Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).


Білім саласы.

 

Аймақтың білім беру жүйесі Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы басымдылығымен дамытылады және аймақ экономикасын тұрақты өсуі үшін білімнің сапалы қолжетімділігін қамтамасыз етуге көзделген.

Облыстық бюджеттен облыстық білім саласына 2018 жылға барлығы 12 808 746,4 мың теңге (2017 жылы – 10 942 456 мың теңге) бөлінді. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 17 %-ға ұлғайтылды.

Жалпы 2018-2020 жылдарға арналған білім жүйесін дамытуға арналған шығыстар мынадай іс-шараларды өткізуге бағытталған:

  •  аппарат шығындары – 111 489 мың теңге;
  •  «Өмірдің қиын жағдайына түскен балаларға және отбасын қолдау орталығы» әлеуметтік жобасын іске асыру – 15 341 мың теңге;
  •  2 облыстық санаторлық мектеп-интернат, 3 облыстық коррекциялық мектеп-интернат және облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернат шеңберінде арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру – 988 803 мың теңге;
  •  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендіру, орта білім беру жүйесін ақпараттандыру – 11 416 мың теңге;
  •  облыстық білім беру мекемелерін оқулықтармен және оқу әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету – 13 319 мың теңге;
  •  мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру (дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты мен дарынды балаларға арналған 2 облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаттарын ұстау) 807 881 мың теңге;
  •  балаларды олимпиадалар мен спартакиадаларға қатысуға тиісті жағдайлар жасау, республика көлемінде облыстың дарынды балаларының жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізу (облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы мен «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығын ұстау) – 220 876,9 мың теңге;
  •  дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдердің оңалту және әлеуметтік бейімдеу (облыстық балалар оңалту орталығы мен 2 облыстық балаларды оңалту орталықтарын ұстау) – 272 940 мың теңге;
  •  облыстық мемлекеттік білім беру мекемелеріне жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін гранттар беру («Орта білім беретін үздік ұйымы» гранттарын тағайындау) – 17 091 мың теңге;
  •  15 мемлекеттік колледжінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандарды даярлау  – 6 009 303 мың теңге;
  •  әдістемелік жұмыстары (облыстық әдістемелік орталығы мен аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығын ұстау) – 95 016 мың теңге;
  • «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау (3030 жұмысшы мамандарын даярлау) – 611 276 мың теңге;
  •  ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың күрделі шығыстары – 165 308,5 мың теңге;
  •  жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы  трансферттер – 1 561 869 мың теңге.

Мұнан басқа, республикалық бюджет есебінен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер ескерілді, оның ішінде:

  •  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын іске асыру – 1 516 056 мың теңге;
  •  тілдік курстар өтілінен өткен мұғалімдерге үстемақы төлеу үшін және оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге үстемақы төлеу – 189 271 мың теңге.

Сонымен қатар, білім саласындағы бюджет ерекшеліктерін айта кету қажет, онын ішінде:

  •  жалпы білім беретін мектептерді қосымша 156 пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету (орта білім берудің мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламаларын жаңа технологиялармен, ғылыми иновациялармен модельдеуге бағыттау үшін 56 физика кабинетімен – 397 280 мың теңге, 56 химия кабинетімен – 365 799 мың теңге, 44 биология кабинетімен қамтамасыз етуге – 250 815 мың теңге) – барлығы 1 013 894 мың теңге;
  •  № 9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернат аумағына футбол алаңын құру – 44 764 мың теңге;
  •  № 9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатына тамақтану нормасын тиісті нормативке сәйкестендіру – 25 885 мың теңге;
  •  Қызылорда қаласына қосымша 112 сынып-жиынтығын ұлғайту (жалып білім беру мектептерінде оқушылар контингентінің көбеюіне байланысты) – 258 240 мың теңге;
  •  Шиелі және Жалағаш аудандарында психологиялық педагогикалық түзету кабинеттерін ұстау және материалдық-техникалық базасын жарақтандыру (ашылуына байланысты) – 31 673 мың теңге;
  •  облыс аумағында 14 жаңадан іске қосылған білім беру нысандарының ұстау – 291 015 мың теңге;
  •  ІТ-білімді дамыту бағытындағы жалпы білім беру және қосымша білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің біліктілік арттыру – 10 045 мың теңге;
  •  облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу – 17 461 мың теңге;
  •  Сырдария аграрлы-техникалық колледжінің элетр желісіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу – 16 300 мың теңге;
  •  Шиели индустриалды-аграрлық колледжінің су мұнарасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу – 17 900 мың теңге;
  •  Арал және Жаңақорған аудандарында шахмат турнирін өткізу – 9 711 мың теңге;
  •  Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжіне музыкалдық аспаптарын сатып алу – 74 711 мың теңге;
  •  № 2 облыстық балалар оңалту орталығы мен облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының материалдық-техникалық базасын жарақтандыру – 17 582 мың теңге.

10.01.2018 жыл


Дене шынықтыру және спорт саласы.

 

         Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты - өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамсыз ету. Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу бүгінгі күні облысымызда бұқаралық сипатқа ие болып келе жатыр. Аталған салада барлық шаралар дене шынықтыру және спортпен шұғылдану бойынша инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған.     2018 жылға облыстық бюджеттен дене шынықтыру және спорт саласына барлығы 7 370 732 мың теңге (2017 жылы – 5 522 990 мың теңге) бөлінді. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 33,4 %-ға ұлғайтылды.

         Жалпы 2017-2019 жылдарға арналған дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға арналған шығыстар мынадай іс-шараларды өткізуге бағытталған:

  • аппарат шығындары  – 60 830 мың теңге;
  • «Қызылорда облысында спорт түрлері бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау» әлеуметтік тапсырыс әлеуметтік жобасын іске асыру – 65 523 мың  теңге;
  • мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарды субсидиялау –  200 978 мың теңге;
  • облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткізу, облыста жалпы спортты дамыту және салауатты өмір салтын жүзеге асыру, мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту, Қызылорда облысын Республикада алдыңғы қатарлы он облыстың құрамына енгізу және халықтың арасында спортпен шұғылданушылардың санын ұлғайту – 115 900 мың теңге;
  • әр түрлі спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысу, облыста футболды және волейболды дамыту, спортшыларды ай сайынғы ақшалай ұстап тұру және жарыс уақытындағы тамақтану – 3 959 720 мың теңге;
  • спортта сапалы дайындықтар жүргізу арқылы республикалық және халықаралық деңгейде нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізу үшін балалар мен жеткіншектерге қосымша білім беру, облыстық мамандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен облыстағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін ұстау – 2 412 891 мың теңге;
  • мамандандырылған білім беру ұйымдарында спорттағы дарынды балаларға жалпы білім беру, спорттық қабілетін дамыту, ұлттық құрама командаларына спортшы кандидаттарды даярлау, облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттын ұстау – 356 120 мың теңге;
  • ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың күрделі шығыстары – 180 765 мың теңге;
  • жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы  трансферттер – 18 005 мың теңге.

         Оның ішінде келесі қосымша шығындар ескерілді:

  • президенттің дайындық деңгейі және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы тестілерінің ұлттық дайындық деңгейін орындаған жеке тұлғалар үшін айырым белгісі бар төсбелгі мен оның куәліктерін сатып алуға және дайындауға – 16 000 тыс. тенге;
  • 2018 жылы Азия және Қысқы Олимпиада ойындарының өтуіне байланысты спорттық жарыстарын және оқу-жаттығу жиындарын өткізуге – 30 000 мың теңге;
  • Шиелі ауданы Ақмая ауылдық округінде жаңадан іске қосылған дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен Шиелі ауданы Алғабас ауылдық округінде жаңадан іске қосылған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іске қосылуына байланысты жылдық ұстауына және материалдық-техникалық базасын нығайтуға (мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінле) – 34 061 мың теңге;
  • Қызылорда қаласындағы «Мерей» мөлтек ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іске қосылуына байланысты жылдық ұстауына (мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінле) – 45 955 мың теңге.

         Және де күрделі шығыстарға келесі басылымдықтарын айта кету қажет, онын ішінде:

  • облыстық мектеп-интернатына 10 спорттық велосипедттерін сатып алу және интернат ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу – 7 961 мың. теңге;
  • № 3 облыстық велоспорт жөніндегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне 40 спорттық велосипед пен 2 жеңіл автокөлік (техникалық қызметтерін көрсету және спорттық жарыстарын өткізу уақытында спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне байланысты) сатып алу – 30 060 мың теңге;
  • облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің «Байдарка» бөлімшесіне есу каноэсін (ескегімен) сатып алу – 1 700 мың теңге;
  • облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне 6 шағын автобустарын сатып алу – 54 390 мың теңге;
  • облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен облыстық мектеп-интернатына негізгі құралдарды сатып алу (спорттық жабдықтарды сатып алу) – 86 654 мың теңге.

10.01.2018 жыл


Фискалдық саясат-талдау

 

Қызылорда облысы бойынша 2017 жылдың қорытындысы бойынша  мемлекеттік бюджетке түсім жоспары 101 933,4 млн. теңге болса, нақты түсім көлемі 104 687,2 млн. теңге орындалу пайызы 102,7. Республикалық бюджетке жоспар көлемі 58 088,1 млн. тенге, нақты түсім көлемі 59 047,9 млн. тенгені құрап отыр, орындалу пайызы 101,7. Жергілікті бюджетке түсім жоспары 43 845,4 млн. тенге, нақты түсім 45 639,3 млн. теңге, орындалу пайызы 104,1.

5.01.2018 ж


Фискалдық саясат-талдау

 

Қызылорда облысы бойынша 2017 жылдың 1 қазанына мемлекеттік бюджетке түсім жоспары 69 572 млн. теңге болса, нақты түсім көлемі 77 385 млн. теңге орындалу пайызы 111,2. Республикалық бюджетке жоспар көлемі 38 191 млн. тенге, нақты түсім көлемі 43 044 млн. тенгені құрап отыр, орындалу пайызы 112,7. Жергілікті бюджетке түсім жоспары 31 381 млн. тенге, нақты түсім 34 328 млн. теңге, орындалу пайызы 109,4.

13.11.2017 ж


Облыстық мәслихаттың кезекті XV сессиясы

     Ағымдағы жылдың 24 қазанында облыстық мәслихаттың кезекті 15 сессиясы өтті. Сессия жұмысының барысында 15 мәселе қаралды, оның ішінде 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет нақтыланды.

     Облыстық бюджеттің кіріс көзі өз кірістерінің ұлғаюы есебінен және республикалық бюджеттен қаралған несиелер мен трансферттерді қайтару есебінен 1,8 млрд теңгеге ұлғайтылды.Сонымен қатар Арал, Қазалы және Сырдария аудандарының кіріс көздері болжамының орындалмау қаупін болдырмау мақсатында, облыстық бюджеттен аталған аудандардың жоғалтуларына 639,3 млн. теңгені трансферттер арқылы беру қаралуда.  

      Осыған орай, бюджет шығыстары келесі бағыттарға қаралуда:

      - Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауы сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңарту құрылысына жоба-сметалық құжатын әзірлеу,

      - Қазалы ауданындағы 18 пәтерлік 6 жалдамалы көп қабатты тұрғын үйлер құрылысына бастау,

      - облыстық маңызы бар «Самара – Шымкент – Қамыстыбас- Аманөткел - Бөген» 0-9,6 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу,

      - асыл тұқымды мал шаруашылығын және мал шаруашылығының өнімдерін субсидиялау,

      - әртүрлі нозологиялық ауру түрлері бойынша дәрілік препараттар сатып алу,

      - аудандар және Қызылорда қаласының білім беру нысандарына жылу маусымына сұйық және қатты отын сатып алу,

      - аудандар мен Қызылорда қаласының мектептеріне класс-комплекттерін ұлғайту.

        Нәтижесінде облыстық бюджет көлемі 190 984,1 млн теңгені құрады.

 

2017 жылға арналған облыстық бюджет

Атауы

Сомасы,

млн теңге

 

КІРІСТЕР

177 175, 5

 

ШЫҒЫНДАР

173 455,7

01

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

3 742,8

02

Қорғаныс

1 590 

03

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

7 400,6

04

Бiлiм беру

22 745

05

Денсаулық сақтау

25 160,6

06

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

5 448,2

07

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

14 076,3

08

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

8 335,5

09

Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

1 493,5

10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

11 743,1

11

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

331,5

12

Көлiк және коммуникация

8 454,3

13

Басқалар

2 869,2

14

Борышқа қызмет көрсету

16,5

15

Трансферттер

62 225,1

 

ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРМЕН БОЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО

979,9

 

 БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТІ)

- 6 737,3

 

 БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ПРОФИЦИТТІ ПАЙДАЛАНУ)

6 737,3

 

ҚАРЫЗДАРДЫҢ ТҮСІМІ

9 463,5

 

ҚАРЫЗДАРДЫ ӨТЕУ

3 112,8

 

27.10.2017 ж

 


2017 жылдың қыркүйектегі тұтыну бағасының индексі

     2017 жылдың қыркүйек айында 2016 жылдың желтоқсанына қарағанда тұтыну бағасының индексі - 103,8 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі - 103,1 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 105,0  пайыз, ақылы қызметке – 103,4 пайыз. Статистикалық мәліметтерге сәйкес бағаның өсуі еттің жартылай өнімі және тартылған етке – 3,9%, сиыр етіне – 3,1%, балық және теңіз өнімдеріне –1,4%, сүт, ірімшік және сүзбеге – 1%, кондитерлік өнімдерге – 0,8% -ға белгіленді.

      Бағаның төмендеуі қырыққабатқа 28,5%, басты пиязға - 18,7%, сәбізге - 11,9%, тәтті бұрышқа – 7,1%, қызылшаға – 2,0%, картопқа – 1,7% - ға тіркелген.

Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның өсімі киім және аяқ киімге -0,4%, тұрғын жайларды ағымдағы күтіп ұстау мен жөндеуге арналған материалдарға – 1,5%, тұрмыстық аспаптарға –0,6%, ұсақ электр-тұрмыстық  құралдарына-1%, тұрмыс пен бағбандықта қолданылатын саймандар мен техникалар–1,7%, жуғыш және тазалағыш құралдарға–0,8%-ды құрады. Тас көмір–4,1%, дизель отыны–2,9%, бензин–2,3%-ға қымбаттады.

     Ақылы қызмет көрсету тобында баға стоматологиялық қызметке –6,1%, медициналық зертхана қызметтері – 3,3%, білім беру – 1%-ға, мәдени іс-шаралар саласындағы қызметтер –0,5%-ға өсті.

      Тұрғын-үй коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге- 6,9%-ға, электр энергиясына–5%, суық су–1,5%ға төмендеген.

11.10.2017 ж


Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мемлекеттік мекемесінің 2017 жылдың атқарылған жұмысына аналитикалық жазбасы.

      Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында 2017 жылдың 9 айына барлығы 134629,0 мың теңге қаржы қаралған.

Ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысы бойынша 1 барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс, 4 жалпы конкурс және 2 мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізілді. Барлық конкурстардың қорытындысы бойынша 2 үміткер конкурс комиссиясының оң қорытындысын алып жұмысқа қабылданды.

      2017 жылға облыстық бюджет 177,8 млрд теңге сомасында бекітілді. Бүгінгі күнге 3 нақтылау және 6 түзету енгізу есебімен нақтыланған бюджет 186,9 млрд теңгені құрады, оның ішінде өз кірістері 11,4 млрд теңге, субвенция 130,4 млрд теңге және республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 32,3  млрд теңге.

      2017 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша Қызылорда облысында мемлекеттік-жекежелік әріптестік (әрі қарай - МЖӘ) аясында 29 жоба жүзеге асырылу сатысында, оның ішінде 3 МЖӘ келісім-шартына қол қойылды. 7 МЖӘ жобасына конкурстар жарияланып, 19 жоба жүзеге асырылу сатысында.

      Ағымдағы жылдың соңына дейін 3 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы, 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешеніндерінің құрылысы, Қызылорда қаласы мемлекеттік органдарына талшықты-оптиклық байланыс желісін тарту және Жалағаш ауданы Таң ауылдық округінде балабақшаның құрылысы жобаларына МЖӘ келісім шартына қол қою жоспарлануда.

      Байқоңыр қаласының дамуы бойынша Қазақстан  Республикасы тарапынан қаржыландыру мәселесі бойынша ақпараттар дайындалды, 2017 жылға арналған облыс әкімдігінің меморандумындағы индикаторларға қол жеткізу (орындалуына) мақсатында мониторинг жүргізіледі, 2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Аумақтарды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларының қол жеткізуі жөнінде талдамалық ақпарат әзірленді, Арал және Қазалы шағын қалаларын дамыту бойынша  іс-шаралардың орындалуы туралы ақпараттар дайындалды, Жалағаш ауданының экономика салаларын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған Жол картасының және Арал ауданының экономика салаларын дамытудың 2017-2019 жылдарға арналған Жол карталарының орындалуы туралы мониторинг жүргізілді. Сондай-ақ, орталық атқарушы органдар мен облыстың жергілікті атқарушы органдарының сұраныстарына уақытылы ақпараттар мен мәліметтер ұсынылып, жолданып отырды.

       Қызылорда облысы бойынша 2017 жылдың 1 қазанына Мемлекеттік бюджетке түсім жоспары 64 179,2 млн.теңге болса, нақты түсім көлемі 72 627,9 млн.теңге орындалу пайызы 113,2. Республикалық бюджетке жоспар көлемі 36 337,4 млн.тенге, нақты түсім көлемі 40 835,5 млн.тенгені құрап отыр, орындалу пайызы 112,4. Жергілікті бюджетке түсім жоспары 27 841,8 млн.тенге, нақты түсім 31 792,4 млн.теңге, орындалу пайызы 114,2.

 

11.10.2017 ж


Фискалдық саясат-талдау

Қызылорда облысы бойынша 2017 жылдың 1 қыркүйегіне Мемлекеттік бюджетке түсім жоспары 59 299,4 млн.теңге болса, нақты түсім көлемі 67 573,6 млн.теңге орындалу пайызы 114%. Республикалық бюджетке жоспар көлемі 34 558,3 млн.тенге, нақты түсім көлемі 38 459,1 млн.тенгені құрап отыр, орындалу пайызы 111,3%. Жергілікті бюджетке түсім жоспары 24 741,1 млн.тенге, нақты түсім 29 114,6 млн.теңге, орындалу пайызы 117,7%.

19.09.2017 ж.


Жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимиттерінің мәселелері туралы

Ағымдағы жылдың 4 мамыр күні 11-00-де Ұлттық экономика министрлігімен Қазақстан Республикасының Премьер- Министрінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі №20-37/4009 белгіленген Жобасының жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимиттерінің мәселелері туралы аймақтық басқармаларының қатысумен бейнеконференц байланыс түрінде отырыс өткізілді.

Байланыс барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының орынбасары А.Жақыпбаева жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимиттерінің мәселелері бойынша облыс атынан өз ұсыныстарын енгізді.

8.09.2017 ж.


Жергілікті түсімнің 2017 жылғы 1 шілдеге жағдайы

2017 жылғы 1 шілдеге облыстық бюджет кірісінің жоспары 4 449,1 млн.теңге, түсімі 5 560,1 млн.теңге, орындалуы 125 пайыз. 2016 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда түсімі 2 178,6 млн.теңгеге артық.

Есепті кезеңге облыс бойынша бюджет кірісінің жоспары 18 457,6 млн тенге, түсімі 20 204,5 млн.теңге, орындалуы 109,5 пайыз. 2016 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 33,7 млн.теңгеге кем.

10.07.2017 жыл


Білімді, спортты дамыту және еңбек ақы қорын талдау, мониторингілеу бөлімнің 2017 жылдың 2 тоқсанына берілген есебіне

аналитикалық жазбасы.

Бөлімнің 2017 жылғы 2 тоқсанына жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес атқарылған жұмыстар сапалы, уақытылы және нәтижелі орындалды.

Сонымен қатар, бөлім қызметкерлердің басшылық тарапынан бағалау қорытындысы тиімді бағаланды.

10.07.2017 жыл


3.ТАЛДАУ

2017 жылға облыстық бюджет 177,8 млрд теңге сомасында бекітілді. Бүгінгі күнге 2 нақтылау және 5 түзету енгізу есебімен нақтыланған бюджет 186,9 млрд теңгені құрады, оның ішінде өз кірістері 11,4 млрд теңге, субвенция 130,4 млрд теңге және республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 32,2  млрд теңге.

05.07.2017 ж


Жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимиттерінің мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің тапсырмасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың оңтайлы штат санын анықтауға қатысты тапсырмаларды орындау бойынша жұмыстар жүргізуде.

         Ағымдағы жылдың 18 мамырда Ұлттық экономика министрлігімен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-мен бірігіп жергілікті атқарушы органдардың экономика басқармалары үшін видеоконференцбайланыс арқылы жіберілген формаларды толтыру бойынша тиісті түсіндірулер беріліп, жиналыс өткізіліп, қосымшаларға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің еңбектің жұмсалуы бойынша ақпараттар жолданды.

01.07.2017 ж


Білімді, спортты дамыту және еңбек ақы қорын талдау, мониторингілеу бөлімі

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауымен 2016 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданып, 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жаңа жобасы жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда, облыс бойынша мектеп оқушылардың оқу жылы аяқталды.

Жоғары көрсетілген жоба бірінші кезекте өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері қатарындағы 9-11 сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ өзге де санаттары азаматтарға жұмысшы мамандығын тегін алуына мүмкіндік береді.

Айта келе, баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру аясында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасың іске асыру үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жыл сайын 1515 жұмысшы мамандарды даярлау (автокөлікті жөндеу слесарі, электрондық-есептеу машиналарын баптаушы, тепловоз машинисінің көмекшісі, ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинисі, жол инспекторы, тігінші, турист агенті, орманшы, құтқарушы, шаштараз-модельер, наубайшы, ағаш ұстасы, слесарь-сантехник, аспаз, кондитер және т.б) және өңірге қажетті 1335 жұмысшы мамандықтарды қысқа мерзімді курстар бойынша қайта даярлау (аспазшы, слесарь-жөндеуші, даяшы, электрик, компьютерлік сауаттылықа оқыту, шаштараз шебері, сылақшы, жеміс-көкөніс өсіруші, тәрбиеші, сатушы, электромонтер, бухгалтер және т.б) арқылы жұмысшы біліктілігін алуға мүмкіншілігін білдіреді.

Сонымен қатар, жыл сайын жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға барлығы 3 088 орынға мемлекеттік білім беру тапсырыс орналастырылды.

29.05.2017 жыл


2017 жылдың қаңтар-наурызында Қызылорда облысы бойынша сыртқы сауда дамуының қарқыны

      ҚР Қаржы Министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің деректеріне сәйкес Қызылорда облысының (ЕАЭО мүше елдерінен басқа) сыртқы сауда айналымы 2017 жылдың қаңтар-наурызында – 127 469,5 мың АҚШ долларын (2016 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 4,9 %-ға көп) құрап отыр.

       оның ішінде:

     - экспорт – 122 525,9 мың АҚШ доллар (2016 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 14,2 %-ға көп);

  • импорт – 3 440,4 мың АҚШ доллар (2016 жылдың сәйкесінше кезеңімен

салыстырғанда 65,2 %-ға аз);

      Облыстың экспорт бойынша негізгі сауда серіктесі 2017 жылдың қаңтар-наурызында: Қытай (96,3%), Тәжікстан (1,3 %), Украина (0,3 %), Польша (0,6 %),  Германия (0,4 %), Дания (0,3 %), Түркменстан (0,2 %), Нидерланды (0,2 %), Тайван (0,2 %);

       импорт бойынша: Қытай (57,7 %), Өзбекстан (13,8 %), Германия (8,4 %), Япония (5,8 %), Украина (5,5 %), Италия (3,1 %), АҚШ (1,5 %), Түркия (1,3 %), Әзірбайжан (1,1 %), Финляндия (0,6 %), Нидерланды (0,4 %), Корей Республикасы (0,2 %), БАӘ (0,2 %), Пәкістан (0,1 %), Словения (0,1 %).

26.05.2017


Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мемлекеттік мекемесінің 2017 жылдың атқарылған жұмысына аналитикалық жазбасы.

      2017 жылы әлеуметтік нысандардың құрылысы, реконструкциялау және жобалау жұмыстары ҚР Ұлттық қоры, республикалық және облыстық бюджеттер есебінен облыстың даму бюджеті  - 37,5 млрд. теңгені құрады.

     2017 жылы республикалық, ҚР Ұлттық қоры және облыстық бюджет есебінен 194 бюджеттік инвестициялық жобалардың, оның ішінде 50 әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізілуде (білім-32, денсаулық сақтау-2, мәдениет-3, спорт-8, архив-1, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік-3, мемлекеттік органдарды дамыту-1)

      Оның ішінде 2017 жылы 56 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда.

      2017 жылдың 1 сәуіріне жалпы алаңы 137,0 мың ш.м. құрайтын тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 23,0 мың ш.м. 5 көпқабатты тұрғын үй (300 пәтер) және 114,0 мың ш.м. жеке тұрғын үй (845 үй) есебінен құралған.

       Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 26,6 млрд. теңгені құрады немесе 2016 жылмен салыстырғанда 104,6 %.

      «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №129 бұйрығына сәйкес 2016 жылдың қорытындысы бойынша мониторинг және бағалау есебі жүргізіліп, тиісті ақпараттар дайындалды.

      Сонымен бірге «Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламалары аясында іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға мониторинг әзірленді.

      2017 жылы әкімдердің халықпен есепті кездесуі барысында көтерілген және орталық атқарушы органдар және жергілікті деңгейде шешуді қажет ететін өзекті мәселелер бойынша ақпараттар дайындалды.

      2018-2020 жылдары нысаналы трансферттер есебінен республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін ұсынылған Қызылорда облысының жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалары бойынша ақпараттар дайындалды.

    Облыс әкімдігінің және орталық атқарушы органдардың сұранысына сәйкес Қызылорда қаласы мен аудандардың өзекті мәселелер бойынша ақпараттар әзірленіп тұрады, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы, инвестициялық жобалардың іске асырылуы, Қызылорда облысының сыртқы саудасы, оның ішінде ЕАЭО мүше-мемлекеттермен өзара сауда көлемі туралы ақпараттар  ұсынылып тұрады.

     2017 жылғы облыстық бюджет 177,8 млрд.теңге сомасында бекітілді, оның ішінде өз кірістері 9,4 млрд.теңге, субвенция 130,4 млрд.теңге және республикалық бюджеттен трансферттер 36,1 млрд теңге (оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер 17,3 млрд.теңге, нысаналы даму трансферттері 11,1 млрд.теңге, кредиттер 7,7 млрд.теңге).

    Облыстық бюджетке енгізілген нақтылау және түзету есебімен 2017 жылғы облыстық бюджет 184,5 млрд.теңгені құрады, оның ішінде өз кірістері 9,5 млрд.теңге, субвенция 130,4 млрд теңге және республикалық бюджеттен трансферттер 41,7 млрд.теңге (оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер 18,3 млрд.теңге, нысаналы даму трансферттері 13,9 млрд.теңге, кредиттер 9,5 млрд.теңге).

     Бөлімнің 2017 жылғы 1 тоқсанына жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес атқарылған жұмыстар сапалы, уақытылы және нәтижелі орындалды.

     Сонымен қатар, бөлім қызметкерлердің басшылық тарапынан бағалау қорытындысы тиімді бағаланды.

    Қызылорда облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 22,3 млрд.тенгеге 15 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. 2017 жылдың бірінші тоқсанында 2 жобаға бойынша келісім-шартқа қол қойылды, бірінші «Қызылорда қаласында «Тарлан» дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сервистік қызмет көрсету» (96 млн.тенге) және «Қызылорда қаласы Исатай Тайманов көшесінде ауысымына 400 қабылдауға арналған емхананы ашу» (1,6 млрд.тенге )жобасы.

     Бүгінгі күні, қажетті құжаттарды дайындау сатысында 13 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы бар. Аталған жобалар бойынша құжаттамалар, оның ішінде МЖӘ жобасының тұжырымдамасы, концессиялық ұсыныс, конкурстық құжаттама, МЖӘ, концессия шарт жобасы қолданыстағы заңға сәйкес әзірленуде.

     Қызылорда облысы бойынша 2017 жылдың 1 тоқсанына Мемлекеттік бюджетке түсім жоспар  22 174 млн.тенге болса, нақты түсім көлемі 24 396 млн.тенге орындалу пайызы 110%. Республикалық бюджетке жоспар көлемі 14 181 млн.тенге, нақты түсім көлемі 14 551 млн.тенгені құрап отыр, орындалу пайызы 102,6%. Жергілікті бюджетке түсім жоспары 7 993 млн.тенге, нақты түсім 9 845 млн.тенге, орындалу пайызы 123,2 %.

     Берілген тапсырмалар уақытылы орындалды.

     Ағымдағы жылдың қаңтар айында 2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының Даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына Қызылорда облысы әкімдігінің (2017 жыл 13 қаңтар №685) қаулысымен өзгерістер енгізілді.

    Бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың ақпараттары негізінде Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған Даму бағдарламасы бойынша 2016 жылдың қорытындысына мониторинг жүргізіліп, бағдарламаның іске асырылуы бойынша есебі дайындалып, бекітілген мерзімде облыс әкімдігінің веб-порталында жарияланды.

      Сонымен қатар, ағымдағы жылдың ақпан айында облыс әкімдігі меморандумының 2016 жылға орындалуының аналитикалық жазбасымен бірге қорытынды есебі қалыптастырылып, Қазақстан Республикасы Премьер Министрі Кеңсесіне жолданды.

      Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 129 бабына сәйкес облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебіне 2016 жылдың қорытындысы бойынша Аумақтарды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларының қол жеткізуі жөнінде ақпарат әзірленді.

     «Байқоңыр» кешені жөнінде Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысына дайындалу барысында мен сондай-ақ 2016 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында бекітілген «Байқоңыр» кешеніндегі келешектегі ынтымақтастық Тұжырымдамасы бойынша Қазақстан Республикасы бюджеті есебінен  Байқоңыр қаласын қаржыландыру мәселесі бойынша ақпараттар дайындалып, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасына жолданды.

     Ай сайын статистикалық мәліметтер мен облыстық мүдделі мемлекеттік органдардың ведомстволық есептіліктері негізінде 2017 жылға арналған облыс әкімдігінің меморандумындағы индикаторларға қол жеткізуге (орындалуына) мониторинг жүргізіліп, облыс әкімдігіне ақпараттар ұсынылды.

2016 жылға арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына агроөнеркәсіп кешені көрсеткіштеріне, экологиялық ахуалға талдау жасалып ақпарат дайындалды.  

      Облыс әкімінің 2016 жылға арналған іс-қимыл жоспарының бөлімге қатысты тармақтарының (Негізгі әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу, ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту көлемін 2015 жылдан төмен болмауын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу көлемін ұлғайту бойынша жобаларды жүзеге асыру, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу. Майда тауарлы шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіру) орындалуы бойынша ақпарат дайындалды.

         2016 жылдың қорытындысымен облыс бойынша 260 елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізіліп, ҚР Ұлттық экономика министрлігіне (10.02.2017 ж №02/1-2/963 хатпен) жолданды.

       Қызылорда облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы (15.03.2017ж №105 шешім) кезекті сессиясында қаралған "Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жолдары және оны жақсарту шаралары туралы" мәселесі бойынша құрылған уақытша комиссиясымен бірлесіп аудандарға шығып саладағы қордаланған мәселелерді саралап оның шешу жолдарын аудандық, облыстық және республикалық деңгейде шешу ұсынылды.  

25.04.2017 ж


Желі, штаттар, контингенттер туралы

 

     «Желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан  Республикасы Қаржы министрінің 2015жылғы 20 ақпандағы № 108 бұйрығына сәйкес облыс бойынша желi, штаттар, контингенттер туралы мәлiметтер жыл сайын жасалады.

      Ақпараттарды барлық облыстық мемлекеттік органдар ұсынады.

     Осыған сәйкес, қазіргі таңда мәліметтерді жинау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Желi, штаттар, контингенттер мәлiметтердiң үш нысанын белгiлейдi – «Желi, штаттар, контингенттер туралы мәлiметтер», «Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң / тиiстi бюджеттiң желiсi, штаттары, контингенттерi туралы жиынтық мәлiметтер» және «Желi, штаттар, контингенттер көрсеткiштерiнiң жиынтық тiзбесi». Нысандарда есептi кезең үшiн сандық көрсеткiштер: жылдың басына, жылдың аяғына, орташа жылдық көрсеткiштер көрсетiледi. Есептi кезең үшiн орташа жылдық көрсеткiштер есептi кезеңде барлық айлардың көрсеткiштерiн жинақтаумен және алынған соманы 12-гe, яғни жылдағы айлардың күнiне (есеп айырысу оқу жылының мерзiмдерiн ескере отырып жүргiзiлетiн бiлiм беру мекемелерiнен басқа) бөлумен есептеледi.

     Сонымен қатар, желi, штаттар, контингенттер туралы мәлiметтер нысаны бюджеттiк бағдарламаның функционалдық тобын, әкiмшiсiн көрсете отырып, әрбiр бюджеттiк бағдарлама, кiшi бағдарлама бойынша жасалады. Жергіліктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi жоспарлы көрсеткіштерді алдын ала тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдармен келісе отырып жасайды және есептiден кейiнгi жылдыңы 1 наурызына дейiнгi мерзiмде осы мәлiметтердi тиiстi бюджетті орындау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

22.02.2017


Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қатысты

     ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң одан әрi жұмыс iстеуiнiң кейбiр мәселелерi туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы 4.5 тарауы 114 тармағына сәйкес, ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны (Мемлекет басшысының 24.09.2013 жылғы  №648 Жарлығы) және оны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына  (ҚР Үкіметінің 23.10.2013 жылғы  №1141қаулысы) сәйкес, қазіргі таңда, қорытынды жұмыстары жүргізіліп, ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама жобасымен танысу жұмыстары жүргізілуде.

06.02.2017


Дене шынықтыру және спорт саласы.

 

      Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты - өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамсыз ету. Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу бүгінгі күні облысымызда бұқаралық сипатқа ие болып келе жатыр. Аталған салада барлық шаралар дене шынықтыру және спортпен шұғылдану бойынша инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған.     2017 жылға облыстық бюджеттен дене шынықтыру және спорт саласына барлығы 5 463 320 мың теңге қаралған. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 64,1% ұлғайтылды.

       Бұл шығындардың құрамында келесі басымдылықтар ескерілді, оның ішінде:

·      Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың шығындарын субсидиялауға – 119 774 мың теңге;

·      Дене мүмкіндігі шектеулі жандарды спорт түрлерімен қолдау мақсатында әлеуметтік тапсырыс көлемін ұлғайтуға – 65 523 мың теңге;

·    Облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткізуге: облыста жалпы спортты дамыту және салауатты өмір салтын жүзеге асыру, мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту, Қызылорда облысын Республикада алдыңғы қатарлы 10 (оң) облыстың құрамына енгізу және халықтың арасында спортпен шұғылданушылардың санын ұлғаю,  2017 жылғы Алматы қаласындағы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың Алау эстафетасын өңірлерде іс-шара өткізу – 99 044 мың теңге;

·    Әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуына: әр түрлі спорт түрлерінен споршыларды Республикалық және халықаралық жарыстарға дайындау, облыста футболды және волейболды дамыту, басқарма бағынысты спортшылардың жарыс уақытындағы тамақтану нормаларын ұлғаю – 2 537 472 мың теңге;

·    Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беруге: спортта сапалы дайындықтар жүргізу арқылы Республикалық және халықаралық деңгейде нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізу үшін балалар мен жеткіншектерге қосымша білім беру, облыстағы 16 (он алты) мамандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін ұстау және бұл мектептер спортшылардың жарыс уақытындағы тамақтану нормаларын ұлғаю, Сырдария ауданы Аманкелді ауылында спорт мектебінің филиалын ашуына байланысты жылдық ұстап тұру, «шорт-трек» бөлімшесі ашылуына байланысты мұз аланың жалға алу  – 2 240 982 мың теңге;

·   Мамандандырылған білім беру ұйымдарында спорттағы дарынды балаларға жалпы білім беруге: спорттағы дарынды балаларға қосымша білім беру, спорттық қабілетін дамыту, ұлттық құрама командаларына спортшы кандидаттарды даярлау, облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттағы спортшылардың жарыс уақытындағы тамақтану нормаларын ұлғаю және оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтар сатып алу – 305 658 мың теңге.

     Сонымен қатар, күрделі шығындары бойынша келесі басылымдықтар ескерілді, оның ішінде:

·    облыстағы 8 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне 8 шағын автобустарын сатып алуға – 45 306 мың теңге;

·    облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебіне 6 каноэ, 2 ескекті байдаркілер және 1 маторлы қайық сатып алу – 12 424 мың теңге;

·   облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен облыстық спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарына негізгі құралдар сатып алу – 29 477 мың теңге;

·   облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер велоспорт мектебі мен облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебіне 11 велосипед сатып алу – 6 623 мың теңге;

·   облыстағы 16 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне "1С: Предприятие Бухгалтерия" бағдарламасын сатып алу – 1 037 мың теңге.

26.01.2016 жыл


Білім саласы.

 

  Аймақтың білім беру жүйесі Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы басымдылығымен дамытылады және аймақ экономикасын тұрақты өсуі үшін білімнің сапалы қолжетімділігін қамтамасыз етуге көзделген.

     Облыстық бюджеттен облыстық білім саласына 2017 жылға барлығы 10 835 076 мың теңге қаралды. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 53,1% ұлғайтылды.

     Бұл шығындардың құрамында келесі басымдылықтар ескерілді, оның ішінде:

·   «Денсаулыққа және өмірге бейімдеу» әлеуметтік жобасын өткізуге, аталған жоба аясында психолог мұғалімдерді денсаулыққа және өмірге бейімдеу оқу-әдістемелік комплектілерімен қамту және жасөспірімдер арасында суицидтің өршу сұрақтары жөнінде 3-деңгейлі оқытатын тренингтер ұйымдастыру – 105 000 мың теңге;

·   719 бала оқып тәрбиленетін 2-санаторлық (№2, №8), 3-арнай түзету мектеп-интернаттары (№5, №6, №7) және девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатын ұстау – 954 340 мың теңге;

·    ақпараттық коммуникациялық технологияларды ендіру, орта білім беру жүйесін ақпараттандыру – 10 770 мың теңге;

·    облыстық білім беру мекемелерін оқулықтармен және оқу әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету – 12 565 мың теңге;

·    671 бала оқып тәрбиеленетін 3 дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарын (№4, №9, №10) ұстау 725 681 мың теңге;

·   республика көлемінде облыстың дарынды балаларының жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін балаларды олимпиадалар мен спартакиадаларға қатысуға тиісті жағдайлар жасау – 169 993 мың теңге;

·    дамуында проблемалары бар 160 балалар мен жасөспірімдер тәрбиеленетін оңалту және бейімдеу орталықтарын (№2, №3, және облыстық реабилитация) ұстау – 264 133 мың теңге;

·     «Үздік орта білім беру ұйымым» грантын тағайындау – 17 091 мың теңге;

·   12 мемлекеттік және 1 жеке колледжінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы (5073 оқитындарға мемлекетік білім беру тапсырысын орналастыру) кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы мамандарды даярлау  – 3 596 027 мың теңге;

·   3 мемлекеттік колледжінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы (2886 оқитындарға мемлекетік білім беру тапсырысын орналастыру) орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы мамандарды даярлау – 2 583 138 мың теңге;

·    облыстық әдістемелік орталығын ұстау – 60 740 мың теңге;

·    жасөспірімдер үйін, отбасы түріндегі балалар ауылын ұстау – 164 743 мың теңге;

·    кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығында ұстау – 49 102 мың теңге.

·   тілдік курстар өтілінен өткен мұғалімдерге үстемақы төлеу үшін және оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге үстемақы төлеу – 137 394 мың теңге;

·    «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау – 1 052 456 мың теңге;

Негізгі орта білім беру мектептерінің және кәсіптік-техникалық колледждердің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша шаралар қабылданды, оның ішінде:

·     42 иновациялық және 8 оқушылар үйін «Робототехника» кабинеттерімен жарақтандыру – 167 706 мың теңге;

·     жалпы білім беретін мектептерді 45 физика пәндік кабинеттерімен – 184 365 мың теңге, 6507 партамен – 82 639 мың теңге және ескірген компьютерлердің орнына 952 жаңа компьютерлермен қамтамасыз ету – 150 062 мың теңге барлығы 417 066 мың теңге;

·     Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің жатахана ғимараты мен оқу корпусын күрделі жөндеуден өткізу – 262 109 мың теңге;

·     Қызылорда политехникалық колледжінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу – 98 166 мың теңге;

·     Қармақшы аграрлық-техниклық колледжінің жатахана ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау – 5 900 мың теңге.

Сонымен қатар, жалпы сипаттағы трансферттер көлемін анықтау барысында республикалық бюджет қаражаты есебінен жергілікті бюджет базасына берілген 9 717 092 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер ескерілді, оның ішінде:

·     мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру – 6 626 287 мың теңге;

·     Байқоңыр қаласындағы қазақ тілінде білім беру ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету – 1 363 710 мың теңге;

·    жалпы білім беретін мектептерді кең жолақты интернетке қосу, оларды тиісті техникалық құрал жабдықтармен жарақтандыру және цифрлық білім беру инфрақұрылымын құру – 587 211 мың теңге;

·     техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырын ұлғайту – 691 215 мың теңге;

·    мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайту – 448 669 мың теңге.

26.01.2017 жыл


Жұмыспен қамту саласындағы саясаттың жаңа форматы

     2011 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасы кедейлік деңгейін едәуір төмендетуге, тұрғындардың біршама бөлігін жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, адамдардың әл-ауқатының жақсаруына, жұмыссыздардың және нәтижесіз еңбекпен айналысатын адамдардың, әсіресе, ауылды жерлердегі санын азайтуға мүмкіндік берді.

      5 жыл ішінде Бағдарламамен 45,0 мың адам қамтылған, оның ішінде, 72,2 % астамы жұмыссыздар,  27,8% - өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар.

     Алғашқы Бағдарламаны жүзеге асыру барысында 39,2 мың адам жұмыспен қамтылған болатын. 12,0 мыңнан астамы Бағдарламаның қатысушылары оқуға жіберілген, нәтижесінде  шамамен 75% жұмыспен қамтылған. Әлеуметтік жұмыс орындарына халықтың тікелей тобының 10,2 мың өкілдері жұмыспен қамтылған, жастар практикасы шегінде уақытша жұмыспен 8,3 мың бітіруші түлектер қамтылды.

    Бағдарлама шеңберінде микрокредит алу есебінен ауылда жеке ісін ашқандар саны 2,2 мыңнан астам адамды құрады және 1,8 мың  адам бизнестерін кеңейтті, нәтижесінде қосымша құрылған жұмыс орындарына тағы 1,9 мың адам жұмысқа орналасты.

     Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,5% - дан 4,8% - ға төмендеді.

     Сонымен қатар, сапалы жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамту үлесінің арттыруына, кәсіптік оқытудағы кемшіліктерге, кәсіпкерлікпен айналысу қолжетімділігіне қатысты проблемалар шешімін таппай отыр.

     Еңбек нарығында қалыптасқан проблемаларды шешу және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау мақсатында 2016 жылғы 29 желтоқсандағы Үкіметтің қаулысымен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданды.

     Бағдарлама еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті және дағдыларды меңгерудің тиімді жүйесін, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағытталған.

     Бағдарламаның «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бірінші бағыты  азаматтарға өзі дербес жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту немесе жеке ісін ашу үшін сұранысқа ие кәсіптер бойынша жаппай оқытуды ұйымдастыруға бағытталған.

    Оқытуды ұйымдастыру аясында азаматтарға бірінші және екінші кәсібін тегін алуға мүмкіндік беріледі. Бірінші кәсіп –колледж деңгейінде барлығына тегін кәсіби техникалық білім беру. Бірінші кезекте, өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері қатарындағы 9-11-сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ азаматтардың өзге санаттары болып табылады.

     Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерде кадрларды даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.

     Азаматтар екінші кәсіпті қысқа мерзімді дуальды оқыту курстары  аясында алады және де тегін. Аталған оқытумен еңбек нарығында сұранысқа ие алу және қайта даярлауды қажет ететіндер үшін жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды  қамтамасыз ету жоспарлануда.

     Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі. Басқа қаладан келген қатысушылар үшін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеу көзделеді.

     Бағдарламаның екінші бағыты: «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» келесі міндеттерді іске асыруды көздейді:

     1) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

     2) кәсіпкерлік бастамаларды қолдау;

     3) қалалар мен ауылдарда микрокредиттерге кепілдік беру.

    Оқыту Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арқылы өткізіледі. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту барысында қатысушыларға кәсіпкерлік қызметі негіздері бойынша құрылымдық білім және кәсіпкерлікті енгізу, қаржылық қолдау шараларының қолжетімділігі бойынша ой-пікірлер ұсынылады.

    Оқу процесі міндетті түрде дербес консультацияларды, сондай-ақ қаржыландыру тұрғысынан жобаны қорғау мақсатында көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары бойынша тренингтерді қамтиды. Қаржылық қолдау тапқаннан кейін бизнес-жобаны іске асыруда сүйемелдеу көрсетіледі.

     «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар оқу ақысын және стипендия төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі.

     Аталған шара табысы төмен ауыл тұрғындарының едәуір бөлігі үшін кәсіпкерлік салысында алғашқы қадамдарын жасауға және өзінің бизнес бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

     Жалпы алғанда түрлі бағдарламаларда қолданатын микрокредиттеудің барлық түрлері мен құралдарын біріктіру арқылы ауыл және қала деңгейінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту жағдайларын жасау және ынталандыру қарастырылады.

     Оған қоса, ауылда негізгі міндеті - жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін микрокредиттеудің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады, бұл жеке ісін ашуға немесе кеңейтуге мүмкіндік береді, кооперативтерді құру, кәсіпкерлік үшін қажетті инфрақұрылымды жақсарту болып табылады.

     Қалада микрокредиттеу жаңа кәсіпорындарды ашу және қолданыстағы бизнесті ұлғайтуға арналған.

     Қазіргі таңда облыста жұмыссыздар саны 16,4 мың адамды құрайды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 122 мың адам, нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар 15,8 мың адамды құрайды. Кәсіпкерлік негіздерін оқуын өту және ауыл, қала деңгейінде микрокредиттеудің жаңа механизмін қолдану көптеген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатынан кәсіпкер санатына өтуге мүмкіндік береді, яғни бұл дегеніміз, өз кірісін арттыру, кәсіпкерлікте алғашқы қадамын жасау және өзінің бизнес бастамаларын жүзеге асыру болып табылады.

     «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» Бағдарламаның үшінші бағыты жеке санаттағы азаматтарды жұмыспен қамтуда атаулы көмекті күшейту,  еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру және еңбек нарығының инфрақұрылымын дамытуды көздейді.

      Жеке санаттағы жұмыспен қамтуда атаулы көмек Жұмыспен қамту жол картасындағы қолданған құралдарды қолданумен жүзеге асырылады. Бұл жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындары, жастар, әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында сұранысқа ие қоғамдық жұмыстар.

     Бүгінгі күні елімізде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша оннан аса жеке онлайн өнімдері жұмыс жасауда. Алайда, еңбек нарығы бойынша сұраныс көздерін және ұсыныстарын біріктіретін бірыңғай портал жоқ.

     Осыған байланысты, жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге жәрдемдесу үшін еңбек нарығының Бірыңғай ақпараттық базасын немесе Еңбек биржасын құру ұсынылады.   Аталған жұмыс тікелей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің enbek.kz платформасы қолданыстағы базасында жүзеге асырылады.

     Еңбек биржасы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің дерекқорын, интернет порталын қамтиды. Жұмысқа   орналастыру бойынша қызмет көрсету кеңейту мүмкіндіктерін беретін аймақтағы барлық халықты жұмыспен қамту орталықтары кіреді.

     Бағдарламаға қатысушыларға жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу бойынша мынадай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі:

     1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар;

     2) лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

     3) әлеуметтік жұмыс орындарын құру;

     4) жастар практикасын ұйымдастыру;

     5) қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру.

     Жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және Заңға сәйкес басым құқықтарды пайдаланатын өзге адамдар жұмыспен қамтамасыз етуде қолдау көрсетілетін   Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

     Жүгінген азаматтар үшін лайықты бос жұмыс орындарын іздеуді және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді халықты жұмыспен қамту орталықтары жүзеге асырады.

   Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға дерекқорда бар бос жұмыс орындарына, жұмыс берушілер өз бетінше мәлімдеген жұмыс орындарына, іске асырылатын мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы жұмыс орындарына, жалақысы ішінара субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар практикасын өтуге арналған жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді.

     Қажетті біліктілігі болмағандықтан, жұмысқа орналаса алмай жүрген Бағдарламаға қатысушылар Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберіледі.

     Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен уағдаластық бойынша жалақысын субсидиялай отырып, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орнын құрады. Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады. Әлеуметтік жұмыс орындары  тұрақты жұмыс орындарынан тыс және тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындардан тыс құрылады. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда құрылмайды. Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс  уақытша сипатқа ие болады. Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.

     Жастар практикасы білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында түлектер үшін ұйымдастырылады.

     Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, оқуды аяқтаған кейінгі 3 жыл ішіндегі және жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған.

     Жастар практикасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, тұрақты жұмыс орындарынан тыс және бос тұрақты жұмыс орындарынан тыс жүргізіледі. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда құрылмайды.

      Жастар практикасы бойынша жұмыс  уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды.

    Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағыттылығы бар.

    Қоғамдық жұмыстарға қатысуға: жұмыссыздардың, жазғы демалыс кезеңінде студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының, жұмыстың тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы бар.

     Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысқа талдау, болжам жүргізеді, халықты жұмыспен қамту орталықтарының Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша жұмысын ұйымдастырады, Бағдарламаға қатысушылардың жұмысқа орналасуына мониторинг жүргізеді.

     Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысу мәселелері жөнінде азаматтарды хабардар етеді және консультациялық қызметтер ұсынады, құжаттарды дайындауға көмектеседі, үміткерлердің қажеттілігін зерделеу мақсатында оларға консультация береді, үміткерлердің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын бағалайды,       Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің құжаттарын қабылдайды. Одан басқа, жұмыспен қамту орталықтары жергілікті еңбек нарығындағы кадрларға қажеттілікке мониторинг жүргізеді және айқындайды, сонымен қатар, «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесі арқылы Бағдарламаға қатысушылардың жұмысқа орналасуына және міндетті зейнетақы жарналарының болуына мониторингті жүзеге асырады.

19.01.2017 ж


«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағытын жүзеге асыру

     Бюджет заңдылықтары шеңберінде алты жыл бойы республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен жыл сайын «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бірінші бағыты шегінде әлеуметтік инфрақұрылымдарды күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінеді.

     2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бірінші бағыты аясында 4 359 718 мың теңге қаржы бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен 290 259 мың теңге,    Ұлттық қор есебінен 2 769 641 мың теңге, Үкімет резерві есебінен 1 299 818 мың теңге.

     Аталған қаржы шегінде 266 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде:

  • күрделі жөндеу жұмыстары бойынша 13 мектеп, 7 балабақша, 6 клуб және 1 кітапхана.
  • ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша 21 мектеп және 21 балабақша, 2 мәдениет үйі, 7 клуб және 1 кітапхана, 2 спорт нысандары, орташа және ағымдағы жөндеу бойынша 120 көшелер мен жолдар, 54 абаттандыру нысандары.
  • 11 дәрігерлік амбулатория құрылысы.

    «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының мақсаты халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру, халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу, жұмыссыздықты қысқарту болып табылатындықтан, жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 1731 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 980 жұмыс орындары.

16.01.2017 ж


«Жұмыспен қамту 2020 жол картасының» бірінші бағытын жүзеге асыру

      Бюджет заңдылықтары аясында алты жыл бойы республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен жыл сайын «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бірінші бағыты шегінде әлеуметтік инфрақұрылымдарды күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінеді.

      2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бірінші бағыты шегінде республикалық бюджеттен және Ұлттық қор есебінен 27 жобаны іске асыруға 1 208 451 мың теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда 26 жоба жүзеге асырылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шегінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бірінші бағыты бойынша Үкімет резерві есебінен инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, әрбір ауылдық округты абаттандыру және инфрақұрылымына қосымша 1 299 818 мың теңге қаржы бөлінген болатын. Бөлінген қаржы аясында 165 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бүгінгі күні, мемлекеттік сатып алу үрдістері жүргізілуде, 26 жоба бойынша конкурстық рәсімдер аяқталды.

      Бұдан басқа, Ұлттық қор есебінен облыстық орталықтың 51 көшелердің орташа жол жөндеу жұмыстарына және 10 ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың құрылысына қосымша 1 800 000 мың теңге қаржы бөлінді. Аталған жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу үрдістері басталды.

27.09.2016 ж


«Жұмыспен қамту 2020 жол картасының» бірінші бағытын жүзеге асыру

     Бюджет заңдылықтары шеңберінде алты жыл бойы республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен жыл сайын «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бірінші бағыты шегінде әлеуметтік инфрақұрылымдарды күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінеді.

     2016 жылы Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бірінші бағытын іске асыруға 1 208 451 мың теңге қаржы бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен 238 810 мың теңге, Ұлттық қор есебінен 969 641 мың теңге. Жергілікті бюджет есебінен бірлесіп қаржыландыру 163 061 мың теңге қаржыны құрады. Қазіргі таңда, аталған қаржы шегінде 27 жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде күрделі жөндеу жұмыстары бойынша 13 мектеп, 7 балабақша, 6 клуб және 1 кітапхана. Нәтижесінде 470 жаңа жұмыс орындары құрылады, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 243 жұмыс орындары.

     Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау шегінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бірінші бағыты бойынша Үкімет резерві есебінен инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, әрбір ауылдық округты абаттандыру және инфрақұрылымына қосымша 1 299 818 мың теңге қаржы бөлінген болатын. Бөлінген қаржы аясында 165 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, оның ішінде 18 мектеп және 20 балабақша, 3 мәдениет үйі, 7 клуб және 1 кітапхана, 2 спорт нысандары, орташа және ағымдағы жөндеу бойынша 69 көшелер мен жолдар, 45 абаттандыру нысандары. Ескере кететін жайт, мемлекеттік бағдарлама жүзеге асыратын аталған жобаларды іріктеу жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен келісілген, яғни жергілікті тұрғындар өз ауылдарын дамыту - жол, денсаулық сақтау нысаны, мектеп немесе спорт, мәдени кешені болсын басымдықтарды таңдауға қатысқан. Аталған іс-шара қосымша 581 жаңа жұмыс орындарын, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 243 жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

16.08.2016 ж


«Жұмыспен қамту 2020 жол картасының» бірінші бағытын жүзеге асыру

     Бюджет заңдылықтары шеңберінде алты жыл бойы республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен жыл сайын «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бірінші бағыты шегінде әлеуметтік инфрақұрылымдарды күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінеді.

     2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бірінші бағытын жүзеге асыру үшін 1 208 451 мың теңге қаржы бөлінген. Аталған қаржы шегінде 13 мектеп, 7 балабақша, 6 клуб және 1 кітапхана барлығы 27 инфрақұрылымдық жобаларды күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Нәтижесінде 470 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 243 жұмыс орындары.

     Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау шегінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бірінші бағыты бойынша республикалық бюджет есебінен әрбір ауылдық округты абатандыру және инфрақұрылымына қосымша қаржы бөлу жоспарлануда. Жоспарланатын 1 299 818 мың теңге қаржыға әр ауылдық округтың әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандарын, жолдар мен көшелерді ағымдағы және орташа жөндеу, абатандыру, жарықтандыру бойынша тізім қалыптастырылуда. Жобалар тізімі ауылдық округтың жергілікті қоғамдастықтың шешімімен келісіледі. Қалыптастырылған бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қарауына ұсынылады.

22.06.2016 ж.


Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорындардың қаржыландыру жағдайы.

     Ағымдағы жылдың 13 мамырдағы облыс әкімінің орынбасары Қ.Ысқақовтың хаттамалық  тапсырмасын  орындау мақсатында, облыстық денсаулық сақтау саласындағы жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың                2015- 2016 жылдың Даму жоспарларының қөрсеткіштеріне  талдама  жасалды.

     Қазіргі танда, облыста денсаулық сақтау саласында 16 мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар және 11 шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік  кәсіпорындар  жұмыс жасауда.  

      Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік кәсіпорындардың  қаржылық-шаруашылық көрсеткіштері бойынша, талдау жүргізіліп, нақты  бекітілген және  жұмсалған шығындар, кіріс қаржылары анықталды.                       

     Кәсіпорындардың нақты жұмсалған шығындары бойынша айқындайтын  құжаттар сұратылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

21.06.2016 ж


Облыс бойынша мектеп алдындағы даярлық пен балабақшалардың жағдайы туралы

     2012 жылдан бері аймағымыздағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары 259 бірлікке көбейіп, ондағы қамтылған бала саны 17504 өсті, яғни мектепке дейінгі ұйымдар саны 708 құрап, оларда 46899 бала тәрбиеленуде (2012 жылы 449 мектепке дейінгі ұйым, 29395 бала тәрбиеленген). Ал 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың қамтылуы 2012 жылдан бері 24,8 пайызға өсіп, бүгіндері 100 пайызға жеткізіліп отыр.

      2013 жылы 3 балақшаның құрылысы облыстық бюджеттен, 2014 жылы 6 балабақшаның құрылысы (4-РБ, 2-ОБ), 2015 жылы 2 балабақшаның құрылысы (1-РБ, 1-ОБ) іске қосылды.

     Аймақтағы күрделі жөндеуді қажет ететін 43 балабақшаның 2013 жылы - 6 балабақшаға, 2014 жылы-11 балабақшаға, 2015 жылы-5 балабақшаға, барлығы 22 балабақшаға күрделі жұмыстары жүргізіліп, оларға бюджеттен 622 млн. теңге бөлінсе, 2016 жылы 7 балабақшаның күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 293,3 млн. теңге қаржы қаралып отыр.

      Аймақтағы қайтаруға жататан 14 балабақша ғимаратының 10 қайтарылған (Жаңақорған ауданы-4, Қызылорда қаласы-6). Қызылорда қаласындағы  4 балабақша ғимараттарын қайтаруға жұмыстар жасалынуда.

     Қазіргі таңда шағын оралықтарды балабақшаға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жекеменшік балабақшалар желісі жылдан-жылға артуда. 2012 жылы 81 жекеменшік балабақша болса, бүгінде 293 жекеменшік балабақша жұмыс жасайды. Ол барлық балабақшаның 65,1 пайызын құрайды.

       Мүмкіндігі шектеулі балалар мектепалды даярлықпен отбасында, балабақшада және мектеп жанындағы шағын орталықтарда қамтамасыз етілген.

       Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын мектепалды жасындағы балалар ата-аналарға арналған консультативтік пунктермен, логопунктермен қамтылған.

       Қазіргі таңда балабақшасы жоқ елді мекендерде шағын орталықтар жұмыс жасауда және жекеменшік балабақшалар ашылуына негіздер қаланған.

       Балабақшалардың материалдық-техникалық базаларын нығайту мақсатында облыстық бюджеттен 2014 жылы облыстағы 53 мемлекеттік балабақшаларға 78 млн. тенге қаржыға «Монтессория» кабинеттері алынып берілді.

       Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі №576 қаулысымен айқындалған  апаттық балабақшалардың қазіргі таңда  4 балабақшасы берілді.

       Аймақта мектепке дейінгі жастағы мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін бүгінде 5 арнайы түзету тобында мүмкіндігі шектеулі 108 бала, инклюзивтік топтарды 42 бала, барлығы 150 бала тәрбиеленуде.

  26.05.2016ж


  2016 жылы 1 мамырға облыстық бюджетті нақтылау бойынша  денсаулық  сақтау саласына бөлінген қаржылар.

     Облыс бойынша денсаулық сақтау саласына алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуге, аурудың алдын алу, емдеу және диагностикалауға және материалдық-техникалық базасын толықтыру мақсатында облыстық бюджеттен біршама қаржы бөлінді.

     Қазіргі тандаденсаулық сақтау ұйымдарын қосымша медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандыруға  363,5 млн.теңге бөлінді.

    2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап АҚ  "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясынан Меморандумына сәйкес,амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасы    мемлекеттік комуналдық кәсіпорынына берілген  20 төсектік стационары бар медициналық санитарлық бөлімнің ұстау шығындары 47,9 млн. теңге құралды.

      Азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен амбулаториялық емдеу деңгейінде жеңілдетілген жағдайда  қамтамассыз етуге   78,1 млн. теңге бөлінді.

      Облыстық  бюджетте  халыққа иммундық профилактика жүргізу үшін қаражат қарастырылған, сонымен қатар  вакцина сатып алуға         47,1 млн. теңге.

     Халықтың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейінде дәрілік заттармен және мамандандырылған балалар және емдік тамақ өнімдерімен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде науқастарды дәрілік заттармен қамтамассыз ету үшін қосымша қаражат қарастырылды.

      Облыстық медициналық орталығына қарасты Байқоңыр қаласындағы 120 төсектік көпсалалы аурухананың ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 68,3 млн. теңге қаржы бөлінді.

23.05.2016ж


«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бірінші бағыты шегінде қаржыландыру көлемі бойынша ағымдағы жағдайы

     Бюджет заңдылықтары шеңберінде 6 жыл бойы республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен жыл сайын «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бірінші бағыты шегінде әлеуметтік инфрақұрылымдарды күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінеді.

     2015 жылы 16 жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 527 612 мың теңге қаржы бөлінген, жергілікті бюджет есебінен бірлесіп қаржыландыру 42 846 мың теңге қаржыны құрады. Нәтижесінде 208 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 123 жұмыс орындары. Барлығы 7 клуб, 5 балабақша, 2 мәдениет үйі, 6 клуб, 1 мектеп және 1 кітапхана жөндеуден өткізілді.

     2016 жылы 27 инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға 1 208 451 мың теңге қаржы бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен 238 810 мың теңге, Ұлттық қор есебінен 969 641 мың теңге. Жергілікті бюджет есебінен бірлесіп қаржыландыру 163 061 мың теңге қаржыны құрады. Аталған қаржы шегінде 13 мектеп, 7 балабақша, 6 клуб және 1 кітапхана барлығы 27 инфрақұрылымдық жобаларды күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Нәтижесінде 470 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 243 жұмыс орындары.

      Қазіргі таңда «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бірінші бағыты шегінде 2017 жылға республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын 1 216 626 мың теңге құрайтын 20 инфрақұрылымдық жобалар тізімі қалыптастырылды және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне ұсынылды.

20.05.2016 ж.


Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт саласы.

2016 жылғы І-ші тоқсандағы атқарылған жұмыстары

 

     2016 жылы дене шынықтыру және спортты дамытуға облыстық бюджеттен барлығы - 3 377 млн. теңге қаралған.

   Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты - өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамсыз ету. Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу бүгінгі күні облысымызда бұқаралық сипатқа ие болып келе жатыр.

Бұқаралық спорт

 

     Облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 192885 адам, жалпы тұрғындар үлесінің 25,3 пайызын құрайды.

     Облыста бұқаралық спортты дамыту және қозғалысты ұйымдастыру үшін облыстық бюджеттен - 106,3 млн. теңге бөлінді. 133 елді мекенінде 263 спорт нұсқаушы жұмыс жасап, 41 040 мың адамды тұрақты спортпен шұғылдануға баулып келеді.

     Бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 241 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, оған 54 119 адам қатысты.

     Жасөспірімдердің арасында ауқымды іс-шаралары болып табылатын «Бәріңде жарысқа» «Нашақорлыққа-жол жоқ» атты көңілді старттарын өткізу дәстүрлі түрде өтіп, оған 1-11 сынып оқушылары жарыс жолына түсті. Аталған шара, үш кезеңнен ауылдық, аудандық, қалалық және облыстық кезеңдерінен өтіп, барлығы 7000-ға жуық жасөспірімдер тартылды.

   2016 жылдың 29 наурыз - 5 сәуір аралығында Қызылорда қаласында «Петро Қазақстан Кұмкөл Ресорсиз» АҚ-ң жүлдесіне арналған баскетболдан жалпы білім беретін мектеп оқушылары  арасында дәстүрлі облыстық ашық турнир өтті.

    «Үлкен ел-Үлкен отбасы» жалпы ұлттық шара жобасында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен облыстық жанұялық эстафеталық жарыстар өткізілді.

       Жанұялық жарыс жылына екі рет III кезеңнен өтеді.

     І кезең ауылдық кезең қаңтар айында өткізілсе, ІІ кезең аудандық және қалалық кезеңдер ақпан айында өткізіліп, І-ІІ кезеңдерінің қорытындысына сәйкес 326 отбасы (978 адам) тартылған.

       Жарыстың III кезеңі шілде айында, ақтық сайыс ағымдағы жылдың тамыз және қыркүйек айларында өткізіледі.

 

Әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы

 

     2016 жылы әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуына облыстық бюджеттен - 948,7 млн. теңге бөлінді.

     Жыл басынан, спорт түрлерінен жоғары білікті спортшылар дайындау үшін 68 оқу-жаттығу жиындары өткізіліп, оған 813 спортшы және 70 халықаралық, республикалық жарыстарға 681 облыс спортшылары қатысты.

     2016 жылдың І тоқсанында облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді: ҚР чемпионаттарында 35 - алтын, 54 - күміс, 54 - қола медальдарды жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 1 - алтын, 1- күміс, 2 - қола медальдарға қол жеткізді.

     1 - «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы», 12 спортшы - «ҚР-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 12 спортшы - «ҚР-ның спорт шебері», 119 спортшы - «Спорт шеберлігіне үміткер» атақтарына ие болды.

     Спорт түрлері бойынша ҚР-ның ұлттық құрама командасына 395 облыс спортшылары енді.

07.04.2016 жыл


Облыс тарихының жаңа көрінісі

     2016 жылы 14 наурыз күні жаңа экспозиция жүргізілген облыстық тарихи-өлкетану мұражайының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл мақсатқа 2015 жылы мұражайға облыстық бюджеттен 339,4 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде, облыстық музейдің және қор сақтау ғимаратының реставрациялық жұмыстарының жүргізілуіне – 118,8 млн. теңге, жобалық-сметалық және залдарға реэкспозиялық жұмыстарға – 220,7 млн. теңге.

     Енді облыс тұрғындарына жаңа экспонаттармен танысуға үлкен мүмкіндік беріп,  ғасырлар сынынан өтіп, уақыт пен болмыс қалыптастырған ұлттық дәстүріміз, бабалар маңдай тері, аталар қол еңбегі, аналарымыздың көз майы сіңген төлтума дүниелер, көненің көзі, көз жауын алып, көңіл толқытатын жәдігерлер киелі өлкеміздің мәдениет пен руханият ордасы 80 жылға жуық тарихы бар облыстық тарихи-өлкетану мұражайына арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отыр.

     Уақыт заманына сай музейдің I және II қабаттарына жаңа технологиялық электронды мониторлар мен теледидарлар орнатылды. Кіре беріс фойеде орналасқан мониторлар арқылы музей залдарының виртуальды экспозициясымен танысуға мүмкіндік туып отыр.

     Қазіргі уақытта, осындай төл тарихымыз бен ұлттық идеологиямызды дүниежүзіне насихаттайтын рухани-мәдени орталықтың қорында қазіргі таңда 55 мыңнан астам экспонат сақтаулы, өлкеміздің тарихы мен табиғатын баяндайтын 11 залда 4,5 мың экспонат орын алған. Жыл сайын облыстық бюджеттен мұражайдағы ұсынылған көптеген экспонаттар «Сығынақ», «Жаркент», «Шірік рабат», «Кердері», «Сортөбе» және тағы басқа көне қалашықтарында археологиялық зерттеулер жүргізу барысында табылған.

     Мәдени тегімізді танытатын төл мұралар, шашауы шықпай жеткен жауҺарлы жәдігерлеріміз сақталған музейдің жаңарған экспозициясы Алаштың асқақ ру­хын баяндап, Сыр елінің тарих тағы­лымын кейінгі жас ұрпаққа таныта беретіні сөзсіз.

16.03.2016


Ауыл шаруашылығы.

 

    2015 жылы өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 62,8 млрд.теңгені құрады, немесе 2014 жылмен салыстырғанда 4,2 пайызға артты.

    Егін шаруашылығында егілген егістік алқабы 167,3 мың гектарды құрады. Оның ішінде дәндi дақылдар - 86,9 мың гектар, мал азығындық дақылдар - 58,9 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша дақылдары - 15,4 мың гектар, майлы дақылдар- 6,0 мың гектарды құрады. Негізгі дақыл – күріштің егіс алқабы - 84,0 мың гектарды құрады.

    Егілген 84,0 мың гектар күріштің әр гектарынан 50,5 центнерден (2014 жылы 50,1 ц/га) өнім алынып, барлығы 423,6 мың тонна астық жиналды.

    Мал шаруашылығы саласы

    2016 жылдың 1 - қаңтарындағы жағдай бойынша 2014 жылмен салыстырғанда мал басы: сиыр – 7,2 пайызға, қой – 5,9 пайызға, жылқы –  2,7 пайызға өсті. Мал шаруашылығы өнімдері де артты тірілей салмақтағы мал мен құс еті -1,8 пайызға (32875,6 тн), сүт -2,0 пайызға (82789,4 тн), жұмыртқа 99,6 пайыз (5628,9 мың дана).

    «Сыбаға», «Алтын асық» және «Құлан» бағдарламалары аясында мал сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілді.

    «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде   64 шаруа қожалықтары 2721 бас сиыр және 148 бас бұқа сатып алды, жылдық жоспар 2,5 мың бас сиыр, 139 бас асыл тұқымды бұқа 108,8 пайызға орындалды.

    «Алтын асық» бағдарламасы шеңберінде 19 шаруашылығы 5058 бас қой, 174 бас қошқар сатып алды, жоспарланған 4,0 мың бас қой 126,5 пайызға орындалды.

    «Құлан» бағдарламасы шеңберінде 56 шаруашылығы 1589 бас бие, 197 бас айғыр сатып алды немесе жоспар 1,0 мың бас жылқы 158,9 пайызға орындалды.

    Өңдеу саласында бірқатар жобалар пайдалануға берілді. Атап айтқанда: 

    Қызылорда қаласында қуаттылығы тәулігіне 0,5 тонна шұжық өңдейтін кәсіпорын. 20 жаңа жұмыс орны құрылды;

тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіретін зауыт және тәулігіне 150 тонна күріш ақтау зауыты. 90 жаңа жұмыс орны құрылды;

    Жалағаш ауданында тәулігіне 150 тонна күріш ақтайтын зауыт. 38 жаңа жұмыс орны құрылды;

    Шиелі ауданында қуаттылығы тәулігіне 1 тонна сүт өңдеу цехы. 4 жаңа жұмыс орны құрылды.

    «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасына шеңберінде Қазалы ауданында 500 бас мүйізді ірі қараға арналған мал бордақылау алаңының құрылысы аяқталды. 200 бас ірі қара мал бордақылауда.

    Сонымен бірге, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын ұстап тұру мақсатында егін жинау кезеңінде Тұрақтандыру қоры арқылы азық-түлік тауарларын сатып алу және оларды әлеуметтік сату желілері арқылы сату жұмыстары жалғасуда.

    Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында 136 тонна құмшекер, 50 тонна макарон, 30 тонна қарақұмық жармасын, 60 тонна құс етін, 103,6 тонна өсімдік майын, 3,6 тонна шай алуға облыстық бюджеттен 100,5 млн. теңге қосымша қаражат бөлінді.

    Сонымен қатар, ұйымдастырылған жәрмеңкелерде нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен бағада 11,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды.

    Бағаны тұрақтандыру мақсатында ірі сауда субъектілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының көтерме бағасынан 5-10 пайыздан жоғары емес үстемемен сату жөнінде 15 меморандумға қол қойылды.

    Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2015 жылдың желтоқсанында 2014 жылдың желтоқсанына қарағанда тұтыну бағаларының индексі 114,7 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 109,9 пайызды құрады, яғни орташа республикалық көрсеткіштен (РК-110,9 пайыз) төмен.

    Аяқ сумен қамтамасыз ету.

    Облыстың елді мекендерін аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылы 8 каналды тазарту жұмыстары жүргізілді.

    Су сақтау орнын жөңдеу және су тасқынының алдын алу, сонымен қатар, облыс орталығы Қызылорда қаласының айналасына жасыл белдеулерді ұстау жұмыстары жүргізілді.

10.02.2016 ж


Білім беру саласы

 

1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту

            Бүгінгі таңда облыс бойынша 693 мектепке дейінгі ұйым (435 балабақша, 258 шағын орталық) жұмыс жасап, онда 45947 бала тәрбиеленуде. 1-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі ұйымға қамтылуы - 54%, 3-6 жастағы балалардың қамтылуы - 100 %  құрады.

            Балабақшалардағы орын тапшылығын азайту мақсатында, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жекеменшік балабақшалардың желісі көбеюде. Бүгінгі күні облыс бойынша 435 балабақша жұмыс жасаса, оның ішінде 279-ы жекеменшік балабақша, ол барлық балабақшаның 64,1% құрап отыр.

            Сонымен қатар, 2016 жылы облыс бойынша қосымша 28399 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды.

2. Орта білім

Қазіргі таңда облыста 298 жалпы орта білім беретін мектеп саналуда (2014 жылы - 292), онда білім алатын оқушылар саны 136991-ге (2014 жылы 128303) дейін жетті. Сонымен қатар, 2015-2016 оқу жылында облыста 8 кешкі мектеп жұмыс жасап, онда 544 оқушы білім алады.

            Облыста 12 жылдық білім беру қарсаңында бастауыш сыныптар бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік оқу стандартының жаңа жобасы 2 мектепте апробациядан өткізілу жұмыстары жүргізулуде.

            Одан басқа, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің технология оқытуын енгізетін 22 инновациялық мектептердегі мұғалімдердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жоспарлануда.

2013-2014 оқу жылынан бастап облыстағы жалпы білім беретін мектептердің 1 сыныбында ерте жастан ағылшын тілін оқыту іске асырылды. Бүгінгі күні 1,2,3-ші сыныптарда ағылшын тілде оқытылуда.

            Сонымен қатар, Қызылорда облысының білім беру жүйесінде жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшуді ұйымдастырудың 2016 жылға арналған өңірлік іс-шара жоспары бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.

            Осы мақсатта, М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі мен «КАТЕV» халықаралық қоры арасындағы келісімге сәйкес ағылшын тілін тереңдетіп оқыту арқылы мектептердегі математика, физика, химия және информатика негізгі пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерді даярлау бойынша екі жақты меморандумға қол қойылды.

11.02.2016 ж.


Мәдениет саласының дамуы және мәдени-демалыс іс-шараларын ұйымдастыру

 

       2015 жылы облыстың мәдениет үйлері мен клуб мекемелерінде 1 599,6 мың көрерменді қамтыған 7821 мәдени-көпшілік шаралары жүргізілді. Оның ішінде 1 республикалық, 1 өңірлік, 13 облыстық конкурстар, 2 республикалық айтыс.

      Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуының 20 жылдығына,  Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына, «Байқоңыр» ғарыш айлағының 70 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.

     Халық ақыны, әнші-композитор Нартай Бекежановтың, Мемлекеттік қайраткер Мұстафа Шоқайдың 125 жылдығына, Бекарыстан би Амалдықұлының 250 жылдығына арналған іс-шаралар өткізілді.

     Қоғамда достық пен татулықты нығайту мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы кинотеатрының ғимаратына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық үйі» ашылды.

      Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 90 жылдығына орай Арал қаласында Ә.Нұрпейісов атындағы әдеби үйі ашылды, «Соңғы парыз» атты романның кейіпкерлеріне арналған ескерткіш-белгі орнатылды.

     Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, күрішші Ы.Жахаетің 125 жылдығына арналған, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Б. Шукеновке арналған «Отан ана» атты республикалық әншілер конкурсы және 10 мемлекеттік мерекені атап өту іс-шаралары өткізіледі. Сондай-ақ, Жанкент, Шірік-Рабат және Сығанақ қалашықтарында археологиялық зерттеулерді жүргізу жалғасын табатын болады.

09.02.2016ж.


Қызылорда облысындағы медициналық ұйымдарының өзгертілуі

 

     Шаруашылық жүргізу құқығы статусындағы облыстағы медициналық бірқатар ұйымдары 2016 жылы 14 қаңтарда №297 Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысымен  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын статусына өзгертілді,  мыналар:  Жұқпалы иммунды тасығыштар синдромын алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, Облыстық наркология орталығы, Облыстық қан орталығы,Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы.

     Сонымен қатар, 2016 жылы 14 қаңтар №298 облыс әкімдігі қаулысымен амбулаторлық емханалық қызмет көрсететін 7 аудандық орталық ауруханалар мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын статусына өтті.

09.02.2016ж


Еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделі.

     Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауына сәйкес 2016 жылдан 1 қаңтарынан бастап азаматтық қызметшілірдің еңбекақысы көтерілді.

    Осыған орай, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізілді, яғни еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа жүйесі енгізілді, осыған сәйкес 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық қызметшілердің еңбекақысын төлеу жүйесі жаңа моделмен жүргізіледі.

    Жаңа жүйеде негізінен бюджет арқылы қаржыландырылатын денсаулық сақтау, білім, өзгеде сала ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысы өсетін болады. Атқаратын еңбек өтілімен атқаратын қызметіне сәйкес, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 7 пайыздан бастап 28 пайызға, білім саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 15 пайыздан 29 пайызға дейін, өзге де салалардағы қызметкерлердің еңбекақысы 28 пайыздан 40 пайызға дейін өсіп отыр.

    1-ші кестеге сәйкес білім саласы мен денсаулық сақтау саласы мамандарының еңбекақысы жөнінде мәліметтер.

1 кесте

 

Маманның жұмыс өтілі

Қолданыстағы жүйе

Жаңа жүйеге сәйкес

ЕАҚ айырмасы (ЕАҚ2/ЕАҚ1)

Санаты

Лауазымдық жалақы

Санат үшін төленетін үстеме ақы

ЕАҚ1 (қосымша ақылар мен үстеме ақыны қоспағанда)

Санаты

Лауазымдық жалақы

ЕАҚ2 (қосымша ақылар мен үстеме ақыны қоспағанда)

Негізгі персонал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім саласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғарғы санатты мұғалім

25 жылдан жоғары

G-9

50 967

17697

68664

В2-1

83 176

83 176

1,21

1-ші санатты мұғалім

17-20 ж.

G-9

50 803

8849

59652

В2-2

73 620

73 620

1,23

2-ші санатты мұғалім

11-14 ж.

G-9

48 313

5309

53622

В2-3

68 133

68 133

1,27

Санаты жоқ мұғалім

5-7 ж.

G-9

45 658

 

45658

В2-4

58 754

58 754

1,29

Денсаулық саласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғарғы санатты дәрігер

25 жылдан жоғары

G-9

50 967

26 546

77 513

В2-1

92 201

92 201

1,19

1-ші санатты дәрігер

17-20 ж.

G-9

50 083

21 236

71 319

В2-2

79 283

79 283

1,11

1-ші санатты дәрігер

11-14 ж.

G-9

48 313

17 697

66 010

В2-3

73 620

73 620

1,12

Санаты жоқ дәрігер

5-7 ж.

G-9

45 658

 

45 658

В2-4

58 754

58 754

1,2

Айта кететін жәйт, сонымен қатар «Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентінің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысына өзгерістермен толықтырулар енгізіліп, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің түзету коэффициенті өзгертіліп «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің еңбекақысы 30% өсіп отыр.

20.01.2016ж


Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу (МӘМС).

     Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2050 жылы әлемдік 30 дамыған мемлкеттің қатарына кіру яғни елдер арасында ұйымдардың экономикалық ынтымақтастығы стандартын енгізуді талап ететін және денсаулық сақтау жүйесін дамытуда «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы қабылданды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мақсаты:

Денсаулыққа деген ортақ жауапкершілікке жету

Денсаулық сақтау жүйесінде қаржылық тұрақтылықты жасау

Тиімділік жүйесін жетілдіру

 

Міндетті медициналық сақтандырудың принциптері:

Міндеттілік және барлығын қамту

Мемлкеттің ортақ жауапкершілігі, жұмыс берушілермен азаматтар арасында

Көрсетілетін медициналық жәрдемнің қолжетмділігі және сапасы

Активтерді сақтауда мемлекеттің кепілдігі

Қаржыны мақсатты пайдалану

Қор қызметін жариялау мен бақылауды қамтамассыз ету

 

Бұл жүйе жұмыспен қамтылған азаматтар, жұмыс берушілер және өзін-өзі еңбекпен қамтыған азаматтардың мемлкеттік міндетті сақтандыру төлемдерінен құрылатын болады.

Жұмыс істейтін халықтың салымы кірісінен 2 пайызды құрайтын болады, осыған сәйкес аударымдары 2019 жылы 1 пайыз және 2020 жылдан бастап -2 пайызды құрайтын болады.

Жұмыс берушілердің  салымдары мен аударымдары жұмысшы кірісінің 5 пайызын құрайтын болады, осыған сәйкес аударымдары 2017 жылы 2 пайыздан басталса, 2018 жылы-3 пайыз, 2019 жылы-4 пайыз және 2020 жылы- 5 пайыз болады.

Халықтың әлеуметтік қамтамассыз етілмеген бөлігі (бұлар балалар, зейнеткерлер, жұмысқа жарамсыз азаматтар, жұмыссыздар) сақтандару төлемдері мемлекеттің республикалық бюджет қаржысынан 7 пайыз көлемінде экономика бойынша орташа айлық еңбекақы төлемінде төленетін болады.

Мемлекеттің салымы 2017 жылы 4 пайыздан 2024 жылы 7 пайызға дейін  сатылап іске асатын болады.

Азаматтардың басқа да категориядағы салымдары, өзін-өзі еңбекпен қамтыған азаматтарды қосқанда олардың кірістерінен 7  пайызды құрайтын болады,  бірақ кірістері 1  жалақының ең төмен мөлшерінен төмен болмауы керек, осыған сәйкес олар  2017 жылы 2 пайыз, 2018 жылы – 3 пайыз, 2019 жылы – 5 пайыз және 2020 жылдан бастап -7 пайыз аударатын болады.

 

            Облыс басшысы Қ.Көшербев денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназароваға медициналық сақтандыру жұмысы бойынша әрбір медициналық ұйымның қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру жұмыстарын ұйымдастыруға тапсырма берді.

19.01.2016ж


     Жергілікті  полиция  қызметі  туралы

 

   «100 нақты қадам» - Ұлт Жоспарының 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру бағытында, жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдыстыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру көзделген.

   Ағымдағы жылдың 5 қантарында облыс әкімінің қарарымен облыстың ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметі басшысы лауазымына полиция подполковнигі Қобландин Қалижан Жеңісбекұлы тағайындалды.

   Аудандар және Қызылорда қалалық ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі бастығы лауазымына ұсынылған кандидаттар қаралып, облыс әкімі аудандық, қалалық мәслихаттармен келесіліп, тағайындалды.

    Жергілікті  полиция қызметіне жүктелген міндеттер тізімі Қазақстан Республикасы Занамаларымен және басқада нормативтік актілермен нақты бекітілген.

    Жергілікті  полиция  қызметінің негізгі міндеттері:

    құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтайды

 қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді;

 жол жүрісін және оның қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін

мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді жүргізеді;

 қылмыстық теріс қылықтарды тергеп-тексеруді жүзеге асырады;

 әкімшілік қамауға алынған және  әкімшілік тәртіппен

тұтқындалған адамдарды ұстауды қамтамасыз  етеді.

         Жергілікті полиция қызметіне жататын бөлімшелерінің  материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету және қаржыландыру  жергілікті   бюджет есебінен жүргізіледі.

       Бүгінгі таңда жергілікті полиция қызметінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, қоғамдық тәртіптің сақталуына және  тұрғындарды құқық қорғау саласына кеңінен тартуға бағытталған жұмыстар жүзеге асырылуда.

19.01.2016ж


2016-2018 жылдарға арналған бюджет

 

     Ауыл шаруашылығы

     2016 жылы облыстық бюджеттен ауыл шаруашылығы саласына қаралған қаржы көлемі 7 882 млн. теңге болып, 2015 жылмен салыстырғанда 103,6 пайызды құрады, оның ішінде егін шаруашылығына - 5328 млн. теңге (2015 жылға 105,3 пайызға артқан), мал шаруашылығына 2408 млн. теңге (2015 жылға 105,7 пайызға өскен).  Республикалық бюджеттен АӨК субсидиялауға - 181,8 млн. теңге, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуды несиелендіру - 421,2 млн. теңге, ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген мамандарға тұрғын үй алуға несиелендіру - 1336,2 млн. теңге.

     Ветеринария

     Ветеринариялық шараларды жүргізуге - 173,8 млн. теңге, оның ішінде: Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына - 167,9 млн. теңге (Жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізімі мүйізді ірі қара - тейлероз, пираплазмоз, уақ мал - фасциолез, жылқы -сақау, гастрофилез, түйе -трипаносомоз облыс әкімдігінің 18.12.2014 ж №787 қаулысымен бекітілген) 2015 жылмен салыстырған 9,1 млн. теңгеге вакцинация мен диогностика жүргізілетін мал басының ұлғаюынан артып отыр. Уақытша сақтау пунктіне дейін ветеринариялық препараттарды тасымалдауға 5,9 млн. теңге.

     Қоршаған ортаны қорғау

     Орман ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау, ұтымды пайдалануды және молайту, су қорын сақтау, суармалы сумен тұрақты қамтамасыз етуге және тиімді деңгейде су пайдалануға жағдайлар жасау, қоршаған ортаны қорғау шараларын жүргізуге 995,1 млн. теңге қаралды (2015 жылмен салыстырғанда 105,6 пайыз).

11.12.2015 ж


2016 жылы денсаулық сақтау саласын облыстық бюджеттен қаржыландырудың ерекшеліктері

 

     2015 жылы 10 желтоқсанда облыстық мәслихаттың кезекті 42 сессиясымен 2016 жылға денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы көлемі 11633,0 млн.теңгені құрайтын 2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет бекітілді. 2015 жылға бекітілген бюджетпен салыстырғанда денсаулық сақтау  шығындары 365,0 млн.теңгеге ұлғайған.

     Қан айналым жүйесі ауруларынан өлім жетім деңгейін төмендету және қатерлі ісік ауруларының деңгейін төмендету мақсатында мыналарға қаржы қаралды:

     -Онкопатологиясымен қиналып жүрген ауруларға полиативтік көмек көрсету мақсатында облыстық онкологиялық орталығынан 15 төсектік хоспис бөлімін ашу және материалдық-техникалық базасымен жарақтандыру, медициналық құрал-жабдықтармен толықтыру;

     -Облыстық перинаталдық орталығы базасында әйелдерді туғаннан кейінгі 30 төсектік сауықтыру бөлімшесін ашу;

     -Облыстық перинаталдық орталығы базасында ашылған генетикалық орталығын медициналық құрал-жабдықтармен толықтыру;

     -7 орталық аудандық ауруханаларды медициналық құрал-жабдықтармен толықтыру.

     Сонымен қатар, халыққа уақытылы жедел медцициналық көмек көрсету мақсатында облыстық медицина орталығына екі реанимобиль сатып алуға қаражат бөлінді.

11.12.2015 ж.


Әлеуметтік маңыздағы азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру шаралары

     2015 жылға облыстық бюджеттен тұрақтандыру қорына 200,0 млн. теңге қаралған болатын. Ағымдағы жылы тамыз айында жасалған теңге бағамының еркін айналымға жіберілуіне байланысты азық-түлік бағаларының өсуі байқала бастады. Әлеуметтік маңыздағы азық-түлік тауарларының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айында облыстық бюджеттен 100,4 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржы  64 тонна қаражұмық, 17 тонна  шәй, 64 тонна макарон өнімдері, 64 тонна тауық еті, 64 тонна өсімдік майы, 128 тонна қант алуға бағытталады.  

30.09.2015 ж


Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту

 

     ҚР заңдылықтарна сәйкес ауыл әкімдеріне қосымша міндеттемелерді берумен қатар, 2014 жылдан бастап 7 кірістік түсімдердің көзері бойынша (Анықтама: сыртқы жарнамны орнатуға төлем, мемлекттік мүлікті жалға беруден түскен кіріс, жеке және заңды тұлғалардан жинау, 4 айыппұл түрі) қолма-қол бақыланды шоттары ашылған. 2015 жылдың 1 қыркүйегі жағдайы бойынша облыс бойынша қолма-қол бақыланды шотқа барлығы 18201,2 мың теңге түсім түсіп отыр, оның ішінде аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша бөлінісі:

          Арал ауданы бойынша 425,2 мың теңге;

          Қазалы ауданы бойынша 1002,6 мың теңге;

          Қармақшы ауданы бойынша 2249,3 мың теңге;

          Жалағаш ауданы бойынша 404,5 мың теңге;

          Сырдария ауданы бойынша 156,9 мың теңге;

          Шиелі ауданы бойынша 2009,8 мың теңге;

          Жаңақорған ауданы бойынша 5460,3 мың теңге;

          Қызылорда қаласы бойынша 6492,6 мың теңге түсім түсіп отыр.

     Сонымн қатар, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту аяасында келесі кезеңі бұл ауыл әкімдеріне 2015 жылдың 1 сәуірінен бастап 4 салықтық түсім бойынша трасферттік түсімдерді беру. (Анықтама: жеке табыс салығы, мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық). Аталған трансферттік түсімдерде қолма-қол бақыланды шоттарға түседі, 2015 жылдың 1 қыркүйегі жағдайы бойынша облыс бойынша қолма-қол бақыланды шотқа, аталған трансферттік түсімдерден Арал, Қазалы, Қармақшы Шиелі аудандары және Қызылорда қаласы бойынша барлығы 242980 мың теңге түсім түсіп отыр.

 

                                                                                         14.09.2015 жыл.


Мемлекеттік басқару

      Қызылорда облысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметкерлердің саны барлығы 1995 бірлікті құрайды, оның ішінде:

          Облыстық деңгей – 477 бірлік,

          Аудандық деңгей – 769 бірлік,

          Ауылдық деңгей – 749 бірлік.

      Ұлт жоспарының бірінші кезеңіне «Қазіргі заманғы мемлекеттік аппаратты құру» сәйкес мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне ауысу жоспарлануда. Бүл модельдің шеңберінде алғашқы мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталатын болады.

      Сонымен қатар, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекақы төлеу жүйесі факторлы-баллдық шкалаға өту жоспарлануда. Яғни, атқарған жұмысының күрделілік мөлшеріне және жауаптылық деңгейіне т.б.байланысты есепке алынады.

      Нәтижесінде, бірдей санаттағы қызметтердің төлемдері әртүрлі  деңгейде төленеді.

      Мемлекеттік қызметкерлердің тұрақты бағалау қорытындысы және төленетін бонусты енгізу жоспарлануда. Бағалауға барлық мемлекеттік қызметкерлер (саяси, «А» және «Б» корпустарының қызметкерлері) кіреді. «Б» корпусының қызметкелерінің жұмыс сапасы олардың жылдық  жоспары негізінде бағаланады.

      Қазіргі таңда облыста «Қазіргі заманғы мемлекеттік аппаратты құру» шеңберінде аталған жоспарды жүзеге асыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

14.09.2015 ж.


Халықты  жұмыспен қамту бойынша ақпарат

     Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің мәліметіне сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2015 жылдың II тоқсанына экономикалық белсенді халық саны – 311.1 мың адам (2014 ж. 2 тоқсан - 359,9 мың адам), жұмыспен қамтылған халық саны – 295,5 мың адам (2014 ж. 2 тоқсан - 341,8 мың адам). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды (2014 ж. 2 тоқсан - 5,0 пайыз), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі: 15-28 жас – 4,4 пайызды құрады (2014 ж. 2 тоқсан – 5,3 пайыз), өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,9  пайызға төмендеді.

     2015 жылы 9500 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса,1 қыркүйекке 7994 жаңа жұмыс орындары құрылды (6482 тұрақты орындар, немесе жоспардың 84,1 %).

     Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына  20223 адам хабарласты, соның ішінен 8052 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 40 пайызы) жұмысқа орналастырылды.

     Облыста 57 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 645 жұмыс беруші 2179 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 4435 жұмыс іздеушілер қатысып, оның 1352-не жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді.

     Жұмыспен қамту органдары облыстағы мекеме, кәсіпорындардан жұмыскерлердің жұмыс уақытының немесе штат кестесінің қысқаруы жөнінде   күнделікті  мониторинг жүргізілуде.

    Кешенді жоспар аясында 2015 жылы облыс бойынша 23386 адамды қамту жоспарланып отыр, соның ішінде 13502 жұмыссыздар, 9884 нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар қатарынан. Бұл облыс бойынша жұмыссыздар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтардың  39,2 пайызын құрайды.

    2015 жылғы 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша мемлекеттік, салалық және өңірлерді дамыту бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен 22702 адам қамтылды, соның ішінде:

    - 5664 жаңа жұмыс орындары ашылып, жоспар (2184 орын) 259 пайызға орындалды (ЖҚЖК – 2020 – 311 адам, ҮИИДБ – 163 адам, Агробизнес 2020 -114 адам, БЖК 2020 – 274 адам, өңірлерді дамыту бағдарламасы – 989 адам,  аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша – 3522 адам, Жасыл Ел – 241 адам);

   - әлеуметтік жұмыс орындарына 465 адам жолданды немесе жылдық жоспардың (299 адам)  160,3 пайызы;

   -  жастар тәжірибесіне 547 адам немесе жылдық жоспардың (279 адам) 196 пайызы;

   - қоғамдық жұмыстарға 6030 адам немесе жылдық жоспардың (8300 адам) 73 пайызы;

   - қайта даярлау курстарына 420 адам жолданды немесе жылдық жоспардың (450 адам) 93 пайызы;

  - 289 адамға  606,5 млн.теңге шағын несие берілді, жылдық жоспардың (520 адам) 57,2 пайызы және 128 адам шағын несие алып, нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар қатарынан салық органдарына тіркеліп формалды секторға енгізілді;

  - мемлекеттік қолдау шараларын қолданбай 9150 адам жұмыспен қамтылды, жылдық жоспардың (11060 адам) жоспардың 83 пайызы орындалды.

11.09.2015ж.


Дене шынықтыру және спорт

 

     2015 жылы дене шынықтыру және спортты дамытуға облыстық бюджеттен барлығы – 3 257,3 млрд. теңге қаралған.

 

Бұқаралық спорт

 

     Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты - өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамсыз ету. Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу бүгінгі күні облысымызда бұқаралық сипатқа ие болып келе жатыр.

     Облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны-184229 адам, жалпы тұрғындар үлесінің 24,5 пайызын құрайды.

     Қазіргі таңда 133 елді мекенінде 270 спорт нұсқаушы жұмыс жасап, 41 040 мың адамды тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді.

     Бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 759 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, оған 182 205 адам қатысты.

     Жасөспірімдердің арасында ауқымды іс-шаралары болып табылатын «Бәріңде жарысқа»  «Нашақорлыққа-жол жоқ» атты көңілді старттарын өткізу дәстүрлі түрде өтіп, оған 1-11 сынып оқушылары жарыс жолына түсті. Аталған шара, үш кезеңнен ауылдық, аудандық, қалалық және облыстық кезеңдерінен өтіп, барлығы 7000-ға жуық жасөспірімдер тартылды.

 

Облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткізу

 

     2015 жылы облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткізуге облыстық бюджеттен – 102,6 мың теңге бөлініп, оның ішінде қосымша «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы», "Спорт күні" деген іс-шаралар өткізілді.

     Жылдың басынан жоғарғы білікті спортшыларды дайындау үшін 127 оқу-спорттық жиыны өткізіліп, 1418 спортшы қатысқан болатын.

     Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау қылмыстылықтың алдын-алу мақсатында 189 іс-шара өткізіліп, оған 28 810 жасөспірімдер қатыстырылды. Ұлттық спорт түрлері бойынша 151 іс-шара өтіп, оған 27 321 спортшы қатысты.

 

Әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы

 

     2015 жылы әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуына облыстық бюджеттен – 1 091,8 млрд. теңге бөлінді.

     Жылдың басынан облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді: ҚР чемпионаттарында 81 – алтын, 60 – күміс, 121 – қола медальдарды жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 12 – алтын, 1-күміс, 7 қола медальдарға қол жеткізді.

     1 – Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, 7 спортшы - «ҚР-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 14 спортшы – «ҚР-ның спорт шебері», 30 спортшы – «Спорт шеберлігіне үміткер», 3 спортшы «І-ші дәреже» атақтарына ие болды. 

     Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына 306 облыс спортшылары енді.

     Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытындағы спорт түрлерінен 6 – ҚР чемпионаты (қазақ күресі, шахмат, бокс, велоспорт, футбол, кикбоксинг), гандболдан ҚР IV жазғы спартакиадасы, 1 халықаралық және 17 республикалық турнирлер ұйымдастырылып өткізілді.

08.09.2015 жыл


Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту

 

     Бүгінгі таңда облыс бойынша 611 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасап 41939 бала тәрбиеленуде. Балалардың мектепке дейінгі ұйымға қамтылуы 1-6 жас аралығы 49,5 пайызды, 3-6 жас аралығы 92,2 пайызды құрап отыр. Ал 2015 жылдың аяғына дейін 3-6 жас аралығындағы балаларды 100 пайыз қамту мақсатында қосымша 4196 орын ашу жоспарлануда. Мектепке дейінгі білім беру желісін дамытудағы мемлекеттік - жеке меншік әріптестікті дамытудың облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді. Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарда білімді дамыту Мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста жыл сайын мектепке дейінгі мекемелер желісі өсуде.

Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға 2011-2015 жылдар кезеңіне 9,5 млрд.теңге бөлінді.

 

Жалпы орта білім беру

 

    Облыста 300 мемлекеттік жалпы білім беретін күндізгі мекетептерде 134 мың оқушы оқиды. Бастауыш 16, негізгі 25 және 259 орта. Қазақ тілінде оқытатын 268 мектеп, орыс тілінде 4 мектеп, аралас 28 мектеп. Оның ішінде 30 шағын мектептер.

2013жылы 3 ауысымда оқитын мектептер мәселесі  шешілген.

     Ал апаттық мектептер мәселелері кезең - кезеңімен шешілуде. 2015 жылдың 1 қаңтарына 20 апаттық мектептер болса, ағымдағы жылда оның 9- ның мәселесі шешілді.

2012 жылдан бастап облыстың мұғалімдері ААҚ «Назарбаев Зияткерлік мектептері»-нің үш деңгейлік біліктілікті арттыру курстарынан өтуде. Бүгінгі таңға жалпы мұғалім санынан, 4209 мұғалім немесе 22,9 пайызы біліктілік арттырды. Бұл бағыттағы жұмыстар әліде жалғасатын болады.

     Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасы аясында 225 облыс мектептері жаңа үлгідегі физика, химия, биология және мультимедиялық кабинеттермен жасақталған. Қазіргі уақытта мультимедиялық кабинеттер саны 261 (78.9%) құрайды.

     Мектеп оқушыларын компьютерлермен қамтамасыз етуге келер болсақ, 1 компьютер 9 оқушыға келеді, ал республика бойынша 1 компьютер 10 оқушыға.

     Сонымен қатар, E-learning электрондық оқыту бойынша облыста 108 оқу орны жұмыс жасайды, оның ішінде 103 мектеп және 5 колледж.

     2015-2016 оқу жылына оқушыларды 100 пайыз оқулықпен қамту жоспарлануда. Аз қамтылған отбасы балалары ыстық тамақпен  100 пайыз қамтылған. 3994 оқушының 3601 тасымалдаумен қамтылып отыр.

 

Қосымша білім беру

 

     Облысы бойынша барлығы  57 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Жалпы  қосымша біліммен 117930 бала қамтылып, ол 91,9 пайызды құрап отыр. 5 мектеп базасында 1200 орындық қосымша білім беру орталықтары  жұмыс жасайды.

     Оқушылардың сабақтан тыс бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қосымша біліммен қамтылу санын көбейту мақсатында облыстың барлық жалпы білім беретін мектептерінде баланың жеке басының ерекшеліктері мен оның тұрып жатқан аумағын ескере отырып, спорт секцияларын, үйірмелер мен клубтар жұмысы жасауына талаптар күшейтілуде.

     Аудандар мен Қызылорда қаласындағы қосымша білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсететін, басқаратын, инновациялық технологияларды ендіретін және балаларға ауқымды шаралар өткізетін облыстық 150 орынды оқу ғимараты мен 150 орынды жатақханасы бар қосымша білім беру орталығын құру мақсатында облыстық бюджеттен орталықтың құрылысын жүргізу үшін жоба сметалық құжатама әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге  21,4  млн тенге қаржы бөлінді.

 

Техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша 2014 жылғы атқарылған жұмыстар

 

     Қызылорда облысындағы 32 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 103 мамандық 157 біліктілік бойынша 24493 студент білім алуда. Оларға 2221 инженер-педагог дәріс береді.

     Бітірушілердің жұмысқа орналасқандары 65.7 пайызды құрайды.

     8 колледжде 17 мамандық бойынша дуальды оқыту жүйесінің элементтерін енгізуге байланысты жұмыстар жүргізілуде.

     2012 жылдан бастап облыстың техникалық және кәсіптік білім жүйесін дамыту бағытында кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу шеберханалары мен арнаулы пән кабинеттерін жаңа техникалармен  жабдықталуда .

     2014 жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инустиалды-инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қажетті облыстағы 8 колледжінде жаңадан 10 мамандық ашылды.

     Осы жаңадан ашылған 10 мамандықты лицензиялық талаптарға сай материалдық-техникалық базалары жабдықталды.

     Беларусь ұлттық кәсіптік білім беру институтында колледждің 115 инженер-педагог бір айлық біліктілік арттыру курстарынан өтті.

     Сонымен қатар, колледждердің 21 қызметкері дүниежүзілік банк гранты есебінен Франция, Германия, Ресей мемлекеттерінің кәсіптік білім беретін оқу орындары мен кәсіпорындарында біліктілік арттыру курстарынан өтті.

           03.09.2015ж.


Стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері

 

     Ағымдағы 2015 жылы халықтың әл-аухатының өсуін және облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының (әрі қарай-АДБ) жүзеге асырылуы аяқталады.

     АДБ алдағы 5 жылдыққа жоспарланып, басты бағыттары, мақсаттары, аймақ дамуының міндеттері, қөрсеткіштері бойынша күтілетін нәтижелерді қамтиды.

     Өткен жылы өткізілген мониторинг пен АДБ-ның жүзеге асырылуының бағалауын ескере отырып, қазіргі таңда жоспарланған көрсеткіштерді сапалы орындау мақсатында мемлекеттік органдармен бірге мақсатты индикаторлар мен нәтижелі көрсеткіштердің өзгерістері, жекелеген іс-шараларды қайта қарау сияқты түзету жұмыстары жүргізілуде.

     Түзетілген көрсеткіштерге орталық мемлекеттік органдардан келісім алынғаннан кейін Аумақтарды дамыту бағдарламасы облыстық мәслихатқа бекітілуге ұсынылады.

     Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Заңына сәйкес, облысымызда алдағы 5 жылдыққа яғни 2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасының жобасын әзірлеу жөнінде жұмыстар басталды.

     Оған қоса, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарымен қатар Қызылорда облысы 2016-2020 жылдарға арналған Аумақтарды дамыту бағдарламасының жобасын әзірлеуге жергілікті атқарушы органдармен бірге техникалық және кеңестік көмек көрсетуге ықпал жасалып отырған «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасы негізінде пилоттық облыс болып табылады.

     Айта кету керек, Мемлекет Басшысының «100 нақты қадам» Бағдарламасының мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік нәтижеге бағытталған шағын жүйесін қалыптастыру аясында Аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеу тәртібіне өзгерістер енгізілуде, оның ішінде бюджеттік қаражаттар мен басқаларды нәтижемен байланыстыруды қамтамасыз ету.

 

03.09.2015 ж  

 


Қоғамдық тәртіпті қорғау

 

       Жыл сайын қоғамдық тәртіпті қорғауға және қылмыстардың алдын алуға қонымды қаржы қарыстырылып отыр.

      Атап айтқанда,  2013 жылы  5 246,5  млн. теңге,  2014 жылы  6 277,2  млн. теңге,  2015 жылы  5 662,5 млн. теңге  бөлінді.

      Аймақтық қылмыстардын алдын алуға арналған профилақтикалық  іс шараларын орындау  үшін   облыс көлемінде 2013 жылы -100, 2014 жылы- 27, 2015 жылы- 4, барлығы 247 бейне бақылау орнатылды.

      Сонымен қатар, жылда ішкі істер органдардын  автокөлік паркі ұлғайтылып турады. 2013 жылы 27-ті бірлік, 2014 жылы -100 бірлікке көбейді.

      Қылмыстардың алдын алу іс шаралары нәтижелі болуына  ішкі істер органдардың материалды техникалық базасын нығайтуы  себеп болып отыр.

      2015 жылы материалды техникалық базаны нығайтуға                         1 млрд.231 млн.теңге бөлінді. Осыған қосымша, арнайы құрал-жабдықтарға, жеке қорғау құралдарға және жеке құрамының қорғанысына қаржы қамтамасылды.

     Ішкі істер органдардың техникалық жабдықтауға, атап айтқанда арнаулы байланыс құралдары, жедел басқару орталығының  техникалық қызметін нығайтуға, ішкі істер департаментінің әкімшілік ғимаратына құрделі жөндеу жұмыстарына,Тасбугет участкілік полициясының, 7-полиция участкілік пунктарына   және жас өсіпірім инспекторларының  ғимаратына, 5 елді мекендерде полиция бөлімдерін салуға жобалық  сметаларын әзерлеу, Арал ауданда  әкімшілік тұтқындарға арнаулы қабылдау ғимаратына құрделі жұмыстар жасауға қаржы бөлінді. Қосымша  полициялық бөлімдермен қамтамасыз ету үшін жұмыстар жасалып жатыр.

      Қоғамдық тәртіпті қорғау және азаматтардың құқықтытарын  қамтамасыз ету өте көкейкестісі мәселелердін бірі боп саналады.

      Полиция қызметтері  тиімді болу үшін  және     қылмыстардың  алдын алу іс шараларының  орындау мақсатында  облыстық ішкі істер органдардың материалды техникалық базасын нығайлатылуда.

    07.08.2015ж         


ҮЕҰ-ң және басқа да ұйымдардың қызметі туралы

 

       Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы

     Жыл сайын облысымызда азаматтық сектор тұрақты дамып келеді. 2002 жылы өңірімізде 380 ҮЕҰ Әділет органдарына заңды түрде тіркеуден өтсе, бүгінгі күні облысымызда ҮЕҰ-дың жалпы саны 831-ді құрап отыр. Оның ішінде 409-ы нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар.

     Үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыру үшін 2015 жылдың есепті мерзімінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы республикалық бюджеттен қарастырылған трансферттерді қосқанда 582,1 млн. теңге қаржы қаралып, оған облыс бойынша 109 жоба жүзеге асырылатын болады.

     Ақпараттық қызмет

     Облыстың медиалық кеңістігінде қазіргі таңда 83 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 4-еуі электронды, 76-і баспа БАҚ, 3-ақпараттық агенттігі, 19 журнал, 57 газет, оның ішінде 11 аудандық басылым.

     2015 жылы есепті кезеңде аймақта жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 26,7 % қоғамдық-саяси, 25,6 % ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 47,7 % өзге де тақырыптық бағыттарда жазатындығын көрсетті.

     Сонымен қатар, облыс бойынша БАҚ-ның 50 % - қазақ тілінде, 10 % - орыс тілінде, 40 % - аралас тілде шығарылады.

     Интернет желісінде 5 баспа БАҚ-ның өз сайттары бар (облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» және «Ақмешіт жастары» газеті, сонымен қатар тәуелсіз «Ақмешіт ақшамы», «Халық» газеттері).          

     2011 жылдан бастап жұмыс жасайтын қазіргі таңда күніне 2000-нан аса қолданушысы бар «Kyzylorda-news.kz» интернет басылымы мемлекеттік тапсырыс алып, өз жұмысын тиімді атқаруда. Бұл өз кезегінде бұқара халықтың уақытылы ақпарат алмасып, пікірлер бөлісуіне пайдасын тигізуде.

     2015 жылы барлық жергілікті атқарушы органдар жұмысының ашықтығын арттыру және қоғамдық қадағалауды күшейту мақсатында облыстың бас медиа-ж

оспары бекітілді.

     Мемлкеттік тіл саясаты

     Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.

     Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі облыс әкімдігінің       2014 жылғы 7 наурыздағы №513 қаулысымен 2014-2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары бекітілген.

     2015 жылға мемлекеттік тіл саясатын жүргізуге 17,7 млн. теңге қаржы бөлінсе, оның ішінде мемлекеттік тілді оқытуға 10,1 млн. теңге, ағылшын тілін оқытуға 2,8 млн. теңге қаралған.

    Бүгінде  95 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері ҚАЗТЕСТ бағдарламасы бойынша мемлекеттік тілді,  ал  29 мемлекеттік қызметші ағылшын тілін оқыту курсынан өтті. Бұл жұмыстар Жаңақорған мен Жалағаш аудандарында жалғасын табуда.

    Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы тарапынан Жаңақорған, Жалағаш аудандары мен бірқатар аумақтық департаменттерде, халыққа қызмет көрсету ұйымдарында ҚАЗТЕСТ жүйесі жайлы ақпараттық-насихаттық шаралары жүргізілді.

05.08.2015ж.


Қазақ хандығының құрылғанына 550

жыл!

 

     Ағымдағы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту асында бірнеше мәдени шараларды өткізу жоспарланып отыр. Халықаралық ақындар айтысы, қойылымды сахналау, Астана қаласында «Сыр – Алаштың анасы» атанған өлкенің мәдениеті мен өнерін және де республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу.

     Мемлекет құрылуының мерейтойы ең алдымен азаматтардың патриоттық  сезімдерін арттыру мен қазақ

стандық мемлекеттікті нығайтуға бағытталып, Керей мен Жәнібектің өнегелі істері мен ерліктерін халық арасында ұмыт қалдырмау, жастарды өз тарихын білудегі танымдық қасиеттерін қалыптастыру бағытында елжандылыққа, отансүйгіштікке баулу болып табылады.

05.08.2015ж


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу

 

       Ұлт жоспары бойынша жүргізіліп жатқан реформа «100 нақты қадам» Қазақстанды әлемнің 30 дамыған  мемлекеттердің қатарына енуді  қамтамассыз ету болып табылады. Бұл дегеніміз Қазақстан жаһандық бәсекелестікте белсенді қатысушы болуы керек екендігін білдіреді.

       Дамыған мемлекеттермен бәсекелесу тек экономика саласы ғана емес, мемлекеттік басқару, заң үстемдігі, ұлттық патриоттық даму және тағы басқа салаларды қамтуымыз керек. Сонымен қатар, реформаларды жүзеге асыру үшін әлемдік тәжірибені, ЭБДҰ (экономикалық біріккен және даму ұйымы) және басқа да халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып жүргізу қажет.

         Мемлекет басшысы жолдаған Ұлттық жоспары бағыттарының бірі  2017 жылдан бастап мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтастығынан құралатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу болып табылады.

       2017 жылдан бастап жұмыс берушілер осы мақсатқа сай еңбекақы қорынан ұлғаю 2020 жылы 5% жететіндей  салымдарының 2% мөлшерінде кезең-кезеңімен бағыттайтын болады, ал жұмысшылар 2019 жылдан бастап табыстарынан 1% құраса, 2020 жылы 2 % жеткізетін болады. 2020 жылы өзін өзі қамтитын халықтың салымы айлық  табысының  5% мөлшерінде кезең кезеңімен бекітілсе, ал 2020 жылы олардың табысынан 7% мөлшерінде болады (бірақ бір айлық жалақы табысынан кем емес).

      Медициналық көмекпен әлеуметтік жағдайы төмен халықты қаржыландыруын және мемлкеттік денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстарын мемлекет қамтамассыз ететін болады.

       Жеке медицинаның дамуына корпоративтік басқаруды еңгізу кезең кезеңімен сенімді басқару механизм арқылы медициналық ұйымдарды жекешелендіру жүргізіліп, сонымен қатар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде жеке сектордың ұлғаюына әкелетін болады.

        Медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында халықаралық тәжірибе негізінде біріккен комиссия құралатын болады.

       Облыста қазіргі таңда 264 медициналық ұйым жұмыс жасайды, оның ішінде: 47 ауруханалық және 124 амбулаториялық мекеме, сонымен қатар облыс бойынша 5015 төсек орын қоры жұмыс істейді. Емдеу ұйымдарын 10 мың халыққа шаққандағы қамтамассыз ету көрсеткіші облыс бойынша  66,4 көрсеткішті құрайды.

04.08.2015ж


Ауыл шаруашылығы

 

     2013-2015 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы дамуының мемлекеттік қолдау көлемі 1,5 есе артқан (5,5 млрд. теңгеден 8,3 млрд. теңгеге), бұл ретте субсидияның негізгі үлесі егін шаруашылығы (63,0 пайыз) және мал шаруашылығы (37 пайыз) саласын дамытуға тиесілі болып отыр.

     2013 жылы егін шаруашылығының үлесіне 3,1 млрд. теңге, мал шаруашылығының үлесіне 2,4 млрд. теңге бөлінсе 2014 жылы егін шаруашылығына 5,1 млрд. теңге, мал шаруашылығына 3,0 млрд. теңге, 2015 жылы егін шаруашылығына 5,2 млрд. теңге, мал шаруашылығына 3,1 млрд. теңге бөлінген.

     Ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің өндірісі 2013 жылы – 48,5 млрд. теңге, 2014 жылы – 48,2 млрд. теңге, 2015 жылдың 6 айында – 13,5 млрд. теңгені құрады.

     Облыста ауыл шаруашылығының өндірісімен 243 ауылшаруашылық кәсіпорындары, 4358 шаруа қожалықтары айналысады.

     Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 2014-2015 жылдары облыстық бюджеттен 580,0 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде, 2014 жылы 380,0 млн. теңге, 2015 жылы 200,0 млн. теңге. Жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін сатып алу бойынша шаруашылықтармен келісім-шарттар жасалды. Осы қабылданған шаралар нәтижесінде халықтың тұтынатын әлеуметтік маңызды азық –түлік тауарлары нарықтан  15-20 пайыз арзан бағада болуда.  

04.08.2015 ж


Денсаулық сақтауды және инфрақұрылымдық жобаларда жұмысқа орналастыру деңгейі саласында дамыту туралы

 

        Жұмыспен қамтамасыз ету: 2015 жылы Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші бағыты аясында әлеуметтік нысандарғы күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 16 инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру арқылы 199 уақытша жұмыс орнын құру жоспарланған.  Білім және мәдениет нысандарының жағдайын жақсарту мақсатында елді мекендер мен Қызылорда қаласындағы мектептердің, балабақшалардың және клубтардың күрделі жөндеу жұмыстарына басымдық берілді.

    2015 жылдың денсаулық сақтау саласының дамуы: Облыста қазіргі таңда 264 медициналық ұйым жұмыс жасайды, оның ішінде: 47 ауруханалық және 124 амбулаториялық мекеме.

    2015 жылға  денсаулық сақтау медициналық ұйымдарына барлығы 29 997 151 мың теңге қарастырылған. Қысқы маусымға дайындық ретінде бірқатар денсаулық сақтау ұйымдарына қаржылар бөлінді. Отандық  медицинаның дамуына байланысты бүйрек, бауыр  ағзаларын ауыстыру операциялары кеңінен жасалуда. Ота жасалғаннан кейінгі дәрі-дәрмектермен қамтамассыз ету үшін қосымша - 12186 мың теңге қаражат бөлінді. Облыстағы тұрғындарға амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмектермен қамтамассыз ету мақсатында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шегінде үстіміздегі жылға өте қажетті препараттармен қамтамасыз ету үшін қосымша-86436 мың теңге бөлінді.

14.07.2015ж


Инфрақұрылымдық жобаларда жұмысқа орналастыру – ауылдарда, кенттер мен қалаларда инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы жұмыспен қамтамасыз ету

 

         2012 жылдан бастап "Жұмыспен қамту 2020  жол картасының" бірінші бағыты аясында әлеуметтік нысандар мен инженерлік-көліктік инфрақұрылымды дамыту, елді мекендерді абаттандыру, дәрігерлік амбулаторияларды салу бойынша инфрақұрылымдық жобалар іске асырылады.

         Қызылорда облысы бойынша 181 жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 7 млрд. теңгеден артық қаржы қаралды. Бұл тек жалпы білім беретін мектептердің, балабақшалардың, ауылдық клубтардың, автомобиль жолдарының жағдайын жақсартуға мүмкіндік бере қоймай, сонымен қатар, бағдарламаның негізгі міндеті болып табылатын жұмыссыз адамдарды уақытша жұмысқа орналасуға жағдай жасады.

        Аталған жұмыстар осы жылы да жүргізілетін болады. 1 орта мектеп, 5 бала бақша, 7 ауылдық клуб ғимараттарына, 2 мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу және 1 кітапханаға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Барлығы 199 жаңа жұмыс орнын құру күтілуде. 

06.04.2015 ж.


Денсаулық сақтауды дамытудың 2015 жылға арналған негізгі мақсаттары.

 

           Денсаулық сақтау саласында негізгі басымдықтар болып: алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің сапасын және қол жетімділігін арттыру, онкологиялық аурулармен, қан айналым ауруларымен, туберкулезбен аурушаңдықты азайту, сондай-ақ мамандандырылған медициналық көмекті дамыту болып қала береді.

 Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін және сапасын жақсарту үшін:

Жалағаш ауданы Жалағаш кентіндегі ауысымы 250 келушіге арналған емхананы және Арал ауданы Сексеуіл кентінде аусымы 100 келушіге арналған ауылдық емхана құрылыстарын аяқтау;

 Сондай-ақ, қалалық туберкулезге қарсы күрес және наркологиялық диспансерлерінің ғимараттары күрделі жөндеуден өткізіледі.

Облыс көлемінде Қызылорда қаласындағы 200 төсек-орындық облыстық балалар ауруханасының құрылысын жалғастыру.

Жаңақорған кентіндегі 250 келушіге арналған емхана құрылысын салу жұмыстары басталды.

Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету үшін, күндізгі стационары арқылы халыққа медициналық көмек көрсету көлемін кеңейту;

2014 жылы облыстағы медициналық ұйымдарға барлығы 91 санитарлық автокөлік сатып алынған болатын, мұның 6 бірлігі қалалық жедел-жәрдем станциясына берілді. Айта кететін жәйт үстіміздегі жылы Қызылорда қаласында қалалық жедел-жәрдем станциясына 2 кардиореанимациалық бригадасын құру жоспарлануда. Бұл дегеніміз – жедел-жәрдем яғни кардиологиялық қызметті көрсетіп және шақыртулар кезінде уақытты қысқартып сапалы медициналық көмекті жақсартады.

Мұнан бөлек ауылдық елді-мекендер тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға аса ден қойылуда. Осыған сәйкес 2013 жылдан бастап, жабылып қалған 13 ауылдық аурухананы қайта ашып, толықтай медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда қайта ашылған ауылдық ауруханалар толықтай жұмыс атқаруда.

Жылма-жыл республикалық бюджеттен ауруды ерте бастан анықтау және алдын-алу мақсатында скринингтік зерттеулер жүргізуге қомақты қаржылар бөлініп келеді. Бұл жұмыстар қант диабеті, қан айналым аурулары, глаукома, жатыр мойнында, емшекте, қуық безінде, өңеш, асқазан, бауырда жаңадан пайда болған ісіктерді анықтау бойынша жүргізіледі, нәтижесінде 49,1 мың адам анықталып медициналық ұйымдарда ем қабылдады.

          Облыс көлемінде туберкулез науқастары төмендеп келеді. Бұл көрсеткіштің жақсаруына медициналық емнен бөлек, өткен жылдан бастап туберкулездің мультирезистентті түрімен ауыратын науқастарды сауықтыруға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайын әлеуметтік көмек төленуін қамтамасыз етілген болатын. 2014 жылы бұл науқастардың саны 300 болса, 2015 жылдан бастап науқастардың саны 523 көбейтіліп отыр.

Лейкоз және апластикалық анемиямен ауыратын балаларды қалпына келтіру үшін дәрілік препараттардың алдын-ала берілуіне қаржы қарастырылды.

Облыстық емдеу-алдын алу мекемелері базасында жоғары мамандандырылған медициналық көмектің жаңа түрлерін ендіру, оның ішінде иық буынын эндопротездеу, кифопластика, бүйрек және ірі тамырларды стенттеу, сондай-ақ жүрек ақауын эндоваскулярлы жабу (окклюдером).

Облыстың денсаулық сақтау ұйымдарын бекітілген нормативке сәйкес санитарлық автокөліктермен және медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары 2015 жылы жалғасын табатын болады.

          Облыстық медицина мекемелері базасында тиімді перинаталдық технология, жүрек жетіспеушілігінің созылмалы түрінен асқынған жүрек дертімен  ауыратын ауруларды құрамдастырылған клапандармен хирургиялық емдеу, микрохирургия, туберкулезді ертерек анықтау және емдеу бойынша алғашқы медициналық көмек көрсететін дәрігерлер және басқа да өзекті мәселелер бойынша 14 мастер-класстарды өткізу ұйымдастырылатын болады.

Қаншалықты бюджеттен қаражат бөлінді делінгеніменде медициналық көмектің сапасы жақсарады деуге де болмайды, егерде медициналық қызметкерлер уақытпен бірге ілгері жылжып біліктілігін жылма-жыл арттырып отырмаса. Осы мақсатта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін үстіміздегі жылы кем дегенде 300 дәрігер мен 995 орта буын медицина қызметкерлерін біліктіліктерін көтеруге жіберу жоспарлануда.

2014 жылы жүргізілген жұмыстар әлеуметтік маңызы бар аурулар көрсеткіштерін жақсарту үшін бағытталған.

Ана өлімі көрсеткіші 2013 жылы 10,6 болса 2014 жылы 5,4 төмендеді.

Сәби өлімі көрсеткіші 2013 жылы 14,6 болса 2014 жылы 11,8 төмендеді.

Туберкулезден өлім-жітім 2013 жылы 5,7 болса 2014 жылы 5,2 төмендеді.

Туберкулезден аурушаңдық көрсеткіші 2013 жылы 89,0 болса 2014 жылы 77,5 төмендеді.

 

06.04.2015 ж.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 10-01-2018 18:34

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика