Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

2017 жылдың қорытындысы бойынша «2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту» бағдарламасының орындалуы туралы ақпарат

Сумен қамту бойынша

2017 жылы сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту және кеңейту бойынша 5 (бес) жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 745,3 млн. теңге, облыстық бюджеттен 82,7 млн теңге бөлінді. Оның ішінде 2 (екі) жоба 2017 жылы пайдалануға беріледі және 3 (үш) жоба 2018 жылға өтпелі.

2017 жылдың қорытындысымен 2 (екі) жоба пайдалануға берілді. Сырдария ауданының Шаған елді мекенінде және Жалағаш ауданының Қаракеткен елді мекенінде. Қалған 3 (үш) жоба 2018 жылы пайдалануға беріледі. Жалағаш ауданының Шәменов, Мырзабай Ахун елді мекені және Сырдария ауданының Қалжан Ахун елді мекені.      

Газдандыру бойынша

«Қармақшы ауданы Жосалы кентінде автоматтандырылған газтарату станциясын орнатумен қоса "Бейнеу-Шымкент" магистральды газ құбырынан бұрма газ құбырының құрылысы» жобасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 500 млн. тенге, облыстық бюджеттен 55,7 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда мердігер ұйымы анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2018 жылға өтпелі.

09.01.2017 ж.


2017 қаржы жылына арналған Қызылорда облысы әкімдігі Меморандумына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумын әзірлеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы           № 1068 қаулысына сәйкес жыл сайын Қазақстан Республкасының Премьер-Министрі мен облыс әкімдігі арасында меморандум бекітіледі.

Осыған сәйкес, облыстық әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын негізгі 11 түйінді  нысаналы индикаторлардан құралған 2017 қаржы жылына арналған облыс әкімдігінің меморандумы бекітілді, оның ішінде:

- жалпы өңірлік өнімнің нақты көлемінің индексі;

- халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны;

- жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсуі;

- жұмыссыздықтың қысқартылуы;

- ғұмырдың болжамды ұзақтығын арттыру (барлық факторлар бойынша өлім-жітімін төмендету арқылы);

- 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту;

- пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы;

- жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі;

- жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру;

- көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы;

- 100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету.

Меморандумдағы индикаторлардың орындалуы (қол жеткізілуі) бойынша ай сайын аралық мониторинг жүргізіліп, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне тиісті ақпарат ұсынылып отыр.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігімен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне арналған нысаналы индикаторлардың тізбесі қайта қарастырылды. Яғни, қолданыстағы меморандумда 11 индикатор болса, қайта қарастырылып отырған меморандум жобасында 14.

Нақтырақ айтқанда 3 нысаналы индикаторлар алынып, олар - ғұмырдың болжамды ұзақтығын арттыру (барлық факторлар бойынша өлім-жітімін төмендету арқылы), жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру, көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы, жаңадан 6 нысаналы индикаторлар енгізілді - шикізат емес экспорттың көлемінің өсуі, шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығарылымының нақты көлем индексі, өлім-жітім (жалпы өлім-жітім, аналар мен сәби өлім-жітімі), құрылған тұрақты жұмыс орындарының саны, қалалық және ауылдық елді мекендердегі коммуналдық инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ету үлесі, 10 мың халыққа шаққандағы қылмыстылық деңгейі.

Бұл ретте, нысаналы индикаторлардың жаңартылған тізбесіне сәйкес мүдделі мемлекеттік органдардан келісім алынған  2017 жылға арналған индикаторлардың жоспарлы мәндері анықталды.

Қазіргі таңда, 2017 жылға арналған облыс әкімдігінің өзгеріс енгізілген меморандумы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне бекітілуге жолданды.

03.07.2017 ж.


2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасы туралы.

     2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасы 2020 жылға дейінгі елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының екінші бес жылдығының болжамды көрсеткіштерін есепке ала отырып, жоғары тұрған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары негізінде әзірленді. Құжатты орталық мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін Қызылорда облысы мәслихатының қарауына ұсынылды және 42 сессиясының шешімімен бекітілді (2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 323 шешім).

     Аумақты даму бағдарламасы 112 мақсатты индикаторлардан тұрады және  бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарланған іс шараларға және аумақтық дамыту бағдарламасындағы мақсаттарға, мақсатты индикаторларға қол жеткізуге жауапты қазынашылық мемлекеттік сектор субьектілері, мемлекеттік органдар бағдарламамен айқындалған.

     Бағдарламаның мақсатты индикаторлары,  өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған 6 негізгі бағыттар бойынша бөлінген-экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп, инфрақұрылым, экология мен жер ресурстары, мемлекеттік қызметтер және оларға қол жеткізу жолдары анықталған.

     2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасын табысты іске асыру мақсатында, 2016 жылдың 12 желтоқсанында облыстық мәслихаттың кезекті 10 сессиясында № 73 шешімімен түзету жұмыстары енгізіліп, жекелеген нысаналы индикаторларының жоспарлы мәндері (салалық министрліктердің келісімі бойынша) қаралды және аталған құжаттың аналитикалық бөліміне де жаңарту жұмыстары жүргізілді.

     Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Жарлығының 6.3 тармағына сәйкес, Аумақтарды дамыту бағдарламасын мониторингтеуді облыстың дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар ұсынатын іске асырылу барысы туралы ақпараттың негізінде, іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен, облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жүргізеді.

20.01.2017 ж.


Облыстың 2016 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды

     2016 жылдың қаңтар-қарашасында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын бірқатар көрсеткіштер бойынша жақсы тенденция сақталуда.

     Өңдеу өнеркәсібі саласында тамақ өнімдері, химия және металлургия өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдарын шығарудың артуы есебінен өсім 14,6 пайызға қамтамасыз етілді (106,9 млрд. теңгенің  өнімі  өндірілді).

     Индустрияландыру картасының 1-ші бесжылдығында (2010-2014жж) жүзеге асырылған  17 жобаның 11 жобасы 90 - 100 пайыз жоспарлық қуаттылықты игерді, 2 жоба – 50-90 пайызды игерді. Бұл кәсіпорындарда мыңдай адам жұмыспен қамтылған.

     Биылғы жылы 2-ші бесжылдық Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында өңірде жалпы құны 1803,3 млн. теңгені құрайтын, 266 жұмыс орнын құратын 4 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның 3-еуі пайдалануға берілді (Газ құрылғыларын алу және автокөлікті газбен жабдықтайтын стансасы құрылысының жобасы, нан және нан өнімдері мен кондитерлік өнімдер шығару жобасы, ет және ет өнімдерін өндіру, тұшпара цехын ұйымдастыру жобасы).

     Металлургиялық өндірістерді дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

«Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнында жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде тау-кен байыту комбинатының, газтурбиналық электрстансасының құрылысын бастауға дайындық жұмыстары аяқталды.

     Шыны зауытына құрал-жабдықтар әкелу жалғасуда. Құрал-жабдықтарды әкелетін компаниялар нарықта өздерін жақсы көрсеткен Америка, Германия, Италия компаниялары. Зауытты 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығында іске қосу жоспарлануда.

     «Бала-Сауысқандық» ванадий кен орнында тәжірибелік-өндірістік әзірлеу аяқталды.  Аммоний метаванадатының сынама партиясы АҚШ, Тайваньға және Ресейге тексеруден өткізуге жіберілді. Өткізетін рынок пысықталуда.

     «АйСиЭиДи» неміс серіктестерімен бірлесіп, ферроқорытпа зауыты бойынша жұмыстар жалғасуда.

     2 цемент зауытының құрылысы басталды, оларды 2018 жылдың басында  іске қосу жоспарлануда.

     Жалпы, есепті кезеңде өңір экономикасына 177,9 млн. теңгенің инвестициясы тартылды.

     Құрылыс индустриясында  оң ілгерілеушіліктер байқалуда. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 461,6 мың шаршы метрді құрап, 23,3 пайызға артты.

     Бүгінде Қызылорда қаласында жаңадан 11 шағын аудан ашылып, 263,8 мың шаршы метрді құрайтын 80 көпқабатты үйдің құрылысы жүруде. Нәтижесінде жылдар бойы баспана кезегін күткендердің 28 пайызы биыл пәтерлі болатын болады.

     Ағымдағы жылдың басынан бері ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлемінің тұрақты өсу қарқыны сақталуда. Ағымдағы жылдың 11 айында ауыл шаруашылығы өнімі көлемінің нақты көлем индексі 106,0 пайызды құрап, бұл салаға тартылған инвестициялар көлемі 3 есеге артты.

      Ағымдағы жылы облыс күрішшілері рекордты тағы жаңартып, күріштің әр гектарынан 54,9 центнерден өнім алды. Осылайша диқандар қамбаға 440 мың тоннаға жуық күріш құйды.

     Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру бойынша жұмыстар белсенді жүруде. Ағымдағы жылдың басынан бері 572 шағын тауарлы өндірістерді біріктірген 109 ауыл шаруашылығы  кооперативтері құрылды.

     Мал шаруашылығы өнімдерін өңдіруде де (ет-104,6%, сүт-101,2%, жұмыртқа-101,0%) және мал басының өсімі бойынша да оң динамика бар (сиыр-116,3%,қой – 109,3%, ешкі – 104,2%, жылқы-110,3%, түйе – 105,8%) .

     Баға мәселесі ерекше назарда тұр. Әлеуметтік маңызы бар 33 азық-түлік тауарларына күнделікті мониторинг жүргізілуде, тауарларға бағаның негізсіз өсу фактілері анықталған жағдайда тиісті мемлекеттік органдармен бағаның өсу себептерін анықтау және негізсіз өсу фактілерін жою бойынша шаралар қабылдануда. Соымен қатар, жыл басынан бері 51 жәрмеңке өткізіліп, 718,0 млн. теңгенің 5741,0 тонна өнімдері нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағамен сатылды.

     Қабылданған шаралардың нәтижесінде тұтыну бағаларының индексі 2016 жылдың қараша айында 2015 жылдың желтоқсанына қарағанда 106,8 пайызды (ҚР – 107,5 пайыз) құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 107,4 пайыз (ҚР – 107,8 пайыз), азық-түлік емес тауарларға – 106,9 пайыз (ҚР – 108,6 пайыз), ақылы қызметке – 105,9 пайыз (ҚР – 106,0 пайыз).

      Облыс экономикасының салаларында 10907 астам жұмыс орны құрылды, оның ішінде 9574 тұрақты.нәтижесінде жұмыссыздық деңгейін 4,8 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік туды.

     Мемлекеттік бюджетке 82 233,7 млн.теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсімі түсті немесе болжамға 105,3 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 44 615 млн. теңге түсті (болжамға 107,8 пайыз), жергілікті бюджетке 37 618,7 млн. теңге (болжамға 102,4 пайыз). 

27.12.2016ж.


2015 жылдың нәтижелері бойынша өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу мен іске асыру бойынша тиімділігін бағалау қорытындысы туралы

     «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «Қадағаланатын салада/аяда/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру» бағыты бойынша жергілікті атқарушы орган қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілген.  

     Бағалау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №146 бекітілген бұйрығымен (2015 жылғы 6 қарашадағы №686 өзгерістерімен) көрсетілген бағыттың әдістемесіне сәйкес, Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасы (бұдан әрі - АДБ) негізінде жүзеге асырылған. 2015 жылдың қорытындысы бойынша жалпы баға 89,4 баллды құрады.

        Бағалаудың қорытындылары келесі критерийлер бойынша құралды:

        1)АДБ талдау сапасы мен толықтығы – 0,96 балл;

        2)АДБ мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу – 0,90 балл.

01.06.2016 ж


Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы

     2015 жылдың 10 желтоқсанында Қызылорда қаласы Облыстық мекемелер үйінде Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті №42 сессиясында Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді.

     Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы жоғарғы тұрған құжат Мемлекеттік жоспарлау жүйесі негізінде әзірленіп, Елді аумақтық кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі Болжамды схемасының екінші 5 жылдықтағы жоспарлы мәндерімен орталық атқарушы органдардың келісімін алғаннан кейін облыстық мәслихаттың қарауына енгізілді.

     Бес жылға арналған бағдарлама – бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық факторлары мен бағыттарын қамтитын кешенді құжат. Оның құрамына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі стратегиялық бағыттары кіреді.

     Аумақтық даму бағдарламасының мақсаттары жоспарлы кезең соңына қарай аймақ дамуының нақты бағыттарының жағдайы мен оның дамуының сапалы бағыттарын сипаттайды.

     Әрбір мақсат үшін өңірдің дамуына үлес қосатын нысаналы индикатор айқындалып бөлініп көрсетілген, атап айтсақ өңіраралық ынтымақтастық, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп, инфрақұрылым, экология және жер ресурстары, мемлекеттік қызметтер.

     Бағдарламаның бір ерекшелігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген Базалық нысаналы индикаторлар тізбесінің жаңартылған құрылымы бойынша әзірленгендігі  болып табылады.

     Айта кету керек, бұл құжат орталық атқарушы органдар үшін стратегиялық мақсаттар мен бағдарламаның нысаналы индикаторларының жетістіктерін, олардың іске асырылуы бойынша облыстық әкімдіктердің қызметтеріне мониторинг жүргізуде және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау үшін қолданылады.

11.12.2015 ж.


Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы жобасы жөнінде қоғамдық тыңдау

     2015 жылдың 30 қыркүйегінде Қызылорда қаласы, Облыстық мекемелер үйінде Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын жобасын талқылау мақсатында «Қазақсатанның өңірлік дамуы» аясында Еуропалық Одақтың сарапшылырымен бірлескен қоғамдық тыңдау өткізілді.

     Талқылауға бағдарламаның әзірленуіне қатыстырылған бірқатар облыстық басқармалардың басшылары мен мамандары, Еуропалық Одақ жобасының сарапшылары, «Байқоңыр (Байконур)» ӘКК АҚ-ның өкілдері, өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда  мемлекеттік университетінен, үкіметтік емес ұйымдарынан және т.б. өкілдері қатысты.

     Экономика ғылымдарының докторы, жоба сарапшысы Бопиева Жамиляның айтуы бойынша, ағымдағы жылдың қазан айында АДБ-ны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен салалық министрліктерде  қорғау жұмыстары  басталып, АДБ-ның тиімді құжат болатындығын сенімділікпен қадап айтты. Жобаның басшысы, сарапшылары біздің облысымызда АДБ мен жұмыс жасау барысында қиналмай және олардың бастамаларына шығуға мүмкіндік таба білген облыстық басқармаларда көптеген білікті мамандардың бар екендігіне көзі жетті. Жетекшілер өзі күткендей, негізгі жұмыстарды басым бөлігін біздің мамандар атқара білді.

      Шара барысында бағдарламада жетекшілік ететін саласы мен мақсатты индикаторлар бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшылары өз баяндамаларын оқып,  облыс АДБ жобасына презентация жасалды.

     Қатысушылар талқылау барысында аймақ дамуының кейбір  бағыттарын іске асыру шараларында өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіре келе,  АДБ-ны пысықтау барысында ескеру қажеттігіне тоқталды.

01.10.2015 жыл


Еуропалық Одақ өкілдігінің қолдауымен жүзеге асырылып отырған Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын

әзірлеу бойынша семинар-жиналыс

       2015 жылдың 29 қыркүйегінде Қызылорда қаласында Өңірлерді дамыту бағдарламасын іске асыру барысында 2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасын әзірлеу барысы бойынша семинар-жиналысы өтеді. Семинардың негізгі мақсаты: облыс әкімдігіне стратегиялық құжаттың сапалы әзірленуіне көмек көрсету, сонымен қатар, аталған бағдарламалық құжаттың дайындалуына қатыстырылған облыстық басқармалар қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру.

     Семинар-жиналыстың қатысушылары ретінде жоба жетекшісі др. Колм Мак Клементс, облыс әкімінің орынбасары Н. Годунова, жобаның сарапшылары, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшылығы мен мамандары, сонымен қатар, Аумақтарды дамыту бағдарламасының әзірленуіне қатыстырылған 9 облыстық басқармалардың басшылары мен мамандары, Қызылорда қаласының және Сырдария ауданының жергілікті атқарушы органдары және т.б болады.

    Шараларды өткізу барысында аумақтарды дамыту бағдарламасының әзірленуіне  белсенді қатысқан облыстық басқармалардың қызметкерлерін біліктілік сертификаттарымен марапаттау рәсімі  өткізіледі.

        Семинар-жиналыс бағдарламасының негізгі кезеңдері:

  • Облыста аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеудегі қолдауды аяқтау;
  • Қызылорда облыстық әкімдігі басқармаларының қызметкерлерін марапаттау рәсімі;
  • 2016-2020 жылдарға арналған аудандар мен Қызылорда қаласының даму бағдарламаларын жүзеге асырудың қолдау бағдарламасының ашылуы.

Өтетін уақыты: 9:00 – қатысушыларды тіркеу, 9:30 - семинар-жиналыстың басталуы.

Өтетін орны:  Қызылорда қаласы, Облыстық мекемелер үйі.

 

Ұйымдастырушылар: «Қызылорда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басққармасы» ММ.

25.09.2015 жыл


Стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері

     Ағымдағы 2015 жылы халықтың әл-аухатының өсуін және облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының (әрі қарай-АДБ) жүзеге асырылуы аяқталады.

     АДБ алдағы 5 жылдыққа жоспарланып, басты бағыттары, мақсаттары, аймақ дамуының міндеттері, қөрсеткіштері бойынша күтілетін нәтижелерді қамтиды.

     Өткен жылы өткізілген мониторинг пен АДБ-ның жүзеге асырылуының бағалауын ескере отырып, қазіргі таңда жоспарланған көрсеткіштерді сапалы орындау мақсатында мемлекеттік органдармен бірге мақсатты индикаторлар мен нәтижелі көрсеткіштердің өзгерістері, жекелеген іс-шараларды қайта қарау сияқты түзету жұмыстары жүргізілуде.

     Түзетілген көрсеткіштерге орталық мемлекеттік органдардан келісім алынғаннан кейін Аумақтарды дамыту бағдарламасы облыстық мәслихатқа бекітілуге ұсынылады.

     Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Заңына сәйкес, облысымызда алдағы 5 жылдыққа яғни 2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасының жобасын әзірлеу жөнінде жұмыстар басталды.

     Оған қоса, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарымен қатар Қызылорда облысы 2016-2020 жылдарға арналған Аумақтарды дамыту бағдарламасының жобасын әзірлеуге жергілікті атқарушы органдармен бірге техникалық және кеңестік көмек көрсетуге ықпал жасалып отырған «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасы негізінде пилоттық облыс болып табылады.

     Айта кету керек, Мемлекет Басшысының «100 нақты қадам» Бағдарламасының мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік нәтижеге бағытталған шағын жүйесін қалыптастыру аясында Аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеу тәртібіне өзгерістер енгізілуде, оның ішінде бюджеттік қаражаттар мен басқаларды нәтижемен байланыстыруды қамтамасыз ету.

03.09.2015 ж  


Аумақтық даму бағдарламасы туралы

     Облысымызда Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің заңдылықтарына сәйкес Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы  (әрі қарай-АДБ) жүзеге асырылуда.

      АДБ  5 жылдыққа жоспарланып, аймақ дамуының басты бағыттарын, мақсаттарын, міндеттерін, қөрсеткіштер бойынша күтілетін нәтижелерді қамтиды.

      Бағдарламаның басты мақсаты  облыстың тиімді әлеуметтік-экономикалық әлеуеті және дамуы негізінде халықтың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ету.

      Аумақтарды дамыту бағдарламасына жыл қорытындысымен мониторингісі мен мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың жылдық қорытындысы бойынша өзгеріс енгізіледі.

      Қолданыстағы Аумақты дамыту бағдарламасындағы жоспарлы көрсеткіштер Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2014 жылғы 19 наурызындағы №85 бұйрығымен бекітілген Базалық көрсеткіштер тізбесімен сәйкестендірілген.

      Жалпы аталған құжат экономиканың, әлеуметтік саланың, инфрақұрылымның дамуына, мемлекеттік қызметтердің, сондай-ақ ауылдық аумақтарды, экологияны және жер қатынастарының қызметтерінің дамуына бағытталған 107 көрсеткішттерден тұрады.

      Қазіргі таңда, Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №166 бұйрығымен бекітілген Базалық көрсеткіштер тізбесіне сәйкестендіру мақсатында көрсеткіштер бойынша өзгерістер енгізілді.

      Аталған Базалық көрсеткіштер тізіміне сәйкес Аумақтарды дамыту бағдарламасына «Өңіраралық ынтымақтастық» және «Байланыс және коммуникациялар» сияқты жаңадан бөлімдер қосылды.

        Сонымен қоса, аймақтың дамуын толыққанды бағалау мақсатында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін негізгі көрсеткіштер қосылды.

     Жалпы Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының жүзеге асырылуы жоғары қосылған құны бар өнімді шығаруға бағытталған диферсификацияланған экономикасы бар, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті, өңір халқының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға қабілетті өңір болуға мүмкіндік береді.

04.08. 2015 ж.


2014 жыл бойынша

2011-2015 жылдарға арналған

Қызылорда облысының даму бағдарламасының

іске асыру есебі

  1. Деректемелерді (бағдарламалық құжат бекітілген актінің атауын, нөмірін, күнін, мемлекеттік органның аумақты дамыту бағдарламасын, әзірлеуге жауапты мемлекеттік органды, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды, іске асыру мерзімдерін, оның ішінде кезең бойынша):

Атауы: Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Нормативтік құқықтық акінің нөмірі, күні: Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 9 ақпандағы №273 шешімімен бектілген, кезекті өзгерістер мен толықтырулар Қызылорда облыстық мәслихатының 2014 жылғы  12 желтоқсандағы кезекті  33 сессиясының №235 шешімімен енгізілген

Әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган: Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Мемлекеттік орган бірлесіп орындаған: бюджеттік бағдарлама әкімшілері

Іске асыру мерзімі, оның ішінде кезең бойынша: бағадарлама екі кезең бойынша әзірленеді – 1 кезең – аралық 2011-2013 жылдары; 2 кезең – қортыныды 2014-2015 жылдары

  1. Есепті кезеңде қол жеткізілген нақты нәтижелерді, оның ішінде есепті кезеңдегі аралық мәнімен қоса нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін (аралық немесе түпкілікті мәнге қол жеткізілмеген жағдайда қол жеткізілмеу себептерін көрсету):

Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған бдаму бағдарламасы (одан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» және 2010 жылғы 4 наурыздағы «Қазақсан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Жарлықтарына сәйкес әзірленді.

Өзгерістер мен толықтырулар Бағдарламаға 2013 жылдың қорытындысымен мониторинг және бағалау нәтижесімен енгізілді.

Сонымен қатар, Бағдарламадағы нысанылы индикаторлармен нәтижелері көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 10 қазандағы «Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стартегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу мен мониторингін жүргізу жөніндегі әдістемелерді бектіу туралы» бұйрығына сәйкестірілді.

Бағдарламада 17 мақсат, 27 нысанылы индикаторлар және 78 нәтижелі көрсеткіштер қарастырылды. Мониторинг қорытындысымен 2015 жылдың 1 ақпанында барлық 17 мақсатқа қол жеткізілді, сонымен бірге 21 нысанылы индикаторлар (78%) және 61 нәтижелі көрсеткіштерге (78,2%) қол жеткізілді.

 Сонымен бірге,

  • 4 нысанылы индикаторлар (14,7%) мен 7 нәтижелі көрсеткіштер (8,9%) бойынша мәлемет келтірілмеген. Оның себебі статистикалық органдардың Жоспарына сәйкес бұл көрсеткіштердің орындалуы бойынша ақпарат 2015 жылдың 2-3 тоқсандарында белгілі болады.
  • 1 нысанылы индикатор (3,7%) мен 10 нәтижелі көрсеткіштер орындалмаған.
  • 1 нысанлы индикатордың (3,7%) жұмыс түрі жоспарланбаған.

Бағыттар бойынша нысанылы индикатормен нәтижелі көрсеткіштердің орындалуы:

  • 1 бағыт «Экономика» бойынша 5 мақсат, 5 нысанылы индикатор мен 45 нәтижелі көрсеткіштер қарастырылды. Оның ішінде 2 нысанылы индикатор мен 31 нәтижелі көрсеткіштер орындалды, 2 нысанылы индикатормен 5 нәтижелі көрсеткіштер бойынша статистикалық мәлеметтердің 2015 жылдың 2-3 тоқсанында дайын болатына байланысты мәлеметтер көрсетілмеген. 1 нысанылы индикатормен 9 нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізілмеген.
  • 2 бағыт «Әлеуметтік сала» бойынша 7 мақсат, 12 нысанылы индикатор мен 22 нәтижелі көрсеткіштер өарастырылған. Оның ішінде 11 нысанылы индикатор мен 19 нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізілді. 1 нысанылы индикатор мен 2 нәтижелі көрстекіштер бойынша статистикалық мәлеметтің 2015 жылдың 2-3 тоқсанында мәлеметтер шығатына байланысты көрсеткіштердің орындалуы көрсетілмеген. сонымен бірге, 1 нәтижелі көрсеткішге қол жеткізілмеген.
  • 3 бағыт «Инфрақұрылым» бағыт бойынша 3 мақсат, 8 нысанылы индикатор мен 6 нәтижелі көрсеткіштер қарастырылды. Оның ішінде, 6 нысанылы индикатормен 6 нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізілді, 1 нысанылы индикатордың орындалуы статистикалық мәлеметке сәйкес 2015 жылдың 2-3 тоқсанында шығатына байланысты көрсетілмеген. 1 нысанылы индикатордың жұмыс түрі жоспарланбаған.
  • 4 бағыт «Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер ресурстары» бағыт бойынша 1 мақсат, 1 нысанылы индикатор мен 4 нәтижелі көрсеткіштер қарастырылды. Оның ішінде, 1 нысанылы индикатор мен 3 нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізілді, 1 нәтижелі көрсеткішке қол жеткізілмеген.
  • 5 бағыт «Мемлекеттік қызметтер» бойынша 1 мақсат, 1 нысанылы индикатор мен 1 нәтижелі көрсеткіш қарастырылып, барлығына қол жеткізілді.
  1. Есепті кезеңге жоспарланған іс-шаралар санын, орындалған және орындалмаған (себептерін көрсете отырып) іс-шаралар тізбесін:

Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламаны іске асыру бойынша Іс-шаралардың 2014 жылына барлығы 469 шаралар қарастырылды, оның ішінде:

  • 1 бағыт «Экономика» бойынша 49 шаралар көзделіп, оның ішінде 2 шара  бойынша қаражат толығымен игерілмеген:

1 іс-шара: Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуді қамтамасыз ету;

2 іс-шара: Малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

2 бағыт «Әлеуметтік сала» бойынша 309 іс-шара көзделіп, оның ішінде 4 іс-шараға қарастырылған қаражата толығымен игерілмеген:

1 іс-шара: Жаңақорған ауданындағы Алпамыс баттырдың ескерткішінің құрылысына мемлекеттік сараптамасымен жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу. Қарастырылған қаражат 2,0 млн.теңгенің 1,5 млн.теңгесі игеріліп, ал 0,5 млн.теңгесі үнемлелген.

2 іс-шара: 0-4 сыныптағы оқушыларға «Эрисман» парталарын сатып алуға қарастырылған 421,3 млн.теңгенің 168 млн.теңгесі игеріліп, 253,3 млн. теңге игерілмеген;

3 іс-шара: Қармақшы ауданы Ақай аулындағы №19 «Балдаурен» бала бақшасының жылу жүйесін қайта жаңғыртуға ұарастырылған 30,3 млн.теңгенің 28,5 млн.теңгесі игеріліп, қалған 4,8 млн.теңгесі мердігердің жұмыс кестесіне байланысты үлгірілмеген;

4 іс-шара: Қармақшы ауданы Жосалы кентінің №26 орта мектебінің жылу жүйсені қайа жаңғыртуға бөлінген 26,7 млн.теңгенң, 25,1 млн.теңгесі игеріліп, қалған 1,7 млн.теңгесі мердігердің жұмыс кестесіне байланысты үлгірілмеген;

3 бағыт «Инфрақұрылым» бағыт бойынша 78 іс-шара көзделіп, оның ішінде 19 іс-шаралардың қаражаты толығымен игерілмеген:

1 іс-шара – Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің жылу жүйсен кеңейтуге қарастырылған 736,6 млн.теңгенің 702,9 млн.теңгесі игеріліп, қалған 33,7 млн.теңгесі қысқартылған;

2 іс-шара – Арал ауданы Аққұлақ ауландағы №5 ден №9 НС 3 кезеңін АСГВ қайта жаңғыртуға 500,0 млн.теңге қарастырылған, алайда қаражат бөлінбеген;

3 іс-шара – Шиелі ауданы №5 насос стансасынан Талаптан аулына дейін Жиделі су құбырын қайта жаңғыртуға 300,0 млн.тенге қарастырылған, алайда қаражат бөлінбеген;

4 іс-шара – Қызылорда қаласындағы су құбыры мен канализациялық жүйелерін кеңейтуге және қайта жаңғыртуға бөлінген 527,7 млн.теңгенің 524,7 млн.теңгесі игеріліп, қалған 3,0 млн.теңге мердігердің жұмыс кестесіне байланысты үлгірілмеген;

5 іс-шара – Арал ауданы Сексеуіл аулындағы су жүйесін қайта жаңғыртуға және кеңейтуге 22,7 млн.теңгенің 22,4 млн.теңгесі игеріліп, қалған 0,3 млн.теңге үнемделген;

6 іс-шара - Жаңақорған ауданы Нәлібаев, Әбдігаппар, Байкенже, Жанаарық, Өзгент және Ақсуат елді мекендеріндегі тұшытушы қондырғыны құру. Жоспарланған 105,8 млн.теңге, Жаңақорған ауданына қажет болмағандықтан бюджетке толғымен қайтарылды;

7 іс-шара - Жаңақорған ауданы Жаңақорған елді мекеніндегі ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту және кенейтуге жоба-сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптама қорытындысымен әзірлеу. Жоспарланған 146,3 млн.теңге, игерілген 140,3 млн.теңге, қалған 6,0 млн.теңге үнемделген қаражат;

8 іс-шара - «Шиелі су құбыры» АКМК жарғылық капиталын ұлғайтуға (5 дана арнай техника алу) 27,5 млн.теңге қарастырылып, оның 24,0 млн.теңгесі игерілген. Себебі, жоспарланған 5 бірлік техника алудың орнына қымбаттауына байланысты 4 бірлік техника сатып алынған, қалған қаражат бюджетке қайтарылған;

9 іс-шара - Қызылорда облысы Шиелі ауданының Бидайкөл, Алғабас, Алмалы, Досбол би, Тәжібаев, Бала би, Бәйгеқұм елді мекендерінің сумен қамту желілерін қайта жаңғырту және Шиелі ауданы Жөлек елді мекенінің су құбыры тармағының бас су қабылдау қоймасының құрылысына қарастырылған 1122,8 млн.теңгенің 982,4 млн.теңгесі игеріліп, нысан өтпелі болғандықтан  2015 жылға ауыстырылған;

10 іс-шара - Қызылорда облысы Шиелі ауданы бойынша  НПС №3 (ПК282+70) –тен Бірлестік елді мекеніне дейін Жиделі топтық су құбырының құрылысы және оған тармақтарын қосу. Шиелі ауданы Тәжібаев елді мекенінің кентішілік су тарату жүйесін жаңғыртуға 96,4 млн.теңге қарасытырылп, оның 92,0 млн.теңгесі игерілген. Нысан өтпелі болғандықтан  2015 жылға ауыстырылған;

11 іс-шара - Шиелі ауданы  бойынша №3 НПС (ПК282+70) -тен Бірлестік елді мекеніне дейін Жиделі топтық су құыбырының құрылысы және тармақтарын оған қосу. Жөлек  елді-мекенінің  кентішілік су тарату жүйесін жаңғыртуға 96,4 млн.теңге қарастырылған, оның 92,0 млн.теңгесі игерілген. Нысан өтпелі болғандықтан  2015 жылға ауыстырылған;

12 іс-шара - Қызылорда облысы Шиелі ауданы  бойынша №3 НПС (ПК282+70) -тен Бірлестік елді мекеніне дейін Жиделі топтық су құыбырының құрылысы және тармақтарын оған қосу. Алмалы елді-мекенінің  кентішілік су тарату жүйесін жаңғыртуға (сметалық құжаттарын қайта есептеу) 95,9 млн.теңге қарастырылып, 91,5 млн.теңге игерілген. Нысан өтпелі болғандықтан  2015 жылға ауыстырылған;

13 іс-шара - Әйтеке би кентінде «Новоказалинск» 110/35/10 кВ қосалқы станциясын қайта жаңартуға 482,4 млн.теңге қарастырылып, оның 418,7 млн.теңгесі игерілген. Нысан өтпелі болғандықтан  2015 жылға ауыстырылған;

14 іс-шара - Қызылорда облысының аудан орталықтарын электрмен жабдықтау жүйесін дамыту, оның ішінде Шиелі және Қазалы кенттері қарастырылған 46,7 млн.теңге және 96,6 млн.теңге тиісті, игерілген 37,1 млн.теңге және 83,3 млн.теңге.  22,9 млн.теңге қысқартылған.

15 іс-шара - Қызылорда қаласындағы 10/0,4кВ электрмен қамту жүйесін дамытуға (Сырдария АЭС-ның аумағы) қарастырылған 26,5 млн.теңгенің, 10,7 млн.тенгесі қысқартылған;

16 іс-шара - Қызылорда қаласындағы 35 кВ жоғарғы  вольтты желісін кеңейту және қайта жаңартуға 40,0 млн.теңге басқа қаражаттан қарасытырған, 2014 жылы жұмыстар 2,4 млн.теңгеге жасалған;

17 іс-шара - Қызылорда қаласындағы 10 кВ жоғарғы  вольтты желісін кеңейту және қайта жаңартуға 108,9 млн.теңге басқа қаражаттан қарасытырған, 2014 жылы жұмыстар 76,8 млн.теңгеге жасалған;

18 іс-шара – Төретам кентінің бас жоспарын әзірлеуге 24,5 млн.теңгенің 23,3 млн.теңгесі игеріліп. Төретам кентіне қажет ететін жер учаскілерін РФ жалдан шығару мәселесінің шешілмеуіне байланысты соңғы төлем 1,2 млн. теңге  2015 жылға қалдырылған;

19 іс-шара – Байқоңыр қаласының бас жоспарын әзірлеуге 94,9 млн.теңгенің 90,2 млн.теңгесі игерілген. Байқоңыр қаласына қажет ететін жер учаскілерін РФ жалдан шығару мәселесінің шешілмеуіне байланысты соңғы төлем 4,7 млн. теңге  2015 жылға қалдырылған.

- 4 бағыт «Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер ресурстары» бағыт бойынша 16 іс-шаралардың барлығына қол жеткізілді.

- 5 бағыт «Мемлекеттік қызметтер» бойынша 17 іс-шаралардың барлығына қол жеткізілді.

4. Аумақтық даму бағдарламалардың іске асырылу барысына ықпал ететін факторларды талдау:

Жалпы мақсаттарға, нысанылы индикатор меннәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесімен аймақта экономиканың және әлеуметтік сала дамуының оң серпіні сақталды.

2014 жылдың қорытындысымен өңдеуші өнеркәсіп саласы өнімдерінің көлемі 7,9%-ға артты.

Жыл ішінде экономика салаларында 11 мыңнан аса жұмыс орындары ашылды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда айтарлықтай көбейген. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5%-ға дейін төмендеді,  бұл республикалық орташа көрсеткіш деңгейінен аспайды.

     Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге қол жеткізілді, 2013 жылғы 6,7%-дан 2014 жылы 4,7%-ға дейін азайды.

300 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 108,6%-ды құрайды.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ облысты газдандыруға бағытталған 23 млрд. теңге қаржыны құрайтын ресурстарды игеруді бастады.

     Көлік тасымалы саласының барлық көрсеткіштері бойынша оң өсу үрдісі сақталуда. Бөлшек сауда көлемі 22%-ға артты.

     Бір жұмыскердің орташа айлық  жалақысы 7%-ға өсіп, 99220 теңгені құрады.

     Айқындалған басымдықтарға сәйкес өткен жылы апаттық жағдайдағы мектептердің орнына бірден 12 мектеп құрылысы басталды.

Азық-түлік тауарларына тұтынудың индекстік бағасы 107,5%-ды құрады, бұл жалпы еліміз бойынша көрсеткіштен төмен (108%).

2014 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1132 млрд. теңгені құрап,   өткен жылдың деңгейінен 3,1%-ға төмен болды. Бұл - жұмыс істеп тұрған мұнай кеніштерінің сарқылуына және мұнай шығару көлемінің қысқаруына байланысты болып отыр.

Сонымен қатар, азық-түлік тағамдары өндірісінің, химиялық өнеркәсіптің, резеңке және пластмасса өнімдерінің, мұнай өңдеудің артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде едәуір өсуге қол жеткізілді, физикалық көлем индексі 107,9%-ды құрады.

Жыл ішінде жалпы құны 6,7 млрд. теңгені құрайтын 12 индустриялық нысан пайдалануға беріліп, онда 700-ден аса тұрақты жұмыс орындары құрылды.

2014 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдауға 1,4 млрд. теңге бағытталды.

Атап айтсақ, облыста жалпы сомасы 6,9 млрд. теңгелік 80 жобаға субсидия берілуде. Несиелерді ішінара кепілдендіру бойынша 90 млн. теңге бөлінді. Егер 2010-2013 жылдары бұл бағытта 23 жобаға қолдау көрсетілсе, 2014 жылдың өзінде  31 жоба болып отыр. Гранттық қаржыландыру бойынша 12 млн. теңге, валюталық кредиттері бар кәсіпорындарға қолдау көрсету үшін 70 млн. теңге бөлінді. Жұмыс жасап жатқан бизнесті сервистік қолдау аясында 47,5 млн. теңге қаржыландырылды. Облыстың 621 кәсіпкеріне тегін негізде және салалық шектеусіз бизнес жоспарларын жасауға, бухгалтерлік есептерін жүргізуге, кедендік құжаттарын ресімдеуге, заң қызметін көрсетуге, мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін құжаттар ресімдеуге, сертификаттау стандарттарын және IT технологиясын ендіруге ықпал жасау бойынша кешенді сервистік қызметтер көрсетілді.

Өткен жылы ауыл шарушылығын қолдауға бюджеттен 8 млрд. теңге бөлінді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 47%-ға артық.

2014 жылы облыс бойынша 161,4 мың га-ға ауылшаруашылығы дақылдары егілді (олардың 87,1 мың га – дәндідақылдар, 55,5 мың га – малазығындық, 18,0 мың  га картоп, көкөніс, бақша дақылдары,839 мың га май және техникалық,81,2 мың  га – күріш).

Негізгі дақыл - күріштің орташа өнімділігі әрбір гектардан – 50,1 центнерді құрады.

2015 жылдың 1 қаңтарына облыста  251,2 мың бас ірі қара, 552,6 мың бас қой мен ешкі, 80,8 мың бас жылқы, 34,5 мың бас түйе,      2,2 мың бас шошқа және 83,3 мың бас тауық бар екендігі есептелді. Ірі қара мал басының  0,9%-ға, қой - 1,2%-ға, түйе – 3,9%-ға өскені байқалады.

Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» (РРССАМ-2) жобасының екінші кезеңі «Қазақстанның су ресурстарын басқарудың 2014-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына» енгізілді. Жобаның құны 23,2 млрд. теңгені құрайды.

2014 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған су құбыры жүйесіне облыс тұрғындарының 94%-ы тұратын 262 ауылдық елді мекеннің 185-і немесе 71%-ы қосылды.

2014 жылы “Бейнеу-Бозой-Шымкент” магистралды газ құбырының құрылысы аяқталып, облысты газдандыру бойынша кең ауқымдағы жұмыстар басталды.

Осы мақсатта облыстық бюджет қаржысы есебінен 9 техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) мен 18 жобалау-сметалық құжаттар (ЖСҚ) дайындалды, Жосалы және Сексеуіл кенттеріндегі автоматтандырылған газ таратушы станциялардың (АГТС) ЖСҚ-ын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Экономиканың және тұрғындардың қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында  пәрменді  жұмыстар жүргізілуде.

Жылу электр орталығын кеңейту мен қайта жаңғырту бойынша жобаларды дайындау басталды, бұл өз кезегінде аймақты өз электр энергиясымен және тұрақты жылумен толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2015 жылдың 1 қаңтарына Қызылорда облысы бойынша облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы  2245,5 шақырымды құрап отыр, оның ішінде 1226 шақырымы немесе     55%-ы - қара қиыршық тасты, 450 шақырымы немесе 20%-ы қиыршық тасты және 569,5 шақырымы немесе 25%-ы топырақты жолдар.

Өткен жылы “Батыс Еуропа - Батыс Қытай” автомагистралінің      (812 шақырым) қызылордалық бөлігіндегі құрылысы іс жүзінде  аяқталды. 33 жол учаскелерінде сервистік инфрақұрылымды құру бойынша жұмыстар басталды.

Облыстық, аудандық маңыздағы  автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін қайта жаңғырту, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуге, Сырдария өзені арқылы  екі көпірдің құрылысына, сондай-ақ, жаңа жобалардың жобалау-сметалық құжаттарын дайындауға            2014 жылы 11,6 млрд. теңге бағытталды, бұл 2012 жылға қарағанда      2,5 есеге көп. 262 шақырым жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 41939 баланы қамтитын 611 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді. 8334 орынға арналған 103 балалардың мектепке дейінгі мекемелері ашылды. Оның ішінде 6 балабақша жаңа құрылыс есебінен (1460 орын), 3 балабақша (190 орын) бұрынғы ғимараттарын қайтару есебінен, 77 жеке балабақша (5708 орын) және 17 кіші орталықтар (976 орын).

3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі  тәрбиемен қамту 92,2%-ды, 1 мен 6 жас аралығындағы балаларды қамту - 49,5%-ды және мектепалды даярлықпен қамту 100%-ды құрайды.

2014 жылы облыста  41 білім беру нысандарының құрылысы жүргізіліп (11630 оқушыға арналған 29 мектеп, 1810 орындық 9 балабақша), сондай-ақ, 2 мектеп пен жатақхана қайта қалпына келтірілді.

21 білім беру нысандары пайдалануға берілді (5500 оқушыға арналған 13 мектеп, 1300 орындық 6 балабақша, 1 мектеп пен жатақхана қайта қалпына келтірілді).

2014 жылдың қорытындысы бойынша медициналық кадрлардың, әсіресе, ауылдық жерлердегі дәрігерлердің тапшылығын төмендету тенденциясы байқалады. Соңғы үш жылда кадрлардың жетіспеушілігі 52,3%-дан 37,8%-ға (14,5%) төмендеді. 2012-2014 жылдары аудандық және ауылдық емдеу-профилактикалық мекемелерге 254 жас мамандар жіберілді.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жалпы өлім көрсеткіштері, ана мен бала өлімі, туберкулезбен онкологиялық аурушандығының азаюы байқалуда.

Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны 184 мың адамды құрады немесе облыстың жалпы тұрғындарының 24,5%-ы. 142 елді мекенде 283 спорт нұсқаушылары жұмыс істейді.

Облыста 21 спорт мектебі жұмыс істейді (оның 3-уі олимпиадалық резервтегі мектептер), онда 29 спорт түрі бойынша 14212 оқушы дайындалады.

Тұтастай алғанда, облыста оперативтік  жағдай тұрақты.

Күн сайын облыста қоғамдық тәртіпті сақтауға полицияның 500 қызметкері жұмылдырылады.

Қылмыстың және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Нәтижесінде, 2014 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген қылмыстардың саны облыста 13,9%-ға төмендеді.

Сонымен бірге, Бағдарламада 1 нысанылы индикатормен 10 нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізімеген.

Әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі жақсарту мақсатында Көрсеткіштердің одан әрі көтеру бойынша жұмыстар атқару қажет.

5. Іс-шараларды орындауға есепті кезеңге бөлінген және игерілмеген, қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, іс-шараларды орындауға арналған бюджеттік және өзге де қаржы қаражаты туралы ақпаратты:

Бағдарламаны іске асырубойынша 101644,1 млн.теңге қарастырылып, оның 98327,8 млн.теңге игерілген, оның ішінде:

- республикалық бюджеттен 54120,8 млн.тенге, игерілген 54052,8 млн.теңге, айрмашылығы қаражат қысқартылған;

- из жергілікті бюджеттен 46953,4 млн.теңге, игерілгені 43774,8 млн.теңге, айырмашылығы қаражат қысқратылған, және мердігердің жұмыс кестесіне сәйке уақытылы орындалмауы;

- 569,9 млн.теңге басқа қаражат, игерілген 500,2 млн. теңге.

 

                     Басқарма басшысы                                                                              С. Кулумбетова

 


Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған  даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп 

 жүктеу... 1,3 мб

 


Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы

жүктеу... 1,1 мб

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 10-01-2018 11:05

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика