйге 47,1 млн. тенге.

05.08.2015ж


«Өңірлерді 2020 жылға дейінгі дамыту» бағдарламасы шеңберінде елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы

АҚПАРАТ

     2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ақбұлақ» бағдарламасы «2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту» бағдарламасына шоғырландырылған.

     Бағдарлама бойынша Облыс бойынша барлық 262 ауылдық елді мекеннің 185-сы орталықтандырылған ауыз суға қосылды немесе 71 пайызды құрады. 77 елді мекен орталықтандырылған ауыз суға қосылмаған, оның ішінде 4 елді мекен тасып ішетін суды пайдаланады (200 адам).

     Анықтама ретінде: Арал ауданында 1 елді мекен (90 адам), Қазалы ауданында 3 елді мекен (110 адам) тасып ішетін ауыз суды пайдаланады.

     Ауылдық елді мекендердің адам саны төмендегі бойынша сипатталады:

     0-100 адам – 50 елді мекен;

     100-500 адам – 61 елді мекен;

     500-1000 адам – 44 елді мекен;

     1000 одан жоғары – 107 елді мекен.

     Бағдарлама іске асырудың іс-шаралар нәтижесінде  2011 жылмен салыстырғанда  елді мекендер бойынша орталықтандырылған ауыз суды пайдалану 68 пайыздан 71 пайызға немесе 3 пайызға өсті.

     Қызылорда қаласын ауыз сумен қамту немесе бұрғылау

2014 жылы 524,770 млн. теңгеге 1 жоба жүзеге асырылды. Қызылорда қаласында 1,3 км ауыз су жүйелері қайта жаңғыртылды. 2013-2014 жылдары 57 жоспарланған ұңғыманың 38 бұрғыланған.

     Бұл жұмыстарыд жалғастыруға 2015 жылы 3617,4 млн. теңге қаржы бөлінді. Ағымдағы жылы 20 км астам ауыз су жүйелерін жаңғыртып қалған Қызылжарма кен орнында 19 ұңғыманы бұрғылау жоспарлануда.

     Елді мекендерді ауыз сумен қамту және бұрғылау

     2014 жылы 3297,4 млн.теңгеге 20 жоба жүзеге асырылды. Жалпы 18 аудан бойынша  221,9 км ауыз су жүйелері қайта жаңғыртылды.

     2015 жылы республикалық бюджеттен 2399,1 млн. теңге қаржы 13 жобаға бөлінді.

     Ағымдағы жылы 572 шақырым ауыз су жүйелері жаңғыртылып, 4485 дана су есептегіштер пайдалануға беру жоспарлануда.

     2016-2018 жылдары 15 жобаны жүзеге асыруға Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан  10 611,7 млн. теңге қаржы тапсырылды, соның ішінде:

     2016 жылға – 2480,5 млн. теңге  қаржыға 15 жобаны жүзеге асыру (құжаттары толық);

     2016 жылға Нұрлы жол бағдарламасы аясында 7 млрд.теңге қаржыға

4 жоба тапсырылды.

      2014 жылы Қызылорда қаласының сумен қамту және суды бұру жүйелерін дамыту мақсатында Еуропалық қайта құру және даму банкімен кредиттік келісімге қол қойылды.

     Ауыз судың альтернативасыз көздерінен алынатын су құнын субсидиялау  

     Ауыз судың альтернативасыз көздері болып табылатын маңызды топтық және локалды су жүйелерінен алынатын ауыз су құнын субсидиялау, Қазақстан Республикасының Су кодексінің 135 бабына сәйкес іске асырылады.

     2015 жылы ауыз судың альтернативасыз көздері болып табылатын маңызды топтық және локалды су жүйелерінен алынатын ауыз су құнын субсидиялау бюджеттік бағдарламасы бойынша – 316,654,0 млн. теңге бөлінді.

     Қызылорда облысы әкімдігіне ауыз судың альтернативасыз көздері болып табылатын маңызды топтық су жүйелерінен алынатын ауыз су құнын субсидиялау мақсатында жалпы сипаттағы трансферттер – 1908,502 млн.теңге қаржы қаралды («Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2014 - 2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 149-V ҚРЗ).

5.08.2015ж

 

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 10-01-2018 16:11

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика