Қызылорда облысының мемлекеттік архиві
«Көсем ойды күмбездеген А.Мәдединов»
Фотосурет бір ғана сәттің көрінісі болғанымен-біртұтас әлем.  Онда  сыр мен сезім , көзқарас пен образ бар. Мұндай кәсіп иелері  ерекше сәтті қалт жібермейтін қырағы болады. Осы өнерді өміріне серік етіп, қаншама тарихи дүниелерді кадрға алған, «Ленин жолы», «Сыр бойы» газеттерінің  фото-тілшісі, күйші А.Мәдединовтің туылғанына 85 жыл толуына орай Қызылорда облысының мемлекеттік архивініде сакталатын жеке тектік қор құжаттарынан «Көсем ойды күмбездеген А.Мәдединов» тақырыбында көрме дайындалды.
Көрменің мақсаты А.Мәдединовтің өмірі мен еңбек жолын көпшілікке таныстыру, жас ұрпаққа үлгі ету.
Талантты туындыларымен танылған қаламы қарымды, ойы алымды А.Мәдединов 1934 жылы 5 мамырда Қызылорда облысы, Арал ауданы 
Көк-Арал елді мекенінде дүниеге келген. Ол Арал қаласындағы 
№13 Т.Г.Шевченко атындағы мектепке білім алады. Туған жерінде киномеханик-жүргізуші автоклуб, аудандық мәдениет үйінің директоры қызметтерін абыроймен атқарған. Сонымен қатар, Арал аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Қазанғап» атындағы халықтық ұлт аспаптар оркестрінің ұйымдастырушысы, әрі осы оркестрге жетекшілік жасады. 
1957 жылы Қазақстан халықтарының, 1967 жылы КСРО халықтарының Москвада өткен өнер фестиваліне қатысып, лауреат атанды.  1967 жылдан «Сыр бойы» газетінде фото-тілшілік қызметін аброймен атқарып, 1994 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты.
Көрмеде фото-тілші, күйші А.Мәдединовтың өмірбаяны,  композитор Н.Тілендиевтің Арзымбек Мәдединовке жазған авторлық қолтаңбасы, Құрмет грамоталары, суреттері, мақалалары қамтылды.         
 
 
Өмірбаяны
 
Жеке суреті
 
Композитор Н.Тілендиевтің Арзымбек Мәдединовке жазған авторлық қолтаңбасы
 
 
 
Ұлы Октябрдің 50 жылдығына арналған Республикалық көркемөнерпаздар фестивалінде аса жоғары орындаушылық шеберлік көрсеткені үшін «Лауреат»  құрметті атағын беру туралы диплом
 
 

 

Бүкілодақтық көркемөнерпаздар фестивалі лауреатының үшінші дәрежелі дипломы
 
 
Республикалық газет, журнал, теледидар және радио конкурсына белсенді шығармашылық қатысқаны үшін диплом
 
Жұмысындағы жетістіктері, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін және «Ленин жолы» газетінің алғашқы санының 50-жылдығына байланысты Құрмет грамотасы
 
 
Жұмысындағы жетістіктері, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін және «Правда» газетінің 70-жылдығына байланысты Құрмет грамотасы
 
 
Үздік жұмыс және ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін құрмет грамотасы
 
 
 
Ұлы Октябрь революциясының 70 жылдығына арналған көркемөнерпаздар шығармашылығына аймақтық байқауға белсенді қатысқаны үшін алғыс хат
 
 
А.Мәдединов отбасымен бірге
 
 
А.Мәдединовтің 50 жасқа толуына орай «Ленин жолы» газеті ұжымының құттықтау хаты
 
 
«Біздің Арзекең» атты мақала Авторы Б.Омаралиев
 
 
А.Мәдединовтің  композитор Нұрғиса Тілендиевпен кездесу сәті
 
 
А.Мәдединовтың «Ардақты ата мекенім» атты мақаласы
 
 
А.Мәдединовтың «Қызылорданың Нұрғисасы дейді екен» атты мақаласы
 
 

 

Құрылған күні: 28-08-2019 17:41
Жаңартылған күні: 28-08-2019 17:24

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика