Қызылорда облысының 2019 жылдың қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Өнеркәсіп. 2019 жылдың қаңтар айында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 75,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. 
Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2019 жылы жалпы құны 36,9 млрд.теңгені құрайтын, 371 жұмыс орындары құрылатын 3 жобаны іске қосу жоспарлануда. Олар:
1) «Табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы («Orda Glas» ЖШС)
Жоба құны – 36,7 млрд. теңге, 
Қуаттылығы – жылына 197,1 мың тонна;
Жүзеге асу орны – Қызылорда қаласы;
Жұмыс орны – 226 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2019 жыл желтоқсан.
2) «Күйдірілген кірпіш өндірісі зауыты» («АКТАЛ» ЖК)
Жоба құны – 30,8 млн.теңге;
Қуаттылығы - жылына 4 млн.дана кірпіш;
Жүзеге асырылу орны – Қызылорда қаласы;
Жұмыс орындары- 45 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2019 жылдың 1 жартыжылдығы.
3) «Балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехін салу» («Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС)
Жоба құны – 160 млн. теңге;
Қуаттылығы – жылына 4 мың тонна балық;
Жүзеге асу орны – Арал ауданы;
Жұмыс орны – 100 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2019 жылдың 2 жартыжылдығы.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 46,7 млрд. теңгені құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 429,8 пайыз. 
Құрылыс жұмыстардың көлемі 1,0 млрд. теңгені құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 68,9 пайыз.
36,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 102,1 пайыз.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 3,5 млрд.теңгені құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 101,5 пайыз.
Есепті кезеңде 2,9 мың тонна тірілей салмақтағы мал және құс еті (101,4 пайыз), 5,4 мың тонна сиыр сүті (101,7 пайыз), 0,6 млн. дана жұмыртқа (165,2 пайыз) өндірілді. 
Көлік.2019 жылдың қаңтар айында жүк тасымалдау көлемі 6,2 млн.тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 99,5 пайызды құрады. Жүк айналым көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,3 пайызға артып, 1 063,9 млн.тонна шақырымды құрады.
Автокөлік кәсіпорындарымен 29,6  млн.жолаушы тасымалданды, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,3 пайызға артқан. Жолаушылар айналымы осы кезеңде 8,7 пайызға өсіп, 560,0 млн. жолаушы шақырымға жетті.
Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады (2018 жылдың 3 тоқсанына).
2224 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыспен 899 адам, жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыстарға 1065 адам, жастар тәжірбиесімен 241 адам, әлеуметтік жұмыстарға 19 адам жіберілді. 
2019 жылдың 1 ақпанына 741 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 720 тұрақты. 
2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 129 702 теңгені құрады, яғни 2017 жылдың тиісті кезеңіне 105,2 пайыз. 
Тұтыну бағаларының индексі 2019 жылдың қаңтар айында 2018 жылдың желтоқсанына қарағанда 100,4 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 101,0 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 100,5 пайыз, ақылы қызметке – 100,6 пайыз.
Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 8,7 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға 165,3 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 4,3 млрд.теңге түсті (болжамға 109,5 пайыз), жергілікті бюджетке 4,4 млрд.теңге (болжамға 332,9 пайыз).  
 
Құрылған күні: 15-02-2019 12:38
Жаңартылған күні: 22-04-2019 17:05

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика