Новость:: 

Ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық жобалар

     Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Жалағаш ауданындағы «Бақдәулет» шаруа қожалығының егістігінде «Қызылорда облысының күріш жүйелерінің мелиоративтік жағдайын ауыспалы егіске қант құмайын енгізу арқылы жақсарту» бойынша жоба жұмыстарымен таныстырып, «Дала күні» семинарын өткізді.

     Семинарға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің мамандары, ғалымдар, ауыл шаруашылық құрылымдарының жетекшілері қатысып, жоба нәтижесімен танысты.

     Жобаның мақсаты – Қызылорда облысының күріш жүйелеріндегі мелиоративтік жағдайды жақсарту мақсатында топырақ қабатынан ең көп тұз шығаруды қамтамасыз ететін тұзға және құрғақшылыққа төзімді дақыл – қант құмайын өсіру арқылы бос жерлерді ауылшаруашылық айналымына қосып, суармалы егіс көлемін кеңейту, егілетін дақылдардан кепілді өнім алу.

     Сонымен қатар, қант құмайы мал азығын дайындауда көк балауса, сүрлем, құрама жем және жем-шөп ретінде қолданылады.

01.10.2019 ж.

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 01-10-2019 17:00
Жаңартылған күні: 01-10-2019 17:00

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
8 + 5 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика