Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының

2019 жылдың 9 айы бойынша атқарылған жұмыстарының есебі

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
Басқарма тарапынан барлық атқарылып жатқан шаралар еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып іске асырылады.
Мониторинг барысында анықталған қандай да бір әлеуметтік–саяси кернеулік алғышарттары электронды «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары Картасына» енгізіліп, олардың шешілу барысы бақылауда болады. 
Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі қалың бұқара арасындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын кеңінен насихаттап, әрбір тұрғынның хабардарлығын арттыру болып табылады. 
Тұрғындар үшін облыс әкімдігінің ресми сайтында http://e-kyzylorda.gov.kz/kk/blog арнайы сілтемесі орналастырылып, тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша хабарласу мүмкіндігі жасаған.
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру мақсатында 2017 жылы 15 ақпанда №487-Ө өкімімен құрамында мемлекеттік органдар басшылары, мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ, зиялы қауым өкілдері бар 9 облыстық ақпараттық топ (129 адамнан жасақталған) құрылған. Сондай-ақ, қала және аудан көлемінде 44 ақпараттық-насихаттық топ (7 аудан және Қызылорда, Байқоңыр қалалары) құрылып, оған барлығы 259 мүше енгізілген. 
Ақпараттық топтармен Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын өңірде ілгерілету, халық арасында түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында облыс бойынша жыл басынан бері 7967 шара ұйымдастырылып, 82 144 тұрғын қамтылды. ҚР Президенті  Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын түсіндіру мақсатында облыста медиа-жоспар жасалып, бекітілді.
Есепті мерзімде бекітілген медиа-жоспар аясында және облыс бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын насихаттау мақсатында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 740 материал жарияланды. Олардың ішінде баспа басылымдарда 440 мақала жарияланса, телеарналар эфирінде 300 сюжет көрсетілді.
Сонымен бірге, Жолдауды түсіндіру мақсатында осы жылдың аяғына дейін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өтетін брифинг кестесі бекітілді. Көрсетілген мерзімде 35 брифинг өткізу жоспарланып отыр.
Мемлекеттік ақпараттық саясат
Облыстың медиа кеңістігінде қазіргі таңда 102 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Оның ішінде электронды 8, ақпараттық агенттік 6, баспа БАҚ 88. 
Бүгінгі күні Қызылорда облысында жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 48,2% қоғамдық-саяси, 26,8% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 25% өзге де тақырыптық бағыттарда ақпарат тарататынын көрсетті. 
Интернет желісінде 18 БАҚ-тың веб-нұсқасы бар (жергілікті «Qyzylorda», «Қоғам ТВ» телеарналары және облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», «Ақмешіт апталығы», «Ұстаз мәртебесі», «Ақмешіт ақшамы», «Халық», «Ұстаз мәртебесі», аудандық «Толқын», «Қазалы», «Қармақшы таңы», «Жалағаш жаршысы», «Тіршілік тынысы», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» газеттері мен «Әлімсақ» журналы).
Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2018 жылғы 25 желтоқсанда «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді. Аталмыш Медиа-жоспар 18 тармақ, 177 тармақшадан құралған, әрі барлық маңызды салаларды ақпараттандыруға бағытталған.
2019 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатқа 757 570,0 мың теңге бөлінді.
Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 154 брифинг берілді, облыстық «Qyzylorda» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 48 тікелей эфирдегі сұхбат, 41 баспасөз-туры ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, басқарманың ұйымдастыруымен БАҚ өкілдерінің білімін арттырып, салалық журналистикаға бейімдеу, кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында арнайы әлеуметтік жоба аясында шеберлік дәрістері өткізілуде.  
Сондай-ақ, бүгінгі таңда тұрғындарды ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 129558 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 92%-ын құрайды.
 
Дін саласы бойынша
Қызылорда облысында 185 діни ұйым (11 жергілікті діни бірлестік, 174 филиал) қызмет атқарады. 
Облыстық ішкі саясат басқармасымен (бұдан әрі – Басқарма) аймақтағы ақпараттық-түсіндіру топтарының (бұдан әрі – АТТ) біліктілігін арттыру, оның ішінде тұрғындарға республикалық деңгейдегі теологтарды, дін саласын зерттеп жүрген профессорларды, психологтарды шақыра отырып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында семинарлар, кездесулер ұйымдастырылып тұрады.
2019 жылғы 28-30 қаңтар аралығында Басқарма басшысы Т.Махановтың қатысуымен облыс имамдарының білімін жетілдіру бағытында орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде оқыту семинары өткізілді.
29-31 қаңтар аралығында деструктивті діни ағымды ұстанушы азаматтармен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Дін мәселелерін зерттеу орталығының (бұдан әрі – Орталық) теолог маманы Қ. Кеңесбеков Арал ауданында болып, пробациялық есепте тұрған «псевдосалафизм» ағымын ұстанушы тұлғалармен жеке кездесу өткізді.
2019 жылғы 14 ақпанда облыс әкімі орынбасарымен «Деструктивті діни ұйымдар мен ағымдар идеяларының беделін түсіру жұмыстары бойынша» бекітілген медиа-жоспарға сәйкес, Басқарманың бөлім басшысы Е.Есов, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы М.Бекмағанбетов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы Б.Оспанов және Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының (бұдан әрі – ҚМДБ) Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Б.Абуовтың қатысуымен «Шетелде теологиялық білім алудың қауіптілігі» тақырыбында облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында «Ақиқат алаңы» телебағдарламасы өтті.
2019 жылғы 21-22 ақпан аралығында аймақтағы діни кадрларды қамтамасыз ету мақсатында Басқарма басшысы Т.Маханов, Басқарманың бөлім басшысы Е.Есов және Орталықтың директоры Б.Камалов Алматы қаласында іс-сапарда болып, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде (бұдан әрі – «Нұр-Мүбарак» университеті) оқып жатқан қызылордалық студенттермен кездесу өткізді.
2019 жылғы 23 ақпан күні өңіраралық тәжірибе алмасу мақсатында Басқарма басшысы Т.Маханов, Орталықтың директоры Б.Камалов Маңғыстау облысына барып, Дін істері басқармасының жұмыс барысымен танысты.
2019 жылғы 26 ақпанда орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қыздар жамағаты арасында «Деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
2019 жылғы 26-28 ақпан күндері Орталықтың теолог мамандары Қ.Кеңесбеков пен А.Сақтағанова Қазалы ауданында болып, деструктивті діни ағымды ұстанушы азаматтармен жеке кездесулер өткізді.
2019 жылғы 12 наурызда «Терроризмді бақылау комитеті» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы А. Оразбаев, «Шаңырақ» дін мәселелері бойынша оңалту орталығының директоры М. Мадияров, ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі А. Ұтысқанұлы және ҚМДБ-ның облыстағы өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Б. Абуовтың қатысуымен мешіт имамдарының білімін жетілдіру бағытында семинар-тренинг өткізілді.
2019 жылғы 25 наурыз күні «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры А. Сабдин аймақта болып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі діни экстремизм бабымен сотталған тұлғалармен кездесу өткізді.
2019 жылғы 26 наурызда ҚМДБ найб мүфтиі А. Әділбаев, «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры А. Сабдин және Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе облыстарындағы дін саласына жауапты мамандардың қатысуымен «Деструктивті діни ағымдардан жапа шеккен тұлғаларды қоғамға қайта бейімдеуді жетілдіру жолдары мен тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
10 сәуірде Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Т.Талғат, Қызылорда қаласы білім бөлімінің теолог маманы Н.Даулеталиев, облыстық «Сыр Дидары» газетінің бас редакторы С.Алдашбаев, Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Ә.Жаппасбаев, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Ж.Тасабаев, Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Ж.Қарғабаевтың қатысуымен «Жастар арасындағы діни радикализм тәуекелдерінің алдын алу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
2019 жылғы 15-22 сәуір аралығында облыс әкімі жанындағы АТТ мүшелері аймақтағы барлық аудандар мен ауылдық-округтерді аралап, түрлі сала өкілдерімен (мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері, діндар, жастар) кездесу өткізіп, деструктивті діни ағымдардан сақтану және әлеуметтік желілердегі күмәнді уағыздарға сене бермеу қажеттігі түсіндірілді.
26-28 сәуір күндері республикалық ақпараттық түсіндіру тобы (бұдан әрі – РАТТ) мүшесі, «Нұр-Мүбарак» университетінің PhD докторы А. Әкімханов аймағымызда болып, Жалағаш ауданындағы мешіт имамдарының білімін жетілдіру бағытында оқыту-семинарын өткізді.
2019 жылғы 10 маусым күні жоғарыда аталған телеарнаның «Өмірдің өзі» бағдарламасында «Жат діни ағымдардан сақтанудың жолдары қандай?» тақырыбында тікелей эфир болып өтті. Бағдарламаға облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қ.Жанұзақов, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Б.Абуов, Орталықтың бөлім басшысы Ж.Дәрібаев, Қорқыт ата атындағы ҚМУ оқытушысы, мәдениеттанушы А.Жанбатыр қатысты.
14-16 маусым аралығында Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен республикалық деңгейдегі теолог маман, исламтанушы ғалым, «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы «Әбу Ханифа» ғылыми зерттеу орталығының қызметкері Ризабек Батталұлы аймағымызда болып, «Деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы тұру және алдын алу шаралары» тақырыбында білім саласы мамандарымен, жастармен, мешіт жамағатымен кездесу өткізді.
14 маусымда облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өткізіліп, дін саласындағы профилактикалық шараларды жүргізу бойынша мүдделі мемлекетттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.
19 маусым күні облыстық АТТ мүшелерінің қатысуымен «Шешендік өнер: сөйлеу мәдениеті мен технологиясы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Шараға «Ritorix» шеберлік өнер мектебінің негізін қалаушы Г. Битанова, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің доценті А. Айтбаева және Бизнес инкубатор орталығының директоры Ж. Оразбақов қатысып, ораторлық өнер мен сөйлеу технологиясы бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
17 шілдеде Орталықтың директоры Б. Камаловтың төрағалығымен облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде «Теріс ағымдардың белгілері, зардабы және олардан сақтану жолдары» тақырыбында семинар өткізілді.
16-19 шілде аралығында РАТТ мүшесі, ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі С. Шоқанов Жаңақорған ауданында болып, «Дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу мәселесі» тақырыбында мешіт жамағатымен кездесу ұйымдастырылса, 19 шілде күні мешіт имамдарының міндетін, жамағатпен жұмыс жасау тәртібін, имамдар этикасын түсіндіру мақсатында аудан имамдарына арналған дәріс оқыды.
26-27 шілде күндері РАТТ мүшесі, «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы Әбу Ханифа ғылыми зерттеу орталығының қызметкері, исламтанушы Ризабек Батталұлы Қазалы ауданында болып, мешіт жамағатымен сұхбат жүргізді.
15-16 тамыз күндері танымал теолог Кеңшілік Тышхан Қармақшы ауданында болып, аудандағы дәстүрлі емес діни ағым мүшелерімен адрестік кездесулер өткізді.
19-22 тамыз күндері РАТТ мүшелері дінтанушы мамандар Ж. Ахан, Е. Оңғаров және психолог маман Г. Раздыкова аймақта болып, ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің біліктіліктерін арттыру бағытында 4 күндік оқыту семинарын өткізді. Сонымен бірге, Г. Раздыкова және облыстық АТТ мүшесі Н. Ниязбекова Қызылорда қаласындағы деструктивті діни ағымды ұстанушы әйел жамағатымен жеке кездесулер ұйымдастырды. 
12 қыркүйек күні Қорқыт ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында «Дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологиясын алдын алу жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинарда ҚМДБ-ның РАТТ мүшесі, Шымкент қаласы «Әл-Біләл» мешітінің бас имамы Е. Қарақұлов баяндама жасады. Шараға «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері, кент және ауыл әкімдері, АТТ мүшелері және мешіт имамдары қатысты.
11-18 қыркүйек күндері аралығында облыстық АТТ мүшелері «Елді-мекен тұрғындарымен дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу бағытында ақпараттық – түсіндірме жұмысы» тақырыбында Қызылорда қаласы мен облыстың барлық аудандарында кездесулер өткізді. 
17-18 қыркүйек күндері Жалағаш ауданына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Дінтану сараптамасы орталығының» бөлім басшысы, РАТТ мүшесі, білікті теолог Ж.Ахан іс-сапармен келіп, кент және ауыл имамдарына, «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдеріне, аудан жастары мен АТТ мүшелеріне «Діни экстремизм мен терроризмнің идеялық негіздеріне қарсы күресу жолдары» тақырыбында 2 күндік семинар өткізді.
19-20 қыркүйек күндері аталмыш теолог (Ж. Ахан) Қармақшы ауданы мен Төретам кентінде ДДА ұстанушы 9 адаммен жеке кездесіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
19-20 қыркүйек күндері елімізге белгілі теолог, ҚМДБ жанындағы РАТТ мүшесі А. Сманов Шиелі ауданына келіп, аудандық мәдениет үйінде және «Оқшы ата» мешітінде «Қазақ зиялылары және ислам», «Дін мен дәстүр» тақырыптарында кездесу өткізді. Кездесуге аудан тұрғындары, мешіттің жамағаты қатысты.
24 қыркүйек күні Жаңақорған ауданында «Зайырлылық және дінтану негіздері пәнінің рөлі мен маңызы» тақырыбында мектеп мұғалімдеріне және «Зайырлылық және дін – біртұтас қоғам» тақырыбында аудан көлеміндегі мешіт имамдарына арналған 6 сағаттық оқыту семинарлары өтті. Оқыту семинарларына Түркістан қаласынан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Дінтану кафедрасының оқытушысы, дінтанушы С. Оразбай және Түркістан облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығы директорының міндетін атқарушы, дінтанушы М. Халықов келіп дәріс оқыды.
26 қыркүйек күні Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде «Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында республикалық дәрежедегі дінтанушы Т.Әбуовтың қатысуымен аудандық ғылыми-танымдық конференция өткізілді. 
Сондай-ақ, Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің түзету мекемелерінде теолог және ҚМДБ өкілдерінің қатысуымен 232 шара ұйымдастырылған. 
Сонымен бірге, жыл басынан бері аймақ тұрғындарын деструктивті діни ағым идеологиясынан сақтандыру мақсатында БАҚ-та жалпы 893 материал жарық көрсе, оның ішінде интернет ресурстарда - 596, телеарнада – 75, баспа құралдарында - 222 материал жарияланды.
 
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2019 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 66  млн. теңге қаржы бөлінді.
Бұл бағытта жыл көлемінде 6 жоба жүзеге асырылатын болады. 
Тіл саясатын іске асыруда Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы арқылы мемлекеттік мекеме, кәсіпорын, ұйым қызметкерлеріне, сондай-ақ жеке тұлғаларға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылуда.
Есепті мерзімде тіл орталығы арқылы барлығы 1841 адам, оның ішінде 773 адам мемлекеттік тілді, 486 адам орыс тілін, 582 адам ағылшын тілін оқыту курстарынан өтті.
24-26 сәуір аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша 300 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері диагностикалық тестілеуден өтті.
Тілдік ахуалды зерделеу нәтижесімен 9 айдың қорытындысы бойынша шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдарда 99,5%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінде 98,7%-ды көрсетті.
«Үштілділікті насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында үштілділік саясатын түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық-насихаттық топ құрылып,  Қызылорда қаласы мен аудандарда  «Тілдерді меңгеру – заман талабы» тақырыбында көшпелі семинарлар, өскелең ұрпақтың рухани жан-дүниесін байыту, жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты ақын-жазушылармен кездесу кеші, қазақ тілінде білім алатын жастардың орыс әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы, үш тілді жоғары деңгейде меңгерген жастарды анықтау және ынталандыру мақсатында  «Үш тілді білу – заман талабы» облыстық сайысы, аударма жасаудың негізгі мәселелерін талқылау және қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру, осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен таныстыру мақсатында «Аударма мәселелері» тақырыбында семинар, жергілікті жерлерде ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын талқылау мақсатында «Тілдерді дамытудың өзекті мәселелері» облыстық семинары және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, жастардың тіл шұрайлылығын, қазақ әдебиетіне қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, өскелең ұрпақтың рухани жан-дүниесін байыту мақсатында ақын Елубай Әуезовпен «Сырдан бір Күн келеді көтеріліп...» атты кездесу кеші өткізілді. 
«Аймақта мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру мақсатында Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, жастардың тіл мәдениетін дамыту және ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттау мақсатында «Текті сөздің төресі - терме» атты облыстық жыршы-термешілер байқауы, жастардың тіл мәдениетін дамыту және ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттау мақсатында «Текті сөздің төресі - терме» атты облыстық жыршы-термешілер байқауы, мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау,қазақ тілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауы, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру және ұлттар достастығының үлгісін  паш ету мақсатында «Тіл – татулық тірегі» облыстық фестивалі және үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу мақсатында «Тілдарын - 2019» облыстық олимпиадасы өткізілді. 
Сондай-ақ, басқарманың тапсырысымен облыстық «Qyzylorda» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыруға бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен халық арасында жаңа қазақ әліпбиінің емле ережелерін түсіндіру және осы бағытта атқарылған жұмыстар барысымен таныстыру мақсатында «Тілтаным» телебағдарламасы көрсетілді.
 
Ономастика және көрнекі ақпаратты  бақылау бойынша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2019 жылғы 28 қаңтарда облыс әкімі аппаратының мәжілісінде Мемлекеттік Елтаңбаны жаңалап ауыстыру мәселелері қаралды.
Мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай қолданылуын зерделеу мақсатында басқарма жанынан ведомствоаралық инспекциялық топ құрылды. Есепті мерзімде инспекциялық топ облыстағы 301 мекемеге зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесімен 58 мекемеде анықталған кемшіліктерді заң талабына сәйкестендірді. 
Ағымдағы жылдың 16 мамырында облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның көшпелі отырысы Қазалы ауданында ұйымдастырылды.
Мемлекеттік рәміздерді қолдануда нормативтік актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша барлық мемлекеттік мекемелерге көмекші құралдар таратылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 27 жыл толуына орай облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес Мемлекеттік Рәміздер аллеясында «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты облыстық патриоттық шара өтті.
Сондай-ақ, өңірде лицензиаттар дайындаған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін мониторингілеу және  пайдалану (сатып алу) жағдайларын анықтау мақсатында Техникалық реттеу және метрологоия комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, 35 (отыз бес) мекемеге мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Жүргізілген мониторинг қорытындысымен облысымыздағы мемлекеттік органдардың пайдаланып отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері стандарттарға сай келетіндігі анықталды.
Ономастика саласы бойынша идеологиялық тұрғыдан ескірген әкімшілік-аумақтық бірліктер мен құрамдас бөліктер жайлы мәліметтер базасы жаңартылды. 
2019 жылғы 19 қыркүйекте Облыстық ономастика комиссиясының отырысы өткізіліп, 104 ұсыныс қаралды. Нәтижесімен 65 көшеге, 5 объектіге оң қорытынды берілді.
Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде облыстағы ономастика  және көрнекі ақпарат салаларының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен тіл мамандары, филолог-ғалымдар, жарнама агенттіктерінің өкілдері, тілдерді оқыту орталығының қызметкерлерінің қатысуымен «Ономастика және көрнекі ақпарат мәселелері» атты облыстық семинар өткізілді.
Семинарға қатысушыларға ономас¬тика және көрнекі ақпарат саласындағы мәселелерді реттеуге арналған әдістемелік құралдар таратылды.
Есепті кезеңде «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 152 топонимикалық атау енгізілді.
Көрнекі ақпараттарда тіл туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бап талаптарына сәйкес облыс көлемінде ақпараттық-түсіндірме және насихат жұмыстарын жүргізудің облыстық жұмыс жоспары бекітілді.
Есепті мерзімде жоспарға сәйкес «Жас Отан» Жастар қанаты жанындағы «Таза тіл» ерікті жастар тобымен бірлесіп облыс бойынша 765 кәсіпкерлік нысан мен сауда үйіне «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 21-бабы бойынша ақпараттық-насихаттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
 
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс
Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны бүгінгі күні 1042-ні құрап отыр. Оның ішінде 454-і нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар. 
Қазіргі таңда облыста азаматтық сектор тұрақты даму үстінде және облыс әкімдігімен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге тартуда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. 
2019 жылы облыстық, қалалық, аудандық бюджеттер есебінен әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін 883 млн. 464 мың теңге қаржы қаралып, 148 жоба жүзеге асырылуда. Оның 51-і облыстық, 97-і қалалық, аудандық бюджет арқылы. 
Сонымен қатар, «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына облыстық бюджеттен   4 млн. 589 мың 285 теңге қаржы қаралды. Әлеуметтік тапсырыс аясында өңірде үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмыс жасайды.
Саяси партиялармен жұмыс. Бүгінгі күні Қызылорда облысында 6 саяси партияның (комитет және өкілдік) облыстық филиалы тіркелген.
Аймағымызда 65 мыңнан астам азамат саяси партиялардың құрамына кірген: «Нұр Отан» партиясы- 47635 адам, «Ақ жол» демократиялық партиясы-6914, «Ауыл» ХДПП-3166 адам, «ҚКХП»-5111 адам, «Бірлік» партиясы-333 адам және «ЖСДП»-3000 адам.
Саяси партиялардың облыстық филиалдары мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету, саяси партиялар мен мемлекет арасындағы оңтайлы өзара қарым-қатынас тепе-теңдігін іздеу, саяси партиялардың мақсатты жұмыстарын жүргізулеріне жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі рөлін күшейту мақсатында кеңес жұмыс жасауда. 
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.
Қоғамдық - маңызды шаралар. Идеологиялық, экономикалық және аймақтағы ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 234 ауқымды шарадан тұратын 2019 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.
Есепті мерзімде күнтізбелік жоспарға сәйкес 181 ірі көлемді шара өтті.

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының
2019 жылдың І жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстарының есебі
Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
Басқарма тарапынан барлық атқарылып жатқан шаралар еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып іске асырылады.
Мониторинг барысында анықталған қандай да бір әлеуметтік–саяси кернеулік алғышарттары электронды «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары Картасына» енгізіліп, олардың шешілу барысы бақылауда болады. Жыл басынан бері 17 мәселе енгізіліп, бақылауға қойылды. 
Сонымен қатар, тұрғындар үшін облыс әкімдігінің ресми сайтында http://e-kyzylorda.gov.kz/kk/blog арнайы сілтемесі орналастырылып, тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша хабарласу мүмкіндігі жасалды.
Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі қалың бұқара арасындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын кеңінен насихаттап, әрбір тұрғынның хабардарлығын арттыру болып табылады. 
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру мақсатында 2017 жылы 15 ақпанда №487-Ө өкімімен құрамында мемлекеттік органдар басшылары, мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ, зиялы қауым өкілдері бар 9 облыстық ақпараттық топ (129 адамнан жасақталған) құрылды. Сондай-ақ, қала және аудан көлемінде 44 ақпараттық-насихаттық топ (7 аудан және Қызылорда, Байқоңыр қалалары) құрылып, оған барлығы 259 мүше енгізілді. 
Ақпараттық топтармен Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын өңірде ілгерілету, халық арасында түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында облыс бойынша жыл басынан бері 3490 шара ұйымдастырылып, 73 560 тұрғын қамтылды.
Мемлекеттік ақпараттық саясат
Облыстың медиа кеңістігінде қазіргі таңда 102 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Оның ішінде электронды 8, ақпараттық агенттік 6, баспа БАҚ 88. 
2019 жылдың жартыжылдығында Қызылорда облысында жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың  48,2% қоғамдық-саяси, 26,8% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 25% өзге де тақырыптық бағыттарда ақпарат тарататынын көрсетті. 
Интернет желісінде 18 БАҚ-тың веб-нұсқасы бар (жергілікті «Qyzylorda», «Қоғам ТВ» телеарналары және облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», «Ақмешіт апталығы», «Ұстаз мәртебесі», «Ақмешіт ақшамы», «Халық», «Ұстаз мәртебесі», аудандық «Толқын», «Қазалы», «Қармақшы таңы», «Жалағаш жаршысы», «Тіршілік тынысы», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» газеттері мен «Әлімсақ» журналы).
Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2018 жылғы 25 желтоқсанда «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді. Аталмыш Медиа-жоспар 18 тармақ, 177 тармақшадан құралған, әрі барлық маңызды салаларды ақпараттандыруға бағытталған.
2019 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатқа 757 570,0 мың теңге бөлінді.
Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 74 брифинг берілді, облыстық «Qyzylorda» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 45 тікелей эфирдегі сұхбат, басқарма тарапынан 15 баспасөз-туры ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда тұрғындарды ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 129558 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 92%-ын құрайды.
Дін саласы бойынша
Қызылорда облысында діни ахуал тұрақты. Қазіргі таңда облыс бойынша 181 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 11 жергілікті діни бірлестік, 170 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен. 
Облыстық ішкі саясат басқармасымен аймақтағы ақпараттық-түсіндіру топтарының  (бұдан әрі – АТТ) біліктілігін арттыру, оның ішінде тұрғындарға республикалық деңгейдегі теологтарды, дін саласын зерттеп жүрген профессорларды, психологтарды шақыра отырып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында семинарлар, кездесулер ұйымдастырылды.
2019 жылғы 28-30 қаңтар аралығында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Махановтың қатысуымен облыс имамдарының білімін жетілдіру бағытында орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде оқыту семинары өткізілді.
29-31 қаңтар аралығында деструктивті діни ағымды ұстанушы азаматтармен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Қ.Кеңесбеков Арал ауданында болып, пробациялық есепте тұрған «псевдосалафизм» ағымын ұстанушы тұлғалармен жеке кездесу өткізді.
2019 жылғы 14 ақпанда облыс әкімі орынбасарымен «Деструктивті діни ұйымдар мен ағымдар идеяларының беделін түсіру жұмыстары бойынша» бекітілген медиа-жоспарға сәйкес, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Е.Есов, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы М.Бекмағанбетов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы Б.Оспанов және ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Б.Абуовтың қатысуымен «Шетелде теологиялық білім алудың қауіптілігі» тақырыбында облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында «Ақиқат алаңы» телебағдарламасы өтті.
2019 жылғы 21-22 ақпан аралығында аймақтағы діни кадрларды қамтамасыз ету мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Е.Есов және Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов Алматы қаласында іс-сапарда болып, «Нұр-Мүбарак» университетінде оқып жатқан қызылордалық студенттермен кездесу өткізді.
2019 жылғы 23 ақпан күні өңіраралық тәжірибе алмасу мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов, Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов Маңғыстау облысына барып, Дін істері басқармасының жұмыс барысымен танысты.
2019 жылғы 26 ақпанда орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қыздар жамағаты арасында «Деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
2019 жылғы 26-28 ақпан күндері теолог мамандар Қ.Кеңесбеков пен А.Сақтағанова Қазалы ауданында болып, деструктивті діни ағымды ұстанушы азаматтармен жеке кездесулер өткізді.
2019 жылғы 12 наурызда «Терроризмді бақылау комитеті» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оразбаев Аманжол Зейноллаұлы, «Шаңырақ» дін мәселелері бойынша оңалту орталығының директоры Мадияров Мирхат Мұратұлы, ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысқанұлы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Абуов Болатбек Ұласқанұлының қатысуымен мешіт имамдарының білімін жетілдіру бағытында семинар-тренинг өткізілді.
2019 жылғы 25 наурыз күні «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университеті жанындағы Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры Сабдин Асқар Кәлімжанұлы аймақта болып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі діни экстремизм бабымен сотталған тұлғалармен кездесу өткізді.
2019 жылғы 26 наурызда ҚМДБ найб мүфтиі Әділбаев Алау Шайқымұлы, «Нұр-Мүбарак» ЕИМУ жанындағы Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры Сабдин Асқар Кәлімжанұлы және Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе облыстарындағы дін саласына жауапты мамандардың қатысуымен «Деструктивті діни ағымдардан жапа шеккен тұлғаларды қоғамға қайта бейімдеуді жетілдіру жолдары мен тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
10 сәуірде Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Т.Талғат, Қызылорда қаласы білім бөлімінің теолог маманы Н.Даулеталиев, облыстық «Сыр Дидары» газетінің бас редакторы С.Алдашбаев, Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Ә.Жаппасбаев, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Ж.Тасабаев, Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Ж.Қарғабаевтың қатысуымен «Жастар арасындағы діни радикализм тәуекелдерінің алдын алу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
2019 жылғы 15-22 сәуір аралығында облыс әкімі жанындағы АТТ мүшелері аймақтағы барлық аудандар мен ауылдық-округтерді аралап, түрлі сала өкілдерімен (мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері, діндар, жастар) кездесу өткізіп, деструктивті діни ағымдардан сақтану және әлеуметтік желілердегі күмәнді уағыздарға сене бермеу қажеттігі түсіндірілді.
26-28 сәуір күндері РАТТ мүшесі, «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің PhD докторы Асқар Әкімханов аймағымызда болып, Жалағаш ауданындағы мешіт имамдарының білімін жетілдіру бағытында оқыту-семинарын өткізді.
2019 жылғы 10 маусым күні жоғарыда аталған телеарнаның  «Өмірдің өзі» бағдарламасында «Жат діни ағымдардан сақтанудың жолдары қандай?» тақырыбында тікелей эфир болып өтті. Бағдарламаға облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қ.Жанұзақов, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Б.Абуов, Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы Ж.Дәрібаев, Қорқыт ата атындағы ҚМУ оқытушысы, мәдениеттанушы А.Жанбатыр қатысты.
14-16 маусым аралығында Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен республикалық деңгейдегі теолог маман, исламтанушы ғалым, «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университеті жанындағы «Әбу Ханифа» ғылыми зерттеу орталығының қызметкері Ризабек Батталұлы аймағымызда болып, «Деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы тұру және алдын алу шаралары» тақырыбында білім саласы мамандарымен, жастармен, мешіт жамағатымен кездесу өткізді.
14 маусымда облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өткізіліп, дін саласындағы профилактикалық шараларды жүргізу бойынша мүдделі мемлекетттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.
19 маусым күні облыстық АТТ мүшелерінің қатысуымен «Шешендік өнер: сөйлеу мәдениеті мен технологиясы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Шараға «Ritorix» шеберлік өнер мектебінің негізін қалаушы Г. Битанова, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің доценті А. Айтбаева және Бизнес инкубатор орталығының директоры Ж. Оразбақов қатысып, ораторлық өнер мен сөйлеу технологиясы бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ, Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің түзету мекемелерінде теолог және ҚМДБ өкілдерінің қатысуымен 193 шара ұйымдастырылған. 
Сонымен бірге, жыл басынан бері аймақ тұрғындарын деструктивті діни ағым идеологиясынан сақтандыру мақсатында БАҚ-та жалпы 417 материал жарық көрсе, оның ішінде интернет ресурстарда-226, телеарнада - 56, баспа құралдарында - 135 материал жарияланды.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес   2019 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 66 млн. теңге қаржы бөлінді.
Бұл бағытта жыл көлемінде 6 жоба жүзеге асырылатын болады. 
Тіл саясатын іске асыруда Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы арқылы мемлекеттік мекеме, кәсіпорын, ұйым қызметкерлеріне, сондай-ақ жеке тұлғаларға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылуда.
Есепті мерзімде тіл орталығы арқылы барлығы  1135 адам, оның ішінде 405 адам мемлекеттік тілді, 315 адам орыс тілін, 415 адам ағылшын тілін оқыту курстарынан өтті.
24-26 сәуір аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша 300 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері диагностикалық тестілеуден өтті.
Тілдік ахуалды зерделеу нәтижесімен І тоқсанның қорытындысы бойынша шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдарда 99,4%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінде 98,4%-ды көрсетті.
«Үштілділікті насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында  үштілділік саясатын түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық-насихаттық топ құрылып,  Қызылорда қаласы мен аудандарда  «Тілдерді меңгеру – заман талабы» тақырыбында көшпелі семинарлар, өскелең ұрпақтың рухани жан-дүниесін байыту, жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты ақын-жазушылармен кездесу кеші, қазақ тілінде білім алатын жастардың орыс әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында Көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы, үш тілді жоғары деңгейде меңгерген жастарды анықтау және ынталандыру мақсатында  «Үш тілді білу – заман талабы»  облыстық  сайысы, аударма жасаудың негізгі мәселелерін талқылау  және қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру, осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен таныстыру мақсатында «Аударма мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді. 
«Аймақта мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру мақсатында Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, жастардың тіл мәдениетін дамыту және ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттау мақсатында  «Текті сөздің төресі - терме» атты облыстық жыршы-термешілер байқауы, жастардың тіл мәдениетін дамыту және ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттау мақсатында  «Текті сөздің төресі - терме» атты облыстық жыршы-термешілер байқауы, мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау,қазақ тілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауы  өткізілді. 
Сондай-ақ, басқарманың тапсырысымен облыстық «Qyzylorda» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыруға бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен халық арасында жаңа қазақ әліпбиінің емле ережелерін түсіндіру және осы бағытта атқарылған жұмыстар барысымен таныстыру мақсатында «Тілтаным» телебағдарламасы көрсетілді.
Ономастика және көрнекі ақпаратты  бақылау бойынша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2019 жылғы 28 қаңтарда облыс әкімі аппаратының мәжілісінде оларды жаңалап ауыстыру мәселелері қаралды.
Сонымен қатар басқарма басшылығының және Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен аталған өзгерістерді халық арасында түсіндіру, насихаттау бойынша баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.
Бүгінде Мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай қолданылуын зерделеу мақсатында ведомствоаралық инспекциялық топ құрылып, облыс аудандарында зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Мемлекеттік рәміздерді қолдануда нормативтік-актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша барлық мемлекеттік мекемелерге көмекші құралдар таратылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 27 жыл толуына орай облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес Мемлекеттік Рәміздер аллеясында «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты облыстық патриоттық шара өтті.
Ономастика саласы бойынша идеологиялық тұрғыдан ескірген әкімшілік-аумақтық бірліктер мен құрамдас бөліктер жайлы мәліметтер базасы жаңартылды.
Есепті кезеңде «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне  15 топонимикалық атау енгізілді.
Көрнекі ақпараттарда тіл туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бап талаптарына сәйкес облыс көлемінде ақпараттық-түсіндірме және насихат жұмыстарын жүргізудің облыстық жұмыс жоспары бекітілді.
Жоспарға сәйкес «Жас Отан» Жастар қанаты жанындағы «Таза тіл» ерікті жастар тобымен бірлесіп облыс бойынша 149 кәсіпкерлік нысан мен сауда үйіне «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 21-бабы бойынша ақпараттық-насихаттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс
Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны  бүгінгі күні 1067-ні құрап отыр. Оның ішінде 974-і нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар. 
2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 223 үкіметтік емес ұйым Дерекқорға мәлімет ұсынған (https://infonpo.kz/ru/db/). ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынған ҮЕҰ-ға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.  
Қазіргі таңда облыста азаматтық сектор тұрақты даму үстінде және облыс әкімдігімен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге тартуда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. 
2019 жылы облыстық, қалалық, аудандық бюджеттер есебінен әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін 883 млн. 464 мың теңге қаржы қаралып, 148 жоба жүзеге асырылуда. Оның 51-і облыстық,  97-і қалалық, аудандық бюджет арқылы. 
Сонымен қатар, «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына облыстық бюджеттен   4 млн. 589 мың 285 теңге қаржы қаралды. Әлеуметтік тапсырыс аясында өңірде үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы  жұмыс жасайды.
Саяси партиялармен жұмыс. Бүгінгі күні Қызылорда облысында 6 саяси партияның (комитет және өкілдік) облыстық филиалы тіркелген.
Аймағымызда 65 мыңнан астам азамат саяси партиялардың құрамына кірген:  «Нұр Отан» партиясы- 46606 адам,  «Ақ жол» демократиялық партиясы-6905, «Ауыл» ХДПП-2724 адам, «ҚКХП»-5070 адам, «Бірлік» партиясы-360 адам және  «ЖСДП»-3000 адам.
Саяси партиялардың облыстық филиалдары мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету, саяси партиялар мен мемлекет арасындағы оңтайлы өзара қарым-қатынас тепе-теңдігін іздеу, саяси партиялардың мақсатты жұмыстарын жүргізулеріне жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі рөлін күшейту мақсатында кеңес жұмыс жасауда. 
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.
Қоғамдық - маңызды шаралар. Идеологиялық, экономикалық және аймақтағы ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 234 ауқымды шарадан тұратын 2019 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.
Есепті мерзімде күнтізбелік жоспарға сәйкес 75 ірі көлемді шара өтті.

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының

2019 жылдың І тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстарының  есебі

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
Басқарма тарапынан барлық атқарылып жатқан шаралар еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып іске асырылады.
Мониторинг барысында анықталған қандай да бір әлеуметтік–саяси кернеулік алғышарттары электронды «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары Картасына» енгізіліп, олардың шешілу барысы бақылауда болады. Жыл басынан бері 15 мәселе енгізіліп, бақылауға қойылды. 
Сонымен қатар, тұрғындар үшін облыс әкімдігінің ресми сайтында http://e-kyzylorda.gov.kz/kk/blog арнайы сілтемесі орналастырылып, тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша хабарласу мүмкіндігі жасалды.
Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі қалың бұқара арасындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын кеңінен насихаттап, әрбір тұрғынның хабардардығын арттыру болып табылады. 
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру мақсатында 2017 жылы 15 ақпанда №487-Ө өкімімен құрамында мемлекеттік органдар басшылары, мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ, зиялы қауым өкілдері бар 9 облыстық ақпараттық топ (129 адамнан жасақталған) құрылды.
Сондай-ақ, қала және аудан көлемінде 44 ақпараттық-насихаттық топ
(7 аудан және Қызылорда, Байқоңыр қалалары) құрылып, оған барлығы 259 мүше енгізілді. 
Ақпараттық топтармен Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын өңірде ілгерілету, халық арасында түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында облыс бойынша жыл басынан бері 1680 шара ұйымдастырылып, 42 560 тұрғын қамтылды.
Мемлекеттік ақпараттық саясат
Облыстың медиа кеңістігінде қазіргі таңда 102 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Оның ішінде электронды 8, ақпараттық агенттік 6, баспа БАҚ 88. 
2019 жылдың бірінші тоқсанында Қызылорда облысында жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 48,2% қоғамдық-саяси, 26,8% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 25% өзге де тақырыптық бағыттарда ақпарат тарататынын көрсетті. 
Интернет желісінде 18 БАҚ-тың веб-нұсқасы бар (жергілікті «Qyzylorda», «Қоғам ТВ» телеарналары және облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», «Ақмешіт апталығы», «Ұстаз мәртебесі», «Ақмешіт ақшамы», «Халық», «Ұстаз мәртебесі», аудандық «Толқын», «Қазалы», «Қармақшы таңы», «Жалағаш жаршысы», «Тіршілік тынысы», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» газеттері мен «Әлімсақ» журналы).
Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2018 жылғы 25 желтоқсанда «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді. Аталмыш Медиа-жоспар 18 тармақ, 177 тармақшадан құралған, әрі барлық маңызды салаларды ақпараттандыруға бағытталған.
2019 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатқа 757 570,0 мың теңге бөлінді.
Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 60 брифинг берілді, облыстық «Qyzylorda» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 23 тікелей эфирдегі сұхбат, басқарма тарапынан 6 баспасөз-туры ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда тұрғындарды ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 129558 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 92%-ын құрайды.
Дін саласы бойынша
Қызылорда облысында діни ахуал тұрақты сипатта. Қазіргі таңда облыс бойынша 181 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 11 жергілікті діни бірлестік, 170 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен. 
Облыстық ішкі саясат басқармасымен аймақтағы ақпараттық-түсіндіру топтарының біліктілігін арттыру, оның ішінде тұрғындарға республикалық деңгейдегі теологтарды, дін саласын зерттеп жүрген профессорларды, психологтарды шақыра отырып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында семинарлар, кездесулер ұйымдастырылды.
2019 жылғы 28-30 қаңтар аралығында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Махановтың қатысуымен облыс имамдарының білімін жетілдіру бағытында орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде оқыту семинары өткізілді.
2019 жылғы 29-31 қаңтар аралығында деструктивті діни ағымды ұстанушы азаматтармен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Қ.Кеңесбеков Арал ауданында болып, пробациялық есепте тұрған «псевдосалафизм» ағымын ұстанушы тұлғалармен жеке кездесу өткізді.
2019 жылғы 14 ақпанда облыс әкімі орынбасарымен «Деструктивті діни ұйымдар мен ағымдар идеяларының беделін түсіру жұмыстары бойынша» бекітілген медиа-жоспарға сәйкес, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Е.Есов, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы М.Бекмағанбетов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы Б.Оспанов және ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Б.Абуовтың қатысуымен «Шетелде теологиялық білім алудың қауіптілігі» тақырыбында облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында «Ақиқат алаңы» телебағдарламасы өтті.
2019 жылғы 15 ақпанда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Махановтың төрағалығымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру мақсатында дін саласындағы өңірлік АТТ құрамындағы теолог мамандармен кездесу өткізілді.
2019 жылғы 21-22 ақпан аралығында аймақтағы діни кадрларды қамтамасыз ету мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Е.Есов және Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов Алматы қаласында іс-сапарда болып, «Нұр-Мүбарак» университетінде оқып жатқан қызылордалық студенттермен кездесу өткізді.
2019 жылғы 23 ақпан күні өңіраралық тәжірибе алмасу мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов, Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов Маңғыстау облысына барып, Дін істері басқармасының жұмыс барысымен танысты.
2019 жылғы 26 ақпанда орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қыздар жамағаты арасында «Деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
2019 жылғы 26-28 ақпан күндері теолог мамандар Қ.Кеңесбеков пен А.Сақтағанова Қазалы ауданында болып, деструктивті діни ағымды ұстанушы азаматтармен жеке кездесулер өткізді.
2019 жылғы 12 наурызда «Терроризмді бақылау комитеті» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оразбаев Аманжол Зейноллаұлы, «Шаңырақ» дін мәселелері бойынша оңалту орталығының директоры Мадияров Мирхат Мұратұлы, ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысқанұлы және ҚМДБ-ның облыстағы өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Абуов Болатбек Ұласқанұлының қатысуымен мешіт имамдарының білімін жетілдіру бағытында семинар-тренинг өткізілді.
Сондай-ақ, Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің түзету мекемелерінде теолог және ҚМДБ өкілдерінің қатысуымен 119 шара ұйымдастырылған. Оның ішінде, теолог мамандар 74 жеке кездесу, имамдар 34 жеке кездесу және жалпы 11 топтық кездесу (234 жазасын өтеуші қамтылған) өткізілді.
Сонымен бірге, 2019 жылдың I тоқсанында аймақ тұрғындарын деструктивті діни ағым идеологиясынан сақтандыру мақсатында БАҚ-та жалпы 107 материал жарық көрсе, оның ішінде интернет ресурстарда-44, облыстық телеарнада «Дін мен діл» бағдарламасы-20, баспа құралдарында-43 материал жарияланды.
Жалпы алғанда, 2019 жылдың 1 тоқсаны бойынша облыстағы діни ахуал бірқалыпты және тұрақсыздық белгілері орын алмаған.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2019 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен   66  млн. теңге қаржы бөлінді.
Бұл бағытта жыл көлемінде іске асырылатын 6 жобаның 4-уі мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып, қорытындысымен жеңімпаздар анықталды. 
 «Үштілділікті насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында  үштілділік саясатын түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық-насихаттық топ құрылып,  Қызылорда қаласы мен аудандарда  «Тілдерді меңгеру – заман талабы» тақырыбында көшпелі семинарлар өткізуде. 
Тіл саясатын іске асыруда Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы арқылы мемлекеттік мекеме, кәсіпорын, ұйым қызметкерлеріне, сондай-ақ жеке тұлғаларға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылуда.
Есепті мерзімде тіл орталығы арқылы облыс бойынша барлығы, 129 мекемемен байланыс жасалып, 78 мекемеде оқыту курстары ұйымдастырылды. Нәтижесімен 148 адам мемлекеттік тілді, 111 адам орыс тілін, 115 адам ағылшын тілін оқыту курстарынан өтті.
Тілдік ахуалды зерделеу нәтижесімен І тоқсанның қорытындысы бойынша шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдарда 99,4%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінде 98,4%-ды көрсетті.
Ономастика және көрнекі ақпаратты  бақылау бойынша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына енгізілген өзгерстерге сәйкес 2019 жылғы 28 қаңтарда облыс әкімі аппаратының мәжілісінде ҚР Мемлекеттік Елтаңбасына енгізілген өзгерістер және оларды ауыстыру мәселелері  қаралды.
Сонымен қатар басқарма басшылығының және Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен Мемлекеттік Елтаңбаға енгізілген өзгерістерді халық арасында түсіндіру, насихаттау бойынша баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.
Бүгінде Мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай қолданылуын зерделеу мақсатында ведомствоаралық инспекциялық топ құрылып, облыс аудандарында жұмыстар жүргізуде.
Мемлекеттік рәміздерді қолдануда нормативтік-актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша барлық мемлекеттік мекемелерге көмекші құралдар әзірленіп, берілді.   
Ономастика саласы бойынша идеологиялық тұрғыдан ескірген әкімшілік-аумақтық бірліктер мен құрамдас бөліктер жайлы мәліметтер базасы жаңартылды.Көрнекі ақпараттарда тіл туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бап талаптарына сәйкес облыс көлемінде ақпараттық-түсіндірме және насихат жұмыстарын жүргізудің облыстық жұмыс жоспары бекітілді.
Жоспарға сәйкес «Жас Отан» Жастар қанаты жанындағы «Таза тіл» ерікті жастар тобымен бірлесіп  облыс бойынша 109 кәсіпкерлік нысан мен сауда үйіне «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 21-бабы бойынша ақпараттық-насихаттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
Есепті кезеңде «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 10 топонимикалық атау енгізілді.
Сондай-ақ, жылдық есептер мен хаттамалық тапсырмалдың орындалуы туралы  ақпараттар әзірленіп, жоғарғы органдарға ұсынылды.
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс
Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны  бүгінгі күні 1067-ні құрап отыр. Оның ішінде 974-і нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар. 
2019 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 202 үкіметтік емес ұйым Дерекқорға мәлімет ұсынған (https://infonpo.kz/ru/db/). ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынған ҮЕҰ-ға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.  
Қазіргі таңда облыста азаматтық сектор тұрақты даму үстінде және облыс әкімдігімен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге тартуда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. 
2019 жылы облыстық, қалалық, аудандық бюджеттер есебінен әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін 883 млн. 464 мың теңге қаржы қаралып, 148 жоба жүзеге асырылады. Оның 51-і облыстық,  97-і қалалық, аудандық бюджет арқылы. 
Сонымен қатар, «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына облыстық бюджеттен 4 млн. 589 мың 285 теңге қаржы қаралды. Әлеуметтік тапсырыс аясында өңірде үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы  жұмыс жасайды.
Саяси партиялармен жұмыс. Бүгінгі күні Қызылорда облысында 6 саяси партияның (комитет және өкілдік) облыстық филиалы тіркелген.
Аймағымызда 65 мыңнан астам азамат саяси партиялардың құрамына кірген:  «Нұр Отан» партиясы- 46606 адам,  «Ақ жол» демократиялық партиясы-6905, «Ауыл» ХДПП-2724 адам, «ҚКХП»-5070 адам, «Бірлік» партиясы-360 адам және  «ЖСДП»-3000 адам.
Саяси партиялардың облыстық филиалдары мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету, саяси партиялар мен мемлекет арасындағы оңтайлы өзара қарым-қатынас тепе-теңдігін іздеу, саяси партиялардың мақсатты жұмыстарын жүргізулеріне жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі рөлін күшейту мақсатында құрылып, жұмыс жасауда.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.
Қоғамдық - маңызды шаралар. Идеологиялық, экономикалық және аймақтағы ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 234 ауқымды шарадан тұратын 2019 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.
Есепті мерзімде күнтізбелік жоспарға сәйкес18 ірі көлемді шара өтті.
 

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының 2018 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарының  есебі
Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
Басқарма тарапынан барлық атқарылып жатқан шаралар еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып іске асырылады.
Мониторинг барысында анықталған қандай да бір әлеуметтік–саяси кернеулік алғышарттары «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары Картасына» енгізіліп, олардың шешілу барысы бақылауда болады. Жыл басынан бері 38 мәселе енгізіліп, 28 мәселе шешімін табуына байланысты бақылаудан алынды. 
Сонымен қатар, тұрғындар үшін облыс әкімдігінің ресми сайтында http://e-kyzylorda.gov.kz/kk/blog арнайы сілтемесі орналастырылып, тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша хабарласу мүмкіндігі жасалды.
Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі қалың бұқара арасындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын кеңінен насихаттап, әрбір тұрғынның хабардардығын арттыру болып табылады. 
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру мақсатында 2017 жылы 15 ақпанда №487-Ө өкімімен құрамында мемлекеттік органдар басшылары, мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ, зиялы қауым өкілдері бар облыстық ақпараттық топ (129 адамнан жасақталған) құрылды.
Сондай-ақ, қала және аудан көлемінде 9 ақпараттық-насихаттық топ
(7 аудан және Қызылорда, Байқоңыр қалалары) құрылып, оған барлығы 44 топ, 259 мүше енгізілді. 
Ақпараттық топтармен Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын өңірде ілгерілету, халық арасында түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында облыс бойынша жыл басынан бері 4852 шара ұйымдастырылып, 162 106 тұрғын қамтылды.
Мемлекеттік ақпараттық саясат
Облыстың медиа кеңістігінде қазіргі таңда 102 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Оның ішінде электронды 8, ақпараттық агенттік 6, баспа БАҚ 88. 
2018 жылғы ІІ жартыжылдықта Қызылорда облысында жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 26,7% қоғамдық-саяси, 25,6% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 47,7% өзге де тақырыптық бағыттарда ақпарат тарататынын көрсетті. 
Интернет желісінде 18 БАҚ-тың веб-нұсқасы бар (жергілікті «Qyzylorda», «Қоғам ТВ» телеарналары және облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», «Ақмешіт апталығы», «Ұстаз мәртебесі», «Ақмешіт ақшамы», «Халық», «Ұстаз мәртебесі», аудандық «Толқын», «Қазалы», «Қармақшы таңы», «Жалағаш жаршысы», «Тіршілік тынысы», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» газеттері мен «Әлімсақ» журналы).Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2018 жылғы 8 қаңтарда «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді. Аталмыш Медиа-жоспар 18 тармақ, 164 тармақшадан құралған, әрі барлық маңызды салаларды ақпараттандыруға бағытталған. 2018 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатқа 757 570,0 мың теңге бөлінді.
Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 218 брифинг берілді, облыстық «Qyzylorda» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 96 тікелей эфирдегі сұхбат, басқарма тарапынан 23 баспасөз-туры ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда тұрғындарды ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 118708 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 87%-ын құрайды.
Дін саласы бойынша 
Қызылорда облысында діни ахуал тұрақты сипатта. Қазіргі таңда облыс бойынша 181 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 11 жергілікті діни бірлестік, 170 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен. 
Облыстық ішкі саясат басқармасымен аймақтағы ақпараттық-түсіндіру топтарының біліктілігін арттыру, оның ішінде тұрғындарға республикалық деңгейдегі теологтарды, дін саласын зерттеп жүрген профессорларды, психологтарды шақыра отырып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында семинарлар, кездесулер ұйымдастырылды.
Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстары аясында  2018 жылдың 26-29 наурыз аралығында ақпараттық-түсіндірме  топ мүшелеріне барлық аудан орталықтарында семинар-тренинг өткізілді.
19 сәуірде Л.Гумилев атындағы «Еуразия» ұлттық университетінің доценті Алмат Нурадиновтің қатысуымен «Деструктивтік діни ағымдардың психологиялық әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар-тренинг өтіп, семинарға ҚМДБ облыстағы өкілдері, Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандары, Ішкі істер органдары өкілдері қатысты.  
Сонымен қатар, 5-23 маусым аралығында Қызылорда қаласы және барлық аудандарда дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында оқыту семинары ұйымдастырылып, АТТ мүшелеріне облыстық АТТ мүшелері Б.Камалов, Ж.Дәрібаев және А.Боранбаев дәріс оқыды. 
27-29 тамыз аралығында «Жасөспірімдерге діни толеранттылық қағидаттарын үйретудегі зайырлылық және дінтану негіздері пәнінің рөлі мен маңызы» атты семинар-тренинг Қызылорда қаласы мен барлық аудан орталықтарында өткізілді.
Семинарда Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Нағима Байтенова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты (РАТТ мүшесі) Кеңшілік Тышхан баяндама жасады.
Сондай-ақ, 21 қыркүйекте облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдеріне арналған «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жария етудегі БАҚ рөлі» тақырыбындағы семинар өткізілді. Шараға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов, «Сыр дидары» газетінің бас редакторы, облыстық АТТ мүшесі Сәкен Алдашбаев, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының бас редакторы Айнұр Тұңғышбаева, қалалық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Қайырбек Отызбаев және облыстағы БАҚ өкілдері қатысты. Семинар барысында хабарламашылар «Халықтың діни сауаттылығын арттырудағы БАҚ-тың рөлі», «Зайырлы мемлекет және оның құндылықтарының БАҚ-та жариялануы», «Дін және БАҚ» тақырыптарында баяндама жасады.
26 қазан күні Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамаcына сәйкес діни экстремизмнің алдын алуда, қыз-келіншектер жамағаты арасында дәстүрлі құндылықтарды жетілдіру және деструктивті діни ағымдарға қарсы қыз балалардың иммунитетін қалыптастыру мақсатында «Қыз – келіншектердің қоғамдағы рөлі» атты республикалық форум өтті. Шараға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов, ҚР ҚДМ ҚКК Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы, Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының Қызылорда облысы бройынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің бас имамы - Болатбек Абуов, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің профессоры, PhD докторы Шамшат Әділбаева, Жамбыл облысы әкімдігінің «Оңалту орталығы» КММ директоры Альбина Сембекова, Қорқыта ата атындағы ҚМУ жанындағы «Қыз жібек» қыздар клубының жетекшісі  Назира Аймаханова және жоғарғы, арнаулы орта оқу орындарының қыздар клубтары, мешіттердегі әйел жамағаттары, көрші өңірлердегі дінтанушы мамандар, зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты. 
7-9 қараша күндері Республикалық деңгейдегі теолог маман, «Нұр-Мүбарак» университетінің магистранты Қабылбек Әліпбайұлы аймағымызға келіп, мешітке келуші жамағатпен, колледж студенттерімен, АТТ мүшелерімен және тұрғындармен кездесу өткізді. Сондай-ақ, Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары аудандарда іс сапарда болып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
21 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Зайырлылық - қоғамдық келісім кепілі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Шараға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов, ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы, «Шымкент Епархиясы Қызылорда қаласы Қазан Құдай Ана Иконасы храмының приходы» православиялық шіркеуінің настоятелі В.Ивашинин, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, PhD докторы Қ.Құрманбаев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті С.Оразбай, психология ғылымдарының кандитаты А.Аяғанова, облыстық, қалалық, аудандық ішкі саясат басқармасы мен бөлімдерінің қызметкерлері, АТТ мүшелері, учаскелік және ювеналдық полиция қызметкерлері, «Зайырлылық және дінтану» пәнінің мұғалімдері, оқу орындарындағы қыздар клубтарының жетекшілері, ҮЕҰ жетекшілері, діни бірлестіктер өкілдері, ардагерлер, белсенді жастар және БАҚ өкілдері қатысты. 
Конференция 2 секциялық отырыс бойынша өткізілді. Алғашқы отырыста шара қонақтары мен қатысушылары «Деструктивті діни ағымдардын алдын алудағы мемлекеттік органдардың ролі» тақырыбын талқыға салса, екінші секциялық отырыста «Дінаралық келісімді жетілдіру жолындағы қазақстандық моделінің қалыптасу жолдары» мәселесін қарастырды.
29 қараша күні «Жастар тәрбиесі – қоғамның ірге тасы» тақырыбында аймақ жастарымен кездесу болып өтті. Шараға Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Е.Есов, ОАТТ мүшелері, айтыскер ақын М.Байдаулетов, дінтанушы Б.Убаев, облыстық «Сыр дидары» газетінің бас редакторы С.Алдашбаев, Панкратионнан ҚР-ның спорт шебері, ММА жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Ғ.Әділсерік, облыстық филармония әншісі, «Тұран» тобының мүшесі Қ.Заитов, ҮЕҰ жетекшілері, аймақ жастары, діни бірлестіктер мен «Татар» этно-мәдени бірлестігінің өкілі қатысты. 
Кездесуде айтыскер ақын М.Байдаулетов «Жастар тәрбиесі – қоғамның ірге тасы», «Сыр дидары» газетінің бас редакторы С.Алдашбаев «Рухани жетілуде салт-дәстүр мен діннің рөлі», дінтанушы Б.Убаев «Рухани құндылықтардың тұлғалық келбеті» тақырыптарында ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі дәстүрді, асыл қасиеттерді жастар бойына қалыптастырудағы өзекті мәселелерді талқыға салды.
Сондай-ақ, облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспары бекітіліп, түзету мекемелерінде жазасын өтеушілермен есепті мерзімде 20 шара ұйымдастырылды.
Сонымен бірге, дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру мақсатында БАҚ-да және әлеуметтік желілерде барлығы 1 852 материал жарық көрді (жергілікті телеарналар арқылы – 87 материал, баспа БАҚ-та  251 мақала жарық көрсе, интернет ресурстарда және әлеуметтік желілерде  1514). 
Жалпы алғанда, 2018 жылы облыстағы діни ахуал бірқалыпты және тұрақсыздық белгілері орын алмаған.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен   69 млн. теңге қаржы бөлінді.
Облыста Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру», «Үштілділікті насихаттау», «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің негізгі қағидаларын түсіндіру» мемлекеттік әлеуметтік жобалары жүзеге асырылды.
Есепті мерзімде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда облыс бойынша 287, үштілділікті насихаттауда 220, латын әліпбиіне көшуді жергілікті тұрғындар мен ұжымдарда түсіндіру мақсатында 170 әр түрлі форматта шаралар өтті. 
Облыстық «Qyzylorda» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын игеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен үш тілді білудің негізінде жетістікке жеткен жастарды насихаттау арқылы жастардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын және олардың белсенділігін арттыру мақсатындағы «Тіл - барлық білімнің кілті» телебағдарламасы 4 реттен көрсетілді.
Тілдік ахуалды зерделеу қорытындысымен 2018 жыл бойынша шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,9%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 98,2% құрады.
Тіл саясатын іске асыруда басқармаға қарасты Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы арқылы мемлекеттік мекеме, кәсіпорын, ұйым қызметкерлеріне, сондай-ақ жеке тұлғаларға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін тегін оқыту курстары ұйымдастырылуда.
Аталмыш мекемеге 2018 жылға қосымша 23 штаттық бірлік бөлініп, бүгінде облыстың барлық аудандарында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін оқыту курстары жүргізілуде.
Орталық арқылы 809 адам мемлекеттік тілді, 924 адам ағылшын тілін, 606 адам орыс тілін оқыту курстарынан өтті.
Облыс әкімінің 2018 жылғы 5 ақпандағы №62-қх тапсырмасына сәйкес облыстық басқармалар мен қала, аудан әкімдіктерінде, жалпы 31 мекемеде тіл туралы заңнамалардың орындалуына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижесімен бірқатар басқармалар мен әкімдіктерде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының  8-бабы талаптарының бұзылғандығы, сондай-ақ, деректемелер мен көрнекі ақпарттарда тілдік нормалардың және Елтаңба бейнеленген ұйымның құжат бланкілерінде құжат деректемелерін ресімдеу тәртібі сақталмағандығы анықталды. Зерделеу жұмыстарының нәтижесімен көрсетілген кемшіліктер жойылды. 
«Қазтест» жүйесі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп сертификаттық және диагностикалық тестілеулер ұйымдастырылды. Мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілерінен сертификаттық тестілеуге 200 адам, диагностикалық тестілеуге 791 адам қатысты. 
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы қазақ тілінің латын графикасына негізделген жаңа емле ережелері жобасына сынама жұмыстарын жүргізді. Сынамаға облыстық басқармалар, департаменттер, қалалық және аудандық әкімдіктер қызметкерлері мен әскери қызметшілер – барлығы 500 адам қатысты.
ҚР Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығына және ҚР Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес, латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің меңгерілуін жан-жақты қамту мақсатында 2018 жылғы 14 қарашада республика бойынша өткізілген жалпыхалықтық диктантқа Қызылорда облысынан 125 096 адам қатысты.
Диктант қорытындысы бойынша статистикалық мәліметтерді арнайы құрылған жұмыс тобы анықтады. Нәтижесімен – диктант жазуға қатысқандардың 29,4 %-ы (36 819 адам) «өте жақсы», 38,9 %-ы (48 661 адам) «жақсы» және 31,7 %-ы (39 616 адам) «қанағаттанарлық»  деген баға алды.
Ономастика және көрнекі ақпаратты  бақылау бойынша
Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес облыстық ішкі істер департаментінің, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі  Техникалық реттеу және метрология комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп 2018 жылы Қызылорда қаласы және аудан орталықтарында орналасқан 628 мемлекеттік мекемедегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкес қолданылуы мен орналасуына  бақылау жұмыстары жүргізіліп, орын алған кемшіліктер заң талаптарына сәйкестендірілді. 
Мемлекеттік Туға тәуліктің қараңғы мезгілінде жарық түсуіне бақылау жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктердің қалпына келтірілгені жөніндегі ақпарат басқарманың әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланды. Мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыру, жастар, тұрғындар арасында рәміздерді насихаттау бағытындағы жұмыстарды бірлесіп жүргізу мақсатында «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы «Жас Отан» Жастар қанаты жанынан 
«Жас патриот» ерікті жастар тобы құрылды. Топ мүшелері Қызылорда қаласында орналасқан жарнама агенттіктері мен Мемлекеттік рәміздер сататын сауда орындарына Мемлекеттік Елтаңба мен Мемлекеттік Тудың стандарттары жайлы 128 түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік көмекші құралдар таратты. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану мен насихаттау саласындағы жұмыстарды мониторингілеу жөніндегі республикалық инспекциялық топ ағымдағы жылғы 16-18 мамыр аралығында Қызылорда қаласы мен Шиелі, Қармақшы, Қазалы, Арал аудандарында орналасқан жергілікті және аумақтық мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау, білім беру, барлығы 95 мекемеге тексеру жұмыстарын жүргізді. 
2018 жылғы 30 мамырда және 30 қазанда облыс әкімі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия отырысы өткізілді. Онда Сырдария, Арал, Шиелі, Жаңақорған аудандық әкімдіктерінде, облыстық дене шынықтыру және спорт, жастар саясаты мәселелері басқармаларына қарасты мекемелерде мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуы мен насихатталу барысы қаралды.
Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы Мемлекеттік рәміздер аллеяларында мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметкерлердің ант беру, жастарды әскерге шығарып салу шаралары ұйымдастырылып, жалпы облыс бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін  насихаттау бағытында, барлығы 2 761 шара өткізілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай  Мемлекеттік рәміздер аллеясында «Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы», «Рәміздерім - мақтанышым» атты мерекелік шаралар өтті. 
Сонымен қатар, облыс көлемінде мемлекеттік рәміздерді насихаттау және құрметтеуге шақыру бағытында жыл басынан бері жергілікті БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде 879 материал жарияланды.
2018 жылғы 4 маусымда облыс әкімі Қ. Көшербаев Астана қаласында өткен ҚР Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссия отырысына қатысып, Қызылорда облысының Мемлекеттік рәміздер жөніндегі жұмыс тәжірибесі туралы баяндама жасады.
Ономастика саласында Елбасының  тапсырмасына сәйкес идеологиялық тұрғыдан ескірген және қайталанған атауларды тарихи және дәстүрлі атаулармен ауыстыру жұмыстары жүргізілді. 2018 жылы облыстық ономастика комиссиясының 3 отырысы өткізіліп, 165 ұсыныс қаралды. Нәтижесімен 17 объектіге, 4 ауылға, 108 көшеге  оң қорытынды берілді.
Сонымен қатар, Қызылорда облысының білім, мәдениет, спорт ұйымдарына атау беру және оларды қайта атау бойынша 8 объектіге  Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы шықты.
Есепті мерзімде Қазалы, Шиелі аудандарының 4 ауылын, Қызылорда қаласының 7 көшесін қайта атау туралы Қызылорда облыстық мәслихаты сессиясының және Қызылорда облысы әкімдігінің бірлескен шешімдері мен қаулылары шықты. 
Қызылорда облысы бойынша көрнекі ақпараттарда тіл туралы заң талаптарының сақталуына жүргізілген талдау жұмыстарының қорытындысымен қамтылған объектілердің 88,1 пайызының көрнекі ақпараттарында мемлекеттік тілдің дұрыс қолданатыны анықталды.
Есепті мерзімде «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 150 топонимикалық атаулар енгізілді.
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс
Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны  бүгінгі күні 1067-ні құрап отыр. Оның ішінде 974-і нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар. 
2018 жылғы 25 желтоқсандағы жағдай бойынша 240 үкіметтік емес ұйым Дерекқорға мәлімет ұсынған (https://infonpo.kz/ru/db/). ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынған ҮЕҰ-ға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілді.  
Қазіргі таңда облыста азаматтық сектор тұрақты даму үстінде және облыс әкімдігімен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге тартуда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. 
2018 жылы облыстық, қалалық, аудандық бюджеттер есебінен әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін 1 млрд 109 млн. 691 мың теңге қаржы қаралып, 173 жоба жүзеге асырылды.  Оның 70-і облыстық,  103-і қалалық, аудандық бюджет арқылы. 
Сонымен қатар, «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына облыстық бюджеттен 4 млн. 500 мың теңге қаржы қаралды. Әлеуметтік тапсырыс аясында өңірде үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы ашылып, жұмыс жасады.
Жобаның техникалық ерекшелігіне сәйкес есепті мерзімде 8 кездесу шарасы, 8 оқыту семинары, 4 дөңгелек үстел отырысы, 1 форум, 1 акция, 1 баспасөз конференциясы  ұйымдастырылып, 100 ҮЕҰ-ға кеңестер берілді.
Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының және «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының төрағасының азаматтық қоғам институтарының өкілдерімен тұрақты кездесулері ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ: 
Ү.ж.15 маусымда «Ашық азаматтық қоғам – белсенді даму» тақырыбында облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу шарасы;
Ү.ж.23 шілдеде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Т. Махановтың аймақтағы белсенді үкіметтік емес ұйымдармен кездесу шарасы;
Ү.ж.14-15 тамызда «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының төрағасы Ж.Н. Базартайдың Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандары мен  Қызылорда қаласындағы ҮЕҰ мүшелерімен кездесу шарасы; 
Ү.ж.14 қыркүйекте «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының төрағасы Ж.Н. Базартайдың Арал, Қазалы аудандарындағы  ҮЕҰ мүшелерімен кездесу шарасы ұйымдастырылды. 
Ү.ж.30 қарашада облыс әкімінің орынбасары Р.Р. Рүстемовтің азаматтық қоғам өкілдерімен және «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Әріптестік. Сенім» республикалық VIII Азаматтық Форумы қатысушыларымен кездесу шарасы болып өтті. 
Ағымдағы жылы 10 қазанда «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог, Ынтымақтастық, Жауапкершілік» атты VIII облыстық Азаматтық форум болып өтті. Облыс әкімінің қатысуымен өткен форумда билік пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара қарым – қатынасын орнықтыру,  еліміздің әлеуметтік модернизациясында үкіметтік емес ұйымдардың алатын орны мен билікпен бірлескен іс-қимылдың маңызы, азаматтық қоғам өкілдері үкіметтік емес секторын дамыту шаралары, ауылдық ҮЕҰ дамыту жайы  аталып өтілді. 
Азаматтық форум аясында 2 секцияда сұхбат алаңдары, көрме ұйымдастырылып, «Үздік жоба» байқауының жеңімпазы  марапатталды. 
Сондай-ақ, облыстың әлеуметтік мәселелерін шешуге үлес қосып, қоғамдық маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға белсенділік танытып жүрген қоғамдық қорлар «Жүрек жылуы», «Қоғам айнасы», «Қоғам жанашыры» номинация иегерлері атанды. Аймақта азаматтық қоғамды дамытуда өзіндік бастамалар мен тың жобаларды жүзеге асыруға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне үлес қосқан облыс бойынша 10 ҮЕҰ жетекшілері облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар, 2018 жылғы  27-28 қарашада Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Әріптестік. Сенім»  VIII Азаматтық Форумда Қызылорда облысынан мемлекеттік емес ұйымдарға арналған Мемлекеттік премия «Жетім балаларға, көп балалы отбасыларының балаларына көрсеткен көмек үшін», Мемлекеттік емес ұйымдардың  «Таным» республикалық - қоғамдық  премиясына 3 ҮЕҰ  ие болды. 
Ү.ж. 29 қарашада Туған жерге тағзым» акциясы ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – Сыр өңірінен шыққан танымал тұлғалардың жеткен жетістіктерін аймақ жастарына үлгі ету, оларды туған жеріне қолдау көрсетуге шақыру. 
Өзінің туған өлкесінің көркеюіне үлес қоса білген,  қайырымдылық іс-шараларға белсене қатысу арқылы еліне шарапатын тигізген 10 жомарт азамат осы кездесу аясында «Сыр жанашыры» және «Жомарт жүрек» номинацияларымен марапатталды.
Ү.ж. 4 желтоқсанда Қызылорда облыстық ауыл әйелдерінің форумы болып өтті. Аталмыш шараның мақсаты ауылдық аумақтарды дамыту, ауыл әйелдерінің мәртебесін арттыру болып табылады. 
Сыр өңірінде отбасымен және бүгінгі қоғамның дамып, өркендеуіне әр салада жүріп өзінің сүбелі үлесін қосып, адал еңбегін арнаған 35 әйел-анаға «Ғасыр-Ана», «Үздік  білім қызметкері», «Үздік медицина қызметкері», «Үздік фермерлік және шаруа қожалығының басшысы», «Үздік пошта немесе өндіріс қызметкері»,  «Үздік сауда және қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнес басшысы» номинациялары бойынша Аймақ басшысы атынан дипломдар табысталды.
Саяси партиялармен жұмыс
Бүгінгі күні Қызылорда облысында 6 саяси партияның (комитет және өкілдік) облыстық филиалы тіркелген.
Аймағымызда 65 мыңнан астам азамат саяси партиялардың құрамына кірген: 47 547 адам- «Нұр Отан» партиясы, 6905 адам – «Ақ жол» демократиялық партиясы, 2724 адам – «Ауыл» ХДПП, 5070 адам – «ҚКХП», 360 адам – «Бірлік» париясы және 3000 адам «ЖСДП».
Есепті мерзімде саяси партиялар тарапынан атқарылған маңызды шаралар төмендегідей:
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, партиялық жобалар аясында шаралар ұйымдастырып келеді.«Кедергісіз келешек», «Сәтті қадам» және «Мектепке жол» акцияларымен қатар қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.
Оның ішінде, 18 қаңтарда «Қазақстан – 2050» демократиялық күштердің облыстық коалициясы отырысы өтті. Отырысқа коалиция мүшелігіндегі партия жетекшілері мен белсенділері, ҮЕҰ мен қоғамдық бірлестік басшылары, Қорқыт ата атындағы ҚМУ оқытушылары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары мен белсенді жастар қатысып, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді талқылады. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев алдымен тарихи құжаттың негізгі бағыттарына сипаттама берді.
2018 жылдың есепті мерзімінде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен 84 шара (қайырымдылық және жастар акциялары, дөңгелек үстелдер, кездесулер, қоғамдық қабылдаулар, рейдтік шаралар, ашық есік күндері және т.б. іс-шаралар) ұйымдастырылды.
2010 жылдан бастап құрылған облыс әкімдігі жанынан саяси партиялармен байланыстар жөніндегі Қоғамдық кеңес жұмыс жасайды.
Кеңес  саяси партиялардың облыстық филиалдары мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету, саяси партиялар мен мемлекет арасындағы оңтайлы өзара қарым-қатынас тепе-теңдігін іздеу, саяси партиялардың мақсатты жұмыстарын жүргізулеріне жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі рөлін күшейту мақсатында құрылып, жұмыс жасауда.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.
Қоғамдық - маңызды шаралар
Идеологиялық, экономикалық және аймақтағы ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 239 ауқымды шарадан тұратын 2018 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жүзеге асырылды.
Есепті мерзімде күнтізбелік жоспарға сәйкес 235 ірі көлемді шара өтті.
Еңбек маусымының ашылу салтанаты, «Roboto Fest» облыстық балалар фестивалі, 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған шаралар, балалар мен жастардың оркестрлері мен ансамбльдерінің парады, облыстық филармония өнер ұжымының Түркияға гастрольдік сапары, қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың 116 жылдығына орай «Мәңгілік шырқар жырымсың» атты жас ақындар мүшәйрасы, «Туым – Теңдігім, Елтаңбам – Елдігім» атты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне, қоршаған ортаны қорғау саласының құрылғанына 30 жыл толуына арналған, медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне және Мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған шаралар ұйымдастырылды. Қазалы ауданының Құрметті азаматы Самұрат Имандосовтың 70 жасқа толуына орай мерейтойлық шарасы аталып өтілді.18-19 мамырда әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкенов атындағы «Отан Ана» атты республикалық әншілер конкурсы ұйымдастырылып, облыс орталығынан әншінің бюсті ашылды. «Парасатты поэзия» атты халықаралық фестивалі, Түркі әлемінің абызы Қорқыт баба мұраларын насихаттау мақсатында қобызшылардың «Қорқыт.Қобыз» атты республикалық конкурсы, «Сыр сұлуы» атты ретро фестивалі, белгілі ақын, Жадыра Дәрібаеваның, жазушы Сайлаубай Жұбатырұлының 70 жасқа толуына орай мерейтойлық шаралары, Қызылорда медицина колледжінің 90 жылдығы атап өтілді. «Көлік қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне арналған шара, «Құрылысы қарқынды Қызылорда!» атты республикалық құрылысшылар форумы, облыстың білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі, 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік салтанатты шара, Түркі тілдес елдер халықтарының «Туған күніңмен Қызылорда!» атты халықаралық жайдарман ойыны,  Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының Эдинбург қаласында халықаралық театрлар фестиваліне қатысуы, Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған «Перьовск. Ақмешіт. Қызылорда»-атты Сыр елі сүлейлерінің жыр керуені, Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған Халықаралық балықшылар слеті, «Туған жер» бағдарламасы аясындағы тарихи орындарды зерделеуге арналған «Ұлы Дала Елі» тарихи экспедициясы,  Жаңақорған ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында «Жер жәннатым - Жаңақорған» атты облыстық сазгерлер конкурсы, Қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың II облыстық форумы»  болып өтті. 
2018 жылғы 9 маусымда «Мерейлі отбасы - 2018» облыстық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты шарасы болып өтті.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық іріктеу кезеңіне барлығы 23 отбасы құжаттарын тапсырған болатын. Оның 12-сі конкурс ережесінің талаптары мен критерийлеріне сәйкес жеңімпаз болып танылды. 
Байқаудың аймақтық кезеңінің жеңімпаздарын облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев марапаттап, сөз сөйледі. Атап айтқанда, байқаудың бас жүлдесі мен республикалық кезеңге жолдаманы Сырдария ауданының тұрғындары Бәйменовтер отбасына табыстады. Бірінші орынды шиелілік Ишанқұловтар отбасы жеңіп алса, екінші орын жалағаштық Тоқсановтар, ал үшінші орын – Қарауылтөбе ауылының тұрғындары Досмахановтар әулеті иеленді. Мұнан өзге сегіз отбасы түрлі номинациялармен марапатталды.
Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды. 
13 қыркүйек күні «Мерейлі отбасы-2018» республикалық байқауының дипломанты шиелілік Ишанқұловтар отбасын облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев қабылдап, «Нива-Шевроле» автокөлігінің кілтін табыс етті. 
«Ел жүрегі - Астана» Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу» Тұжырымдамасына сәйкес бекітілген облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес есепті мерзімде облыс көлемінде  370-тен астам шаралар өткізілді.
Атап айту керек, 2017 жылғы 15 желтоқсанда Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу облыстық «Патриоттар форумынан» бастау алып, «Астана – тәуелсіздік жемісі» атты салтанатты  шара, «Астана – болашақтың бағдары, Қызылорда – екі ғасыр куәсі» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, «Астана – биік төрім, Қызылорда – туған жерім!» тақырыбындағы республикалық ақындар айтысы,  «Астана – бейбітшілік пен келісім қиылысы» атты шара, Астана қаласының 20 жылдығына, Қызылорда қаласының 200 жылдығына  арналған классикалық әндер шеруі, «Астана – тәуелсіз Қазақстанның символы!» тақырыптық экспозициялар, көрмелер, қысқы спорт түрлерінен бұқаралық спартакиадалар мен жарыстар, мәдени-көпшілік шаралар, кітапханалар мен музейлерде экспозициялар, кездесулер, қайырымдылық акциялары өткізіліп, Астана қаласының 20 жылдығы аясында ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар  Астана қаласына экскурсияға шықты.
Бұдан бөлек, Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасы жеңімпаздарымен кездесу шаралары ұйымдастырылды.  Астананың 20 жылдық мерейтойына облыстан сый ретінде Астана қаласында бой көтеретін зымыран - ғарыштық техникасы музейінің ашық экспозициясының құрылысы Астана күнінің қарсаңында  пайдалануға берілді. 

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының 
2018 жылдың 9 айы бойынша атқарылған 
жұмыстарының  есебі
 
Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
Басқарма тарапынан барлық атқарылып жатқан шаралар еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып іске асырылады.
Мониторинг барысында анықталған қандай да бір әлеуметтік–саяси кернеулік алғышарттары «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары Картасына» енгізіліп, олардың шешілу барысы бақылауда болады. Жыл басынан бері 26 мәселе енгізіліп, 7 мәселе шешімін табуына байланысты бақылаудан алынды.
Сонымен қатар, тұрғындар үшін облыс әкімдігінің ресми сайтында http://e-kyzylorda.gov.kz/kk/blog арнайы сілтемесі орналастырылып, тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша хабарласу мүмкіндігі жасалды.
Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі қалың бұқара арасындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын кеңінен насихаттап, әрбір тұрғынның хабардардығын арттыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру мақсатында 2017 жылы 15 ақпанда №487-Ө өкімімен құрамында мемлекеттік органдар басшылары, мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ, зиялы қауым өкілдері бар облыстық ақпараттық топ (129 адамнан жасақталған) құрылды.
Сондай-ақ, қала және аудан көлемінде 9 ақпараттық-насихаттық топ
(7 аудан және Қызылорда, Байқоңыр қалалары) құрылып, оған барлығы 44 топ, 259 мүше енгізілді.
Ақпараттық топтармен Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын өңірде ілгерілету, халық арасында түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында облыс бойынша жыл басынан бері 4355 шара ұйымдастырылып, 139 929 тұрғын қамтылды.
Мемлекеттік ақпараттық саясат
Облыстың медиа кеңістігінде қазіргі таңда 92 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 4-еуі электронды, 5-еуі ақпараттық агенттік, 83 баспа БАҚ (олардың ішінде 25-журнал, 58-газет). 
2018 жылғы І жартыжылдықта Қызылорда облысында жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 26,7% қоғамдық-саяси, 25,6% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 47,7% өзге де тақырыптық бағыттарда ақпарат тарататынын көрсетті. 
Интернет желісінде 16 баспа БАҚ-тың веб-нұсқасы бар (облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», «Ақмешіт апталығы», «Ұстаз мәртебесі», «Ақмешіт ақшамы», «Халық», «Ұстаз мәртебесі», аудандық «Толқын», «Қазалы», «Қармақшы таңы», «Жалағаш жаршысы», «Тіршілік тынысы», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» газеттері және «Әлімсақ» журналы).
Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2018 жылғы 8 қаңтарда «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді. Аталмыш Медиа-жоспар 18 тармақ, 164 тармақшадан құралған, әрі барлық маңызды салаларды ақпараттандыруға бағытталған.
2018 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатқа 757 570,0 мың теңге бөлінді.
Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 159 брифинг берілді, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 49 тікелей эфирдегі сұхбат, басқарма тарапынан 11 баспасөз-туры ұйымдастырылды.
2018 жылы облыс тұрғындарының 95%, яғни, 138 275 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 114993 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 84%-ын құрайды.
Дін саласы бойынша 
Қызылорда облысындағы діни ахуал тұрақты сипатта. Бүгінгі таңда облыс бойынша 181 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 11 жергілікті діни бірлестік, 170 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен. 
Облыстық ішкі саясат басқармасымен аймақтағы ақпараттық-түсіндіру топтарының біліктілігін арттыру, оның ішінде тұрғындарға республикалық деңгейдегі теологтарды, дін саласын зерттеп жүрген профессорларды, психологтарды шақыра отырып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында семинарлар, кездесулер ұйымдастырылды.
Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстары аясында 26-29 наурыз аралығында ақпараттық-түсіндірме  топ мүшелеріне барлық аудан орталықтарында семинар-тренинг өткізілді.
Ағымдағы жылдың 19 сәуірде Л.Гумилев атындағы «Еуразия» ұлтық университетінің доценті Алмат Нурадиновтің қатысуымен «Деструктивтік діни ағымдардың психологиялық әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар-тренинг өтіп, семинарға ҚМДБ облыстағы өкілдері, Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандары, Ішкі істер органдары өкілдері қатысты. 
Сонымен қатар, 5-23 маусым аралығында Қызылорда қаласы және барлық аудандарда дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында оқыту семинары ұйымдастырылып, АТТ мүшелеріне облыстық АТТ мүшелері Б.Камалов, Ж.Дәрібаев және  А.Боранбаев дәріс оқыды.
27-29 тамыз аралығында «Жасөспірімдерге діни толеранттылық қағидаттарын үйретудегі зайырлылық және дінтану негіздері пәнінің рөлі мен маңызы» атты семинар-тренинг Қызылорда қаласы мен барлық аудан орталықтарында өткізілді.
Семинарда Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Нағима Байтенова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты (РАТТ мүшесі) Кеңшілік Тышхан баяндама жасады.
Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде облыс әкімдігінің ғимаратында облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдеріне арналған «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жария етудегі БАҚ рөлі» тақырыбындағы семинар-тренинг өткізілді. Шараға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов, «Сыр дидары» газетінің бас редакторы, облыстық АТТ мүшесі Сәкен Алдашбаев, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының бас редакторы Айнұр Тұңғышбаева, қалалық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Қайырбек Отызбаев және облыстағы БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар барысында хабарламашылар «Халықтың діни сауаттылығын арттырудағы БАҚ-тың рөлі», «Зайырлы мемлекет және оның құндылықтарының БАҚ-та жариялануы», «Дін және БАҚ» тақырыптарында баяндама жасады.
Аймақтағы ақпараттық түсіндіру жұмыстары 18 қыркүйектен бастап өңірдегі ірі мұнай кен орындарында және орта мектептерде өз жұмысын жүргізуде.
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру мақсатында БАҚ-да және әлеуметтік желілерде барлығы 500-ге жуық материал жарық көрді (жергілікті телеарналар арқылы – 70 материал, баспа БАҚ-та 192 мақала жарық көрсе, интернет ресурстарда және әлеуметтік желілерде  172). 
Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспары бекітіліп, түзету мекемелерінде жазасын өтеушілермен есепті мерзімде 16 шара ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, есепті мерзімде 1000-нан астам әлеуметтік желілердегі топтарға талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күмән келтірген 234 топ ҚР Дін істері комитетіне жолданды. Комитет тарапынан 75 топқа теріс қорытынды беріліп, сот сараптамасын тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органға жолданған.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен   65 млн. теңге қаржы бөлінді.
Облыста Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, үштілділікті насихаттау мақсатында «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру», «Үштілділікті насихаттау», «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» және «Қазтест» жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу» мемлекеттік әлеуметтік жобалары жүзеге асырылды.
«Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қолданыс аясын кеңейту мақсатында қазақ тілінде оқитын жастар арасында Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы, мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлері арасында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» облыстық байқауы, үш тілде білім беруді насихаттау мақсатында үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» облыстық байқауы, қазақ жастарының арасында орыс тілі білгірлерінің облыстық «Ой-сана» байқауы, Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі қарсаңында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру мақсатында «Тіл-татулық тірегі» облыстық фестивалі  өткізілді.
«Үштілділікті насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында жастардың қазақ әдебиетіне, мәдениетіне қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпақтың рухани жан-дүниесін байыту мақсатында «Рухани жаңғырудың тірегі – ұлттық тіл» жергілікті ақын-жазушылармен кездесу кеші, үш тілді жоғары деңгейде меңгерген жастарды анықтау және ынталандыру, тіл мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында «Тіл білгерлері» облыстық сайысы, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау мақсатында көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы, аударма жасаудың негізгі мәселелерін талқылау мақсатында «Аударма мәселелері» облыстық семинары өткізілді.
«Қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің негізгі қағидаларын түсіндіру» әлеуметтік жобасы аясында облыстық ақпараттық-насихаттық топ құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралар жоспарына сәйкес Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда, елдімекендерде филолог-ғалымдардан, тіл мамандарынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 2-12 сәуір аралығында Қызылорда қаласы мен Сырдария, Жалағаш, Шиелі аудандарында «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында көшпелі семинарлар ұйымдастырылды. Шараларға жергілікті тұрғындар, білім және мәдениет ұйымдарының қызметкерлері, жергілікті қоғамдық ұйымдардың мүшелері, ардагерлер, БАҚ өкілдері қатысты. Аталған шаралар барысында қоғам қайраткерлері, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының оқытушылары, ғалымдар қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығын, осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы сөз қозғап, жаңа әліпби нұсқасын облыс тұрғындарына таныстыру жұмыстарын жүргізді.
2018 жылғы 27 сәуірде Ә. Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Қазақ әліпбиі: тарих тағылымы, уақыт талабы» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің жауапты қызметкерлері, Астана, Алматы қалалары және облыстардағы жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары, филолог-ғалымдары, тіл жанашырлары, облысымыздың зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, білім және мәдениет саласының қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, мамыр айында облыстық медицина орталығында медицина қызметкерлері, «ҚТЖ Жүк тасымалы» «Қызылорда бөлімшесі ЖТ» филиалында теміржол, «ПҚҚР» АҚ басқармасында мұнай, Қызылорда облыстық прокуратурасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында  «Қазақ әліпбиі: тарих тағылымы, уақыт талабы» атты дөңгелек үстел отырыстары өткізілді.
Жалпы, қазақ әліпбиін латын графикасына ауыстырудың негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатында облыс бойынша жыл басынан бері ірі көлемді 80-ге жуық шара өткізіліп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталды.
Есепті мерзімде басқарманың тапсырысымен облыстық «Qyzylorda» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын игеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен үш тілді білудің негізінде жетістікке жеткен жастарды насихаттау арқылы жастардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын және олардың белсенділігін арттыру мақсатындағы «Тіл - барлық білімнің кілті» телебағдарламасы 3 реттен көрсетілді.
Тіл саясатын іске асыруда басқармаға қарасты Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы арқылы мемлекеттік мекеме, кәсіпорын, ұйым қызметкерлеріне, сондай-ақ жеке тұлғаларға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін тегін оқыту курстары ұйымдастырылуда.
Аталмыш мекемеге 2018 жылға қосымша 23 штаттық бірлік бөлініп, бүгінде облыстың барлық аудандарында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін оқыту курстары жүргізілуде.
2018 жылғы 24-25 қаңтар күндері аудан бөлімшелеріндегі мамандардың қатысуымен «Тілдерді оқыту: әдіс, тәжірибе, инновация» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өткізіліп, жалпы аудандарға 4389 кітап берілді.
31 қаңтарда «Тіл әлемі» порталына орталық мамандарының әзірлеуімен барлығы 5 сабақ жарияланды. Оның ішінде 2 сабақ мемлекеттік тілді оқытуға 3 сабақ ағылшын тілін оқытуға арналған. Сонымен қатар, 5 наурыз күні  2 әдістемелік құрал Республикалық комиссияға ұсынылды.
12 сәуірде орталық оқытушылары арасындағы А.Байтұрсынов атындағы республикалық байқаудың облыстық кезеңі өткізілді. 13 сәуірде «Тілдерді оқытудағы инновация және сандық сауаттылық» семинар-тренингі ұйымдастырылып, орталық қызметкерлері шеберлік сабақтары мен әдістемелерін ұсынды. 24 мамырда орталық қызметкерлері ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы қызметкерлеріне «Шешендік өнер» тақырыбында тренинг өткізді.
2018 жылғы қаңтар-маусым аралығында облыс бойынша 71 мекемемен байланыс жасалып, 65 мекемеде оқыту курстары ұйымдастырылды.
2018 жылғы І жартыжылдықта 626 адам мемлекеттік тілді, 319 адам орыс тілін, 635 адам ағылшын тілін оқыту курстарынан өтті.
Облыс әкімінің 2018 жылғы 5 ақпандағы №62-қх тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 5-20 наурызы аралығында облыстық басқармалар мен қала, аудан әкімдіктерінде, жалпы 31 мекемеде тіл туралы заңнамалардың орындалуына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижесімен бірқатар басқармалар мен әкімдіктерде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының  8-бабы талаптарының бұзылғандығы, сондай-ақ, деректемелер мен көрнекі ақпарттарда тілдік нормалардың және Елтаңба бейнеленген ұйымның құжат бланкілерінде құжат деректемелерін ресімдеу тәртібі сақталмағандығы анықталды. Зерделеу жұмыстарының нәтижесімен көрсетілген кемшіліктер жойылды.
2018 жылғы 23-26 сәуір күндері «Қазтест» жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасы аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық және диагностикалық тестілеулер ұйымдастырылды. Мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілерінен сертификаттық тестілеуге 100 адам, диагностикалық тестілеуге 750 адам қатысты.
2018 жылғы 4 маусымда сертификаттық тестілеудің қорытындысы бойынша сынаққа қатысқан 100 адамның 84-іне, атап айтқанда В1 деңгейі бойынша 64 адам, В2 деңгейі бойынша 12 адам, С1 деңгейі бойынша 8 адамға ҚАЗТЕСТ сертификаттары салтанатты түрде тапсырылды.
2018 жылғы 2-3 тамыз күндері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы қазақ тілінің латын графикасына негізделген жаңа емле ережелері жобасына сынама жұмыстарын жүргізді. Сынамаға облыстық басқармалар, департаменттер, қалалық және аудандық әкімдіктер қызметкерлері мен әскери қызметшілер – барлығы 500 адам қатысты.
2018 жылғы 1 тамызда қалалық «Қоғам ТВ» телеарнасынан «Мезгіл мәселесі» хабарына Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Е. Тілешов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты А. Абасилов қазақ тілі әліпбиін  латын графикасына көшіру мәселелері туралы сұхбат берді.
2018 жылғы 10 қыркүйекте облыстық «Qyzylorda» телеарнасынан «Өмірдің өзі...» хабарына  басқарманың бөлім  басшылары, мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен сұхбат ұйымдастырылды.  
Ономастика және көрнекі ақпаратты  бақылау бойынша
Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес облыстық ішкі істер департаментінің, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі  Техникалық реттеу және метрология комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп
2018 жылдың 9-25 қаңтар аралығында Қызылорда қаласы және аудан орталықтарында орналасқан 241 мемлекеттік мекемедегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкес қолданылуы мен орналасуына  бақылау жұмыстары жүргізіліп, орын алған кемшіліктер  заң талаптарына сәйкестендірілді.
Мемлекеттік Туға тәуліктің қараңғы мезгілінде жарық түсуіне бақылау жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктердің қалпына келтірілгені жөніндегі ақпарат басқарманың әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланды.
Мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыру, жастар, тұрғындар арасында насихаттау бағытындағы жұмыстарды бірлесіп жүргізу мақсатында «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы «Жас Отан» Жастар қанаты жанынан «Жас патриот» ерікті жастар тобы құрылды. Қызылорда қаласында орналасқан жарнама агенттіктері мен Мемлекеттік рәміздерді сататын сауда орындарына Мемлекеттік Елтаңба мен Мемлекеттік Тудың стандарттары туралы түсіндірме жұмысы жүргізіліп, әдістемелік көмекші құралдары электронды түрде берілді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану мен насихаттау саласындағы жұмыстарды мониторингілеу жөніндегі республикалық инспекциялық топ ағымдағы жылғы 16-18 мамыр аралығында Қызылорда қаласы мен Шиелі, Қармақшы, Қазалы, Арал аудандарында орналасқан жергілікті және аумақтық мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау, білім беру, барлығы 95 мекемеге тексеру жұмыстарын жүргізді.
Мемлекеттік рәміздерді қолдану, қадағалау және ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізудің 2018 жылға арналған жоспарына сәйкес 11 қыркүйек-4 қазан аралығында облыстық инспекциялық топ Қызылорда қаласы мен аудандарда болып, мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай қолданылуына зерделеу жұмыстарын жүргізді.
2018 жылғы 30 мамырда облыс әкімі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия отырысы өткізілді. Онда Сырдария, Арал аудандары мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекемелерде мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуы және насихатталу барысы туралы есептері тыңдалды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай  Мемлекеттік рәміздер аллеясында «Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы», «Рәміздерім - мақтанышым» атты мерекелік шаралар өтті.
2018 жылғы 4 маусымда облыс әкімі Қ. Көшербаев Астана қаласында өткен ҚР Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссия отырысына қатысып, Қызылорда облысының Мемлекеттік рәміздер жөніндегі жұмыс тәжірибесі туралы баяндады.
Есепті мерзімде облыстық ономастика комиссиясының 3 отырысы өткізіліп,
172 ұсыныс қаралды, оның 126-ы қолдау тапты.
«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 150 топонимикалық атаулар енгізілді.
2018 жылғы 2 мамырда «Қызылорда облысының білім беру, мәдениет, спорт ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы» ҚР Үкіметінің №233 қаулысы шықты.        
Қызылорда облыстық мәслихатының 19-сессиясына Шиелі ауданының Бірлестік ауылын Жаназар батыр ауылы, Ботабай ауылын Тұрсынбай датқа ауылы деп қайта атау туралы ұсыныстар енгізілді.
Қызылорда қаласының 2 көшесіне атау беру және қайта атау туралы ұсыныс Республикалық ономастика комиссиясында қаралып, қолдау тапты.
«Қызылорда облысының спорт, мәдениет ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы» ҚР Үкіметінің қаулы жобасы бойынша тиісті министрліктерден келісім алынуда.
Қызылорда қаласында орналасқан көрнекі, үгіт-насихат құралдарының жай-күйіне талдау жұмыстары жүргізілді.
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс
Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны  бүгінгі күні 1067-ні құрап отыр. Оның ішінде 974-і нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар. 
2018 жылғы 20 қыркүйектегі жағдай бойынша 235 үкіметтік емес ұйым Дерекқорға мәлімет ұсынған (https://infonpo.kz/ru/db/). ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынған ҮЕҰ-ға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.  
Қазіргі таңда облыста азаматтық сектор тұрақты даму үстінде және облыс әкімдігімен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге тартуда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. 
2018 жылы облыстық, қалалық, аудандық бюджеттер есебінен әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін 1 млрд 109 млн. 691 мың теңге қаржы қаралып, 173 жоба жүзеге асырылуда. Оның 70-і облыстық, 103-і қалалық, аудандық бюджет арқылы.
Сонымен қатар, «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына облыстық бюджеттен 4 млн. 500 мың теңге қаржы қаралды.
Әлеуметтік тапсырыс аясында өңірде үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы ашылып, жұмыс жасауда.
Орталықтың негізгі қызметі облыстағы ҮЕҰ-дардың жұмысын ілгерілету,  ұйымдастырушылық және әлеуметтік технологияларға үйрету, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қатынасты нығайту.  Орталық мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі №4 (Т.Жүргенов атындағы шығармашылық Үйі), 3 қабат.
Аталған жоба аймақтың ҮЕҰ-на ақпараттық-әдістемелік көмек беруде.
Сонымен қатар, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және құқық бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға бағытталған «Азаматтық қоғам» әлеуметтік қызметі жүзеге асырылуда. Жобаны жүзеге асырушы «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры.
Жобаның техникалық ерекшелігіне сәйкес есепті кезеңнен бүгінгі дейін 3 акция, 15 сұхбат алаңы, 4 қоғамдық қабылдау, 7 семинар, 7 кездесу,
3 қоғамдық қабылдау, 3 рейд, 2 дөңгелек үстел, 1 байқау өткізіліп, 7 мемлекеттік орган ғимаратына ұсыныс-пікірлер жәшігі орналастырылды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен аталмыш қоғамдық қор арасында 2018 жылғы 6 сәуірде өзара ықпалдастық пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатырған «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік қызметі аясында есепті мерзімде 11 іс-шара ұйымдастырылды.
Атап айтар болсақ: 2018 жылғы 9 маусымда «Мерейлі отбасы» облыстық байқауы, 11-18 шілде аралығында облыс аудандарында «Мықты отбасы – мықты мемлекет» тақырыбындағы 7 кездесу шарасы, 14 қыркүйекте «Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы» атты дөңгелек үстел отырысы, 15 қыркүйекте «Отбасы мүсіні» атты психологиялық тренинг ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» әлеуметтік қызметі аясында 2018 жылғы 11-18 шілде аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауға бағытталған 7 кездесу шарасы болып өтті.
Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қазан айына «Рухани жаңғыру – тілге тың тыныс» атты ғылыми-тәжірибелік конференция,  «Тілдерді оқыту үдерісінде инновациялық технологиялар мен әдістерді қолдану» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысы, облыстық VIII Азаматтық форумы, «Көшбасшы әйелдер мектебі» атты психологиялық тренинг ұйымдастыру жоспарлануда.
Саяси партиялармен жұмыс
Бүгінгі күні Қызылорда облысында 6 саяси партияның (комитет және өкілдік) облыстық филиалы тіркелген.
Аймағымызда 65 мыңнан астам азамат саяси партиялардың құрамына кірген: 47 547 адам- «Нұр Отан» партиясы, 6905 адам – «Ақ жол» демократиялық партиясы, 2724  адам – «Ауыл» ХДПП, 5070 адам – «ҚКХП», 360 адам – «Бірлік» париясы және 3000 адам «ЖСДП».
Есепті мерзімде саяси партиялар тарапынан атқарылған маңызды шаралар төмендегідей:
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, партиялық жобалар аясында шаралар ұйымдастырып келеді. «Кедергісіз келешек», «Сәтті қадам» және «Мектепке жол» акцияларымен қатар қайырымдылық шараларын ұйымдастыруда.
Оның ішінде, 18 қаңтарда «Қазақстан – 2050» демократиялық күштердің облыстық коалициясы отырысы өтті. Отырысқа коалиция мүшелігіндегі партия жетекшілері мен белсенділері, ҮЕҰ мен қоғамдық бірлестік басшылары, Қорқыт ата атындағы ҚМУ оқытушылары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары мен белсенді жастар қатысып, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді талқылады. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев алдымен тарихи құжаттың негізгі бағыттарына сипаттама берді.
2018 жылдың есепті мерзімінде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен 69 шара (қайырымдылық және жастар акциялары, дөңгелек үстелдер, кездесулер, қоғамдық қабылдаулар, рейдтік шаралар, ашық есік күндері және т.б. іс-шаралар) ұйымдастырылды.
2010 жылдан бастап құрылған облыс әкімдігі жанынан саяси партиялармен байланыстар жөніндегі Қоғамдық кеңес жұмыс жасайды.
Кеңес  саяси партиялардың облыстық филиалдары мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету, саяси партиялар мен мемлекет арасындағы оңтайлы өзара қарым-қатынас тепе-теңдігін іздеу, саяси партиялардың мақсатты жұмыстарын жүргізулеріне жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі рөлін күшейту мақсатында құрылып, жұмыс жасауда.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.
Қоғамдық - маңызды шаралар
Идеологиялық, экономикалық және аймақтағы ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 239 ауқымды шарадан тұратын 2018 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.
Есепті мерзімде күнтізбелік жоспарға сәйкес 114 ірі көлемді шара өтті.
Атап айтар болсақ, еңбек маусымының ашылу салтанаты, «Roboto Fest» облыстық балалар фестивалі, 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған шаралар, балалар мен жастардың оркестрлері мен ансамбльдерінің парады, облыстық филармония өнер ұжымының Түркияға гастрольдік сапары, қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың 116 жылдығына орай «Мәңгілік шырқар жырымсың» атты жас ақындар мүшәйрасы, «Туым – Теңдігім, Елтаңбам – Елдігім» атты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне, қоршаған ортаны қорғау саласының құрылғанына 30 жыл толуына арналған, медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне және Мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған шаралар ұйымдастырылды. Қазалы ауданының Құрметті азаматы Самұрат Имандосовтың 70 жасқа толуына орай мерейтойлық шарасы аталып өтілді.18-19 мамырда әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкенов атындағы «Отан Ана» атты республикалық әншілер конкурсы ұйымдастырылып, облыс орталығынан әншінің бюсті ашылды. «Парасатты поэзия» атты халықаралық фестивалі, Түркі әлемінің абызы Қорқыт баба мұраларын насихаттау мақсатында қобызшылардың «Қорқыт.Қобыз» атты республикалық конкурсы, «Сыр сұлуы» атты ретро фестивалі, белгілі ақын, Жадыра Дәрібаеваның, жазушы Сайлаубай Жұбатырұлының 70 жасқа толуына орай мерейтойлық шаралары, Қызылорда медицина колледжінің 90 жылдығы атап өтілді. «Көлік қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне арналған шара, «Құрылысы қарқынды Қызылорда!» атты республикалық құрылысшылар форумы, облыстың білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі, 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік салтанатты шара, Түркі тілдес елдер халықтарының «Туған күніңмен Қызылорда!» атты халықаралық жайдарман ойыны,  Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының Эдинбург қаласында халықаралық театрлар фестиваліне қатысуы, Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған «Перьовск. Ақмешіт. Қызылорда»-атты Сыр елі сүлейлерінің жыр керуені, Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған Халықаралық балықшылар слеті, «Туған жер» бағдарламасы аясындағы тарихи орындарды зерделеуге арналған «Ұлы Дала Елі» тарихи экспедициясы,  Жаңақорған ауданының  90 жылдық мерейтойы аясында «Жер жәннатым - Жаңақорған» атты облыстық сазгерлер конкурсы болып өтті.
2018 жылғы 9 маусымда «Мерейлі отбасы - 2018» облыстық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты шарасы болып өтті.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық іріктеу кезеңіне барлығы 23 отбасы құжаттарын тапсырған болатын. Оның 12-сі конкурс ережесінің талаптары мен критерийлеріне сәйкес жеңімпаз болып танылды.
Байқаудың аймақтық кезеңінің жеңімпаздарын облыс әкімі Қ. Е. Көшербаев марапаттап, сөз сөйледі. Атап айтқанда, байқаудың бас жүлдесі мен республикалық кезеңге жолдаманы Сырдария ауданының тұрғындары Бәйменовтер отбасына табыстады. Бірінші орынды шиелілік Ишанқұловтар отбасы жеңіп алса, екінші орын жалағаштық Тоқсановтар, ал үшінші орын – Қарауылтөбе ауылының тұрғындары Досмахановтар Досмахановтар әулеті иеленді. Мұнан өзге сегіз отбасы түрлі номинациялармен марапатталды.
Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.
13 қыркүйек күні «Мерейлі отбасы-2018» республикалық байқауының дипломанты шиелілік Ишанқұловтар отбасын облыс әкімі Қ.Е. Көшербаев қабылдап, «Нива-Шевроле» автокөлігінің кілтін табыс етті.
15 маусымда аймақ басшысы Қ.Е. Көшербаев «Ашық азаматтық қоғам – белсенді даму» тақырыбындағы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен өткен кездесуге қатысты. Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Өркениет Қызылорда» қоғамдық қоры ұйымдастырған шараға өңірде белсенді жұмыс істеп жүрген қоғамдық ұйымдар өкілдері жиналды. Кездесуді  «Қызылорда облыстық Азаматтық Альянсы» Қауымдастығының төрайымы Ақтолқын Сунгур жүргізді. Жиында сөз сөйлеген аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны туралы қысқаша баяндады. Ұлт Көшбасшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуіне қатысты қолға алынған жұмыстарға  тоқталды.
Кездесу барысында билік пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара қарым-қатынасын орнықтыратын кеңестер, еліміздің әлеуметтік модернизациясында үкіметтік емес ұйымдардың алатын орны, билікпен бірлескен іс-қимылдың маңызы жайлы айтылды.
«Ел жүрегі - Астана» Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу» Тұжырымдамасына сәйкес бекітілген облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес есепті мерзімде облыс көлемінде  367-ден астам шаралар өткізілді.
Атап айту керек, 2017 жылғы 15 желтоқсанда Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу облыстық «Патриоттар форумынан» бастау алып, «Астана – тәуелсіздік жемісі» атты салтанатты  шара, «Астана – болашақтың бағдары, Қызылорда – екі ғасыр куәсі» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, «Астана – биік төрім, Қызылорда – туған жерім!» тақырыбындағы республикалық ақындар айтысы,  «Астана – бейбітшілік пен келісім қиылысы» атты шара, Астана қаласының 20 жылдығына, Қызылорда қаласының 200 жылдығына  арналған классикалық әндер шеруі, «Астана – тәуелсіз Қазақстанның символы!» тақырыптық экспозициялар, көрмелер, қысқы спорт түрлерінен бұқаралық спартакиадалар мен жарыстар, мәдени-көпшілік шаралар, кітапханалар мен музейлерде экспозициялар, кездесулер, қайырымдылық акциялары өткізіліп, Астана қаласының 20 жылдығы аясында ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар  Астана қаласына экскурсияға шықты.
Бұдан бөлек, Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасы жеңімпаздарымен кездесу шаралары ұйымдастырылды..  Астананың 20 жылдық мерейтойына облыстан сый ретінде Астана қаласында бой көтеретін зымыран - ғарыштық техникасы музейінің ашық экспозициясының құрылысы Астана күнінің қарсаңында  пайдалануға берілді.
 

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының 2018 жылдың 
I жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстарының  есебі
 
Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
Басқарма тарапынан барлық атқарылып жатқан шаралар еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып іске асырылады.
Мониторинг барысында анықталған қандай да бір әлеуметтік–саяси кернеулік алғышарттары «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары Картасына» енгізіліп, олардың шешілу барысы бақылауда болады. Есепті кезеңде картаға 23 мәселе енгізіліп, жыл көлемі бойынша 8 мәселе шешімін табуына байланысты бақылаудан алынды. 
Сонымен қатар, тұрғындар үшін облыс әкімдігінің ресми сайтында http://e-kyzylorda.gov.kz/kk/blog арнайы сілтемесі орналастырылып, тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша хабарласу мүмкіндігі жасалды.
Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі қалың бұқара арасындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын кеңінен насихаттап, әрбір тұрғынның хабардарлығын арттыру болып табылады. 
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру мақсатында 2017 жылы 15 ақпанда №487-Ө өкімімен құрамында мемлекеттік органдар басшылары, мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ, зиялы қауым өкілдері бар облыстық ақпараттық топ (129 адамнан жасақталған) құрылды.
Сондай-ақ, қала және аудан көлемінде 9 ақпараттық-насихаттық топ (7 аудан және Қызылорда, Байқоңыр қалалары) құрылып, оған барлығы 44 топ, 259 мүше енгізілді.
Ақпараттық топтармен Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын өңірде ілгерілету, халық арасында түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында облыс бойынша 2077 шара ұйымдастырылып, 98 720 тұрғын қамтылды.
Мемлекеттік ақпараттық саясат
Облыстың медиа кеңістігінде қазіргі таңда 92 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 4-еуі электронды, 5-еуі ақпараттық агенттік, 83 баспа БАҚ (олардың ішінде 25-журнал, 58-газет). 
2018 жылғы I жартыжылдықта Қызылорда облысында жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 26,7% қоғамдық-саяси, 25,6% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 47,7% өзге де тақырыптық бағыттарда ақпарат тарататынын көрсетті. 
Интернет желісінде 16 баспа БАҚ-тың веб-нұсқасы бар (облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», «Ақмешіт апталығы», «Ұстаз мәртебесі», «Ақмешіт ақшамы», «Халық», «Ұстаз мәртебесі», аудандық «Толқын», «Қазалы», «Қармақшы таңы», «Жалағаш жаршысы», «Тіршілік тынысы», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» газеттері және «Әлімсақ» журналы).
Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2018 жылғы 8 қаңтарда «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді. Аталмыш Медиа-жоспар 18 тармақ, 164 тармақшадан құралған, әрі барлық маңызды салаларды ақпараттандыруға бағытталған. 2018 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатқа 757 570,0 мың теңге бөлінді.
Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 122 брифинг берілді, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 49 тікелей эфирдегі сұхбат, басқарма тарапынан 10 баспасөз-туры ұйымдастырылды.
2018 жылы облыс тұрғындарының 95%, яғни, 138 275 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 114993 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 84%-ын құрайды.
Дін саласы бойынша 
Қызылорда облысындағы діни ахуал тұрақты сипатта. Бүгінгі таңда облыс бойынша 182 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 11 жергілікті діни бірлестік, 171 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен. 
Облыстық ішкі саясат басқармасымен аймақтағы ақпараттық-түсіндіру топтарының біліктілігін арттыру, оның ішінде тұрғындарға республикалық деңгейдегі теологтарды, дін саласын зерттеп жүрген профессорларды, психологтарды шақыра отырып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында семинарлар, кездесулер ұйымдастырылды.
Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстары аясында  26-29 наурыз аралығында ақпараттық-түсіндірме  топ мүшелеріне барлық аудан орталықтарында семинар-тренинг өткізілді.
Ағымдағы жылдың 19 сәуірде  Л.Гумилев атындағы «Еуразия» ұлтық университетінің доценті Алмат Нурадиновтің қатысуымен «Деструктивтік діни ағымдардың психологиялық әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар-тренинг өтіп, семинарға ҚМДБ облыстағы өкілдері, Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандары, Ішкі істер органдары өкілдері қатысты.  
Сонымен қатар, 5-23 маусым аралығында Қызылорда қаласы және барлық аудандарда дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында оқыту семинары ұйымдастырылып, АТТ мүшелеріне облыстық АТТ мүшелері Б.Камалов, Ж.Дәрібаев және  А.Боранбаев дәріс оқыды. 
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру мақсатында БАҚ-да және әлеуметтік желілерде барлығы 189 материал жарық көрді. Оның ішінде жергілікті телеарналар арқылы – 46 материал, баспа БАҚ-та  121 мақала жарық көрсе, интернет ресурстарда және әлеуметтік желілерде  116 материал орналаcтырылды. 
Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспары бекітіліп, түзету мекемелерінде жазасын өтеушілермен есепті мерзімде 13 шара ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, есепті мерзімде 800-ден астам әлеуметтік желілердегі топтарға талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күмән келтірген 128 топ ҚР Дін істері комитетіне жолданды. Комитет тарапынан 74 топқа теріс қорытынды беріліп, сот сараптамасын тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органға жолданған.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша
Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Рсепубликасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 65 млн. теңге қаржы бөлінді.
Облыста Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, үштілділікті насихаттау мақсатында «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру», «Үштілділікті насихаттау», «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» және «Қазтест» жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу» мемлекеттік әлеуметтік жобалары жүзеге асырылды. 
«Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында 4 облыстық байқау өткізілді. Атап айтқанда, жоба аясында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қолданыс аясын кеңейту мақсатында қазақ тілінде оқитын жастар арасында Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы, мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлері арасында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» облыстық байқауы, үш тілде білім беруді насихаттау мақсатында үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» облыстық байқауы, қазақ жастарының арасында орыс тілі білгірлерінің облыстық «Ой-сана» байқауы өткізілді. 
 «Үштілділікті насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында жастардың қазақ әдебиетіне, мәдениетіне қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпақтың рухани жан-дүниесін байыту мақсатында «Рухани жаңғырудың тірегі – ұлттық тіл» жергілікті ақын-жазушылармен кездесу кеші, үш тілді жоғары деңгейде меңгерген жастарды анықтау және ынталандыру, тіл мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында «Тіл білгерлері» облыстық сайысы, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау мақсатында көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өткізілді.
«Қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің негізгі қағидаларын түсіндіру» әлеуметтік жобасы аясында облыстық ақпараттық-насихаттық топ құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралар жоспарына сәйкес Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда, елдімекендерде филолог-ғалымдардан, тіл мамандарынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қызылорда қаласы мен аудандарда «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында 2-12 сәуір аралығында көшпелі семинарлар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Қызылорда қаласында – М.Ералиева атындағы қалалық мәдениет үйінде және С.Майқанова атындағы мәдениет үйде, Сырдария ауданының Тереңөзек кенті мен С.Сейфуллин ауылдық округінде, Жалағаш ауданының Жалағаш кенті мен Бұқарбай батыр ауылдық округінде, Шиелі ауданының Шиелі кенті мен Гигант ауылдық округінде кездесулер ұйымдастырылды. Шараларға жергілікті тұрғындар, білім және мәдениет ұйымдарының қызметкерлері, жергілікті қоғамдық ұйымдардың мүшелері, ардагерлер, БАҚ өкілдері қатысты. Аталған шаралар барысында қоғам қайраткерлері, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының оқытушылары, ғалымдар қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығын, осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы сөз қозғап, жаңа әліпби нұсқасын облыс тұрғындарына таныстыру жұмыстарын жүргізді. 
2018 жылғы 27 сәуірде Ә. Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Қазақ әліпбиі: тарих тағылымы, уақыт талабы» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің жауапты қызметкерлері, Астана, Алматы қалалары және облыстардағы жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары, филолог-ғалымдары, тіл жанашырлары, облысымыздың зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, білім және мәдениет саласының қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, мамыр айында түрлі салаларда «Қазақ әліпбиі: тарих тағылымы, уақыт талабы» атты дөңгелек үстел отырыстары, атап айтқанда, үстіміздегі жылғы 17 мамырда облыстық медицина орталығының мәжіліс залында медицина қызметкерлері арасында, 23 мамырда «ҚТЖ Жүк тасымалы» «Қызылорда бөлімшесі ЖТ» филиалының мәжіліс залында теміржол қызметкерлері арасында, 24 мамырда «ПҚҚР» АҚ басқармасының мәжіліс залында мұнай қызметкерлері арасында, 26 мамырда Қызылорда облыстық прокуратурасының мәжіліс залында құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында өткізілді.
Жалпы, қазақ әліпбиін латын графикасына ауыстырудың негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатында облыс бойынша жыл басынан бері ірі көлемді 80-ге жуық шара өткізіліп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталды.
2018 жылғы І жартыжылдықта басқарманың тапсырысымен облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын игеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен үш тілді білудің негізінде жетістікке жеткен жастарды насихаттау арқылы жастардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын және олардың белсенділігін арттыру мақсатындағы «Тіл - барлық білімнің кілті» телебағдарламасы тоқсан сайын көрсетілді.
Тіл саясатын іске асыруда басқармаға қарасты Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы арқылы мемлекеттік мекеме, кәсіпорын, ұйым қызметкерлеріне, сондай-ақ жеке тұлғаларға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін тегін оқыту курстары ұйымдастырылуда.
Аталмыш мекемеге 2018 жылға қосымша 23 штаттық бірлік бөлініп, бүгінде облыстың барлық аудандарында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін оқыту курстары жүргізілуде.
2018 жылғы 24-25 қаңтар күндері аудан бөлімшелеріндегі мамандардың қатысуымен «Тілдерді оқыту: әдіс, тәжірибе, инновация» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өткізіліп, жалпы аудандарға 4389 кітап берілді.
31 қаңтарда «Тіл әлемі» порталына орталық мамандарының әзірлеуімен барлығы 5 сабақ жарияланды. Оның ішінде 2 сабақ мемлекеттік тілді оқытуға,  3 сабақ ағылшын тілін оқытуға арналған. Сонымен қатар, 5 наурыз күні 2 әдістемелік құрал Республикалық комиссияға ұсынылды.
12 сәуірде орталық оқытушылары арасындағы А.Байтұрсынов атындағы республикалық байқаудың облыстық кезеңі өткізілді. 13 сәуірде «Тілдерді оқытудағы инновация және сандық сауаттылық» семинар-тренингі ұйымдастырылып, орталық қызметкерлері шеберлік сабақтары мен әдістемелерін ұсынды. 24 мамырда орталық қызметкерлері ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы қызметкерлеріне «Шешендік өнер» тақырыбында тренинг өткізді. 
Орталық мамандары 6 ай ішінде түрлі мекемелерде 30-ға жуық іс-шараға қатысып, баяндамалар жасады. 
2018 жылғы қаңтар-маусым аралығында  облыс бойынша 77 мекемемен байланыс жасалып, 23 мекемеде оқыту курстары ұйымдастырылды. 
2018 жылғы І жартыжылдықта 376 адам мемлекеттік тілді, 293 адам орыс тілін, 316 адам ағылшын тілін оқыту курстарынан өтті.
Облыс әкімінің 2018 жылғы 5 ақпандағы №62-қх тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 5-20 наурызы аралығында облыстық басқармалар мен қала, аудан әкімдіктерінде, жалпы 31 мекемеде тіл туралы заңнамалардың орындалуына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижесімен бірқатар басқармалар мен әкімдіктерде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының  8-бабы талаптарының бұзылғандығы, сондай-ақ, деректемелер мен көрнекі ақпарттарда тілдік нормалардың және Елтаңба бейнеленген ұйымның құжат бланкілерінде құжат деректемелерін ресімдеу тәртібі сақталмағандығы анықталды. Зерделеу жұмыстарының нәтижесімен көрсетілген кемшіліктер жойылды. 
2018 жылғы 23-26 сәуір күндері «Қазтест» жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасы аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық және диагностикалық тестілеулер ұйымдастырылды. Мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілерінен сертификаттық тестілеуге 100 адам, диагностикалық тестілеуге 750 адам қатысты. 
2018 жылғы 4 маусымда сертификаттық тестілеудің қорытындысы бойынша сынаққа қатысқан 100 адамның 84-іне, атап айтқанда В1 деңгейі бойынша 64 адам, В2 деңгейі бойынша 12 адам, С1 деңгейі бойынша 8 адамға ҚАЗТЕСТ сертификаттары салтанатты түрде тапсырылды. 
Ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау бойынша
Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес облыстық ішкі істер департаментінің, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп 2018 жылдың 9-25 қаңтар аралығында Қызылорда қаласы және аудан орталықтарында орналасқан 241 мемлекеттік мекемедегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкес қолданылуы мен орналасуына  бақылау жұмыстары жүргізіліп, орын алған кемшіліктер  заң талаптарына сәйкестендірілді. Мемлекеттік Туға тәуліктің қараңғы мезгілінде жарық түсуіне бақылау жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктердің қалпына келтірілгені жөніндегі ақпарат басқарманың әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланды.  Мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыру, жастар, тұрғындар арасында насихаттау бағытындағы жұмыстарды бірлесіп жүргізу мақсатында «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы «Жас Отан» Жастар қанаты жанынан «Жас патриот» ерікті жастар тобы құрылды.  Қызылорда қаласында орналасқан жарнама агенттіктері мен Мемлекеттік рәміздерді сататын сауда орындарына Мемлекеттік Елтаңба мен Мемлекеттік Тудың стандарттары туралы түсіндірме жұмысы жүргізіліп, әдістемелік көмекші құралдары электронды түрде берілді.  Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану мен насихаттау саласындағы жұмыстарды мониторингілеу жөніндегі республикалық инспекциялық топ ағымдағы жылғы 16-18 мамыр аралығында  Қызылорда қаласы мен Шиелі, Қармақшы, Қазалы, Арал аудандарында орналасқан жергілікті және аумақтық мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау, білім беру, барлығы 95 мекемеге тексеру жұмыстарын жүргізді.  2018 жылғы 30 мамырда облыс әкімі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия отырысы өткізілді. Онда Сырдария, Арал аудандары мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекемелерде мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуы және насихатталу барысы туралы есептері тыңдалды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай  Мемлекеттік рәміздер аллеясында «Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы», «Рәміздерім - мақтанышым» атты мерекелік  шаралар өтті. 2018 жылғы 4 маусымда облыс әкімі Қ. Көшербаев Астана қаласында өткен ҚР Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссия отырысына қатысып, Қызылорда облысының Мемлекеттік рәміздер жөніндегі жұмыс тәжірибесі туралы баяндады. 
Есепті мерзімде  облыстық ономастика комиссиясының 2 отырысы өткізіліп, 95 ұсыныс қаралып, оның 75-і қолдау тапты. «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 122 топонимикалық атаулар енгізілді.
2018 жылғы 2 мамырда «Қызылорда облысының білім беру, мәдениет, спорт ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы» ҚР Үкіметінің №233 қаулысы шықты. 
Қызылорда облыстық мәслихатының 19-сессиясына Шиелі ауданының Бірлестік ауылын Жаназар батыр ауылы, Ботабай ауылын Тұрсынбай датқа ауылы деп қайта атау туралы ұсыныстар енгізілді. «Қызылорда облысының спорт, мәдениет ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы» ҚР Үкіметінің қаулы жобасы бойынша тиісті министрліктерден келісім алынуда.
Қызылорда қаласында орналасқан көрнекі, үгіт-насихат құралдарының жай-күйіне талдау жұмыстары жүргізілді. 
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс
Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны  бүгінгі күні 852-ні құрап отыр. Оның ішінде 436-сы нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар. 2018 жылғы 25 маусымдағы жағдай бойынша 235 үкіметтік емес ұйым Дерекқорға мәлімет ұсынған (https://infonpo.kz/ru/db/). ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынған ҮЕҰ-ға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.  
Қазіргі таңда облыста азаматтық сектор тұрақты даму үстінде және облыс әкімдігімен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге тартуда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. 
2018 жылы облыстық, қалалық, аудандық бюджеттер есебінен әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін 966, 9 млн. тг. қаржы қаралып, 143 жоба жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына облыстық бюджеттен 4 млн. 500 мың теңге қаржы қаралды.
Әлеуметтік тапсырыс аясында өңірде үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы ашылып, жұмыс жасауда.
Орталықтың негізгі қызметі облыстағы ҮЕҰ-дардың жұмысын ілгерілету,  ұйымдастырушылық және әлеуметтік технологияларға үйрету, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қатынасты нығайту.  
Орталық мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі №4 (Т.Жүргенов атындағы шығармашылық Үйі), 3 қабат. 
Аталған жоба аймақтың ҮЕҰ-на ақпараттық-әдістемелік көмек беруде. 
Сонымен қатар, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорымен «Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың наурыз-маусым айларында Қызылорда қаласы мен облыс аудандарында 4 қоғамдық қабылдау, 7 кездесу, 2 акция, 6 семинар, 4 сұхбат алаңдары ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, 2018 жылдың 29 наурызында Қызылорда қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығының бас ғимаратында құқық бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру» қоғамдық қабылдау өткізілді. Қоғамдық қабылдауға өңірдегі Әкімшілік полиция басқармасының өкілдері қатысып, тұрғындарға құқықтық түсіндірме жүргізді. 
Сонымен бірге, келесі қоғамдық қабылдау 18 сәуір күні Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде жалғасын тапты. Сырдария аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында азаматтарға құқықтық кеңестер берілді. 
Осы бағыттағы қоғамдық қабылдаулар мамыр, маусым айларында Жалағаш, Шиелі аудандарының халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұйымдастырылды. Қоғамдық қабылдауға аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысып, тұрғындардың құқықтық мәселелері бойынша сауалдарына жауап берді. 
Сонымен қатар, жоба аясында 30 наурыз күні Шиелі, Жаңақорған аудандарында, 17 сәуірде Арал, Қазалы аудандарында, 18 сәуірде Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудардарында аймақ тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылды. Аталған кездесулерге Шиелі және Жаңақорған аудандарының тұрғындарымен кездесуге облыстық ішкі істер департаменті, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жергілікті өкілдері қатысты.
Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарында өткізілген кездесулерге аудан прокурорлары, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері және қоғамдық қор өкілдері, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу туралы баяндамалар жасап, аудан тұрғындарының сауалдарына жауап берді. 
Сонымен қатар, 2018 жылғы 15-16 мамыр күндері И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжі мен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде, Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде, «Болашақ» университетінің колледжінде «Құқықтық сана және мәдениет» тақырыптарында сұхбат алаңдары өткізілді.
Саяси партиялармен жұмыс
Бүгінгі күні Қызылорда облысында 6 саяси партияның (комитет және өкілдік) облыстық филиалы тіркелген.
Аймағымызда 65 мыңнан астам азамат саяси партиялардың құрамына кірген: 47 547 адам- «Нұр Отан» партиясы, 6905 адам – «Ақ жол» демократиялық партиясы, 2724  адам – «Ауыл» ХДПП, 5070 адам – «ҚКХП», 360 адам – «Бірлік» париясы және 3000 адам «ЖСДП».
 Есепті мерзімде саяси партиялар тарапынан атқарылған маңызды шаралар төмендегідей:
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, партиялық жобалар аясында шаралар ұйымдастырып келеді. «Кедергісіз келешек», «Сәтті қадам» және «Мектепке жол» акцияларымен қатар қайырымдылық шараларын ұйымдастыруда.
Оның ішінде, 18 қаңтарда «Қазақстан – 2050» демократиялық күштердің облыстық коалициясы отырысы өтті. Отырысқа коалиция мүшелігіндегі партия жетекшілері мен белсенділері, ҮЕҰ мен қоғамдық бірлестік басшылары, Қорқыт ата атындағы ҚМУ оқытушылары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары мен белсенді жастар қатысып, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді талқылады. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев алдымен тарихи құжаттың негізгі бағыттарына сипаттама берді.
2018 жылдың есепті мерзімінде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен 58 шара (қайырымдылық және жастар акциялары, дөңгелек үстелдер, кездесулер, қоғамдық қабылдаулар, рейдтік шаралар, ашық есік күндері және т.б. іс-шаралар) ұйымдастырылды.
2010 жылдан бастап құрылған облыс әкімдігі жанынан саяси партиялармен байланыстар жөніндегі Қоғамдық кеңес жұмыс жасайды.
Кеңес  саяси партиялардың облыстық филиалдары мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету, саяси партиялар мен мемлекет арасындағы оңтайлы өзара қарым-қатынас тепе-теңдігін іздеу, саяси партиялардың мақсатты жұмыстарын жүргізулеріне жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі рөлін күшейту мақсатында құрылып, жұмыс жасауда.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.
Қоғамдық - маңызды шаралар
Идеологиялық, экономикалық және аймақтағы ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 239 ауқымды шарадан тұратын 2018 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.
Есепті мерзімде күнтізбелік жоспарға сәйкес 30 ірі көлемді шара өтті.
Атап айтар болсақ, еңбек маусымының ашылу салтанаты, «Roboto Fest» облыстық балалар фестивалі, 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған шаралар, балалар мен жастардың оркестрлері мен ансамбльдерінің парады, облыстық филармония өнер ұжымының Түркияға гастрольдік сапары, қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың 116 жылдығына орай «Мәңгілік шырқар жырымсың» атты жас ақындар мүшәйрасы, «Туым – Теңдігім, Елтаңбам – Елдігім» атты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне, қоршаған ортаны қорғау саласының құрылғанына 30 жыл толуына арналған, медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне және Мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған шаралар ұйымдастырылды. Қазалы ауданының Құрметті азаматы Самұрат Имандосовтың 70 жасқа толуына орай мерейтойлық шарасы аталып өтілді.
Сонымен қатар, 2018 жылғы 18-19 мамырда әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкенов атындағы «Отан Ана» атты республикалық әншілер конкурсы ұйымдастырылып, облыс орталығынан әншінің бюсті ашылды.
2018 жылғы 9 маусымда «Мерейлі отбасы - 2018» облыстық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты шарасы болып өтті.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық іріктеу кезеңіне барлығы 23 отбасы құжаттарын тапсырған болатын. Оның 12-сі конкурс ережесінің талаптары мен критерийлеріне сәйкес жеңімпаз болып танылды. 
Байқаудың аймақтық кезеңінің жеңімпаздарын облыс әкімі Қ. Е. Көшербаев марапаттап, сөз сөйледі. Атап айтқанда, байқаудың бас жүлдесі мен республикалық кезеңге жолдаманы Сырдария ауданының тұрғындары Бәйменовтер отбасына табыстады. Бірінші орынды шиелілік Ишанқұловтар отбасы жеңіп алса, екінші орын жалағаштық Тоқсановтар, ал үшінші орын – Қарауылтөбе ауылының тұрғындары Досмахановтар Досмахановтар әулеті иеленді. Мұнан өзге сегіз отбасы түрлі номинациялармен марапатталды.
Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды. Бас жүлде иегерлері ағымдағы жылы қыркүйек айында Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысады.
15 маусымда аймақ басшысы Қ.Е. Көшербаев «Ашық азаматтық қоғам – белсенді даму» тақырыбындағы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен өткен кездесуге қатысты. Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Өркениет Қызылорда» қоғамдық қоры ұйымдастырған шараға өңірде белсенді жұмыс істеп жүрген қоғамдық ұйымдар өкілдері жиналды. 
Кездесуді  «Қызылорда облыстық Азаматтық Альянсы» Қауымдастығының төрайымы Ақтолқын Сунгур жүргізді. Жиында сөз сөйлеген аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны туралы қысқаша баяндады. Ұлт Көшбасшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуіне қатысты қолға алынған жұмыстарға  тоқталды.
Кездесу барысында билік пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара қарым-қатынасын орнықтыратын кеңестер, еліміздің әлеуметтік модернизациясында үкіметтік емес ұйымдардың алатын орны, билікпен бірлескен іс-қимылдың маңызы жайлы айтылды.
Сондай-ақ, күнтізбелік жоспарға сәйкес қыркүйек айында «Парасатты поэзия» атты халықаралық фестивалін Қорқыт Ата мемориалдық кешенінде өткізу жоспарлануда. Түркі әлемінің абызы Қорқыт баба мұраларын насихаттау мақсатында қобызшылардың «Қорқыт.Қобыз» атты республикалық конкурсы да ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, «Сыр сұлуы» атты ретро фестивалі, белгілі ақын, Жадыра Дәрібаеваның, жазушы Сайлаубай Жұбатырұлының 70 жасқа толуына орай мерейтойлық шаралары, Қызылорда медицина колледжінің 90 жылдығы тойлануы жоспарланып отыр.
«Ел жүрегі - Астана» Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу» Тұжырымдамасына сәйкес бекітілген облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес есепті мерзімде облыс көлемінде  250-ден астам шаралар өткізілді.
Атап айту керек, 2017 жылғы 15 желтоқсанда Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу облыстық «Патриоттар форумынан» бастау алып, «Астана – тәуелсіздік жемісі» атты салтанатты  шара, «Астана – болашақтың бағдары, Қызылорда – екі ғасыр куәсі» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, «Астана – биік төрім, Қызылорда – туған жерім!» тақырыбындағы республикалық ақындар айтысы,  «Астана – бейбітшілік пен келісім қиылысы» атты шара, Астана қаласының 20 жылдығына, Қызылорда қаласының 200 жылдығына  арналған классикалық әндер шеруі, «Астана – тәуелсіз Қазақстанның символы!» тақырыптық экспозициялар, көрмелер, қысқы спорт түрлерінен бұқаралық спартакиадалар мен жарыстар, мәдени-көпшілік шаралар, кітапханалар мен музейлерде экспозициялар, кездесулер, қайырымдылық акциялары өткізілді. 
Бұдан бөлек, Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасы жеңімпаздарымен кездесу шаралары жүргізілуде.  
(Атап айтар болсақ, 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Kitap Fest - 2018» кітап фестивалінде «Кітап әлемді бағындырады» атты алаңда Қызылорда қаласындағы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары  Әбдірахманова Сымбат Нұртазақызы және Қазақстанның танымал ғалым-селекционер, ауылшаруашылық ғылымдардың докторы Қазақ күріш өсіру ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Александр Николаевич Подольскихпен кездесу ұйымдастырылды.  Сонымен қатар, С. Абдрахманова оқушыларға «Позитивті көзқарасты қалыптастыру», «Құндылықтар. Тренер» тақырыптарында  коучинг сессиялар өткізді).
Сондай-ақ, Астананың 20 жылдық мерейтойына облыстан сый ретінде Астана қаласында бой көтеретін зымыран - ғарыштық техникасы музейінің ашық экспозициясының құрылысы Астана күнінің қарсаңында  пайдалануға беріледі. (Қаржысы – 1,5 млрд. теңге). 

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының 2018 жылдың
I тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстарының  есебі
 
Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
Басқарма тарапынан барлық атқарылып жатқан шаралар еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып іске асырылады.
Мониторинг барысында анықталған қандай да бір әлеуметтік–саяси кернеулік алғышарттары «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары Картасына» енгізіліп, олардың шешілу барысы бақылауда болады. Жыл басынан бері картаға 26 мәселе кенгізіліп, жыл көлемі бойынша 5 мәселе шешімін табуына байланысты бақылаудан алынды. 
Сонымен қатар, тұрғындар үшін облыс әкімдігінің ресми сайтында http://e-kyzylorda.gov.kz/kk/blog арнайы сілтемесі орналастырылып, тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша хабарласу мүмкіндігі жасалды.
Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі қалың бұқара арасындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын кеңінен насихаттап, әрбір тұрғынның хабардарлығын арттыру болып табылады. 
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру мақсатында 2017 жылы 15 ақпанда №487-Ө өкімімен құрамында мемлекеттік органдар басшылары, мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ, зиялы қауым өкілдері бар облыстық ақпараттық топ (129 адамнан жасақталған) құрылды.
Сондай-ақ, қала және аудан көлемінде 9 ақпараттық-насихаттық топ(7 аудан және Қызылорда, Байқоңыр қалалары) құрылып, оған барлығы 44 топ, 259 мүше енгізілді.
Ақпараттық топтармен Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын өңірде ілгерілету, халық арасында түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында облыс бойынша 1324 шара ұйымдастырылып, 39720 тұрғын қамтылды.
Мемлекеттік ақпараттық саясат
Облыстың медиа кеңістігінде қазіргі таңда 92 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 4-еуі электронды, 5-еуі ақпараттық агенттік, 83 баспа БАҚ (олардың ішінде 25-журнал, 58-газет). 
2018 жылғы I тоқсанда Қызылорда облысында жұмыс жасайтын   БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 26,7% қоғамдық-саяси, 25,6% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 47,7% өзге де тақырыптық бағыттарда ақпарат тарататынын көрсетті. 
Интернет желісінде 16 баспа БАҚ-тың веб-нұсқасы бар (облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», «Ақмешіт апталығы», «Ұстаз мәртебесі», «Ақмешіт ақшамы», «Халық», «Ұстаз мәртебесі», аудандық «Толқын», «Қазалы», «Қармақшы таңы», «Жалағаш жаршысы», «Тіршілік тынысы», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» газеттері және «Әлімсақ» журналы).
Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2018 жылғы 8 қаңтарда «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді. Аталмыш Медиа-жоспар 18 тармақ, 164 тармақшадан құралған, әрі барлық маңызды салаларды ақпараттандыруға бағытталған.
2018 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатқа 591 378,0 мың теңге бөлінді.
Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 73 брифинг берілді, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан  24 тікелей эфирдегі сұхбат, басқарма тарапынан 5 баспасөз-туры ұйымдастырылды.
2018 жылы облыс тұрғындарының 95%  яғни, 138 275 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 109 212 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 80%-ын құрайды.
Дін саласы бойынша 
Қызылорда облысындағы діни ахуал тұрақты сипатта. Қызылорда облысында 181 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 11 жергілікті діни бірлестік, 170 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен. 
Нақтылар болсақ, облыстық ішкі саясат басқармасымен аймақтағы ақпараттық-түсіндіру топтарының біліктілігін арттыру, оның ішінде тұрғындарға Республикалық деңгейдегі теологтарды, дін саласын зерттеп жүрген профессорларды, психологтарды шақыра отырып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында семинарлар, кездесулер ұйымдастырылды.
Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстары аясында  26-29 наурыз аралығында ақпараттық-түсіндірме  топ мүшелеріне барлық аудан орталықтарында семинар-тренинг өткізілді.
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру мақсатында БАҚ-да және әлеуметтік желілерде барлығы 92 материал жарық көрді. Оның ішінде жергілікті телеарналар арқылы – 20 материал, баспа БАҚ-та  37 мақала жарық көрсе, интернет ресурстарда және әлеуметтік желілерде  35 материал орналаcтырылды. 
Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспары бекітіліп, түзету мекемелерінде жазасын өтеушілермен есепті мерзімде 5 шара ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, есепті мерзімде 500-ден астам әлеуметтік желілердегі топтарға талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күмән келтірген 77 топ ҚР Дін істері комитетіне жолданды. Комитет тарапынан 43 топқа теріс қорытынды беріліп, сот сараптамасын тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органға жолданған.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша
Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес  2018 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен   69 млн. теңге қаржы бөлінді.
Бұл бағытта жыл көлемінде іске асырылатын 6 жоба мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып, қорытындысымен жеңімпаздар анықталды. 
Тіл саясатын іске асыруда басқармаға қарасты Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы арқылы мемлекеттік мекеме, кәсіпорын, ұйым қызметкерлеріне, сондай-ақ жеке тұлғаларға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін тегін оқыту курстары ұйымдастырылуда.
Аталмыш мекемеге 2018 жылға қосымша 23 штаттық бірлік бөлініп, бүгінде облыс орталығынан бөлек 7 ауданда мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін оқыту курстары жүргізілуде.
2018 жылғы 24-25 қаңтар күндері аудан бөлімшелеріндегі мамандардың қатысуымен «Тілдерді оқыту: әдіс, тәжірибе, инновация» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өткізіліп, жалпы аудандарға 4389 кітап берілді.
31 қаңтарда «Тіл әлемі» порталына орталық мамандарының әзірлеуімен барлығы 5 сабақ жарияланды. Оның ішінде 2 сабақ мемлекеттік тілді оқытуға, 3 сабақ ағылшын тілін оқытуға арналған. Сонымен қатар, 5 наурыз күні 2 әдістемелік құрал Республикалық комиссияға ұсынылды.
Есепті мерзімде тіл орталығы арқылы облыс бойынша барлығы,  53 мекемемен байланыс жасалып, 21 мекемеде оқыту курстары ұйымдастырылды. Нәтижесімен 123 адам мемлекеттік тілді, 115 адам орыс тілін, 136 адам ағылшын тілін оқыту курстарынан өтті.
Облыс әкімінің 2018 жылғы 5 ақпандағы №62-қх тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 5-20 наурызы аралығында облыстық басқармалар мен қала, аудан әкімдіктерінде, жалпы 31 мекемеде тіл туралы заңнамалардың орындалуына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижесімен бірқатар басқармалар мен әкімдіктерде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының  8-бабы талаптарының бұзылғандығы, сондай-ақ, деректемелер мен көрнекі ақпарттарда тілдік нормалардың және Елтаңба бейнеленген ұйымның құжат бланкілерінде құжат деректемелерін ресімдеу тәртібі сақталмағандығы анықталды. Зерделеу жұмыстарының нәтижесімен ұсыныстар әзірленіп, жолдануда. 
«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы»  Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлықпен латын графикасына негізділген қазақ тілі әліпбиі жаңа редакцияда жазылды.
Осыған сәйкес филолог-ғалымдардың, тіл мамандарының брифингтері, сұхбаттары ұйымдастырылып, 13 түсіндіру, насихаттау шаралары жүргізілді.
Есепті мерзімде басқарманың тапсырысымен облыстық «Qyzylorda» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын игеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен үш тілді білудің негізінде жетістікке жеткен жастарды насихаттау арқылы жастардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын және олардың белсенділігін арттыру мақсатындағы «Тіл - барлық білімнің кілті» телебағдарламасы ұйымдастырылды.
Тілдік ахуалды зерделеу бойынша І тоқсанның қорытындысымен шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,9%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 98,5% құрады.
Сондай-ақ, облыстық басқармалар мен қала, аудан әкімдіктері қызметшілерінің қазақ тілін меңгеру деңгейіне талдау жұмыстары жүргізілді. 
Жалпы, 1943 мемлекеттік қызметшінің 65,4% «Қазтест» жүйесі арқылы диагностикалық тестілеуге қатысып, қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтаған.  
Оның ішінде 59% Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартындағы мемлекеттік тілді біліктілік талаптарына сәйкес меңгергендерді, 41% біліктілік талаптарына сәйкес меңгермегендерді құрады.
Ономастика және көрнекі ақпаратты  бақылау бойынша
Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес облыстық ішкі істер департаментінің, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі  Техникалық реттеу және метрология комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп 2018 жылдың 9-25 қаңтар аралығында Қызылорда қаласы және аудан орталықтарында орналасқан 241 мемлекеттік мекемедегі  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкес қолданылуы мен орналасуына  бақылау жұмыстары жүргізіліп, орын алған кемшіліктер  заң талаптарына сәйкестендірілді. 
Мемлекеттік Туға тәуліктің қараңғы мезгілінде жарық түсуіне бақылау жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктердің қалпына келтірілгені жөніндегі ақпарат басқарманың әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланды. 
Мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыру, жастар, тұрғындар арасында насихаттау бағытындағы жұмыстарды бірлесіп жүргізу мақсатында «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы «Жас Отан» Жастар қанаты жанынан «Жас патриот» ерікті жастар тобы құрылды.
Қызылорда қаласында орналасқан жарнама агенттіктері мен Мемлекеттік рәміздерді сататын сауда орындарына  Мемлекеттік Елтаңба мен Мемлекеттік Тудың  стандарттары туралы түсіндірме жұмысы жүргізіліп, әдістемелік көмекші құралдары электронды түрде берілді. 
2018 жылғы 7 ақпанда облыстық ономастика комиссиясының отырысы өткізіліп, 51 ұсыныс қаралып, оның 34-і қолдау тапты. 
«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 104 топонимикалық атаулар енгізілді.
«Қызылорда облысының білім беру, мәдениет, спорт ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы» ҚР Үкіметінің қаулы жобасы бойынша тиісті заңнамалық жұмыстар жүргізіліп, ҚР Үкіметінің қарауына енгізілді.
Қызылорда облыстық мәслихатының 19-сессиясына Шиелі ауданының Бірлестік ауылын Жаназар батыр ауылы, Ботабай ауылын Тұрсынбай датқа ауылы деп қайта атау туралы ұсыныстар енгізілді.
Қызылорда қаласында орналасқан көрнекі, үгіт-насихат құралдарының жай-күйіне талдау жұмыстары жүргізілді. 
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс
Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны бүгінгі күні 852-сі құрап отыр. Оның ішінде 392-сі нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар. 
2018 жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша 220 үкіметтік емес ұйым Дерекқорға мәлімет ұсынған (https://infonpo.kz/ru/db/). ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынған ҮЕҰ-ға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.  
Қазіргі таңда облыста азаматтық сектор тұрақты даму үстінде және облыс әкімдігімен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге тартуда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. 
Азаматтық қоғам мен мемлекеттік арақатынастың кері байланыс және жаңа форматты механизмін қалыптастыру бағытында тәжірибелер өмірге еніп отыр.
2017 жылы облыстық, қалалық және аудандық бюджеттер есебінен әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін 1 млрд. 181 млн. теңге қаралып, 181 жоба жүзеге асырылды.
Оның ішінде, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша 2017 жылы 21 әлеуметтік жобаға облыстық бюджеттен 190 млн. 623 мың теңге қаржы бөлінді. 
2018 жылдың есепті мерзімінде облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында үкіметтік емес ұйымдардың  14 жобасын жүзеге асыруға  96 млн. 405 мың теңге қаржы бөлініп отыр.  
Сонымен қатар, «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына облыстық бюджеттен 3 млн. 200 мың теңге қаржы қаралды.
Әлеуметтік тапсырыс аясында өңірде үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы ашылды.
Орталықтың негізгі қызметі облыстағы ҮЕҰ-дардың жұмысын ілгерілету, ұйымдастырушылық және әлеуметтік технологияларға үйрету, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қатынасты нығайту.  
Орталық мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі №4 («Т.Жүргенов атындағы» шығармашылық орталығы), 3 қабат. 
Аталған жоба аймақтың ҮЕҰ-на ақпараттық-әдістемелік көмек беруде. 
Саяси партиялармен жұмыс
Бүгінгі күні Қызылорда облысында 6 саяси партияның (комитет және өкілдік) облыстық филиалы тіркелген.
Аймағымызда 65 мыңнан астам азамат саяси партиялардың құрамына кірген: 47 547 адам- «Нұр Отан» партиясы, 6905 адам – «Ақ жол» демократиялық партиясы, 2724  адам – «Ауыл» ХДПП, 5070 адам – «ҚКХП», 360 адам – «Бірлік» париясы және 3000 адам «ЖСДП».
 Есепті мерзімде саяси партиялар тарапынан атқарылған маңызды шаралар төмендегідей:
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, партиялық жобалар аясында шаралар ұйымдастырып келеді. «Кедергісіз келешек», «Сәтті қадам» және «Мектепке жол» акцияларымен қатар қайырымдылық шараларын ұйымдастыруда.
Оның ішінде, 18 қаңтарда «Қазақстан – 2050» демократиялық күштердің облыстық коалициясы отырысы өтті. Отырысқа коалиция мүшелігіндегі партия жетекшілері мен белсенділері, ҮЕҰ мен қоғамдық бірлестік басшылары, Қорқыт ата атындағы ҚМУ оқытушылары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары мен белсенді жастар қатысып, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді талқылады. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев алдымен тарихи құжаттың негізгі бағыттарына сипаттама берді.
2010 жылда құрылған облыс әкімдігі жанынан саяси партиялармен байланыстар жөніндегі Қоғамдық кеңес жұмыс жасайды.
Кеңес  саяси партиялардың облыстық филиалдары мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету, саяси партиялар мен мемлекет арасындағы оңтайлы өзара қарым-қатынас тепе-теңдігін іздеу, саяси партиялардың мақсатты жұмыстарын жүргізулеріне жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі рөлін күшейту мақсатында құрылып, жұмыс жасауда.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.
2018 жылдың есепті мерзімінде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен 47 шара (қайырымдылық және жастар акциялары, дөңгелек үстелдер, кездесулер, қоғамдық қабылдаулар, рейдтік шаралар, ашық есік күндері және т.б. іс-шаралар) ұйымдастырылды.
Қоғамдық - маңызды шаралар
Идеологиялық, экономикалық және аймақтағы ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 239 ауқымды шарадан тұратын 2018 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.
Есепті мерзімде күнтізбелік жоспарға сәйкес 20 ірі көлемді шара өтті.
«Барлық өткізілетін мерекелік шаралар осы жылдың басты оқиғалары Елордамыз - Астана қаласының 20 жылдығына және Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналмақ.
Астана қаласының 20 жылдығына арнап, Астана қаласында зымыран-ғарыштық техникасы музейінің ашық экспозициясы пайдалануға беріледі. «Тұңғыш Астанадан – Елордамыз Астанаға!» атты өнер керуені өнер көрсетеді. Сонымен қатар, шыны зауытының алғашқы өнімдері де Астана мерейтойына тарту ретінде шығарылады. «Жаңа Астана – ежелгі қазақ жерінің төрі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ұйымдастырылуы да жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, биыл облыстық филармонияның өнерпаздары Ресей Федерациясы Татарстан Республикасына гастрольдік сапармен барады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай «Астаналар фестивалі» атты Қазақ елінің астаналары театрларының (Қызылорда, Алматы, Астана, Түркістан, Орынбор) фестивалі өткізіледі. «Парасатты поэзия» атты халықаралық фестивалін Қорқыт Ата мемориалдық кешенінде өткізу жоспарлануда. Түркі әлемінің абызы Қорқыт баба мұраларын насихаттау мақсатында қобызшылардың «Қорқыт.Қобыз» атты республикалық конкурсы да ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, «Сыр сұлуы» атты ретро фестивалі, белгілі ақын, ҚР Мемлекеттік алғашқы Әнұранының авторларының бірі – Жадыра Дәрібаеваның, Қазалы ауданының Құрметті азаматы Самұрат Имандосовтың және жазушы Сайлаубай Жұбатырұлының 70 жасқа толуына орай мерейтойлық шаралары, Қызылорда медицина колледжінің 90 жылдығы да тойланады. Әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкенов атындағы «Отан Ана» атты республикалық әншілер конкурсы ұйымдастырылып, облыс орталығынан әншінің бюсті ашылуы жоспарланып отыр.

 

 

 


Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының

2017 жылдың қорытындысы бойынша  атқарылған жұмыстарының  есебі

 

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету

Басқарма тарапынан барлық атқарылып жатқан шаралар еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып іске асырылады.

Мониторинг барысында анықталған қандай да бір әлеуметтік–саяси кернеулік алғышарттары «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары Картасына» енгізіліп, олардың шешілу барысы бақылауда болады. Жыл басынан бері картаға 55 мәселе енгізіліп, жыл көлемі бойынша 22 мәселе шешімін табуына байланысты бақылаудан алынды.

Сонымен қатар, тұрғындар үшін облыс әкімдігінің ресми сайтында http://e-kyzylorda.gov.kz/kk/blog арнайы сілтемесі орналастырылып, тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша хабарласу мүмкіндігі жасалды.

Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі қалың бұқара арасындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын кеңінен насихаттап, әрбір тұрғынның хабардардығын арттыру болып табылады. Бұл ретте, «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру туралы 2017 жылы 15 ақпанда №487-Ө-өкімімен 129 адамнан жасақталған 9 облыстық ақпараттық-насихаттық топ (әрбір аудан, Қызылорда және Байқоңыр қалаларына) құрылды. Осындай топтар барлық аудандармен Қызылорда қаласында құрылып барлығы 44 топ, 259 мүше енгізілді. 

Аталған топ құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ өкілдері енгізілді. Топ жетекшілігіне облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы және «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары бекітілді. 

Облыстық ақпараттық-насихаттық топтың жұмысы кезең-кезеңімен ұйымдастыру жоспарланып, мүшелерінің елді-мекендерге шығу жоспары тоқсан сайын ұйымдастырылады.

Жыл көлемінде барлығы 1 693 кездесуге 165 177 мың тұрғын қамтылды.

Мемлекеттік ақпараттық саясат

Облыстың медиа кеңістігінде қазіргі таңда 92 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 4-еуі электронды, 5-еуі ақпараттық агенттік, 83 баспа БАҚ (олардың ішінде 25-журнал, 58-газет). 

2017 жылғы IV тоқсанда Қызылорда облысында жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 26,7% қоғамдық-саяси, 25,6% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 47,7% өзге де тақырыптық бағыттарда ақпарат тарататынын көрсетті. 

Сонымен қатар, облыс бойынша БАҚ-тың 50% мемлекеттік тілде, 10% орыс тілінде, 40% аралас тілде шығарылады. 

Интернет желісінде 16 баспа БАҚ-тың веб-нұсқасы бар (облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», «Ақмешіт апталығы», «Ұстаз мәртебесі», «Ақмешіт ақшамы», «Халық», «Ұстаз мәртебесі», аудандық «Толқын», «Қазалы», «Қармақшы таңы», «Жалағаш жаршысы», «Тіршілік тынысы», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» газеттері және «Әлімсақ» журналы).

        Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2017 жылғы 13 ақпанда «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді. Аталмыш Медиа-жоспар 18 тармақ, 161 тармақшадан құралған, әрі барлық маңызды салаларды ақпараттандыруға бағытталған.

        Соңғы 5 жылда мемлекеттік ақпараттық саясатқа бөлінген қаражат                  2,6 есеге ұлғайды. 2017 жылы осы мақсатқа 591 378,0 мың теңге бөлінді.

Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 222 брифинг берілді, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан  96 тікелей эфирдегі сұхбат, басқарма тарапынан 81 баспасөз-туры ұйымдастырылды.

2017 жылы облыс тұрғындарының 95%, яғни, 138 275 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 109 212 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 80%-ын құрайды.

Дін саласы бойынша 

Қызылорда облысындағы діни ахуал тұрақты сипатта. Қызылорда облысында 178 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 11 жергілікті діни бірлестік, 167 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.

Аймақтағы деструктивті діни ағымдардың алдын алу және діни тұрақтылықты сақтау мақсатында 2017 жылғы 12 айында түрлі форматта

3170 іс-шара ұйымдастырылып, оған 108616 адам қатысты.

Нақтылар болсақ, облыстық ішкі саясат басқармасымен аймақтағы ақпараттық-түсіндіру топтарының біліктілігін арттыру, оның ішінде тұрғындарға Республикалық деңгейдегі теологтарды, дін саласын зерттеп жүрген профессорларды, психологтарды шақыра отырып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында семинарлар, кездесулер ұйымдастырып келеді.

Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстары аясында 3-5 және 28-30 наурыз аралығында Илимбаев Ризабек Батталұлы мен Еркінбек Шоқай, Қызылорда қаласында іс-сапарда болып, адрестік кездесулер өткізсе, 28 сәуірде Кеңшілік Тышхан, Байқоңыр қаласы, Төретам кенті тұрғындарының қатысуымен "Діни тұрақтылық - мемлекет қауіпсіздігінің тұғыры" тақырыбында өткен конференция жұмысына қатысты.

10 мамырда аймақтағы дін саласындағы АТТ (облыстық, қалалық, аудандық) мүшелеріне, кент және ауылдық округ әкімдеріне «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу профилактикасы» тақырыбында 8 сағаттық семинарға РАНТ мүшесі Иржанов Руслан Самарханұлы шақыртылып, дәріс оқыды.

18 мамырда психолог Койшиева Лимана Құттыбекқызын және Тілегенова Ақбөпе Қанатқызын арнайы шақыртып, «Қазіргі қоғамның рухани-өнегелік жаңғыруындағы қыз баланың орны» тақырыбында мешіттен дәріс алушы қыздар жамағаты, оқу орындарының қыз балалары мен қыздар клубтарының жетекшілері, университет мұғалімдері, оқу орындарының студенттеріне семинар-тренинг өткізілді.

Сондай ақ, үстіміздегі жылғы 20-25 тамыз аралығында аймағымызға

ҚР ҰҚК Академиясының психологы Шакимова Лола Сергеевна келген болатын. Қызылорда, Байқоңыр қаласы мен Арал, Қазалы аудандарында «Діни экстремизм және терроризм профилактикасын жүргізу, сапасын арттыру» тақырыбында бірнеше семинар өткізді. Кездесулерге терроризмге қарсы комиссия мүшелері, облыстық ақпараттық түсіндірме тобының мүшелері, құқық қорғау саласының қызметкерлері, орта және арнаулы орта оқу орындары директорлары қатысты.

Сонымен қатар, үстіміздегі 23-28 тамыз аралығында РАНТ мүшесі, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің PhD докторы Әкімханов Асқар Болатбекұлы шақыртылып, қала мен аудан мешіттерінің келушілерімен, түзету мекемесіндегі экстремизм және терроризм бабы бойынша сотталушы тұлғалармен және деструктивті діни ағымды ұстанушы азаматтармен адрестік жеке кездесулер өткізсе, 21-29 тамыз аралығында РАНТ мүшесі, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, магистрант Рахымгазиев Жайдар Тұрғанбекұлы келіп, Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Үстіміздегі жылғы 30 қыркүйекте Қызылорда облысы, Сырдария ауданында «Рухани жаңғыру және діни сана» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға абайтанушы, дінтанушы, филолог ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері, аудан тұрғындары қатысты.

10-14 қазан аралығында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында 18 қазан «Рухани келісім» күніне орай Қызылорда облыс әкімдігі жанынан құрылған ақпараттық-түсіндірме тобы барлық ауданды (7 аудан) аралап шықты.

23 қазанда РАТТ мүшесі «Шаңырақ» дін мәселелері бойынша кеңес беру және оңалту орталығының директоры М.Мадияров Қызылорда облысында іс-сапарда болып, «Діни экстремизм профилактикасы, деструктивті діни ағым өкілдерімен жұмыс әдістемелері» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарға облыстық, қалалық ақпараттық-түсіндірмелік топтары, теолог мамандар мен мешіт имамдары, құқық қорғау орган қызметкерлері және қыздар жамағатымен жұмыс жасайтын әйел ұстаздар қатысты.

Ағымдағы жылғы 10 қарашада мемлекеттік идеологияны іске асыру барысында жұмыс жасайтын түрлі сала мамандарының басын біріктірген «Жоғарғы руханиятты қалыптастырудағы зайырлы мемлекеттің рөлі» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылып, аталмыш шараға Дін істері комитетінің басқарма басшысы, РАТТ мүшесі Иманбаев Мейрам Өткелбайұлы, ҚР БҒМ ҒК «Философия, саясаттану және дінтану институты» РМҚК бөлім басшысы, дінтанушылар конгресінің төрағасы, филос. ғ.д. РАТТ мүшесі Сатершинов Бақытжан Меңлібекұлы, «Моральдық парыз және оның адам тәрбиесіндегі ролі» тақырыбындағы баяндамасымен «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің кафедра меңгерушісі, Ph.D докторы, Анарбаев Нұрлан Анарбайұлы, дінтанушы Ph.D доктаранты, РАТТ мүшесі Мұхан Исахан, облыстық АТТ мүшесі, филос. ғ.д ОАТТ мүшесі Қожамберлиев Баймырза тақырып аясында баяндама жасады.    

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру, деструктивті діни ағымдарды әшкерелеу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында БАҚ-да және әлеуметтік желілерде барлығы 1029 материал жарық көрді. Оның ішінде жергілікті телеарналар арқылы –353 материал, баспа БАҚ-та – 358 мақала жарық көрсе, интернет ресурстарда және әлеуметтік желілерде 318 материал орналаcтырылды. 

ІІ жартыжылдыққа арналған Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспары бекітіліп, түзету мекемелерінде жазасын өтеушілермен есепті мерзімде 20 шара ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, есепті мерзімде 1000-нан астам әлеуметтік желілердегі топтарға талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күмән келтірген 688 топ ҚР Дін істері комитетіне жолданды. Комитет тарапынан 202 топқа теріс қорытынды беріліп, сот сараптамасын тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органға жолдаған.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша

Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі облыс әкімдігінің                   2017 жылғы 7 наурыздағы №732 қаулысымен бекітілген 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2017 жылы облыс аумағында бірқатар  жүйелі жұмыстар атқарылды.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатына 2017 жылы                  облыстық, қалалық, аудандық бюджеттен, барлығы 40,3 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 18,3 млн.теңге Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының шығындарына, 10,7 млн. теңге мемлекеттік тапсырыс аясындағы әлеуметтік жобаларға, 8,0 млн. теңге іс-шараларға, 3,3 млн. теңге телебағдарламаларға қаралған.

Облыста Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, үштілділікті насихаттау мақсатында «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру», «Үштілділікті насихаттау», «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» және «Қазтест» жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу» мемлекеттік әлеуметтік жобалары жүзеге асырылды.

Жобалар аясында облыс тұрғындары арасында мемлекеттік тілді насихаттау және қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, үш тілді жетік меңгерген жастарды қолдау және ынталандыру, ономастика және көрнекі ақпарат салаларындағы заңнамалық өзгерістерді түсіндіру, тіл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы өзекті мәселелерді көтеру, облыс тұрғындары арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу, шаралар өткізу, т.б. жоспарланды.

Атап айтқанда, «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында 5 облыстық байқау, 1 облыстық олимпиада, 1 облыстық жастар форумы, 1 дөңгелек үстел отырысы және 1 облыстық мүшәйра, барлығы – 9 шара өткізілді. Жоба аясында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қолданыс аясын кеңейту мақсатында қазақ тілінде оқитын жастар арасында Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы, мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» облыстық байқауы, балабақшаларда «Тілді сүю - талбесіктен» акциясы, облыстағы белсенді жастар, этномәдени бірлестіктері жастарының қатысуымен «Тілі бірдің – тілегі бір» облыстық жастар форумы, үш тілде білім беруді насихаттау мақсатында үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» облыстық байқауы, қазақ жастарының арасында орыс тілі білгірлерінің облыстық «Ой-сана» байқауы, мемлекеттік тілді меңгерген орыс этносы жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл - парасат» облыстық байқауы,  үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тілдарын» облыстық олимпиадасы, Тәуелсіздік күні мерекесіне орай  «Мақтанышым, айбарым, желбіре, көк байрағым» атты жас ақындар мүшәйрасы өткізілді.

 «Үштілділікті насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік жобасы, аясында                       8 семинар-тренинг, 3 кездесу кеші, 1 облыстық сайыс, 1 облыстық байқау,                        2 облыстық семинар, барлығы – 14 шара өткізілді. Оның ішінде үш тілде білім беруді насихаттау, үш тілді меңгерудің маңыздылығын түсіндіру мақсатында қала, аудан тұрғындары, қоғамдық ұйым өкілдері, қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері мен мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен қала, аудан орталықтарында «Тілдерді меңгеру – заман талабы» атты көшпелі облыстық семинарлар, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының командалары арасында «Үш тілді білу – заман талабы» атты облыстық интеллектуалдық сайыс, қазақ тілінде білім алатын жастардың орыс әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау мақсатында «Пушкин оқулары» облыстық байқауы, жергілікті жерлерде ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын талқылау мақсатында «Тілдерді дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық семинар, «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты жастардың Сыр өңірі ақын-жазушыларымен кездесу әдеби кештері болып өтті.

Облыс бойынша үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын шаралардың желілік кестесі бекітіліп, аталған кестеге сәйкес, барлығы 500 шара өткізіліп, оған барлығы 14693 адам қатысты. Барлық шаралар облыс, қала, аудан әкімдіктерінің фейсбук парақшалары мен интернет-ресурстарында жарияланды.

«Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған, Қызылорда қаласы және облыс әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілері мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлеріне 2 күндік 27 семинар-тренингтер ұйымдастырылып, оған 675 адам қатысты.

«Қазтест» жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында 200 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілері сертификаттық тестілеуден өткізілді.

Облыстық байқаулардың жеңімпазы атанған бірқатар қатысушылар республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, үш тілді жетік меңгерген жастар арасында өткізілген «Тілдарын» республикалық олимпиадасына Қызылорда облысынан қатысқан Әбубәкірова Айдана І орынды, «Текті сөздің төресі – терме» атты республикалық жыршы-термешілер байқауында  Марат Сүгірбай жүлделі ІІ орынды, Ж.Нәжімеденов атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауында Тұрарбек Бекмұрзаев ІІІ орынды, «Азаттық аңсап өткен Алаш арыстары» республикалық жазба ақындар мүшәйрасында журналист, тележүргізуші, ақын Толқын Қабылша ынталандыру сыйлығын иеленді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру мақсатында «Тіл әлемі» порталы өткізген «Үздік сабақ» байқауына облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Бақытова Әсел қатысып, ІІ орын иегері атанды. 

2017 жылғы қарашада елімізде мемлекеттік тілдің насихатталуына белсенді үлес қосып жүрген Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы, тіл бойынша байқаулардың жеңімпазы Елена Рыбина «Тіл жанашыры» құрмет белгісімен марапатталды.

Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесін атап өтудің облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес апталықтар, онкүндіктер ұйымдастырлып, облыс бойынша акциялар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, флэш-моб және басқа да түрлі форматта 500-ге жуық шара өткізілді. Қорытындысымен «Тілді сүю - талбесіктен» акциясы және облыстағы белсенді жастар, этномәдени бірлестік жастарының қатысуымен «Тілі бірдің – тілегі бір» облыстық жастар форумы өткізілді. 

Тіл тақырыбы облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталып келеді.

Жыл көлемінде жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын меңгеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны және үш тілде білім беруді насихаттауға бағытталған «Тіл – барлық білімнің кілті»  телебағдарламасы облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан тұрақты берілді.

Мемлекеттік тілді насихаттау бойынша 2 бейнеролик әзірленіп, жергілікті телеарналар арқылы 70-тен аса сюжет облыстық телеарнадан көпшілік назарына ұсынылды.

Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия отырысының хаттамалық шешіміне сәйкес, Қызылорда қаласы мен Қармақшы, Жаңақорған аудандары бойынша жалпы білім беретін 14 мектептің білім сапасына және тіл туралы заңнамалардың орындалуына сараптау жұмыстары жүргізілді.

Сараптау жұмыстарының нәтижесімен Жаңақорған ауданының №53 орта мектебінде қазақ және орыс тілдерінен сабақ беретін 3 (үш) бірдей мұғалімнің аталған пәндер бойынша маман еместігі және бірқатар мектептердің маңдайша жазулары мен мөр, мөртабандарында және мекеменің бланкілерінде тілдік нормалардың сақталмағаны анықталды. Нәтижесімен, қорытынды ақпарат негізінде тиісті ұсыныстар берілді. 

2017 жылғы 26 қазанда «Тілдерді дамыту мен қолданудың                                   2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын» талқылау мақсатында «Тілдерді дамытудың өзекті мәселелері» атты облыстық семинар өткізіліп, мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бағытында жергілікті әкімдіктерге бірқатар ұсыныстар берілді.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын барлық салада кеңейту, насихаттау мақсатында Қызылорда қаласы мен аудандарда «Нұр Отан» партиясы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық, аудандық филиалдарымен, «Жас Отан» жастар қанаты» жастар ұйымдарымен бірлесіп бағытты жұмыстар жүргізілді. Нәтижесімен, 12 семинар, дөңгелек үстел, бірлескен рейдтер өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталды. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қазалы, Қармақшы және Жалағаш аудандық филиалдарымен бірлесіп, мүшәйралар, байқаулар, жергілікті ақын-жазушылармен кездесу кештері мен түрлі акциялар өткізілді.

2017 жылғы тамызда ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, облыс бойынша 1520 мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкеріне «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу ұйымдастырылды.  Оның 316-сы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшісі, 231-і мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкері. Диагностикалық тестілеудің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің В1 деңгейі бойынша 307 адам 97 %, 9 адам С1 деңгейі бойынша - 2,8 % көрсеткішті көрсетті. Мемлекеттік қызмет көрсеткен ұйым қызметкерлерінің В1 деңгейі бойынша 226 адам 97,8%, С1 деңгейі бойынша 5 адам өтіп – 2,1 % көрсеткішті көрсетті.

2017 жылғы қарашада мемлекеттік тілді оқыту курсынан өткен барлығы  200 адам - 160 мемлекеттік қызметші мен 40 мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкері сертификаттық тестілеуге қатысып, оның 134-і «Қазтест» сертификатын иеленді. Сертификаттық тестілеудің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің В1 деңгейі бойынша 87 адам 54,4 %,  9 адам С1 деңгейі бойынша – 5,7 % көрсеткішті, мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің В1 деңгейі бойынша 18 адам 45 %, 0 адам С1 деңгейі бойынша – 0% көрсеткішті көрсетті.

«Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9 штаты облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 16 мамырдағы  № 116 шешімімен қосымша 3 штатпен толықты.

Сонымен қатар, Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының бөлімдерін әр ауданда ашу мәселесі облыстық мәслихатта қаралып, 2017 жылғы  12 желтоқсандағы кезекті ХVІІ  сессиясының №157 шешіммен 23 штат бөлінді.   2018 жылғы қаңтардан бастап Қызылорда облысының 7 ауданына мемлекеттік, ағылшын, орыс тілдерін оқытатын 3 маманнан 21 маман және 2 әдіскер – барлығы 23 штат бөлініп, тіл орталығының аудандық бөлімдері өз жұмыстарын бастайды. 

Есепті мерзімде «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы 25 мемлекеттік, 15 ағылшын, 2 орыс тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылып, барлығы 534 адам оқыды. Оның ішінде мемлекеттік тіл үйрету бойынша мемлекеттік қызметші – 272, еріктілер – 25, өзге ұлт өкілдері – 14, кәсіпорын қызметкерлері – 14, біліктілігін арттыру –10.  Ағылшын тілі бойынша мемлекеттік қызметші – 136, еріктілер – 8, кәсіпорын қызметкерлері – 31.  Орыс тілі бойынша мемлекеттік қызметші – 24.   

Сөйлеу мәдениетін жетілдіру, жастарды сөз өнерін білуге баулу, оларды көшбасшылыққа үйрету мақсатында облыстық тілдерді оқыту орталығы жанынан «Шешендік өнер және тіл мәдениеті» үйірмесі, А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Жас қауырсын» ақындар үйірмесі, «Құс қанаты – Қызылорда» жас әдебиетшілер үйірмесі жұмыс жасауда.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы  «Қазақ әліпбиін біртіндеп латын графикасына көшіру» тапсырмасын халық арасында түсіндіру мақсатында Қызылорда қоғамдық телеарнасы мен «Қызылорда-Қазақстан» облыстық телеарнасының «Мезгіл мәселесі», «Жаңа күн» хабарларында, сонымен қатар баспасөз конференцияларында білім, тіл саласы мамандарының, филолог ғалымдардың сұхбаттары мен брифингтері ұйымдастырылды.  Облыстағы зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, жоғары оқу орындарының филолог-ғалымдары, білім, мәдениет салалары мен тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері, Қызылорда қаласындағы алдыңғы қатарлы мектептердің басшылары, мұғалімдері және қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестіктері жетекшілерінің қатысуымен Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған мәселелердің өзектілігі мен көтерілген тақырыптардың салмақтылығын талқылау мақсатында «Жаңғырудың жаңа жолы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Латын әліпбиіне көшу бойынша 2017 жылдың 5 мамыр және 12 қазан күндері облыс әкімдігі жанынан Қазақ әліпбиінің жаңа графикасын жасауға ұсыныс беру мақсатында құрылған жұмысшы топтың 2 рет отырысы өткізіліп, нәтижесімен жоғарғы органдарға қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандарты жобасына тиісті ұсыныстар жолданды. Сонымен қатар, 12 қыркүйекте «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында қала және аудан әкімдерінің, зиялы қауымның, білім және мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен идеологиялық актив жиыны болып өтті.

Латын әліпбиіне көшуді қолдау бағытындағы іс-шаралардың желілік кестесіне сәйкес облыс бойынша 422 шара өткізілді (15 325 адам қамтылды). Өткізілген шаралар электронды және баспа БАҚ-тарда кеңінен ақпараттандырылды.

Облыс орталығында 11 этно-мәдени бірлестік жұмыс жасайды. Этно-мәдени бірлестіктер «Достық» үйінде орналасқан және этностардың өз ана тілдерін оқытуға барлық жағдай жасалған.

Этнос өкілдерінің қатысуымен облыс бойынша 600-ге жуық түрлі форматта шара өтсе, оның 100-ге жуығы тілдерді насихаттауға бағытталған. «Алғыс айту күні», «1 Мамыр – Бірлік күні», «Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі», т.б. ірі шаралар этностардың қатысуымен өткізілді.

Сондай-ақ, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру барысында Қызылорда қаласы мен аудандарда, барлығы 287 түрлі форматта шаралар өткізілді. Облыстағы барлық шаралар мемлекеттік тілде өтеді.

Тілдік ахуалды зерделеу бойынша 2017 жылдың қорытындысымен шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,9 %, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 97,8 % құрады.

Облыс халқының тілдерді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жылына  2 рет әлеуметтік сауалнама жүргізіліп отырады. Қазан айында жүргізілген әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша респонденттердің 99,4% - мемлекеттік тілді, 79,8% - орыс тілін, 14,1% - ағылшын тілін, 12,9% - үш тілді қатар меңгергендерді құрады.

Қазіргі таңда аймақтың медиа кеңістігінде 92 бұқаралық ақпарат құралы  жұмыс жасайды. Олардың 50% қазақ тілінде, 10% орыс тілінде, 40% аралас тілде шығады.

Облыста барлығы 293 мектеп бар. Оның 262-сі қазақ (89,4%), 27-сі аралас (9,2%), 4-еуі (1,3%) орыс мектебі. Балалардың 94,2% қазақ мектебіне барады, олардың ішінде 310-ы этнос өкілі.

Облыстағы 659 балабақшаның 622-ы қазақ (94,3%), 31-і аралас (4,7%), 6-уы орыс (0,9%) балабақшасы. Бүлдіршіндердің 94,7% қазақ балабақшасында тәрбиеленеді, оның ішінде 432-і этнос өкілі.

Есепті мерзімде мемлекеттік тіл саясаты мен үштілділікті  насихаттау мақсатында және ономастика мәселелері жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында 332 мақала жарық көрді.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

Ономастика және көрнекі ақпаратты  бақылау бойынша

Есепті кезеңде облыстық ономастика комиссиясының екі отырысы өткізілді.

Отырыс барысында 114 ұсыныс қаралып, қорытындысымен  1 объектіге, 1 ауылға, 99 көшеге  оң қорытынды берілді.

Қазіргі уақытта облыс бойынша 92 көше тарихи және дәстүрлі атаулармен ауыстырылды.

 «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 71 топонимикалық атаулар енгізілді.

Облыс аумағындағы мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкес қолданылуын анықтау мақсатында 822 мекемеге бақылау жұмыстары жүргізіліп, орын алған кемшіліктер  заң талаптарына сәйкестендірілді.

Облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиясының екі отырысы өтті.

Отырыста Қызылорда қаласы мен Қармақшы, Қазалы, Жалағаш,   аудандарындағы мемлекеттік рәміздердің қолданылу мен пайдалану жай-күйі туралы есеп тыңдалды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің  25 жылдығын кең көлемде атап өтуге байланысты іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес шаралар өткізілді.

Қоғамдық көліктерде, аэропорттарда, темір жол вокзалдарында  және ірі кәсіпорындарда 4 маусым күні сағат 12.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні бір мезгілде орындалды.

Басқарманың ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік Рәміздері аллеясында «Мемлекеттік рәміздер - мақтанышым!» атты мерекелік қорытынды шара   өткізілді.

Шараға  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, белгілі сәулетші Мәлібеков Жандарбек Мәлібекұлы, облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер, аймақтағы зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, өңіріміздегі этномәдени бірлестік өкілдері, әскери қызметкерлер, саяси партия, үкіметтік емес ұйым мүшелері,  олимпиада және спорт саласының жеңімпаздары, БАҚ өкілдері, белсенді жастар қатысты.

Сонымен қатар, қала орталығындағы Оқушылар үйінде оқушылардың қатысуымен «Ел рәміздері – асыл мұрамыз»  атты жас суретшілер байқауы өткізілді.

Қызылорда қалалық мәдени-демалыс паркінде «Көк байрағым көгімде» атты  жастар акциясы ұйымдастырылды.

Ономастика мәселелерін талқылау мен жетілдіру, тарихи маңызы бар және дәстүрлі атауларды қалпына келтіру, мақсатында 26 қазанда «Ономастика және көрнекі ақпараттар мәселелері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Семинар барысында облыстағы ономастика және көрнекі ақпарат саласы бойынша атқарылған жұмыстар, жіберілген кемшіліктер мен алдағы міндеттер туралы айтылды.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы 21-бабы талаптарының сақталуына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Қорытындысы бойынша 388 жеке кәсіпкерлік нысан иелеріне тіл туралы заң талаптарын түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 67 нысанда орын алған заңбұзушылықтар жойылды.

«Қызылорда облысының білім, мәдениет, спорт ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы жасалынып, тиісті министрліктерден келісім алынуда. 

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс

Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны  бүгінгі күні 760-ты құрап отыр. Оның ішінде 392-сі нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар. 

2017 жылғы 12 сәуірдегі жағдай бойынша 121 үкіметтік емес ұйым Дерекқорға мәлімет ұсынған (http://din.gov.kz/kaz/baza_npo). ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынған ҮЕҰ-ға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.  

Қазіргі таңда облыста азаматтық сектор тұрақты даму үстінде және облыс әкімдігімен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамымыздағы маңызды мәселелерді шешуге тартуда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. 

Азаматтық қоғам мен мемлекеттік арақатынастың кері байланыс және жаңа форматты механизмін қалыптастыру бағытында тәжірибелер өмірге еніп отыр.

Соңғы екі жыл көлемінде облыста азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік белсенділіктерін арттыру, олардың ұйым мүшелерінің мүдделерін көздейтін және қоғамдық маңызы жоғары жобаларының жүзеге асырылуына мүмкіндік жасау, осы мақсатта қаржылай көмек көрсету, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамның өзекті мәселелерін шешуге жұмылдыру мақсатында «Әлеумет» жобасы жүзеге асырылып келеді. 2016 жылы аталған жоба аясында үкіметтік емес ұйымдарының 16 жобасын жүзеге асыруға 21 млн. 218 мың теңге қаржы бөлінсе, ағымдағы жылы 20 жобаға 16 млн. 195 мың теңге қаржы бөлініп отыр.  

2017 жылы жобаларды қаржыландыру «Қазақылықтың Атамекені» қоғамдық қоры тарапынан құрылған тәуелсіз сарапшылардың шешімі негізінде жүзеге асырылуда. 

2017 жылы облыстық, қалалық және аудандық бюджеттер есебінен үкіметтік емес ұйымдардың 169 әлеуметтік жобаларын іске асыру үшін 1 млрд. 181 млн. теңгеге қаралып, 181 жоба жүзеге асырылды.

Оның ішінде, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша 21 әлеуметтік жобаға облыстық бюджеттен 190 млн. 623 мың теңге қаржы бөлінді. 

Сонымен қатар, әлеуметтік тапсырыс аясында өңірде үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы ашылды.

Орталықтың негізгі қызметі облыстағы ҮЕҰ-дардың жұмысын ілгерілету,  ұйымдастырушылық және әлеуметтік технологияларға үйрету, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қатынасты нығайту болып табылды.  

«Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына облыстық бюджеттен 4 млн. 920 мың теңге қаржы қаралды.

Орталық мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Ғ. Мұратбаев көшесі, 13 («Бабас» бизнес орталығы), 2 қабат.

Аталған жоба аймақтың ҮЕҰ-на ақпараттық-әдістемелік көмек беруде.

Аталмыш жоба аясында есепті кезеңде 5 семинар-тренинг, 4 дөңгелек үстел отырысы, 4 кездесу, жоғары білікті заңгер мамандардың күнделікті кеңестері берілді. Қазақ және орыс тілдерінде «Мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмыс істеуді оқыту» тақырыбында  семинар-тренинг өтті.

SarapTime сарапшылар клубының «Қазақстан жаңа конституциялық шарттарда» тақырыбында кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуде  еліміздің танымал спикерлері жергілікті ҮЕҰ мүшелерімен  пікір алмасты.

Жоба жүзеге асқаннан бері ҮЕҰ өкілдеріне 100-ге жуық құқықтық кеңес берілді. Сонымен қатар, ҮЕҰ көп тіркелген Қармақшы, Сырдария аудандары мен Байқоңыр қаласында ресурс орталығы жұмыс жасады. Аталмыш ресурс орталықтарын ашуға жергілікті бюджеттен 7 млн. 437 мың. тг қаралды. Атқарылған барлық жұмыстар облыстың әлеуметтік-саяси тұрақтылығын сақтауға, халықтың рөлін арттыруға, оның ішінде үшінші сектор бойынша қоғамды дамыту мен демократиялық құндылықтарды нығайтуға арналды.

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс жасауға бағытталған әлеуметтік жобалар аясында жыл басынан бері келесі шаралар атқарылды.

ҮЕҰ-дың әлеуетін, халықтың құқытық сауаттылығын арттыру және жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында әлеуметтік жобалар аясында 61 кездесу, 92 кеңес беру, 26 дөңгелек үстел отырысы, 3 ашық есік күні, 9 түнгі рейд, 9 акция ұйымдастырылып, 9 байқау, 9 қоғамдық тыңдау, 41 семинар-тренинг пен 22 оқыту курсы, 9 тақырыпта 3500-ден астам әдістемелік құралдар мен 1 500 дана ақпараттық танымдық жадынамалар таратылды. Сонымен қатар, 1 халықаралық және 7 облыстық ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылды. ҮЕҰ мен спикерлер пулы туралы мәліметтер қоры жасақталды, 120-дан астам мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына тұрақты мониторинг жүргізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 58 тұлғаға әлеуметтік бейімдеу бойынша көмек көрсетілді.

ҚР Президентінің «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін ілгерілету мақсатында «Жарылыс жаһанға жат» атты кітап шығарылды. Кітапқа Чернобыль АЭС жарылысының зардабын жоюға және Семей ядролық полгонында қызмет атқарған қызылордалықтар туралы мәліметтер енгізілді.

Сонымен қатар, облыстың соңғы жылдардағы әлеуметтік –экономикалық дамуынан сыр шертететін «Qyzylorda» атты 1000 дана фотоальбом басып шығарылды. Фотоальбомда әр саладағы  жетістіктер суреттелген.

Саяси партиялармен жұмыс

Бүгінгі күні Қызылорда облысында 6 саяси партияның (комитет және өкілдік) облыстық филиалы тіркелген.

Аймағымызда 65 мыңнан астам азамат саяси партиялардың құрамына кірген: 47 547 адам- «Нұр Отан» партиясы, 6905 адам – «Ақ жол» демократиялық партиясы, 2724  адам – «Ауыл» ХДПП, 5070 адам – «ҚКХП», 360 адам – «Бірлік» париясы және 3000 адам «ЖСДП».

 Есепті мерзімде саяси партиялар тарапынан атқарылған маңызды шаралар төмендегідей:

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, партиялық жобалар аясында шаралар ұйымдастырып келеді. «Кедергісіз келешек», «Сәтті қадам» және «Мектепке жол» акцияларымен қатар қайырымдылық шараларын ұйымдастыруда.

Оның ішінде, 22 маусымда «Қазақстан – 2050» демократиялық күштердің облыстық коалициясы отырысы өтті. Жиында «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамындағы» Заңның үстемдігін қамтамасыз ету бағытының аймақта жүзеге асырылуы талқыланды. 

2010 жылда құрылған облыс әкімдігі жанынан саяси партиялармен байланыстар жөніндегі Қоғамдық кеңес жұмыс жасайды.

Кеңес  саяси партиялардың облыстық филиалдары мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету, саяси партиялар мен мемлекет арасындағы оңтайлы өзара қарым-қатынас тепе-теңдігін іздеу, саяси партиялардың мақсатты жұмыстарын жүргізулеріне жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі рөлін күшейту мақсатында құрылып, жұмыс жасауда.

Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.

11 шілдеде Байқоңыр қалалық филиалының ұйымдастыруымен халық арасында медициналық әлеуметтік сақтандыру мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш шара темір жол вокзалында өткізіліп, түсіндіру жұмыстарын қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары А. Дәуленбаев, Төретам кенті емханасының бөлім жетекшісі Н. Бектасова жүргізді.

12 шілдеде Арал аудандық орталығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары А. Ералиев және Г. Шиповскихтың қатысуымен «EXPO 2017 көрмесі – елдіктің ерен жеңісі» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

19 шілдеде Қызылорда қалалық филиалының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. 22 ұйым бос жұмыс орындарын ұсынса, 88 жас жұмыс іздеуші ретінде қатысқан. 65 жас жұмыс орындарға жолдама алды.

26 шілдеде «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында партия филиалының және «Ұшқын» қоғамдық бірлестігінің өкілдері әлеуметтік нысандарға мүмкіндігі шектеулі жандардың қолжетімділігіне бақылау жүргізілді.

3 тамызда «Жемқорлықсыз ел гүлденген ел» партиялық жобасы аясында темір жол саласының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Шараға партия филиалының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен темір жол саласының басшылары қатысты.

4 тамызда партияның облыстық филиалы 125 мүмкіндігі шектеулі балаға тынығу лагерлеріне жолдама берді. Шараға партия өкілдерінен бөлек қайырымдылық көмек көрсетуші кәсіпкерлер, облыстық мәслихат депутаттары мен ерікті жастар қатысты.

Сонымен қатар, облыста Қазақстан Коммунистік Халық партиясының облыстық филиалы қоғам өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.

16 маусымда «Қазақстан коммунистік халық партиясы»  Қызылорда облыстық комитетінің ұйымдастыруымен «Тарих. Шындық немесе жалған» тақырыбында кездесу өтті. Шараға партия мүшелері мен аймақтық ҮЕҰ мен БАҚ жетекшілері қатысты. Кездесу барысында жастар тәрбиесі, ҰОС тарихын дұрыс ақпараттандыру мәселесі қаралды.

16 тамызда қоғамдық маңызды мәселелерді талқылау мақсатында ҚКХП облыстық филиалында кездесу өткізілді. Шараға жергілікті атқарушы орган өкілдері, ҮЕҰ-дар мен БАҚ өкілдері және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары қатысты.

20 қыркүйекте ҚКХП ұйымдастыруымен «Қазіргі таңдағы тұтынушы мен өнім беруші арасында қарым-қатынас» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

13 шілдеде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Г. Баймахановамен партия филиалының өкілдері кездесу ұйымдастырды. Шара барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының маңыздылығы мен жүзеге асыру жолдары талқыланды.

Облыс әкімдігі жанынан саяси партиялармен байланыстар жөніндегі Қоғамдық кеңес жұмысын жалғастыруда.

Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.

Саяси партиялар тарапынан облыста 2017 жылы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен 364 шара (қайырымдылық және жастар акциялары, дөңгелек үстелдер, кездесулер, қоғамдық қабылдаулар, рейдтік шаралар, ашық есік күндері және т.б. іс-шаралар) ұйымдастырылса, оның ішінде 239-ы қоғамдық-саяси шаралар.

Қоғамдық - маңызды шаралар

Идеологиялық, экономикалық және аймақтағы ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 215 ауқымды шарадан тұратын 2017 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.

Жыл басынан бері күнтізбелік жоспарға сәйкес 208 ірі көлемді шара өтті.

Оның ішінде, 2017 жылғы 28 наурызда Алашорда қозғалысының 100 жылдығына арналған «Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференция жұмысына белгілі алаштанушы ғалымдар, оқытушы-профессорлар, облыстың зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік құрылымдар және үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Конференция аясында Алашордашылар мен алаштанушы ғалымдардың арнайы кітап көрмесі қойылды. 

Сонымен қатар, қала орталығынан қоғам және мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайдың ескерткіші ашылды.

30 наурызда құқық бұзушылық пен терроризмнің алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік жасау мақсатында «Заң – тәртіп таразысы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге құқық қорғау орган қызметкерлері, мектеп басшылары және тәрбие жөніндегі орынбасарлары, мектеп инспекторлары, ата-аналар қатысты.

31 наурызда ҮЕҰ арналған ақпараттық – ресурстық орталық ашылды. Ашылу салтанатына облыстық ішкі саясат басқармасының өкілі және 30-дан астам ҮЕҰ жетекшілері қатысты. Ресурстық орталық масқаты ҮЕҰ-мен әлеуметтік әріптестікті дамыту бағытында және мемлекеттік органдармен өзара әріптестікті дамыту болып табылады.

30-31 мамырда Қызылорда облысында «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты халықаралық форум болып өтті. Форумға ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықова, КХА Төрағасының орынбасары Д. Мыңбай, облыс әкімі Қ. Көшербаев, сонымен қатар бірқатар зиялы қауым өкілдері мен Оңтүстік Корея, Түркия елдерінен және республика өңірлерінен келген ғалымдар мен форум делегаттары қатысты.

Жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыруға, ұлттық бірлікті нығайтуға, тарихи жадыны жаңғыртып, келер ұрпаққа мирас етуге, сондай-ақ, осы мақсаттағы азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы ықпалдастықты арттыруға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2010 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 

Биылғы форум жұмысы облыстағы 15 мекеме мен білім беру ұйымдарында өткізілген бейбітшілік сабақтарынан бастау алды. 

Форум аясында «Тарихи жады және тағылым – рухани жаңғырудың негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 

Сондай-ақ, «Алжир» деректі фильмінің көрсетілімі; «Қазақстан тарихы. Құжаттар мен материалдар (1917–2012)» хрестоматиясының таныстырылымы; «Тар жол-тайғақ кешу» тарихи-деректі көрмесі; Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қайырымды ел» қайырымдылық шарасы; Сырдария ауданы Нағи Ілиясов атындағы ауылдың Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысына қатысу сынды бірқатар шараларға қатысты.

Форум делегаттары ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған, қайта жаңартылған Мемориалдық ескерткіш жанында өткен «Азалы тарихқа тағзым» атты митинке қатысты.

3 маусымда Қызылордада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл толуына орай салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы-Жандарбек Мәлібеков, ардагерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жастар қатысты.  Аймақ басшысы қызылордалықтарды 4 маусым-мемлекеттік рәміздер күнімен   құттықтады.  

Рәміздер аллеясында мемлекеттік қызметке жақында қабылданғандар  ант қабылдады. Сонымен қатар, аймақтың бірқатар тұрғындары облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Олар: кәсіби біліктілігі арқасында ана мен оның сәбиін аман алып қалған Қосаман ауылдық округінің фельдшері Жанар Сержанова, алапат өрттен 20 адамды құтқарған №11 өртке қарсы қызмет бөлімінің мамандары, халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Қуаныш Анарбай, шахматтан әлем чемпионы Әсел Серікбай және бірқатар облыстық және республикалық байқаулардың жүлдегері, «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Кирилл Денисов.  

5 маусымда Қызылорда облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Бұл байқау Мемлекет басшысының  бастамасымен елімізде 2014 жылдан бастап өткізіліп келеді.

«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы Шиелі ауданының тұрғындары Исламхановтар әулеті атанды. Отағасы Әрібжан Исламханов тыл ардагері және еңбек ері, жары - Назым Қалменова  "Батыр ана", "Алтын алқа" иегері. Шаңырақ құрғандарына 59 жыл болған отбасы бүгінде 10 баладан 40 немере, 16 шөбере сүйіп отыр.

Ал, бірінші орынды Жалағаш ауданынан Ғаниевтер отбасы иеленсе, екінші орын аралдық Аймырзаевтар отбасына бұйырды. Жүлделі үшінші орынды сырдариялық Сұлтановтар отбасы мен жалағаштық Нұрмағанбетовтер отбасы қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, Жаңақорған ауданынан Арыновтар отбасы «Ұлағатты отбасы» номинациясымен, қармақшылық Шымбаевтар отбасы «Өнерлі отбасы» номинациясымен, Қызылорда қаласынан Балмахановтар отбасы «Қамқорлық» номинациясымен, сырдариялық Мясцовтар әулеті «Отбасылық үйлесім» номинациясымен марапатталды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

26 маусымда Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Қанатты қалам» журналистер форумы өтті. Аймақ басшысы республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға шығармашылық табыстар тіледі.

Өз кезегінде қаламгерлер де облыс әкіміне қолдау көрсеткені үшін алғыстарын жеткізді, әріптестерін құттықтап,  саланы дамыту бойынша ой-пікір, ұсыныстарын айтты.

21 қыркүйекте А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде мемлекет және қоғам қайраткері Сейдулла Оспановты еске алуға арналған конференция өтті. Конференцияда облыс әкімі Қ.Е. Көшербаев Сейдулла Оспанұлының туған өлкенің дамуына қосқан жұмыстары туралы атап өтті. Сонымен қатар, конференцияда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б. Жылқышиев, Оңтүстік Қазақстан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж. Мәуленқұлов, Жалағаш және Жаңақорған аудандарының құрметті азаматы С. Далдабаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Е. Омаров қатысып, естеліктерімен бөлісті. 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған «Семей полигонының жабылуы – Тәуелсіздіктің теңдессіз жеңісі» атты конференция ұйымдастырылды. Конференцияға облыстың зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жоғары және орта оқу орнының оқытушылары мен үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Конференция барысында «Антиядролық қозғалыс – тәуелсіздік жаршысы» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы С. Тастанбек, «Ядролық қарусыз әлем – адамзаттың ізгі мұраты» тақырыбы бойынша «Невада – Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С. Әбіш, «Манифест – жаһандық қарусызданудың негізгі құжаты» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Н. Мынжасов баяндама жасады.

Сонымен қатар, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, жастар бойындағы отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудағы елелулі еңбегі үшін облыстың бірқатар азаматтары Алғыс хаттармен марапатталды. 

2017 жылғы 20-21 қазан күндері облыста мемлекет және қоғам қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, ғалым Шахмардан Есеновтың 90 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар өтті.  «Қазақстанның кен ресурстары: игерілуі, даму барысы мен болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, көрме және өзге де мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

28 қазанда «Текей батырдың 350 жылдығына» арналған республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті.

13 желтоқсанда Тәуелсіздік күні қарсаңында, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында  «Туған жерге тағзым» форумы «Сұлтан Плаза»  кешенінде өтті.

Шараға облыс әкімі Қ. Е. Көшербаев, еліміздің түкпір-түкпірінен әртүрлі салада табысты еңбек етіп жүрген қызылордалықтар арнайы келіп қатысты.

Форум аясында телекөпір арқылы облыстағы бірқатар жаңа кәсіпорындар іске қосылды. Сонымен қатар Сырдан шыққан дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, Сызғанов атындағы Ұлттық-ғылыми орталығының директоры, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының иегері Болатбек Баймаханов телекөпір арқылы байланысқа шығып, аймақтағы медицина саласын дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыстарға оң баға берді.

Аймақтың дамуына қосқан үлестері үшін Сыр елінің бірқатар тумаларына «Сыр жанашыры» марапаты табысталды. Олардың ішінде әйгілі зілтемірші Илья Ильин мен кардиохирург, Қазақстанның Еңбек Ері Юрий Пя, «А.Н. Сызғанов атындағы хирургия ғылыми зерттеу орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Болатбек Баймаханов бар. Мұнан өзге ғалымдар, дәрігерлер мен өнер майталмандары, кәсіпкерлер, спортшылар және басқа да салалардың өкілдерінен 20 адам марапатталды.

27 желтоқсанда Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру: Сыр өңірі тарихының зерттелуі және өлкетану пәнін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында алғаш рет тарихшылар слеті ұйымдастырылды.


Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының
2017 жылдың 9 айы бойынша  атқарылған жұмыстарының  есебі
Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
Басқарма тарапынан барлық атқарылып жатқан шаралар еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып іске асырылады.
Мониторинг барысында анықталған қандай да бір әлеуметтік–саяси кернеулік алғышарттары «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары Картасына» енгізіліп, олардың шешілу барысы бақылауда болады. 
Сонымен қатар, тұрғындар үшін облыс әкімдігінің ресми сайтында http://e-kyzylorda.gov.kz/kk/blog арнайы сілтемесі орналастырылып, тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша хабарласу мүмкіндігі жасалды.
Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі қалың бұқара арасындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын кеңінен насихаттап, әрбір тұрғынның хабардардығын арттыру болып табылады. Бұл ретте, «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру туралы 2017 жылы 15 ақпанда №487-Ө-өкімімен 129 адамнан жасақталған 9 облыстық ақпараттық-насихаттық топ (әрбір аудан, Қызылорда және Байқоңыр қалаларына) құрылды. Осындай топтар барлық аудандармен Қызылорда қаласында құрылып барлығы 44 топ, 259 мүше енгізілді. 
Аталған топ құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ өкілдері енгізілді. Топ жетекшілігіне облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы және «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары бекітілді. 
Облыстық ақпараттық-насихаттық топтың жұмысы кезең-кезеңімен ұйымдастыру жоспарланып, мүшелерінің елді-мекендерге шығу жоспары тоқсан сайын ұйымдастырылады. Есепті мерзімінде ақпараттық топ барлығы 1 525 арнайы шараға қатысып, 151057 мыңнан астам тұрғын Жолдаудан туындайтын міндеттер бойынша ақпарат алмасты. Сонымен қатар, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында 2017 жылдың 22 сәуірінде іс-шаралар Жоспары бекітіліп, бүгінгі күнге жалпы 331 іс-шара ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Жолдаумен қатар Елбасының 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы мен латын әліпбиіне көшуді ілгерілету шеңберінде де көрсетілген критерийлер ескеріле отырып, бөлек Желілік кестелер жасақталып іске асырылуда.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу бағытында 2017 жылдың 2 ақпан күні бекітілген облыстық медиа-жоспарға сәйкес материалдар топтамасы жариялануда. 
Елбасы Жолдауы бойынша жергілікті БАҚ-та облыстық медиа жоспарға сәйкес «Жолдау», «Тұрғын үй құрылысы», «Жаңа жағдайдағы Жолдау», «Жолдаудан кейінгі пікірлер, үн қосу», «Аймақ», «Мнение», «Послание Президента народу Казахстана», «Жүректе жол тапқан Жолдау», «Қоғам», «Жолдау-ел дамуының басты бағыты», «Елбасы Жолдауы – елдіктің арқауы», «Бағыт» атты айдарлармен барлығы 1022 материал жарық көрді. 
Облыстық «Қазақстан-Қызылорда» және тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарналары арқылы күндізгі жаңалықтар көрсетілімі мен «Үштаған», «Аптаның алты ауызы», «Қазақстан-2050», «Өзекжарды», «Мезгіл мәселесі» бағдарламаларынан 646 сюжет көрсетілді. 
Сонымен бірге, Елбасы Жолдауының әрбір бағытын түсіндіруге арналған мемлекеттік орган басшыларының 83 брифингі ұйымдастырылды.
Мемлекеттік ақпараттық саясат
Облыстың медиа кеңістігінде қазіргі таңда 92 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 4-еуі электронды, 5-еуі ақпараттық агенттік, 83 баспа БАҚ (олардың ішінде 25-журнал, 58-газет). 
2017 жылғы І тоқсанда Қызылорда облысында жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 26,7% қоғамдық-саяси, 25,6% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 47,7% өзге де тақырыптық бағыттарда ақпарат тарататынын көрсетті. 
Сонымен қатар, облыс бойынша БАҚ-тың 50% мемлекеттік тілде, 10% орыс тілінде, 40% аралас тілде шығарылады. 
Интернет желісінде 16 баспа БАҚ-тың веб-нұсқасы бар (облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», «Ақмешіт апталығы», «Ұстаз мәртебесі», «Ақмешіт ақшамы», «Халық», «Ұстаз мәртебесі», аудандық «Толқын», «Қазалы», «Қармақшы таңы», «Жалағаш жаршысы», «Тіршілік тынысы», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» газеттері және «Әлімсақ» журналы).
Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2017 жылғы 13 ақпанда «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді. Аталмыш Медиа-жоспар 18 тармақ, 161 тармақшадан құралған, әрі барлық маңызды салаларды ақпараттандыруға бағытталған.
Соңғы 5 жылда мемлекеттік ақпараттық саясатқа бөлінген қаражат 2,6 есеге ұлғайды. 2012 жылы ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға облыстық бюджеттен 227 000,0 мың теңге бөлінсе, 2017 жылы осы мақсатқа 591 378,0 мың теңге бөлінді (ақпарат үшін: 2013 ж. – 406 019,0 мың. тг., 2014 ж. – 566 825,0 мың. тг., 2015 ж. - 636 364,0 мың. тг., 2016 ж. - 621 700,0 мың. тг. бөлінді).
Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 152 брифинг берілді, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 73 тікелей эфирдегі сұхбат, басқарма тарапынан 67 баспасөз-туры ұйымдастырылды.
2017 жылы облыс тұрғындарының 95%, яғни, 138 275 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 109 212 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 80%-ын құрайды.
Саяси партиялармен жұмыс
Бүгінгі күні Қызылорда облысында 6 саяси партияның (комитет және өкілдік) облыстық филиалы тіркелген.
Аймағымызда 65 мыңнан астам азамат саяси партиялардың құрамына кірген: 47 547 адам- «Нұр Отан» партиясы, 6905 адам – «Ақ жол» демократиялық партиясы, 2724  адам – «Ауыл» ХДПП, 5070 адам – «ҚКХП», 360 адам – «Бірлік» париясы және 3000 адам «ЖСДП».
Есепті мерзімде саяси партиялар тарапынан атқарылған маңызды шаралар төмендегідей:
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, партиялық жобалар аясында шаралар ұйымдастырып келеді. «Кедергісіз келшек», «Сәтті қадам» және «Мектепке жол» акцияларымен қатар қайырымдылық шараларын ұйымдастыруда.
Оның ішінде, 22 маусымда «Қазақстан – 2050» демократиялық күштердің облыстық коалициясы отырысы өтті. Жиында «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамындағы» Заңның үстемдігін қамтамасыз ету бағытының аймақта жүзеге асырылуы талқыланды. 
2010 жылда құрылған облыс әкімдігі жанынан саяси партиялармен байланыстар жөніндегі Қоғамдық кеңес жұмыс жасайды.
Кеңес  саяси партиялардың облыстық филиалдары мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету, саяси партиялар мен мемлекет арасындағы оңтайлы өзара қарым-қатынас тепе-теңдігін іздеу, саяси партиялардың мақсатты жұмыстарын жүргізулеріне жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі рөлін күшейту мақсатында құрылып, жұмыс жасауда.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.
11 шілдеде Байқоңыр қалалық филиалының ұйымдастыруымен халық арасында медициналық әлеуметтік сақтандыру мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш шара темір жол вокзалында өткізіліп, түсіндіру жұмыстарын қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары А. Дәуленбаев, Төретам кенті емханасының бөлім жетекшісі Н. Бектасова жүргізді. 
12 шілдеде Арал аудандық орталығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары А. Ералиев және Г. Шиповскихтың қатысуымен «EXPO 2017 көрмесі – елдіктің ерен жеңісі» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. 
19 шілдеде Қызылорда қалалық филиалының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. 22 ұйым бос жұмыс орындарын ұсынса, 88 жас жұмыс іздеуші ретінде қатысқан. 65 жас жұмыс орындарға жолдама алды. 
26 шілдеде «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында партия филиалының және «Ұшқын» қоғамдық бірлестігінің өкілдері әлеуметтік нысандарға мүмкіндігі шектеулі жандардың қолжетімділігіне бақылау жүргізілді.
3 тамызда «Жемқорлықсыз ел гүлденген ел» партиялық жобасы аясында темір жол саласының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Шараға партия филиалының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен темір жол саласының басшылары қатысты.
4 тамызда партияның облыстық филиалы 125 мүмкіндігі шектеулі балаға тынығу лагерлеріне жолдама берді. Шараға партия өкілдерінен бөлек қайырымдылық көмек көрсетуші кәсіпкерлер, облыстық мәслихат депутаттары мен ерікті жастар қатысты. 
Сонымен қатар, облыста Қазақстан Коммунистік Халық партиясының облыстық филиалы қоғам өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. 
16 маусымда «Қазақстан коммунистік халық партиясы»  Қызылорда облыстық комитетінің ұйымдастыруымен «Тарих. Шындық немесе жалған» тақырыбында кездесу өтті. Шараға партия мүшелері мен аймақтық ҮЕҰ мен БАҚ жетекшілері қатысты. Кездесу барысында жастар тәрбиесі, ҰОС тарихын дұрыс ақпараттандыру мәселесі қаралды.
16 тамызда қоғамдық маңызды мәселелерді талқылау мақсатында ҚКХП облыстық филиалында кездесу өткізілді. Шараға жергілікті атқарушы орган өкілдері, ҮЕҰ-дар мен БАҚ өкілдері және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары қатысты. 
20 қыркүйекте ҚКХП ұйымдастыруымен «Қазіргі таңдағы тұтынушы мен өнім беруші арасында қарым-қатынас» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді. 
13 шілдеде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Г. Баймахановамен партия филиалының өкілдері кездесу ұйымдастырды. Шара барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының маңыздылығы мен жүзеге асыру жолдары талқыланды. 
Облыс әкімдігі жанынан саяси партиялармен байланыстар жөніндегі Қоғамдық кеңес жұмысын жалғастыруда.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс
Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны  бүгінгі күні 760-ты құрап отыр. Оның ішінде 392-сі нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар. 
2017 жылғы 12 сәуірдегі жағдай бойынша 121 үкіметтік емес ұйым Дерекқорға мәлімет ұсынған (http://din.gov.kz/kaz/baza_npo). ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынған ҮЕҰ-ға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.  
Қазіргі таңда облыста азаматтық сектор тұрақты даму үстінде және облыс әкімдігімен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамымыздағы маңызды мәселелерді шешуге тартуда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. 
Азаматтық қоғам мен мемлекеттік арақатынастың кері байланыс және жаңа форматты механизмін қалыптастыру бағытында тәжірибелер өмірге еніп отыр.
Соңғы екі жыл көлемінде облыста азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік белсенділіктерін арттыру, олардың ұйым мүшелерінің мүдделерін көздейтін және қоғамдық маңызы жоғары жобаларының жүзеге асырылуына мүмкіндік жасау, осы мақсатта қаржылай көмек көрсету, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамның өзекті мәселелерін шешуге жұмылдыру мақсатында «Әлеумет» жобасы жүзеге асырылып келеді. 2016 жылы аталған жоба аясында үкіметтік емес ұйымдарының 16 жобасын жүзеге асыруға 21 млн. 218 мың теңге қаржы бөлінсе, ағымдағы жылы 20 жобаға 16 млн. 195 мың теңге қаржы бөлініп отыр.  
2017 жылы жобаларды қаржыландыру «Қазақылықтың Атамекені» қоғамдық қоры тарапынан құрылған тәуелсіз сарапшылардың шешімі негізінде жүзеге асырылуда. 
Аталмыш жоба аясында есепті кезеңде 18 шара ұйымдастырылды. Оның ішінде «Шексіз спорт» спорттық сайысы, «Медиация негізінде келіссөз жүргізуші тәсілдері», «Мәңгілік Ел» идеясын орнықтырудың заңнамалық тәсілдері» атты семинар-тренингтерді, ҚР Конституциясы күніне арналған шеру мен әскери-спорттық турнир, «Супер әже» тақырыбында байқау, «Hand-made» қолөнер көрмесі «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқауды атап өтуге болады. Сонымен қатар, облыстық «Ерлік» үйлестіру кеңесінің және әскери патриоттық тәрбиелеу орталығының ашылу салтанаты ұйымдастырылды. 
Үстіміздегі жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларын қаржыландыруға облыстық, қалалық және аудандық бюджеттен 1 млрд. 181 млн. теңге қаралып, 170 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша 21 әлеуметтік жобаға облыстық бюджеттен 190 млн. 623 мың теңге қаржы бөлінді. 
2017 жылы облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсыры бойынша «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына облыстық бюджеттен 4 млн. 920 мың теңге қаржы қаралып, «Қазақылықтың Атамекені» қоғамдық қорының үйлестіруімен облыста тіркелген ҮЕҰ-мен жұмыс жүргізілуде. Жоба мақсаты - ҮЕҰ-дарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік, техникалық қолдау көрсету, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қатынасты нығайту болып табылады.  Орталық мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Ғ. Мұратбаев көшесі, 13 («Бабас» бизнес орталығы), 2 қабат. ҮЕҰ аталған мекен-жай бойынша тегін кеңес ала алады. Аталған жоба аймақтың ҮЕҰ-на ақпараттық-әдістемелік көмек беруде.
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс жасауға бағытталған әлеуметтік жобалар аясында жыл басынан бері келесі шаралар атқарылды. 
ҮЕҰ-дың әлеуетін, халықтың құқытық сауаттылығын арттыру, ұлттық рухты көтеру және жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында әлеуметтік жобалар аясында 43 кездесу, 78 кеңес беру, 19 дөңгелек үстел отырысы, 2 ашық есік күні, 7 түнгі рейд, 7 акция ұйымдастырылып, 5 байқау, 7 қоғамдық тыңдау, 23 семинар-тренинг пен 9 оқыту курсы, 9 тақырыпта 1500-ден астам әдістемелік құралдар мен 500 дана ақпараттық танымдық жадынамалар таратылды. Сонымен қатар, 1 халықаралық және 5 облыстық ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылды. ҮЕҰ мен спикерлер пулы туралы мәліметтер қоры жасақталды, 120-дан астам мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына тұрақты мониторинг жүргізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 15 тұлғаға әлеуметтік бейімдеу бойынша көмек көрсетілді. Облыстың жетістіктері жайлы 170-ке жуық жаңалықтар мен ақпараттық посттар интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде жарияланды. ҚР Президентінің «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін ілгерілету мақсатында «Жарылыс жаһанға жат» атты кітап шығарылды. Кітапқа Чернобыль АЭС жарылысының зардабын жоюға және Семей ядролық полгонында қызмет атқарған қызылордалықтар туралы мәліметтер енгізілген. 
Қоғамдық - маңызды шаралар
Идеологиялық, экономикалық және аймақтағы ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 215 ауқымды шарадан тұратын 2017 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.
Жыл басынан бері күнтізбелік жоспарға сәйкес 115 ірі көлемді шара өтті.
Оның ішінде, 2017 жылғы 28 наурызда Алашорда қозғалысының 100 жылдығына арналған «Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференция жұмысына белгілі алаштанушы ғалымдар, оқытушы-профессорлар, облыстың зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік құрылымдар және үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Конференция аясында Алашордашылар мен алаштанушы ғалымдардың арнайы кітап көрмесі қойылды. 
Сонымен қатар, қала орталығынан қоғам және мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайдың ескерткіші ашылды.
30 наурызда құқық бұзушылық пен терроризмнің алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік жасау мақсатында «Заң – тәртіп таразысы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге құқық қорғау орган қызметкерлері, мектеп басшылары және тәрбие жөніндегі орынбасарлары, мектеп инспекторлары, ата-аналар қатысты.
31 наурызда ҮЕҰ арналған ақпараттық – ресурстық орталық ашылды. Ашылу салтанатына облыстық ішкі саясат басқармасының өкілі және 30 астам ҮЕҰ жетекшілері қатысты. Ресурстық орталық масқаты ҮЕҰ-мен әлеуметтік әріптестікті дамыту бағытында және мемлекеттік органдармен өзара әріптестікті дамыту болып табылады.
30-31 мамырда Қызылорда облысында «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты халықаралық форум болып өтті. Форумға ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықова, КХА Төрағасының орынбасары Д. Мыңбай, облыс әкімі Қ. Көшербаев, сонымен қатар бірқатар зиялы қауым өкілдері мен Оңтүстік Корея, Түркия елдерінен және республика өңірлерінен келген ғалымдар мен форум делегаттары қатысты.
Жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыруға, ұлттық бірлікті нығайтуға, тарихи жадыны жаңғыртып, келер ұрпаққа мирас етуге, сондай-ақ, осы мақсаттағы азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы ықпалдастықты арттыруға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2010 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 
Биылғы форум жұмысы облыстағы 15 мекеме мен білім беру ұйымдарында өткізілген бейбітшілік сабақтарынан бастау алды. 
Форум аясында «Тарихи жады және тағылым – рухани жаңғырудың негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 
Сондай-ақ, «Алжир» деректі фильмінің көрсетілімі; «Қазақстан тарихы. Құжаттар мен материалдар (1917–2012)» хрестоматиясының таныстырылымы; «Тар жол-тайғақ кешу» тарихи-деректі көрмесі; Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қайырымды ел» қайырымдылық шарасы; Сырдария ауданы Нағи Ілиясов атындағы ауылдың Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысына қатысу сынды бірқатар шараларға қатысты.
Форум делегаттары ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған, қайта жаңартылған Мемориалдық ескерткіш жанында өткен «Азалы тарихқа тағзым» атты митинке қатысты. 
3 маусымда Қызылордада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл толуына орай салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы-Жандарбек Мәлібеков, ардагерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жастар қатысты.  Аймақ басшысы қызылордалықтарды 4 маусым-мемлекеттік рәміздер күнімен   құттықтады.  
Рәміздер аллеясында мемлекеттік қызметке жақында қабылданғандар  ант қабылдады. Сонымен қатар, аймақтың бірқатар тұрғындары облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Олар: кәсіби біліктілігі арқасында ана мен оның сәбиін аман алып қалған Қосаман ауылдық округінің фельдшері Жанар Сержанова, алапат өрттен 20 адамды құтқарған №11 өртке қарсы қызмет бөлімінің мамандары, халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Қуаныш Анарбай, шахматтан әлем чемпионы Әсел Серікбай және бірқатар облыстық және республикалық байқаулардың жүлдегері, «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Кирилл Денисов.  
5 маусымда Қызылорда облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Бұл байқау Мемлекет басшысының  бастамасымен елімізде 2014 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Сонымен, Шиелі ауданының тұрғындары Исламхановтар әулеті байқаудың жеңімпазы атанды. Отағасы Әрібжан Исламханов тыл ардагері және еңбек ері, жары - Назым Қалменова "Батыр ана", "Алтын алқа" иегері. Шаңырақ құрғандарына 59 жыл болған отбасы бүгінде 10 баладан 40 немере, 16 шөбере сүйіп отыр.
Ал, бірінші орынды Жалағаш ауданынан Ғаниевтер отбасы иеленсе, екінші орын аралдық Аймырзаевтар отбасына бұйырды. Жүлделі үшінші орынды сырдариялық Сұлтановтар отбасы мен жалағаштық Нұрмағанбетовтер отбасы қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, Жаңақорған ауданынан Арыновтар отбасы «Ұлағатты отбасы» номинациясымен, қармақшылық Шымбаевтар отбасы «Өнерлі отбасы» номинациясымен, Қызылорда қаласынан Балмахановтар отбасы «Қамқорлық» номинациясымен, сырдариялық Мясцовтар әулеті «Отбасылық үйлесім» номинациясымен марапатталды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
26 маусымда Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Қанатты қалам» журналистер форумы өтті. Аймақ басшысы республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға шығармашылық табыстар тіледі.
Өз кезегінде қаламгерлер де облыс әкіміне қолдау көрсеткені үшін алғыстарын жеткізді, әріптестерін құттықтап,  саланы дамыту бойынша ой-пікір, ұсыныстарын айтты.  
21 қыркүйекте А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде мемлекет және қоғам қайраткері Сейдулла Оспановты еске алуға арналған конференция өтті. Конференцияда облыс әкімі Қ.Е. Көшербаев Сейдулла Оспанұлының туған өлкенің дамуына қосқан жұмыстары туралы атап өтті. Сонымен қатар, конференцияда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б. Жылқышиев, Оңтүстік Қазақстан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж. Мәуленқұлов, Жалағаш және Жаңақорған аудандарының құрметті азаматы С. Далдабаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Е. Омаров қатысып, естеліктерімен бөлісті. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған «Семей полигонының жабылуы – Тәуелсіздіктің теңдессіз жеңісі» атты конференция ұйымдастырылды. Конференцияға облыстың зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жоғары және орта оқу орнының оқытушылары мен үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Конференция барысында «Антиядролық қозғалыс – тәуелсіздік жаршысы» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы С. Тастанбек, «Ядролық қарусыз әлем – адамзаттың ізгі мұраты» тақырыбы бойынша «Невада – Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С. Әбіш, «Манифест – жаһандық қарусызданудың негізгі құжаты» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Н. Мынжасов баяндама жасады. 
Сонымен қатар, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, жастар бойындағы отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудағы елелулі еңбегі үшін облыстың бірқатар азаматтары Алғыс хаттармен марапатталды. 
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша
2017 жылғы 7 наурызда облыс әкімдігінің № 732 қаулысымен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары» бекітіліп, 2017 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 31,7 млн. теңге қаржы бөлінді.
Басқармаға қарасты Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы арқылы  мемлекеттік мекеме, кәсіпорын, ұйым қызметкерлері мен жеке тұлғаларға мемлекеттік және ағылшын тілдері тегін оқытылуда.
Есепті мерзімде 239 адам мемлекеттік тілді, 90 адам ағылшын тілін оқыту курсынан өтті.
11 қаңтарда облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өткізілді. Комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласы мен Қармақшы, Жаңақорған аудандары бойынша 14 жалпы білім беретін мектептердің білім сапасы мен тіл туралы заңнамалардың орындалуына сараптау жұмыстары мен жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқытылатын мамандықтардың оқу тіліне талдау жұмыстары жүргізілді.
Сараптау жұмыстарының нәтижесімен Жаңақорған ауданының №53 орта мектебінде қазақ және орыс тілдері бойынша 3 (үш) бірдей мұғалімнің маман еместігі және бірқатар мектептердің маңдайша жазуы мен мөр, мөртабандарында және мекеменің бланкісінде тілдік нормалардың сақталмағаны анықталып, нәтижесімен тиісті ұсыныстар берілді.  
21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай ҚР Ұлттық Ұланы 5547 және 2019 әскери бөлімдерінде «Ана тілім - айбыным» тақырыбында ашық сабақтар және Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде «Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы  «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру» тапсырмасын халық арасында түсіндіру мақсатында  2017 жылғы 14 сәуір күні Қызылорда қоғамдық телеарнасының «Мезгіл мәселесі» хабарында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филолог ғалымдары Ж. Сәдуақасұлы, А. Абасилов пен облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Н. Мусаеваның  сұхбаттары берілді.
28 сәуірде облыстағы зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, жоғары оқу орындарының филолог-ғалымдары, білім, мәдениет салалары мен тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері, Қызылорда қаласындағы алдыңғы қатарлы мектептердің басшылары, мұғалімдері және қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестіктері жетекшілерінің қатысуымен Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған мәселелердің өзектілігі мен көтерілген тақырыптардың салмақтылығын талқылау мақсатында «Жаңғырудың жаңа жолы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Сондай-ақ, мақалада көтерілген латын әліпбиіне көшу бойынша  2017 жылдың 5 мамыры күні облыс әкімдігінде қазақ әліпбиінің жаңа графикасын жасауға ұсыныс беру мақсатында құрылған жұмысшы топтың отырысы өткізіліп, қорытындысымен, ҚР Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрліктеріне  А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Әлімхан Жүнісбек әзірлеген латын әліпбиінің «Ұлттық жобасын» жаңа графика ретінде қабылдауға ұсыныстар жолданды.
12 қыркүйекте «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында идеологиялық актив жиыны өткізілді.
Латын әліпбиіне көшуді қолдау бағытында облыстық іс-шаралардың желілік кестесі әзірленіп, филолог-ғалымдардан, тіл мамандарынан ақпараттық-насихаттық топ құрылды. Кестеге сәйкес 11 қыркүйектен бастап қала, аудандарда, мекемелер мен кәсіпорындарда түсіндіру, насихаттау шаралары жүргізілуде. Бүгінде бұл бағытта, барлығы 166 шара өткізіліп, оған 7224 адам қамтылды. 
Сонымен қатар, облыста Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, үштілділікті насихаттау мақсатында «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» және «Үштілділікті насихаттау», «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» мемлекеттік әлеуметтік жобалары жүзеге асырылуда. 
 «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында а.ж. 11 сәуірінде қазақ тілді жастар арасында орыс тілі білгірлерінің «Ой-сана», 20 сәуірде Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері мен 11 мамырда Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы, сондай-ақ,  мемлекеттік қызметшілер арасында 6 маусымда «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте», «Тіл шебері-2017» облыстық байқаулары, 22 қыркүйекте  «Тілі бірдің – тілегі бір» облыстық жастар форумы, 4 қазанда үш тілді меңгерген жастар арасында «Тілдарын-2017» олимпиадасы ұйымдастырылды.
«Үштілділікті насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыру барысында 27 наурыз - 5 сәуір аралығында Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын, үштілділік саясатын түсіндіру, насихаттау мақсатында басқарманың және білім саласы қызметкерлері мен филолог ғалымдардан облыстық ақпараттық-насихаттық топ құрылып,  Қызылорда қаласы мен аудандарда «Тілдерді меңгеру – заман талабы» тақырыбында семинарлар өткізілді.
Облыс бойынша үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын шаралардың желілік кестесі бекітіліп, аталған кестеге сәйкес, наурыз-мамыр айларында барлығы 500 шара өткізілді. Өткізілген шараларға қала мен аудандардағы қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері, мектеп оқушылары мен ата-аналар, барлығы 14693 адам қатысты. Барлық шаралар қала, аудан әкімдіктерінің фейсбук парақшалары мен білім бөлімдерінің интернет-ресурстарында ақпараттандырылды.
18 сәуір күні жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерінен құралған командалар арасында «Үш тілді білу – заман талабы» атты облыстық интеллектуалдық сайыс, 19 мамыр күні қазақ тілінде білім алатын жастардың орыс әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау мақсатында «Пушкин оқулары» облыстық байқаулары өткізілді. 
2017 жылдың 20 маусымынан бастап облыста «Қазтест» жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру» әлеуметтік маңызды жобасы іске асырылуда. Жоба аясында аудандық,  қалалық, және облыстық әкімдіктердің 675 мемлекеттік қызметшілері мен мемлекеттік қызмет көрсетеін ұйым қызметкерлеріне екі күндік семинар-тренингтер өткізілуде. 
21-25 тамыз күндері ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп 1520 түрлі сала қызметкерінің «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өтуі ұйымдастырылды.
Жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын меңгеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны және үш тілде білім беруді насихаттауға бағытталған «Тіл – барлық білімнің кілті» телебағдарламасы облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан тоқсан сайын тұрақты берілуде. 
Есепті мерзімде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, үштілділікті насихаттау мақсатында жергілікті телеарналар арқылы 2 бейнеролик, 50-ден аса сюжет көрсетілсе, БАҚ-тарда 300-ге жуық мақала жарық көрді.
Тілдік ахуалды зерделеу бойынша 9 айдың қорытындысымен шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 100%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 98% құрады.
Облыс халқының тілдерді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша респонденттердің 99,5% - мемлекеттік тілді, 76,5% - орыс тілін, 13,7% - ағылшын тілін, 13,6% - үш тілді қатар меңгергендерді құрады.
Дін саласы бойынша 
Қызылорда облысындағы діни ахуал тұрақты сипатта. Қызылорда облысында 178 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 11 жергілікті діни бірлестік, 167 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.
Аймақтағы деструктивті діни ағымдардың алдын алу және діни тұрақтылықты сақтау мақсатында 2017 жылғы 9 айында түрлі форматта 
2515 іс-шара ұйымдастырылып, оған 84 000 адам қатысты. 
Нақтылар болсақ, облыстық ішкі саясат басқармасымен аймақтағы ақпараттық-түсіндіру топтарының біліктілігін арттыру, оның ішінде тұрғындарға арқылы Республикалық деңгейдегі теологтарды, дін саласын зерттеп жүрген профессорларды, психологтарды шақыра отырып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында семинарлар, кездесулер ұйымдастырып келеді.
Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстары аясында 3-5 және 28-30 наурыз аралығында Илимбаев Ризабек Батталұлы мен Еркінбек Шоқай, Қызылорда қаласында іс-сапарда болып, адрестік кездесулер өткізсе, 28 сәуірде Кеңшілік Тышхан, Байқоңыр қаласы, Төретам кенті тұрғындарының қатысуымен "Діни тұрақтылық - мемлекет қауіпсіздігінің тұғыры" тақырыбында өткен конференция жұмысына қатысты.
10 мамырда аймақтағы дін саласындағы АТТ (облыстық, қалалық, аудандық) мүшелеріне, кент және ауылдық округ әкімдеріне «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу профилактикасы» тақырыбында 8 сағаттық семинарға РАНТ мүшесі Иржанов Руслан Самарханұлы шақыртылып, дәріс оқыды.
18 мамырда психолог Койшиева Лимана Құттыбекқызын және Тілегенова Ақбөпе Қанатқызын арнайы шақыртып, «Қазіргі қоғамның рухани-өнегелік жаңғыруындағы қыз баланың орны» тақырыбында мешіттен дәріс алушы қыздар жамағаты, оқу орындарының қыз балалары мен қыздар клубтарының жетекшілері, университет мұғалімдері, оқу орындарының студенттеріне семинар-тренинг өткізілді.
Сондай ақ, үстіміздегі жылғы 20-25 тамыз аралығында аймағымызға 
ҚР ҰҚК Академиясының психологы Шакимова Лола Сергеевна келген болатын. Қызылорда, Байқоңыр қаласы мен Арал, Қазалы аудандарында «Діни экстремизм және терроризм профилактикасын жүргізу, сапасын арттыру» тақырыбында бірнеше семинар өткізді. Кездесулерге терроризмге қарсы комиссия мүшелері, облыстық ақпараттық түсіндірме тобының мүшелері, құқық қорғау саласының қызметкерлері, орта және арнаулы орта оқу орындары директорлары қатысты. 
Сонымен қатар, үстіміздегі 23-28 тамыз аралығында РАНТ мүшесі, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің PhD докторы Әкімханов Асқар Болатбекұлы шақыртылып, қала мен аудан мешіттерінің келушілерімен, түзету мекемесіндегі экстремизм және терроризм бабы бойынша сотталушы тұлғалармен және деструктивті діни ағымды ұстанушы азаматтармен адрестік жеке кездесулер өткізсе, 21-29 тамыз аралығында РАНТ мүшесі, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, магистрант Рахымгазиев Жайдар Тұрғанбекұлы келіп, Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру, деструктивті діни ағымдарды әшкерелеу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында БАҚ-да және әлеуметтік желілерде барлығы 819 материал жарық көрді. Оның ішінде жергілікті телеарналар арқылы – 255 материал, баспа БАҚ-та – 272 мақала жарық көрсе, интернет ресурстарда және әлеуметтік желілерде 292 материал орналаcтырылды. 
ІІ жартыжылдыққа арналған Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспары бекітіліп, түзету мекемелерінде жазасын өтеушілермен есепті мерзімде 20 шара ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, есепті мерзімде 1000-нан астам әлеуметтіңк желілердегі топтарға талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күмән келтірген 451 топ ҚР Дін істері комитетіне жолданды. Комитет тарапынан 180 топқа теріс қорытынды беріліп, сот сараптамасын тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органға жолдаған.
Ономастика және көрнекі ақпаратты  бақылау бойынша
Есепті кезеңде облыстық ономастика комиссиясының бір отырысы өткізілді.
Отырыс барысында 76 ұсыныс қаралып, 74-не оң қорытынды берілді.
Қазіргі уақытта облыс бойынша 92 көше тарихи және дәстүрлі атаулармен ауыстырылды.
«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 71 топонимикалық атаулар енгізілді.
Облыс аумағындағы мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкес қолданылуын анықтау мақсатында 822 мекемеге бақылау жұмыстары жүргізіліп, орын алған кемшіліктер  заң талаптарына сәйкестендірілді.
Облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті. 
Отырыста Қызылорда қаласы мен Қармақшы ауданындағы мемлекеттік рәміздердің қолданылу мен пайдалану жай-күйі туралы есеп тыңдалды. 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің  25 жылдығын кең көлемде атап өтуге байланысты іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес шаралар өткізілді.
Қоғамдық көліктерде, аэропорттарда, темір жол вокзалдарында  және ірі кәсіпорындарда 4 маусым күні сағат 12.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні бір мезгілде орындалды.
Басқарманың ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік Рәміздері аллеясында «Мемлекеттік рәміздер - мақтанышым!» атты мерекелік қорытынды шара   өткізілді. 
Шараға  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, белгілі сәулетші Мәлібеков Жандарбек Мәлібекұлы, облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер, аймақтағы зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, өңіріміздегі этномәдени бірлестік өкілдері, әскери қызметкерлер, саяси партия, үкіметтік емес ұйым мүшелері,  олимпиада және спорт саласының жеңімпаздары, БАҚ өкілдері, белсенді жастар қатысты. 
Сонымен қатар, қала орталығындағы Оқушылар үйінде оқушылардың қатысуымен «Ел рәміздері – асыл мұрамыз»  атты жас суретшілер байқауы өткізілді. 
Қызылорда қалалық мәдени-демалыс паркінде «Көк байрағым көгімде» атты  жастар акциясы ұйымдастырылды. 
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы 21-бабы талаптарының сақталуына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Қорытындысы бойынша 388 жеке кәсіпкерлік нысан иелеріне тіл туралы заң талаптарын түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 67 нысанда орын алған заңбұзушылықтар жойылды. 
«Қызылорда облысының білім, мәдениет, спорт ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы жасалынып, тиісті министрліктерден келісім алынуда.  

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының
2017 жылдың I жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстарының есебі
 
Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
Басқарма тарапынан барлық атқарылып жатқан шаралар еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып іске асырылады.
Мониторинг барысында анықталған қандай да бір әлеуметтік–саяси кернеулік алғышарттары «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары Картасына» енгізіліп, олардың шешілу барысы бақылауда болады. Жыл басынан бері картаға 44 мәселе кенгізіліп, I жартыжылдық қорытындысы бойынша 12 мәселе шешімін табуына байланысты бақылаудан алынды. 
Сонымен қатар, тұрғындар үшін облыс әкімдігінің ресми сайтында http://e-kyzylorda.gov.kz/kk/blog арнайы сілтемесі орналастырылып, тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша хабарласу мүмкіндігі жасалды.
Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі қалың бұқара арасындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын кеңінен насихаттап, әрбір тұрғынның хабардардығын арттыру болып табылады. Бұл ретте, «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру туралы 2017 жылы 15 ақпанда №487-Ө-өкімімен 129 адамнан жасақталған 9 облыстық ақпараттық-насихаттық топ (әрбір аудан, Қызылорда және Байқоңыр қалаларына) құрылды. Осындай топтар барлық аудандармен Қызылорда қаласында құрылып барлығы 44 топ, 259 мүше енгізілді. 
Аталған топ құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ өкілдері енгізілді. Топ жетекшілігіне облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы және «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары бекітілді. 
Облыстық ақпараттық-насихаттық топтың жұмысы кезең-кезеңімен ұйымдастыру жоспарланып, мүшелерінің елді-мекендерге шығу жоспары тоқсан сайын ұйымдастырылады. Есепті мерзімінде ақпараттық топ барлығы 1 435 арнайы шараға қатысып, 139 057 мыңнан астам тұрғын Жолдаудан туындайтын міндеттер бойынша ақпарат алмасты. Сонымен қатар, Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында 2017 жылдың 22 сәуірінде іс-шаралар Жоспары бекітіліп, бүгінгі күнге жалпы 159 іс-шара ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу бағытында 2017 жылдың 2 ақпан күні бекітілген облыстық медиа-жоспарға сәйкес материалдар топтамасы жариялануда. 
Елбасы Жолдауы бойынша жергілікті БАҚ-та облыстық медиа жоспарға сәйкес «Жолдау», «Тұрғын үй құрылысы», «Жаңа жағдайдағы Жолдау», «Жолдаудан кейінгі пікірлер, үн қосу», «Аймақ», «Мнение», «Послание Президента народу Казахстана», «Жүректе жол тапқан Жолдау», «Қоғам», «Жолдау-ел дамуының басты бағыты», «Елбасы Жолдауы – елдіктің арқауы», «Бағыт» атты айдарлармен барлығы 783 материал жарық көрді. 
Облыстық «Қазақстан-Қызылорда» және тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарналары арқылы күндізгі жаңалықтар көрсетілімі мен «Үштаған», «Аптаның алты ауызы», «Қазақстан-2050», «Өзекжарды», «Мезгіл мәселесі» бағдарламаларынан 408 сюжет көрсетілді. Сонымен бірге, Елбасы Жолдауының әрбір бағытын түсіндіруге арналған мемлекеттік орган басшыларының 49 брифингі ұйымдастырылды.
Саяси партиялармен жұмыс
Бүгінгі күні Қызылорда облысында 6 саяси партияның (комитет және өкілдік) облыстық филиалы тіркелген. 
Аймағымызда 65 мыңнан астам азамат саяси партиялардың құрамына кірген: 47 547 адам - «Нұр Отан» партиясы, 6905 адам – «Ақ жол» демократиялық партиясы, 2724  адам – «Ауыл» ХДПП, 5070 адам – «ҚКХП», 360 адам – «Бірлік» париясы және 3000 адам «ЖСДП».
Есепті мерзімде саяси партиялар тарапынан атқарылған маңызды шаралар төмендегідей:
2017 жылғы 31 мамырда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының қатысуымен мәжіліс өткізілді. Мәжіліс модераторы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы облыстық филиалының төрағасы С. Өмірзақов болса, баяндаманы   «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасы А. Бектаев жасады. 
16 маусымда «Қазақстан коммунистік халық партиясы»  Қызылорда облыстық комитетінің ұйымдастыруымен «Тарих. Шындық немесе жалған» тақырыбында кездесу өтті. Шараға партия мүшелері мен аймақтық ҮЕҰ мен БАҚ жетекшілері қатысты. Кездесу барысында жастар тәрбиесі, ҰОС тарихын дұрыс ақпараттандыру мәселесі қаралды.
22 маусымда «Қазақстан – 2050» демократиялық күштердің облыстық коалициясы отырысы өтті. Жиында «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асырудыӊ 100 нақты қадамындағы» Заӊныӊ үстемдігін қамтамасыз ету бағытының аймақта жүзеге асырылуы талқыланды. 
2010 жылда құрылған облыс әкімдігі жанынан саяси партиялармен байланыстар жөніндегі Қоғамдық кеңес жұмыс жасайды.
Кеңес  саяси партиялардың облыстық филиалдары мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету, саяси партиялар мен мемлекет арасындағы оңтайлы өзара қарым-қатынас тепе-теңдігін іздеу, саяси партиялардың мақсатты жұмыстарын жүргізулеріне жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі рөлін күшейту мақсатында құрылып, жұмыс жасауда.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс
Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны  бүгінгі күні 760-ты құрап отыр. Оның ішінде 392-сі нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар. 
2017 жылғы 12 сәуірдегі жағдай бойынша 121 үкіметтік емес ұйым Дерекқорға мәлімет ұсынған (http://din.gov.kz/kaz/baza_npo). ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынған ҮЕҰ-ға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.  
Қазіргі таңда облыста азаматтық сектор тұрақты даму үстінде және облыс әкімдігімен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамымыздағы маңызды мәселелерді шешуге тартуда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. 
Азаматтық қоғам мен мемлекеттік арақатынастың кері байланыс және жаңа форматты механизмін қалыптастыру бағытында тәжірибелер өмірге еніп отыр.
Соңғы екі жыл көлемінде облыста азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік белсенділіктерін арттыру, олардың ұйым мүшелерінің мүдделерін көздейтін және қоғамдық маңызы жоғары жобаларының жүзеге асырылуына мүмкіндік жасау, осы мақсатта қаржылай көмек көрсету, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамның өзекті мәселелерін шешуге жұмылдыру мақсатында «Әлеумет» жобасы жүзеге асырылып келеді. 2016 жылы аталған жоба аясында үкіметтік емес ұйымдарының 16 жобасын жүзеге асыруға 21 млн. 218 мың теңге қаржы бөлінсе, ағымдағы жылы 20 жобаға 16 млн. 195 мың теңге қаржы бөлініп отыр.  
2017 жылы жобаларды қаржыландыру «Қазақылықтың Атамекені» қоғамдық қоры тарапынан құрылған тәуелсіз сарапшылардың шешімі негізінде жүзеге асырылуда. 
Үстіміздегі жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларын қаржыландыруға облыстық, қалалық және аудандық бюджеттен 1 154 694 мың. теңге қаралатын болса, есепті мерзімінде 1 109 821 мың. теңге қаралып, 153 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша 21 әлеуметтік жобаға облыстық бюджеттен 190 млн. 623 мың теңге қаржы бөлінді. 
2017 жылы облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсыры бойынша «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына облыстық бюджеттен 4 млн. 920 мың теңге қаржы қаралып, «Қазақылықтың Атамекені» қоғамдық қорының үйлестіруімен облыста тіркелген ҮЕҰ-мен жұмыс жүргізілуде. Жоба мақсаты - ҮЕҰ-дарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік, техникалық қолдау көрсету, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қатынасты нығайту болып табылады. Орталық мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Ғ. Мұратбаев көшесі, 13 («Бабас» бизнес орталығы), 2 қабат. ҮЕҰ аталған мекен-жай бойынша тегін кеңес ала алады. Аталған жоба аймақтың ҮЕҰ-на ақпараттық-әдістемелік көмек беру үшін жүзеге асырылып отыр.    
Жоба аясында үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыруға бағытталған жыл көлемінде 5 семинар-тренинг, 4 дөңгелек үстел, 4 кездесу, күнделікті заңгер мамандардың кеңес беруі жүзеге асырылуда. Есепті мерзімде жоба аясында «Мемлекеттік сатып алу веб-порталымен жұмыс жасауды үйрену» тақырыбындағы оқыту семинары қазақ және орыс тілінде өткізілді. «Жаңа конституциялық жағдайдағы Қазақстан» тақырыбында «SarapTime» Сарапшылар клубының отырысы ұйымдастырылып, елімізге танымал спикерлер аймағымыздағы ҮЕҰ-дан құрылған спикерлермен өзара пікір алмасты. Есепті мерзімде жоба аясында ҮЕҰ-ға 100-ге жуық құқықтық кеңестер берілді. Сонымен қатар, ҮЕҰ-дар көп тіркелген Сырдария, Қармақшы аудандарында және Байқоңыр қаласында ресурстық орталықтар жұмыс жасауда. Аталған аудандық ресурстық орталықтардың жұмысына жергілікті бюджеттен 7 млн. 437 мың тг қаржы қарастырылған.
Бұл жұмыстар мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара әріптестігі көздеген мақсаттарға қол жеткізіп қана қоймай, елімізді демократияландыру стратегиясын тиімді жүзеге асыруға жол ашатыны сөзсіз.
Қоғамдық - маңызды шаралар
Идеологиялық, экономикалық және аймақтағы ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 215 ірі көлемді шарадан тұратын 2017 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес 2017 жылдың I жартыжылдығында 72 ірі көлемді шара өтті. 
Күнтізбелік жоспарға 2017 жылдың айтулы даталары - «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі, Алаш Орда қозғалысының 100 жылдығына орай «Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» халықаралық ғылыми-теориялық конференция және мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайға арналған ескерткіштің ашылуы, «Экспо-2017» еріктілерінің слеті, ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл, ҚР Мемлекеттік рәміздеріне – 25 жыл, Елорданың Алматыдан Астанаға ресми көшуінің 20 жыл, 4 қазан - Дүние жүзіндегі ең тұңғыш жасанды Жер серігінің ұшырылуының 60 жыл толуы, «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында Қызылорда облысының өнер күндері және басқа да ауқымды шаралар мен мемлекеттік, кәсіби мерекелер, халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі түрлі конференциялар, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыру енгізілген.
2017 жылғы 17 наурызда Достық үйінде «SarapTime» сарапшылар клубының отырысы өтті. «Жаңа конституциялық жағдайдағы Қазақстан» тақырыбына арналған отырысқа Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі А.Нығметов, «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» ММ жетекші ғылыми қызметкері М.Ғабдуалиев қатысты. 
2017 жылғы 28 наурызда Алашорда қозғалысының 100 жылдығына арналған «Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференция жұмысына белгілі алаштанушы ғалымдар, оқытушы-профессорлар, облыстың зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік құрылымдар және үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Конференция аясында Алашордашылар мен алаштанушы ғалымдардың арнайы кітап көрмесі қойылды. 
Сонымен қатар, қала орталығынан қоғам және мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайдың ескерткіші ашылды.
Үстіміздегі жылғы 30 наурызда құқық бұзушылық пен терроризмнің алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік жасау мақсатында «Заң – тәртіп таразысы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге құқық қорғау орган қызметкерлері, мектеп басшылары және тәрбие жөніндегі орынбасарлары, мектеп инспекторлары, ата-аналар қатысты.
Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 2017 жылғы 31 наурызда ҮЕҰ арналған ақпараттық – ресурстық орталық ашылды. Ашылу салтанатына облыстық ішкі саясат басқармасының өкілі және 30 астам ҮЕҰ жетекшілері қатысты. Ресурстық орталық масқаты ҮЕҰ-мен әлеуметтік әріптестікті дамыту бағытында және мемлекеттік органдармен өзара әріптестікті дамыту болып табылады.
2017 жылы 30-31 мамырда Қызылорда облысында «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты халықаралық форум болып өтті. Форумға ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықова, КХА Төрағасының орынбасары Д. Мыңбай, облыс әкімі Қ. Көшербаев, сонымен қатар бірқатар зиялы қауым өкілдері мен Оңтүстік Корея, Түркия елдерінен және республика өңірлерінен келген ғалымдар мен форум делегаттары қатысты.
Жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыруға, ұлттық бірлікті нығайтуға, тарихи жадыны жаңғыртып, келер ұрпаққа мирас етуге, сондай-ақ, осы мақсаттағы азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы ықпалдастықты арттыруға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2010 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 
Биылғы форум жұмысы облыстағы 15 мекеме мен білім беру ұйымдарында өткізілген бейбітшілік сабақтарынан бастау алды. 
Форум аясында «Тарихи жады және тағылым – рухани жаңғырудың негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 
Сондай-ақ, «Алжир» деректі фильмінің көрсетілімі; «Қазақстан тарихы. Құжаттар мен материалдар (1917–2012)» хрестоматиясының таныстырылымы; «Тар жол-тайғақ кешу» тарихи-деректі көрмесі; Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қайырымды ел» қайырымдылық шарасы; Сырдария ауданы Нағи Ілиясов атындағы ауылдың Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысына қатысу сынды бірқатар шараларға қатысты.
Сонымен бірге, Форум делегаттары ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған, қайта  жаңартылған Мемориалдық ескерткіш жанында өткен «Азалы тарихқа тағзым» атты митинке қатысты. 
3 маусымда Қызылордада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл толуына орай салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы-Жандарбек Мәлібеков, ардагерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жастар қатысты.  Аймақ басшысы қызылордалықтарды 4 маусым-мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.  
Рәміздер аллеясында мемлекеттік қызметке жақында қабылданғандар ант қабылдады. Сонымен қатар, аймақтың бірқатар тұрғындары облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Олар: кәсіби біліктілігі арқасында ана мен оның сәбиін аман алып қалған Қосаман ауылдық округінің фельдшері Жанар Сержанова, алапат өрттен 20 адамды құтқарған №11 өртке қарсы қызмет бөлімінің мамандары, халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Қуаныш Анарбай, шахматтан әлем чемпионы Әсел Серікбай және бірқатар облыстық және республикалық байқаулардың жүлдегері, «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Кирилл Денисов.  
5 маусым күні Қызылорда облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Бұл байқау Мемлекет басшысының  бастамасымен елімізде 2014 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Сонымен, Шиелі ауданының тұрғындары Исламхановтар әулеті байқаудың жеңімпазы атанды. Отағасы Әрібжан Исламханов тыл ардагері және еңбек ері, жары - Назым Қалменова "Батыр ана", "Алтын алқа" иегері. Шаңырақ құрғандарына 59 жыл болған отбасы бүгінде 10 баладан 40 немере, 16 шөбере сүйіп отыр.
Ал, бірінші орынды Жалағаш ауданынан Ғаниевтер отбасы иеленсе, екінші орын аралдық Аймырзаевтар отбасына бұйырды. Жүлделі үшінші орынды сырдариялық Сұлтановтар отбасы мен жалағаштық Нұрмағанбетовтер отбасы қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, Жаңақорған ауданынан Арыновтар отбасы «Ұлағатты отбасы» номинациясымен, қармақшылық Шымбаевтар отбасы «Өнерлі отбасы» номинациясымен, Қызылорда қаласынан Балмахановтар отбасы «Қамқорлық» номинациясымен, сырдариялық Мясцовтар әулеті «Отбасылық үйлесім» номинациясымен марапатталды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
26 маусым күні Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Қанатты қалам» журналистер форумы өтті. Аймақ басшысы республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға шығармашылық табыстар тіледі.
Өз кезегінде қаламгерлер де облыс әкіміне қолдау көрсеткені үшін алғыстарын жеткізді, әріптестерін құттықтап, саланы дамыту бойынша ой-пікір, ұсыныстарын айтты.  
Мемлекеттік ақпараттық саясат
Қазіргі таңда облыстың медиа кеңістігінде 90-нан аса бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істейді. Бұл салада 2 мыңнан астам адам еңбек етеді.
Облыстың медиа кеңістігінде қазіргі таңда 92 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 4-еуі электронды, 5-еуі ақпараттық агенттік, 83 баспа БАҚ (олардың ішінде 25-журнал, 58-газет). 
2017 жылғы ІІ тоқсанда Қызылорда облысында жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 26,7% қоғамдық-саяси, 25,6% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 47,7% өзге де тақырыптық бағыттарда ақпарат тарататынын көрсетті. 
Сонымен қатар, облыс бойынша БАҚ-тың 50% мемлекеттік тілде, 10% орыс тілінде, 40% аралас тілде шығарылады. 
Интернет желісінде 16 баспа БАҚ-тың веб-нұсқасы бар (облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», «Ақмешіт апталығы», «Ұстаз мәртебесі», «Ақмешіт ақшамы», «Халық», «Ұстаз мәртебесі», аудандық «Толқын», «Қазалы», «Қармақшы таңы», «Жалағаш жаршысы», «Тіршілік тынысы», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» газеттері және «Әлімсақ» журналы).
Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2017 жылғы 13 ақпанда «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді. Аталмыш Медиа-жоспар 18 тармақ, 161 тармақшадан құралған, әрі барлық маңызды салаларды ақпараттандыруға бағытталған.
Соңғы 5 жылда Управлением мемлекеттік ақпараттық саясатқа бөлінген қаражат 2,6 есеге ұлғайды. 2012 жылы ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға облыстық бюджеттен 227 000,0 мың теңге бөлінсе, 2017 жылы осы мақсатқа 591 378,0 мың теңге бөлінді (ақпарат үшін: 2013 ж. – 406 019,0 мың. тг., 2014 ж. – 566 825,0 мың. тг., 2015 ж. - 636 364,0 мың. тг., 2016 ж. - 621 700,0 мың. тг. бөлінді).
Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 72 брифинг берілді, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 49 тікелей эфирдегі сұхбат, басқарма тарапынан 52 баспасөз-туры ұйымдастырылды.
2017 жылы облыс тұрғындарының 95%, яғни, 138 275 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 107 375 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 79%-ын құрайды.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша
Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.
2017 жылғы 7 наурызда облыс әкімдігінің № 732 қаулысымен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары» бекітілді.
2017 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 31,7 млн. теңге қаржы бөлінді.
Басқармаға қарасты Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және басқа да ұйым қызметкерлеріне, сонымен қатар жеке тұлғаларға мемлекеттік және ағылшын тілдерін тегін оқытуда.
Есепті мерзімде орталық арқылы 186 адам мемлекеттік тілді оқыту курсынан, 62 адам ағылшын тілін оқыту курсынан өтті.
11 қаңтарда облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өткізілді. Комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласы мен Қармақшы, Жаңақорған аудандары бойынша 14 жалпы білім беретін мектептердің білім сапасы мен тіл туралы заңнамалардың орындалуына сараптау жұмыстары мен жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқытылатын мамандықтардың оқу тіліне талдау жұмыстары жүргізілді.
Сараптау жұмыстарының нәтижесімен Жаңақорған ауданының №53 орта мектебінде қазақ және орыс тілдері бойынша 3 (үш) бірдей мұғалімнің маман еместігі және бірқатар мектептердің маңдайша жазуы мен мөр, мөртабандарында және мекеменің бланкісінде тілдік нормалардың сақталмағаны анықталып, нәтижесімен тиісті ұсыныстар берілді.  
21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай ҚР Ұлттық Ұланы 5547 және 2019 әскери бөлімдерінде «Ана тілім - айбыным» тақырыбында ашық сабақтар және Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде «Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
2017 жылдың 9 наурызында Орталық коммуникациялар орталығында мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға бағытталған  2 әлеуметтік жобаның таныстырылымы өтті. 
27 наурыз - 5 сәуір аралығында Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын, үштілділік саясатын түсіндіру, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында басқарманың және білім саласы қызметкерлері мен филолог ғалымдардан облыстық ақпараттық-насихаттық топ құрылып, Қызылорда қаласы мен аудандарда «Тілдерді меңгеру – заман талабы» тақырыбында семинарлар өткізілді. 
Облыс бойынша үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын шаралардың желілік кестесі бекітіліп, аталған кестеге сәйкес, наурыз-мамыр айларында барлығы 500 шара өткізілді. Өткізілген шараларға қала мен аудандардағы қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері, мектеп оқушылары мен ата-аналар, барлығы 14693 адам қатысты. Барлық шаралар қала, аудан әкімдіктерінің фейсбук парақшалары мен білім бөлімдерінің интернет-ресурстарында ақпараттандырылды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы  «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру» тапсырмасын халық арасында түсіндіру мақсатында  2017 жылғы 14 сәуір күні Қызылорда қоғамдық телеарнасының «Мезгіл мәселесі» хабарында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филолог ғалымдары Ж. Сәдуақасұлы, А. Абасилов пен облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Н. Мусаеваның сұхбаттары берілді.
28 сәуірде облыстағы зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, жоғары оқу орындарының филолог-ғалымдары, білім, мәдениет салалары мен тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері, Қызылорда қаласындағы алдыңғы қатарлы мектептердің басшылары, мұғалімдері және қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестіктері жетекшілерінің қатысуымен Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған мәселелердің өзектілігі мен көтерілген тақырыптардың салмақтылығын талқылау мақсатында «Жаңғырудың жаңа жолы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Сондай-ақ, мақалада көтерілген латын әліпбиіне көшу бойынша  2017 жылдың 5 мамыры күні облыс әкімдігінде қазақ әліпбиінің жаңа графикасын жасауға ұсыныс беру мақсатында құрылған жұмысшы топтың отырысы өтіп, қорытындысымен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрліктеріне А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек әзірлеген латын әліпбиінің «Ұлттық жобасын» жаңа графика ретінде қабылдауға ұсыныстар жолданды.
Сонымен қатар, облыста Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, үштілділікті насихаттау мақсатында «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» және «Үштілділікті насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік жобалары жүзеге асырылуда. 
Жобалар аясында облыс тұрғындары арасында мемлекеттік тілді насихаттау және қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, үш тілді жетік меңгерген жастарды қолдау және ынталандыру, ономастика және көрнекі ақпарат салаларындағы заңнамалық өзгерістерді түсіндіру, тіл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы өзекті мәселелерді көтеру, облыс тұрғындары арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу, шаралар өткізу, т.б. жоспарланды.
«Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында а.ж. 11 сәуірі күні қазақ тілді жастар арасында орыс тілі білгірлерінің «Ой-сана», 20 сәуір күні Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері мен 11 мамыр күні Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер арасында 6 маусым күні «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте», «Тіл шебері-2017» облыстық байқаулары ұйымдастырылды.
«Үштілділікті насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыру барысында 2017 жылдың 27 наурызында қала тұрғындары, қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері мен мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен «Тілдерді меңгеру – заман талабы» атты облыстық семинар, 18 сәуір күні жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерінен құралған командалар арасында «Үш тілді білу – заман талабы» атты облыстық интеллектуалдық сайыс, 19 мамыр күні қазақ тілінде білім алатын жастардың орыс әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау мақсатында «Пушкин оқулары» облыстық байқаулары өтті. 
2017 жылдың 20 маусымынан бастап облыста «Қазтест» жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру» әлеуметтік маңызды жобасы іске асырылуда. Жоба аясында аудандық,  қалалық, және облыстық әкімдіктердің 675 мемлекеттік қызметшілері мен мемлекеттік қызмет көрсетеін ұйым қызметкерлеріне екі күндік семинар-тренингтер өткізілуде. 
Есепті мерзімде жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын меңгеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны және үш тілде білім беруді насихаттауға бағытталған «Тіл – барлық білімнің кілті» телебағдарламасы облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан тұрақты берілуде. 
Тілдік ахуалды зерделеу бойынша І жартыжылдықтың қорытындысымен шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,8%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 98% құрады.
Облыс халқының тілдерді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында мамыр айында жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша респонденттердің 99,5% - мемлекеттік тілді, 76,5% - орыс тілін, 13,7% - ағылшын тілін, 13,6% - үш тілді қатар меңгергендерді құрады.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, үштілділікті насихаттау мақсатында БАҚ-тарда 152 мақала жарық көрсе, эфирден 5 телебағдарлама, 1 бейнеролик, жергілікті телеарналардан 37 сюжет көрсетілді.
Ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау бойынша 
Есепті кезеңде облыстық ономастика комиссиясының бір отырысы өткізілді. Отырыс барысында 76 ұсыныс қаралып, 74-не оң қорытынды берілді. «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 56 топонимикалық атаулар енгізілді. Облыс аумағындағы мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкес қолданылуын анықтау мақсатында 602 мекемеге бақылау жұмыстары жүргізіліп, орын алған кемшіліктер заң талаптарына сәйкестендірілді.
Облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті. 
Отырыста Қызылорда қаласы мен Қармақшы ауданындағы мемлекеттік рәміздердің қолданылу мен пайдалану жай-күйі туралы есеп тыңдалды. 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің  25 жылдығын кең көлемде атап өтуге байланысты іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес шаралар өткізілді.
Қоғамдық көліктерде, аэропорттарда, темір жол вокзалдарында және ірі кәсіпорындарда 4 маусым күні сағат 12.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні бір мезгілде орындалды. 
Басқарманың ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік Рәміздері аллеясында «Мемлекеттік рәміздер - мақтанышым!» атты мерекелік қорытынды шара өткізілді. 
Шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, белгілі сәулетші Мәлібеков Жандарбек Мәлібекұлы, облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер, аймақтағы зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, өңіріміздегі этномәдени бірлестік өкілдері, әскери қызметкерлер, саяси партия, үкіметтік емес ұйым мүшелері, олимпиада және спорт саласының жеңімпаздары, БАҚ өкілдері, белсенді жастар қатысты. 
Сонымен қатар, қала орталығындағы Оқушылар үйінде оқушылардың қатысуымен «Ел рәміздері–асыл мұрамыз» атты жас суретшілер байқауы өткізілді. 
Қызылорда қалалық мәдени-демалыс паркінде «Көк байрағым көгімде» атты  жастар акциясы ұйымдастырылды. 
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы 21-бабы талаптарының сақталуына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Қорытындысы бойынша 368 жеке кәсіпкерлік нысан иелеріне тіл туралы заң талаптарын түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 65 нысанда орын алған заңбұзушылықтар жойылды. 
Дін саласы бойынша 
Қызылорда облысындағы діни ахуал тұрақты сипатта. Қызылорда облысында 176 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 11 жергілікті діни бірлестік, 165 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.
Аймақтағы деструктивті діни ағымдардың алдын алу және діни тұрақтылықты сақтау мақсатында 2017 жылғы І жартыжылдықта түрлі форматта 1252 іс-шара ұйымдастырылып, оған 60 мың адам қатысты. Жергілікті БАҚ-та 522 ақпараттық метариалдар жарияланды. Оның ішінде жергілікті телеарналар арқылы – 144 материал, баспа БАҚ-та – 85 мақала жарық көрді. Интернет желісінде діни тақырыпта 293 материал орналаcтырылды. 
Тұрғындармен жұмыстың негізгі көзі халық көп шоғырланатын қоғамдық орталарда, яғни, сауда орындары, автотұрақтар, темір жол вокзалдары, ауылдық округтер мен елдімекендерге қатынайтын жолаушылар көлігінде, саяжайлар мен аулаларда жүргізілуде.
Сондай-ақ, тұрғындардың дәстүрлі емес діни ағымдар идеологиясына қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында адамдар көп шоғырланатын орындарда (темір жол вокзалы, такси тұрақтары, сауда үйлері) «Жалған діни ұйымдарға жол жоқ», «Жалған діни ұйымдарға кіріп кетпеудің амалдары», «Жастарды жат ағымнан сақтайық», «Деструктивті діни ұйымдардың шырмауынан абай болыңыз», «Ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болыңыз!» тақырыптарында бүкетемелер іс-шараларда халыққа таратылуда.
Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен 2017 жылғы І жартыжылдықта өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспары және теологтардың кездесу кестесі бекітілген болатын. Бекітілген кестеге сәйкес, теологтар жазасын өтеушілермен 102 кездесу өткізіп, кездесулердің 68-і діни экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталғандармен жүргізілді.
2017 жылғы І жартыжылдықта 700-ден астам интернет сайттарға талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күмән келтірген 227 сайт ҚР Дін істері комитетіне жолданды. Комитет тарапынан 43 сайтқа теріс қорытынды беріліп, сот сараптамасын тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органға жолдаған.
Сонымен қатар, экстремистік деп танылып, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, шығаруға және таратуға тыйым салынған діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдар тізімін мына сілтеме арқылы көре аласыздар.

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының

2017 жылдың I тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстарының  есебі

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету

Басқарма тарапынан барлық атқарылып жатқан шаралар еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып іске асырылады.

Мониторинг барысында анықталған қандай да бір әлеуметтік–саяси кернеулік алғышарттары «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары Картасына» енгізіліп, олардың шешілу барысы бақылауда болады. Жыл басынан бері картаға 36 мәселе кенгізіліп, 1 тоқсан қорытындысы бойынша 4 мәселе шешімін табуына байланысты бақылаудан алынды.

Сынымен қатар, тұрғындар үшін облыс әкімдігінің ресми сайтында http://e-kyzylorda.gov.kz/kk/blog арнайы сілтемесі орналастырылып, тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша хабарласу мүмкіндігі жасалды.

Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі қалың бұқара арасындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын кеңінен насихаттап, әрбір тұрғынның хабардардығын арттыру болып табылады. Бұл ретте, «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру туралы 2017 жылы 15 ақпанда №487-Ө-өкімімен 129 адамнан жасақталған 9 облыстық ақпараттық-насихаттық топ (әрбір аудан, Қызылорда және Байқоңыр қалаларына) құрылды. Осындай топтар барлық ауданда рмен Қызылорда қаласында құрылып барлығы 44 топ, 259 мүше енгізілді.

Аталған топ құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ өкілдері енгізілді. Топ жетекшілігіне облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы және «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары бекітілді.

Облыстық ақпараттық-насихаттық топтың жұмысы кезең-кезеңімен ұйымдастыру жоспарланып, мүшелерінің елді-мекендерге шығу жоспары тоқсан сайын ұйымдастырылады. Есепті тоқсанда 10 ақпан – 16 наурыз аралығында ақпараттық топ барлығы 431 арнайы шараға қатысып, 32 мыңнан астам тұрғын Жолдаудан туындайтын міндеттер бойынша ақпарат алмасты.

Есепті мерзімде облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан күніне 8 реттен  Жолдаудың басым бағыттары бойынша телекестелер көрсетілуде. «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерімен қоса, басқа да жергілікті баспа басылымдарда «Жолдау», «Жолдауға қолдау», «Ел үні», «Идеологиялық актив», «Послание Президента РК: резонанс», «Елбасы Жолдауы - елдіктің арқауы», «Жолдау-насихат» арнайы айдарлары ашылып, 223 материал жарияланды.

Жолдаудың міндеттері мен негізгі бағыттарының мен іске асырылу барысын түсіндіру мақсатында жергілікті БАҚ-та 49 инфографика орналастырылды.

Сонымен қатар, 2017 жылғы 2 ақпанда қала, аудан әкімдері мен облыстық басқармалар, аумақтық департамент және инспекция басшыларының Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы БАҚ өкілдеріне арналған брифинг беру кестесі бекітіліп, бүгінгі күні 16 брифинг өткізілді.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауы интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде де кеңінен ақпараттандырылуда.

Облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсында (https://e-kyzylorda.gov.kz/?q=kk/content/prezidenttin-zholdaulary) Жолдау логотипі орналастырылды. Орындалу нәтижесі тоқсан сайын жаңартылып отырады.

Республикалық ақпараттық топ мүшелерінің және қоғамдық пікір көшбасшыларының облыс тұрғындарына Елбасы Жолдауын насихаттауы, сұхбаттар мен пікірлер, атқарылған шаралар нәтижелері «Kazakhstan today», «strategy2050.kz», «kyzylorda-news.kz», «liter.kz», «kyzylorda.i-news.kz», «seykhuninfo.kz», «alashinform.kz», «syrboyi.kz», «kzvesti.kz», «palata.kz» сайттарында кеңінен насихатталып, есепті мерзімде барлығы 180 материал жарияланды.

«Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі «Өңірлік коммуникациялар қызметі», «Қызылорда облысы әкімдігі», «Облыстық ішкі саясат басқармасы Қызылорда», «Ақпарат орталығы», «Қызылорда қаласының әкімдігі» мен аудан әкімдіктерінің ресми парақшаларында 950 материал орналастырылды.

«Вконтакте» әлеуметтік желісі мен «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі жалпыға ортақ «Кызылорда», «Афиша Кызылорды» топтарына «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі «7242kyzylorda», «kyzylorda_palata», «rsk.kyzylorda» парақшаларына 38 мотиватор орналастырылды.

Аталған материалдар #ЖОЛДАУ2017 хэштегін пайдалана отырып жариялануда.

Мемлекеттік ақпараттық саясат

Облыстың медиа кеңістігінде қазіргі таңда 86 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 4-еуі электронды, 5-еуі ақпараттық агенттік, 77 баспа БАҚ (олардың ішінде 21-журнал, 56-газет).

2017 жылғы І тоқсанда Қызылорда облысында жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 26,7% қоғамдық-саяси, 25,6% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 47,7% өзге де тақырыптық бағыттарда ақпарат тарататынын көрсетті.

Сонымен қатар, облыс бойынша БАҚ-тың 50% мемлекеттік тілде, 10% орыс тілінде, 40% аралас тілде шығарылады.

Интернет желісінде 13 баспа БАҚ-тың веб-нұсқасы бар (облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», «Ақмешіт апталығы», «Ұстаз мәртебесі», аудандық «Толқын», «Қазалы», «Қармақшы таңы», «Жалағаш жаршысы», «Тіршілік тынысы», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» газеттері және «Әлімсақ» журналы).

Сонымен қатар kyzylorda-news.kz, alashinform.kzseykhuninfo.kz. сайттары жұмыс жасайды.

Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2017 жылғы 13 ақпанда «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді. Аталмыш Медиа-жоспар 18 тармақ, 161 тармақшадан құралған, әрі барлық маңызды салаларды ақпараттандыруға бағытталған.

Соңғы 5 жылда мемлекеттік ақпараттық саясатқа бөлінген қаражат 2,6 есеге ұлғайды. 2012 жылы ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға облыстық бюджеттен 227 000,0 мың теңге бөлінсе, 2017 жылы осы мақсатқа 591 378,0 мың теңге бөлінді (ақпарат үшін: 2013 ж. – 406 019,0 мың. тг., 2014 ж. – 566 825,0 мың. тг., 2015 ж. - 636 364,0 мың. тг., 2016 ж. - 621 700,0 мың. тг. бөлінді).

Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 37 брифинг берілді, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 25 тікелей эфирдегі сұхбат, сонымен бірге, басқарма тарапынан 24 баспасөз-туры ұйымдастырылды.

2017 жылы облыс тұрғындарының 95%, яғни, 138 275 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 104 660 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 76%-ын құрайды.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша

Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.

2017 жылғы 7 наурызда облыс әкімдігінің № 732 қаулысымен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары» бекітілді.

2017 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 27,9 млн. теңге қаржы бөлінді.

Есепті мерзімде Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы арқылы тегін 62 адам мемлекеттік тілді оқыту курсынан, 18 адам ағылшын тілін оқыту курсынан өтті.

11 қаңтарда облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өткізілді. Комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласы мен Қармақшы, Жаңақорған аудандары бойынша 14 жалпы білім беретін мектептердің білім сапасы мен тіл туралы заңнамалардың орындалуына сараптау жұмыстары мен жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқытылатын мамандықтардың оқу тіліне талдау жұмыстары жүргізілді.

Сараптау жұмыстарының нәтижесімен Жаңақорған ауданының №53 орта мектебінде қазақ және орыс тілдері бойынша 3 (үш) бірдей мұғалімнің маман еместігі және бірқатар мектептердің маңдайша жазуы мен мөр, мөртабандарында және мекеменің бланкісінде тілдік нормалардың сақталмағаны анықталып, нәтижесімен тиісті ұсыныстар берілді. 

21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай ҚР Ұлттық Ұланы 5547 және 2019 әскери бөлімдерінде «Ана тілім - айбыным» тақырыбында ашық сабақтар және Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде «Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

2017 жылдың 9 наурызында Орталық коммуникациялар орталығында мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға бағытталған  2 әлеуметтік жобаның таныстырылымы өтті.

27 наурыз - 5 сәуір аралығында Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқын Жолдауын, үштілділік саясатын түсіндіру, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында басқарманың және білім саласы қызметкерлері мен филолог ғалымдардан облыстық ақпараттық-насихаттық топ құрылып,  Қызылорда қаласы мен аудандарда «Тілдерді меңгеру – заман талабы» тақырыбында семинарлар өткізілуде.

Облыс бойынша үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын шаралардың желілік кестесі бекітіліп, аталған кестеге сәйкес, наурыз айында барлығы 160 шара өткізілді. Өткізілген шараларға қала мен аудандардағы қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері, мектеп оқушылары мен ата-аналар, барлығы 4741 адам қатысты. Барлық шаралар қала, аудан әкімдіктерінің фейсбук парақшалары мен білім бөлімдерінің интернет-ресурстарында ақпараттандырылды.

Тілдік ахуалды зерделеу бойынша жинақталған мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда  шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 100%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 98,2% құрайды.

Сондай-ақ, қаңтар айында Жалағаш ауданындағы Т. Жүргенов атындағы № 123 мектеп-лицейі мен «Жандинұр» балабақшасына, Қызылорда қаласындағы № 4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты және Қазалы аудандық мәслихаты аппаратына өз сұраныстарына сәйкес оқу-әдістемелік құралдар таратылды.

Есепті мерзімде басқарманың тапсырысымен облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын игеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен үш тілді білудің негізінде жетістікке жеткен жастарды насихаттау арқылы жастардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын және олардың белсенділігін арттыру мақсатындағы «Тіл - барлық білімнің кілті» телебағдарламасы ұйымдастырылды.

Ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау бойынша

2016 жылғы 26 желтоқсанда Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия төрағасы, облыс әкімі Қ. Көшербаевпен Мемлекеттік рәміздерді қолдану, қадағалау және ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізудің 2017 жылға арналған жоспары бекітілді.

Жұмыс жоспарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің    25 жылдығына арналған ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін кең көлемде атап өтуге байланысты іс-шаралар ұйымдастырып, өткізу және ақпараттық-насихаттық жұмыстары енгізіліп, жоспарға сәйкес Қызылорда қаласы және барлық аудандарда шаралар өткізілуде.

2017 жылғы 20-24 ақпан күндері облыс аумағындағы мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкес қолданылуын анықтау мақсатында барлық аудандар мен кент және ауылдық округтерде бақылау жұмыстары жүргізіліп, орын алған кемшіліктер  заң талаптарына сәйкестендірілді.

2017 жылғы 10 наурызда облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «ҚР мемлекеттік рәміздерін орналастыру тәртібі мен стандартқа сәйкес қолданылуы» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А. Қайруллаев, басқарма басышысының орынбасары Ә. Жарылқағанов пен Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы  Е. Кеулімжаев, сонымен бірге мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

Семинар барысында басқарма басшысының орынбасары Ә. Жарылқағанов,  Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е. Кеулімжаев «ҚР Мемлекеттік рәміздерді орналастыру тәртібі мен стандартқа сәйкес қолданылуы» тақырыбында хабарлама жасады.

Семинар соңында қатысушылар сұрақ қойып, ой-пікірлерін ортаға салды.

Өңіріміздегі ономастикалық атауларды жүйелеу мақсатында облыс аумағындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген, мән-мағынасыз қойылған әлеуметтік нысандар мен көше атауларының базасы жасалды. Нәтижесінде, облыс бойынша идеологиялық тұрғыдан ескірген 107, атауы жоқ 362 көше анықталды. Сондай-ақ, 2 ауылдық округ және  5 бөлімше,  6 ауыл, 3 мектеп қайта атауға жатады. 

«Қызылорда облысының білім беру және мәдениет мекемелеріне атау беру мен қайта атау туралы» ҚР Үкіметінің  қаулысы шықты. Осыған байланысты,  тиісті заңнамаларға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Дін саласы бойынша 

Қызылорда облысындағы діни ахуал тұрақты сипатта. Қызылорда облысында 175 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 11 жергілікті діни бірлестік, 164 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.

Аймақтағы деструктивті діни ағымдардың алдын алу және діни тұрақтылықты сақтау мақсатында 2017 жылғы І тоқсанда түрлі форматта 505 іс-шара ұйымдастырылып, оған 24918 адам қамтылды. Жергілікті БАҚ-та 401 ақпараттық метариалдар жарияланды. Оның ішінде жергілікті телеарналар арқылы – 121 материал, баспа БАҚ-та – 59 мақала, интернет желісінде 221 материал орналастырылды.

Тұрғындармен жұмыстың негізгі көзі халық көп шоғырланатын қоғамдық орталарда, яғни, сауда орындары, автотұрақтар, темір жол вокзалдары, ауылдық округтер мен елдімекендерге қатынайтын жолаушылар көлігінде, саяжайлар мен аулаларда жүргізілуде.

Сондай-ақ, тұрғындардың дәстүрлі емес діни ағымдар идеологиясына қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында адамдар көп шоғырланатын орындарда (темір жол вокзалы, такси тұрақтары, сауда үйлері) «Жалған діни ұйымдарға жол жоқ», «Жалған діни ұйымдарға кіріп кетпеудің амалдары», «Жастарды жат ағымнан сақтайық», «Деструктивтік діни ұйымдардың шырмауынан абай болыңыз», «Ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болыңыз!» тақырыптарында бүкетемелер іс-шараларда халыққа таратылуда.

Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен 2017 жылғы І жартыжылдықта өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспары және теологтардың кездесу кестесі бекітілген болатын. Бекітілген кестеге сәйкес, теологтар жазасын өтеушілермен 63 кездесу өткізіп, кездесулердің 45-і діни экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталғандармен жүргізілді.

Сонымен қатар, Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті ЗК-169/5, ЗК-169/4, ЗК-169/1 мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен 2016 жылғы өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес 4 мәдени, 4 спорттық, 1 ағартушылық жұмыстар ұйымдастырылып, 815 адам қамтылды.

«Діни экстремизм және терроризмге қарсы тұру бағытында облыс тұрғындарының, сонымен қатар дәстүрлі емес діни ағымдар жетегінде кеткен азаматтарға теологиялық білім бере отырып, теріс бағыттағы көзқарастарынан қайтару бағытындағы жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында 3-5 наурыз аралығында Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің ұстазы Р. Батталұлы, 28-30 наурыз аралығында Е. Шоқай Қызылорда қаласында іс-сапарда болып, бірқатар кездесулер ұйымдастырылды.

Атап айтар болсақ, С. Майқанова атындағы мәдениет үйінде ҚМДБ-ның облыс аумағындағы 130-дас астам имамдарымен кездесу өткізілді. Сонымен қатар, «Ақмеші-Сырдария», «Айтбай» мешіттерінің жамағатына уағыз айтып, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Дін мен діл» телебағдарламасына сұхбат берді.

2 наурызда конфессияаралық келісім мен діни толеранттылықты нығайту мақсатында христиандық бағыттағы діни бірлестіктердің басшыларымен кездесу өткізілді. Шараға өңірдегі 6 христиандық діни бірлестіктің басшылары мен өкілдері қатысып, қазіргі таңдағы өзекті мәселелер көтерілді.

2017 жылғы І тоқсанында 400-ге жуық интернет сайттарға талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күмән келтірген 141 сайт ҚР МСМ Дін істері комитетіне жолданды. Комитет тарапынан 5 сайтқа теріс қорытынды беріліп, сот сараптамасын тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органға жолдаған.

Сонымен қатар, экстремистік деп танылып, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, шығаруға және таратуға тыйым салынған діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдар тізімін мына сілтеме арқылы көре аласыздар.

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс

Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны 838-ді құрап отыр. Оның ішінде 392-сі нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар.

2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 701,0 млн. теңге қаржы бөлініп, 162 әлеуметтік жоба жүзеге асырылса, 2017 жылы 924,6 млн. теңге қаралып, 130 әлеуметтік жоба жүзеге асыру көзделген. Оның ішінде, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша 18 әлеуметтік жобаға облыстық бюджеттен 160 млн. 333 мың теңге қаржы бөлінді.

Қоғамдық-маңызды шаралар

Идеологиялық, экономикалық және аймақтағы ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 215 ірі көлемді шарадан тұратын 2017 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.

Күнтізбелік жоспарға 2017 жылдың айтулы даталары - «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі, Алаш Орда қозғалысының 100 жылдығына орай «Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» халықаралық ғылыми-теориялық конференция және мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайға арналған ескерткіштің ашылуы, «Экспо-2017» еріктілерінің слеті, ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл, ҚР Мемлекеттік рәміздеріне – 25 жыл, Елорданың Алматыдан Астанаға ресми көшуінің 20 жыл, 4 қазан - Дүние жүзіндегі ең тұңғыш жасанды Жер серігінің ұшырылуының 60 жыл толуы, «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында Қызылорда облысының өнер күндері  және басқа да ауқымды шаралар мен мемлекеттік, кәсіби мерекелер, халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі түрлі конференциялар, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыру енгізілген.

2017 жылғы 17 наурызда  Достық үйінде «SarapTime» сарапшылар клубының отырысы өтті. «Жаңа конституциялық жағдайдағы Қазақстан» тақырыбына арналған отырысқа Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі А.Нығметов, «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» ММ жетекші ғылыми қызметкері М.Ғабдуалиев қатысты.

2017 жылғы 28 наурызда Алашорда қозғалысының 100 жылдығына арналған «Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференция жұмысына белгілі алаштанушы ғалымдар, оқытушы-профессорлар, облыстың зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік құрылымдар және үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Конференция аясында Алашордашылар мен алаштанушы ғалымдардың арнайы кітап көрмесі қойылды.

Сонымен қатар, қала орталығынан қоғам және мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайдың ескерткіші ашылды.

Үстіміздегі жылғы 30 наурызда құқық бұзушылық пен терроризмнің алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік жасау мақсатында «Заң – тәртіп таразысы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге құқық қорғау орган қызметкерлері, мектеп басшылары және тәрбие жөніндегі орынбасарлары, мектеп инспекторлары, ата-аналар қатысты.

Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 2017 жылғы 31 наурызда ҮЕҰ арналған ақпараттық – ресурстық орталық ашылды. Ашылу салтанатына облыстық ішкі саясат басқармасының өкілі және 30 астам ҮЕҰ жетекшілері қатысты. Ресурстық орталық масқаты ҮЕҰ-мен әлеуметтік әріптестікті дамыту бағытында және мемлекеттік органдармен өзара әріптестікті дамыту болып табылады.

Үкіметтік емес ұйымдар Дерекқоры туралы қысқаша ақпарат

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру үшін Қазақстанда ҮЕҰ Дерекқоры құрылды.

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсыну керек.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметіне сәйкес 2016 жылы  Қызылорда облысы бойынша 101 үкіметтік емес ұйым Дерекқорға мәлімет ұсынса, есепті мерзімде ҮЕҰ Дерекқорына 28 ұйым өз қызметі жөнінде мәліметтер тапсырған. 

Жыл басынан облыс бойынша ҮЕҰ-дың мәліметті Дерекқорға ұсыну тәртібі бойынша 50-ге жуық түсіндірме жұмыстары, кездесу, дөңгелек үстелдер өткізілді. ҮЕҰ-ды барынша ақпараттандыру бойынша БАҚ-та хабарландырулар берілді. Облыс, қала, аудан әкімдіктерінің және «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығының ресми интернет-ресурстарында әдістемелік ұсынымдар, жадынамалар орналастырылған.

 «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексімен ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынған ҮЕҰ-ға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (489-1-бабы: 1-тармақ бойынша – ескерту жасауға; 2-тармақ бойынша – қайталап жасалған әрекеттер үшін - жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді).

Мәдениет және спорт министрлігінің ресми мәліметі бойынша 2016 жылы ҮЕҰ Дерекқорына Қызылорда облысы бойынша 101 ҮЕҰ тапсырса, есепті мерзімде ҮЕҰ Дерекқорына 28 ұйым өз қызметі жөнінде мәліметтер ұсынған. Бұл бағытта үкіметтік емес ұйымдар арасында аталған заң талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

 

Құрылған күні: 24-09-2012 00:45
Жаңартылған күні: 15-10-2019 18:03

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика