Тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету
Алдағы 2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымында көмір отынының қажеттілігі 223,9 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде, тұрғындар үшін 186,4 мың тонна. 1 тн көмірдің орташа бағасы 13-16 мың теңге.
Басқарма тарапынан «Қазақстан Темір жолы жүк тасымалы» АҚ-ның күнделікті мәліметіне сәйкес, көмірдің қандай субъектілерден, қанша көлемде келіп жатқандығы және бағасына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде. 
Бүгінгі күнге, тұрғындарға жалпы қажеттіліктің 54 пайызы немесе 100,8 мың тонна көмір отыны жеткізілді (Қызылорда қаласы – 27,7 мың тн, Арал ауданы – 3,2 мың тн, Қазалы ауданы – 10,8 мың тн, Қармақшы ауданы – 10,2 мың  тн, Жалағаш ауданы – 15,7 мың тн, Сырдария ауданы – 5,1 мың тн, Шиелі ауданы – 17,6 мың тн, Жаңақорған ауданы – 10,5 мың тн). 
Қазіргі таңда, облыс бойынша көмір отынын сақтап, өткізетін 31 көмір жинақтау қоймалары қалыптастырылған. 
Көмір бағасын тұрақтандыру мақсатында кәсіпкерлер мен қала және аудан әкімдіктері арасында меморандумдар жасалды.
08.10.2019

Жылу беру маусымында облысты көмірмен қамтамасыз ету
Облыс бойынша 2018-2019 жылдардағы жылу беру маусымында көмір отынының қажеттілігі 264,9 мың тоннаны құрап отыр. Оның ішінде әлеуметтік нысандар - 57,8 мың тонна, ал жергілікті тұрғындарға – 207,1 мың тонна.
Облыс аумағында жергілікті тұрғындар мен әлеуметтік нысандарға көмір отынын тасымалдайтын жүк автокөліктері үшін тұрақтары мен жабдықталған алаңдары бар 38 көмір қоймалары қалыптастырылған. Оның ішінде, Қызылорда қаласында – 5, аудандарда – 33.
Жергілікті тұрғындарға және әлеуметтік-мәдени нысандарға көмір отыны Қарағанды облысының Шұбаркөл, Шығыс Қазақстан облысының Қаражыра және Павлодар облысының Екібастұз, Майкөбен көмір өндірушілерінен темір жол немесе жүк көліктері арқылы тасымалдануда. 
Ағымдағы жылдың 26 қазанына әлеуметтік-мәдени нысандар 52,2 мың тонна немесе 90%, ал жергілікті тұрғындар 129,7 мың тонна немесе 63% көмір отынымен қамтамасыз етілді. Облысқа қажетті көмірдің бірқалыпты жеткізілуін  өндірушілермен келісім-шарттары бар жеке кәсіпкерлер қамтамасыз етіп отыр.
Бүгінгі күнге, облыс бойынша Қарағанды облысының Шұбаркөл көмірінің орташа бағасы – 15 700 теңге, Майкөбен көмірі – 16 500 теңге, Шығыс Қазақстан облысының Қаражыра көмірі – 16 300 теңге, Екібастұз облысының тас көмірі – 13 100 теңге.
26.10.2018 жыл
 

Жылу беру маусымында облысты көмірмен қамтамасыз ету
Облыс бойынша 2018-2019 жылдардағы жылу беру маусымында көмір отынының қажеттілігі 264,9 мың тоннаны құрап отыр. Оның ішінде әлеуметтік нысандар - 57,8 мың тонна, ал жергілікті тұрғындарға – 207,1 мың тонна.
Облыс аумағында жергілікті тұрғындар мен әлеуметтік нысандарға көмір отынын тасымалдайтын жүк автокөліктері үшін тұрақтары мен жабдықталған алаңдары бар 38 көмір қоймалары қалыптастырылған. Оның ішінде, Қызылорда қаласында – 5, аудандарда – 33.
Жергілікті тұрғындарға және әлеуметтік-мәдени нысандарға көмір отыны Қарағанды облысының Шұбаркөл, Шығыс Қазақстан облысының Қаражыра және Павлодар облысының Екібастұз, Майкөбен көмір өндірушілерінен темір жол немесе жүк көліктері арқылы тасымалдануда. 
Ағымдағы жылдың 15 қазанына әлеуметтік-мәдени нысандар 52,2 мың тонна немесе 90%, ал жергілікті тұрғындар 113,5 мың тонна немесе 55% көмір отынымен қамтамасыз етілді. Облысқа қажетті көмірдің бірқалыпты жеткізілуін  өндірушілермен келісім-шарттары бар жеке кәсіпкерлер қамтамасыз етіп отыр.
Бүгінгі күнге, облыс бойынша Қарағанды облысының Шұбаркөл көмірінің орташа бағасы – 15 700 теңге, Майкөбен көмірі – 16 500 теңге, Шығыс Қазақстан облысының Қаражыра көмірі – 16 300 теңге, Екібастұз облысының тас көмірі – 13 100 теңге.
 
Құрылған күні: 17-10-2018 14:29
Жаңартылған күні: 08-10-2019 18:55

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика