Облыстық терроризмге қарсы комиссияның отырысы туралы
2019 жылғы 1 қазанда облыс әкімі Қ.Д. Ысқақовтың төрағалығымен облыстық терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Отырыста аумақта «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның» орындалуы мен аудандарда діни экстремизм және терроризм профилактикасы бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы бірқатар мәселелер қаралды.

Облыстық терроризмге қарсы комиссия отырысы
2019 жылғы 13 наурызда облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтің төрағалығымен облыстық терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:
1. Деструктивті діни ағымдардың белсенді өкілдерімен және олардың ортасымен жеке (адрестік) ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарды ұйымдастыру барысы туралы. Жұмыстарды жетілдіру шаралары. Ақпараттық-түсіндірмелік топтардың теолог мамандармен толықтырылуы туралы. 
Баяндамашы: облыстық ішкі саясат басқармасы
2. Қызылорда облысының терроризмге қарсы комиссияларымен діни экстремизм мен терроризм профилактикасы саласындағы бағдарламалық құжаттардың іске асрылу барысы туралы. Туындаған мәселелер, оларды шешу бойынша шаралар. 
Баяндамашы: облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы
Сонымен қатар, терроризмге қарсы комиссияның хаттамалық шешімдерінің іске асырылуы туралы сұрақ қаралып, құзырлы мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.


 

 

 

 

Құрылған күні: 01-09-2016 16:27
Жаңартылған күні: 14-10-2019 14:46

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика