Қызылорда облысының мемлекеттік архиві қорынан

 

«Ақмешіт-Перовск-Қызылорда»

Екі ғасыр ішінде бұрынғы Ақмешіт, қазіргі Қызылорда өңдірісі өркендеп, экономикасы дамып, сәулеті мен архитектурасы ерекшеленіп, зәулім ғимараттар мен көз тартар жаңа ғасыр ескерткіштеріне лық толды. Бүгінгі жайқалған қаланың көрінісін көріп, өткен тарихында ұмытпағанымыз абзал. Алдымен Қамысқала деп аталған жерден Ақмешіт деген бекініс бой көтерді. Сол бекініс бүгінгі Қызылорда қаласының орны. 
Қызылорда қаласының қалыптасу тарихы бұрынғы маңызын жоғалтпай, тек аты ғана бірнеше рет өзгергенімен (Ақмешіт - 1818 жылы,  Перовск - 1853 жылы, қайтадан Ақмешіт - 1922 жылы, Қызылорда - 1925 жылы), әр кезеңде Сыр бойы атырабының әлеуметтік және мәдени орталығы болып қалыптасты. 
Тарихи деректерге сүйенсек Сыр бойы қазақтары ХІХ ғасырдың ІІ жартысында патша үкіметіне бағынышты болды. Аралға құятын Сырдарияның жоғары ағысында Қоқан хандығы, төменгі ағысында Хиуа хандығы шапқыншылықтар жасап отырды. 
ХІХ ғасырдағы қазақ даласындағы тарихи оқиғалар және  Қызылорданың  Қазақ елінің астанасы болған кезеңі туралы архив деректеріне жүгінсек.
Ақмешіт 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойынша алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды. 1853 жылғы 28 шілдеде Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Сыр қазақтарын қорғауды сылтауратып орыс әскерлерімен қамалға басып кіріп, қоқандықтарды қуып шығады. Сол жылдан бастап қала Перовск аталып, 1867 жылы Сырдария уезінің орталығына айналады. 
1922-1925 жылдары қала қайтадан Ақмешіт аталды.
Астананың бір қиырда орналасуы Қазақстан Үкіметінің де жергілікті жерлердегі партия, кеңес, шаруашылық ұйымдарымен тығыз байланысына едәуір қиындық келтірді, сондықтан астананы ауыстыру қажеттігі туындады. Осы жағдайларды ескере келе жаңа астананы іздестіру шаралары басталып, нәтижесінде таңдау Ақмешіт қаласына түсті.
Орталықты ауыстыру туралы мәселе 1925 жылы 9 ақпанда өткізілген Қырғыз орталық атқару комитеті президуымының кеңейтілген мәжілісінің күн тәртібінде қаралып, Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы қаулы қабылданды.
1925 жылы 15 сәуірде Ақмешіт қаласында бүкіл Қазақстан еңбекшілері өкілдерінің басын қосқан Қазақ АССР Кеңестерінің 5-сьезі ашылды.Сьездің күн тәртібіне екі мәселе енгізілді.  Ұлтымыздың «қазақ» деген атауын қайтару, Ақмешітті Қызылорда қаласы деп атауға қаулы қабылданды. Осы қаулыны жүзеге асыру мақсатында Қызылорда уездік қалалық атқару комитеті 1925 жылы 30 мамырда барлық мемлекеттік мекемелер, кооперативтік және басқа да ұйымдарға мөр, мөртабан, мекеме мандайшаларындағы атауын 1 ай көлемде «Қызылорда» деп өзгертуді міндеттеді. 
Алты алаштың астанасы болған Қызылорда Қазақстан астанасы деп аталуымен жаңа тарихтың беті ашылды. Ата-бабаларымыздың ежелден астана орталықтары болған өңірге қайта ел үкіметі жасақталды. Жаңа астананың іргесі бекітілді. 
Көп ұзамай Қазақстанның жаңа астанасы Қызылорданы абаттандыру жоспарын астанаға сай кең көлемді, жүйелі түрде жүргізуді суретші-сәулетші 
И.В. Рянгин қолға алды. Қала тұрғындарының даму динамикасын ескере отырып, жоспарды алдағы 40 жылға жасауды ұсынды. 
Бұл жылдарда Қазақстан өмірінде үлкен әлеуметтік-мәдени, рухани өзгерістер болып жатты. Жаңадан ғимараттар салынып, Қазақ қыздарына арналған өлкелік акушерлік техникум, милиция мектебі, әкімшілік-бухгалтерлік, киномеханик даярлайтын курстар жұмыс істеді. 
Көрмеде 1887-1929 жылдар аралығындағы Ақмешіт қамалы мұнарасының кіреберісі, Жөлек бекінісі, Генерал Перовскийдің  суреті, Перовск фортының картасы, 1887 жылғы алғашқы орыс-тузем мектебінің ғимараты, 1923 жылғы Ақмешіт қаласындағы Сырдария өзені жағалауының жоспары, Орталықты Ақмешітке көшіру бойынша Қырғыз Халық Комиссарлары Кеңесі комиссиясының техникалық кеңесінің хаттамасы, 1925 жылы Орынбордан Ақмешітке көшірілетін орталық  мекемелер тізімі, Қазақ АКСР-і Кеңестерінің 5 съезінің қазақ атауын қалпына келтіру туралы қаулысы, «Ақмешіт» атауын «Қызылорда» деп өзгерту жайлы міндетті қаулы және т.б. тарихи құнды құжаттар және суреттер қойылды.
 
Ақмешіт бекінісінің кіре берісі Жөлек бекінісі.
Генерал В.А.Перовский. Перовск бекінісіндегі Сырдария желісінің бұрынғы бастығының үйі.
Ақмешіт қорғанын қоршау мен шабуылдар жоспары, 5-28 шілде 1853 ж. Перовск фортының картасы, (1853-1867 жж.)
Перовск бекінісіндегі құрылыстар Алғашқы орыс-тузем мектебінің ғимараты, 1887 ж.
Перовск теміржол вокзалы, 1905 ж. Перовск қаласының мөрі, 1918 ж.
Ақмешіт қаласындағы Сырдария өзені жағалауының жоспары, 18.07.1923ж. Астананы Орынбордан Ақмешітке көшіру жұмыстары жайлы мәжіліс хаттамасы, 16.02.1925 ж.

Қызылорда қалалық коммуналдық шаруашылық мекемесі президиумының мәжіліс хаттамалары, 20.03.1925 ж.

Орталықты Ақмешітке көшіру бойынша Қырғыз Халық Комиссарлары Кеңесі комиссиясыныңтехникалық кеңесінің хаттамасы, 03.04.1925 ж.

Орынбор губерниясын Қырғыз АКСР-і құрамынан РКФСР құрамына бөлу туралы, 06.04.1925 ж.
Үкімет пойызының Ақмешітке аттануы жайлы телеграмма, 13.04.1925 ж. Ақмешітте өткен Бүкілқырғыздар Кеңесі  V съезінің Президиумы, 15.04.1925 ж..
«ҚАЗАҚ»  атауын қалпына келтіру туралы V съезд қаулысы, 19.04.1925 ж. Ақмешітті «Қызылорда» деп атау жайлы міндетті қаулы,  30.05.1925 ж.
Қазақ Орталық атқару комитетінің ғимараты, 1925 ж. Қазақ АКСР-нің Қызылордадағы Үкімет басшылары, 1925 ж.
Қазақ АКСР-ы астанасының Орынбордан Ақмешітке көшіп келуі, 1925 ж.
Жаңа астана жобасын жасаушы сәулетші И.В.Рянгиннің мәлімдемесі, 1925 ж.
Орынбордан Ақмешітке көшірілетін орталық  мекемелер тізімі, 1925 ж.
«Еңбекші қазақ» газеті редакциясының қызметкерлері А.Сегізбаев, К.Ғабдуллин, Н.Жолдыбаева, С.Сейфуллин, Т.Арыстанбеков, С.Мұқанов. 1925 ж.
Бүкілқазақ Орталық Сайлау Комиссиясын құру туралы, 24.09.1925ж. Қазақстанның 5 жылдығын Қызылордада атап өтуге дайындық, 1925 ж.
Орталық басқарманың «Сауатсыздықты жою» қоғамы, 1925 ж. Қызылордада өткен Әйелдер кеңесіне қатысушылар, 1926 ж.
Қазақ драма театрының әртістері, 1927 ж. Өңірлік коммуналдық банкті ұйымдастыру туралы хаттама, 15.12.1926 ж.

Астананы Қызылордадан Алматыға көшіру туралы үкіметтік комиссия құру туралы жобасының Халық Комиссарлары Кеңесі мәжілісінің күн тәртібінде қаралуы, 25.09.1928 ж.

Қазақ Орталық архивін жаңа астана Алматыға көшіру туралы хабарлама, 11.09.1928 ж.
Бірінші аймақтық педогогикалық курсқа қатысушылар, 1928 ж.

Қазақ Орталық архивін жаңа астана Алматыға көшіру туралы хабарлама, 11.09.1928 ж.

«Сыр бойы» газетінің алғашқы саны, 1929 ж.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Құрылған күні: 15-02-2019 09:55
Жаңартылған күні: 15-02-2019 12:53

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика