Қызылорда облысының 2019 жылдың қаңтар-наурыз
айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
 
Өнеркәсіп. 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 226,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. 
Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2019 жылы жалпы құны 36,9 млрд.теңгені құрайтын, 371 жұмыс орындары құрылатын 3 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олар:
1) «Табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы («Orda Glas» ЖШС)
Жоба құны – 36,7 млрд. теңге, 
Қуаттылығы – жылына 197,1 мың тонна;
Жүзеге асу орны – Қызылорда қаласы;
Жұмыс орны – 226 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2019 жыл желтоқсан.
2) «Күйдірілген кірпіш өндірісі зауыты» («АКТАЛ» ЖК)
Жоба құны – 30,8 млн.теңге;
Қуаттылығы - жылына 4 млн.дана кірпіш;
Жүзеге асырылу орны – Қызылорда қаласы;
Жұмыс орындары - 45 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2019 жылдың 1 жартыжылдығы.
3) «Балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехін салу» («Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС)
Жоба құны – 160 млн. теңге;
Қуаттылығы – жылына 4 мың тонна балық;
Жүзеге асу орны – Арал ауданы;
Жұмыс орны – 100 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2019 жылдың 2 жартыжылдығы.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 84,0 млрд. теңгені құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 225,7 пайыз. 
Құрылыс жұмыстардың көлемі 9,4 млрд. теңгені құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 120,4 пайыз.
126,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 112,9 пайыз.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 10,1 млрд.теңгені құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 101,3 пайыз.
Есепті кезеңде 8,1 мың тонна тірілей салмақтағы мал және құс еті (101,1 пайыз), 16,9 мың тонна сиыр сүті (101,6 пайыз), 1,7 млн. дана жұмыртқа (148,5 пайыз) өндірілді. 
Көлік. 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында жүк тасымалдау көлемі 18,9 млн.тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 100,4 пайызды құрады. Жүк айналым көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,9 пайызға артып, 3 151,1 млн. тонна шақырымды құрады.
Автокөлік кәсіпорындарымен 84,5 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,5 пайызға артқан. Жолаушылар айналымы осы кезеңде 6,1 пайызға өсіп, 1634,3 млн. жолаушы шақырымға жетті.
Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады (2018 жылдың 4 тоқсанына).
7231 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыспен 2775 адам, жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыстарға 2768 адам, жастар тәжірбиесімен 1091 адам, әлеуметтік жұмыстарға 597 адам жіберілді. 
2019 жылдың 1 сәуіріне 2859 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 2802 тұрақты. 
2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 129 702 теңгені құрады, яғни 2017 жылдың тиісті кезеңіне 105,2 пайыз. 
Тұтыну бағаларының индексі 2019 жылдың наурыз айында 2018 жылдың желтоқсанына қарағанда 101,1 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 103,6 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 101,1 пайыз, ақылы қызметке – 98,0 пайыз.
Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 37,1 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға 111,2 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 23,4 млрд. теңге түсті (болжамға 101,2 пайыз), жергілікті бюджетке 13,7 млрд. теңге (болжамға 133,7 пайыз).  
Құрылған күні: 22-04-2019 17:15
Жаңартылған күні: 26-04-2019 09:25

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика