Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Құлымбетова Сәуле Ибрагимқызы 

Басқарма: 
Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Сұрақтар

Әлімжан Айдана Категория Денсаулық сақтау Дата: 10.02.17

Вопрос:

Сәлеметсіздерме, есімім Айдана. Бала күтіміне байланысты еңбек демалысындамын. Биылғы жылы енгізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру Заңы бойынша қорға жарна төлеуден мен босатыламын ба?

Ответ:

Құрметті Айдана!
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V  Қазақстан Республикасының Заңының 28 бабының 4 тармағына сәйкес мына азаматтар қорға жарналар төлеуден босатылады:
1) балалар;
2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар;
3) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері;
4) мүгедектер;
5) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
6) интернат ұйымдарында білім алып және тәрбиеленіп жатқан адамдар;
7) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
8) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
9) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;
10) зейнеткерлер;
11) әскери қызметшілер;
12) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
13) құқық қорғау органдарының қызметкерлері;
14) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;
15) уақытша ұстау изоляторларындағы және тергеу изоляторларындағы адамдар.
Осы орайда, баланыз үш жасқа толғанға дейін Сіз әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден босатыласыз.
 
Бажеев Кайрат Категория Денсаулық сақтау Дата: 24.01.17

Вопрос:

Есімім Кайрат. Жакын туысым жүріп тұруы қиын 1 топтың мүгедегі. Осы жылы Астана қаласына квота арқылы шұғыл түрде операция жасауға апаруды жоспарлап отырмыз. Сұрайын дегенім науқаспен еріп баратын адамға бару-қайту жол ақысы бойынша жеңілдіктер қарастырылған ба?

Ответ:

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9 бабы шеңберінде бекітілген Қызылорда облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 10 ақпандағы №346 шешіміне сәйкес:
"Қызылорда облысының  денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің медициналық көрсеткіштері бойынша дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының анықтамасы болған жағдайда науқастың және оны ертіп баратын тұлғаның емделуге бару-қайту жол ақысын:
- әуе көлігімен немесе теміржол көлігінің (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар екі орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың "Турист" және "Бизнес" класты) вагондарымен жүрген кезде – теміржол көлігінің купелі вагонының бір билетінің нақты құны мөлшерінде;
- темір жол көлігінің купелі вагоны, плацкарт вагоны мен қалааралық автомобиль көлігімен жүрген кезде – оның бір билетінің нақты құны мөлшерінде өтеу жүргізіледі.
Осыған сәйкес, дәрігерлік - кеңес беру комиссиясының анықтамасы болған жағдайда ғана науқаспен еріп баратын адамға бару-қайту жеңілдіктері қарастырылады.
 
Айдарбекова Гульназ Категория Жалпы мәселелер Дата: 23.05.16

Вопрос:

салеметсиз бе? Жастар ресурстык орталығы КММ-нің бөлім басшысы қызметінде жұмыс жасаймын. Басшылық тарапынан осы күнге дейін қандай санат бойынша еңбек ақы толеніп жатқандығы туралы мәлімет берілмеді. Бұрынғы G-6 cанаты бойынша айлық табысымнан қазіргі айлық табысымның айырмашылығы жоқ. Есептелу жолдарына түсініктеме берсеніз

Ответ:

Өзіңізге белгілі, азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерінің еңбекақылары "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) сәйкес есептелінеді.
Қаулыға сәйкес "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің бөлім басшыларына А3-2 санаты бойынша еңбекақы төленуі тиіс.
Осыған байланысты, еңбекақыңыздың дұрыс есептелмеу фактілері бойынша "Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүгінуіңізге болатындығын хабарлаймыз.
 
Шарап Талгат Категория Бiлiм Дата: 01.02.16

Вопрос:

Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі .2003 жылы өндірістік оқыту шебері болып жұмысқа қабылданғам. 2013 жылдан ,,Токарь ісі,, мамандығы бойынша ,,станок жұмыстары зертханасында,, зертхана меңгерушісімін. Пед. Стаж 12 жыл 4 ай, санатым 2, G-8 төленген, білімім жоғары ҚР үкіметінің 2015 жылғы №957 қаулысына сәйкес зертхана меңгерушілері қай блокқа, қай звеноға кіреді

Ответ:

Бірінші кезекте қазіргі таңда "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 957 қаулысының күші жойылғандығын назарыңызға жеткіземіз.
Ендігі кезекте аталған қаулының орнына «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы бекітілді.
Осыған сәйкес, мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың шаруашылық бөлімшелерінің меңгерушілері және оларға теңестірілген өзге де жеке лауазымдар яғни, ескі жүйеде G-8 санатымен төленген лауазымдар жаңа жүйеге сәйкес С блогының С1 сатысына теңестіріледі.
 
Имангали Орынкуль Категория Жалпы мәселелер Дата: 04.12.13

Вопрос:

Здравствуйте Сауле Ибрагимовна. Меня зовут Имангали Орынкуль Имангалиевна. Меня как предпринимателя интересует вопрос развития малого и среднего предпринимательства по Кызылординской области. В последнее время все чаще и чаще стали показывать по телевизору, что разработана "Дорожная карта бизнеса - 2020". Хотелось бы узнать, касается ли эта программа малого предпринимательства, что предусмотрено в данной программе и на какие цели выделяются деньги?

Ответ:

Құрметті Иманғали Орынкүл Иманғалиқызы. Сіздің сұрағыңыз бойынша:

Ел басшысының «жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» халыққа жолдаған Жолдауын іске асыру үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бекітіліп, жүзеге асырылуда.

Бағдарламаның мақсаты – тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері - жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету, кәсіпкерлік әлеуетін күшейту.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде:

-  жобаларды іріктеуді және қаржыландыру жөніндегі шешімді екінші деңгейдегі банктер және «Қазақстанның Даму Банкі және/немесе оның аффилирленген лизингтік компаниясы» акционерлік қоғамы және лизингтік компаниялар дербес қабылдайды;

-  үәкілетті мемлекеттік орган мен арнайы белгіленген комиссиялар және кеңестер арқылы мемлекет субсидиялау, кепілдік беру, гранттар беру және (немесе) мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын ұсыну мімкіндігі жөнінде шешім қабылдайды;

-  мемлекет тарапынан барлық келісулерді жергілікті деңгейде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша Бағдарламаның үйлестірушілері орындайды.Жеке кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетуі мүмкін.

Құрылтайшылары ұлттық  басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық  басқарушы холдингке, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тиесілі ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар Бағдарламаның қатысушылары бола алмайды.

2013 жылы Бағдарламаны жүзеге асыру үшін облысымызға 1,7 млрд.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде субсидиялауға – 318,9 млн.теңге 71 жоба мақұлданды; кепілдендіруге - 50,0 млн.теңге 15 жоба мақұлданды; гранттық қаржыландыруға - 50,0 млн.теңге 16 жоба мақұлданды; инфрақұрылымды дамытуға - 1 263,2 млн.теңге 5 жоба мақұлданды.

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика